Главная страница

Нормативтік сілтемелер 6 Анытамалар 7


Скачать 0.52 Mb.
НазваниеНормативтік сілтемелер 6 Анытамалар 7
Дата13.11.2018
Размер0.52 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаne_udalyay_diplom.doc
ТипДокументы
#56372
страница4 из 5
1   2   3   4   5
7-8% болса, солтүстік аудандарда 5-6% болады. Ал органикалық заттар мен азот, фосфор қоры жағынан қара сұр топырақ бай. Ал, ашық сұр топырақта ол мүлдем аз. Кез келген топырақ тек қана өлі минералды заттардан құралмайды, оның құрамында әр уақытта азды-көпті тірі организмдер болады. Бұлар, негізінен топырақтың тірі бөліктерін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым ұсақ жәндіктер.

Топырақ кескінін жүйелеп баяндау төменде келтірілген:

А1-0-10см. Сұр, құрғақ, тығыз, түбіршекті, жоғары қабаты (5 см-ге дейін) қабатты-созымды, төменірек-үйінділі, ауыр саздақты.

А-10-20 см. Құба дақты ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз түбіршікті, кесекті, дәнді, ауыр саздақты.

В1-20-40 см. Карбонатты, көгерген құба ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз кесекті, дәнді, ауыр саздақты.

В-40-65 см. Карбонатты дақтары бар ашық құба сұр, құрғақ, тығыз, дәнді, жаңғақты, ауыр саздақты.

С-65-120 см. Ашық сары карбонатты дақтары бар, құрғақ, тығыз, ұсақ дәнді, ауыр саздақты.

В қабаты А қабатына қарағанда ашықтау. Карбонаттар 25-65 см қабаттан кейін білінеді, ал 65 см-ден төмен қабатта гипс таралған.

Топырақтың беткі қабаты ( А1=5-6 см) эфемерлі-эфемероидты өсімдік қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып келеді. Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты.

Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Кәдімгі оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,2-1,3% және жалпы азот 0,07-0,08 %, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын азаятындығын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальцийдің мөлшері көп болуымен сипатталады. Жылжымалы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі мынадай: азотпен- орташа, фосформен - әлсіз, калиймен - жақсы. Топырақтың механикалық құрамы бойынша орташа саздақты, көбіне ірі тозаңды және сазды фракциядан тұрады. Танаптың жоғары қабатында су өткізгіш агрегаттар мөлшері топырақ салмағының 35-40% құрайды, суармалы танаптарда бұл көрсеткіш төменірек. Топырақтың жыртылатын қабатының көлемдік салмағы орташа 1,3 г/см2. Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықтан топырақтың сілтілі реакциясына қарамастан (рН-8,2-8,5) топырақ тұзданбаған.

3 Зерттеуді жүргізудің әдістемесі және бағдарламасы
Алғы дақыл-бидай. Қайталама тәжірибе-төрт рет, eсеп алаңы - 28м2, ұзындығы-20м, ені-1,4м. Қатараарлығы 40см. Телімді жүйелі түрде, дәйектілігі екі қабат етіп орналастырамыз. Орналастыру рендомизация тәсілі бойынша жүргізілді. Зерттеу шараларында келесідей іс-шаралар: есепке алу, бақылау және талдау жүргізілді.

Топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері: Гумус-0,42%, РН - 8,38%,

N – 40,6 мг/100г, Р2О5 – 15,6 мг/100г, К2О- 233,0 мг/100г.

1 Фенологиялық бақылау – бастапқы кезден өсіп даму фазалардың өскіндердін пайда болуы, тармақталу, бутонизация, гүлдеу, бұршақтар пайда болуы, астықтын толық пісуі.

2 Өсімдіктердің өсу қалыңдығын бүршіктену және пісу фазаларында анықтадық. Санауды ұзындығы 10 м аралас қатарлардан 4 жерден есептедік. Қалыңдығын қатар диагоналі бойынша барлық қайталама бойынша жасадық.

3 Өсімдіктердің биіктігін негізгі өсіп-дамудың: тармақталу, бутонизация, гүлдеу, толық пісіп-жетілу фазаларында өлшедік .

4 Өсімдіктің шикі және құрғақ массасын майбұршақтын 30 өсімдігін (5 өсімдіктер қатарынан 6 жерлерде мөлдек диагоналі бойынша). Өсімдіктің жекелей сабақтарын, жапырақ және генеративтік органдарын өлшедік. Сынаманы ауалық-құрғақ жағдайға дейін кептіріп,жеке бөліктері тағы да өлшенді.

5 Алаңдағы өсімдіктер жапырақтары анықталды.

6 Анықтауды топырақ құрылымы және су сіңіру бойынша жүргізілді. Қабаттары 0-10, 10-20, 20-30, 30-50 және 50-70 см.

7 Топырақтың көлемдік массасын анықтауды, вегетациялық кезеңнің орта кезінде анықтады. Топырақ қабатының тереңдігін жыртынды жерден ( бестік қайталамадан), жыртынды асты қабатын -үштік қайталама бойынша көлемі 200 см3 цилиндрде жүргізілді.

8 Қаттылығын 10 қайталама бойынша анықтады.

9 Топырақ ылғалдылығын есептеу үшін жиынтық су пайдалануды себер алдында алдында және жинау алдында, 2 м тереңдікте жүргізілді.

10 Өнімнің құрылымын айқындау үшін жинау алдында бау сынақтар таңдап алынды, өсімдіктер саны есептелді және 1 өсімдіктегі дән саны мен 1000 дәннің массасы анықталды.

11 Астықты "Сампо-500" комбайынымен бұршақттарының жартысынан астамы піcкенде жиналды.

Барлық тәсілдерді майбұршақ өсірудің ұсынымдарына сәйкес осы аймақтың ерекшеліктеріне сәйкес тәжірибе жасалды. Алғы дақыл жиналғаннан кейін дискілік тырмалау жасалды. Отырғызу жүйесі сынаққа сәйкес тәжірибе ретінде жүргізілді.

4 Зерттеу нәтижелері

4.1 Тұқымдарды зерттеуде танап дақылдарына фенологиялық бақылау жүргізу
Өте ескі және қазіргі уақытқа дейін организмдердің маусымдық өмір сүруіне сипаттама беретін әдіс фенологиялық байқаулар болып табылады, яғни жекелеген өсіп-даму кезеңдеріне сипаттама береді. Фенология (грек тіл. файно - боламын және логос - ілім) - жыл мезгілдерінің және ауа райының өзгерістеріне байланысты органикалық және бейорганикалық табиғаттың маусымдық дамуын зерттейтін ғылым болып табылады. Өсімдіктердің өсіп- даму мерзімдерін байқаумен айналысатын ғылым фитофенология (грек тіл. фитон - өсімдік). Бақылауды жекелеген органдармен немесе циклы тұтас өсімдікпен өткізуге болады. Сонымен қатар, бақылау жүргізу үшін маусымдық өзгерістерді жүргізуде табиғаттын да әсері ерекше екенін атап айтқан жөн. Бұл жағдайда толық маусымдық динамикасы құрылады, табиғатпен тұтастай алғанда барлық маусымдық құбылыстардың табиғатқа әсері айқындалады. Мұндай байқаулар күнтізбелік тәртіпте табиғат күнтізбесін құрай отырып жасалады. Бақылау нәтижелері, әдетте, кестелер, сызбалар, карталар түрінде жазылады. Бір табиғи аймақта және белгілі бір дақылдың фенологиялық бақылауы тек сол дақылда тән жылдық цикл және маусымдық құбылыстармен сипатталады. Әсіресе өсімдіктер әлемінде маусымдық өзгерістер байқалады, сондықтан өсімдіктер арасында бірқатар кішігірім топтар, әрбір маусымның индикаторы ретінде болады. Олар бойынша табиғаттың жай-күйі, маусымдық жұмыстарды (себу мерзімдерін тұқымы, азық өсімдіктерінің зиянкестермен күресу және өсімдіктер ауруларымен және т. б.), жүргізу іс-шаралары бойынша сипаттайды. Бақылауды келесідей маусымдық фазалар бойынша жүргізеді: бөрту мен бүршік ашылу, жапырақтануы, гүлдену (басталуы және аяқталуы), жеміс және тұқым пісуі (сүттене, балауыздану және толық пісу).

кесте 7

Сорттар бойынша фенологиялық кезеңдерге сипаттама, «ОҚО мемлекеттік сорт сынау орталығы», 2016 ж

№ п/п

Сорт (гибрид)

Егу мерзімі

Егін көгі

Бүрлену

Шашақтану-гүлдену

Пісу

Толық пісу

Жинау

1

СК оптима

11.04

26.04

27.05

20.06

04.08

18.08

24.08

2

Алматы

11.04

27.04

29.05

19.06

06.08

19.08

26.08

3

Ласточка

11.04

28.04

29.05

24.06

10.08

21.08

30.08

4

Вальевка

11.04

28.04

29.05

25.06

09.08

19.08

30.08

5

НС Максиумус

11.04

28.04

29.05

24.06

10.08

19.08

30.08

6

Виктория

11.04

29.04

29.05

25.06

12.08

21.08

30.08

7

Селекта

11.04

28.04

29.05

25.06

12.08

23.08

30.08

8

Акку

11.04

28.04

29.05

24.06

13.08

23.08

1.09

9

Триумф

11.04

29.04

29.05

26.06

12.08

26.08

4.09

Ал жалпы ОҚО Сайрам сортсынау жағдайында (7 кесте) келтірілгендей 9 сорттың фенологиялық бақылауын қарастырдық. Егу мерзімі бүкіл сорттарға 11 сәуірде жүргізілді. Пісу мерзіміне байланысты егін көгінің пайда болуы да әртүрлі болды. Ерте мерзімде пісетін СК Оптима сорты кеш пісетін Триумф сортына қарағанда егін көгі 3 тәулік бұрын шықты. Бүрлену кезеңінде аса айырмашылықтар байқалған жоқ. Барлық дерлік сорттар тек СК Оптимадан басқа бір мезгілде, яғни 29 мамырда бүрлену кезеңінен өтті. Келесі шашақтану-гүлдену кезеңінде біршама тәуліктік айырмашылықтар болды. Мыс, ерте мерзімде пісетін СК Оптима, Алматы сорттары орташа және кеш мерзімде пісетін Селекта, Аққу сорттарына қарағанда 4 тәулік бұрын шашақтанды. Жалпы сорттардың пісу уақытында да біршама айырмашылықтарды байқауға болады. Жалпы сорттар біздің байқауымызда тамыз айының екінші онкүндігінде толық пісу кезеңінен өтті.

кесте 8

Вегетациялық кезең, күн, (орта есеппен 3 жылда, 2014 - 2016жж.)

№ п/п

Күндер саны

Өскіннен толық пісуіне дейін

Себуден өскін шыққанға дейін

Толық өскіннен- шашақтану- толық гүлдеу

Шашақтану- толық гүлденуден пісуге дейін

2014ж

2015ж

2016ж

СК Оптима

15

26

65

-

-

106

Алматы

16

26

66

111

110

108

Ласточка

17

26

67

112

110

110

Вальевка

17

27

66

-

111

110

НС Максиумус

17

26

67

-

111

110

Виктория

18

26

66

-

114

110

Селекта

17

27

66

-

-

110

Акку

17

26

68

-

114

111

Триумф

18

27

69

-

115

114

Жинау жұмыстардың дақыл ылғалдылығы 14-18% кезінде және жапырақтарының сарғайып қураған кезінде бөлектеп жинайды. Біз жинау жұмыстарына Винтерштайгер комбайынын пайдаландық.

Демек майбұршақ сорт үлгілерінің өсіп-дамуы вегетация кезеңінің алғашқы күндерінен бастап əр сорттың биологиялық өсіп-дамуына, ауа-райының қалыптасу ерекшелігіне, агротехникалық күтіп баптауына сəйкес вегетациялық өсіп-дамуы өзгеріске ұшырап отырады. Вегетациялық кезең өсімдіктің өсіп, дамуына қолайлы жыл маусымы, яғни өте маңызды биоклиматтық көрсеткіш болып саналады. Оңтүстік аудандарда өсімдіктің вегетациялық кезеңі солтүстік аудандарға қарағанда ұзағырақ. Біз қарастырып отырған шаруашылықтын 2014, 2015 және 2016 жылғы мәліметтеріне сүйенсек майбұршақтың ерте пісетін СК Оптима мен Алматы сорттары себуден қскін шыққанға дейін 15 тәулікті құрап отыр (8 кесте). Демек кеш пісетін Селекта, Аққу және Триумф сортттары әулікті құрап отыр. Демек кеш пісетін Селекта, Аққу және Триумф сортттары 2-3 тәуліктік айырмашылығы бар екенін байқауға болады. Ал, орташа мерзімде пісетін Виктория мен Максимус және Вальевка сорттары бірдей тәулікте болды. Сонымен қатар өскін пайда болғаннан соң шашақтанудан гүлдеу кезіне дейін барлығына бірдей 26 тәулікті құрап отыр. Келесі шашақтанудан толық пісуіне дейінгі аралықта ерте пісетін СК Оптима сорты кеш мерзімде пісетін Триумф сортынан төрт тәулік аз көрсеткішіне ие болды.

4.2 Сорттық тұқымдардың өнімділігі
Сорттық тұқымдардың өнімділігін төменде келтірілген деректерге қарап біздің зерттеулерге сәйкес өнімділікке 3 жылдық мәліметтер келтірілген (9 кесте). Ерте мерзімде пісетін СК Оптима сорты 2014 және 2015 жылдары сыналған жоқ, сондықтан 2016 жылы сыналған кезде сорт өнімділігі 24,3 ц/га құрап отыр. Сонымен қатар кеш пісетін Селекта сорты да СК Оптима сияқты 2016 жылы сыналғанда 22,6 ц/га болды. Виктория мен Аққу сорттары 2015 жылы бірдей 23,0 ц/га көрсетті. Ерте мезімде пісетін Алматы сорты 2016 жылы 2014 жылға қарағанда 1,8 ц/га артық өнім берді, яғни соңғы жылы сортқа оңтайлы агротехника мен климаттық-метеорологиялық жағдайлар тиімді болғанның бірден бір дәлелі болып табылады. Ласточка сорты соңғы екі жылда өнімділігі аса өзгеріске ұшырамаған. Нақты 2015-2016 жылдары жоғары өнімділікті ерте мерзімде пісетін Алматы сорты көрсетіп отыр. Ал салыстырмалы қарасақ біршама төменірек өнімділік 2015 жылы орташа мерзімде пісетін НС Максимус сорты 21,9 ц/га көрсетті. 2016 жылы болса өнімділігі басқа сорттармен салыстырғанда төменірек көрсеткен Селекта сорты болып табылады. Жинау жұмыстарын дұрыс жүргізу және жауын-шашын мөлшері, ауа-райының қолайсыздығы секілді жағдайлар өнімділіктің құбылып отыруына тікелей байланысты. Сорттарды сынау тәжірибесін жүргізгенде өнімділігі жоғары сорттар таңдап алынады. Сонымен қатар майбұршақ өнімділігі әр жылы әртүрлі болғандығы байқалды. Жалпы майбұршақтың СК Оптима, Алматы, Ласточка және Аққу сорттары белгіленген стандарттан ауытқыған жоқ. Ал, НС Максимус, Вальевка мен Триумф сорттары -1,0 және -1,2 ауытқушылықтар көрсетті.

Зерттеулер талаптарына байланысты ең басты, өте маңызды көрсеткіштерінің бірі-өнімділігі. Жалпы майбұршақтың өнімділігі Оңтүстік Қазақстан бойынша орташа өнімділігі 22-25 ц/га, ал Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша майбұршақтың жер көлемі аз, ал орташа өнімділігі 10-15 ц/га болды.
кесте 9

Сорттық тұқымдардың өнімділігі, ц/га (2014-2016жж)

№ п/п

2014 ж

2015 ж

2016 ж

Орташа өнімділік

өнім

топ

өнім

Топ

өнім

топ

Сорт

стан

дарт

СК Оптима

-




-




24,3




24,3

Ст

Алматы

24,0




25,2




25,8




25,0

Ст

Ласточка

23,9




25,1




25,4




24,8

Ст

Вальевка

-




22,6




25,1




23,8

-1,0

НС Максиумус

-




21,9




25,3




23,6

-1,2

Виктория

-




23,0




24,9




23,9

-0,9

Селекта

-




-




22,6




22,6

-0,2

Аққу

-




23,0




24,1




23,5

Ст

Триумф

-




24,1




25,0




24,5

-1,0

кесте 10

Майбұршақ сорттарының себу мерзіміне байланысты биометриялық көрсеткіштері

Сорт

Себу мерзімі

Өсімдік биіктігі,см

1 өсімдік бұршаққаптарының саны,дана

1 бұршаққаптағы тұқым саны,дана

Төменгі бұршаққаптарының бекіну биіктігі,см

1 өсімдік тұқымының массасы,гр

1

2

3

4

5

6

7

СК Оптима

11.04

40

30

3

6

02

Алматы

11.04

41

33

3

7

03

Ласточка

11.04

39

34

3

7

04

Вальевка

11.04

39

32

3

5

04

НС Максимус

11.04

40

34

3

6

04

Виктория

11.04

40

33

3

4

04

Селекта 301

11.04

42

31

3

8

04

Аққу

11.04

41

31

3

6

06

Триумф

11.04

39

33

3

6

06


Тәжірибеге алынған майбұршақ сорттарын салыстыру үшін маусым бойы барлық биометриялық көрсеткіштер өлшеулерден өтті. Биометриялық көрсеткіштері өсімдік шаруашылығында жақсы өнім алу үшін себу мерзіміне байланысты 1 өсімдіктегі бұршаққаптарының саны, 1 бұршаққаптағы тұқым саны және төменгі бұршаққаптарының бекіну биіктігі секілді көрсеткіштер негізінде жасалатын жұмыстардың маңызы зор. Биометриялық көрсеткіштерді анықтаудың негізгі мақсаты әр дақылдың даму мүмкіндіктерін анықтау, себебі келешекте қол жұмыстарын толықтай механикаландыруға,піскен өнімді жинауға және ауру мен зиянкестерге қарсы күресуге әсерін тигізетін жағдайлардың бірі болып саналады. Майбұршақ сорттарының биометриялық көрсеткіштері (10 кесте) келтірілген. Өнімділікке көп әсер ететін жағдай өсімдік биіктігі болып табылады. Зерттеуге алынған сорттардың биіктігі заманауи талапқа сәйкес келеді. Ең биік сорт Селекта 301 сортында 42 см құраса, орташа 39 см биіктікті Ласточка, Вальевка және Триумф сорттарына тиесілі. СК Оптима және Виктория сорттарында аса айырмашылық байқалмайды.1 өсімдіктегі тұқым саны бойынша барлығына тиесілі 3 дана болып тұр. Сонымен қатар 1 өсімдіктегі бұршаққаптар саны бойынша айтарлықтай өзгешеліктер байқалмайды. Ласточка сортында СК Оптима сортына қарағанда 4 дана артық екені байқалды. Ал төменгі бұршаққаптарының бекіну биіктігі болса, Селекта 301 сортында Виктория сортымен салыстырсақ 2 есеге көп екенін байқауға болады, ал қалған сорттарда орташа 5-7 аралығында ауытқиды.

4.3 Шаруашылық құнды белгілері

кесте 11

Майбұршақ сорттарының жапырылу, тұқым шашылу және құрғақшылыққа төзімділік сұлбасы, 2016 ж




Жапырылуға төзімділігі, балл

Тұқымдардың шашылуға төзімділігі,балл

Құрғақшылыққа төзімділігі, балл

1000 дәннің массасы,г

СК Оптима

4,8

5,0

5,0

138,6

Алматы

5,0

5,0

5,0

124,8

Ласточка

5,0

5,0

4,0

136,3

Вальевка

5,0

5,0

4,7

139,2

НС Максиумус

5,0

4,9

5,0

131,4

Виктория

5,0

5,0

5,0

133,2

Селекта

4,7

5,0

5,0

128,6

Акку

5,0

5,0

5,0

131,3

Триумф

5,0

4,5

5,0

140,1


Майбұршақтын 2016 жылғы біздің ғылыми зерттеулерімізде ерте мерзімде пісетін СК Оптима сорты жапырылуға төзімділігіне қарағанда тұқымдардың шашылуы мен құрғақшылыққа 5,0 балл көрсетті. Ал жапырылуға төзімділігі одан 0,2 балл төмен екені байқалды. Ең жақсы нәтижелерді ерте мерзімде пісетін - Алматы, орташа мерзімде пісетін - Виктория және кеш мерзімде пісетін - Аққу сорттары 5,0 балл көрсетті. Жапырылуға төзімділігі бойынша Селекта сорты басқа сорттарға қарағанда 4,7 балл болып тұр. Триумф сорты тұқымдардың шашылуға төзімділігі бойынша 0,5 балл төмен. Ал енді құрғақшылық бойынша қарастырсақ, ерте мерзімде пісетін Ласточка сорты басқа сорттармен салыстырғанда төмендеу көрсеткішті көрсетті.

Өнімділік құрылым элементтерінің ішінде ең маңызды көрсеткіштерінің бірі 1000 дәннің массасы біздің зерттеулерімізде себу мөлшеріне байланысты 1000 дәннің массасы өзгеріп отырды. Бірақ зерттеу жылдарында ауа райының жағдайы, сонымен қатар агрошаралардың әрекеті көп әсер етеді. Демек, 1000 дәннің массасы, тұқымның дәнділігі бойынша қалыптасу үдерісі бірдей болады (11 кесте). Зерттеулер 14 сәуірде себілген танаптарда ерте мерзімде пісетін Алматы сорты 124,8 гр аралығында болды және кеш мерзімде пісетін Триумф сортынын 1000 дәнінің массасы 140,1 аралығында қалыптасты
кесте 12

Майбұршақ сорттарын орналастыру сұлбасы

0

8

9

6

5

4

7

3

2

1




0

9

8

5

3

7

4

6

2

1




0

8

9

3

4

6

5

7

2

1




0

9

8

7

6

5

4

3

2

1


1. СК Оптима

2.Алматы

3.Ласточка

4.Вальевка

5.НС Максимус

6.Виктория

7.Селекта 301

8.Аққу

9.Триумф
Біз Сайрам сортсынау учаскесінде майбұршақ сорттарын орналастыру сұлбасы рендамизация тәсілі бойынша жүргізілді (12 кесте). Ерте, орта және кеш мерзімде пісетін майбұршақтың 9 сорттын орналастыру сұлбасы 4 қайталама бойынша орналастырылды, яғни бірінші қатарға егілген сорттың келесі қатарда бірінші болып қайталанбай орналасуы рендамизация тәсілі болып саналады. Бұл тәсілден байқағанымыз сорттардың қайталанбай орын ауыстырып егілуі.

5 Зерттеудің экономикалық тиімділігі
Экономикалық тиімділік – кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерінің түрлері: өндіріс пен инвестициялық жобалар шығынының тиімділігін (өзін-өзі өтеуді) сипаттайтын көрсеткіштер; сатылым тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер; капитал мен оның бөліктерінің табыстылығын сипаттайтын, активтердің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Тиімділіктің осы көрсеткіштерінің бәрі теңгерімдік пайда, өнімді өткізуден алынған пайда мен таза пайда негізінде есептеледі [47].

Ауыл шаруашылығының тиімділігі - ауыл шаруашылығындағы субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғары көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы.

Кәсіпорындардың рационалды мамандануы жерді өндірістің, еңбектің және материалдық құралдардың басты құралы ретінде неғұрлым тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Тиімділікті жалпы, тауарлы өнімнің көлемі, жалпы және таза табыстың келесілерге шаққандағы көлемі бойынша анықтауға болады:

• 100 га ауыл шаруашылық жеріне және 100 га жыртындыға;

• 1 жұмыскерге және 1 адам күнге (адам-сағатқа);

• 100 тг негізгі өндірістік қорларға;

• 100 тг барлық өндірістік шығындарға.

Бұл көрсеткіштердін әр қайсысы өндірістік ресурстарды пайдалану бойынша экономикалық ақпарат береді. Мысалы, жалпы және тауарлы өнімнің жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы көлемі ауыл шаруашылық өндірістің басты құралы - жердін пайдалану деңгейін сипаттайды.

Бұл көрсеткіштердін қатынасы шаруашылықтың тауарлылығы туралы толық көрініс береді. Жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы жалпы және таза табыс кеңейтілген ұдайы өндірісті ұйымдастыру тұрғысында жерді пайдаланудың экономикалық жағдайын синтездейді.

Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудың ең маңызды жақтарын сипаттайтын басқа бір қатар көрсеткіштер мен толықтыруларды ұсынады. Жүйелі толықтырушы көсеткіштердің қатарына жатады:

• өнімділік және еңбек ақы;

• өнімнін өзіндік құны;

• күрделі салымдардың тиімділігі.

Ұсыныстарда астық өндірісінін тиімділігінің сапалық жағына ерекше екпін жиі жасалады. Салалық үйымдастыру рационалдылығының ең маңызды көрсеткіштеріне еңбек өнімділігін, өнімнің өз құнын, дақылдың шығымдылығын, негізгі және айнымалы қорлардың тиімділігін, жер және еңбек ресурстарын пайдалануды жатқызған дұрыс.

Жүйені жаңа көрсеткіштермен толықтыру теңденциясына қарсы кейбір авторлар бұл жүйеде негізгі көрсеткішті ерекшелер оны қалыптасып жатқан экономикалық жағдайдың тұрғысынан қолданудың дұрыстығын негіздеуге тырысуда. Мұндай көрсеткіш ретінде көбіне өндірістін рентабелділігі ұсынылады.

Экономикалық тиімділікті анықтау үшін өндіріс үрдісіне әсер етуші түрлі факторларды анықтау керек. Экономикалық тиімділікті бағалағанда нәтижеге әсер етуші факторларды есептейміз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне егіннің дұрыс пісуі, мал шаруашылығындағы өнімділік және т.б. сонымен қатар еңбек шығындарын есепке аламыз. Табысы бар кәсіпорын рентабельді болып саналады. Неғұрлым табыс көлемі көп болса, соғұрлым өнім көлемі артады.

Рентабельділік-ауыл шаруашылық тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады. 

Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар-сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20 - 25% болуы керек [48].

Бағалау үшін шығындардың экономикалық ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі жүйесін пайдаланады. Олардың негізгілері: өнімділігі, өндірістік шығындар 1 га, өзіндік құны 1 ц өнімнің рентабельділік деңгейі.

Майбұршақ өсіруге арналған шығындарға жатқызылады: 1га есептегендегі еңбек шығындары, жұмыстардың барлық көлемі, жалпы шығыны, еңбекақы төлеу қорының шығыны, егістік материалдың шығыны, жанар-жағармай материалдарының арналған шығындарды, көліктік қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, шығындар, амортизация, сақтандыру төлемдері, салықтар мен төлемдер, өзге де шығындар.
Ж.т=Ө*С.б (1)

Мұндағы:

Ж.т – жалпы түсім, тг

Ө – өнімділік, ц/га

С.б – сату бағасы, тг

Ж.т=24,3*10000=243000 тг

Ж.т=22,6*10000=226000 тг
Т.п=Ж.т – Ш (2)

Мұндағы:

Т.п – таза пайда, тг

Ж.т – жалпы түсім, тг

Ш – шығын, тг

Т.п=10000-760,5=9239,5

Т.п=1000-943,3=9056,7
Ө.қ=Ш:Ө (3)

Мұндағы:

Ө.қ – өзіндік құн, тг

Ш – шығын, тг

Ө – өнімділік, ц

Ө.қ=18481:24,3=760,5 тг

Ө.қ=21320:22,6=943,3 тг
Р.д=Ж.т-Ш:Ж.п*100 (4)
Р.д=9239,5-760,5:9239,5*100=92%

Р.д=9056,7-943,3:9056,7*100=89%
кесте 13

Майбұршақ өсірудің экономикалық тиімділігі

Атауы

СК Оптима(ст)

Сорт Селекта 301(сорт)

Өнімділігі, ц/га

24,3

22,6

Өзіндік құны, тг

760,5

943,3

Бағасы,тг

10000

10000

Пайда,тг

9239,5

9056,7

Рентабельділігі, %

92

89

Осылайша, нәтижелері бойынша экономикалық тиімділігін есептеу арқылы майбұршақ өндірісіне қорытынды жасауға болады, СК Оптима стандарт сорты рентабельділігі бойынша майбұршақтың Селекта сортына қарағанда жоғары, яғни 3%-ға рентабельділігі жоғары. Ал Селекта сорты 89% рентабельділікті көрсетіп тұр.

6 Еңбек қорғау
Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен басқа да мемлекеттік актілері, республика Министрлер кабинетінің, кәсіподақтарының орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.

Еңбек қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы ережесінде айқындалған [49].

Еңбек қорғаудың өзіндік мақсаты – жарақаттану мен жұмысшылардың ауруларын төмендету, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығының сау әрі қауіпсіз еңбегін қамтамасыз ету болып табылады. ҚР еңбек заңнамасының 3 бабында еңбек қорғаудың негізгі  мақсаты мен міндеттері айқын көрсетілген.

Ауа арқылы берілетін қауіп-қатерлерге шаң, газ, бу, шу, ультрадыбыс, жұмыс орнының жеткіліксіз немесе шамадан тыс ашық жарықтануы, электромагниттік, инфроқызыл, немесе ультра күлгін және т.б сәулелердің түсуі жатады.

Өндіріс орындары ережеге сәйкес, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлерге салынады. Өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету көздеріне жақын жерге, су алып кету қаупі бар жерлерге орналастыруға тиым салынады.

Ауыл шаруашылығында көптеген жұмыстар ашық ауада жүргізілетіндіктен, жұмысшылардың денсаулығы және еңбегін қорғау метеорологиялық жағдайларға: ауа температурасының жоғары немесе төмен болуына, желдің, жауын-шашынның, қардың, күн радиациясының болуына байланысты.

Түтін, улы газ, шаң, шу көзі болатын өндіріс орындарын таза аймаққа жел бағытына қарсы орналастырады және осы санитарлық-қорғау аймағынан бөледі. Зиянды заттар мен шулы жұмыс орындары осы ғимаратта орналасқан басқа жұмыс орындарынан алшақ болуы тиіс. 200 м алыс емес жегде табиғи жарығы бар демалыс орнын орналастыру керек.

Сонымен қатар өндіріс орындарында шаңның болуы және олардан қорғау, алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Ондай шаңдар әр түрлді дақылдарды комбайндармен жинағанда, тұқымдарды тазалағанда, топырақты өңдегенде, мал азықтық шөптерді өңдегенде, мал азықтық шөптерді дайындағанда пайда болады. Шаңның көп мөлшерде болатын аймақтарында шаңның шекті рұқсат мөлшерінен асып кетсе міндетті түрде жеке қорғану шараларын қолдану керек, яғни арнайы киім, көзілдірік және респиратор болуы тиіс.

Өндірістік улы заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы, асқазан-ішек жолдары арқылы, жаралы, тіпті сау теріден сіңіріледі. Улы заттардың кішкене мөлшерінің ұзақ әсер етуі адамдарды сақталмалы улануға әкеп соқтырады.

Өндірістік жарықтану - еңбек гигиенасының маңызды көрсеткіші. Жарықтың рациональді орналасуы еңбек объектілерінің, мөлшерін ажыратуға және әр түрлі түсті ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаршауды төмендетеді, жұмысқа бейімділікті ұзақ уақытқа дейін сақтайды, өндірістік еңбекті және шығаратын өнімнің сапасын жоғарылатады, еңбек қорғауды жоғарылатады, жұмысшының психологиялық жағдайына қолайлы әсер етеді.

Еңбек пен демалыс процестерінің дұрыс алмасып отыруы-жарақаттың алдын алатын маңызды мәселелердің бірі.

Адамның жұмысқа қабілеттілігі, сезімінің өткірлігі, яғни әр түрлі қауіпті және зиянды өндірістік факторларға әсер етуі- ұзақ, үзіліссіз еңбек процесіне байланысты. Егер адам баласы жұмыс күнінің ағымынан басқа бекітілген қолайлы мерзімнен көп үзіліссіз жұмыс істесе, онда физикалық шаршаумен қатар психологиялық шаршау да пайда болуы мүмкін. Тіпті, егер жұмыс істеушіге ұзақ уақыт бойы көптеген шешім қабылдауға тиісті болса немесе көптеген приборлардың көрсеткіштерін қадағалау керек болса, онда физикалық шаршаудан бұрын психологиялық шаршау ерте байқалады. Шудың, дірілдің болуы психологиялық шаршауды тездетеді және адамдардың қате әрекеттерге бару қаупін туғызады, ізінше жарақат алу немесе апаттық жағдайлар тууына әкеліп соғады.

Құрал-жабдықтарды қолдануда, пайдалануда микроклиматтың ауытқуына байланысты, атмосфералық әрекеттердің әсерінен, микроорганизмдердің әсеріне қауіп төнбеуі қажет. Өндірістік құрал-жабдықтар өрт және жарылғыш қауіптеріне қауіпсіз болуы керек. Қолданылатын жадығаттар зиянсыз және қауіпсіз болуы қажет. Егер жаңа жадығат әкелінген болса, олардың гигиеналық және өрт қауіпсіздігін тексеру орынды. Құралдардың қозғалатын және айналатын бөлігі, яғни оар қауіпті болып табылса, олар қоршалуы тиіс.

Өндірістік жарақат алудың мәселесін шешу кеңінен қолданылатын қауіпсіздік ережелерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Адамдарды өндірістік қауіпті шаралардан қорғау тәсілдерін екіге бөлуге болады: белсенді және әлсіз.

Сонымен бірге өндірісте улыхимикаттар мен тыңайтқыштарды қолдануда адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Улы химикаттармен жұмыс істеуге 18 жасқа дейінгі жасөспірім балаларды, жүкті әйелдерді, медициналық тексеруден өтпеген адамдарды, 55 жастан асқан ер кісілер мен 50 жастағы әйел кісілерді, қауіпсіздік ережелерімен таныспаған адамдарды жіберуге болмайды.

Адамның жеке басының гигиенасы - организм мен терінің өз қызметін жақсы атқарудың шарты ретінде тәнді тазалықта ұстауды аса қажет етеді. Теріні, шашты, ауыз қуысын, тырнақты таза ұстау, оларға ылғи да қарап отыру терінің сақталуына, инфекциялық аурулардың жұқпауына, тарамауына жағдай жасайды. Адам терісінің атқаратын қызметтері ежелден белгілі: сырткы ортамен газ, жылу алмастыру қызметі және т. с. с. Тері жамылғышы организмді метрологиялық, механикалық және химиялық факторлардың, әр түрлі микроорганизмдердің әсерінен сақтайды. Бұл қызметтің көп жағдайда терінің тазалығы мен шынығу дәрежесіне қарай тыгыз байланысты.

Дезактивизация, дезинфекция жұмыстарын өте сақтықпен жүргізеді. Тек противогаз, распиратор, не шаңға карсы тігілген маска киіп жұмыс істеу керек. Бұларды жұмыс істеп болған соң қауіпсіз жерде шешуге рұқсат етіледі. Барлық тазалау жұмысын бітіргеннен кейін өздері толық санитарлық тазалықтан өтеді, пайдаланылған құралдарды, киімдерді, аяқ киімді және барлык құралдарды толық немесе жартылай тазалықтан өткізеді.

Тазалық өткізетін адамдар сыртқы киімін өте сақтықпен жаймен шешеді. Тыныстану органдарының қорғау құралдары ең соңынан шешіледі. Бұларды қағып - соғып, сыпырғышпен, щеткамен жоғарыдан төмен қарай тазалайды. Әсіресе, киімнің көп ластанған етегі мен жеңін мүкият тазалайды. Резина аяқ киімді жуады.
1   2   3   4   5


написать администратору сайта