Главная страница
Навигация по странице:

  • , көрсету, презентация).

  • Мазмұнға байланысты міндеттер

  • Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті

  • Наурыз көктем.

  • Сыни ойлау тәсілдері. Сыни ойлау тәсілдері арқылы мәтінмен жұмыс кезінде үйлесімді с. Орындаан Шакен Айнр,Сегизаева Айсара, Салауатызы Жансая, Сапарова Камила, Хурманхан Жібек пмно11 с


    Скачать 34.02 Kb.
    НазваниеОрындаан Шакен Айнр,Сегизаева Айсара, Салауатызы Жансая, Сапарова Камила, Хурманхан Жібек пмно11 с
    АнкорСыни ойлау тәсілдері
    Дата12.04.2022
    Размер34.02 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСыни ойлау тәсілдері арқылы мәтінмен жұмыс кезінде үйлесімді с.docx
    ТипДокументы
    #465514

    Орындаған:Шакен Айнұр,Сегизаева Айсара, Салауатқызы Жансая, Сапарова Камила, Хурманхан Жібек

    ПМНО-11 с

    Сыни ойлау тәсілдері арқылы мәтінмен жұмыс кезінде үйлесімді сөйлеуді дамыту

    Сөйлеу-мәдениет пен білімнің айнасы. Сөйлеу арқылы сөйлеушінің ойлау деңгейін, сондай-ақ оның даму деңгейін анықтауға болады. Балалардың белсенді сөздігі баяу өсуде. Балалар сөзін зерттеушілер бастауыш сынып оқушыларының сөздігі нашар екенін айтады. Баланың сөйлеуін дамыта отырып, біз оның ақыл-ойын дамытамыз. Сөйлеуді дамыту арқылы ғана ойлаудың, қиялдың, өкілдіктің қалыптасуы мен жетілуі мүмкін, үйлесімді сөйлеуді дамыту бойынша жұмыста басты рөл мәтінге беріледі. Мәтінмен жұмыс әдеби оқу сабақтарында, қазақ тілі сабағында неғұрлым тиімді, егер пайдалану әдіс-тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлау, жәрдемдесетін қалыптастыру мынадай машықтар: білу, мәселелерді қоюға білу, бөлу, ең бастысы, жасай білу, салыстыру, білу орнатуға себеп – салдарлық байланыс жасауға, мәнін ақпаратты түсіну, проблеманы тұтастай қарастыру. Оқушылармен мәтінмен жұмыста сыни ойлаудың келесі әдістері мен әдістерін жүйелі түрде қолдануға болады:

    • берілген тақырып бойынша "ассоциативті карта" құру;

    • кластерлер: мәтіннің семантикалық бірліктерін және олардың графикалық дизайнын белгілі бір ретпен кластер түрінде бөлу;

    • негізгі сөздер бойынша әңгіме-болжам;

    • "бағытталған оқу; синквейн жазу; жиынтық кесте: "Плюс. Минус.

    • Қызықты; "ми шабуылы"; "пікірталас картасы"; "Инсерт" немесе "қоқыспен оқу"; "болжау ағашы".

    Осындай әдістерді қолдана отырып, оқушыларға мәтінді ақпарат көзі ретінде тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.

    Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. ТәжірибеніжүйегекелтіргенДжинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады .

    Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

    Негізінен сыни ойлауды мәтінмен жұмыс жасау барсында дамытқан дұрыс әрі тиімді тәсілдердің бірі болып келеді. Мысалы: оқушылар оқыған мәтіннің мазмұнын талқылау барысында өзінің жеке көзқарастарын жеткізіп, кейіпкерлердің немесе белгілі бір оқиғаның жағымды және жақсы тұстарын талқылау жұмысын жүргізеді. Осы сәтте оқиғанның тұстарын талқылау барысында әр оқушының сыни ойлауы арқылы жүзеге асады. Мәтінге сыни ойлау арқылы талқылау жүргізу үшін келесі әдістерді пайдалануға болады:

    Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

    Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

    Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

    Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:

    – Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.

    – Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).

    – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы.

    – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

    RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с

    Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, кез-келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.

    Осымен де байланысты, баланың жанына берілетін «азықты» білім мазмұнын әдістемелік сын тұрғысынан ойлау жағынан ғана емес, оқушының жан болмысымен байланыстыра отырып даярлау қажет. Оқушының қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан, ойлау тұрғысынан оқушының ойлауы мен тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілі пәніне үлкен міндеттер жүктеледі. Қазақ тілі сабақтарында әрбір жұмыс түрлері мәтінмен жұмыс, жаттығулармен жұмыс, суретпен жұмыс, грамматикалық, лексикалық, фонетикалық талдау т.б. Мәселен, мәтіндермен жұмыс істеу кезінде оқушылар әр мәтін мазмұны мен ондағы негізгі ойды талдап, талқыға салу мәселесін көтере отырып, жақсы мен жаман жақтарын жан-жақты таратып айта алады. Мәтін мазмұны оқушысының кең дүниетанымын қалыптастыруға толығымен қызмет атқара алады. Өздерін толғандырған мәселе жайында түрлі сұрақтар қоя отырып, ой қозғай алады.

    Қазақ тілінің грамматикасының сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып оқытуда нақты тәрбиелік мүмкіншіліктер қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тіл дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы тәрбиелік тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі грамматика сабақтарының салмағы қандай? Деген сұрақтар қойылып, қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамытудың тәрбиелік негіздерін зерделеуді осы бастаудан аламыз. Бұл мәселе туралы қарастырған кезде төмендегідей мәселелер ескерілуі тиіс: қазақ тілін оқытудың тәрбиелік ықпалы, жалпы тәрбиелік мазмұнының құраушы бөлігі болып табылады. Өйткені, әрбір сабақтың, оқушының өз бетімен орындайтын жұмыстарының, сабақтан тыс жұмыстарының ішкі тәрбиелік мүмкіншіліктері болатыны және олардың мол потенциалы болатыны белгілі. Мәселе солардың көзін ашып тануда.

    Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Бұған сын тұрғысынан ойлау сабақ құрылымы да әсер етеді.

    Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, толғаныс.

    Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады.

    1. Қызығушылығын ояту стратегиялары: ой қозғау, топқа бөлу, топтастыру.

    2. Мағынаныашустратегиялары: ассоциация, Венн диаграммасы, бес жолдықөлең.

    3. Толғанысстратегиялары: автор орындығы, бірлескенжоба, эссе.

    Ал грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда стратегия түрлерінің қолданылуы арқылы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас (сөйлеу, жазу, айту, оқу) жасауға, ойлау қабілетін дамыту, ойын еркін шешен жеткізе білуге үйретеді.

    Оқылым мен жазылым арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы инновациялық педагогикалық әдістердің ішінде мәселені қоюда оқыту тиімділігі тұрғысынан сәтті шыққан әдістердің бірі болып саналады. Сыни ойлауды дамыту технологиясының негізгі ережелері негізгі үш кезеңнен немесе сатыдан тұрады, олар:

    1. Әңгімеге тарту (вызов);

    2. Жаңа ақпараттың мәнін түсіну (смысловая стадия);

    3. Ой қорыту (рефлексия).

    1-қадам. Мұғалім тақырыпты атап, мәтіннің атауын хабарлайды, оқушылардан кейіпкер туралы ақпараттарды, жалпы ол туралы не білетінін еске түсіруін сұрайды, өтінеді. (Мен білемін).

    2-қадам. Мұғалім оқушылардан осы мәтін арқылы не білгісі келетінін, кейіпкер туралы не білгісі келетінін айтуды өтінеді. (Нені білгім келеді?)

    3-қадам. Мәтінді оқып, кестенің үшінші бағанын толтыру. (Не білдім?)

    «Абай – ұлы ақын» мәтінімен жұмыс

    Бұлтапсырманыжеке де, жұптықтапсырмаретінде де, топта да орындайберугеболады. Әркезеңніңсоңында ұжымдықталқылау жүргізіледі. Маңыздыақпараттар мен аса қызықтымағлұматтаркестеге, тақтағанемесеплакатқажазылады. Сын тұрғысына ойлау технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жеткіздік. Нақтылай қорытынды жасасақ, оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.

    Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі, өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады. Топпен жұмыс істеуге үйренеді. Жан дүниесін тәрбиелейді.

            Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамытумен қатар тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.

    Педагогикалық технологиялар оқыту нәтижесін алдын-ала болжау және жеке мұғалімнің тәжірибесінен тәуелсіз ету үшін жасалды. Сондықтан педагогикалық технологияның маңызды ерекшелігі-тәжірибені беру, оны басқалар қолдану. СТО технологиясы – оқу және жазу процесінде ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тұтас жүйе. Ол ашық ақпараттық кеңістіктің базалық дағдыларын игеруге, мәдениетаралық өзара іс-қимылға қосылған ашық қоғам азаматының қасиеттерін дамытуға бағытталған. Технология білім беру саласындағы көптеген мәселелерді шешуге таптырмас жүйе.

    Сыни ойлауды дамытуда қолданылатын стратегиялар оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді:

    • айқын мақсат қоя білу;

    • белсенді қатысуды қолдау;

    • жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру;

    • өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға дегенын таларын жандандыру;

    • өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;

    • басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру;

    • кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту;

    • сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

    Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамытумен қатар тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – ойлау мен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.

    Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі – баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі.

    Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі , сөздік қоры жақсы дамиды.

    Сөйлеуді дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі,әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.

    Мақал –мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады.

    Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:

    —түсінгенін әңгімелеу

    —сұрақтарға жауап беру

    —кейбір үзінділерді жатқа айтқызу

    —оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру

    —кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру

    —әңгімелердің ұқсастығын салыстыру

    —ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.

    Әр сабақтың тақырыбына байланысты диктант түрлері жүргізіледі. Диктанттардың ең күрделісі – шығармашылық диктант. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттырады.Оқушылардың ойын жазуға үйрететін тағы бір әдіс – «Өз ұйқасын тап», «Әңгімені ары қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор.

    М. Жұмабаев “Ана тілі бастауыш мектепте” деген еңбегінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға дағдыландыратын жаттығулар жүйесін ұсынған М. Жұмабаев ұсынған әдіс-тәсілдер:

    • Сахналау;

    • Сурет бойынша әңгіме;

    • Әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу;

    • Даяр әңгімені өз жанына толықтыра білу;

    • Хат жаза білу;

    • Бір белгілі бір әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығару.

    Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда мынадай принциптер қолданылады:

    1. Теорияны практикамен байланыстыру принципі;

    2. Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру принципі;

    3. Ғылымилық принципі;

    4. Көрнекілік принципі;

    5. Жүйелілік және бірізділік принципі;

    6. Саналылық пен белсенділік принципі.

    «Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

    Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

    Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

    Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

    Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

    1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

    2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

    3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

    4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

    5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;

    6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

    7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

    Ал оқушылардан осыған байланысты:

    — сенімділікпен жұмыс жасау;

    — бар ынтасымен оқуға берілу;

    — пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

    — өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

    Тек сонда ғана олар:

    — мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

    — осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

    — осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

    — маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

    ДЖИК СО стратегиясы — ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін — бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

    INSERT немесе түртіп алу стратегиясы — түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» — білмеймін, «-» — мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды — деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.

    Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.
    Оқушы шығарманы, мәтінді сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Осындай жұмыстар барысында оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін мына әдістерді қолдануға болады: көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу; мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау; мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу; ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау.

    Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал. Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс тіл үйренушінің сөздік қорын байыту мен еркін сөйлеуге үйрету немесе өз ойын ашық, анық жеткізе білу дағдысын қалыптастыру мақсаттарын көздейтіндіктен, тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде ұтарымыз мол болмақ. Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден,  білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді.

    Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауының бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. Оқыту мен оқу үдерісінде білім алушы теориялық, танымдық ақпаратты мәтін арқылы алады, ал алынған ақпаратты қабылдап, ой елегінен өткізу арқылы шығармашылық әрекетпен өмірде қолданады.

    Мәтін – мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың ақпаратқа көзқарасымен, ақпараттың нысандылығымен  танылатын болса, шығармашылық – тұлғаның стандартты емес шешімдер қабылдаудағы терең қасиеттерін көрсететін қабілеті. Мектеп оқушыларының жаңартылған білім беру жағдайында күнделікті білім алу, пәндер бойынша жиынтық бағалау жұмыстарында, қорытынды аттестаттау емтихандары мен сыртқы және тәуелсіз бағалау сынақтарында берілген мәтіндегі ақпаратты табу біліктілігін арттыру  үшін  мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытудың бүгінгі күні маңызы зор.

    Оқушы тапсырманы орындау барысында мәтінді «көзбен сүзіп» өтіп, оның негізгі элементтерін анықтау және қандай да бір болмасын сипаттамаларына қарап мағыналық бірлігін (ұқсастықтарды, айырмашылықтарды, себептік-салдарлық қатынастарды және т.б. анықтау) табу, ақпаратты салыстырып көру, автордың ойын білу, жауапты дайындау барысында әлем туралы өз пайымдауына сүйеніп, өз ойын қорғайтын дәлелдер келтіруді меңгеруі қажет. Сондықтан мәтінмен жұмыс жасаудың мақсаты – мәтіннің тілдік-құрылымдық, стильдік жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.

    Білім алушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін, өзіндік ой-пікірлерін жетілдіру, игерілген ақпарат арқылы сыни ойлауы мен метатанымдық қабілеттерін арттыру. Мәтінмен жұмыс жүргізуде теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, мәтіннің және шығармашылықтың өзіндік заңдылықтарын  сауатты қолдануға негізделген ауызша, жазбаша жұмыстар, теориялық ұғымдар негізінде мәтін мен шығармашылық бойынша түрлі деңгейдегі  тапсырмалармен  шығармашылық, ізденушілік бағыттағы өзіндік зерттеу жұмыстары.

    Мәтін мазмұнын жан-жақты ашуда белсенді әдістер арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері, тақырыптар бойынша тілдік және мәтіндік талдау, сыни тұрғыдан ойлануға байланысты жағдаяттық  тапсырмалар,  шығармашылық тапсырмалар берілсе, оқушылардың өзіндік ізденісін де арттыруға мүмкіндік туады. Мәтінмен жұмыс жасау барысында тілдік  (әңгіме, дәріс, диалогтік оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту), көрнекілік (танымдық, зерттеушілік, сюжеттік, деректі фильмдер, көрсету, презентация).

    «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын)  салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

    Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

    Мазмұнға байланысты міндеттер:

    1.Әңгімені оқып танысады.

    2.Мазмұнын ашады.

    3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

    Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

    Оқушының оқу мен  жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

    Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

    1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

    2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

    З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

    4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

    Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

    Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдістерді қолдандым. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады. Мысалы: «Торғай» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты. Ол үшін «Торғай, жылан, бала» сөздерін алдым. Бұл сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым.

    Не болады?

     

    Дәлел.

    Не болды?

    Торғайға бір қауіп төніп тұр. Жылан торғайды жемекші, не бала торғайдың жұмыртқасын жармақшы.

     

    Торғайдың ащы шырылы құлаққа тиді. Жаны ашыған торғайлар жанында жүр.

    Торғай тастай ағып жерге топ ете түсті.

    Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылау:

    1) Торғай аман, тірі қалсын ба? - Тірі қалсын.

    2) Әлде жылан торғайды жеп қойсын ба? - Жоқ.

    3) Бала торғайды құтқарсын ба? - Құтқарсын.

    4) Бала мақсатына жетті ме? - Бала мақсатына жетті.

    5) Бала неге қуанды? - Бала торғайды аман алып қалғанына қуанды.

    Оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын.

    2-сыныптан бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді. Тапсырма түрлері өзгертіледі.Кейіпкерге мінездеме беру, автордың ойына өз ойларын қосу, мәтінді жалғастыру, кейіпкерге сипаттама беру, өзіндік көзқарастарын білдіру, авторға хат жазу, автор орындығы т.б. арқылы шығармашылығын арттырып, қызықтырып отырамын.

    Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырылды. Мысалы: «Көктем» тақырыбын бірнеше тақырыптарға талдап, ұнағанына жазады. «Көктем», «Көктемгі орман», «Көктемгі жан-жануарлар» Көктем туралы оқушылардың жазған шығармалары:

    Наурыз көктем.

    Көктем келді. Күн жылынды. Құстар келіп ән салып жатыр. Жерде жасыл шөптер шыға бастады. Гүлдер гүлдеп, ағаштар бүршік атты. Барлығы келе жатқан Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр. Мерекеде киіз үй құрады. Дастарханға қымыз қойып, бауырсақ төгеді.

    Сонымен бірге 5 жол өлең құрастыру арқылы да оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын дамыту жолын сабақта жиі қолданамын.

    Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын. Мысалы: «қырбық қар» - жаңа түскен қар.

    1. Ақша қар

    2. Мамық, ақ жібектей,

    3. Себелеп, ұшып жүріп жауады

    4. Жайнатады даланы.

    5. Қырбық қар – деп құрастырды.

    Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.

    Оқушы әрекеті: 1. Өз ойын еркін жазу.

    2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.

    3. Бірлесе әрекет ету.

    4. Өз әрекетін талдау.

    5. Өз мақсатын анықтау.

    Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

    Ссылки:https://rcdo.kz/publ/8959-razvitie-svyaznoy-rechi-pri-rabote-s-tekstom-s-ispolzovaniem-priemov-kriticheskogo-myshleniya.html

    https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/obshchepedagogicheskie-tekhnologii/2015/10/21/ispolzovanie-metodov-i-priyomov

    https://articlekz.com/kk/article/32464

    https://bilimainasy.kz/rahmetova/

    https://all.aikyn.kz/gylymyi_maqala/%D0%BE%D2%9B%D1%83-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D0%B6%D0%B0%D0%B7%D1%83-%D0%B0%D1%80%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D1%8B-%D1%81%D1%8B%D0%BD-%D1%82%D2%B1%D1%80%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%BD.html

    https://bilimdinews.kz/?p=157109

    https://bkokdi.kz/en/2015k2/1184-conf.html


    написать администратору сайта