Математика. Мұқаш Шырай. Академ 1. Орындаан Маш Шырай Тобы тфп210161к тексерген Сарыбаева Нуржамал Эссе таырыбы Академиялы адалды кодексімен танысу Академиялы адалды
Скачать 18.88 Kb.
|
Орындаған: Мұқаш Шырай Тобы: ТФП21-016-1К Тексерген: Сарыбаева Нуржамал Эссе тақырыбы: «Академиялық адалдық кодексімен танысу» Академиялық адалдық - жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы. Академиялық адалдық принциптері: 1) шыншылдық – адал, білім алушылардың бағаланған және бағаланбаған жұмыстарын мұқият орындау. Шыншылдықтың негізгі компоненттеріне еңбекқорлық және тәртіптілік жатады. 2) автордың құқықтарын және оның мұрагерлерін қорғауды жүзеге асыру авторлық құқықтың обьектісі болып табылатын тұлғаның жұмыстарында бөтеннің сөзін дұрыс аудару, ойын дұрыс жеткізу арқылы қорғау; 3) ашықтығы – ашықтық, өзара сенім, білім алушылармен ПОҚ арасында және оларға теңестірілген тұлғалардың ақпарат пен идеялардың ашық алмасуы; 4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – білім алушылардың пікірлерін және идеяларын еркін білдіру құқығы; 5) теңдігі – осы Ережеге сәйкес әрбір білім алушының оны бұзғаны үшін жауапкершілік міндеті. Академиялық адалдықтың бұзылуына жол бергені үшін білім алушылар мен ПОҚ, университет қызметкерлері жауап береді. Академиялық адалдық қағидаларын бұзу шаралары: Әділдікті алғашқы анықтау - актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, кінәлілерді кафедра отырысына шақыру, қайта тапсыру құқығы. Әділдікті қайта анықтау (3 жағдайға дейін) – актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, қайта тапсыру құқығынан айыру, жазғы сесияға қалдыру. Академиялық адалдық қағидаларын 3-тен артық бұзушылық болса - актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, университеттен шығару. Қорытынды аттестаттауда академиялық адалдық қағидалары бұзылса, плагиат, қосарланушылық, көшіріп алушылық фактілері туралы материалдар мамандық бойынша МАК-қа ары қарай шешім қабылдау үшін жіберіледі. Бұзушылық түрлері Осы ереже университеттің білім алушыларына, оқытушылары мен қызметкерлеріне академиялық адалдықты бұзушылықтардың мынадай түрлері көзделген: 1) плагиат: - материалдарды басқа көздерден автордың дәлелінсіз және материалдың шығу көзін көрсетпей жартылай немесе толық иемденіп алу; Түрлі нысандарда плагиатты көрсетуге болады: • тиісті тыныс белгісін (тырнақша) қолданбай және/ немесе ақпарат көзіне сілтеме жасамай отырып ақпарат көзінен үзінді алу; • ақпарат көзін көрсетпей ауызша айта салу; • авторға сілтеме жасамай,біреудің идеяларын немесе дәлелдерін пайдалану; • толық немесе ішінара біреудің немесе басқа студенттің жазбаша жазған жұмысын ұсыну; • интернеттен алынған курстық / диссертациялық жұмысты ұсыну; • басқа курс үшін тапсырма ретінде жүргізілген жұмысты қурстық ретінде ұсыну; 2) келісім: - басқа студенттің бағаланатын жұмысын орындап беру; 3) алдау: - өзге студенттердің бағаланған жұмысын көшіру; - бағаланған жұмысты қайта көрсету; - әдепкі жағдайда жалған сылтаулармен, бағаланатын жұмыстарды орындау мен қайта ұсыну; - топпен бірге қамтамасыз етілмейтін жұмысты, екі немесе одан да көп студенттермен орындау; - басқа да студенттерге саналы көмек:өзіңнің бағаланған жұмысыңды есептеп шығару үшін рұқсат беру, кеңестер, жауаптарын қолдану, кітаптар т.б.; - біреудің бағаланған жұмысын өзінікі ретінде көрсету; 4) деректер бағаланатын жұмыс, жалған бағалау: - тапсырма нәтижелерінің жауабын бағалау, жалған бағалау; - жалған деректер (бұрын жазу, көшіру, түзету) яғни өлшеу және қадағалау сауалнама бақылау, басқа да сауалнама әдістерін зерттеу кезінде; - шамадан тыс бағалау бақылау жазбаша жұмысы кезінде; - басқа білім алушының бағасының бүлінуі немесе әдейі қолдан өзгертуі; 5) бағаланатын жұмыстың жауабын сатып алу, - бағаланатын жұмысты орындау кезінде жауаптарды беру; - сату немесе басқа жолдармен көмек көрсету, сатып алу немесе сатуға дайын бағаланатын жұмыстарын көрсету (курстық, дипломдық жұмыстарды, магистрлік диссертациялар және т. б.) 6) ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану: - тестілеу, бағаланатын бақылау жұмыстары кезінде электронды, сандық, қағаз түрінде, техникалық құрылғылар түрінде ақпаратты қолдану; - бағаланатын жұмыс кезінде, кез келген жолмен жауаптарын алу, соның ішінде электронды пошта арқылы жүктеу немесе компьютермен т.б. - қағаз және электрондық тасығыштарда бағаланатын жұмыстарға қатысты педагогикалық қызметкерді кабинетінен шығару және /немесе компьютерден материалдарды көшіру |