Главная страница

Нормативтік сілтемелер 6 Анытамалар 7


Скачать 0.52 Mb.
НазваниеНормативтік сілтемелер 6 Анытамалар 7
Дата13.11.2018
Размер0.52 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаne_udalyay_diplom.doc
ТипДокументы
#56372
страница5 из 5
1   2   3   4   5

  • Матадан тігілген масканы қағып - соғып тазалап, содан кейін жуады.

  • Дезактивизация жасағанда шаң өзіңе түспес үшін, жауырынды желге беріп тұру керек.

  • Тазарту уақытында жуынған су көзге, ауызға, мұрынға кірмеу керек.

  • Гигиеналық тәрбие тәрбиелік, медициналық, мәдени - білім беру, ұйымдастырушылық сипаттамалардағы шараларды жинақтап, кешенді түрде қолдануды айтады.

Қазіргі заман зертханаларымен оқу орындары электр энергиясын кеңінен қолданады, басқа қауіп көздерінен ерекшелігі, электр тоғын аспаптарсыз ара қашықтықтан айқындау мүмкін емес, сондықтан оның адамға әрқашан аяқ астынан әсер етеді.

Қауіпсіздік техникасының жалпы талаптары. Әр жұмысшы мен студент қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаумен мұқият танысып, нұсқаулыққа қол қояды. Қауіп төнген жағдайда студент агрономға хабарлап, жұмысты тоқтатуы тиіс. Зақымдалу немесе улану жағдайларында медпунктке жолығуы керек.

Жұмыс барысындағы қойылатын талаптар.

  1. Өсімдікті химиямен қорғау шаралары жоғары не орта арнайы білімді дипломы бар маманның басшылығымен жүргізіледі .

2. Химикаттармен жұмыс жасағанда еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жауапкершілігі шаруашылық басшысына жүктеледі.

3. Жыл сайын химиялық қорғау жұмыстары басталар алдында барлық осы жұмыспен айналысатын жұмысшылар техника қауіпсіздігінен нұсқау алады да міндетті түрде медециналық тексеруден өткізілуі тиіс .

4. Пестицидпен жұмысқа балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдер және аяғы ауыр, тамақтандырушы әйелдер, инфекциялық сырқаттанғандар, хирургиялық операция өткізгендер және 55 жастан үлкен, ерлер, 50 жастан үлкен әйелдер дәрілеуге жіберілмейді.

5. Пестицидпен жұмыстаушы жұмысшылар өзінің жеке гигиенасын сақтау керек. Жұмыс уақытында тамақ ішуге, темекі шегуге тыйым салынады. Демалыс уақытында арнайы орында 200 м қашықтықта жел жағында арнайы жұмыс киімдерін шешкен соң беті қолын сабынмен жуынуы керек.

6. Жұмыстарды жүргізуге жауапты ұйым химикаттармен жұмыс істеуші жұмысшыларға жеке басты қорғаитын заттармен жабдықтауға тиіс

7. Егістіктерді пестицидтермен өңдеу ұсынылған мерзімде жасалы керек.

8. Тағамға пайдаланатын ( жуа, укроп, салат, петрушка, жасыл бұршақ т.т.) химикаттармен өңдеуге болмайды.

9. Егістікті химикатпен өңдеудің алдында көршілес тұрғындарға хабарландыру жасалады . Егістіктің шетінен 300 м жерде белгілер қойылуы керек.

Өрт сөндірушілер үнемі тексеріліп тұрады:

- жұмыс газының қысымы квартал ішінде индикатор бойынша 1 рет;

- өрт сөндірушілер ұнтақтарының жағдайы 5 жылда 1 рет.

Ғимарат орналасқан жердің сыртқы жағында өрт сөндіру құрылғыларымен бірге өртке қарсы қорғаныш орнатылған. Ол күрек, лом, балға, құммен толтырылған шелек пен жәшіктен құрылған. Өрт болған жағдайдағы эвакуация жоспары бөлмелердің қабырғаларына ілінген. Ғимараттың өзінде автоматты өрт сигнализациясы орнатылған.

Шаруашылықтағы ғимараттардың әрбір қабаттары өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған. Қажетті құралдармен жабдықталған өрт қалқаншалары және әр бір қабатта су құбырларына қосылған өрт шлангтары бар.

Зертханаларда өрт қауіптігі пайдаланылатын материалдар мен реагентердің қасиеттеріне байланысты болады. Өрт кауіпінің негізгі көздері өрт және от қауіпті заттарды сақтықсыз пайдалану, оларды теріс сақтау, электр аспаптарын теріс пайдалану, жарамсыз электр өткізгіштігі, жылытатын қондырғылар мен пештерді жөнсіз орнату және пайдалану болып табылады. Зертханаларда жабдықтар адамдарды эвакуациялауға кедергі жасамайтындай орналасуы қажет. Ең кішкене өткелдің ені І м-ден кем емес болуы керек. Өрт қаупті және жарылыс қауіпті заттармен жұмыс істеуге арналған жұмыс үстелдері мен тартпалардың жарамды қалыпты тұтанбайтын материалдармен және химиялық белсенді қышқылдардың әсерінен тұрақты материалдармен жабылуы тиіс.

Зертхана бөлмелерінде: дәліздер сондай-ақ өрт сөндіру құралдарына баратын жолдарды қоқыстармен ластауға, еденді, жолдарды және жабдықтарды керосинмен және тағы сол сияқтылармен жууға, тұтанған шамдарға және косылып тұрған электр қыздыру аспаптарына кездейсоқ төгілген от қауіпті сүйықтарды жинауға тыйым салынады. Зертханалық бөлмелер барлық жұмыс істеп тұрған құралдарды ажыратқаннан, жанармай сұйықтықтарды арнайы бөлінген орынға жинағаннан, жанатын қалдықтар мен қоқыстарды бөлмеден алып шыққаннан кейін ғана жабылуы тиіс [51].

7 Қоршаған ортаны қорғау
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық – экономикалық және әлеуметтік негізін белгілейді және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұйымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталады.

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі 2007 жылы 9-шы қаңтарда қабылданған. Бұл Заң 47 тараудан 326 баптан тұратын болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық-экономикалық және әлеуметтік негізін белгілейді және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұйымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталады [52].

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының принциптері:

* Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

* Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

* Экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

* Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;

* Қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;

* Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығын бұлтартпау;

Жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;

Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақытылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;

Қоршаған ортаға байланысты жоспарлармен бағдарламаларды дайындау процесіне қатысуға;

Қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға:кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен тоқтау туралы шешімдердің орындалуын қадағалау.

Қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлау нормативтері: халықтың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін корғау, олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлануының нормативтері белгіленеді.

Табиғи экологиялық жүйелердің бөлінуін, адамның, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорларың жойылуын, қоршаған ортаның халық өмірі мен денсаулығына қауіпті өзгерістерін туғызатын шаруашылық және өзге де қызыметке тыйым салынады.

Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан жене оның аумағы шамамен 66%-ы түрлі деңгейде шөлейттену процесіне бейім. Алдын-ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егіншілік эрозиясының қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынатын кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрады.

Қазақстанда үш елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу проблемасы, шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массасының ластағышы заттарды алыс қашықтыққа жеткізу нәтижесінде біртіндеп трансселекциялық мәселеге айналуы мүмкін.

Бағдарламаның негізгі нәтижелері шөлейттену процестерін болдырмау және жердің тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестің өнімділікті арттыру болмақ.

Минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептелінген дозадан артық енгізу топыраққа ғана емес, өсірілген дақылдарды тұтынатын адамдар денсаулығына да зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік саласындағы саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағы шамамен 66%-і түрлі деңгейде шөлейттену процесіне бейім. Алдын-ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егіншілік эрозиясының қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынатын кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрады.

Қазақстанда үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу проблемасы, шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массасының ластағышы заттарды алыс қашықтыкқа жеткізу нәтижесінде біртіндеп трансселекциялық мәселеге айналуы мүмкін.

Топырақ өңдеудің міндетіне эрозиямен күресуді жатқызуға болмайды, өйткені тіпті өңделмеген топырақта және ондағы өсімдік жабындысы бұзылмаған жер беті бәрінен де эрозияға аз ұшырайды. Топырақты өсімдік жабындысынан айыру, оның құрылымын бұзу және эрозия мен дефляцияның пайда болуы, топырақ өңдеудің қосымша дұрыс емес нәтижесі болып есептеледі. Осыған сүйене отырып, өңдеудің қосымша міндетін тұжырымдауға болады. Өңдеудің қосымша міндеті-топырақ құрылымын бұзатын оның бетіндегі өсімдік қалдықтарын жою сияқты топырақ өңдеудің жағымсыз нәтижелерін минимумға жеткізуге болады.

Эрозия деп топырақтың жаңбыр, қар суының, жер суару кезінде беретін судың және желдің әсерінен бұзылуын айтады. Эрозия кезінде топырақ майда болса, құнарлы бөлігі сумен шайылып, желмен ұшып кетеді де, оның құнарлылығы кемиді.

Топырақ эрозиясы кезінде топырақ ұшып, «қара дауыл» көтеріледі. Су эрозиясы кезінде танаптарда үлкенді - кішілі жыралар пайда болады. Су эрозиясы кезінде танаптардан жаз айларында өте тапшы болатын сумен, көзге көрініп тұратын қарашіріктермен қатар ерітінді күйінде әр түрлі қоректік заттар ағып кетеді [67.б,68.б,53].
Қорытынды
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам сорт сынау учаскесі жағдайында майбұршақ сорттарының өнімділігін салыстырмалы бағалауға байланысты жүргізілген зерттеулер нәтижесінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

1. Жалпы ОҚО Сайрам сортсынау жағдайында 9 сорттың фенологиялық бақылауын қарастырдық. Егу мерзімі бүкіл сорттарға 11 сәуірде жүргізілді. Пісу мерзіміне байланысты егін көгінің пайда болуы да әртүрлі болды. Ерте мерзімде пісетін СК Оптима сорты кеш пісетін Триумф сортына қарағанда егін көгі 3 тәулік бұрын шықты. Бүрлену кезеңінде аса айырмашылықтар байқалған жоқ. Барлық дерлік сорттар тек СК Оптимадан басқа бір мезгілде, яғни 29 мамырда бүрлену кезеңінен өтті. Келесі шашақтану-гүлдену кезеңінде біршама тәуліктік айырмашылықтар болды. Мыс, ерте мерзімде пісетін СК Оптима, Алматы сорттары орташа және кеш мерзімде пісетін Селекта, Аққу сорттарына қарағанда 4 тәулік бұрын шашақтанды. Жалпы сорттардың пісу уақытында да біршама айырмашылықтарды байқауға болады. Жалпы сорттар біздің байқауымызда тамыз айының екінші онкүндігінде толық пісу кезеңінен өтті.

2. Жоғарыда аталған деректерде біздің зерттеулерге сәйкес өнімділікке 3 жылдық мәліметтер келтірілді. Ерте мерзімде пісетін СК Оптима сорты 2014 және 2015 жылдары сыналған жоқ, сондықтан 2016 жылы сыналған кезде сорт өнімділігі 24,3 ц/га құрап отыр. Сонымен қатар кеш пісетін Селекта сорты да СК Оптима сияқты 2016 жылы сыналғанда 22,6 ц/га болды. Виктория мен Аққу сорттары 2015 жылы бірдей 23,0 ц/га көрсетті. Ерте мезімде пісетін Алматы сорты 2016 жылы 2014 жылға қарағанда 1,8 ц/га артық өнім берді, яғни соңғы жылы сортқа оңтайлы агротехника мен климаттық-метеорологиялық жағдайлар тиімді болғанның бірден бір дәлелі болып табылады. Ласточка сорты соңғы екі жылда өнімділігі аса өзгеріске ұшырамаған. Нақты 2015-2016 жылдары жоғары өнімділікті ерте мерзімде пісетін Алматы сорты көрсетіп отыр. Ал салыстырмалы қарасақ біршама төменірек өнімділік 2015 жылы орташа мерзімде пісетін НС Максимус сорты 21,9 ц/га көрсетті. 2016 жылы болса өнімділігі басқа сорттармен салыстырғанда төменірек көрсеткен Селекта сорты болып табылады. Жинау жұмыстарын дұрыс жүргізу және жауын-шашын мөлшері,ауа-райының қолайсыздығы секілді жағдайлар өнімділіктің құбылып отыруына тікелей байланысты. Сорттарды сынау тәжірибесін жүргізгенде өнімділігі жоғары сорттар таңдап алынады. Сонымен қатар майбұршақ өнімділігі әр жылы әртүрлі болғандығы байқалды. Жалпы майбұршақтың СК Оптима, Алматы, Ласточка және Аққу сорттары белгіленген стандарттан ауытқыған жоқ. Ал, НС Максимус, Вальевка мен Триумф сорттары -1,0 және -1,2 ауытқушылықтар көрсетті.

3. Тәжірибеге алынған майбұршақ сорттарын салыстыру үшін маусым бойы барлық биометриялық көрсеткіштер өлшеулерден өтті. Биометриялық көрсеткіштері өсімдік шаруашылығында жақсы өнім алу үшін себу мерзіміне байланысты 1 өсімдіктегі бұршаққаптарының саны, 1 бұршаққаптағы тұқым саны және төменгі бұршаққаптарының бекіну биіктігі секілді көрсеткіштер негізінде жасалатын жұмыстардың маңызы зор. Биометриялық көрсеткіштерді анықтаудың негізгі мақсаты әр дақылдың даму мүмкіндіктерін анықтау, себебі келешекте қол жұмыстарын толықтай механикаландыруға, піскен өнімді жинауға және ауру мен зиянкестерге қарсы күресуге әсерін тигізетін жағдайлардың бірі болып саналады. Өнімділікке көп әсер ететін жағдай өсімдік биіктігі болып табылады. Зерттеуге алынған сорттардың биіктігі заманауи талапқа сәйкес келеді. Ең биік сорт Селекта 301 сортында 42 см құраса, орташа 39 см биіктікті Ласточка, Вальевка және Триумф сорттарына тиесілі. СК Оптима және Виктория сорттарында аса айырмашылық байқалмайды.1 өсімдіктегі тұқым саны бойынша барлығына тиесілі 3 дана болып тұр. Сонымен қатар 1 өсімдіктегі бұршаққаптар саны бойынша айтарлықтай өзгешеліктер байқалмайды. Ласточка сортында СК Оптима сортына қарағанда 4 дана артық екені байқалды. Ал төменгі бұршаққаптарының бекіну биіктігі болса, Селекта 301 сортында Виктория сортымен салыстырсақ 2 есеге көп екенін байқауға болады, ал қалған сорттарда орташа 5-7 аралығында ауытқиды.

4. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам сорт сынау учаскесі жағдайында майбұршақтың жаңа сорттарының өнімділігін бағаладық. Жаңа сорттардың өнімділігі және рентабельділі нәтижелер бойынша экономикалық тиімділігін есептеу арқылы майбұршақ өндірісіне қорытынды жасауға болады, Селекта 301 сорты төменірек шығымдылық береді, тиісінше майбұршақтың жоғарғы өнімді сорттары жоғары рентабельділік көрсетеді, яғни орташа өнімділігі (22,6 ц/га) рентабельділігі - 89%. Майбұршақтың СК Оптима стандарт сортының орташа өнімділігі жоғары (24,3 ц/га), рентабельділігі 91%.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК // http://adilet.zan.kz/kaz/docs / P13000001512012, 2012 ж

2. Кочегура А.В. Селекционный прогресс в повышении продуктивности сои

// «Повышение продуктивности сои» Сборник научных трудов ВНИИМК.- Краснодар, 2000. – С. 20-23.

3. Ученые КазНИИ защиты растений. Эффективные меры борьбы с сорняками на посевах сои // Вестник с.-х. наук Казахстана. – Алма-Ата, 1996. – № 9. – С. 35-37.

4. Б.М.Узбеков., Д.Ж.Сейдахметов http:// nblib.library.kz/ elib/ library.kz/journal/ Uzbekov.Seidaxmetov.pdf, 2013ж

5. Кретович В.Л. Молекулярные механизмы усвоения азотарастениями. ХШХ Тимирязевские чтения.- М.: Наука, 1960.- 29 с.

6. Имшенецкий А. А. Микробиология целлюлозы. М., Изд-во АН СССР, 1953, 439с

7. В. М. Иванов. Гетероциклические азотосодержащие азосоединения /. – М. : Наука, 1982 . – 229 с. :

8. Прянишников, Д. Н. Избранные сочинения. Т. 1 [Текст] : азот в жизни растений / Д. Н. Прянишников ; АН СССР. - М. : [б. и.], 1951. - 496 с.

9. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ., Серекпаев Н.А., Шестакова Н.А., Арыстанғұлов С.С. Өсімдік шаруашылығы. Астана, 2011,131 б

10. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ., Серекпаев Н.А., Шестакова Н.А., Арыстанғұлов С.С. Өсімдік шаруашылығы. Астана, 2011,132-135 б

11."Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

12. Петрова М.В. Новые образцы сои для различных направлений селекции// Науч.-тех.Бюлл.ВНИИ растениеводства. – 1985,№153.-С.12-14.

13. Панин М.С.Эколого-биохимическая оценка техногенных ландшафтов Восточного Казахстана // Отв. ред. Ж. У. Аханов: МОН РК. Семипалатинский гос. Университет им. Шакарима.- Алматы,- 338 с

14. Н. Я. Школьника., И. В. Алексеевой- Поповой. Л. Растения в экстремальных условиях минерального питания // Под. ред., 1983. – 176 с.

15. Орлов Д. С., Малинина М. С., Мотузова Г.В. и др. Химическое загрязнение почв и их охрана: Словарь-справочник // М.: Агропромиздат, 1991.- 303 с

16. Давыдова С. Л. О токсичности ионов металлов. М.: Знание,- 32 с.

17. Новикова О.В., Кошелева Н.Е. Биогеохимия тяжелых металлов в городских ландшафтах // Тезисы ІІІ Международной научно-практической конференции «Тяжелые металлы, радионуклиды и элементы-биофилы в окружающей средең Семипалатинск-Казахстан,- С. 404-419

18.Truby P. Dіstrіbutіon patterns of heavy metals іn forest frees on contamіnated sіtes іn Germany // Journal of Applіed Botany. Angewandte Botanіk.- -Vol. 69 – (3/4), september, – Р.135-139.

19. А.К. Лещенко, В.И. Сичкарь, В.Г. Михайлов, В.Ф. Марьюшкин.Соя. (Генетика, селекция, семеноводство) // // Киев. – Наукова думка. – 1987. – С. 18.-19

20. Бейсенбаева М.Е., Сыдық Д.А.Оңтүстік Қазақстанда тыңайтқыштар мен адаптоген препаратын майбұршақ егісінде қолданғанда сорттық ерекшеліктеріне байланысты өсіп дамуы УДК 633.15:633.863.2:954

21. Кобызева Л.Н., Рябчун В.К., Безугла О.М. и др. 2002.Каталог коллекции сои Национального центра генетических ресурсов растений Украины. Исходный материал для селекции сои в условиях восточной Лесостепи Украины.Вып.1.Харьков,2002,103 с.

22. Фомин И.С.//Вопросы современного земледелия в Центральном Черноземье: Материалы научно-практической конференции, Курск, 4—7 марта. 2002. — Курск, 2003. - С. 102-103. - Рус.

23. Бозиев А.Л.. Тхагапсоев М.Х.. Жамбикова АЛ. // Агрохим. вестн. — 2004. — № 1. - С. 26-27. - Рус.

24. Кашеваров Н.И., Полищук А.А., Бейч А.В., Кашеварова Н.Н. // Сиб. вестн. с.-х. науки. — 2005. - № 1. -С. 81-83. - Рус.; рез. англ

25. Гутриц Л.С Автореф. дис. на соиск. уч. степень канд. с.-х. наук. Новочеркасск: Новочеркас. гос. мелиор. акад. 2006, 23с., ил. Рус

26. Асанова К.А. Рекомендация по системе ведения сельского хозяйства по Чимкентской области. Под редакции Изд., Кайнар 1977. Алматы.75с

27. Бабич А. А. Соя – культура ХХI века // Вестник с.-х. науки. - 1991. - №7. - С. 27-37.-4

28. Корягин Ю.Т. Новые высокопродуктивные cорта сои. Гибридная 670.-Селекция и семеноводство,1980, № I, 0.27-28.

29. Фомин И.С. Вопросы современного земледелия в Центральном Черноземье: материалы науч.-практ. конф. / Курск, 4—7 марта. 2002. — Курск, 2003. - С. 102-103.

30. Бозиев А.Л.. Тхагапсоев М.Х.. Жамбикова АЛ. // Агрохим. вестн. — 2004. — № 1. - С. 26-27. - Рус.

31. Кашеваров Н.И., Полищук А.А., Бейч А.В., Кашеварова Н.Н. // Сиб. вестн. с.-х. науки. — 2005. - № 1. -С. 81-83. - Рус.;

32. Гутриц Л.С.Автореф. дис. на соиск. уч. степень канд. с.-х. наук. Новочеркасск: Новочеркас. гос. мелиор. акад. 2006, 23с., ил. Рус.

33. Воронкова Н.А. Тезисы докладов Всероссийской молодежной конференции: "Растение и почва", Санкт-Петербург, 6—10 дек., 1999. СПб, 2999. - С. 46-47. - Рус.

34. Лихачев А.Н. Автореф. Дис. на соиск. уч. степ. канд. с.-х. наук /— Курс. гос. с.-х. акад., Курск, 2002. — 18 с.: ил. Библ. 8. - Рус

35. Шотт П.Р., Старостенко В.П., Литвинцев П.А. // Развитие инновационной деятельности в АПК: По материалам Международной научно-практической конференции, Москва, 11-12 нояб., 2002, - М., 2003. - С. 299-301. - Рус.

36. Сидорчук Е. В. Особенности роста и развития сорта сои «Иван Караманов» в условиях Приморского края [Текст] / Е. В. Сидорчук, К. А. Солдатов, М. С. Квасникова // Студенческая наука XXI века : материалы XII Междунар. студенч. науч.-практ. конф.

37. Фисенко П. П. Регенерация растений сои из культуры семядольного узла / П. П. Фисенко, Г. Д.Галукян // Некоторые вопросы селекции и технологии возделывания сельскохозяйственных культур в Приморье: Сб. науч. тр. / РАСХН, Дальневост. отд-ние, ПримНИИСХ. – Новосибирск, 1994. – С. 17-22

38. Ващенко А.П.,Мудрик Н.В.Способы отбора исходного материала сои в селекционной практике// Исходный материал для различных направлений селекции сои.-Л.:Науч.-тех.Бюлл.ВАСХНИЛ,вып.153,1985.-с.6-9

39. Даниленко, Ю.П. Оптимизация технологий возделывания сорго, кукурузы и сои на зерно в орошаемых условиях на светло-каштановых почвах Нижнего Поволжья [Текст] : авто-реф. дис. …доктора с.-х. наук /Ю.П. Даниленко. – Волгоград, 2007. – С. 37.

40.Лещенко А. К., Сичкарь В. И. И др. Соя.- Киев: Наукова Думка, 1987. -236с.-18

41.Мордвинцев М.П.,Визнер В.С.Формирование исходного материала для селекции сои//Возделывания люцерны и сои в Нижнем Поволжье.-Волгоград,1983.-С.163-166

42. Мякушко Ю.П., Баранов В.Ф. Соя. // М.: Колос, 1984.-24

43.Енкен В. Г. Соя.- М.: Сельхозгиз, 1959. - 622 С.-12

44. Калюк Г. Н. Возделывание многолетних трав на юге Западной Сибири. -Новосибирск, 1994.-231 с.

45.Агроклиматический справочник по Южно- Казахстанской области. Гидрометеоиздат. Ленинград 2000г. 122с

46. Баранов В. Ф. Тонкости возделывания сои //Земледелие. - 1997. - № 3. - С. 17-18.-5

47. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : kk.m.wikipedia.org «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

48. К.М. Мәденова, А.Қ. Ерназарова. Аграрлық экономика оқу құралы / Астана, 2009

49. Халам С.Х., Каиржанова Ж.С., Еңбек қорғау пәні бойынша әдістемелік кешен. Астана-2011 ж

50. ҚР-ның Еңбек кодексі. Интернет порталы. http://adilet.zan.kz/kaz.

51. Егемен Қазақстан. /Қазақстан Республикасының Еңбек қорғау заңы/ -Астана, 1999 жыл

52. Қазақстан Республикасы экологиялық кодекс, 2007. – 232 б.

53. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. Ресми газет 2003.- Б 4-6


1   2   3   4   5


написать администратору сайта