Главная страница
Навигация по странице:

  • *Дегенеративті және миелинсізденген ауралар *4*19*1*

  • О?ытылатын курсы_ 5 курс Маманды?ы_ жалпы медицина О?ытылатын ті. Оытылатын курсы 5 курс Мамандыы жалпы медицина Оытылатын тілі орысша Кафедрамодулы психиатрия, наркология жне неврология


    Скачать 427.84 Kb.
    НазваниеОытылатын курсы 5 курс Мамандыы жалпы медицина Оытылатын тілі орысша Кафедрамодулы психиатрия, наркология жне неврология
    Дата13.12.2021
    Размер427.84 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаО?ытылатын курсы_ 5 курс Маманды?ы_ жалпы медицина О?ытылатын ті.docx
    ТипДокументы
    #301602
    страница24 из 24
    1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

    *Дегенеративті және миелинсізденген аураулар*3*50*1*
    #1962

    *!35 жасар әйел бас айналу, жүрісінің өзгеруіне шағымданады. Объективті: нистагм, буын-буындап сөйлеу, интенционды тремор анықталды.

    Науқаста шашыранды склероздың қандай түрі?
    *ми бағаны

    *+мишықтық

    *жұлындық

    *оптикалық

    *цереброспиналды
    #1963

    *!40 жасар әйелдің көруі төмендеген, диплопия, шаршағыштық, бас айналу, бас ауру, ұйқының бұзылысы анықталды.Объективті: құрсақ рефлекстері шақырылмайды, вестибулярлы бұзылыстар. Көз түбінде: көру нервінің самай бөлігі бозарған.

    Науқас айелде шашыранды склероздың қандай түрі?
    *мишықтық

    *+оптикалық

    *жұлындық

    *цереброспиналдық

    *ми бағандық
    #1964

    *!Шашыранды склерозға тән клиникалық диссоциация:
    *+жеңіл дәрежедегі парез бен айқын патологиялық рефлекстер

    *табан клонусы, бұлшық ет спазмы

    *нистагм, құрсақ рефлекстерінің жоғарылауы

    *орталық салдану мен сезімталдықтың бұзылмауы

    *орталық салдану, гиперкинез
    #1965

    *!Шашыранды склерозбен ауыратын 35 жасар әйел басын алдыға игенде омыртқа бойымен және қолдарында «электр тогы соққандай» ауру сезіміне шағымданды. Объективті: қол мен аяғының әлсіздігі, зәр жүрудің орталық типтеші бұзылысы. Науқаста демиелинизация ошағы қайда орналасқан:
    *ми қыртысы

    *мишық

    *+жұлын

    *көпір мишық бұрышы

    *ми бағаны
    #1966

    *!40 жасар әйел адамда гомонимді гемианопсия, төменгі спастикалық параплегия, Марбург пентадасы, жамбас мүшелерінің орталық типтегі бұзылысы анықталды. Ауру өршу және ремиссия ағымымен жүреді. АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз.
    *жұлынның қан айналысының жедел бұзылуы

    *+шашыранды склероз

    *жанұялық спастикалық параплегия

    *жедел шашыранды энцефаломиелит

    *бүйірлік амиотрофиялық склероз
    #1967

    *!5 жасар балада ЖРВИ ауырғаннан кейін жалпы милық және менингеалды синдром дамыды. Объективті: спастикалық парапарез, жамбас мүшелерінің орталық типтегі бұзылысы, атаксия анықталды. КТ мен МРТ-да мидың жарты шарының ақ затында, мишық пен көпірде мультифокальды өзгерістер анықталды. АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз қойыңыз:
    *шашыранды склероз

    *полиомиелит

    *энтеровирусты менингит

    *менингококты менингит

    *+жедел шашыранды энцефаломиелит
    #1968

    *!30 жасар науқас жүрісінің тұрақсыздығына шағымданды. Неврологиялық статуста: көлденең нистагм, атаксия, Ромберг сынағында тұрақсыздық, құрсақ рефлекстерінің болмауы, интенционды діріл, тізе рефлекстерінің жоғарылауы, табан клонусы анықталды.

    АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз?
    *менингит

    *полиневрит

    *Паркинсон ауруы

    *+шашыранды склероз

    *бас миының өспесі
    #1969

    *!48 жасар науқаста дисфагия, назолалия, дизартрия, гипофония дамыды. Кейіннен пирамидалық жетіспеушілік, амиотрофия, фасцикулярлы дірілдер пайда болды. Бүйірлік амиотрофиялық склероздың қандай түрі дамыды?
    *мойын-кеуде

    *+бульбарлық

    *бел-сегізкөз

    *мойын

    *кеуде
    #1970

    *!43 жасар ер адамда ақырындап төменгі босаң парапарез, фасцикулярлы тартулар пайда болды.

    ЭНМГ – денервационды үрдіс.

    Бүйірлік амиотрофиялық склероздың қай түрі ең тән?
    *бульбарлы

    *мойын-кеуделік

    *+бел-сегізкөз

    *диффузды

    *кеуделік
    #1971

    *!40 жасар ер адам 3 жыл бұрын пайда болған қолдарының бұлшық еттеріндегі тартылуларға шағымданады. 2 жыл бұрын қолдары арықтаған, әлсіреген, сөйлеуі бұзылған. Объективті: дизартрия, назолалия, тіл бұлшық еттерінің фасцикуляциясы, жұтқыншақ рефлексі төмендеген, қол бұлшық еттерінің атониясы, атрофиясы. Иық белдеуі және қолдар бұлшық еттерінің фасцикулярлы тартылулары байқалады. Сезімталдық сақталған.

    АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз?
    *миелит

    *полиомиелит

    *полинейропатия

    *+бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *жұлын қанайналымының бұзылысы
    #1972

    *!40 жасар бүйірлік амиотрофиялық склерозбен ауыратын ер адамда стационарда дәрігері қол бұлшық еттеріндегі атрофияны, атонияны, иық белдеуі және қол бұлшық еттеріндегі фасцикулярлы тартуларды, аяқтарында тонустың және рефлекстердің жоғарылауын, екі жақты Бабинский симптомының оң екендігін анықтады.

    Патологиялық ошақтың ең мүмкін орналасуы?
    *сегізкөз бөлігінде

    *кеуде бөлігінде

    *бел бөлігінде

    *жоғары мойын бөлігінде

    *+мойын буылтығы деңгейінде
    #1973

    *!52 жасар ер адам учаскелік дәрігерге аяқтарындағы ақырындап дамыған әлсіздікке шағымданып келді. Объективті: аяқтарында атония, атрофия, фасцикуляциялар анықталады. Сезімталдық сақталған.

    Амиотрофиялық склероздың қай түрі ең тән?
    *мойын

    *жоғары

    *бағандық

    *бульбарлы

    *+бел-сегізкөз
    #1974

    *!45 жасар ер адам қолдарының арықтағанына, бұлшық еттерінің тартуларына шағымданды, біртіндеп қолдарында әлсіздік пайда болған, түймелерін салу, жазу қиындаған, сөйлеуі және шайнауы бұзылған. Объективті: бульбарлы синдром, жоғары босаң парапарез және төменгі спастикалық парапарез. Сезімталдық сақталған. Кіші жамбас ағзаларының қызметі бұзылмаған.

    АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз?
    *сирингомиелия

    *шашыранды склероз

    *+бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *Гийен -Барре полирадикулоневриті

    *жұлын қанайналым бұзылысы
    #1975

    *!30 жасар ер адам, оң қолындағы жансыздану және әлсіздікке шағымданады. Объективті: омыртқаның кеуде бөлімінің сколиозы, оң қолда күші төмендеген, қолдарының дистальды бөлімі бұлшық еттерінің гипотониясы, гипотрофиясы. Оң қолында ауру сезімдік және температуралық сезімталдық төмендеген. Бұлшық ет – буындық сезім сақталған. Оң қол басы көкшіл, гипергидроз, терісінің гиперкератозы анықталады.

    АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз?
    *полиомиелит

    *+сирингомиелия

    *полинейропатия

    *бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *жұлын қанайналым бұзылысы
    #1976

    *!46 жасар ер адам, неврологиялық статусында оң жақ С3-тен С8-ге дейін температура мен ауру сезімі төмендеген. Терең сезімталдық сақталған. Рефлекстер және тонус сақталған.

    Жұлынның қай құрылымында патологиялық ошақ орналасқан?
    *алдыңғы мүйізінде

    *бүйір мүйіздерінде

    *+артқы мүйіздерінде

    *бүйір бағандарында

    *артқы бағандарында
    #1977

    *!23 жастағы науқаста басы мен қолында діріл, дизартрия пайда болды. Көздің нұрлы қабағында сарғыш-қоңыр Кайзер-Флейшер сақинасы анықталды. АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз қойыңыз:
    *Гентингтон хореясы

    *Пьер-Мари атаксиясы

    *+Вильсон-Коновалов ауруы

    *Паркинсон ауруы

    *Фридрейх атаксиясы
    #1978

    *!50 жасар ер адам сол қолының жансыздануына, кеудесінің сол аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: қолдарының дистальды бөлім бұлшық еттерінің гипотрофиясы, гипотониясы, оң жақта С3-тен С7-ге дейін беткей сезімталдықтың төмендеуі анықталады. Аяқтарында рефлекстер сақталған. Зәр шығару бұзылыстары жоқ.

    Сирингомиелияның қай түрі?
    *+цервикальды

    *цервикоторакальды

    *цервикобульбарлы

    *люмбосакральды

    *мультифокальды
    #1979

    *!Миастенияның көздік түріне тән белгі:
    *лагофтальм

    *+диплопия

    *қарашық реакциясының бұзылуы

    *Белл симптомы

    *Арджил-Робертсон
    #1980

    *!15 жастағы қыз аяқтарын алшақ басып жүреді, буын-буындап сөйлейді, дисметрия, бұлшық ет тонусы төмен, кифосколиоз, табаны деформацияланған. Электрокардиограммада жүрекше-қарыншалық өткізгіштік бұзылыған. Диагноз қойыңыз:
    *Пьер-Мари ауруы

    *нейросифилис

    *+Фридрейх ауруы

    *шашыранды склероз

    *нейроревматизм
    #1981

    *!Пьер-Мари ауруына тән симптом:
    *сезімталдық бұзылысы

    *тыныштық треморы

    *монотонды, өшіп бара жатқан дыбыс

    *+координация бұзылысы

    *тізе рефлекстерінің төмендеуі
    #1982

    *!Миастенияға тән клиникалық белгілер:
    *ошақтық құрысу ұстамалары

    *гипертонус

    *бұлшық ет спазмы

    *+күннің соңында бұлшық еттің қажуы, гипотония

    *псевдогипертрофия, «үйрек» жүріс
    #1983

    *!Шарко–Мари амиотрофиясында ауру басталады:
    *+аяқтың дистальды бөліктерінің атрофиясынан

    *аяқтың проксимальды бөліктерінің атрофиясынан

    *қолдағы ауру сезімі

    *бет бұлшық еттерінің атрофиясы

    *иық бұлшық еттерінің әлсіздігі
    #1984

    *! Шарко–Мари амиотрофиясы ауруына тән белгі:
    *рефлекстердің жоғарылауы

    *аяқта гипертонус

    *+Фридрейх табаны

    *Бет бұлшық еттерінің атрофиясы

    *интеллектің төмендеуі
    #1985

    *!42 жасар ер адамда 3 жыл бұрын қолдарының бұлшық еттеріндегі тартылулар пайда болды. 2 жыл бұрын қолдары арықтаған, әлсіреген, сөйлеуі бұзылған. Объективті: дизартрия, назолалия, тіл бұлшық еттерінің фасцикуляциясы, жұтқыншақ рефлексі төмендеген, қол бұлшық еттерінің атониясы, атрофиясы. Иық белдеуі және қол бұлшық еттерінің фасцикулярлы тартылулары байқалады. Аяқтарында бұлшық ет тонусы және рефлекстері жоғарылаған. Патологиялық аяқ басы рефлекстері шақырылады.

    АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз?
    *миелит

    *полиомиелит

    *полинейропатия

    *+бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *жұлын қанайналым бұзылысы\
    #1986

    *!40 жасар ер адам, оң қолындағы жансыздану және әлсіздікке шағымданады. Объективті: омыртқаның кеуде бөлімінің сколиозы, оң қолда күші төмендеген, қолдарының дистальды бөлімі бұлшық еттерінің гипотониясы, гипотрофиясы. Оң қолында ауру сезімдік және температуралық сезімталдық төмендеген. Бұлшық ет – буындық және жанасу сезімі сақталған.

    АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз?
    *полиомиелит

    *+сирингомиелия

    *полинейропатия

    *бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *жұлын қанайналым бұзылысы
    #1987

    *!15 жасар жасөспірімде дизрафиялық статус, синдактилиямен қатар «жартылай күртеше» типі бойынша температура және ауру сезімталдығының жойылуы анықталды, біртіндеп гипофония, назолалия, дизартрия, дисфагия пайда болды.

    Ең мүмкін болатын диагноз?
    *полиомиелит

    *көлденең миелит

    *+сирингобульбия

    *бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *жедел шашыранды энцефаломиелит
    #1988

    *!16 жастағы жасөспірімде, анамнезінде бірнеше күйіктер, сезімталдықтың диссоциирленген бұзылыстары, температура мен ауырсыну сезімі жойылған, жанасу сезімі және терең сезімталдық сақталған.

    АНАҒҰРЛЫМ мүмкін болатын диагноз?
    *полиомиелит

    *көлденең миелит

    *+сирингомиелия

    *бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *жедел шашыранды энцефаломиелит
    #1989

    *!25 жасар қыз, анамнезінде бірнеше рет ауыр күйіктер, «күртеше» типті ауру және температуралық сезімталдықтың жойылуы, терең сезімталдық сақталған. МРТ – да жұлында кистозды қуыс анықталған.

    Қандай диагноз АНАҒҰРЛЫМ мүмкін?
    *полиомиелит

    *көлденең миелит

    *+сирингомиелия

    *бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *жедел шашыранды энцефаломиелит
    #1990

    *!45 жасар ер адам, қол бұлшық еттеріндегі фасцикулярлы тартулар, қолдарында біртіндеп ұлғаятын әлсіздікке, бұлшық еттерінің арықтауына шағымданады. Объективті: қолдарында босаң парапарез, аяқтарында – аяқ басы патологиялық рефлекстері оң.

    Ең мүмкін болатын болжам диагноз?
    *полиомиелит

    *көлденең миелит

    *сирингомиелия

    *+бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *жедел шашыранды энцефаломиелит
    #1991

    *!30 жасар ер адамды қарап тексергенде анықталғаны: горизонтальды нистагм, атаксиялық жүріс, Ромберг қалпында тұрақсыздық, құрсақ рефлекстерінің болмауы, интенционды тремор, тізе рефлекстерінің жоғарылауы, аяқ басы клонусы.

    Қандай препараттарды тағайындау қажет?
    *цитостатиктер

    *+глюкокортикоидтар

    *транквилизаторлар

    *антибиотиктер

    *эстрогенді стероидты препараттар
    #1992

    *!Шашыранды склероз диагнозынын дәлелдейтін зерттеу әдісі:
    *бас сүйек рентгенографиясы

    *ангиография

    *мидың компьютерлік томографиясы

    *+мидың контрастпен магнитрезонансты томографиясы

    *миелография
    #1993

    *!25 жасар әйел, қарап тексергенде анықталғаны: горизонтальды нистагм, зәр шығаруға императивті шақырулар, аяқтарында парестезиялар, аяқтарының спастикалық парезі, құрсақ рефлекстерінің болмауы.

    Ең тиімді диагностика әдісі?
    *электроэнцефалография

    *миелография

    *ангиография

    *бас миының КТ

    *+бас миының МРТ контрастпенен
    #1994

    *!30 жасар әйелді тексергенде анықталғаны: горизонтальды нистагм, буын буындап сөйлеу, дизартрия, эйфория, зәр шығаруға императивті шақырулар, аяқтарындағы парестезиялар, аяқтарының спастикалық парезі, құрсақ рефлекстерінің болмауы. Анамнезінен: осындай жағдай бір жыл бұрын жеңіл түрде болған.

    Берілген өршуде қандай ем қолдану мақсатты?
    *антигипертензивті дәрілер

    *вазодилятаторлар

    *+глюкокортикоидты препараттар

    *антиаггреганттар

    *антиоксиданттар
    #1995

    *!29 жасар ер адам, қарап тексергенде: нистагм, ретробульбарлы неврит, аяқтарында парестезиялар, аяқтарының спастикалық парезі, құрсақ рефлекстерінің болмауы анықталды. Емнен кейін барлық симптомдар кері қайтты.

    Ремиссия кезінде ем өткізу керек?
    *альфа-интерферонмен

    *+бета-интерферонмен

    *гормональды препараттармен

    *гипотензивті препараттармен

    *антиагреганттармен
    #1996

    *!25 жасар ер адамда горизонтальды нистагм, ретробульбарлы неврит, буын-буындап сөйлеу, зәр шығаруға императивті шақырулар, аяқтарындағы парестезиялар, аяқтарының спастикалық парезі, құрсақ рефлекстерінің болмауы анықталды.

    Бұлшық еттік спастиканы азайту үшін тағайындалады:
    *аминалон

    *+баклофен

    *пантогам

    *фенибут

    *кавинтон
    #1997

    *!44 жасар әйел, неврологиялық қарап тексергенде: екі жақты амавроз, төменгі спастикалық параплегия, орталық типті зәр бұзылыстары анықталды. Оптикомиелит диагнозы қойылды.

    Бірінші кезекте қандай зерттеу әдісін ұсыну керек?
    *+бас миы және жұлын МРТ

    *электромиография

    *допплерография

    *шақырылған потенциалдар

    *бас сүйек рентгенографиясы
    #1998

    *!34 жасар әйел, неврологиялық қарап тексергенде: екі жақты амавроз, төменгі спастикалық параплегия, орталық типті зәр бұзылыстары.Оптикомиелит диагнозы қойылды.

    Қандай терапияны тағайындау мақсатты?
    *антигипертензивті препараттар

    *диуретиктер

    *+глюкокортикоидты препараттар

    *цитостатиктер

    *коагулянттар
    #1999

    *!18 жасар науқас, вирусты инфекциядан кейін жалпы милық синдром, менингеалды синдром, бульбарлы салдану синдромы, спастикалық парапарез, мишықтық атаксия пайда болды.

    Бірінші кезекте қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет?
    *электроэнцефалография

    *+бас миы МРТ

    *жұлын пункциясы

    *эхоэнцефалография

    *реоэнцефалография
    #2000

    *!17 жасар жасөспірімде вирусты инфекциядан кейін жалпы милық синдром, менингеалды синдром, бульбарлы салдану синдромы, спастикалық парапарез, мишықтық атаксия пайда болды.

    Қандай терапияны қолдану мақсатты?
    *антигипертензивті препараттар

    *диуретиктер

    *+кортикостероидтар

    *вирусқа қарсы

    *коагулянттар
    #2001

    *!32 жасар ер адам, оң қолындағы жансыздану және әлсіздікке шағымданады. Объективті: оң қолда күші төмендеген, қолдарының дистальды бөлімі бұлшық еттерінің гипотониясы, гипотрофиясы. Оң қолында ауру сезімдік және температуралық сезімталдық төмендеген. Бұлшық ет – буындық сезім сақталған. Оң қол басы көкшіл, гипергидроз, терісінің гиперкератозы анықталады.

    Диагностикасында шешуші мағынаға ие?
    *нейросонография

    *реоэнцефалография

    *+жұлын МРТ

    *электроэнцефалография

    *ультрадыбысты доплерография
    #2002

    *!Сирингомиелияға диагноз қою үшін қолданылатын зерттеу әдісі:
    *қанның биохимиялық анализі

    *молекулярлы диагностика әдісі

    *+жұлынның МРТ

    *мидың КТ

    *кариотип анықтау әдісі
    #2003

    *!Сирингомиелияның диагностикасында маңызды клиникалық белгі болып табылады?
    *+сезімталдықтың сегментарлы диссоциирленген бұзылыстары

    *сенситивті атаксия

    *үдемелі бұлшық еттердің атрофиясы

    *төменгі спастикалық парапарез

    *сезімталдықтың өткізгіштік тип бойынша бұзылуы
    #2004

    *!Қандай ауруда жанұялық спастикалық параплегия анықталады?
    *Дюшен ауруы

    *Вердниг-Гоффман жұлындық амиотрофиясы

    *Томсен миотониясы

    *Шарко-Мари невральды амиотрофиясы

    *+Штрюмпель ауруы
    #2005

    *!65 жастағы әйелдің мойны мен иық белдеуінде ауру сезімі, мойын бөлігінің қимылының шектелуі, аяқта ұйып қалғандай, «құмырсқа жыбырлағандай» сезім пайда болды. Ауру біртіндеп үш жыл ішінде дамыды. Объективті: Нери симптомы оң, қол бұлшық еттерінің атрофиясы, шынтақ бүккіш рефлексінің төмендеуі, ал тізе рефлексінің жоғарылауы анықталды. Аяқтарында гипертонус, Бабинский симптомы екі жақтан да оң, сезімталдық С5-С6 деңгейінде төмендеген. Диагноз қою үшін АНАҒҰРЛЫМ ақпаратты зерттеу әдісі:
    *ангиография

    *реоэнцефалография

    *радионуклеидті сцинтиография

    *+жұлын МРТ

    *мойынның КТ
    #2006

    *!13 жастағы науқаста кеуденің төменгі бөлігінің бұлшық еттерінің пароксизмалды айналмалы спазмы пайда болды. Басы бір жағына қарап артқа шалқаяды, қолдары созылып арқасына қарай жібереді, кеудесі вертикальді бойымен аймағында бұрылады, омыртқаның деформациясы анықталады. Болжамалы диагноз қойыңыз?
    *Гентингтон хореясы

    *балалар церебральді сал ауруы, гиперкинетикалық түрі

    *+торсионды дистония

    *Русси-Леви ауруы

    *Бехтерев ауруы
    #2007

    *!40 жасар ер адам, қол бұлшық еттерінің тартылуларын байқаған, біртіндеп қолдарының арықтауы, әлсіздігі және сөйлеуінің бұзылысына шағымданған. Объективті: бульбарлы синдром, қол бұлшық еттерінің атониясы, атрофиясы. Иық белдеуі және қол бұлшық еттерінің фасцикулярлы тартулары анықталады. Аяқтарда бұлшық ет тонусы және рефлекстер жоғарылаған. Патологиялық аяқ басы рефлекстері анықталады. Сезімталдық сақталған. Кіші жамбас ағзаларының қызметі қалыпты.

    Көрстеілген зерттеу әдістерінің ішінде қайсысы диагноз қоюда АНАҒҰРЛЫМ маңызды?
    *+электромиография

    *нейросонография

    *ангиография

    *электроэнцефалография

    *ультрадыбысты доплерография
    #2008

    *!Қандай тұқым қуалайтын ауруда үдемелі деменция дамиды?

    *+Гентингтон хореясы

    *Штрюмпель ауруы

    *Вердниг-Гоффман спинальды бұлшық ет атрофиясы

    *Шарко-Мари ауруы

    *Томсен миотониясы
    #2009

    *!40 жасар ер адам клиникаға дене температурасының 38 С дейін жоғарылауы фонында дамыған аяқ-қолдарындағы әлсіздікке, жансыздануға, зәр бөлінуінің кідіруіне шағымданып түсті. Объективті: рефлекстер және бұлшық ет тонусы аяқ-қолдарында жоғарылаған, Бабинский симптомы екі жақты оң. Сезімталдық С3 деңгейінен төмендеген. Нәжіс және зәр шығуының кідіруі. Қан анализінде: лейкоциттер: 22 х109/л. ЭТЖ – 20 мм сағатына. Ликвор түссіз, мөлдір. Лимфоциттер -20 жасуша 1 мм3 , нейтрофилдер -1 - 1мм3. Глюкоза және белок қалыпты.

    АНАҒҰРЛЫМ қажет зерттеу әдісі?
    *нейросонография

    *реоэнцефалография

    *+мойын бөлімінің МРТ

    *электроэнцефалография

    *ультрадыбыстық доплерография
    #2010

    *!45жастағы науқастың қолында әлсіздік,фасцикулярлы дірілдер, қол бұлшық еттерінің семуі анықталады. Объективті: қолда босаң парапарез, аяқтарында патологиялық табан рефлекстері бар. Берілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізу қажет?
    *электроэнцефалография

    *+электромиография

    *эхоэнцефалография

    *ультрадыбыстық допплерография

    *ангиография
    *Дегенеративті және миелинсізденген ауралар *4*19*1*
    #2011

    *!ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗ ӨРШУІНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ТАҒАЙЫНДАЙДЫ
    *+В-интерферондар

    *+иммуномодуляторлар

    *антибиотиктер

    *спазмолитиктер

    *антикоагулянттар

    *глюкокортикоид
    #2012

    *!ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗДЫ ЕМДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР
    *антибиотиктер

    *+глюкокортикоидтар

    *антиконвульсанттар

    *+В-интерферондар

    *гемостатиктер

    *антикоагулянттар
    #2013

    *!ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗДЫҢ ӨРШУІ КЕЗІНДЕ АУЫР ЖАҒДАЙЛАРДА ҚОЛДАНУ КӨРСЕТІЛГЕН
    *антиконвульсанты

    *+кортикостероидтарды

    *+плазмаферез

    *статиндер

    *эстрогенді стероидты препараттар

    *стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
    #2014

    *!ЖЕДЕЛ ШАШЫРАНДЫ ЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТТІ ЕМДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ
    *+плазмаферез

    *+кортикостероидтар

    *цитостатиктер

    *химиотерапия

    *сәулелі терапия

    *нейролептики
    #2015

    *!ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫНДА ЕҢ ТИІМДІ ӘДІС
    *бас сүйегінің рентгенографиясы

    *ангиография

    * ми КТ

    *+ми контрастпен МРТ-сы

    *+жұлынның контрастпен МРТ-сы

    *электроэнцефалография
    #2016

    *!ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    *жедел ағым

    *+ОЖЖ ақ затының көп ошақты зақымдануы

    *ОЖЖ бір ошақты зақымдануының неврологиялық белгілері

    *+клиникалық диссоциация синдромы

    *менингеальды белгілердің болуы

    *базальды ядролардың зақымдануы
    #2017

    ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗДА КӨРУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ КЕЛЕСІ БЕЛГІЛЕРМЕН КӨРІНЕДІ:
    *көздің торлы қабатының ангиопатиясы

    *+ретробульбарлы неврит

    *көру агнозиясы

    *көру нерві дискінің іркілуі

    *+көру нервінің самай бөлігінің бозаруы

    *көрудің өткінші бұзылыстары

    *көру галлюцинациясы
    #2018

    *!ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗДА ЗАҚЫМДАЛАДЫ
    *+мишық

    *иіс сезу тракті

    *+пирамидтік жол

    *+көру нерві

    *жұлынның алдыңғы мүйізі

    *экстрапирамидті нерв жүйесі
    #2019

    *!ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗДЫҢ НЕГІЗГІ СИМПТОМДАРЫ
    *афазия

    *апраксия

    *сезімталдықтың сегментарлы типтегі бұзылыстары

    *+буын-буынға бөліп сөйлеу

    *+құрсақ рефлекстерінің болмауы

    *эпилепсиялық ұстамалар
    #2020

    *!ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МИЕЛИНСІЗДЕНУ АУРУЛАРЫНА ЖАТАДЫ
    *сирингомиелия

    *миастения

    *+шашыранды склероз

    *бүйірлік амиотрофиялық склероз

    *+жедел шашыранды энцефаломиелит

    *Паркинсон ауруы
    #2021

    *!БҮЙІРЛІК АМИОТРОФИЯЛЫҚ СКЛЕРОЗДЫҢ БУЛЬБАРЛЫҚ ТҮРІНЕ ТӘН СИМПТОМДАР
    *сезімталдықтың бұзылысы

    *+дизартрия, дисфония

    *аяқтардың атрофиясы

    *назолалия, дисфагия

    *қолдың дистальды бөлігінің әлсіздігі

    *амблиопия
    #2022

    *!БҮЙІРЛІК АМИОТРОФИЯЛЫҚ СКЛЕРОЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ
    *оптикалық

    *+мойындық

    *вестибулярлық

    *+бульбарлық

    *+бел-сегізкөздік

    *мишықтық

    *полирадикулоневриттік
    #2023

    *!МИАСТЕНИЯЛЫҚ КРИЗ СИПАТТАЛАДЫ
    *+үдемелі бұлшық ет әлсіздігі

    *+жұтынудың қиындауы

    *тремор

    *+витальды қызметтердің бұзылуы

    *бұлшық ет спазмы

    *эпилептикалық ұстама

    *«төмпешік» симптомы
    #2024

    *! БҮЙІРЛІК АМИОТРОФИЯЛЫҚ СКЛЕРОЗДЫҢ МОЙЫН-КЕУДЕ ТҮРІНІҢ СИМПТОМДАРЫ
    *+қолдың дистальды бөлігінің әлсіздігі

    *сегментарлық типтегі сезімталдық бұзылысы

    *жамбас мүшелерінің қызметінің бұзылуы

    *+қол бұлшық еттерінің атрофиясы

    *+фасцикуляциялар

    *көру нервінің бұзылыстары

    *эпилепсия ұстамалары
    #2025

    *!БҮЙІРЛІК АМИОТРОФИЯЛЫҚ СКЛЕРОЗДЫҢ НЕГІЗГІ СИМПТОМДАРЫ:
    *+фасцикулярлы дірілдер

    *+шеткі парез

    *сезімталдықтың бұзылыстары

    *кіші жамбас мүшелерінің бұзылыстары

    *интенционды тремор

    *вегетативті бұзылыстар

    *+бульбарлы бұзылыстар


    1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


    написать администратору сайта