Главная страница
Навигация по странице:

  • МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

  • Жасқа байланысты ерекшеліктері.

  • Өкпедегі ауа жолдары мен респираторлы бөлігінің құрылысы. 1

  • МЕББМ

  • Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу толық. Нуо казахстанскороссийский медицинский университет


    Скачать 0.78 Mb.
    НазваниеНуо казахстанскороссийский медицинский университет
    АнкорТыныс алу жүйес
    Дата20.01.2021
    Размер0.78 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТыныс алу толық.docx
    ТипДокументы
    #169786


    НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

    МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




    Дəріс Модуль

    Тақырыбы: «Тыныс алу жүйесі»

    Құрастырған: Правин Нариман Ныгманович


    Алматы-2020



    Тыныс алу жүйесі


    Қызметі: Тыныс алу жүйесі қанды оттегімен байытып, ағзадан көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Тыныс алу жүйесі екі бөліктен тұрады: ауа жолдары мен өкпенің респираторлы бөлігі. Ауа жүретін жолдарына: мұрын қуысы, мұрынның жұтқыншақ бөлігі, кеңірдек жəне бронхтар жатады. Бронхтар өкпе сыртындағы жəне өкпе ішіндегі тармақтарға жіктеледі. Ал, респираторлы бөлігіне: респираторлы бронхиолалар, альвеола жолдары мен альвеола қапшықтары жатады. Бұл аталған бөліктері өкпе ацинустары болып саналады.

    Даму: Жалпы тыныс алу жүйесінің шығу тегі болып саналатын алдыңғы ішектің вентралді қабырғасындағы прехордалді пластинка. Эмбриогенездің 3-аптасында бұл пластинкадан екі өсінді пайда болып, оң жəне сол жақтағы өкпенің бастамасын береді. Өкпенің дамуы үш кезеңнен тұрады.

    1. кезең. Эмбриогенездің 5-аптасынан 4-айға дейін жүретін секреторлы кезеңі. Бұл кезеңде ауа жолдары мен бронхиалды жолдар бронх тармақтары дамиды. Өкпе түтікше түрінде ғана болады.

    2. каналикулярлық кезеңі эмбриогенездің 4-6 айында бронхиалді жолдарымен респираторлы бронхиолалар түзіле бастайды. Бұлармен қоса өкпе мезенхимасына қан капиллярлары да кірігіп дамиды.

    3. альвеолярлық кезеңі 6-айдан басталып туғанға дейін жүретін кезең, мұнда альвеолярлы жолдары мен қапшықтары қалыптасады. Сонымен қатар альвеолярлы эпителилердің арасына капиллялар кіріге бастайды. Бронхиолаларды қоршаған мезенхиманың арасында борпылдақ талшықты дəнекер тіні мен миоциттер, гиалинді шеміршек тіні мен капиллярлар пайда бола бастайды. Эмбрионалді кезеңде альвеолалардың қабырғасы жабысып жатады. Ал, нəресте дүниеге келген сəттен бастап, алғашқы тыныс алуында- ақ альвеолалары ауаға толып, қапшықтардың қуысы кеңейеді. Нəресте уақытылы (9-айлық) мерзімінде дүниеге келсе, тек предиафрагмальді немесе өкпесінің төменгі бөлігі ауасыз болуы мүмкін. Ана құрсағынан өлі туған баланың өкпесі ауасыз қапшықтары қабысып, қабырғалары бір-біріне жабысып қалады. Сот медицинасында осының бəрін негізге ала отырып, нəрестенің қай кезде өлгеніне негіз етіп алады. Егер баланың (нəрестенің) өкпесі суға батып кетсе, ішінде ауа жоқ болып, нəресте іштен өлі туғаны. Егер нəресте өкпесі суға батпай, суда жүзіп жүрсе, өкпе ішінде ауасы бар болғанның белгісі, онда нəрестенің бұл туғаннан кейін өлгенін белгісі болып табылады. Сот медицинасында бұл маңызды мəселенің бірі болып саналады.



    Ауа жолдары


    Қызметтері:

      • Жұтылған ауаны респираторлы бөлімге өткізеді.

      • Кондиционерлік қызметі: ауаны жылытады, дымқылдатып тазалайды (ауамен келген шаң-тозаңды, микроорганизмдерді шырышпен шылап, сыртқа шығарады-эвакуациялық).

      • Қорғаныс-сүзгілік қызметі. Ауа жолдарындағы кілегейлі қабық эпителийі ауадан келген микроорганизмдердің астыңғы қабатқа өтпеуіне септігін тигізеді. Эпителидің меншікті пластинкасында иммундық қызмет атқаратын бронхтар,онда лимфоидты түйіндер де болады (БЛТ).

      • Секреторлы қызметі. Ауа жолдарын тыстайтын кілегейлі қабық эпителиінің құрамында шырыш бөлетін- бокал тəрізді жасушалар болады. Бөлінген шырыштың құрамында иммундық қызмет атқаратын антиденелер мен лизоцим болады. Эпителий қабатының құрамындағы эндокринді жасушалардан біраз гормондар да бөлініп, бұл ауа жүретін жолдарындағы эндокриноциттердің гормоналді немесе эндокринді қызметіне жатады .



    Мұрын қуысы


    Мұрын қуысы екі бөліктен: кіреберісі мен тыныс алу бөлігінен тұрады. Мұрын қуысының кіреберіс де кілегейлі қабықпен тысталған, құрамында көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиі мен эпителидің меншікті пластинкасы бар. Тыныс алу бөлігі бір қабатты, көп қатарлы кірпікшелі эпителимен тысталған, құрамында кірпікшелі, бокал тəрізді, жиекті немесе микробүрлері бар қыстырма немесе базальді жасушалардан тұрады. Аталған жасушалардың көмегі арқылы мұрын қуысына ауадан келіп түскен бөтен- текті заттар мен микроорганизмдер сыртқа шығады не болмаса жойылады. Бокал тəрізді жасушалары- муцинді бөледі. Муцин бөтен заттарды өзіне жабыстырады да, сыртқа шығуына септігін тигізеді. Мұрын қуысынан бөлінетін секреттің құрамында антидене-иммуноглобулин «А» эпителидің астындағы меншікті пластинкасының құрамындағы плазмоциттерден бөлінеді. Бұл плазмоциттер лизоцимді де синтездейді. Жиекті жасушалар-хеморецепторлар болып саналады. Базальді немесе қыстырма жасушалары регенерациялық- камбиалді қызмет атқарады. Эпителидің меншікті пластинкасының құрамындағы борпылдақ дəнекер тінінде белокты-шырышты, аралас бездермен бірге лимфоидты фолликулдар да болады.

    Мұрын қуысының тыныс алу бөлігінің кілегейлі қабығы екі бөліктен тұрады:

      • Иісті қабылдау аймағы; мұрын қырының едəуір бөлігімен мұрын сүйегінің жоғарғы жəне мұрын пердесінің 1/3 бөлігін алып жатады. Кілегейлі қабығы-иіс сезу мүшесі болып саналады. Иіс сезу мүшесі, иіс сезу анализаторының шеткі бөлігі.




      • Мұрынның ортаңғы жəне төменгі бөліктерін тыстайтын кілегейлі қабығы. Ерекшелігі: кілегейлі қабығында- қабырғасы өте жұқа болып келген веналар орналасады. Қалыпты жағдайда веналарда қан аз болады, осыған байланысты қуысы бостау болып келсе, ал қабыну процесі (ринит) кезінде бұл веналардың қуысы қанға толып, мұрынның кілегейлі қабығы ісініп, қуыс тарылады да, тыныс алу процесі нашарлайды.

    Мұрын-жұтқыншақ-мұрынның тыныс алу бөлігінің жалғасы, құрамында көп қатарлы кірпікшелі эпителиі мен меншікті пластинкасы бар мүше. Меншікті пластинкасында майда белокты-шырышты бездердің секреторлы бөлігі болса, ал артқы жақ беткейінде лимфоидты тіннің жиынтығы немесе жұтқыншақ миндалинасыорналасады.

    Көмекей. Көмекейдің қабырғасында: кілегейлі, фиброзды-шеміршекті жəне адвентициалді қабықтары болады. Кілегейлі қабығындағы эпителиі көп қатарлы, кірпікшелі. Көмекейдің дыбыс шығаратын байламдары көп қабатты, жалпақ, əрі мүйізделмеген эпителимен тысталған. Меншікті пластинкасы эластин талшықтарына өте бай борпылдақ дəнекер тіні. Көмекейдің қаңқасын түзетін фиброзды-шеміршек қабығының құрамында талшықтары мен шеміршек сақинашықтары, фиброзды тығыз талшықты дəнекер тіні болса, ал шеміршек бөлігінің құрамында шеміршектердің гиалинді, эластинді түрлері болады

    Дыбыс шығаратын байламдар кілегейлі қабықтың қатпарларынан түзіледі, ал қатпарлары көмекейдің қуысына еніп жатады. Қатпарлардың негізін борпылдақ

    талшықты дəнекер тіні түзеді. Нағыз дыбыс шығаратын байламдарын көлденең жолақ ет талшықтары мен эластин талшықтары түзсе, ал жалған дыбыс шығаратын байламдарының құрамында ет талшықтары болмайды, бұлар нағыз дыбыс шығаратын байламдарынан жоғары орналасып, құрамында көп қабатты эпителимен тысталған борпылдақ дəнекер тіні болады. Борпылдақ дəнекер тінінің құрамында лимфоидты тіні де болады. Жас балаларда жалған дыбыс шығаратын байламдарында көптеген қан тамырлары болады, қабыну процесінде бұл тамырлары қанға толып, тыныс жолындағы қуысты тарылтады, ісінеді.

    Көмекейдің қызметтері:

      • Ауаны жүргізе отырып, əрі жылытады,




      • Сөйлеу актісіне қатысады,

      • Секреторлы, жəне

      • Қорғаныс -сүзгілік қызметтер атқарады.



    Кеңірдек


    Кеңірдек түтікше мүше. Қабырғасы төрт қабықтан тұрады: кілегейлі, кілегей асты, фиброзды-шеміршекті жəне адвентиция сыртқы қабығы.

    Кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителий мен меншікті

    пластинкадан тұрады. Меншікті пластинканың құрамындағы миоциттері біртіндеп ет пластинкасының құрамына енеді. Кеңірдек эпителиінің құрамында бірнеше жасушалар қатары болады. Оларға: кірпікшелі, бокал тəрізді жасушасы, қыстырма немесе базальді жəне эндокриноциттер жатады. Бокал тəрізді жасуша мен кірпікшелі жасушалардың құрылысы мен қызметі мұрын қуысындағы жасушаларға ұқсас. Шырышты-кірпікшелі жасушалары мукоцилиярлы конвейер түзеді. Қалыпты жағдайда бокал тəрізді мен кірпікшелі жасушалардың саны бір-біріне тең. Ал, патологиялық кезде мысалы: шылым тартатын адамдардың кеңірдегінің қабыну

    процестерінде

    бокал тəрізді жасушаларының саны көбейеді де, секрет көп бөлініп, қатайып, бактериоцидтік қызметі нашарлайды да «темекішіліктің трахит» науқасы байқалады. Бұл науқас бронхтарда да болуы мүмкін («бронхит»). Кеңірдек эпителиіндегі эндокриноциттердің пішіні-призма тəрізді. Ерекшеліктері: базальді бөлігінде гормоналді түйіршіктері болады. Мұндай гормоналді түйіршіктерімен:серотонин, кальцитонин, бомбезин, нейромедиаторлар, норадреналин мен пептидтер бөлінеді. Бұл гормондардың қызметі - ауа жолындағы бездердің секрециясын жəне ет тіндерінің жиырылғыштық қасиетін реттеу. Базалді жасушалары- камбиалді қызмет атқарады. Соңғы мəліметтер бойынша кеңірдек пен ауа жолдарының эпителиінде Лангерганс жасушаларының бар екені анықталған.

    Эпителидің меншікті пластинкасы БТДТ, құрамында көптеген эластин талшықтары мен лимфатикалық фолликулдары орналасады.

    Кілегей асты негізі де-БТДТ құрамында кеңірдек бездері болады, бұлардан бөлінген секрет эпителидің бетін дымқылдата отырып, антиденелерді де бөледі.
    Фиброзды-шеміршекті қабығы-құрамында 16-20 шақты жарты сақинашықтан тұратын, гиалинді шеміршек тіні мен тығыз талшықты дəнекер тінінен түзілген. Кеңірдектің өңеш жақ бетінде шеміршек сақинашықтарының ұшы тегіс салалы миоциттермен байланысады. Бұл өңештен тағамның оңай, кедергісіз жылжуына септігін тигізеді.

    Сыртқы қабығы-адвентиция. Кеңірдектің төменгі бөлігі екі тармаққа жіктеліп оң жəне сол жақтағы басты бронхтарға бөлінеді. Басты бронхтардан бронхиалді тармақтар басталады. Бұлар өкпе сыртындағы жəне өкпе ішіндегі ауа жолдарын түзеді.

    Өкпе


    Өкпе - көкірек қуысының көп бөлігін алып жататын жəне тыныс алу кезеңінде ұдайы өз пішінін өзгертіп отыратын мүше. Өкпенің беті серозды қабық-висцеральді плеврамен қапталған.

    Бронх тармақтары


    Өкпе бронхтарының басты тармақтары-өкпе бөліктерінде–бөліктік бронхтарға айналады да, бұлар үш оң жақтағы, екі сол жақтағы өкпе бөліктеріне өтеді. Бөліктік бронхтар өкпеден тыс жатқан зональді аймақтық бронхтарға-бұлар барып 10 өкпе ішіндегі сегменттік бронхтарға ұласады. Соңғысы: субсегменттік, бөлік аралық, бөлік ішкі, одан терминальді бронхиолаларға айналады. Бұлармен қоса бронхтарды диаметріне байланысты жіктеуге де болады: ірі бронхта d=15-20мм, орташасы d=2-5мм, кішісі d=1-2мм

    Бронхтардың құрылысы


    Бронхтардың қабырғасы 4 қабықтан тұрады: кілегейлі, кілегей асты, фиброзды-шеміршекті, сыртқысы-адвентиция.

    Ішкі кілегейлі қабығы 3-қабаттан тұрады: көп қатарлы, кірпікшелі эпителиі, меншікті жəне ет пластинкалары. Эпителидің құрамында 6 түрлі жасушалары болады. Оларға: кірпікшелі, бокал тəрізді, эндокринді, бұл

    1-кірпікшелі жасушалар 2-нейросекреторлы жасушалар.

    3-бокал тəрізді жасуша 4-камбиалді жасуша

    5-кірпікшесіз жасуша 6-нерв талшығы

    1. секреторлы жасушалар (Клар жасушасы)

    2. базалді мембрана

    3. сезімтал жасушалар


    жасушаларға
    сипаттамалар берілді, ал келесілері: секреторлы, жиекті, кірпікшесіз түрлері.
    Секреторлы жасушалары (Клара жасушасы) микробүрлері жоқ, цитоплазмасында көптеген түйіршіктері мен белок синтезіне қатысатын органеллалары болады. Бұлардың құрамында ферменттері де болады жəне сурфактант бұзатын секрет бөледі.

    Кірпікшесіз жасушалардың цитоплазмасында гликоген мен секреторлы түйіршіктері бар екені анықталған, бірақ қызметі əлі белгісіз.

    Жиекті жасушалардың микробүрлері мен нейросекреторлы түйіршіктері болады. Бұлар қанға кальцитонин, бомбезин, серотонин гормондарын бөліп, хеморецепциялық қызмет атқарады. Нерв ұштарымен тығыз байланысқан. Меншікті пластинкасының құрамында БТҚДТ. Ет пластинкасы миоциттерден тұрады. Кілегей асты негізіндегі бездері шырышты-белокты. Өкпедегі басты бронхтардың қабырғасы кеңірдектің қабырғасына ұқсас, бірақ қабырғасы шеміршекті сақина түрінде болады. Ірі бронхтарда шеміршекті қабығы бірнеше пластинкаларға айналады. Бронхтардың диаметрі кішірейген сайын шеміршегі азая бастайды. Орташа бронхтарда гиалинді шеміршек- эластинді шеміршекке айналады. Ал, кіші бронхтарда шеміршек пластинкалары- аралшықтарға одан біртіндеп барып жойылады, тіпті болмайды да. Эпителиі де өзгереді. Ірі бронхтарда эпителий кірпікшелі көп қатарлы, біртіндеп екі қатарға, сосын барып, терминальді бронхиолаларда бір қатарлы куб тəрізді эпителиге айналады. Бокал тəрізді жасушалардың саны азаяды. Эпителидің меншікті пластинкасы жұқарып, ет пластинкасы қалыңдайды. Осыған байланысты патологиялық жағдайда бронхиалды асматиктерде ет пластинкалары ұзақ уақытқа дейін жиырылып, тұншығу процестері байқалуы мүмкін, яғни, майда бронхтардың қуысы тарылып, тыныс алу процесі қиындайды.

    Майда бронхтарда кілегей асты негізімен бездері болмайды. Егер бездері болса, одан бөлінген секрет қуысын бітеп тастауы да мүмкін, адвентициальді қабығы жұқарады.

    Ауа жолдарының диаметрі 0,5 мкм-ге айнала келе терминалді бронхиолаларға келіп жалғасады. Бұлардың қабырғасы тек қана кілегейлі қабықтан тұрады. Эпителий бір қабатты куб тəрізді, кірпікшелі. Мұның құрамында, кірпікшелі, жиекті, жиексіз, секреторлы (Клара) жасушалары болады. Меншікті пластинкасы БТҚДТ, құрамында миоциттер мен эластин талшықтарының шоғыры орын алады.

    Өкпенің респираторлы бөлігі


    ӨРБ-бұл өкпенің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі-өкпе ацинустары болып саналады. Өкпе ацинусы газ алмасу процесі жүретін, альвеолалардан тұратын қуысты мүше. Өкпе ацинусы-респираторлы немесе альвеолярлы бірінші реттік І-бронхиоладан бастау алады. Бұл I-типтік
    бронхиола-екі,үш тармақтарға бөлініп II, III-реттік бронхиолаларға айналады. Соңғы бөлігі альвола жолдарына құрамында көптеген альвеолаларымен қоршалған құрылымдар түзеді. Бұлардың қабырғасы бір қабатты куб тəрізді эпителилермен тысталған.

    Альвеола жолдарының қабырғасын-альвеолалы қапшықтар тыстайды. Альвеола-ацинустардың құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі. Альвеола- ашық көпіршік, қабырғасы жалпақ эпителимен тысталған. Адамдарда 300 млн, көлемі 80 м2. Альвеолалар бір-бірімен өте жұқа альвеола аралық перделер арқылы байланысқан. Бұл перделердің құрамында гемокапилляры, эластин, коллаген талшықтары БТҚДТ болады. Альвеолалар арасында альвеола аралық саңылаулар (Кона қуысы) болады. Бұл қуыс-саңылаулар арқылы ауа бір альвеоладан екінші альвеолаға өтіп отырады.

    Өкпе альвеолаларының қабырғасында үш түрлі альвеолоциттер кездеседі.
    Өкпенің ацинусының үлгісі.
    1.I-респираторлы бронхиола 2.II- респираторлы бронхиола

    1. альвеол жолдары

    2. альвеол қапшықтары

    3. альвеол аралық қан капиллярлары

    4. альвеолалар

    5. альвеол аралық саңылаулар

    6. миоциттер

    9.I- реттік альвеолоциттер 10.II- реттік альвеолоциттер

    1. секреторлы жасушалар (Клар жасушасы)

    2. кірпікшелі жасушалар 13.куб тəрізді жасушалар



    Өкпенің ацинусының үлгісі.
    2

    3


        • I-түрі респираторлыальвеолоциттер


    пішіні созылынқы келген,ядросы орналасқан бөлігінің қалыңдылығы 5-6 мкм, ал ядросы жоқ жері жұқа,шамамен 0,2мкм, альвеоланың 95% құрайтын жасушалары. Альвеола қуысына бағытталған полюсінде көптеген микробүрлері болады. Микробүрлері газ алмасу қызметіне айтарлықтай маңызды қызмет атқарады. Себебі неғұрым бүрлері көп болса,сол ғұрым газ алмасу деңгейі жоғары (аумағы үлкен). Альвеолоциттердің жұқарған бөлігі қан капиллярларына өте жақын орналасып, ауа мен қан арасындағы газ алмасу процесіне қатысады. Осыған байланысты респираторлы альвеолоциттер аэрогематикалық сүзгінің құрамына қатысады да, сүзгі қызметін атқарады(О2-СО2) . Бұл сүзгінің орташа қалыңдығы шамамен 0,5мкм.

        • II-түрі секреторлы альвеолоциттер, бұлар I-альвеолоциттерге қарағанда ірілеу,пішіні куб тəрізді, цитоплазмасында белок синтезіне қатысатын органеллалардан:митохондриялар, ГК, ТЭТ, рибосомалар мулътивезикулярлы денешіктері болады. Секреторлы альвеолоциттер ІІбелсенді түрде белок,фосфолипидтерді синтездейтін жасушалар. Бұлар альвеолярлы комплекс сурфактанттысинтездейді.

    Сурфактант-гликолипидті белоктардан тұратын зат. Сурфактант екі фазадан тұрады;

    Гипофаза – сұйық түрі (гликопротеидті) кезінде альвеолалардың ауа жағындағы бетін жауып жатады.

    Апофаза – мембраналы түрі (фосфолипидтермен белоктар) гидрофобты кезінде сурфактанттың қызметтері:

        • Альвеола қуыстарын жабыстырмайды (CO2 шыққаннан кейін)

        • Бактерицидтік қасиетке ие, антиденелер мен лизоцимі бар секрет бөледі.

        • Альвеолярлы макрофагтардың қызметін реттеп, иммунді қорғаныс қызмет атқарады.

        • Өкпені зақымдалудан сақтайды т.б (ісік жасушаларынан, ісінуден) Сурфактант үнемі жаңаланып отырады. Өкпедесурфактант-

    антисурфактант жүйесі қызмет атқарады. Антисурфактанттық қызмет атқарып, ескірген сурфактантты ферменттер синтездеп бұзып отыратын бронхтар мен бронхиолалардың қабырғасындағы клара жасушалары мен өкпе макрофагтары. II-реттік альвеолоциттер митоз жолымен көбейіп, өкпенің регенерациясына қатысады.

        • III-түрі жиекті жасушалары хеморецепторлық қызмет атқарады. Жиекті жасушаларының цитоплазмасындағы секреторлы гранулаларында кальцитонин бомбезин,серотанин т,б болады.

    Васкуляризациясы. Өкпедегі қан айналу жүйесі əр түрлі тамырлар арқылы жүзеге асады. Венозды қанды өкпе артериясынан, яғни қан айналымының кіші шеңберінен алады. Өкпе артерияларының тармақтары бронхтардың тармақтарымен қоса жүріп отырады. Ең соңғы бөліктері
    капилляр торына айналады. Бұлардың диаметрлері 5-7 мкм, қабырғасы бір қатарлы эндотелиоциттермен тысталған. Альвеолалар құрамындағы капиллярлары посткапиллярлық венулаларға жиналып, өкпедегі вена тамырлар жүйесін қалыптастырады.

    Өкпенің лимфатикалық жүйесі лимфа тамырлары мен лимфа тамырлардың төменгі жəне жоғарғы торларын құрайды. Жоғарғы тор висцеральді плевраға байланысады. Төменгі тор өкпе бөліктерінің ішінде бөлік аралық перделерде орналасып, қан тамырлары мен өкпе бронхыларының айналасын қоршайды. Бронхыларда лимфа тамырлары екі түрлі өрім құрайды. Олардың біріншісі-кілегейлі қабықта, ал екіншісі кілегей асты негізінде орналасады.

    Иннервациясы. Өкпе иннервациясы симпатикалық жəне парасимпатикалық, сондай-ақ, жұлын-ми нервтері арқылы жүзеге асады. Симпатикалық нервтер- бронхтардың кеңеюі мен қан тамырларының тарылуын тудыратын импульстерді, ал парасимпатикалық нервтер, бұған керісінше əсер етеді. Өкпе плеврасында екі нерв өрімі бар. Олардың біреуі мезотелидің астында болса, ал екіншісі плевраның терең қабаттарындағы күрделі нерв орамдары болып саналады.

    Жасқа байланысты ерекшеліктері. Постнатальдік кезеңде (нəресте туылғаннан кейін) жаңа туған баланың кіндігін байлағаннан кейін өкпесіндегі газ алмасу немесе тыныс алу жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырайды. Балалық шақта өкпенің тыныс алу беті біртіндеп (спорт, дене еңбегіне байланысты) белсенді түрде ұлғаяды. Осыған байланысты жасөспірімдердің өкпесіндегі альвеолаларының жалпы саны ересектерге қарағанда шамамен 10 есе көбейіп кетеді. Ал 50-60 жастан кейін өкпенің дəнекер тінді стромасына тұздардың шөгуі орын алады. Мұның барлығы өкпе қозғалысының шектелуіне жəне газ алмасу қызметінің əлсіреуіне əкеліп соғады.

    Регенерациясы. Тыныс алу мүшелерінің физиологиялык регенерациясы тек қана кілегейлі қабағында байқалады. Өкпе бөліктерін сылып алып тастағаннан кейін,қайтадан қалпына келуі іс жүзінде болмайды. Тəжірбиеде пульминоэктомиядан соң қалған өкпеге компенсаторлык гипертрофия жүзеге асып, альвеолалардың көлемі 3-4 есе ұлғаяды да, альвеола перделері арасындағы бөліктері көбейеді. Бір мезгілде қөректендіру жəне тыныс алуды қамтамасыз ететін кіші айналымдағы қан тамырлары мен лимфа тамырлары кеңейеді.



    Өкпедегі ауа жолдары мен респираторлы бөлігінің құрылысы. 1-ірі бронх;2-орташа бронх;3-майда бронх;4-терминальді бронхиола;5-респираторлы бронхиола;6-альвеола жолы;7-альвеолалар;8-кірпікшелі эпителий;9-кілегейлі қабықтың ет пластинкасы;10-бездер;11-фиброзды шеміршекті қабығы;12- адвентициальді қабық;13-макрофаг;14-I-типтегі альвеолоциттің цитоплазмасы;15- базальді мембрана;16-эндотелиоциттің базальді мембранасы;17-эндотелиоцит;18- өкпедегі сүзгі (барьер);19-I-типтегі альвеолоциттің ядросы;20-қан тамырлар қабырғасындағы эндотелиоциттің ядросы;21-фибробласт;22-II-типтегі альвеолоциттің ядросы;23-эритроцит;24-коллаген жəне эластин талшықтары.



    Адам өкпесі.


    Бояуы: гематоксилин-эозин.

    1-оташа бронх: а-бронхтың кілегейлі қабығы;б-кілегей асты негізі ондағы бронхиальді бездер мен қан тамырлары;в-талшықты шеміршекті қабаттың шеміршекті пластинкалары;2-ұсақ бронх;3-терминальді бронхиола;4-тыныс алу бронхиоласы;5-альвеол жолы;6-альвеол қапшықтары;7-альвеола;8-қан тамырлары (И.В Алмазов., А.С Сутулов).

    МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ


    написать администратору сайта