Главная страница
Навигация по странице:

  • Критерий Дескрипторлар Балл

  • Баяндама даярлау

  • Критери й Дескрипторлар Балл

  • әлеуметтану. ӘЛЕУМЕТТАНУ БӨЖ нұсқаулық. ОТстік азастан мемлекеттік педагогикалы университеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы


    Скачать 79.01 Kb.
    НазваниеОТстік азастан мемлекеттік педагогикалы университеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы
    Анкорәлеуметтану
    Дата01.03.2023
    Размер79.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘЛЕУМЕТТАНУ БӨЖ нұсқаулық.docx
    ТипДокументы
    #962907
    страница3 из 4
    1   2   3   4


    Топтық жобалар
    Топтық жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту» 
    Жобалар әдісінің  мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы  шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. 
    Рефлекторлы  ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру. 
    Жобалар әдісі  біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден –   нәтижеге қол жеткізуді болжайды.  
    Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға  жетудің  тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық   бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің  интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.  
    Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.  
    Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып,  жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.  Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның: 
    - тәжірибелік құндылықтары болуы; 
    - студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің  болжауы болуы ; 
    - онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы; 
    - оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы; 
    - өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы; 
    - студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі; 
    - кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы; 
    - студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.  
    Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда):  
    Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология. 
    Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және  құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.  
    Жобалардың түрлері: 
    Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:   
    - Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған  және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған,  шығармашылық); 
    - Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба; 
    - Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау); 
    - байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін; 
    - жобаға қатысушылардың саны;

    - жобаның ұзақтығы.

    Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері (сипаттаудың мүмкін нұсқалары):  
    I нұсқа. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады:  іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды.   
    Іздеу кезеңі:

    - Мәселені іздеу және  талдау. 
    - Жоба тақырыбын таңдау. 
    - Кезеңдер  бойынша  жобалау іс-әрекетін жоспарлау. 
    - Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу. 
    Конструкторлық кезеңі:

    - Жоба тапсырмасының оңтайлы  шешімін іздеу.   
    - Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. 
    - Дайындау технологиясын таңдау. 
    - Экономикалық баға беру. 
    - Экологиялық сараптама жасау. 
    - Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру. 
    Технологиялық кезең:

    -Жобаны тәжірибеде жүзеге  асырудың жоспарын құру, қажет  материалдарды, құралдарды және  құрылғыларды таңдау. 
    - Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау. 
    - Сапаға ағымдық бақылау жасау. 
    - Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу. 
    Қорытынды кезең:

    - Жобаның орындалуының  сапалық бағасы. 
    - Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау. 
    - Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау). 
    II нұсқа.  Оқушылардың барлық іс-әрекеттері келесі кезеңдерге шоғырланған: дайындалу, жоспарлау, зерттеу, нәтижелер немесе тұжырым, нәтижелер мен үрдістерді бағалау.  
    Дайындалу:

    - мәселені және  одан туындайтын мақсаттар мен  міндеттерді анықтау; 
    - мәселені шешудің болжамдарын беру; 
    - зерттеу әдістерін талқылау. 
    Жоспарлау:

    - ақпарат көздерін анықтау; 
    - ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау; 
    - нәтижелерді көрсету тәсілін анықтау; 
    - нәтиже мен үрдісті бағалаудың іс жосығы мен критерилерін орнату; 
    - топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу. 
    Зерттеу:

    - ақпараттарды жинау; 
    - аралық тапсырмаларды шешу. 
    Нәтижелер және қорытындылар:

    - алынған көрсеткіштерді  талдау; 
    - қорытындыны тұжырымдау. 
    Нәтижелер мен үрдісті бағалау:

    - соңғы нәтижелерді  рәсімдеу; 
    - қорытынды  жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар.

    Топтық жұмысоқу жұмыс бағдарламасының 3, 6 және 11 аптасына сай тақырыпқа жасалады. 3-апта тақырыбы: 1. Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.

    1. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз.

    2. Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз). Берілген тақырыптар бойынша топтық жұмыс ұйымдастырыңыз (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөлініңіз).

    6-апта тақырыбы: Отбасындағы гендерлік рөлдер

    1. апта тақырыбы: 1. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың адамның күнделікті өміріне әсері


    Топтық жобаны бағалау критериі

    Критерий

    Дескрипторлар

    Балл

    Топтық жоба-15 балл

    тақырыптың өзектілігі

    1

    жоба жоспарын түзу

    2

    жоба мақсаты мен міндеттерінің болуы

    2

    зерттеу әдістерін қолдануы

    2

    мәліметтерді жинау және өңдеу

    2

    зерттеу нәтижелеріне талдау жасау

    2

    жобаны қорғау

    2

    топ мүшелерінің жобаға толық қатысуы

    2



    Баяндама даярлау

    Баяндама – ол тақырып бойынша әдебиеттің, ғылыми жұмыстың мазмұның ашу бойынша жазбаша түрде немесе бұқаралық нысанда қысқаша мазмұндау. Рефераттың екі түрін бөледі: бір кітаптің, бір ілімнің немесе ғылыми мәселенің мағынасын беретін және белгілі бір тақырып бойынша бірнеше әдебиеттерден алынған мәліметтерді қамтитын.

    Баяндаманы дайындау кезінде тек қана баяндаманың мазмұнын ғана ойластырмай (теоретикалық деңгейін, қисындылығын, актуалдығын), сонымен қатар оны аудиторияға жеткізудің әдістемесін ескеру қажет.

    Баяндама тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.

    Баяндаманы бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

    • жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

    • сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

    рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;

    Баяндама - негізгі идеяларда жасалған зерттеулердің нәтижелері берілетін, ғылыми конференцияда (ғылыми семинар) жасалатын баяндама. Баяндама - негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми ізденіс жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама.

    Баяндаманы әзірлеу технологиясы:баяндама тақырыбының өзектілігін талқылау; мақсатын құру; қажетті әдебиеттермен танысу; мазмұнын құру; баяндаманы оқуға жаттығу; даярлық жүргізу.

    Баяндама оқу жұмыс бағдарламасының 13 аптасына сай тақырыпқа жазылады. 13-апта тақырыбы: Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамалары
    Баяндаманы бағалау критерилері


    Критерий

    Дескрипторлар

    Балл

    Бандаманы бағалау

    көлемі 5-8 бет

    1

    жазу сауаттылығы

    1

    мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі

    2

    сенімді мәліметтер мен зерттеулерді қолдануы

    2

    кілттік сөздердің болуы

    1

    мақаланың мазмұнын ашатын түйіндеменің болуы

    2

    өзіндік ұстанымы ұсынылған

    2

    пайдаланған дереккөздерге дұрыс сілтемелер жасаған (библиографиялық сілтемелер тік жақшада көрсетілген)

    2

    әдебиеттер тізімінің болуы

    2



    Тестілеу

    Тестілеу – білім алушының білім, білік, дағды және басқа да қасиеттерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.

    Білім алушының жеке басын, сондай-ақ олардың белгілі бір стандарттарға сәйкестігін талдау арқылы субъектілердің бірқатар арнайы тапсырмаларды орындау тәсілдері. Мұндай тапсырмалар әдетте тест деп аталады.

    Тест стандартталған тапсырма немесе арнайы пәндегі зерттелетін сұрақтың ауырлық дәрежесін, оның психологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар белгілі бір объектілерге қатынасын диагностикалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар. Тест бір немесе бірнеше дұрыс жауаптармен келеді. Соған сәйкес тесттің әрбір түрінен бес сұрақтан беріледі. Жалпы тест сұрақтары - 15, оның балдық жиынтығы – 30.
    Тестілеуді бағалау критерийі


    Критерий

    Дескрипторлар

    Балл

    тесттің балдық жиынтығы - 30 балл

    қарапайым тесттің әрбір сұрағына дұрыс жауап беруі

    1

    Күрделі екі дұрыс жауабы бар тесттің әрбір сұрағына дұрыс жауап беруі

    2

    Күрделі үш дұрыс жауабы бар тесттің әрбір сұрағына дұрыс жауап беруі

    3
    1   2   3   4


    написать администратору сайта