Главная страница
Навигация по странице:

  • Геннадий Головкиннің сұхбатынан

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница12 из 59
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59

    І. Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?

    Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар» театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.

    − Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының қызыққанын көрмеппін.

    ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес.  Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан.

    ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…

    IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.

    Қарлығаш Досанова

     («Ұлан»,10.02.2015)
    7. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

    A)Дәлелдейді

    B)Зерттейді

    C)Нақтылайды

    D)Суреттейді

    E)Сипаттайды

    8. Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?

    A)Елімізде театр санын арттыру керек

    B)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.

    C)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.

    DШетелде демалудың өзі – бір бақыт

    E)Театр билетінің құнын өсіру керек

    9.  «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай?

    A)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек. 

    B)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек. 

    C)Кішкентай балаға театр қызық емес. 

    D)Кез келген арманға қол жеткізуге болады. 

    E)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.

    10. Автордың мақаласына түрткі болған жағдай

     A)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу 

    B)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету

    C)Өнер ордасына балалардың сирек баруы

    D)Театр қызметкерін таныту 

    E)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы

    11. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп?

    Ата-аналардың...

    A)Бағасы бір деп ойлауынан

    B)Мәдени орынды сыйламауынан

    C)Немқұрайлық танытуынан

    D)Қаражатының жоқтығынан

    E)Өресінің таяздығынан

    12. Үшінші азатжолда автордың қандай  көңіл-күйі берілген 

    A)Дегбірсізденеді

    B)Таңқалушылық

    C)Алаңдаушылық

    DКүмәнданады

    E)Немқұрайлық

    Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.  

    Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және  құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.

    –Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.

    Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын.

    –Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди.

    Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет.

    13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай абзацта бейнеленген?

    A)4

    B)5

    C)3

    D)2

    E)1

    14. Мәтіннің бірінші абзацы қандай мақсатта берілген?

    A)Экологиялық бағдарламаны жүзеге асыру

    B)Құстарды еркіндікке жіберу туралы

    C)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау

    D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу

    E)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу

    15. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?

    A)Машығын еске түсіру үшін

    B)Сұңқарға көмектесу үшін

    C)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін

    D)Көгершінмен салыстыру үшін

    E)Оларды жарыстыру үшін

    16. Соңғы абзацтың төртінші азатжолға қатысы қандай?

    A)Ойды баяндайды

    B)Ойды сипаттайды

    C)Ойды дамытады

    D)Ойды суреттейді

    E)Ойды қорытындылайды

    17. Мәтін не туралы?

    A)Саятшылық

    B)Ителгілердің өмірі

    C)Сұңқарлар өмірі

    D)Аңшылық

    E)Құстарды қорғау

    18. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз

    A)Бұл жер табиғаты құс ұстауға өте қолайсыз

    B)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты

    C)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар

    D)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады

    E)Жоба қаражат тартуды көздеді

    19. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді?

    A)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін

    B)Құстардың санын көбейту үшін

    C)Құстардың ортаға бейімделуі үшін

    D)Құстарды бостандыққа жіберу үшін

    E)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін

    20. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз

    1.Қаржылық көмек

    2.Мемлекеттік қолдау

    3.Жоба жетекшісінің көзқарасы

    4.Еркіндікке босату

    5.Экологиялық жоба

    A)5.3.1.2.4.

    B)3.1.5.4.2.

    C)5.4.2.3.1.

    D)2.4.1.3.5.

    E)1.4.5.2.3.
    21-НҰСҚА

    Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.

    Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл. (100 сөз)

    Ә.Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»

    1.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған?

    A)аспап туралы

    B)кітап туралы

    C)би туралы

    D)ән туралы

    E)қыздар туралы

    2.Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз?

    A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.

    B)Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

    C)Мың асауға бір тосу.

    D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.

    E)Туған жердей жер болмас.

    Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оны жегісі келіп тыныштық бермепті.

    Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:

    –Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің?-дейді. Мысық тәкаппарлана:

    –Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.

    Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты.

    Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.

    3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.

    A)Ұйқышыл мысық

    B)Жаңа дос

    C)Тату-тәтті өмір

    D)Қулығын асырған тышқан

    E)Мысық пен тышқан

    4.Мәтіннен мысықтың қай қасиеті байқалады?

    A)Өркөкіректігі

    B)Мақтаншақтығы

    C)Айлакерлігі

    D)Жалқаулығы

    E)Батырлығы

    5.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай

    A)Батылдығы

    B)Шыдамдылығы

    C)Шапшаңдығы

    D)Тапқырлығы

    E)Ептілігі

    6.Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.

    A)Ежелгі дұшпан ел болмас

    B)Жалғыз қаздың үні шықпас

    C)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас

    D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес

    E)Досы көпті жау алмайды

    1.Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.

    2.Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.

    3.Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.

    4.Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән.

    5.Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.

    6.Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою –  өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына      және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. (267 сөз)

     

    7.Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?

    A)Сөздің жаңалығын

    B)Әріптердің санын

    C)Сөздердің тіркесуін

    D)Есімнің дыбысталуын

    E)Есімнің әдемілігін

    8.Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?

    A)қыста

    B)көктемде

    C)жазда

    D)барлық мезгілде

    E)күзде

    9.Үшінші бөлімге сәйкес қандай есімдер қоюға болады?

    A)Жамал, Ақылгүл

    B)Дана, Сабыржан

    C)Қымбат, Әсем

    D)Жібек, Меруерт

    E)Қайсар, Батырхан

    10Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?

    A)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.

    B)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.

    C)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.

    D)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.

    E)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.

    11.Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?

    A)Қыс-жаз

    B)Жаз-күз

    C)Қыс-көктем

    D)Көктем-күз

    E)Күз-қыс

    12.Мәтіндегі ойға сәйкес жаңа туған балаға ненің әсері көп?

    A)Ата-ана таңдауы мен ауа-райының

    B)Есімі мен күн мезгілінің

    C)Жыл мезгілі мен есімінің қатқылдығы

    D)Ай атауы мен есімінің қатқылдығы

    E)Ауа райы мен жыл мезгілінің

    Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.

    Геннадий Головкиннің сұхбатынан

    (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59


    написать администратору сайта