Главная страница

СРСП. ОСӨЖ. Оытушыны жетекшілігімен студентті зіндік жмысына арналан дістемелік нсаулар. (ОСЖ)


Скачать 447.44 Kb.
НазваниеОытушыны жетекшілігімен студентті зіндік жмысына арналан дістемелік нсаулар. (ОСЖ)
Дата15.06.2021
Размер447.44 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаОСӨЖ.docx
ТипДокументы
#217681
страница2 из 3
1   2   3


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

Есептер (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Қышқыл концентрациясы 0,1 моль/л-ге тең ерітіндідегі глюкон қышқылының иондану дәрежесін (%) есептеңіз.

  • Аммиактың массалық үлесі 10%-ға тең ерітіндідегі аммиактың иондану (диссоциациялану) дәрежесін табыңыз. Ерітіндінің тығыздығы 0,96 г/мл.

  • рН 7,36-ға тең болғанда қан плазмасындағы фосфатты буферлік жүйенің бастапқы компоненттері қандай қатынаста болатынын анықтаңыз. Қан плазмасы үшін рК(Н2РО4-) = 6,80.

  • Норма күйінде асқазан сөлінің құрамында 0,07%-дан 0,15%-ға дейін хлорсутек қышқылы бар. Иондардың активтілік коэффициенті 1-ге тең деп ескеріп, асқазан сөлінің нормадағы өзгеру шектерінің рН мәнін есептеу керек.

  • Массасы 0,5 г аскорбин қышқылының таблеткасын суда еріткенде алынған ерітіндінің көлемі 0,4 л-ге дейін жеткізілген. Осы ерітіндінің рН-н есептеп табу керек (аскорбин қышқылы үшін Ка мәні 8,0∙10-5).

  • 100 мл қанға рН мәні 7,36-дан 7,00-ге дейін өзгерту үшін 36 мл 0,05н HCl ерітіндісін қосу қажет. Қанның қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын есептеу керек.

БАҚЫЛАУ

Бақылау сұрақтары

    1. Бренстед - Лоуридің протолиттік теориясы. Бренстед - Лоури теориясына сәйкес қышқыл мен негізге анықтама беріңіз.

    2. Нормада және патологияда адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәндері рН различных жидкостей человеческого организма в норме и при патологии. Неліктен ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажет?

    3. Иондану дәрежесі мен константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.

    4. Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмін талдаңыз. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі олардың биологиялық ролі қандай?

    5. Ацидоз деген не? Метаболиттік және респираторлық ацидозды қандай себептер тудырады? Алкалозға түсініктеме келтіріңіз. Алкалоздың пайда болу себебіне не жатады?

    6. Күшті және әлсіз қышқыл ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын қалай есептейді? Күшті және әлсіз негіз ерітінділеріндегі гидроксил иондарының концентрациясын қалай есептейді?


Тесттер

1. 25 °С-де бейтарап орта және таза су үшін

1) рН = 7

2) рН > 7

3) рН < 7

4) [Н+] = 10-7 моль/л

5) [Н+] < 10-7 моль/л

2. Егер Сн+ = 10-4 моль/л болса, Сон- (моль/л ) тең болады

1) 14

2) 10-14

3) 10-7

4) 10-10

5) 10-4

3. Концентрациясы 0,001 моль/л HCl ерітіндісі үшін дұрыс тұжырым

1) [H+] = 10-11 моль/л

2) [OH-] = 10-11 моль/л

3) [H+]  [OH-]

4) [H+]  [OH-] = 10 -14

5) [H+]  [OH-]

4. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі =0,01 бір қышқылды әлсіз негіз ерітіндісі үшін иондану константасы Kb (моль/л) тең

1) 10-2

2) 10-3

3) 10-4

4) 10-5

5) 10-6

5. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану кончстантасы Ка =10-7 бір негізді әлсіз қышқыл ерітіндісі үшін иондану дәрежесі  тең

1) 0,1

2) 0,01

3) 0,001

4) 10-4

5) 10-5

6. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына кіреді

1) Na3PO4

2) Na2HPO4

3) NaH2PO4

4) Na3PO4

5) Ca3(PO4)2

6. 10 мл қанға 2 мл Сн(НСl) = 0,1 моль/л тұз қышқылын қосқанда рН 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгерді. Қанның буферлік сиымдылығын (ммоль/л) анықтаңыз

1) 200

2) 100

3) 50

4) 150

5) 75

7. 0,1 М құмырсқа қышқылының 200 мл ерітіндісіне 100 мл 0,1 М натрий формиатының 100 мл ерітндісін қосқанда (рК(НСООН) = 3,75) пайда болған ерітндінің рН-ң мәні тең

1) 4,40

2) 4,05

3) 3,75

4) 3,45

5) 2,65

8. Алкалоз кезінде

1) ағзаның реакция ортасы сілтілік бағытқа қарай ығысады

2) сутек иондарының концентрациясы артады

3) сутек иондарының концентрациясы кемиді

4) рН өзгермейді

5) рН артады

9. Фосфатты буферлік жүйеге HCl қосқанда

1) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды

2) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді

3) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды

4) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді

5) иондардың концентрациясы өзгермейді

10. Өкпеде СО2 мөлшерінің көбеюіне әкеліп соғатын, өкпенің тыныс алу қызметтерінің бұзылуынан туындайтын -бронхит, өкпе қабынуы тәрізді аурулар кезінде

1) метаболиттік алкалоз байқалады

2) респираторлық алкалоз байқалады

3) респираторлық ацидоз байқалады

4) метаболиттік ацидоз байқалады

5) таза ауада серуендеуге кеңес беріледі
Әдебиет:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.32-52

  2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 575-611.

  3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 67-85.

Қосымша:

  1. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

  2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

  3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

  1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.



ОСӨЖ №4
ТАҚЫРЫП: Жылжымалы және жылжымайтын фазалар бөліну беттері аралығындағы адсорбция. Коллоидты ерітінділерді алу тәсілдері, олардың қасиеттері және оларды тазарту әдістері. Мицелланың құрылысы. Диализ.

МАҚСАТТАРЫ:

  • беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру және әртүрлі теориялардың көмегімен (Лэнгмюр, Фрейндлих, БЭТ) қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттауға дағдыландыру;

  • дисперсті жүйелер және олардың жіктелуі, тазарту әдістері, олардың қасиеттерін зерттеу жайлы, негізгі түсініктерді қалыптастыру;

  • дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттері туралы және олардың медициналық қолданылу мүмкіндігі жайында түсінікті қалыптастыру;

  • коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы және олардың коагуляциялану заңдылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;

  • биологиялық жүйелерді - дисперсті жүйелер ретінде түсінікті қалыптастыру;

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

  • беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

  • адсорбцияның негізгі теориялары туралы ақпарат беру және Гиббс, Лэнгмюр, Фрейндлих теңдеулерін қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттау үшін үйрету;

  • дисперстік жүйелердің негізгі қасиеттерін (оптикалық, молекулалық-кинетикалық, электрокинетикалық) сипаттай білуге үйрету;

  • Панет-Фаянс, Ребиндер және пен Шульце-Гарди ережелерін қолдануды үйрету;

  • коагуляция, коллоидтық қорғау процестерінің мәнін және оның биологиялық рөлін түсіндіру;

  • электрофорездің, диализдің медициналық тәжірибеде қолданылуын түсіндіру және аэрозольдер, суспензиялар мен эмульсиялардың медицинада қолданылуы туралы ақпарат беру.

ӨТКІЗІЛУ ТҮРІ:

- семинар (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау);

- есептерді шығару және жаттығулар орындау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

есептер (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Ерітіндідегі новокаин мен кокаиннің концентрациясы 0,2 моль/л-ден 0,15 моль/л-ге дейін төмендегенде беттік керілу шамасы 6,9∙10-2 Н/м-ден 7,1∙10-2 Н/м-ге дейін, ал кокаин ерітіндісінде 6,5∙10-2 Н/м-ден 7,0∙10-2 Н/м-ге дейін көтерілді. 25оС температурада, берілген концентрация интервалында новокаин мен кокаинның сулы ерітінділерінің адсорбция шамаларын салыстырыңыз.

  • Күкірт қышқылын суда еріткенде адсорбция типін және шамасын анықтау керек (t = 18оС), егер H2SO4 судағы концентрациясы 2,33 моль/л-ді құрайтын болса, ал ерітіндінің беттік керілуі 75,20∙10-3Н/м-ге, судың беттік керілуі - 73,05∙10-3Н/м-ге тең болса.

  • Адсорбент бетіндегі сірке қышқылының адсорбциясы үшін Фрейндлих теңдеуіндегі константалар тең: К = 0,50 моль/г, n = 0,45. Тепе-теңдік концентрациясы 0,22 моль/л-ге тең болғандағы адсорбцияшамасын есептеп шығару керек.

  • 4 л темір (III) гидроксидіні золінің коагуляциясы 0,91 мл магний сульфатының 10%-дық ерітіндісін (тығыздығы1,1 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді сульфат-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.

  • Алюминий гидроксидінің золін дихромат-иондармен коагуляциялау табалдырығы 0,63 ммоль/л-ге тең. 1,5 л зольді коагуляциялау үшін (ρ=1,07 г/мл) 10%-дық калий дихроматының ерітіндісінің қандай көлемі қажет болады?

  • 1,5 л алтын сульфиді золінің коагуляциясы 570 мл натрий хлоридінің 1,5%-дық ерітіндісін (тығыздығы 1,02 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді натрий-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.


Тапсырмалар (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Золь мицеллаларының формулаларын жазыңыз:

  • барий хлоридімен тұрақтандырылған барий карбонаты золінің;

  • күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің;

  • гидролиз реакциясымен алынған темір (III) гидроксиді золінің;

  • адсорбциялық пептизация тәсілімен алынған темір (III) гидроксиді золінің;

пептизатор – темір (III) хлориді;

  • химиялық пептизация тәсілімен алынған темір гидроксиді (III) золінің;

пептизатор – хлорсутек қышқылы;

  • темір (III) хлоридімен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;

  • калий (II) гексацианоферратымен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;

  • калий хлоридімен тұрақтандырылған қорғасын (II) хлориді золінің;

  • калий сульфатымен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің;




  • Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан оң зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K3PO4; Ca(NO3)2; CaCl2; BaCl2; Na2CO3.

  • Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан теріс зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K2CO3; NaNO3; CaCl2; FeCl3; NaCl.


БАҚЫЛАУ

Бақылау сұрақтары

  1. Қандай құбылыстар беттік құбылыстар деп аталады? Адсорбция, десорбция, беттік активтілік, адсорбциялық тепе-теңдік деген үғымдарға анықтама беріңіз.

  2. Жылжымалы бөліну беті аралығындағы адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік активті заттар. Биологиялық мембрананыің құрылымы.

  3. Гиббс теңдеуін келтіріңіз. Оң және теріс адсорбция арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Беттік керілу изотермасы деп нені айтады? Адсорбция изотермасы деп нені айтады ? Дюкло-Траубе ережесіне анықтама беріңіз.

  4. Жылжымайтын бөліну беті аралығындағы адсорбция. Ленгмюр теориясының негізгі қағидаларына анықтама беріңіз. Ленгмюр адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Фрейндлих адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Панет-Фаянс ережесінің мәні неде?

  5. Қандай құбылыстарды электрокинетикалық деп атайды? Электрофорез бен электроосмос ұғымдарына анықтама беріңіз және құбылыстардың маңызын түсіндіріңіз.

  6. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы. Зольдердің коагуляциясын туғызатын факторлар. Коагуляция табалдырығы, коагуляциялау қабілеті. Коллоидты қорғау деген не? Коллоидты қорғау құбылысының биологиялық ролі. Щульце-Гарди ережесі.

  7. Дөрекі дисперсті жүйелердің фазалардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі. Аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылатын дөрекі дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіз.


Тесттер

1. Беттік активтілік шамасы максималды болатын затты таңдаңыз

1) СН3СООН

2) С2Н5СООН

3) НСООН

4) С4Н9СООН

5) С3Н7СООН

2. Беттік активті емес затқа (БАЕЗ) жатады

1) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде өзгертпейді

2) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде төмендетеді

3) ер-ді = o

4) ер-ді > o

5) Г  0

3. Панет-Фаянс ережесі бойынша ерітіндіден AgCl кристалдары бетіне адсорбцияланатын иондар:

1) К+

2) Сl-

3) Ва2+

4) Аg+

5) SО42-

4. Қанның ұюын алдын алу мақсатында қанды консервілеу кезінде Ca2+ иондарын кетіруге көмектеседі

1) хроматоргафия

2) электрофорез

3) диализ

4) молекулалы адсорбция

5) ион алмасу адсорбциясы

5. Уланғанда және метеоризмде активтендірілген көмірдің қолданылуы негізделген қабілет

1) артериальы қысымды жоғарылату

2) артериалды қысымды төмендету

3) полярлығы аз заттардың газдарын және молекулаларын адсорбциялау

4) капиллярлар қабырғаларының өтімділігін арттыру

5) ерітіндімен иондар бойынша алмасу

6. Күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золіне сәйкес келетін мицелла формуласы

1) {m(АgВr) n К+(n-х)Cl-}x+ хСl-

2) {m(АgВr) n Br-(n-х)K+}x- хK+

3) {m(АgВr) n SO42- 2(n-х)Na+}2x- хNa+

4) {m(АgВr) n Ag+(n-х)NO3-}x+ хNO3-

5) {m(АgВr) n J-(n-х)K+}x- хK+

7. Мицелланың формуласын жазуда потенциаланықтаушы иондар таңдалатын ереже

1) Шульце-Гарди

2) Вант-Гофф

3) Панет-Фаянс

4) Менделеев-Клапейрон

5) Дюкло-Траубе

8. Ақуыздардың лиофобты зольдердің тұнбаға түсіп және тамырлар қабырғаларында холестеринді түйіндақтың жинақталуына кедергі жасау қабілеті аталады

1) коагуляция

2) седиментация

3) коацервация

4) коллоидты қорғау

5) синерезис

9. Коагуляциялау қабiлетi ең жоғары ионды таңдаңыз:

1) K+

2) Al3+

3) Na+

4) Ca2+

5) Ba2+

10. Оң зарядталған бөлшектері бар зольді коагуляциялау әсері жоғары ионды таңдаңыз

1) K2SO4

2) NaNO3

3) CaCl2

4) FeCl3

5) K3РO4
Әдебиет:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.137-158.

  2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 760-845.

  3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 145-189.

Қосымша:

  1. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

  2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

  3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

  1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

ОСӨЖ №5
ТАҚЫРЫП: Тіршілік процестеріне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар

МАҚСАТЫ:

Гомофункционалды қосылыстардың химиялық қасиеттері туралы білімдерін қолдана отырып, гетерофункционалды қосылыстардың реакция схемаларын шығруды үйрену.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:

Студент үйрене білуі керек:

  1. Негізгі гетерофункционалды органикалық қосылыстардың формулаларын дұрыс жазу және халықаралық, рационалды номенклатуралары бойынша атай білуді.

  2. Гетерофункционалды қосылыстардың функционалды топтарына қарай химиялық қасиеттерін анықтай білуді.

  3. Оқытушының берген ситуациялық есептерінің тиімді шығару әдістерін таңдауды.

  4. Студентті кәсіби әдебиеттерді оқуға және интернеттен ақпаратарды іздеуге ынталандыруды.

ОРЫНДАЛУ ТҮРЛЕРІ :

  • Тақырыптың сұрақтарын оқу ;

  • Типтік тапсырмаларды орындау;

  • Оқытушыдан кеңес алу;

  • Орындалған тапсырмаларды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

  1. Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау.

  2. Оқытушы берген тапсырмаларды орындау.

БЕРІЛЕТІН материал:

Тапсырмалар:

  1. Гидроксибутан қышқылының структуралық және оптикалық изомерлерін жазыңыз. Оларды халықаралық және рационалды атымен атаңыз.

  2. Келесі қосылыстарды атаңыз:

1) 2) 3)

Бұл қышқылдардың қайсысын мыс гидроксидімен (II) анықтауға болады? Реакциясын жазыңыз.

  1. Схема бойынша реакцияларын жазыңыз: этаноламин холинацетилхолин

  2. Сүт қышқылы мен -гидроксимай қышқылының тотығу реакцияларын жазыңыз. Түзілген өнімдерді атаңыз.

  3. НАДНты қолдана отырып глиоксаль және пирожүзім қышқылдарының тотықсыздану реакцияларын жазыңыз.

  4. Ацетосірке қышқылының қандай таутомерлік түрі бром суымен әрекеттеседі? Реакциясын жазыңыз.

  5. Қымыздықсірке қышқылының(оксобутанди) және ацетилкофермент А-ның альдолдық конденсациялану типтегі реакцияларын жазыңыз.

  6. 2-оксопентанди (-кетоглутар) қышқылындағы қай карбоксил тобы оңай декарбоксилденеді, неге? Реакциясын жазыңыз.

  7. Келесі түр өзгерістердің реакцияларын жазыңыз: фумар қышқылы  алма қышқылы қымыздықсірке (оксобутанди) қышқылы .

  8. Салицил қышқылының температураға шыдамдылығы, ацетилсалицил қышқылының түзілу реакциясы. Бұл реакция қандай функционалды топтың әсерінен жүреді?

ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ:

Әдіс - құрастырылған:

1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі);

2) үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 235-238.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 160-177.

Қосымша:

  1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.


Сұрақтар:

  1. Оптикалық изомерия. Энантиомерлер. Д және L қатары. Диастереомерлер. Рацемат.

  2. Аминоспирттер: этаноламин, холин, ацетилхолин. Биогенді аминдер туралы түсінік. Дофамин, норадреналин, адреналин және олардың гормондар, нейромедиаторлар ретіндегі биологиялық маңызы.

  3. Гидроксиқышқылдар: гликоль, сүт, алма, шарап және лимон қышқылдары.

  4. Альдегидо - және кетоқышқылдар: глиоксил, пирожүзім, ацетосірке, қымыздықсірке, α- кетоглутар қышқылы – маңызды метаболиттер.

  5. α-, β-, γ – гидроксиқышқылдардың карбоксил топтары арқылы реакцияға түсуі: 1) тұз түзуі; 2) күрделі эфирлер түзуі; 3) амидтер түзуі; 4) декарбоксилденуі.

  6. α-, β-, γ – гидроксиқышқылдарының гидроксил топтары арқылы реакцияға түсуі: 1) тұз түзуі, тотығуы; 2) жәй және күрделі эфирлер түзуі; 3) О-ацил туындыларын түзуі.

  7. Оксоқышқылдардың карбонил топтары арқылы реакцияға түсуі:тотықсыздану реакциясы.

  8. Ацетосірке қышқылының мысалында кето-енолдық таутомерия.

  9. Бензол қатарының гетерофункционалды органикалық қосылыстары. Салицил қышқылыжәне оның туындылары. П-аминобензой қышқылы.


Тесттер:

1. Гетерофункционалды қосылыстар деп аталады:

1) молекуласында 2 бірдей функционалды топтары бар

2) молекуласында 3 бірдей функционалды топтары бар

3) молекуласында 4 бірдей функционалды топтары бар

4) молекуласында әртүрлі функционалды топтары бар

5) ) молекуласында 1 функционалды тобы бар

2. Гетерофункционалды қосылыстар:

1) Этанол.

2) Глицерин

3) Фенол

4) Этаноламин

5) Этиленгликоль

3. Алма қышқылы систематикалық номенклатура бойынша аталады:

1) 2 – гидроксибутанди қышқылы

2) Бутан қышқылы

3) 2 – оксобутан қышқылы

4) Бутанди қышқылы

5) Бутенди қышқылы

4. Ассиметриялық көміртек атомы бар қосылыс:

1) CH3 – CH – COOH



NH2

2) CH3 – CH2 – CH – CH3



Br

3) (CH3)2 CН– CH – CH2 – COOH



OH

4) HOOC – CH2 – CH(OH) – CH2– COOH

5) HOOC – CH2 – CH2 OH

5. Мына айтылған пікірлердің энантиомерлер үшін қайсысы дұрыс:

  1. имеют одинаковые физические свойства, за исключением знака вращения плоскости поляризованного света

  2. имеют одинаковую абсолютную величину удельного вращения

  3. молекулы имеют различные химические свойства

  4. молекулы хиральны

  5. имеют различные биологические свойства

6. Лимон қышқылындағы фунционалды топтар:

  1. – ОН, – СООН и – NH2

  2. – ОН и – NH2

  3. – ОН и – СООН

  4. – NH2 и – СООН

  5. – СОNH2

7. Шарап қышқылының тұздары аталады:

1) цитраттар

2) тартраттар

3) лактаттар

4) оксалаттар

5) бензоаттар

8. Глиоксал қышқылы О=СН-СООН мен күміс гидроксидінің аммиактағы ерітіндісі әрекеттескендегі түзілетін өнім:

  1. қымыздық қышқылы

  2. көмірқышқыл газы мен су

  3. сірке қышқылы

  4. дигидроксибутанди қышқылы

  5. метан мен су

9. Ацетилсалицил қышқылының гидролизінде түзіледі:

  1. фенол, натрий салицилаты

  2. фенол, салицил қышқылы

  3. сірке қышқылы, салицил қышқылы

  4. сірке альдегиді, салицил қышқылы

  5. сірке қышқылы, салицил альдегиді

10. Салицил қышқылының сірке қышқылымен әрекеттескендегі түзілген күрделі эфирінің аталуы:

  1. метилсалицилат

  2. фенилсалицилат

  3. ацетилсалицил қышқылы

  4. n-аминосалицил қышқылы

  5. этилсалицилат


ОСӨЖ №6
ТАҚЫРЫП: α-Амин қышқылдарының биологиялық маңызды касиеттері. Пептидтер.

МАҚСАТЫ:

α-Амин қышқылдарының құрылысы, жіктелуі және химиялық қасиеттері туралы білімді пептидтердің түзілуінде қолдана білу

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:

Білім алушының мүмкіндігі бар:

  1. α-Амин қышқылдарының құрылыстарына қарай реакцияға түсу қабілеттіліктерін салыстыруға.

  2. α-Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімді пайдалана отырып белоктарға, пептидтерге, α -амин қышқылдарына сапалық реакциялар жасау нәтижесіне қарай тұжырым жасай білуге.

  3. Оқытушы ұсынған α-амин қышқылдарынан пептидтердің түзілу схемасын жаза білуге.

  4. α-Амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесін біле отырып ортаның рНна қарай белок молекуласының зарядын анықтай білуге.

ОРЫНДАЛУ ТҮРЛЕРІ :

  • Тақырыптың сұрақтарын оқу ;

  • Типтік тапсырмаларды орындау;

  • Оқытушыдан кеңес алу;

  • Орындалған тапсырмаларды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

  1. Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау.

  2. Оқытушы берген тапсырмаларды орындау.

БЕРІЛЕТІН материал:

Тапсырмалар:

  1. Аланиннің а) СН3I, б) NaOH, в) HNO2, г) этанолмен реакцияларын жазыңдар. Түзілген өнімдерді атаңдар.

  2. Изолейциннің, глутамин қышқылының дезаминдену реакцияларын жазыңдар.

  3. Трипептидтердің түзілу реакцияларын жазыңдар: 1) Цис-Вал-Асп; 2) Гли-Про-Лиз. Трипептидтердің қышқылдық-негіздік ортасын анықтаңдар.

  4. Трипептидтің, мысалы Гли-Вал-Фен (глицилвалилаланин) қышқылдық-негіздік гидролизін жазыңдар .

  1. Трипептид глутатионның (-Глу-Цис-Гли) түзілуін жазыңдар. Биологиялық маңызы.

  2. Бас миындағы нейропептидтің құрылысын - Leu-энкефалиннің көрсетілген амин қышқылдық жүйелілікпен Tyr-Gly-Gly-Phe-Leu көрсетіңдер. Тұз қышқылының қатысымен осы пептид гидролизге ұшырағанда қандай өнімдер түзіледі?

  3. Неге глутамин қышқылының ұнтағын ішкеннен кейін ауызды натрий гидрокарбонатының сұйық ерітіндісімен (рН

8) шаю қажет, егер глутамин қышқылының изоэлектрлік нүктесі 3,2 ге тең болса?

ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ:

Әдіс - құрастырылған:

1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі);

2) үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.
Сабақтың хронометражы

Мазмұны

Әдістемелік жабдықтар

Уақыты, мин

1.Кіріспе (ұйымдастыру кезеңі)




5


2.Оқытушыдан кеңес алу

Силлабус,

Оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқау

25



3.Студенттің жеке жұмыс жасауы

Ситуациялық есептер

(таратылатын материал)

20

4.Берілген тапсырмалардың нәтижелерін оқытушымен бірге талдау




15

5. Қиын тапсырманы талдау

Жаттығулар,

Тестік тапсырмалар

10


6.Жазбаша сұрау

Тестік тапсырмалар

10

7.Қорытындылау




5


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 239-248.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 230-254.

Қосымша:

  1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.


Сұрақтар:

1) Амин қышқылдарының бифункционалды химиялық қасиеттері.

-СООН тобының реакциялары:

а) Аспарагин, глутамин қышқылдарының мысалында амидтердің түзілуі

б) триптофан мен гистидиннің декарбоксилденуі.

2) -SH тобының реакциялары:

а) цистеиннің жұмсақ тотығуы. Бұл реакцияның биологиялық маңызы.

б) цистеиннің соңынан декарбоксилдену реакциясы жүретін қатаң тотығуы .

Студенттердің назарын декарбоксилденгенде биогенді аминдердің түзілетініне; дисульфидтік байланыстың түзілетініне аудару қажет.

3) -NH2 тобының реакциялары:

дезаминдену:

а) тотықсызданбай;

б) тотықтыра;

в) гидроксилдену.

4) Метиламин, аланиннің НСI мен тұз түзуі.
5) -ОН тобының реакциялары:

а) тотығуы;

б) күрделі эфирлердің түзілуі.

6) - амин қышқылдарына тән ерекше реакциялар:

а) биполярлы ионның түзілуі;

б) пептидтердің түзілуі. Номенклатура. Пептидтік топтардың электрондық және кеңістіктік құрылысы.

7) Трипептид глутатионның түзілуін жазу. Маңызы.

8) Пептидтердің қышқылдық-негіздік гидролизі.
Тесттер:

  1. Қандай - аминқышқылы тотыққанда дисульфидтік байланыс түзеді:

  1. метионин (- амино-- метилтиомай қышқылы)

  2. цистеин (- амино-- тиопропион қышқылы)

  3. аланин (- аминопропион қышқылы)

  4. аспарагиновая (аминоянтар қышқылы)

  5. валин (- аминоизовалериан қышқылы)

  1. Сериннің (α-амино-β-гидроксипропион қышқылы ) құрылысы мен қасиеттеріне айтылғандардың қайсысы сай келеді:

  1. декарбоксилденгенде этаноламин түзіледі

  2. күрделі эфир түзеді

  3. гетероциклді α-аминқышқылына жатады

  4. тотыққанда 2- амино - 3-оксопропан қышқылы түзіледі

  5. алмастырылмайтын α-аминқышқылдарына жатады

  1. Қандай α-аминқышқылдары фосфор қышқылымен күрделі эфир түзеді:

  1. глицин

  2. серин

  3. валин

  4. фенилаланин

  5. тирозин

  1. Серин (α-амино-β-гидроксипропион қышқылы)қандай реакцияларға қатысады:

  1. декарбоксилдеу

  2. пептидтің түзілуі

  3. дезаминдеу

  4. лактамның түзілуі

  5. жай эфирлеодің түзілуі

  1. Тотыға дезаминдену кезінде аланиннен (2-аминопропан қышқылы) түзіледі:

1) HOOC – C(O) – CH2 – OH

2) CH3 – CH2 – COOH

3) CH3 – C(O) – COOH

4) HOOC – CH2 – CООH

5) HOOC – CH2 – CН=О

  1. Трипептидте қанша пептидтік байланыс бар:

1) 1

2) 2

3) 3

4) 4

5) 5

  1. Глициннің (аминосірке қышқылы) формуласын таңдаңыз:

  1. СН3 – СН(NН2) – СООН.

  2. 2 – СН2 – СН2 – ОН.

  3. 2 – СН2 – СН2 – СООН.

  4. СН3 – СНОН – СН2 – NН2.

  5. 2 – СН2 – СООН.

  1. Мына аталғандардың ішіндегі қандай қосылыстар дипептид түзеді:

  1. CH3 – CH(NH2) – COOH

  2. CH3 – CH2 CH2 – NO2

  3. HO – CH2 – CH2 – CONH2

  4. HO – CH2 – CH2 – CH2 – NO2

  5. H2N – CH2 – COOH

  1. Мына трипептидтің атын дұрыс таңдаңыз:

O O

║ ║ O

H2N–CH2–C–NH–CH–C–NH–CH–C

│ │ OH

CH–CH3 CH2SH



CH3

  1. цистеинилвалилглицин

  2. цистеинвалинглицин

  3. глицилвалилцистеин

  4. валилглицилцистеин

  5. глицилвалилцистеинил

  1. Мына трипептидті атаңыз:



  1. гли-сер-вал

  2. ала-сер-лей

  3. вал-сер-иле

  4. ала-сер-вал

  5. ала-гли-вал


ОСӨЖ №7
ТАҚЫРЫП: Олиго- және полисахаридтер. Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахаридтер. Гомо- және гетерополисахаридтер. Құрлысы. Биологиялық ролі.

Мақсаты:

Олиго- және полисахаридтердің қасиеттері, құрлысы туралы білімді қалыптастыру.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  1. Көмірсулардың жіктелуі және құрлысы.

  2. Моносахаридтердің стереоизомериясын, жіктелуін, қасиеттерін, құрлысын талдау.

  3. Дисахаридтердің жіктелуін және қасиеттерін, құрлысын талдау.

ОРЫНДАЛУ ТҮРІ:

  • тақырыптың сұрақтарын оқу;

  • типтік тапсырмаларды орындау;

  • оқытушымен консультация;

  • оқытушымен тапсырманың орындалуын талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1. Берілетін сұрақтарға жауап ретінде конспект дайындау.

2. Оқытушы берген, тапсырманы орындау.

ТАРАТЫЛАТЫН материал:

Тапсырма:

  1. Лактоза, мальтоза және сахарозаның түзілу реакциясын жазыңыз. Бастапқы моносахаридтерді және реакция нәтижесінде түзілген, гликозидтік байланыстарды атаңыз.

  2. Лактоза, мальтоза, сахароза дисахаридтердің қай түріне жатады және оны қандай сапалық реакция арұылы дәлелдеуге болады?

  3. Лактозаның -метилгликозидінің түзілу реакциясын жазыңыз.

  4. Лактозаның сірке қышқылының артық мөлшерімен әрекетесу реакциясын жазыңыз.

  5. 1) Фелинг реакциясы; 2) гликозидтер түзу; 3) жәй және күрделі эфирлер түзу реакцияларындағы сахароза, мальтоза, лактозаның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

  6. ,Д-глюкопиранозаның екі молекуласынан алуға болатын барлық дисахаридтерді атаңыз.

  7. Гетерополисахаридтердің гомополисахаридтерден айырмашығы қандай?

  8. Хондроитин-6-сульфатының дисахарид фрагментінің түзілу схемасын жазыңыз.

  9. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасын жазыңыз.

  10. Гепариннің дисахарид фрагменті түзілу схемасын жазыңыз. Ағзада гепарин қандай роль атқарады?

ОҚЫТУ әдістері:

Әдіс- үйлескен түрде:

  1. үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, консультация өткізу).

  2. Үй тапсырмасын шығару.

Оқыту құралдары: оқу кестелер, тақырып бойынша сызба нұсқалар, тақырып бойынша дәрістер, тесттік тапсырмалар, билеттер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 254-259.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 217-229.

Қосымша:

  1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

БАҚЫЛАУ:

Сұрақтар:

  1. Күрделі көмірсулар - олигосахаридтер. Жіктелуі.

  2. Дисахаридтер: тотықсыздандыратын (мальтоза, лактоза), олардың құрлысы, байланыс түрі, бос гидроксил тобына байланысты реакциялар.

  3. Тотықсыздандырмайтын дисахарид (сахароза), құрлысы, қасиеттері, байланыс түрлері. Сахароза неге Троммер, күміс айна реакцияларына түспейді?

  4. Полисахаридтер. Химиялық табиғаты. Гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер, өкілдері.

  5. Крахмал. Құрамы, крахмалдың біріншілік құрылымы. Крахмалдың маңызы және қолданылуы.

  6. Амилозаның құрлысы. Амилозаның кеңістіктік құрылымы. Амилозаның дисахаридтік фрагменті.

  7. Амилопектиннің құрлысы. Тармақталған жеріндегі байланыс түрі және негізгі байланыс түрі.

  8. Крахмалдың физико-химиялық қасиеттері. Крахмалды декстринденуі. Сапалық реакция.

  9. Гликоген. Құрамы. Гликогеннің біріншілік құрлымы.

  10. Гликогеннің құрлысы. Тармақталған жеріндегі байланыс түрі және негізгі байланыс түрі. Гликогеннің қасиеттері. Сапалық реакция.

  11. Клетчатка (целлюлоза). Клетчатканың біріншілік құрылымы. Құрлысы. Целлюлозаның биозды фрагменті.

  12. Қосалқы тіннің полисахаридтері. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Гиалурон қышқылы ағзада қандай функцияны орындайды?

  13. Хондроитин-4-сульфаты, хонроитин-6-сульфатының дисахарид фрагменттерінің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Хондротинсульфаттардың биологиялық ролі.

  14. Гепариннің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Гепариннің маңызы.


Тесттер:

1. Моносахаридтерге жатады:

1) рибоза

2) сахароза

3) фруктоза

4) галактоза

5) крахмал

2. Дисахаридтерге жатады:

1) сахароза

2) целлобиоза

3) мальтоза

4) дезоксирибоза

5) амилоза

3. Мальтозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза және галактоза

2) глюкоза және манноза

3) галактоза және фруктоза

4) глюкозаның 2 молекуласы

5) глюкоза және фруктоза

4. Лактозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза және галактоза

2) глюкоза және манноза

3) глюкозаның 2 молекуласы

4) галактоза және фруктоза

5) глюкоза және фруктоза

5. Сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза, галактоза

2) глюкозаның 2 молекуласы

3) глюкоза және фруктоза

4) галактоза, манноза

5) глюкоза, манноза

6. Берілген қосылыстардың ішінен дисахаридті таңдаңыз:

1) целлобиоза

2) амилопектин

3) гликоген

4) амилоза

5) гиалурон қышқылы

7. D-глюкозаның әлсіз тотығуы нәтижесінде түзіледі:

1) глюкон қышқылы

2) глутар қышқылы

3) глюкурон қышқылы

4) глюкар қышқылы

5) гиалурон қышқылы

12. D-глюкозаның күшті тотығуы нәтижесінде түзіледі:

1) глюкар қышқылы

2) глюкон қышқылы

3) глюкурон қышқылы

4) гиалурон қышқылы

5) гликозид

9. Лактозадағы моносахаридтер арасындағы байланысты көрсетіңіз:

1) α-1,4-гликозидтік

2) β-1,4-гликозидтік

3) β-1,3-гликозидтік

4) α-1,6-гликозидтік

5) α-1,2-гликозидтік

10. Сахарозадағы моносахаридтер арасындағы байланысты көрсетіңіз:

1) α-1,4-гликозидтік

2) β-1,4-гликозидтік

3) β-1,3-гликозидтік

4) α-1,6-гликозидтік

5) α-1,2-гликозидтік


ОСӨЖ №8
ТАҚЫРЫП: Гемнің, нуклеозидтердің, нуклеотидтердің құрылысы. Нуклеин қышқылдарынын біріншілік құрылымы.

МАҚСАТЫ:

  1. Нуклеозидтер, нуклеотидтер және олардың туындыларының әртүрлі өкілдері құрылыстарының ерекшелігі мен маңызы туралы білімді қалыптастыру.

  2. ДНҚ мен РНҚ-ң ұйымдастыру құрылысыны туралы білімді қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Оқушының қабілеттілігі:

  1. Оқытушының нұсқауымен, нуклеотидтер, нуклеозидтер құрылыстарының схемасын көрсету.

  2. Гемнің құрылысын қарастыру

  3. Тірі ағзадағы нуклеин қышқылының ролін түсіндіру.

ОРЫНДАЛУ ТҮРІ:

  • тақырыптың сұрақтарын оқу;

  • типтік тапсырмаларды орындау;

  • оқытушымен консультация;

  • оқытушымен тапсырманың орындалуын талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1. Берілетін сұрақтарға жауап ретінде конспект дайындау.

2. Оқытушы берген, тапсырманы орындау.

ТАРАТЫЛАТЫН материал:

Тапсырма:

  1. Дезоксицитидил қышқылы (дЦМФ) және гуанил қышқылының (ГМФ) түзілу реакцияларын жазыңыз.

  2. Тимидин - 5’ – монофосфат (ТМФ), тимидин - 5’- дифосфат (ТДФ) тимидин - 5’-трифосфаттің (ТТФ) түзілу реакцияларын жазыңыз. Олардың маңызы.

  3. Циклды УМФ-тың (уридин-3’, 5-циклофосфат) түзілу реакциясын жазыңыз.

  4. Полинуклеотид тізбегінде мононуклеотидтер бірімен-бірі қалай байланысады. Аденозин-5-монофосфат (АМФ) пен цитидин - 5 - монофосфатты (ЦМФ) мысалға алып, олардың өзара байланысуын көрсетіңіз.

ОҚЫТУ әдістері:

Әдіс- үйлескен түрде:

  1. үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, консультация өткізу).

  2. Үй тапсырмасын шығару.

Оқыту құралдары: оқу кестелер, тақырып бойынша сызба нұсқалар, тақырып бойынша дәрістер, тесттік тапсырмалар, билеттер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 265-268.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 278-291.

Қосымша:

  1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.


Сұрақтар:

  1. Порфин, гем құрылыстары туралы түсінік

  2. Нуклеозидтер. Нуклеин негізінің көміртек қалдығымен байланысының сипаттамасы. Нуклеозидтер гидролизі.

  3. Нуклеотидтер. Нуклеозидмонофосфаттың, -дифосфаттың, -трифосфаттың құрылысы. Номенклатурасы. Макроэргтік байланыс.Маңызы.

  4. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы: қышқылдық, сілтілік гидролизі. Гидролиз реакциясының өнімдерін атаңыз.

  5. Нуклеотидтердің циклді түрі. Циклды АМФ, ГМФ, маңызы.

  6. Нуклеин қышқылдары. Құрылымының жалпы схемасы. Нуклеин қышқылдарының түрлері. Маңызы. Рибонуклеин (РНҚ) және дезоксирибонуклеин (ДНҚ) қышқылдары. Құрамының ерекшеліктері. Полинуклеотид тізбегіндегі қалдықтарының арасындағы байланыстың сипаты. Нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ) бірінші реттік құрылысы туралы түсінік.


Тесттер:

  1. Алкалоидтарға жатады:

1) кофеин

2) ксантин

3) хинолин

4) пиридин

5) никотин

2. Пиримидин туындылары:

1) пиррол

2) пиридин

3) тимин

4) пирролидин

5) цитозин

3. Пурин туындылары:

1) гуанин

2) ксантин

3) никотин

4) зәр қышқылы

5) тимин

4. Нуклеозид құрамына гуанин қандайтаутомер күйінде болады:

1) кетон

2) еноль

3) лактам

4) лактим

5) цикло

5. ГДФ-ты(гуанозин-5/дифосфат) фосфорлау кезінде қандай байланыс түзіледі?

1) ангидридтік

2) күрделі-эфирлік

3) амидтік

4) N-гликозидтік

5) O-гликозидтік
1   2   3


написать администратору сайта