Орындаған: К-14 тобының студенті Зұлпыхар Айкүміс Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. Блум таксономиясы Бенджамин Блум (1913-1999 жж.) Таксономия түсінігі Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген. Блум таксономиясы Білімді игеруге бағытталған 6 қадам Бағалау Жинақтау Талдау Қолдану Түсіну Білім 1. БІЛІМ Негізгі категориялар Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді. Оқу материалы деп әр түрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады. Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау. Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары 1.Білім Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді. | Тыңдайды, жазады, еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды. | Ғылымда білімді қабылдау мен қолдануды 5 деңгейге бөледі. Ақпараттық деңгей Жалпыламаланған табыс критерийлерінің мысалдары қолданылған терминдерді есте сақтайды және қайталайды; нақты фактілерді келтіреді; әдістер мен жұмыстың орындалу ретін (процедурасын) қайталайды; негізгі ұғымдарды есте сақтайды және қайталайды; ережелер мен қағидаларды жатқа келтіреді. Шәкірт: Таным мен ойлау түрі | МАЗМҰНЫ | Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР | Таным мен ойлау деңгейі | Б І Л І М | Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту. | «Кім ... ? Не ... ? Қалай ... ? Қашан ...? Қайда ... ? Қанша ... ?» есімдіктерінен құралатын сұрақтар. | Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау | Төменгi | Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі 2. Түсіну Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мәселен математикалық формуланы сөзбен айтып беру немесе, керісінше, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету); Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. Мұндай оқу нәтижелері материалды есте сақтау деңгейіне қарағанда анағұрлым жоғары болады. Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары 2. Түсіну Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б. | Ойларын айтады, түсіндіреді, ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар береді. Жазады. | Ғылымда білімді қабылдау мен қолдануды 5 деңгейге бөледі. Тезаурустық деңгей (ғылыми тіл) Шәкірт: Фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады, айырмашылығын көрсетеді, мысалдар келтіреді; Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді, өзгертеді; Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді (немесе керісінше); Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал салдарын сипаттайды, болжайды. Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі Таным мен ойлау түрі | МАЗМҰНЫ | Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР | Таным мен ойлау деңгейі | Т Ү С I Н У | Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру; есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. Ұқсастықтарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу. «Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады: 1. Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: ”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену, ”Салыстырыңыздар”, ”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау. 2. Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: формуланы сөзбен айтып беру, графиктi оқып беру, суреттi түсiндiру, мәліметті өз сөзiмен мазмұндау. 3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi. 4. Анықтамалар – атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу, таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек). | 1. Түсiндiрме: Х пен У арасындағы айырмашылық қандай? - А мен Б-ны салыстырыңыздар. 2. Аударма: Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз; - Зерттеудi кесте (диаграмма, схема, сурет) жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз. 3. Мысалдар: Тақырып (анықтама) бойынша мысал келтiрiңiздер (оқулықтан тыс). 4. Анықтамалар: 3-сынып оқушысына түсiнiктi болатындай етіп проблеманың анықтамасын берiңiз; - Осы атауды өз сөзiңiзбен түсiндiрiп берiңiз. | Аудару, сөзбен қайта құрастыру, сипаттау, анықтау, түсіндіру, жеткізу, ерекшелігін анықтау, өз орнына қою, әңгімелеу, мәлімдеу, салыстыру, айырмашылығын көрсету, ұқсастықтарын келтіру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мысал келтіру, өз сөзімен айту, анықтаманы тұжырымдау | Орта | 3. Қолдану Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары 3. Қолдану Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырырмалар береді. Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді. Мысалы: Қатемді тап, тақырыпқа сай сөйлем құра, проблемалық ситуация т.б. | Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу. Кітаппен жұмыс. | Ғылымда білімді қабылдау мен қолдануды 5 деңгейге бөледі. Методикалық деңгей Шәкірт: ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді. Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі Таным мен ойлау түрі | МАЗМҰНЫ | Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР | Таным мен ойлау деңгейі | Қ О Л Д А Н У | Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру. Шәкірт ұстаздың көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек. Педагог тек шешiмге емес, шешу процесiнiң барысына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн. | - Қалай қолдануға болады? - Жасап көрсе қалай болады? - Не бiлгiңіз келедi? - Егер былай/ олай жасаса (былай/ олай болса), нәтижесі қандай болар еді? - Мына мәселені қалай шешуге болады, егер анауды қолдансақ? | Интерпретациялау, қолдану, бір нәрсеге тіркеу, пайдалану, көрсетіп беру (жұмыс ретін, қағидасын), ережесін сақтап орындау, рөлді орындау, рөлдерге бөліп ойнау, практикада қолдану, сахналау, иллюстрацииялау, идеяларға жүгіну, жазып көрсету, реттеу, нобайын салу | Орта | 4. Талдау Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: Бүтіннің бөліктерін ажырату; Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау; Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын білуді меңзейді. Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары. 4.Талдау (Анализ) Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату. | Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді. | Ғылымда білімді қабылдау мен қолдануды 5 деңгейге бөледі. Технологиялық деңгей Шәкірт: жасырын (көзге көрінбейтін) жайттарды ашады; ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды; фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады; ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды. Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі Таным мен ойлау түрі | МАЗМҰНЫ | Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР | Таным мен ойлау деңгейі | Т А Л Д А У (а н а л и з) | Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Үйренуші әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi. Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, жан-жақты игерумен ерекшеленедi. Талдаудың түрлерi: 1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту. 2. Астарлы мағынаны ажырату /Подтекст/ - екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн). 3. Мотивация - себептердi айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек. | 1. Негiзiн тану - Бөлімдердің өзара айырмашылықтарын келтiрiңiз/ салыстырыңыз. - Қалайша жіктеуге (классификациялауға) болады? 2. Астарлы мағына -Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) мәнi қандай? - Мынаны қалай түсiнесiз? - Егер мынандай болса, онда қалай болады? 3. Мотивация - Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) себебi мен салдары қандай? - Мынау нелiктен дәл осындай, басқаша емес? | Бөліп шығару, талдау, бөлу, ретін дәлелдеу, санап шығару, тәжірибе жасау, тестілеу, салыстыру, қарама-қарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету, тексеру, талқылау, анықтап сұрау, салыстыру, мәселені шешу, жіктеу, сұрыптау, категорияларға бөлу, себеп-салдарын айқындау | Ж о ғ а р ғ ы | 5. Жинақтау (синтез) Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары. 5.Жинақтау (синтез) Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. | Ойлап табады,байланыстырады, шығарады. Ойын түйіндейді. Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. | Ғылымда білімді қабылдау мен қолдануды 5 деңгейге бөледі. Зерттеушілік деңгей Шәкірт: Шығармашылық тұрғыдан шығарма (эссе) жазады; Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады; Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады. Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі Таным мен ойлау түрі | МАЗМҰНЫ | Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР | Таным мен ойлау деңгейі | С И Н Т Е З (ж и н а қ т а у) | Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру. Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру. Жұмыс және нәтиже түрлерi: 1. Шығармашылық жанрлар: эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу. 2. Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу: мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау). 3. Абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер: ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну. | - Жаңа мазмұн құрастыру үшін мынаны қалайша өзгертуге (бейімдеуге, құрастыруға) болады? - Жақсарту (ұлғайту, көркейту, дамыту, тереңдету, т.б.) үшін не істеуге болады? - Қалайша біріктіруге болады? - Қандай критерийлер бойынша біріктіруге болады? - Мына мәселені (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) дәлелдеу үшін нені біріктіруге болады? | Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, сөзбен құрастыру, жазу, ретімен қою, жинақтау, өзгерту, шығармашылықпен орындау, ұйымдастыру, дайындау, жасап беру | Ж о ғ а р ғ ы | 6. Бағалау Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап, шешім қабылдау. Мұнда шәкірттің пайымдаулары нақты дәлелдерге негізделуі керек: - ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан; сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижеле- ріне қол жеткізуді меңзейді. Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары. 6. Бағалау Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Материалдың өзі үшін керектігін,құндылығын, керекті- сін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектісін таңдау. | Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады. | Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүріп жатырмын. Шәкірт: оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды; жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды. ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындайды; Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі Таным мен ойлау түрі | МАЗМҰНЫ | Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР | Таным мен ойлау деңгейі | Б А Ғ А Л А У | Даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдеу. Оқушылар өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздеуi қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет. | - Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе? - Мұны жақтайсыз (немесе оған қарсысыз) ба? - Былай (немесе олай) жасаса, дұрыс бола ма? -Мұның жағымды/жағымсыз, оң/сол, ұтымды/ұтымсыз жақтары қандай? | Тиянақтау, салмақтау, бағалау, рейтингілеу, салыстыру, қайта қарастыру, рет-ретімен қою, сұрыптау, таңдау, өлшеу, жазу, жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру, шешім қабылдау | Ж о ғ а р ғ ы | Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспарының маңызы Мұғалімнің шығармашылығын жүзеге асыруына тірек болатын төмендегі жүйелерін дамытады: Шығармашылық әрекет; Проблеманы көре білу; Болжай білу; Жаңашылдықты ендіру; Өз жұмысының бағдарламасын жасау; Рефлексиялай алу; Шығармашылық ойды іске асыру үшін идеяларды тудыра алу. Сұрақтар Ойлау деңгейі | Сұрақтар үлгілері | Білу және түсіну | | Қолдану | | Талдау | | Жинақтау | | Бағалау | | Сұрақтар Ойлау деңгейі | Сұрақтар үлгілері | Білу және түсіну | Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба? | Қолдану | Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда? | Талдау | Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі? | Жинақтау | Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты? | Бағалау | Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті? | Тапсырмалар Білу | | 1-2 ұпай | Түсіну | | 3-4 ұпай | Қолдану | | 5-6 ұпай | Талдау | | 7-8 ұпай | Топтау | | 9-10 ұпай | Білімді бағалау | | 11-12 ұпай | Тапсырмалар Білу | Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз. | 1-2 ұпай | Түсіну | Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз. | 3-4 ұпай | Қолдану | Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз. | 5-6 ұпай | Талдау | Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз. | 7-8 ұпай | Топтау | Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз. | 9-10 ұпай | Білімді бағалау | Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз? | 11-12 ұпай | 1-2.Пәндер бойынша тапсырма түрлері 1.Білу 1. Зат есімге анықтама беріңіз. 2. Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады? 3. Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады? 4. (9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз. 5. ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз. 2.Түсіну 1. Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз. 2. ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз. 3. Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз. 4. Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз. 5. Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады? 3-4. Пәндер бойынша тапсырма түрлері 3.Қолдану 1. Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз. 2. Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса. 3. Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар. 4. Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз. 5. Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды көрсетіңіз. 4.Талдау 1. Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсылары жалған? 2. Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлар ұқсастығы. 3. Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз. 4. Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз. 5. Жәндiктердi сипаттамасы бойынша қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыз. 5-6.Пәндер бойынша тапсырма түрлері 5.Жинақтау (синтез) 1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға түсiрiңiз. 2. И.Тургеневтiң «Му-му» әңгiмесiн иттiң тұрғысынан жазыңыз. 3. Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз. 4. Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз. 5. Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз. 6.Салыстырмалы бағалау 1. Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе? 2. Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз. 3. Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе? 4. Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз. 5. Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен? http://adister.weebly.com http://ppt-online.org https://www.metod-kopilka.ru/tzhiribe-almasu-tairibi-blum-taksonomiyasi-sapali-oitudi-tiimdi-zholi-68325.html Пайдаланған әдебиеттер: |