Танымдық қабілетіне ойын. танымдық қабілетіне ойын. Ойын Не згерді Масаты
Скачать 275.98 Kb.
|
Ойын: «Не өзгерді?» Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту. Маман балаларға үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтарды көрсетеді.Балалар олардың атын атайды.Содан соң маман балалардан көздерін жұмуын өтінеді де,ойыншықтардың біреуін алып тастайды. Балалар көзін ашып, қандай ойыншық жоқ екендігін айтады.Ойын 3-4рет қайталанады. Ойын: «Суреттерді құрастыр» Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту. Логопед маман балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегінсіз суретті құрастырады. Ойын: «Кім тығылды?» Мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту. Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды. Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды. Ойын : «Не артық?» Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады. Ойын: «Не жетіспейді?» Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту. Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұра йды. Ойын: «Жұбын тап» Мақсаты:заттардың арасындағы байланысын таба білуге үйрету. Психолог балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді. Оларды мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді. Ойын: «Есіңде сақта» Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту. Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады. Ойын: «Бір сөзбен ата» Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту. Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет. Ойын жаттығулар: «Суретті аяқта» - педагог суретті бастап салады, оны балалар аяқтап, бір сурет салып шығу керек. Бұл не? Немесе кім бұл? Ойын: «Заттың атауларын ата» Мақсаты:таным қабілетін дамыту. Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады (2-сурет). Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез-келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз. Мысалы, сіз «сүт» сөзін айтасыз, бала «сиыр» суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де «с» әрпінен басталады. Ойын: «Біреу және көп» Мақсаты:«Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді Ойын:«Шаршы құрастыр» Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады. 1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды. 2-нұсқа:шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?). 3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру Ойын: «Зат неге ұқсайды?» Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту. 1-нұсқа. Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді. 2-нұсқа. Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді. Ойын: «Айырмашылығын тап» Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа. Ойын: «Біреуі артық» Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету. Мазмұны. 1-нұсқа. Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады. 2-нұсқа. Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді. 3-нұсқа. Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады Ойын: «Сипап сезу арқылы санау» Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу. Мазмұны. Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады. Ойын: «Ненің баласы?» Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды. Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай. Ойын: «Өз орныңды тап» Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау. Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды. Ойын: «Сөзді керісінше ата» Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту. Мазмұны. Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б. Ойын:«Мал қалай дыбыстайды? » Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау. Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер. Ойын: «Төлін тап» Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау. Ойын: «Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған. - Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі. - Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды. - Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер. - Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой. Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды. - Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар). Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды: - Қонжықтар нешеу? Ойын: «Цирктің әртістері» Мақсаты: балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.Мазмұны. 1-нұсқа. Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды. 2-нұсқа. 1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді. - Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау). 3-нұсқа . 2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды. Ойын: «Жыл атасы» дидактикалық ойыны Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды. - Қазір жылдың қай мезгілі? Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. - Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті. - Не үшін сары карточка әкелді? Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар. Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды. Ойын: «Сиқырлы қалта» Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету. 1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау. 2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау. Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды. Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды. Ойын: «Заңдылығын тап» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту. Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі. Ойын: «Суретші қай жерде қателесті?» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету. Ойынның мазмұны. Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады. Ойын:«Адасқан цифрлар» Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды. Ойын:«Ненің жұбы болады» Мақсаты: Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту. Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді. Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді. - Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады? - Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады. Ойын:«Не көрдің, не білдің?» Мақсаты: Тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздары мен ойыншықтарды дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру және салыстыруға үйрету.бала не көргендерің естеріне түсіріп айтып беру керек. Заттарды өз ара салыстырып беру керек. Ойын:«Кімнің құралы?» Мақсаты: Балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.Балалардың алдында кескінді ұсақ суреттер жатады.Тәрбиеші балабақша қызметкерлерінің суреттерін көрсете отыра балалардан олардың жұмыстарына керекті құралын тауып беруін талап етеді. Ойын: Болады болмайды» Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыта отыра сөздік қорын молайту.(балалар шеңберде тұрады)Балалар мен сеңдерге қала көшелеріңде не істеуге болады, болмайтының туралы сұрақтар қоямын.Балалар жауаптарың қолындағы жалаушамен көтеріп жауап береді.Көшені бағдаршамның қызыл көзі жанғанда?Гүлзардағы гүлдерді жұлуға?Гүлзардағы өсіп тұрған гүлге сүйсініп қарау.Ағаш пен гүл отырғызу?Кәмпиттің қағазын жерге тастау?Жаяу жүргінші жолмен бағдаршамның жасыл көзі жанғанда өтуге?Қоғамдық орындарында бақырып, шулауға?Адамдармен әдепті түрде әңгімелесу? Ойын: «Адамдар мен көлік жүргізушілері» Мақсаты: баладардың есте сақтау қабілеттері мен зейіндерін одан ары қарай дамыту.Балаларды екі топқа бөліп, бірі адамдар, бірі көлік жүргізущілері болады. Арнай баскиім масқалары киіледі.Тәрбиеші бақылаушының рөлін атқарады. Тәрбиешінің белгісімен (екі рет қоңырау соғады) адамдар тротуармен, жаяу жүргінші жолымен жүреді. Ал көлік жүргішілер аялдамада тұрады. Ойын: «Кім тапқыр?» Мақсаты: сөздік қорын толықтыра отыра, шапшандылыққа баулу.Шарты: сұрақтар қойылып балалар жауап береді.«Күзгі» деп нені айтуға болады?Күзде егістікті жинайды деп түсіндіріп суретін көрсетедіКүзде нелер ұшып кетеді?Күзде неге ағаштарда жапырақтар азаяды?Күзде не жиі болады?Күзде жие жауын-шашын болады деп суреттерді көрсетіп түсіндіреді Ойын: «Ағашты тап» Мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ағаштардың атауын анық айтуға үйрету.Құралдар: Шырша, қайың , емен, терек Шарты:Үстел үстіне төрт өсімдіктердің шырша, қайың , емен, терек, олардың жапырақтарының сүреттерін қояды. Жапырақтарына қарай ағаш түрін тауып алу керек. Ойын: «Дауысынан таны» Мақсаты: Тыңдау, есті қабілеттерің одан ары қарай жетілдіру.Құралдар: Таспаға жазылған құстардың дауыстары (торғай, сауысқан, тоқылдақ, көгершін,)Шарты: таспа қосылып құстардың дауыстары кезек-кезек қойылады. Балалар таныс құстарды естеріне түсіріп, атауын айтып беру керек. Тәрбиеші дұрыс табылған құстын суретін тақтаға қояды. Ойын: «Зейінді бол» Мақсаты: тыңдау, есту қабілеттерің одан ары қарай жетілдіру.Шарты: Тәрбиеші дала құстары туралы жұмбақтап айтып отырады, балалар қандай құс туралы байқап алда жатқан тиісті суретті көтеріп көрсетеді. Ойын:«Айтшы қандай?» Мақсаты: Балаларды заттын белгілерін анықтауға үйретуШарты: Тәрбиеші (немесе бала) коропшаның ішінен, заттарды алып шығады, балалар заттын атауы мен белгісін айтады Ойын:«Кім көп айтады?» Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын дамыта отыра, сөздік қорын молайту.Құралдар: жануарлардың суреттері мен мекендеп жүрген суреттері, өнімдері «сут, май, айран, ірімшік, сүзбе, құрт)Шарты: балалар екі топқа бөлініп: бірі жануарлардың қайда мекендеп, немен көріктеніп жүретінің айтып суреттер (ұсақ) арқылы жауаптарын дәлелдейді.Екіншілері сурет арқылы жануарлардың адамға бере пайдасымен өнімдері туралы суреттер (ұсақ) арқылы жауап беріп түсіндіреді. Ойын:«Шатаспақ» Мынау ненің құйрығы? -Мынау ненің басы? -Ненің көлеңкесі? - Мақсаты: Қыстап қалған жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталу, сурет бойынша әңгіме құрастыру ,ойлау қабілеттерің дамыту.Шарты:балалар суреттерге қарап, ормандағы қателерін, тауып алып, дәлелдеу керек мысалы: «Қасқыр алақаның сорып жатыр» - Ертегі орманда қандай қате көріп тұрсындар? - Қыста кірпі мен аю ұйықтау керек. -Балалар, қандай аң өз іздерін сыпырып жүрген? - тиын тоқсары, қыста сұр болады. -Түлкі аң аулауға қай уақытта шығады? -Түлкі аң аулауға түнде шығады. -Ал, қыста ненің іздерін көрмейміз? -Аю, кірпі, борсықтың Ойын:«Аңдарды қоректендірейік» Мақсаты:жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу, немен қоректендіретінін үйрету.Шарты: Жабайы аңдардың суретімен қоректенетін тағамдары салынған сәбіз, қырыққабат, шөп, алма, жидек, сүйек, бал балалар сызып қосу керек Ойын:«Жыл құстары мен қыстайтын құстар» Мақсаты: Жыл құстарды қыстайтын құстардан ажырату. - Суретте қандай құстар көріп тұрсындар? - Ал ол құстар қалай айтады? - Басқа қандай қыстайтын құстарды білесіндер? - Қайшыауыз қыста балапан шығарады. Шарты: Үстел үстінде құстардың суретімен карточкалар, оларды ажыратуға үйрету, кыстайтын құстарды «ұлпақардың» астына, ал жыл құстарың «күннің қөзінің» астына апарып қояды.Қыстайтың құстар: Суық торғай, шымшық, торғай, қарға, тоқылдақ, қайшыауыз Ойын: «Неден жасалған?» Мақсаты: Сұрақтар қойып отырып, олардың сапасы туралы білімдерін арттыру Шарты:Көрнекті құралдармен жұмыс жасайды Ойын:«Шатаспақ» Мақсаты: Үлгі бойынша жиһаздың бөлімдерімен таныстыру Шарты: балалардың алдында шашылып жатқан ағаштан жасалған жиһаздары рет- ретімен қойуға көмектесейік. Ойын: «Ұста құралдары» Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.Шарты:жиһаз жасайтын шаруа құралдарың басқа заттардың арасынан тауып алып сызып коршау .Балалар, қалай ойлайсындар,жиһазды қандай шаруа құралдарымен жасайды? Ойын:«Жиһазды әшекелейік». Мақсаты: тірек сызбалар бойынша сөздік қорын молайтуТірек сызбалар бойынша жұмбақ жасырып, жасырылынған затты атайық, жиһазды әшекелейік. -Балалар, қалай ойлайсыңдар, жиһаз әдемі болу керек пе? -Неге? Ойын:«Адамға киім керек пе, не үшін қажет?» -Қуыршақ театры негізгі қуыршақ киімімен. Мақсаты: Жыл мезгілдерінің белгілерін танып әр түрлі киімдер керек туралы білімдерін кеңейтуШарты: Жыл мезгілдерінің белгілері бар карточкалар қойылады: « ұлпа қар», «күннің көзі», «жаңбыр».Содан кейін денемізді жаңбырдан, суықтан және күнге күюден сақтану үшін керек киімдер суретін карточкаларды тауып көрсетеді. -Мынау қандай белгі? -Қай жыл мезгіліне жатады? Қыста біз қандай киім киеміз? Сенің киімің қалай аталады? Карточкаларға карап, барлығы дұрыс көрсетті ме? Ойын:«Ол киімді кім киеді?» Өртсөндірші, аспазшы, дәрігер, сатушы, полиция...т. киімдерінен маманыдқ иелерін табу,Шарты: тәрбиеші жұмыс киімдердің моделін көрсетеді, балалар карап айтады және сараптайды . -Мынау кім? -Оны қалай білдіңдер? -Неге өрт сөндірушінің киімі дәл осындай? -Ол неден қорғайды? -Ал аспазшының жұмысына халат не үшін қажет? -Қалпақ? -Жұмыс киімдерді жалпы қалай атауға болады? - Арнайы жұмыс киімімен карточкаларды тауып көрсетіңдер. -Бұл киіммен қандай маман жұмыс істейді? -Ал енді адамдар демалуға киетін киімдері бар карточкаларды табыңдар -Мына киіммен қайда баруға болады? -Қалай демаламыз? -Мерекеге киетін киімді көрсетіңдерші - біз қандай қызықты заттар туралы айттық? Қарточкаларға карап, киімдер қандай белгі жасырынғанын табыңдар. (арнайы белгі) Ойын:«Артық зат» Мақсаты:ойлау қабілеттерін, қол моторикаларың дамыту.Шарты:Балалардың алдына киім кешек суретімен карточкалар қойылады, олар артық затты атайды, сызып тастайды.Мысалы:-Бас киімдер ( орамал, тымақ, етік, қалпақ) -Аяқ киімдер ( пима, ботенке, пальто, туфли) Ойын:« Мен модельер боламын» Балалардың алдында ұл және қыз қуыршақтар олар әдемі, ыңғайлы киімдер киігілері келеді, мен сендердің модельер болуларыңды қалаймын.Шарты: балалардың алдында түрлі-түсті киімдермен суреттер, фломастерларды алып, сызып көрсетеді. Ойын:Бөліктерді құрастыр" Мақсаты: Бөлшектерден сюжетті сурет құрастыруға машақтандыру.(отбасы суреті). кесінді суреттер.Шарты: Балалар: Таңертең топ ішіне кірсем, топта....мен дайындаған суретті қыйып тастапты, міне қараңдар мына үлкен кесілген, қағаздар жатыр.Балалар қалай ойлайсыңдар, олай істеуге болама? суретті қалай атаймыз? Ойын:"Бұл кімге тиісті". Мақсаты: Жоспары бойынша балаларды әңгіме құрауға үйрету, туысқандарды танып, атауға үйрету. Ойын:"Қай зат кімдікі". Мақсаты: сөздік корларын молайту.Шарты: мұнда балалар әжесіне, атасына, анасына, әкесіне, ағасына, апасына, әпкесіне тиісті затты тауып сызықпен қосу керек = |