Главная страница

Тест МБ (копия). Одновариантное задание 1 Жамбасты сырты лшемін анытау шін акушер йел адамнан бір ырына жатуын тінді стінгі аяын созып, ал астыны аяын тізе буынынан бгіп жатуын тінді. Акушер жамбасты андай лшемін анытайды Верный ответ 1


Скачать 135.76 Kb.
НазваниеОдновариантное задание 1 Жамбасты сырты лшемін анытау шін акушер йел адамнан бір ырына жатуын тінді стінгі аяын созып, ал астыны аяын тізе буынынан бгіп жатуын тінді. Акушер жамбасты андай лшемін анытайды Верный ответ 1
Дата09.09.2021
Размер135.76 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТест МБ (копия).docx
ТипДокументы
#230756
страница9 из 14
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Г. Кубті цилиндрлі

Д. Екі қабатты цилиндрлі

12. Жатырдың жұмыр байламы жатырды иеді:

А. Артқа қарай

Б. +Алдыға қарай

В. Солға қарай

Г. Оңға қарай

Д. Төмен қарай

13. Аналық без бен жатыр түтікшесінің арасындағы жалпақ байламның бөлігі аталады:

А. Жұмыр байлам

Б. Оймыш-жамбас байламы

В. Кардинальді байлам

Г. +Мезосальпинкс

Д. Аналық бездің өзіндік байламы

14. Менструалдық циклдың 1-ші фазасында аналық безден басымырақ бөлінеді:

А. Прогестерон

Б. +Эстроген

В. Тестостерон

Г. Андростендинон

Д. Андроген

15. Менструалдық циклдың 2-ші фазасында аналық безден басымырақ бөлінеді:

А. +Прогестерон

Б. Эстроген

В. Тестостерон

Г. Андростендинон

Д. Андроген

16. Аналық бездік циклдың лютеинді фазасына эндометрийдің қай фазасы сәйкес келеді:

А. Десквамация

Б. Регенерация

В. Пролиферация

Г. +Секреция

Д. Децидуализация

17. Аналық бездік циклдың фолликулярлы фазасына эндометрийдің қай фазасы сәйкес келеді:

А. Десквамация

Б. Регенерация

В. +Пролиферация

Г. Секреция

Д. Децидуализация

18. Қалыпты жағдайдағы менструалдық қанның орташа көлемі:

А. 10-25 мл

Б. +30-50 мл

В. 70-90 мл

Г. 110-140 мл

Д. 150-200 мл

19. Неғұрлым жоғары контрацепциялық сенімділікке ие:

А. Биологиялық әдістер

Б. Тосқауылдық әдістер

В. +Гормондық контрацепция

Г. Жыныстық қатынасты үзу

Д. Күнтізбелік әдістер

20. Неғұрлым төменгі контрацепциялық сенімділікке ие:

А. Хирургиялық стерилизация

Б. Тосқауылдық әдістер

В. Гормондық контрацепция

Г. +Спермицидтер

Д. Жатырішілік контрацепция

21. Қандай әдіс жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардан қорғану мен контрацепциялық әсерді үйлестіреді:

А. Биологиялық әдістер

Б. +Мүшеқап

В. Гормондық контрацепция

Г. Жыныстық қатынасты үзу

Д. Жатырішілік контрацепция

22. Лактация кезінде әйелге контрацепцияның қай түрі қарсы көрсеткіш болады:

А. Жатырішілік контрацепция

Б. Тосқауылдық әдістер

В. Таза прогестинді контрацепция

Г. +Ауыз арқылы қабылданатын қосарланған контрацепция

Д. Лактационды аменорея

23. Жатыр мойнының патологиялары бар әйелдерге контрацепцияның қай түрі қарсы көрсеткіш болады:

А. Биологиялық әдістер

Б. +Жатырішілік контрацепция

В. Тосқауылдық әдістер

Г. Гормондық контрацепциялар

Д. Жыныстық қатынысты үзу

24. Эректилді дисфункция кезінде контрапцецияның қай түрі қолданылмайды:

А. Биологиялық әдіс

Б. Жатырішілік контрацепция

В. Тосқауылдық әдістер

Г. Гормональді контрацепциялар

Д. +Жыныстық қатынысты үзу

25. Менструалдық циклы ретсіз әйелдерге контрацепция әдістерінің қай түрі қарсы көрсеткіш болады:

А. +Биологиялық әдіс

Б. Жатырішілік контрацепция

В. Тосқауылдық әдістер

Г. Гормондық контрацепциялар

Д. Жыныстық қатынысты үзу

26. Нәрестенің антенаталды өлімі - бұл босану әрекеті басталмай тұрып нәрестенің шетінеуі, ол басталады:

А. 12 аптадан

Б. 16 аптадан

В. +22 аптадан

Г. 28 аптадан

Д. 32 аптадан

27. Қазақстан Республикасында жүктілер, босанушылар және босанғандарға көмек көрсетуге арналған мекемелердің қанша деңгейі бар:

А. 1

Б. 2

В. +3

Г. 4

Д. 5

28. Қосарланған ауыз арқылы қабылданатын контрацепцияның әсер ету механизмі:

А. +ЛГ және ФСГ рилизинг-факторларының бөлінуін тежеу арқылы овуляцияны тоқтату

Б. Эндометрий мен эндоцервикстегі биохимиялық және биофизикалық процестерді тежеу

В. Цервикалді шырыштың қоюлануы, сперматозоидтар қозғалысының тежелуі

Г. Жатыр мен жатыр түтікшелері перистальтикасының жоғарылауы

Д. Қынап қышқылдығының жоғарылауы, эндометрийдегі атрофиялық өзгерістер

29. Эндометрийде секреторлық өзгерістер шақыратын гормон түрін көрсетіңіз:

А. Эстрадиол

Б. Эстриол

В. Эстрон

Г. +Прогестерон

Д. Тестостерон

30. Эндометрийде пролиферативті өзгерістер шақыратын гормон түрін көрсетіңіз:

А. +Эстрадиол

Б. Эстриол

В. Эстрон

Г. Прогестерон

Д. Тестостерон

31. 20 жастағы К. есімді әйел контацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмысқа шықпаған, жыныстық қатынасты 16 жастан бастаған, айына ретсіз 1-2 рет кездейсоқ жыныстық жұппен болады, жүкті болмаған. Контрацепцияның қай әдісін ұсынасыз:

А. Шүғұл контрацепция

Б. +Мүшеқап

В. Тосқауылдық әдіс + ҚАК

Г. Төменгі мөлшерлі ҚАК

Д. Жатырішілік контрацепция

32. Қыз бала К., 16 жаста, контацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынасты 15 жастан бастаған, айына ретсіз 1-2 рет кездейсоқ жыныстық жұппен болады, жүкті болмаған.

Контрацепцияның қай әдісін ұсынасыз:

А. Шүғұл контрацепция

Б. Мүшеқап

В. +Мүшеқап + ҚАК

Г. Төменгі мөлшерлі ҚАК

Д. Жатырішілік контрацепция

33. 25 жастағы 2 баласы бар тұрмыстағы әйелге контрацепцияның қай түрін қолданғаны жөн:

А. ҚАК

Б. Ерікті хирургиялық стерилизация

В. +Жатырішілік контрацепция

Г. Тосқауылдық әдіс

Д. Шұғыл контрацепция

34. 32 жастағы Г. есімді әйел контацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынасты 25 жастан бастаған, айына ретсіз 1-2 рет кездейсоқ жыныстық жұппен болады, жүктілік болмаған.

Контрацепцидің қай әдісін ұсынасыз:

А. Шұғыл контрацепция

Б. +Мүшеқап

В. Тосқауылдық әдіс + ҚАК

Г. Төмен мөлшерлі ҚАК

Д. Жатырішілік контрацепция

35. 38 жастағы К. есімді әйел контрацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрған, жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған, 1 жүктілік болған, 1- мерзімімен босану болған. Қант диабеті қантамырлық асқынумен диспансерлік тіркеуде тұрады.

Контрацепцияның қай түрін қолданғаны тиімді:

А. Шұғыл контрацепция

Б. Мүшеқап

В. Тосқауылдық әдісі + ҚАК

Г. Төмен мөлшерлі ҚАК

Д. +Жатырішілік контрацепция

36. 35 жастағы К. есімді әйел контацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрған, жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған, 3 жүктілік болған, 3- мерзімімен босану болған. Аяқ көктамырының кеңеюі бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады.

Контрацепцияның қай түрін қолданбағаны тиімді:

А. Ерікті хирургиялық стерилизация

Б. Тосқауылдық әдіс

В. +ҚАК

Г. Таза прогистинді контрацепциялар

Д. Жатырішілік контрацепция

37. ҚР перинаталды көмек көрсетуді аймақтандыруына сәйкес алғаш босанушы, 37 жаста, ауылдық жерде тұрады, босануға көмектесетін мекеменің қайсысына жатқызылуы тиіс:

А. Ауылдық амбулаторияға

Б. Орталық аудандық ауруханаға

В. +Облыстық перинаталды орталыққа

Г. Қалалық перзентханаға

Д. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталықтарына

38. Ана өлiмiнiң көрсеткiшi тірі туылған балалармен қанша босану саны бойынша есептеледi:

А. 10

Б. 100

В. 1000

Г. 10000

Д. +100000

39. Аналық өлім коэффициент мына қатынасты көрсетеді:

А. +Қаза болған жүкті, босанушы және босанғандар санының тірі туылған 100 000 жаңа туылған балалар санына

Б. Қаза болған жүкті, босанушы және босанғандар санының тірі және өлі туылған 100 000 жаңа туылған балалар санына

В. Қаза болған жүкті және босанушылар санының тірі туылған 10 000 жаңа туылған балалар санына

Г. Қаза болған босанушы және босанғандар санының тірі және өлі туылған 1000 жаңа туылған балалар санына

Д. Жүкті, босанушы және босанғандар санының 100  тірі туылған жаңа туылған балалар санына

40. 25 жастағы К есімді әйел контрацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған, жүктілігі-1, 1- мерзімімен босанған, никотинге тәуелді (тәулігіне 10-15шылым).

Контрцепцияның қай түрін ұсынасыз.

А. Жатырішілік серіппе

Б. +ҚАК

В. Тосқауылды әдіс

Г. Жыныстық қатынасты үзу

Д. Ерікті хирургиялық стерилизация

41. Перинаталды көмекті аймақтандыруға сәйкес 1-ші деңгейлік босандыруға көмектесетін мекемеге жатады:

А. Перинаталдық орталық

Б. Қалалық перзентхана

В. +Аудандық орталық аурухана

Г. Ауылдық дәрігерлік амбулатория

Д. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы

42. Перинаталды көмекті аймақтандыруға сәйкес 2-ші деңгейлік босандыруға көмектесетін мекемеге жатады:

А. Перинаталдық орталық

Б. +Қалалық перзентхана

В. Аудандық орталық аурухана

Г. Ауылдық дәрігерлік амбулатория

Д Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы.

43. Перинаталды көмекті аймақтандыруға сәйкес 3-ші деңгейлік босандыруға көмектесетін мекемеге жатады:

А. +Перинаталдық орталық

Б. Қалалық перзентхана

В. Аудандық орталық аурухана

Г. Ауылдық дәрігерлік амбулатория

Д. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы

44. Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлiгiнің Ұлттық хаттамасына сәйкес, жүктiлiктің физилогиялық ағымында жүкті әйел әйелдер кеңесіне қанша рет баруы тиіс:

А. 3-4 рет

Б. +5-6 рет

В. 7-8 рет

Г. 9-10 рет

Д. 11-12 рет

45. Босануға фетоплацентарлы жүйенің дайындығының негізгі белгілері болып табылады:

А. +Ананың бүйрекүсті безінен кортизол секрециясының көбеюі

Б. Нәрестеде тиреотропты гормон секрециясының көбеюі

В. Прогестерон секрециясының азаюы

Г. Гистамин секрециясының көбеюі

Д.Ананың бүйрекүсті безінен кортизол секрециясының азаюы

46. Физиологиялық жүктілікте жүкті әйелдің асқорыту жүйесінде байқалады:

А. Асқазанның секреторлық функциясының төмендеуі

Б. +Бауырдың секреторлық функциясының жоғарылауы

В. Сілекей секрециясының төмендеуі

Г. Асқазанның секреторлық функциясының жоғарылауы

Д. Бауырдың секреторлық функциясының төмендеуі

47. Созылмалы артериалды гипертензиясы бар жүктілерде жиі кездесетін асқынулар болып табылады:

А. Өзіндік түсік

Б. Мерзімінен бұрын босану

В. Мерзімінен асқан жүктілік

Г. +Преэклампсия

Д. Көпсулық

48. Ұрық дамуындағы бірінші қауіпті кезең болып табылады:

А. +Имплантация алды және имплантация сатысы

Б. Ұрықтану

В. Жүйелер мен мүшелер бастамасының дамуы, плацентаның қалыптасуы

Г. Плацентация

Д. Ұрықтанған аналық жүмыртқа жасушасының тасымалы

49. Ұрық дамуындағы екінші қауіпті кезең болып табылады:

А. Имплантация алды сатысы

Б. Имплантация

В. Ұрықтану

Г. +Жүйелер мен мүшелер түйінінің дамуы, плацентаның қалыптасуы

Д. Плацентация

50. Жүкті әйел А., 23 жаста, қант диабетінің жеңіл дәрежесімен жүктіліктің 10 аптасында әйелдер кеңесіне келді.

Сіздің тактикаңыз:

А. Жүктілікті физиологиялық ағымдағыдай амбулаторлы түрде жүргізу

Б. Жүктілікті эндокринологтың консультациясын ала отырып, амбулаторлы түрде жүргізу

В. Ары қарай тексеру үшін гинекологиялық бөлімшеге жатқызу

Г. +Жүктілікті жалғастыру сұрақтарын шешу үшін эндокринологиялық бөлімшеге жатқызу

Д. Жүктілікті жалғастыру сұрақтарын шешу үшін гинекологиялық бөлімшеге жатқызу

51. 32 жастағы жүкті әйел жүктіліктің 8-9 аптасында әйелдер кеңесіне келді. Анамнезінен 2 рет мерзімімен босанған, нәрестелердің салмағы 4000,0 және 3500,0 гр. Экстрагениталді ауруы жоқ. Тексеру барысында аш қарындағы қант көлемі 6,6 ммольді құраған. Зәрінің тәуліктік мөлшерінде глюкозурия+.

Сіздің диагнозыңыз:

А. Жүктіліктің 8-9 аптасы, глюкозаға тұрақтылығы бұзылған

Б. +Жүктіліктің 8-9 аптасы, жүктілікке байланысты диабет

В. Жүктіліктің 8-9 аптасы, 1 дәрежелі диабет

Г. Жүктіліктің 8-9 аптасы, 2 дәрежелі диабет

Д. Жүктіліктің 8-9 аптасы, қант диабетінің даму қаупі бар

52. Диффузды-токсикалық зобқа тән:

А. Терінің құрғауы

Б. Микседема

В. +Экзофтальм

Г. Энофтальм

Д. Психикалық өзгерістер

53. Жүктіліктің қай кезеңінде айналымдағы қанның көлемі көбейе бастайды:

А. +6-8 аптада

Б. 9-11 аптада

В. 12-14 аптада

Г. 15-17 аптада

Д. 18-20 аптада

54. Жүктіліктің қай аптасында айналымдағы қанның көлемі максималді көбейеді:

А. 5-12 аптада

Б. 13-20 аптада 

В. 21-28 аптада

Г. +29-36 аптада

Д. 37-41 аптада

55. Жүктіліктің соңында қан плазмасының көлемі жоғарылайды:

А. 9-21%-ға

Б. 22-34%-ға

В. +35-47%-ға

Г. 48-60%-ға

Д. 61-73%-ға

56. Физиологиялық жүктілікте эритроциттер көлемі жоғарлайды:

А. 10-17%-ға

Б. +18-25%-ға

В. 26-33%-ға

Г. 34-41%-ға

Д. 42-49%-ға

57. Темір препараттарына қажеттілік жүктіліктің мына мерзімінде жоғарылайды:

А. 6-10 аптада

Б. 11-15 аптада

В. +16-20 аптада

Г. 21-24 аптада

Д. 25-29 аптада

58. Жүктілік кезінде асқазан ішек жолдары перистальтикасының төмендеуі мына гормон деңгейінің жоғарлауымен байланысты:

А. Адамның хорионалды гонадотропинінің

Б. +Прогестеронның

В. Эстрогеннің

Г. Андростендионның

Д. Тиреотропин-рилизинг факторының

59. Жүре пайда болған жүрек ақауының қай түрі жүктілікке қолайлы:

А. +Гемодинамиканың бұзылуынсыз болатын митралды жетіспеушілік

Б. Гемодинамиканың бұзылуымен болатын митралды қақпақшаның стенозы

В. Гемодинамиканың бұзылуынсыз болатын қолқа ақауы

Г. Жыпылықтаушы аритмиясы бар қолқа ақауы

Д. Декомпенсирленген жүрек ақауы

60. Жүкті әйел Ж., 24 жаста, жүктіліктің 22-23 аптасында дене температурасының 37,70 С –қа жоғарылауына, іштің төменгі бөлігі мен бел аймағындағы зәр шығару кезіндегі ауру сезіміне, шағымданып келді. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру әдістері жүргізілуі тиіс:

А. Үрпіден алынған жағындыны бактериоскопиялық зерттеу

Б. Жалпы қан және биохимиялық анализін зерттеу

В. Жатыр мойнының шырышын бактериологиялық зерттеу

Г. +Зәрді бактериологиялық зерттеу

Д. Қынап сұйықтығын бактериоскопиялық зерттеу

61. Созылмалы гломерулонефриті бар жүкті әйелдерде жиі болатын асқынуларды көрсетіңіз:

А. +Преэклампсия

Б. Жедел бүйрек жетіспеушілігі

В. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

Д. Мерзімінен бұрын босану

Г. Плацентаның жатуы

62. Зәр шығару жүйесінің қандай патологиясында жүктілікті жалғастру қарсы көрсеткіш болады:

А. Гломерулонефриттің нефротоксикалық түрі

Б. Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы

В. +Гломерулонефриттің аралас түрі

Г. Зәр тас ауруы, бүйректік шаншу

Д. Латентті гломерулонефрит

63. Өкпе туберкулезінің ашық түрі бар жүкті әйелдер босануы керек:

А. Туберкулез диспансерінің арнайы боксында

Б. +Перзентхананың арнайы боксында

В. Инфекциялық аурухананың арнайы боксында

Г. Перзентхананың обсервациялық бөлімінде

Д. Көпсалалы стационардың арнайы боксында

64. Дизентерияның жедел түрі бар жүкті әйелдер босануы керек:

А. Арнайы акушерлік стационарда

Б. +Перзентхананың арнайы боксында

В. Инфекциялық аурухананың арнайы боксында

Г. Перзентхананың обсервациялық бөлімінде

Д. Көпсалалы стационардың арнайы боксында

65. Жүкті әйелде ревматикалық үрдістің өршуі жиі мына мерзімде болады:

А. 8-12 аптада

Б. 13-17 аптада

В. 18-22 аптада

Г. 23-27 аптада

Д. +28-32 аптада

66. Жүректің туа біткен ақауының қай түрі жүктілік үшін қолайлы болады:

А. Фалло тетрадасы

Б. Эйзенменгер кешені

В. Қолқа каорктациясы

Г. +Жүрекшеаралық перденің ақауы

Д. Қарыншааралық перденің ақауы

67. Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар жүктілерде өкпе ісінуі жиі дамиды:

А. Жүктіліктің І-ші жартысында

Б. Жүктіліктің ІІ-ші жартысында

В. Босанудың 1-ші және/немесе 3-ші кезеңінде

Г. +Босанудың 2-ші кезеңі және /немесе босанғаннан кейінгі ерте кезеңде

Д. Босанудың 3-ші кезеңінде және/немесе босанғаннан кейінгі кеш кезеңде

68. Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде мынаның синтезінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады:

А. +Тромбоксан

Б. Простагландин Е

В. Окситоцин

Г. Пролактин

Д. Простациклин

69. Жүкті әйел О., 32 жаста, мынадай диагноз қойылды: Жүктіліктің 34 аптасы. Эклампсия. Қарқынды терапия бөлімшесінде тырысуға қарсы және гипотензивті ем жүргізілгеннен кейін, 6 сағаттан соң тырысу ұстамасы қайталанды. Жағдайы тұрақталғаннан соң қынаптық тексерілу жүргізілді: жатыр мойны «жетілмеген».
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


написать администратору сайта