Пән: Химия
| Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
|
Мерзімі: 26.04.2021
| Оқытушының тегі, аты-жөні: Жанар Саршақызы
|
Курс /топ: 1/М-11
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. Фенолдар
|
Сабақтың типі
| Теория
|
Оқу мақсаттары:
осы сабақта қол жеткізу үшін (ҮОЖ-дан оқу бағдарламасына сілтеме)
| 11.5.2.13 арендер және оның туындаларын алу реакцияларын құрастыру.
|
Сабақтың мақсаты
| Оттекті органикалық қосылыстар жайлы түсінік беру. Спирттер құрамында -ОН тобы көмірсутектердің туындыларымен таныстыру. Спирт өндірісінің адам өміріндегі түйткілді мәселелерін қарастыру арқылы саналы таңдау жасауға тәрбиелеу. Ой жүйріктігі, шапшаң шешім қабылдау, бәсекеге қабілеттілік дағдыларын жаттықтыру.
|
Бағалау критерийлері
(ҮОЖ-дан оқу бағдарламасына сілтеме)
| Спирттер мен фенолдар құрылысын анықтайды. Спирттің гомолог қатарын, изомерлерін және оларды атайды. Фенолдардың алыну жолын айта алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
|
Құндылықтарды дарыту
(Тәрбие міндеті)
| Адамгершілікке, ұқыптылыққа, білімге талпыну, іздену, жауапкершілік қабілеттерін тереңдету, білімді жүйелі қолдануға, компьютерлік сауатылыққа үйрету, өмірмен байланысын ұғынуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау, спирт өнімдерінің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету.
|
Пәнаралық байланыс
| Биотехнология, биология
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
| Бензолдың химиялық қасиеттері.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| • Білім алушылармен сәлемдесу; • Білім алушыларды түгендеу; • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру; • Білім алушылардың назарын сабаққа аудару (ой ашар)
|
Сабақтың басы
| Жеміс шырыны ашығанда түзілетін шарап спиртін адамдар өте ертеден пайдаланады. «Спирт» сөзі латынның «spiritus vini» — «шараптың рухы» деген сөзінен шыққан. Шарап спиртінің формуласы С2Н5ОН. Жүзімнің, қанттың, крахмалдың ферменттік ашуы нәтижесінде түзілген бұл затты тұрмыста «спирт» деп атайды.
Спирттің құрамында гидроксил тобы -ОН болады. гидроксил тобы – спирттің функционалдық тобы.Функционал топ деп заттың осы класына тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобын айтады.
Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектің туындылары спирттер деп аталады.
Мысалы: Метан СН4 метил спирті СН3ОН
Этан С2Н6 эил спирті С2Н5ОН, этиленгликоль С2Н5(ОН)2 Физикалық қасиеті
Спирттердің меншікті салмағы бірдей: төмен, немесе судан жеңіл. Бірінші үш өкілі суда жақсы ериді, жоғарғылары қатты заттар және суда ерімейді. Молекулалық массасы өскен сайын, қайнау температуралары жоғарлайды.
Метил спирті (метанол) СН3ОН. Өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық зат. Өте улы. Көз жүйкесіне әсер етеді. Аздаған өлшері соқыр етеді, тіпті адамды өлтіріп жібереді. Метанол еріткіш ретінде автокөлік отынына қоспа ретінде және химия өнеркәсібінде құмырсқа қышқылын, пластмасса т.б. заттар алу үшін қолданылады. Өнеркәсіпте бояғыш заттар, еріткіштер ретінде қолданылады. Этил спирті (этанол) С2Н5ОН өзіне тән иісі бар түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді, қантты немесе крахмалды заттарды ашыту арқылы алынады. Этил спирті адам организіміне зиянды әсер етеді. Спиртті ішімдіктің әсерінен асқазан мен ішектің кілегейлі қабықшасы зақымданады, бауырдың қызметі бұзылады. Спирт мидың қызметін тежеп, оның жүйке клеткаларын уландырып, адамның ойлау қабілетін төмендетеді, сөйлеу, қимыл үйлесімділігі бұзылады. Соңғы кезде этил спиртін ағаш жаңқаларынан өндіру әдісі кең дамуда
|
Сабақтың ортасы
| Спирттер дегеніміз не? Гамологтық қатар дегеніміз не? Спирттердің жалпы аталуы? Спирттердің функционалдық тобы? Этил спиртінің неше пайызы ішуге пайдаланады? ацетон қандай спирттен алынады сабын, әр түрлі кремдердің құрамында кездесетін спиртті ата. антифриз ретінде қолданатын спирт тамақ өнеркәсібінде спирттерді неден алады? спирттердің молекулалық массалары артқан сайын ерігіштігі қалай өзгереді? Этил спиртінің молекулалық массасы С2Н5ОН=12·2+5+17=29+17=46
|
Жаңа тақырыпты бекіту
| №1 жұп
1) спирттердің жалпы формуласы, қандай химиялық элементтерден тұрады. Не себептен оттекті қосылыс деп аталады?
2) Тәжірибе көрсету арқылы этил спиртінің жануын көрсет және мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін жаз. (толық түсіндір)
Есеп. Бір атомды қаныққан спирт буының сутегімен салыстырғанда тығыздығы 37 тьең болса, оның формуласы қандай?
№2 жұп.
1) Бутанолдың С4Н9ОН мүмкін болатын изомериясын және номенклатурасын жаз.
2) Тәжірибе көрсету. Этил спиртін (СН3-СН2ОН) метал натриймен (Na) әрекеттестір, түсіндіріп химиялық реакция теңдеуін жаз.
3) Есеп. 50г этил спирті натрий мен әрекеттескенде қанша метр (қ.ж) сутек бөлінеді?
№ 3 жұп.
1) Көп атомды спирттерді ата және физикалық қасиеттерін сипатта.
2) Тәжірибе. Молекула ішілік дегидратация немесе спирттен этилен алу (түсіндір) химиялық реакция теңдеу құр.
|
Үй тапсырмасы
| Оқу мазмұндау. Есептер шығару.
|
Рефлексия
| «Тазалық»-ойыны Үш зат (чемодан,еттартқыш, қоқыс жәшігі беріледі) оқушылар өздеріне тақырып бойынша «керек емес» болған артық дүниені-қоқыс жәшігіне, тақырыптан алған «керекті ақпаратты» чемоданға, «әлі оқуым толықтыруым керек» деген мәліметті –еттартқышқа салады.
|