Нормативтік сілтемелер 6 Анытамалар 7
Скачать 0.52 Mb.
|
Мазмұны Нормативтік сілтемелер 6 Анықтамалар 7 Белгілер мен қысқартулар 9 Кіріспе 10 1 Әдебиетке шолу 13 1.1 Майбұршақтың шаруашылық-биологиялық сипаттамасы 13 1.2 Майбұршақ өсімдігінің өсіп-даму ерекшеліктері 19 1.3 Жоғары,сапалы өнім алуда майбұршақ сорттарының маңызы 25 2 Зерттеу орнының сипаттамасы және топырақ-климат жағдайы 34 2.1 Сайрам сорттар сынау жөніндегі мемлекеттік учаскесінің жер пайдалануы, мамандануы және техникалармен қамтамасыз етілуі 34 2.2 Климаттық және метеорологиялық жағдайлар 38 3 Зерттеуді жүргізудің әдістемесі мен бағдарламасы 45 4 Зерттеу нәтижелері 48 4.1 Тұқымдарды зерттеуде танап дақылдарына фенологиялық бақылау жүргізу 48 4.2 Сорттық тұқымдардың өнімділігі 51 4.3 Шаруашылық құнды белгілері 54 5 Зерттеудің экономикалық тиімділігі 57 6 Еңбек қорғау 62 7 Қоршаған ортаны қорғау 68 Қорытынды 72 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75 Нормативтік сілтемелер Дипломдық жұмысты орындау барысында төмендегі нормативтік сілтемелер қолданылды: МҮҚ 15.011-2005 Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есеп. Рәсімдеудің құрылымы мен ережесі. МҮҚ 7.1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы құрастыру талаптары мен ережелері. МҮҚ 1364 – 2015 – Майлы дақыл тұқымдары. Сорттық және себу сапасы. Анықтамалар Ауыл шаруашылығы (а.ш.) – ел экономикасының секторы, оның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, адамзатты негізгі азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен, тігін, аяқ-киім, парфюмерия ж.б. қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылық дақылы – ауыл шаруашылық жерлерде адаммен өсірілетін өсімдіктердің белгілі бір түрі. Белсенді температура жиынтығы - өсімдіктердің белгілі бір кезеңіне анықталған температура жиынтығы және ол биологиялық минимум көрсеткішінен жоғары бола отырып топырақтық немесе ауаның жылу көрсеткішіне пропорционал мөлшерде болады. Белсенді температура жиынтығы - өсімдіктердің белгілі бір кезеңіне анықталған температура жиынтығы және ол биологиялық минимум көрсеткішінен жоғары бола отырып топырақтық немесе ауаның жылу көрсеткішіне пропорционал мөлшерде болады. Биологиялық төзімділік - өсімдіктердің даму кезінде қолайсыз жағдайлардың әсеріне қарамай өміршеңдігі. Будандастыру – бір немесе бірнеше белгілері мен қасиеттері бойынша бөлінетін бір немесе көптеген аналықтарды будандастыру. Сорттық тазалық – негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы. Сорт ауыстыру – тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сортқа қарағанда шаруашылық-бағалылық белгілері мен қасиеттері жағынан артық, пайдалануға рұқсат етілген жаңа сорттармен ауыстыруы. Сорт жаңарту - өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру. Сорт-популяция – генотиптік айырмашылығы бар өсімдіктер сорты. Сортқа тәнділік – айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші. Сорттық бақылау - ауыл шаруашылығы өсімдіктері егістіктерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау. Құрғақшылыққа төзімділік – өсімдіктердің топырақ немесе ауа қуаңшылығына төтеп беруі (ткандердің сусыздану мен қызып кетуге шыдас беруі). Фенологиялық байқаулар мен болжаулар - өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар мен үрдістерге бақылау жасау, олардың мерзімі болжау және өсімдіктердің даму кезеңдерінің басталу күнін тіркеу Транспирациялық коэффициент – 1г құрғақ зат түзу үшін өсімдікпен шығындалатын судың мөлшері. Тұқым – себуге (отырғызуға) арналған тұқымдық жадығат. Тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар. Тұқымның егу сапалары – тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы. Тұқымдардың сорттық сапасы – тұқымдардың ауыл шаруашылығы өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы. Белгілер мен қысқартулар Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында келесідей белгілер мен қысқартулар қолданылды: а.ө – азықтық өлшем; га – гектар; С – градус цельсия; мм - милиметр; см - сантиметр; м - метр; м2- шаршыметр; млн - миллион; г - грамм; мг – милиграмм; т/га – тонна/гектар; тг/га – теңге/гектар; ҚР – Қазақстан Республикасы; Кіріспе Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» бағдарламасы бекітілді [1]. Қазақстан Республикасы негізінде аграрлық мемлекет, сондықтан ол өзінің даму жолында талай өзгерістерге ұшырап келеді. Адам тамағы және жануарлар азығының өмірлік маңызды қоспаларының негізгілерінің бірі болып ақуыз саналады. Оның тамақ құрамында жетіспеуі немесе сапасыз болуы ағзаның қалыпты өмір сүруін бұзып және айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Сондықтан өткір жетіспейтін тағамдық және азықтық ақуыз орнын толтыру, салауатты ғылыми негізделген халық тағамы және жануарларды азықтандырудың ұйымдастырудың стратегиялық мақсаты. Бұл дегеніміз жаңа жоғарғы ақуызды өсімдіктер түрінің шикізатын табу қажеттілігін арттырады. Елбасының халыққа жолдауында осы аграрлық салаға үлкен қолдау көрсетілген. Бүгінгі экономикалық ауыр жағдайдан шығудың бірден бір жолы ауыл шаруашылығын дамытып, елімізді отандық шикізаттармен қамтамассыз ету ғылыми жұмыстың өзектілігі болып табылады [2]. Елбасының осы тапсырмаларына байланысты еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасын» әзірледі. Аталған жоба қазіргі күні ел кәсіпкерлерінің қатысуымен кеңінен талқылануда. Жобаның еліміздің ауылдарында кооперативтік қозғалысты дамытуға серпін беретіндігі атап көрсетілуі керек. Жалпы алғанда, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыс саласы дақылды жалғасатын болады. Атап айтқанда, бір бөлігі бидай егісін одан танымал дақылдарға майлы дақылдарға ауыстырылады. Ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру үшін жоғары сапалы тұқым мен тыңайтқыш қолдану үшін мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. 2011 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі жалпы өнімі (тонна мың.) Айтарлықтай жоғары деңгейге жетті: бидай - 22732,1, жүгері - 482, арпа - 2593, күріш - 347, майбұршақ - 133, күнбағыс - 409, рапс - 149, мақта -336, картоп - 3076, көкөніс - 2878, жем үшін жүгері - 1053, жемшөп (жүгері, сүрлемдік қоспағанда түбір, қауын, жарма,) - 279 алма - 115 тонна. 2018 жылы майбұршақтың ішкі нарығы жергілікті өнімдерді ұсынатын 230 мың тоннадан асатын болады [9.б,10.б]. Майлы дақылдар бойынша сақтау қуатының тапшылығы және АШТӨ-нің агротехнологиялар білімінің жетіспеушілігі байқалды. Майбұршақ мен жүгері өндірісінде өндірістің ұсақ тауарлығы өнімділіктің төменділігіне әкелді, сондай-ақ қайта өңдеу саласында проблемалар бар. Ұсақ тауарлы АШТӨ арасында бөлінген суармалы жерлердің тапшылығы, олардың мелиоративтік жағдайының нашарлауы, сақтау қоймаларының тапшылығы, қайта өңдеу өнеркәсіптері үшін шикізаттың жетіспеушілігі жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар болып табылады, бұл осы өнім түрі бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары дәрежесіне әкеледі. Республиканың астық нарығының дамуы ғылыми негізделген нормалар бойынша қажетті көлемде дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығының дамуын ынталандырды. Сонымен қатар, қатты бидай, сыра арналған арпа, бұршақ, жарма, майлы дақылдар, қант қызылшасы тәрізді дақылдар бойынша элиталық тұқым өндірісінің деңгейі оларға деген қажеттілікті толық қанағаттандырмайды. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерді, әсіресе ұсақ тұқымды дақылдардың тұқым шаруашылығы бойынша субъектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру проблемасы бар. Тұқым шаруашылығы жүйесін ұйымдастырудың және көбейтуге берілген тұқымдар санының жеткіліксіздігі салдарынан оларды селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізгеннен кейін өндіріске жіберілген жаңа сорттар мен гибридтердің баяу енуі байқалады. Майбұршақ – ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және ол дүниежүзілік маңызы бар басты мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Майбұршақты жиі түрде таңғажайып өсімдік деп атайды, себебі тұқымның құрамында жоғары мөлшерде ақуыз – 33-ден 45%-ға дейін, 20-25-ға дейін май және 25-21 көмірсулары бар. Майбұршақ майы дүниежүзілік өсімдік майлары өндірісінде алғашқылардың бірі болып табылады. Ол тағамға, тігін өнеркәсібінде, сабын қайнатуға, клеенка шығаруда, линолеум, пластмасс өндірістерінде пайдаланылады. Рафинадталған майбұршақ майы тікелей асқа пайдаланылады, маргарин мен майонез алуға, сонымен бірге фармацептикалық препараттар құрамында қолданылады. Зерттеу мақсаты-Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам сорт сынау учаскесі жағдайында майбұршақтың жаңа сорттарының өнімділігін бағалау. Міндеті: 1 Сорттардың шаруашылық - биологиялық қасиеттерін анықтау 2 Сорттардың аймақ жағдайында өсіп - даму ерекшеліктері 3 Сорттардың өнімділігі мен сапасын салыстырмалы бағалау 4 Сорттардың экономикалық тиімділігін бағалау 1 Әдебиетке щолу 1.1 Майбұршақтың шаруашылық-биологиялық қасиеттері Майбұршақ – әлемдік мәнге ие маңызды ақуызды, майлы дақыл. Оның тұқымының құрамы орташа есеппен 37–42% ақуыз, 19–22% май және 30%-ға дейін көмірсутектен тұрады. Майбұршақ – ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және ол дүниежүзілік маңызы бар басты мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Майбұршақты жиі түрде таңғажайып өсімдік деп атайды, себебі тұқымның құрамында жоғары мөлшерде ақуыз – 33-ден 45%- ға дейін, 20-25-ға дейін май және 25-21 көмірсулары бар. Майбұршақтың ақуызы (белогы) амин қышқылдармен (өте аз мөлшердегі метионин мен цистиннен басқаларымен) жақсы теңдестірілген. Ол жоғары сіңімділігімен, суда жақсы ерігіштігімен ерекшелшенеді. Майбұршақтың құрамында фитин мен сапонин, дәрумендер мен минералды тұздар кіреді. Күлінде көп мөлшерде калий, фосфор мен известь, майда еритін А, Д, Е және С дәрумендері болады, ал В2 дәрумені бидай дәніндегіден 6 есе көп. Мұндай құрам майбұршақты тағамдық, техникалық және мал азықтық өсімдік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Оның тұқымдарынан 250-ге дейін ас түрін және әртүрлі өнімдер дайындалады. Майбұршақты диетикалық тағам ретінде диабетпен ауыратын адамдарға ұсынылады. Майбұршақ пен оның өнімдері шығысазиялық (әсіресе жапон және қытайлық) және вегетарияндық кухняларда кеңінен қолданылады [10.б]. Майбұршақ майы дүниежүзілік өсімдік майлары өндірісінде алғашқылардың бірі болып табылады. Ол тағамға, тігін өнеркәсібінде, сабын қайнатуға, клеенка шығаруда, линолеум, пластмасс өндірістерінде пайдаланылады. Рафинадталған майбұршақ майы тікелей асқа пайдаланылады, маргарин мен майонез алуға, сонымен бірге фармацептикалық препараттар құрамында қолданылады. Оны смола мен пластмасса, сыр мен лак, желім, тығыздағыш құрамдар, дезинфекциялық құралдар, инсектицидтер, матаға сіңіргіш, сабын және басқа өнімдер шығаруға қолданады. Майбұршақ – бағалы мал азықтық дақыл. Мал азықтық мақсатқа күнжарасы, шроты, майбұршақ ұнын, жасыл массасын пайдаланады. Күнжарасы мен шроты маңызы бойынша майынан да бағалы. Оның құрамында 60%-ға дейін белок (құрғақ затқа есептегенде) болады және ол жоғары белокты концентрат болып табылады, өйткені ол жануарлар рационын сіңімді протеинмен теңдестіреді. 1 тонна майбұршақ белок пен амин қышқылдары құрамы бойынша 10 тонна құрама жемді теңдестіреді. Майбұршақтың 100кг жасыл массасында 21 а.ө. және 3,5 қорытылатын протеин болады. Онымен жануарларды жас күйінде, көмірсулы мал азықтарымен араластырып сүрлем немесе шөп ұны түрінде азықтандыруға болады. Сабағы қойларға мал азығы ретінде пайдаланады. Майбұршақ бұршақ дақылы ретінде топырақты азотпен байытады. Оның егінін жинағанна кейін 1 га танапта 70-80 кг сіңімді азот жиналады. Отамалы дақыл ретінде – ( жақсы күтім болғанда) майбұршақ танапты арамшөптершен таза қалдырады және көптеген екпе дақылдарға бағалы алғы дақыл болып табылады. Оны сидерат ретінде де пайдалануға болады. Бұршақтар тұқымдасы (Legumіnosae) – қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 700 туысы, 17 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүліндегі 10 аталықтың 9-ы бірігіп, біреуі жеке орналасады. Аналығы – біреу. Жемістері – бұршақ, бір ұялы. Күрделі жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақсыз түрлері де кездеседі. Кейбір түрлерінде жапырақ орнына тікендер, ал жапырақтарының ұшында мұртшалары болады. Бұршақ өсімдіктерінің түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Тұқымдары белокқа бай Бұршақ тұқымдастарының ауыл шаруашылығында да маңызы зор. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұл өсімдіктің техникалық дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері – дәрілік өсімдіктер. Сонымен қатар кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.) [3]. Бұршақ тұқымдас дақылдар туралы айтатын болсақ, оның бірнеше оңды қасиеттерін атап өтуге болады. Біріншіден, осы өсімдік тұқымдастары өзінің тұқымдарында, және жасыл жиынтығында өсімдік ақуызын аса мөлшерде сақтау қабілеті бар (малдарды толық азықтандыруда маңызы зор). Екіншіден, бұл өсімдіктердің азотжинақтаушылар сияқты агротехникалық маңызы зор (бұлбұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында орналасатын және ауадан тәуелсіз азотты сіңіріп, оны өсімдіктерге қолайлы қалыпқа аударуына қабілетті түйнек бактерияларының қызметімен түсіндіріледі). Үшіншіден, бұршақ тұқымдастар көптеген астық дақылдарына мүмкіндігі аз, яғни олар астық және де басқа дақылдарға жол салушы, ауыр еритін фосфорлы қоспасына қатысты тамырлы жүйесінің сінімділігі қабілеті бар. Төртіншіден, бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, ноқат) рынокта жоғары бағаны ұстап тұр. Бесіншіден, бұршақ тұқымдастардың дәнді, жарма және техникалық дақылдармен бірлесіп ауыспалы егістікте өңдегенде шаруашылықты ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді [4]. Жоғарыда аталғандай, бұршақ тұқымдас дақылдар – жан-жануарлар үшін жақсы азық. Президент жолдауында аграрлық секторде мал шаруашылығын дамыту бойынша теңдесіз жоба жүзеге асырылады деп айтылған, сондықтан да келешекте Солтүстік Қазақстанда өсірілетін дақылдар арасында бұршақ тұқымдастарға нарықтық сұраныс жетекшілік орын алады. Жыл сайын ауылшаруашылық өнімдермен, егістік алқаптардың көлеміне сәйкес, түсіммен топырактан азот алшактанады. Егер дәнді дақылдардың 25 ц/га түсіміне қажетті азотты есептесек; 14 млн га - 1,4 млн т азот қажет болады. Ол дегеніміз топырақты толтыруға қосымша көздерін табуға әкеледі. Біздің планетамызда азоттың бірінші бастауы-ауа, әр гектардың үстіндегі ауа құрамында 80мың т әйтседе осы мол қорларды адам ағзасында мал ағзасында пайдаланылмайды. Олар азотты өсімдік ағзасымен синтезделген белок түрінде тағаммен және азықпен алады. 1 га азот қоры - 5-15 мың кг, соның ішінде 1% өсімдіктер қоректенуіне жарамды, жылжымалы. Осы мол қорлар, ерекше топты микро ағзалардың тіршілік барысында дәлірек айтсақ биологиялық жолмен, жыл сайын толтырылып отырған [5]. Биологиялық азоттың жер өңдеудегі маңызы зор. Ауылшаруашылық өнімдерімен жер шарында топырақтан 100-110 млн. т азот алынады. Ал минералды тыңайтқыштар тек 12 млн.т орнын толықтырады. Азоттың биологиялық байланыссыз белоктың синтезін және жер бетіндегі барлық тіршілікті елестету мүмкін емес [6]. Маңыздылығы жағынан азоттандыру процессін фотосинтез және тыныстанумен бір қатарға қоюға болады [7]. Жер өңдеуде биологиялық азотқа Д.Н.Прянишников 1963 жылы үлкен маңыз берген: «Химиялық өндірісті толық жетілдіре отырып әрбір техникалық азотқа көбірек биологиялық азот қосу керек, яғни азот мәселесін тек химиялық өндіріспен шешу - мүмкін емес» - деп жазған [8]. Азот жинау жолына, яғни биологиялық тәсілге көбірек көңіл бөлу қажет. Топырақта еркін өмір сүруші азот бактериялар және клостридиум бактериялардың атмосфералық азотты топырақта байлау (фиксациялау) нәтижесінде топырақ биологиялық азотпен толықтырылады. Бұршақты өсімдіктердің тамыртүйнек бактериялары арқылы да толтырылады. Ауылшаруашылық өндірістікте соңғысының практикалық маңызы зор. Бұршақты өсімдіктермен бірігіп тіршілік ету нәтижесінде олар ауадан көп мөлшерде азотты алады. «Беде, жоңышқа, Люпин әр 200 мың гектар алқабы, дұрыс өңделген жағдайда, бір жылда 30 мың т азотты құрайды, ол қуатты азот өндіру комбинатпен тең, ал суармалы жағдайда жоңышқа төрт орымда одан екі есе құрайды» [9.б,16.б]. Майбұршақ - жылу сүйгіш өсімдік. Ең төменгі өну температурасы 6°С, оңтайлы өнуіне 14-18°С қажет. Температура майбұршақ түқымының өну жылдамдығын өзгертеді, ол вегетативтік мүшелерінің өсуі мен өсімдік массасының жинақталу уақытына да әсер етеді. Өсімдіктің өсу жылдамдығы температураның өсуіне тікелей байланысты (ылғал жеткілікті болғанда). Орташа тәуліктік температураның 25-26°С төмен болуы гүлдену кезеңінде бұл үрдісті кешеуілдетеді. Майбұршақтың өсіп-дамуына қажетті оңтайлы температура - 20-25°С. Егін көгі көктемгі қысқа мерзімді бозқырауды (-1-2,5°С) жеңіл көтереді, алайда ондай жағдайда өсуі баяулайды. Күзгі бозқырау, гүлдену және тұқымның толысу кезеңдерінде, майбұршақты құртып жіберуі мүмкін [9]. Бұрынырақта майбұршақты өсіп-жетілу кезіндегі белсенді температура жиынтығы 2500-3700°С болғанда және атмосфералық жауын-шашын 300 мм түсетін аудандарда ғана өсіруге болады деп есептелген. Алайда соңғы жылдары селекционерлер майбұршақтың ерте пісетін сорттарын шығарды, олар вегетациялық кезеңдегі белсенді температура жиынтығы жоғарыдағы деңгейден айтарлықтай төмен болғанда да толыққанды тұқым өнімін бере алады. Ультраерте пісетін майбұршақ сорттарына белсенді температура жиынтығы 1700-2000°С-ға тең (орташа тәуліктік температура 16-17°С-дан кем болмағанда) [17.б,10]. |