Главная страница
Навигация по странице:

  • Салыстырмалы кестелердің түрлері

  • Критерий

  • Әдебиеттерге шолу

  • ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР

  • Эссенің жазылу құрылымы

  • Жиі кездесетін қателіктер

  • Критерий Дескрипторлар Балл

  • Презентация

  • әлеуметтану. ӘЛЕУМЕТТАНУ БӨЖ нұсқаулық. ОТстік азастан мемлекеттік педагогикалы университеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы


    Скачать 79.01 Kb.
    НазваниеОТстік азастан мемлекеттік педагогикалы университеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы
    Анкорәлеуметтану
    Дата01.03.2023
    Размер79.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘЛЕУМЕТТАНУ БӨЖ нұсқаулық.docx
    ТипДокументы
    #962907
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    Салыстыру кестесінің сипаттамалары:


    • Олар тақырыптар бойынша немесе салыстырылатын заттар бойынша маңызды ақпаратты жіктейді және жүйелейді.

    • Мазмұны әдетте қысқа және түсінікті.

    • Олар ашылатын ақпаратты түсінуді жеңілдетеді.

    • Олар әртүрлі элементтерді оңай және жылдам ажыратуға мүмкіндік береді.

    • Оларда қарама-қарсы ақпарат орналастырылған бағандар қолданылады.

    Салыстырмалы кестелердің түрлері


    Ақпаратты салыстыруға келетін болсақ, салыстырудың бірнеше түрін анықтауға болады. Бұл сіз не істегіңіз келетініне байланысты әртүрлі кадрлар жасауға болатындығын білдіреді.

    Салыстыру элементтердің компоненттерін немесе сипаттамаларын салыстыра алады: тек элемент, таралуы немесе жиілігі, немесе бір немесе бірнеше объектілер арасындағы корреляциялық салыстыруды орындай алады.

    Бұл кестелер бүгінде көптеген қолданыстарға ие және оларды көптеген салаларда және оқу салаларында қолдануға болады.

    Салыстыру кестесінің бірнеше түрі бар:

    • Кесте немесе кесте түрінде көрсетілген ақпарат.

    • Теңдестірілген кесте сияқты матрицалық модельдер.

    • Сандық кестелер.

    • Масштабты салыстыру схемалары.

    • Салыстырмалы карта.

    Салыстырмалы кесте оқу жұмыс бағдарламасының 2 аптасына сай тақырыпқа жасалады.

    2-аптаның тапсырмасы: Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы

    Салыстырмалы кестені бағалау критерийлері

    Критерий

    Дескрипторлар

    Балл

    Аналитикалық (салыстырмалы) кесте /

    Кесте-сызба – 15 балл

    рәсімдеудің барлық қағидаттарының сақталуы (оқылуы; атауының болуы; нөмірленуі)

    2

    тақырып бойынша маңызды, толық, түсінікті мәліметтердің болуы

    2

    түрлі ой-пікірлер, көзқарастар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анық көрсете білуі

    2

    ақпараттарды қарапайым және тура жолмен кестеде көрсетуі

    2

    шығармашылық көзқарас бар

    2

    материал логикалық тұрғыдан дұрыс берілген

    2

    материалды баяндау реті дұрыс анықталған

    2

    жазу сауаттылығы

    1


    Әдебиеттерге шолу

    Әдебиеттерге шолу - жоспарланған зерттеу тақырыбы бойынша орыс және шетел авторлардың жарияланған жұмыстарды зерттеу. 

    Мәліметтерді іздеу кезінде бірнеше критерилерді есте сақтау қажет:

    • Мәлімет тақырыпқа сай болуы қажет

    • Дәлелденген ақпарат болуы қажет

    • Өзекті ақпарат болуы қажет

    • Әр түрлі мәлімет көздері

    Мәліметтер типтерін анықтау қажет

    • Интернет көзі

    • Тақырыпқа сай кітаптар немесе электронды кітаптар

    • Журналдар мен газеттер

    • Оқулықтар

    • Ғылыми статьялар

    • Ғылыми конференция мәліметтері

    • Авторефераттар мен диссертациялар

    Негізгі әдебиеттер іздеу (библиографиялық іздеу) зерттеу проблемасы бойынша

      • Әдебиеттерді таңдау, логика және ретпен іріктеу таңдаған зерттеу тақырыбы ерекшелігімен анықталады. Зерттеу тиімділігі әдебиет көлемі мен сапасына байланысты. 

      •  Ең алдымен, ұсынылған әдебиеттер таңдаған кезде, ауқымды ақпарат көзін таңдау қажет.Соның ішінде зерттеу жұмысы беделді авторлардың ақпарат көздеріне сүйенуі қажет. Осы ғылыми зерттеудегі сілтемелердегі ақпарат көздерін өз тақырыбына байланысты таңдау қажет

      •  Әрі қарай тар арнайы мәліметтер-баспалардағы ғылыми мақалалардан іздеу.

      • Кейбір мәліметтер мақалардан, журналдардан, анықтамалық кітапшалардан және интернет көздерінен жинақталады.

    Табылған ақпараттармен танысып анализ жасау

    • Бұл кезеңде, оқу, таңдалған материалдарды жүйелеу, қажетті дәлелдемелерді іріктеледі.

    • Ақпарат көздерінің көлемі өскен сайын оларды іріктеу қиынға түседі.

    • Жұмысты жазу үшін зерттеуші қандай ақпаратты теорияда негізгі ақпарат көзі ретінде қолданатынын анықтап, анализдеу қажет.

    Әдебиеттрге шолу оқу жұмыс бағдарламасының 4 аптасына сай тақырыпқа жазылады. 4-апта тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы


    - мәтінмен толық танысу үшін мазмұнын толық қарау

    3 балл

    - ең маңызды үлгісі материалды оқу

    3 балл

    - қызығушылық идеяларды көшіру

    3 балл

    - өз жұмысында пайдалану мүмкіндігі үшін оны өңдеп, сыни бағалауын тексеру

    3 балл

    айтылған ой мен сөздерді түсіну үшін анықтамалық, кітаптарды қолдану

    3 балл


    Эссе
    Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

    Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

    Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

    ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

    • Жеке көзқарастың көрінісі

    • Фактілі дәлелдер (аргументтер)

    • Теоретикалық негіздеме

    • Терминдерді қолдану

    • Цитаталарды келтіру

    • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу

    • Логикалық заңдылықтың сақталынуы

    • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану

    • Сауаттылық (пункт., орфогр.)

    • Юмор, сарказм

    Эссенің жазылу құрылымы:

    1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

    2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

    3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

    Жиі кездесетін қателіктер:

    • Проблема ашылмайды.

    • Автордың жеке позициясы көрінбейді.

    • Теоретикалық негіздемесі жоқ.

    • Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.

    • Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.

    • Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.

    • Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.

    • Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.

    • Логиканың болмауы.

    Эссе оқу жұмыс бағдарламасының 7 аптасына сай тақырыпқа жазылады. 7-апта тақырыбы: Девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі
    Эссені бағалау критериі

    Критерий

    Дескрипторлар

    Балл

    Эссені бағалау – 15 балл

    көлемі 250-300 сөзге дейін

    1

    жоспар құруы

    1

    дәйексөздің дұрыстығы

    1

    жазу сауаттылығы (пунктуация, орфография)

    1

    әртүрлі көзқарастарды мысалға алу

    1

    мәтіннің логикалық, тізбектей берілуі

    1

    фактілі дәлелдер (аргументтер) бар

    1

    тақырып толық ашылған

    1

    өзіндік ұстанымы ұсынылған

    1

    ойлардың үйлесімділігі

    1

    салыстыру әдісін қолдану

    1

    мазмұнын айқын етіп жаза алуы

    1

    қорытындылау

    1

    қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау (сілтемелерді рәсімдеу)

    1

    әдебиеттер тізімінің болуы

    1


    Презентация
    Презентация (латын тілінен praesento – көрсету) – бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) көрсетуге арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.

    Презентацияның мақсаты – аудиторияға презентация объектісі туралы толық ақпаратты ыңғайлы формада беру.

    Презентация маркетинг және PR құралдарының бірі болып табылады.

    Презентация мәтіннің, гипермәтіндік сілтемелердің, компьютерлік анимацияның, графиканың, бейненің, музыканың және дыбыс тізбегінің (бірақ барлығы бірге болуы міндетті емес) бір ортада ұйымдастырылған комбинациясы болуы мүмкін. Сонымен қатар, презентацияда ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжеті, сценарийі және құрылымы бар.

    Презентацияның ерекшелігі оның интерактивтілігі болып табылады, ол пайдаланушының басқару элементтері арқылы өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беру үшін жасалған. Техникалық сипаттамалар көрсетілім орнына байланысты өзгереді.

    Өзіндік оқу үшін жасалған презентация құрамында бар барлық элементтерді қамтуы, тармақталған құрылымы болуы және презентация объектісін жан-жақты қарастыруы мүмкін. Ол, әдетте, гипермәтін элементтерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

    Бейне көрсетілім үшін жасалған презентация интерактивті элементтерді қамтымайды, презентация нысаны туралы бейнені қамтиды, сонымен қатар мәтіндік және аудио тректер болуы мүмкін. Бұл презентацияның нұсқасы жарнама болып табылады. Электрондық жарнама үшін жасалған презентация хаттың көлемін азайту мақсатында мультимедиялық құралдарды аз пайдалана отырып жасалады.

    Ұялы телефондар мен смартфондарға арналған қосымшалар форматындағы презентация портативті құрылғыларда қарау кезінде жасалады.

    Білім беру мекемесіндегі іс-шараларға арналған танымдық презентация, сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,

    шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

    1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.

    2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.

    3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.

    4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.

    5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.

    6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.

    7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.

    8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.

    9. Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз мәтініңіздіі басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

    Презентацияоқу жұмыс бағдарламасының 8 аптасына сай тақырыпқа жасалады. 8-апта тақырыбы: 1. Мәдениет элементтері

    2. Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтері

    3. Қоғам мен дін арасындағы қарама-қайшылықтар
    Презентацияны бағалау критериі

    Критерий

    Дескрипторлар

    Балл

    Презентация– 15 балл


    презентация дизайны:кестелерді, диаграммаларды, иллюстрацияларды пайдалануы

    2

    Жоспарының болуы

    2

    Бөлімдерінің жоспарына сай болуы

    2

    презентацияның маңызды, толық, түсінікті ақпараттармен қамтылуы

    2

    тақырыптан ауытқымау

    1

    деректерді талдау және қорытындының болуы

    2

    материалды сауатты әрі анық жеткізуі

    2

    нақты дереккөздерді пайдалану

    1




    көлемі 10 слайдтан көп немесе кем болмауы

    1
    1   2   3   4


    написать администратору сайта