Главная страница
Навигация по странице:

  • Жүргізуші

  • Армысың, әз-Наурыз! Мақсаты

  • Тәрбиеші

  • Қош келдің - Наурыз. ош келді, з Наурыз!


    Скачать 83.64 Kb.
    Названиеош келді, з Наурыз!
    Дата29.03.2023
    Размер83.64 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚош келдің - Наурыз.docx
    ТипДокументы
    #1023607
    страница3 из 3
    1   2   3

    Наурыз – жыл басы (Мерекелік кеш сценарийі)


    Жүргізуші: Құрметті ата — аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз айы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!

    Ал балалар тұрмайық,
    Әндетейік, шырқайық,
    Думандатып, би билеп,
    Әнмен күйді төгілдіріп,
    Інжу — маржан шашайық,
    Келген қонақ таң қалсын,
    Өнерден күмбез жасайық!

    Хор: «Наурыз – біздің жаңа жыл!» әні.
    Жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
    Бармысыңдар, халайық.
    Наурыз тойын жұп жазбай,
    Жылды қарсы алайық.
    Залға әдемі киінген көктем Аруы кіреді.

    Балалар: Сәлеметсіз бе, көктем Аруы!
    Көктем Аруы: Амансың ба балаларым, амансыздар ма қонақтар?! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз әр отбасына құт береке әкелсін! Бұл күні адамдар таза киініп, ауласын тазалап, тал егеді, бұлақтың көзін ашып су жібереді. Жылы көже жасайды. Ол өте дәмді көже, бұйыртса, сол көжеден бүгін дәм татасыңдар.
    Жүргізуші: Балалар, олай болса, Көктем Аруына өнерімізді көрсетейікші.

    Көктем келді, балақай,
    Жасарды қыр, алақай.
    Наурыз тойын тойлайық,
    Әсем әнге салайық.

    Көктем келді, Наурыз келді,
    Жер көгерді, ел көгерді.
    Дастарқанын жайып дарқан,
    Жақсылық пен бақыт шашқан.

    Көлде аққу, көкте қаз,
    Орманда бұлбұл сайраған.
    Көптен күткен көктем кеп,
    Құлпырады дала жайнаған.

    Көктемнің төкті нұры,
    Көңілдің кетті мұңы.
    Кел, достар, ән шырқайық,
    Ұлыстың ұлы күні.

    Көктем келді бүгін,
    Күн де төкті нұрын.
    Наурыз тойын тойлап,
    Жатырмыз ғой бүгін.

    Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнінде Қыдыр ата ел аралап, тіршілік иесіне құт — береке дарытып, жақсылық нұрын себелейді екен. Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонағымыз келіп қалыпты. Қане, қошеметтеп Қыдыр атамызды қарсы алайық.

    — Сәлеметсіз бе, Қыдыр ата!

    Қыдыр ата: Амансың ба ұлдарым, амансың ба қыздарым! Наурыз мерекелерің құтты

    болсын! Әр отбасына құт береке әкелсін!

    Жүргізуші: Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
    Той думанға келіңіз,
    Тамашалап көріңіз.
    Айтайық бәріміз,
    Қол соғайық бәріміз!

    Ашық болсын күніміз,
    Ашылады нұрымыз.
    Жадыраған өмірде,
    Айтылады жырымыз.

    Жайнатады гүл — гүлді,
    Сайратамын бұлбұлды
    Мерейлі жұрт тойласын,
    Мейрам етіп бұл күнді.

    Наурыз тойы тамаша,
    Наурыз айы жаңаша.
    Табиғатта тамаша,
    Тамылжысып тұр жараса.

    Армысың, Наурыз!
    Қуаныш боп кір төрлет,
    Ел боп саған
    Көрсетіп жатыр сый — құрмет.

    Күн мен түн теңеледі,
    Жер шуаққа кенеледі
    Соны тойлап ел енді,
    Наурыз көктем басталды.

    Жүргізуші: Ендігі кезекте топтың ер балдарына берейік. «Қамшы» биін тамашалаңыз. Көктем Аруы: Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма? «Асық жинау» ойыны. 2 — рет ойнату.

    Ойынның шарты: Асықтарды кім көп жинайды, сол жеңіске жетеді.

    Жүргізуші: Наурыз келді жарқыраған, жайнаған,
    Салтанатты сауық — сайран айналам.
    Наурыз тойда, қыр мен ойда,
    Қала, дала қызық думан қайнаған — деп,
    Келесі кезекті салт — дәстүрге береміз.
    Салт — дәстүрдің бірі — «Тұсау кесу»

    Көрініс: «Тұсау кесу» рәсімін көрсетеді. Тұсауды әдемі ала жіппен кеседі. Оның себебі: болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын деп тілейді.
    Қаз, қаз балам, қаз балам,
    Қадам бассаң мәз болам.
    Күрмеуіңді шешейін,
    Тұсауыңды кесейін — деп тұсауын кесіп жібереді.

    Жүргізуші: Топ қыздарының биін тамашалаңыздар. Би «Тостақан». Балалардың тақпағына кезек берейік:
    Наурызбен құттықтап,
    Алыс — жақын қауышты.
    Көктемдегі жарқын,
    Көңілдерге ауысты.

    Тыныш болсын даламыз,
    Таза болсын ауамыз.
    Қатыгездік жоқ болсын,
    Ырысымыз көп болсын.

    Құтты болсын мерекең,
    Наурыз айы туыпты.
    Әне Наурыз келеді,
    Әсемденіп жер енді.

    Уа, жарандар, жарандар,
    Бәрің мұнда қараңдар.
    Наурыз тойы басталды,
    Жырға толды алаңдар
    Салт — дәтүріміз жарасса,
    Қайта құрып жаңаша.
    Жарыса өнер көрсетіп,
    Той тойлайық тамаша.

    Наурыз тойын әдемі,
    Әжем еске түсірді.
    Біздерге арнап дәмді етіп,
    Наурыз көже пісірді.

    Үстін жасыл түк басып,
    Көктем келді нық басып.
    Тоғайларға тығылып,
    Кетті лезде қыс қашып.

    Жүргізуші». Ән Наурыз
    «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», дегендей Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.

    Қыдыр ата батасы:
    Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
    Ақ мол болсын!
    Қайда барсаң жол болсын!
    Дастарқаның кең болсын!
    Уайым — қайғы жоқ болсын! Әумин!

    Жүргізуші: Әумин, айтқаныңыз келсін! Бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне таяп қалды. Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын! Елімізде тек жақсы күндер көп болсын! Ұрпағымыз ата — баба дәстүрін ұлықтап өтсін! Баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға дастарқанға шақырамыз.

    Сау болыңыздар! Көріскенше күндеріңіз шуақты болсын! Келесі Наурызға уайым — қайғысыз, аман — сау жетейік! Балалар, қане бәріміз «Қара жорға» биін билейік!

    ******

    Армысың, әз-Наурыз!

    Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, патриоттық сезімдерін ояту, адамгершілікке баулу, кішкентайынан қазақтың салт — дәстүрлерін бойларына сіңіру, ынта, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

    Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ардақты ата — аналар, сүйікті де сүйкімді кішкентай бөбектер! Бүгін Сіздермен бас қосуымызға себеп болып отырған қазақтың үлкен ұлттық мейрамы – Наурыз мерекесі!

    Жаңғырар дәстүр салтымның,
    Көзелсін менің халқымның,
    Мерекесі «Наурыз» жыл басы!

    Саша: Оу, халайық, халайық!
    Әсем әнге салайық!
    Наурыз тойы көңілді,
    Бірге қарсы алайық!

    Жүргізуші: Олай болса қадірлі қонақтар, ардақты әже — аналар, кішкентай бөбектер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз жолы оң болсын, ақ мол болсын! – деп Наурыз айында Наурыз көже пісіріледі. Наурыз көжесі жеті түрлі тағамнан жасалынады.

    Роман: ет, май, тұз, сүт, бидай, құрт, су.

    Жүргізуші: Кел, балалар келіңдер,
    Тамашаны көріңдер!
    Томсырайып тұрмаңдар,
    Жатқа тақпақ айтыңдар!

    (Осы кезде балалар бір — бірлеп жаттаған тақпақтарын айтады).

    Дариға: Шуақ төгіп көкте күн,
    Қарда қалды азайып.
    Алғашқы айы көктемнің,
    Наурыз ғой бұл ғажайып!

    Жанель: Наурыз келді құт болып,
    Мына бізге сүт болып.
    Аққа ауызымыз толады,
    Бір жақсылық болады.

    Вадим: Жайды жерге алаша,
    Наурыз келді тамаша.
    Кәрілер де жастарда,
    Қуанады балаша.

    Даша: Келді көктем далаға,
    Келді сұлу шағала.

    Тәрбиеші: Ойын «Себеттен шыққан ойыншықты таны».

    Мақсаты: Балалардың тез ойлау дағдыларын арттыру, танымдық қабілеттерін бекіту, ұжымдыққа, достыққа тәрбиелеу.

    Шарты: Ортаға бір бала шығады, қолында ойыншыққа толы себет. Қалағандары айнала шеңбер құрып тұрады. Ортаға шыққан бала, себеттен ойыншықты алып шығып «Бұл не?» — деп сұрайды. Балалар ойыншықты танып, атын атайды. Әуен ойналады, барлығы ойыншықтың жүрісін, қимылын келтіреді. Ойын себеттегі ойыншықтар біткенше жалғасады.

    Темірлан: Көже құйып апамда,
    Ұсынады атама.
    Иіліп сәлем береді,
    Келген барлық адамға.

    Сәкен: Наурыз нұры шашылды,
    Қыс ызғары басылды.
    Туған — туыс көрісіп,
    Көңілдері ашылды.

    Сабина: Наурыз! Наурыз! Наурыз той!
    Құтты болсын ұлы той!
    Құттықтаймын бүгін мен,
    Ұлыстың ұлы күнімен!

    (Жағымды әуен ойналады. Ортаға 3 — 4 бала шығып «Балақан» әнін орындайды).
    Жүргізуші: Міне, тамаша! Үлкен азамат болыңдар, өнерлерің өрге жүзсін!
    (Әуен ойналады. Наурыз — көктем келеді).

    Көктем: Жаратылыс ұйқыдан оянады,
    Жердің беті көк түске боянады.
    Жан — жануарлар жадырап қуанады,
    Көктем солай қолына ту алады.
    Құлпырады бұл айда дала гүлі!
    Мұсылманның – Наурыз – Жаңа жылы!

    Жүргізуші: Наурыз айында адамдар ақшыл түсті, жаңа киімдерін киіп, бір — біріне қонаққа барады. Бұл күні ренжіскен адамдар бір — бірінен кешірім сұрайды, бір — бірлеріне ақ тілектерін айтады. Көптен көріспеген адамдар бір — бірімен құшақ жайып, төс соғысып сәлемдеседі.

    (Балалар төс соғысып, сәлемдесу рәсімін жасайды).

    Жүргізуші: Наурызымды халқымыз,
    Жыл басы санайды.
    Үлгілі салт — дәстүріміз,
    Көп елге тарайды.
    Салт — дәстүріміздің бірі «Бесікке бөлеу» рәсімін тамашалаңыздар!

    Рамазанның әжесі: (бесікті аластайды)
    Алас, алас пәледен алас,
    Алас, алас жәледен алас!
    Көзі жаманның көзінен алас!
    Тілі жаманның тілінен алас!

    (Баланы бесікке бөлей бастайды. Бесікке бөлей отырып, «бесікке бөлеу» әнін орындайды).

    Бесігіңе жата ғой,
    Тәтті ұйқыға бата ғой!
    Баласы жатсын бесікте,
    Пәлесі қалсын алыста!
    Жүргізуші: Рахмет Сізге, ардақты әже! Орамал тоң болмайды жол болады, мінекей Сізге сыйлық!
    Ән: «Наурыз — Көктем» (балалар орындайды).

    Көктем: Таң қуанып, атады таудан асып,
    Наурыз келді ортаға нұрын шашып!
    Осы тойда тұсауы кесілген сәби,
    Жүгіріп кетеді тәй — тәй басып!

    Ердостың әжесі «Тұсау кесу» салтын көрсетеді.
    Әже: Адам болсын, адал болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын! – деп, ала жіппен кескен.

    Көктем: Рахмет Сізге аяулы әже!
    Сізге де орамал тоң болмайды, жол болады деген ырыммен міне қол ақтығыңыз.

    Ойын: «Арқан тарту».
    Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынды ойнай білуге үйрету, ойын арқылы сана — сезімдерін ояту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

    Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін ұзын арқан алынады. Екі жағына төрт — төрттен бала шығады. Арқанның екі ұшынан ұстап тартады. Күші басым болып, арқанды тартып алғаны жеңіске жетеді. Ойын бала санына қарай қайталанып, жалғасады.

    Жүргізуші: Біздің балғын бөбектеріміз, өнерлі де күшті екен!
    Енді, қонаққа келіп отырған №4 топтың тәрбиеленушісі, Қабылсаят Дәметтің өнерін тамашалаңыздар.

    Би: «Шығыс биі».
    Ата — ана: Қазақтың бір салты деп
    Тойға шашу шашайық!

    (Бір баланың әжесі шашу шашады).

    Ердостың әжесі бата айтады:

    Құрметті қонақтар, ардақты әже — аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мереке әр отбасына береке, молшылық, бақыт алып келсін! Наурызда ақ мол болсын! Қайда барсаң да жол болсын!

    Сценарий к празднику Наурыз.

    1 жүргізуші: Армысындар халайық Бармысындар халайық Келді наурыз сағынтып Қыздарға алқа тағынтып Наурыз келсе құт келгені халайық Ұлысты қарсы алайық

    2 ведущий: В марте весенний ветерок проказник, Ласково гуляет по ветвям У нас большой великий праздник, Новый год, Наурыз-мейрам!

    1. жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын! Тауық жылы барлықтарыңызға жақсылығын, жаңалығын алып келсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, халқымыз тоқ болсын! Бұл күні үлкен ауыл ақсақалдарының, елге сыйлы азаматтардың міндетті түрде батасын алу керек. Сондықтан сөз кезегін аулымыздың үлкен апасы Болғын апаға берейік.

    2. 2-ведущий- следующее слово предоставляется директору школы 

    2 ведущий: Для всех сегодня вход открыт Для всех гостей раздолье

     С утра веселый кюй звучит На степном приволье.

    1 ведущий: Уа, халайық, құтты болсын мерекең,Құтты болсын, құтты болсын берекең.

    Наурыз тойы тойланады мектепте,

    Қош келдіңдер мерекені көруге!Алдарыңызда «Наурыз думан» әнімен мектебіміздің аға тәлімгері Ташмағамбетова А.К және 6-сынып оқушысы Жанбатырова Асем. Қарсы алыңыздар!

    Литературный монтаж: Алуа, Маргарита, Адия, Виттих, Олеся, Диана, София, Маргарита, Кымбат, Милана, Айдана, Маргарита.

    2 ведущий: Счастье, здоровья вам желаем, Шлем привет всем селам,городам. С праздником великим поздравляем, Мы встречаем Наурыз-мейрам! 

    1 жүргізуші:Той пердесін ашайық,Тойға шашу шашайық.

    Той шашуға тойыңдар,Бұдан кейін ойын бар.«Шашу»-биін тамашалаңыздар. Амангелдиева Жұлдыз және Сушкевич Юляның орындауында.Шашу шашылады.

    2 ведущий: Вовек не станет пеплом и золой Всё то, что красотой земной зовётся, Пусть мирным будет небо над землей Пусть вечно юность звонкая смеётся! Ал енді құрметті халайық, «Береке басынан басталады »- демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдысты дәнге, аққа, таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Қыдыр ата келіп, «қыдыр, құт» дарытып кетеді дейді екен.

    Олай болса, бүгінгі біздің наурыз мерекемізге Қыдыр ата келе жатыр. Қанекей қарсы алып, батасын сұрайық.( Қыдыр ата бата береді.)

    Песня «Земля Казахстана», исполняет ученица 9-класса Пачкал Марина

    1-жүргізуші: Наурыз-мейрамын коптеген елдер тойлайды, соның ішінде бізбен көршілес ел өзбек халқы. Ендеше , өзбек халқының тамаша бір биін сіздерге тарту ететін 8-сынып оқушысы Амангелдиева Жұлдыз. Қарсы алайық.

    Той думанға келіңіз, тамашалап көріңіз, ән айтайық бәріміз, қол соғайық бәріміз. Сіздерге өз өнерін 3-сынып оқушысы Айтқожин Тамерлан «Әке-Ана» әнімен көрсетеді. Қол соғып қарсы алайық. 2-ведущий: С приходом Наурыза встречают новый год, весну и солнце. И конечно же такому празднику тщательно готовятся. Любим мы цветы, Все об этом знают, Наши дети как цветы, Тоже подрастают, И для вас сегодня, Танец исполняют. Танец цветов: 1-3 клДля вас звучит музыкальное поздравления от учителей. С песней «Казактай ел кайда» Ташмагамбетова.А.К, Алимова. М.С2-ведущий: В обычаях живёт душа народа, а в традициях его сила и неизменная красота. А мы продолжаем наш праздник и хотим познакомить вас с казахским обрядом, который называется «Тусау кесу».1-жүргізуші: «Тұсау кесу» қазақтың салт-дәстүрінің бір түрі. Баланың аяғына ала жіп байлап, тұсауын кеседі. Тұсау кесуді ырымдап, жақсы, көреген, шапшаң, ісіне берік адамға кестіреді. Олай болса, осы дәстүрді тамашалауға шақырамыз.Мен қазақтың баласыАта-баба жалғасыЖақсылыққа бақытқаТалпынған әр уақытта-дей отырып бүгінгі мерекені жалғастыру үшін ортамызға 7-сынып оқушысы Мусинов Абзалды «Жүрегім қазақ» әнімен шақырамыз. Салт-дәстүрімізбен қатар, ұлттық ойындарымыз да бар. Сондай ұлттық ойынымыздың бірі «Қазақша күрес» . Тамашалайық.2-ведущий: Растаял снег, звенят ручьиЗапели песни соловьиЗемля проснулась и цвететИ гости к нам весна идет. «Песня про весну» исполняют ученики 4-го кл Корнейчук София и Амангелдиев Бауыржан.1-жүргізуші: Ал енді кұрметті қонақтар, біздің балаларымыздың дайындаған шығармашылық жұмыстары. Әр түрлі материалдан жасалынған костюмдер шеруі. Дефиле . қошеметпен қарсы алайық. 1-ведущий: Казахская земля стала колыбелью всех народов её населяющих, всех нас людей разных национальностей обьеденяет общее: Мы- народ Казахстана! Так что праздник Наурыз празднуют все народы Казахстана-представители 126 национальностей. Сейчас вашему вниманию представляют танец-попурри ученики 5-6кл. Встречайте!Жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің мерекелік концертіміз сіздерге ұнады деп сенеміз! Сіздермен кездескенімізге өте қуаныштымыз. Наурыз тойы салтымызАман болсын халқымызҰлыс оң болсынҚайда барсаң жол болсын! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын ағайын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Сау болыңыздар! 2-ведущий: Мы вместе сегодня праздник встречалиПели ,плясали,стихи читалиНаурыз нам праздник подарилНаурыз нас вех обьединил! Наш праздник к сожалению заканчивается. Мы были рады встрече с вами. С праздником весны вас друзья! До свидания !
    1   2   3


    написать администратору сайта