Тыныс және жүрек жұмысының. Тыныс жне жрек жмысыны тотауындаы кмек Халыаралы дегейде мойындалан реанимацияны (жандандыру) арапайым реанимацияны ліппесі
Скачать 0.59 Mb.
|
Тыныс және жүрек жұмысының тоқтауындағы көмек Халықаралық деңгейде мойындалған реанимацияның (жандандыру) «Қарапайым реанимацияның әліппесі» деп аталатын жобасында 4 бөліктен тұрады деп көрсетілген. -«А» -сіз үшін немесе бала үшін қатердің бар жоғын анықтау. Әртүрлі жағдайда әртүрлі қауіп қатер болады. Сіз оларды бір мезетте бағалап, олардан қалай құтылуға болатындығына, не білетіндігіңізге көз жеткізуіңіз қажет. -«В» -ауа өткізетін жолдарды тексеру (олар боспа екен?) -«С» -тыныс алуды тексеру (бала демалып жатырма екен кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз; тыныс алу дыбыстарын тыңдаңыз; өз бетіңізден баланың демалысын сезіңіз. -«Д» -қан айналымын тексеру (жүрек соғып тұрма?) пульсті тауып алыңыз. Бір жасқа дейінгі балаларда пульстің ең жақсы анықталатын жері-иық артериясы. Қолдың ішкі бетінен шынтақ пен иықтың ортасынан іздеу қажет. Сүйекке қарай екі саусақпен сәл басып тұрып, бір мезгілде үлкен саусақпен қолдың сыртқы бетін ұстап тұру қажет. Бір жастан асқан балалардан тамыр соғысын ұйқы артериясынан іздеу керек. Адам алмасын (көмей ортасының томпаюы) екі саусақпен тауып алыңыз. Саусақты адам алмасынан оның тереңдеген және мойын бұлшықеттерінің арасына орналастырыңыз. Пульсті сезіну үшін мойынды басыңыз. Назар аударыңыз: егер сіз тыныс қимылдарын көрмесеңіз- «жүрекке жанама массажын» жүргізу керек. «Ауыздан ауызға» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жүргізу. Бір жасқа дейінгі және үлкендеу балаларға жасанды дем алдыруды «ауыздан ауызға» әдісімен жүргізудің айырмашылығы бар. Нәрестені жасанды демалдыру кезінде 3 шартты орындау керек: ауаны бір мезгілде ауызға және мұрынға үріңіз. емшек жасындағы баланың мойының қысқа, жуандау және нәзіктеу екендігін есте сақтаңыз-басын шалқайтқан кезде абай болыңыз. нәрестенің тыныс алу жолдарына өзіңіздің толық ауа көлемін үрмеңіз, себебі альвеолалар жыртылып кетуі мүмкін. Бір жасқа дейінгі балаларға жасанды тыныс алдыруды жүргізу
Әртүрлі жастағы балаларға жүректің тікелей емес массажының жүргізілуі
Қызба – патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде пайда болатын және дене қызуының көтерілуіне әкелетін, организмнің табиғи реактивтілігін күшейтетін терморегуляция үрдісінің өзгеруімен сипатталатын, организмнің қорғаныс-бейімделу реакциясы. Гипертермиялық синдромды қызбаның патологиялық түрі деп санауға болады, ол кезде дене қызуының жылдам және оқыс көтерілуі байқалады да, микроциркуляциялық, метаболикалық бұзылыстармен және өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің үдемелі бұзылуымен өтеді. Баланың дене қызуы көтерілу деңгейіне қарай: Субфебрильді -37,2-38,0 градус Фебрильді – 38,1-39,0 градус Гиперергиялық -39,0 градус және одан жоғары температураны ажыратады. Балалардағы қызба диагностикасы барысында қызыл және ақ гипертермияға ажыратылған. Балаларда, көбінесе, болжамы қолайлырақ болып келетін қызыл гипертермия кездеседі.(жылудың өндірілуі жылудың шығарылуына сәйкес келеді).Баланың терісі шамалы гиперемияланған, ыстық, ылғалды, аяқ қолы жылы, пульс пен тыныс жиілеуі дене қызуының көтерілуіне сәйкес келеді. (37 градустан жоғары әрбір градусқа ентігу минутына 4 рет тыныс алуға, ал тахикардия минутына 20 рет соғуға артады). Ақ гипертермия келесі белгілермен сипатталады: Терісі бозарған, «мәрмәр тәрізді», тырнақтары мен еріндері көгерген, «ақ дақ» симптомы оң. Аяқ-қолдары суық. Шамадан тыс тахикардия, ентігу Баланың жүріс-тұрысының бұзылуы:немқұрайлық, сылбырлық, қозуы, сандырақтау, тырысулардың болуы мүмкін. Ақ гипертермия кезінде қызуды басатын дәрілердің көмегі жеткіліксіз болады. Гипертермиядағы шұғыл көмек
Ерте жастағы балаларда гипертермия болған кезде стационарға тасымалдау! Құрысу дегеніміз дененің пішіні мен аяқ қолдарының сіресуін шақыртатын бұлшықеттің еріксіз жиырылуы. Фебрильді құрысулар жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балаларда жоғары температура фонында дамиды. Афебрильді құрысулар жаңа туған нәрестелерде туу жарақаты немесе миының зақымдалуы нәтижесінде дамиды. Аяқ-қолдардың ырғақты құрысулары эпилепсияға тән белгілер болып табылады. Құрысулар жергілікті (белгілі бір бұлшықеттер тобына таралады) және жайылмалы (құрысу ұстамасы) болып бөлінеді. Құрысу-тырысу кезінде көмек көрсету Мейірбике әзірлейді: диазепам, туберкулин (1 мл) шприцтер, дәкелік сүлгілер, шпатель. Анасын жайландыру. Баланы қатты, тегіс жерге жатқыныз. Қысып тұрған киімдерден босатыныз. Таза ауамен қамтамасыз етініз. Тілін шайнап тастамас үшін мақтамен немесе бинтпен оралған шпатель немесе дәкелік сүлгілерін ауызына салыныз. Құрысу-тырысуға қарсы туберкулин шприцке диазепам дайынданыз. Ампуладан туберкулин шприцке баланың жасына қарай диазепамді сорып алыныз, содан соң инені алып тастаныз. Шприцті тік ішекке 4-5 см теренділікке салып, диазепам ерітіндісін енгізініз. Баланың бөксесін бір неше минутқа қысыныз. Ескерту: дәрігерге хабарланыз.
Ескерту: ерте жастағы балаларды құрысуда, алғашқы көмектен кейін ауруханаға тасымалдау! Анафилактикалық шок Анафилактикалық шок - аллерген әсерінен бірнеше минуттан кейін тез дамитын, жедел түрдегі аллергиялық реакция. - тамыр мембраналарының өткізгіштігін жоғарлатады,соның нәтижесінде шоктың жедел клиникалық көрінісі дамиды; - АҚҚ төмендейді, соның салдарынан есінен танады,тахикардия, тері жамылғысының бозаруы, жіп тәрізді пульс пайда болады; - бронхоспазм,ауыр тыныс алу анықталады. Тыныс алу жетсіпеушілігі белгілерінің үдемелі өсуі: ентігу, көгеру, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы. Анафилактикалық шокта көрсетілетін шұғыл көмек
Ескерту: жұғыл түрде баланы ауруханаға тасымылдау! Құсу Себептері: Улану. Ас қорыту жүйесінің аурулары. ОЖЖ аурулары. Жедел көмек алгоритмі: Баланың басын жоғары салып,мойнын жанына салып жатқызу. Қысатын киімдерден босату. Таза ауамен қамтамасыз ету. Асқазанын жуу. Келесі препараттарды енгізу: (әр препарат алдыңғы препарат тиімсіз болғанда енгізіледі) 0,25% новокаин ерітіндісін қасықпен ішкізу, реглан (церукал) /1мг/кг(1мл-5мг). Құсықтан соң – ауызды қайнаған сумен шайқау. 2-4 сағатқатағайындау. Құсықты зертханаға жіберу. Құсудын себебін анықтап, жою. Құсу кезінде көмек көрсету. Мейіре әзірлейді: сүлгіні, қасық, қайнатылған су. Анасын жайландыру. Баланың басын жанына немесе төмен бұрыныз аспирация болдырмау үшін. Баланың ауызына қарай сүлгіні немесе салфетканы жақындатыныз. Баланың мандайына қолынызды салып оның басын ұстаныз. Құсқаннан кейін баланың бетің жуыныз, ерінді және ауыз бұрыштарын сұртыныз, ауызын таза қайнаған су мен шайыныз. Ерте жастағы балаларға бір неше қасық қайнатылған суды ішкізініз. Құсықты зертханаға жіберу. Құсудын себебін анықтап, жою. Ескерту: құсу болған кезінде баланың жағдайы ауыр деп саналад Астмоидтық тыныс – дем шығарғанда катты музыкалық патологиялық тыныс. Астмоидтық тыныста көрсетілетін көмек Мақсаты: Тез әсер ететін бронхолитикті қолдану, баланың дем алуын жақсарту және қақырықты түсіруге көмектеседі Қажет: Сальбутамол, пластикалық бөтелке, медициналық лейкопластырь, өлшем кружкасы 1л пластикалық бөтелкеге өлшемді кружкамен 750мл су құйып, сыртынан белгілейміз де суды төгіп тастап, белгіленген жерден қиямыз, лейкопластырь ораймыз – жарақат алмас үшін баланы анасы немесе көмекші алдына алып отырады (спейсер жасадық) Аэрозол, сальбутамонды қолымызға алып, кесілген пластинаны бөтелкенің (спейсер) кең жағын баланың аузына тығыз орналастырамыз Баллондағы сальбутамолды араластырамыз Бөтелкенің мойны арқылы сальбутамолды 3 рет шашамыз 40 секунд қолымызбен бөтелкенің мойнын басып тұрамыз Бұл іс шараны 4 сағат ішінде арасына 20 мин салып, 3 рет қайталауға болады Баланың тыныс жиілігін санаңыз Жіті ларингит кезінде көрсетілетін көмек. Стенозды ларингит (жалған круп)- көмей тұсындағы тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс алу жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатын жедел ауру. Даму механизмі: 1. Дыбыс саңылауы маңының тарылуы. 2. Дыбыс байламасы асты кеңістігінің ісінуі 3 Көмей қуысында қақырықтың жиналуы. Клиникалық белгілері: - Дауыстың қарлығуы. - «ит үрген» тәріздес жөтел. - Тыныс тапшылық белгілері. - Бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма т.б.). Жедел көмек алгоритмі: 1. Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу немесе қолға алу. 2. Қысатын киімдерден босату. 3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. 4. Тыныштық жағдай жасау. 5. Алдандатушы шараларын өткізу (Қыша қағазын балтырға жапсыру, ыстық аяқ ваннасын жасау (экссудаттың төмен кетуіне байланысты ісінуі қайтады) 6. Ингаляция жүргізіңіз (эуфиллин, ас содасы, қақырық түсіретін дәрілер) дауыс қуысының ісінуін төмендетеді. Жылу мен эуфиллин дауыс саңылауы аймағының ісінуін басады. Сода – қақырықты сұйылтады 7. Бұлшық етке немесе көк тамырға лазикс – 1–2мг/кг (1мл-10мг) - зәр айдайтын қасиетіне байланысты байлама асты кеңістігінің ісінуін азайтады (Бұл шаралар тиімді болмағанда –көк тамырға 2,4 % эуфиллин 1мл/жасына 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде енгізу.) 8. Ауыр жағдайда преднизалон бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз 3-5 мг/кг тәулігіне (1мл -30мг) - қабынуға, аллергияға қарсы әсері бар 9. Десенсибилизациялық ем - тавегил, диазолин т.б. 10.Оттегі беріңіз. Мұрыннан қан кету Себептері: қан аурулары (гемофилия, Верльгоф ауруы, гипо-апластикалық анемия, лейкоз), мұрын жарақаты, ісік аурулары, бас ми ішілік қысымы көтерілу. Мұрыннан қан кеткендегі көмек
Мұрынан қан кету кезіндегі көмек Баланы қан сынамасын тексеруге жіберу (тромбоциттер саны, ұю уақытына). Гипогликемиялық кома кезіндегі көмек - Қандағы қан мөлшерінің тез төмендеуі. Себептері: Диета кемшіліктері (инсулиннен кейін тамақ ішпеу) Баланың бір себептермен тамақтанудан бас тартуы Инсулинді артық мөлшерден енгізу Физикалық күш түсіру Белгілері: Кома жылдам дамиды Науқас қозғыш, тез қозып кетеді Есін жоғалтады; Пульсі жиі немесе сирек; Терісі ылғалды (терлеу), құрысады. Көмек: Егер есі жоғалмаса тәтті шай, ақ нан, компот, карамель кәмпиті немесе қант беру; Егер есін жоғалтса көк тамырға 20-50 мл 20-40% глюкоза ерітіндісін тез енгізу; 10-15 минут бойы науқастың есі болмаса көк тамырға 5-10% глюкоза ерітіндісін тамшылатып енгізу науқас есін жиғанша. Гипергликемиялық комада көрсететін жедел жәрдем. Себептері: Диагноздың кешігіп қойылуы Егуді уақытылы істемеу Инсулин дозасын дұрыс есептемеу Стресс Басқа аурумен ауырып қалу Диетаны бұзу Белгілері: Жалпы шаршау Лоқсу, құсу Полиурия, одан кейін олигурия, кейде анурияға дейін Ішінің ауруы Бұлшық еттерінің төс артының ауырғандығы Осы белгілер біртіндеп өседі: Науқас тежелгіш (заторможен), әрі есін жоғалтуы мүмкін Тамыр соғысы жиі, қан қысымы төмен Аузынан ацетон иісі шығады Тері жамылғысы құрғақ Көз алмасы жұмсақ Көмек: Тез ауруханаға жеткізу. Асқазанын 5% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен (сода) немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісімен жуу (ерітіндінің шамалы бөлігін асқазанға қалдырады) 4% натрий гидкрокарбонат ерітіндісімен тазарту клизмасын жасау. Оттегі терапиясы. Көктамырға натрий хлор изотоникалық ерітіндісін тамшылатып енгізу – 20 мл/кг, (жүйеге ККБ, аскорбин қышқылын, гепарин қосады). Инсулин 0,1 ЕД кг/час 150 – 300 мл натрий хлор ерітіндісімен алғашқы 6 сағатта бар сұйықтықтың 50% құяды. Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құйыңыз (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек. 3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер. Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеріңіз. Метеоризм – іштің кебуі. Метеоризм- ішекке жиналған газдардың себебінен іштің кебуі. Жедел көмек алгоритмі: 1. Баланы шалқасынан жатқызып денесінің төменгі бөлігін киімнен босату. 2. Таза ауамен қамтамасыз ету. 3. Жайлап сағат тілінің бағыты бойынша ішке массаж жасау. 4. Тікішекке газ шығаратын түтік қою. 5. Шара тиімсіз болғанда келесі препараттарды енгізу: (әркелесі препарат алдыңғы препарат тиімсіз болғанда енгізіледі) Карболен /активтендірілген көмір/ 1мг/кг немесе смекта 1мг/кг/1мл-5мг/, прозерин 0,1 мл/жасына тағайындау. 6. Тамаққа газ түзуші тағамдарды қолданбауын ескерту: сүт, газдысусындар, бақша өнімдері, қара нан. Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою Мақсаты: ішектегі газды сыртқа шығару. Көрсеткіші: метеоризм, тоқ ішекке ауаның жиналуы. Кері көрсеткіш: жоқ. Керекті құралдар: Вазелин майы.Резеңке қолғап, алжапқыш. Клеенка, жөргек, дез.ерітінді.Сүлгі.Жел шығарғыш түтікше.Суы бар ыдыс. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. 4. Қатты, тегіс жерге клеенка және жөргекті төсеу. 5. Жел шығарғыш түтікшенің ұшын вазелин майымен майлау. 6. Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу. 7. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау. 8. Жел шығарғыш түтікшенің ұшын қысып ұстап анальды тесікке кіндіктің бағытында1-2 см. енгізу, өткен соң омыртқа жотасына қарай жылжыту. 9. Жел шығарғыш түтікшенің екінші ұшын суы бар ыдысқа салу. 10. Баланың іші сағат тілінің бағытында сипалау. 11. Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің шығуы тоқтаған соң, түтікшені салфеткамен ұстап шығару. 12. Клеенка, жөргекті дез.ерітіндіге салу 13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелері жуу. Сүлгімен құрғатып сүртіп, табиғи қыртыстарын майлап баланы киіндіру. 14. Алжапқышты шешіп дез.ерітіндіге салу. 15. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. Ескерту: Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі жаңа туған нәрестеге - 6-8 см. Нәтижесін бағалау: баланың іші басылып, бос демалады. Естен тануда көмек Естен тану- мидың ишемиясынан, қысқа уақытқа есінің жоғалуымен жүретін қантамырлық жетіспеушілігінің көрінісі. Көмек сатылары: Баланың аяғын жоғары көтеріңкіреп тегіс жерге жатқызу немесе отырғызып басын еңкейту – миға қанның келуін қамтамасыз етеді Денені қысып тұрған киімдерден босату – өкпе экскурсиясын жеңілдетеді Таза ауаның келуін қамтамасыз ету – естен танған оттегінің жетіспеушілігі дамиды Баланың бетіне, денесіне салқын су шашу немесе мүсәтір спиртін иіскету (сірке қышқылы) – рецепторларды тітіркендіру ОЖЖ-ның тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарына қоздырғыштық әсер етеді Кордиамин 6 айға дейінгі балаға -0,1мл/жасына, 6-12 ай-0,1-0,2 мл/жасына , 1 жастан жоғары-0,3-0,5 мл/жасына тері астына енгізу - ОЖЖ –не қоздырғыш әсер етеді |