Главная страница
Навигация по странице:

  • Жауаптары: І деңгей

  • Ұлбосын патфиз срс. Орындаан Тасболат .. Тобы 324 ом тексерген


    Скачать 20.65 Kb.
    НазваниеОрындаан Тасболат .. Тобы 324 ом тексерген
    Дата17.01.2019
    Размер20.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҰлбосын патфиз срс.docx
    ТипДокументы
    #64067

    «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

    В.Г.Корпачев атындағы паталогиялық физиология кафедрасы

    СӨЖ

    Тақырыбы: Өкпенің жоғарылаған ауалығы синдромының патофизиологиясы.

    Орындаған: Тасболат Ұ.Қ.

    Тобы: 324 ОМ

    Тексерген: Хангелді А.Е.

    Астана 2018ж.

    І деңгей.

    1.Өкпенің жоғарыланған ауалығы синдромы қай кезде көрінеді?

    А.Эмфизема

    Б.Пневмония

    В.Бронхорея

    Г.Дискриния

    Д.Ателектаз

    2.Проксимальды ацинарлық (орталықты ацинарлық) эмфиземалық өзгерістердің қандай критерийі бойынша жіктелу түрі?

    А.Өкпе эмфиземасының шынайылығыны байланысты

    Б.Диффузиялы

    В.Ошақты

    Г.Ацинусқа қатынасына байланысты

    Д.Ағымына қарай

    3. Ацинустың жайылмалы түрде кеңеюімен, тұтас бір ауалы кеңістікте бөлшектер құрылымының қосылуымен сипатталатын өкпе эмфиземасының түрі қалай аталады?

    А.Орталық-бөлікшелік

    Б.Фокальды

    В.Панацинарлық

    Г.Иррегулярлы

    Д.Буллалық

    4.Тыныс жолдарының көп мөлшердегі кілегеймен бітелуінен дамыған бронхиолитте; бронх демікпесі ұстамасында, демікпелік күйде, сумен аспирациялау кезінде дамитын қайтымды эмфиземаның түрі?

    А.Жіті

    Б.Созылмалы

    В.Ощақты

    Г.Диффузиялы

    Д.Викарлы

    ІІ деңгей

    Өкпе эмфиземасының патогенезінің негізгі протеолиз-антипротеолиз жүйесіндегі тепе-теңдік бұзылысы гипотезасындағы жетіспейтін тізбекті табыңыз.

    Зиянды әдет (темекі) → протеазалар мөлшерінің↑ → протеолиздік белсенділіктің↑ →қабыну→?→ядросы көп түрлі лейкоциттер жиналуы→нейтрофилдердің бос радикалды бөлуі→??→альвеолалар құрылымдық элементінің ыдырауы→антипротеаза жеткіліксіздігі→???

    1.?

    А.Антипротеазалар мөлшерінің жоғарлауы

    Б.Макрофагтар мен нейтрофилдер миграциясы

    В.Орталық бөлшектік аумақ қозуы

    Г. Жасуша мембранасының өткізгіштігінің артуы

    Д. Жасуша мембранасының өткізгіштігінің кемуі

    2.??

    А. Қатарлы қабыну жүреді

    Б. Жасуша ішілік ісіну

    В. Қан кету

    Г. Мукоид бөлінуімен сипатталады

    Д.Оксидантты стресс

    3.???

    А.Өкпе стромасының ыдырауы

    Б.Өкпе паренхимасының ыдырауы

    В.Өкпеде бос радикалдар жиналуы

    Г.Гипенвинтеляция

    Д.Гиповентеляция

    ІІІ деңгей

    1. Науқас Б, 24 жаста ер азамат. Сыртқы көрінісі дене бітімі астеникалық қалыпта, дене салмағы аз. Науқаста себепсіз айқын ентігі мен аз ғана берілген күштемеге науқаста «пысылдау» дем шығару байқалады. Бронх тармақтарында айқын өзгерістер байқалмаған.

    Қан анализі: Hb-90г/л, эр-2,1*10-12/л, ретикул-0,1, лейкоцит 3,5*10-9/л, тромбоцит-140*10-9/л, ЭТЖ-18мм/сағ. Жағындыда мегалобластар+, эр-де Жолли денешіктері мен Кебот сақиналары бар. Жалпы билирубин 40,4мкмоль/л.

    Сұрақ:

    1. Бұл тыныс алу ағзалары аурулары ішіндегі қандай ауруға жатады? Жауабыңызды негізденіз?

    2. Аурудың себебі не болуы мүмкін?

    3. Жалпы қан анализін талдаңыз. Қорытынды жазыңыз.

    1. Науқас 34 жастағы Д есімді азамат. Бас айналу, естен тану, ентігуге шағымданады. Сонымен қатар науқас адамда жөтел ұстамасы жиі, күлген кезде естен тану, құрысу ұстамасы байқалған.

    Физикалық тексергенде қабыр,аларының горизонтальды орналасуы, кеуде торының серпімділігінің азайғандығын байқаған.

    Ренгенологиялық тексеруде өкпе алаңдарының ақщылдығыкүшейген, өкпенің шеткі жағында өкпе суреті реңсізденген.

    1. Бұл науқаста тыныс ағзалары ауруларының қандай түрі дамыған?

    2. Тағы қандай қосымша тексерулер жүргіземіз? Олардан нені байқаймыз?

    3. Бұл аурудың асқынуы мен емі қандай?


    Жауаптары:

    І деңгей

    1. Дұрыс жауабы А эмфизема болады. Себебі эмфизема-альвеолалық қабырғалар ыдырауынан және бірнеше альвеолалардың ауа кеңістігі бірігуінен өкпенің тыныстық беткейі азаюына әкелетін дерттік үрдіс.

    2. Дұрыс жауабы Г.Ацинусқа қатынасына байланысты, оның бірнеше түрлері бар проксимальды ацинарлық, дистальды ацинарлық, панацинарлық.

    3.Дұрыс жауабы В. Себебі аталғандардың ішінде тек сол ғана сәйкес келеді. Панацинарлық деп отырғаныыз ацинустың барлық бөлігін қамтуы, ол жағдай ацинустың жайылмалы түрде кеңеюімен сипат береді.

    4. Дұрыс жауабы А. Себебі жіті эмфиземалар сумен аспирациялау, оттектік интоксикация, тітіркендіретін газдармен ингаляция, өкпе микробтары және ететін қайтымды прцесс болып табылады.

    ІІ деңгей

    1. Дұрыс жауабы Б. Себебі қабыну пайда болғаннан кейін қабыну медиаторлары пайда болады. Макроциттер мен нейтрофилдер миграциясы болады.

    2. Дүрыс жауабы Г. Себебі нейтрофильдер тыныс жолдары эпителийін бұзатын көптеген бос радикалдарды бөледі, нәтижесінде барлық өкпелік құрылымдарда оксидантты стрессті шақырады.

    3. Дұрыс жауабы А. Себебі антипротеазалар жеткіліксіздігі жағдайында протеолиздік ферменттер альвеолалық перделердің толық деструкциясына дейін баратын өкпе стромасын ыдыратады.

    ІІІ деңгей.

      1. Тыныс алу ағзалары аурулары ішінде эмфизема. Соның ішінде біріншілікт ішынайы эмфизема. Себебі эмфизема науқаста алғашқы белгілері ентігу, пысылдау, дем шығару қиындауы сонымен қатар дене бітімінде де өзгерістер болады.

      2. Өкпе эмфиземасының негізгі себептері ол созылмалы бронхит және бронх демікпесінен кейін дамуы мүмкін. Сонымен қатар зиянды әдеттер, қоршаған орта факторлары.

      3. Науқас қан анализіне қорытынды жасайтын болсақ. Науқаста созылмалы орташа ауырлықтағы дисэритропоэздік В12 тапшылықты анемия кездеседі. Себебі науқас эритроцитігде Жолли денешіктері табылған, билирубиннің мөлшері көп болуы да соның себебі.

    2.1 Тыныс алу ағзалары аурулары ішінде эмфизема

    2.2 Компьютерлік томография біз одан өкпедегі буллаларды анықтай аламыз.

    Брохоскопия- трахия мен бронхтардың гипотониясын табуға көмектеседі.

    2.3 Асқынуы: Созылмалы өкпе-текті жүрек, спонтанды пневмоторакс.

    Емі: Негізінен симптоматикалық ем жүргізіледі.: бронх-өкпе инфекциясы қосылғанда антибиотиктер беріледі; денеге түсетін күшті шегеру; өкпені зақымдайтын факторларды азайту.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Тыныс жүйесі ауруларындағы негізгі клиникалық синдромдардың патофизиологиясы.

    2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник

    3. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық


    написать администратору сайта