Главная страница
Навигация по странице:

  • Геннадий Головкиннің сұхбатынан

  • Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница2 из 59
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59

    3-НҰСҚА Оқу сауаттылығы

    Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.

    Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.

    Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.

    1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

    A)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты

    B)Көл толқындарының бұйралығына байланысты

    C)Көк толқындардың жылдамдығына  байланысты

    D)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.

    E)Көлдің әдемілігіне байланысты

    2. Екінші абзацта не туралы айтылған?

    A)Көлдегі балықтар туралы

    B)Көл атауы туралы

    C)Қамысты құрақтағы құстар туралы

    D)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

    E)Көлдің көлемі туралы

    Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ,  керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие.

             Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді. Гүлдердің сырына үңіліп көрейік.

             Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың отаны ‒ Қазақстан!

             Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді.

             Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады.

              Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихтары бар.

              Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп. Чарлз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған болатын.

    3. «Раушандар бағы» атауының шыққан жері

    A)Персия

    B)Жапония

    C)Германия

    D)Қазақстан

    E)Үндістан

    4. «Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық

    A)Раушан

    B)Сакура

    C)Қызғалдақ

    D)Дицентра

    E)Орхидея

    5. Қызғалдақтың отаны

    A)Германия

    B)Қазақстан

    C)Ресей

    D)Франция

    E)Жапония

    6. Француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаған гүл

    A)Раушан

    B)Сакура

    C)Орхидея

    D)Қызғалдақ

    E)Дицентра

    2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырда» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді.

    «Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды. Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі болдым...

    Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен, фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.

    Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да: «Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ» – деп ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын!

    P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті.

    7. Берілген мәтіндер не туралы?

    A)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы

    B)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы

    C)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға

    D)Баян Есентаеваның жетістігі туралы

    E)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы

    8. Отандық фильмдердің сапасына түсінушілікпен қараған көрермен

     

    A)Нұрлан мен Гүлмайра

    B)Нұрлан мен Жанерке

    C)Нұрлан

    D)Жанерке

    E)Гүлмайра

    9. Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады?

    A)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды.

    B)Гүлмайра – кино майталманы.

    C)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры.

    D)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ.

    E)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар.

    10. Нұрланның пікірінен «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі туралы  нені білуге болады?

    A)Фильм көп көрермен жинай алғанын

    B)Фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын

    C)Фильмге жиналған қауымның риза болғанын

    D)Фильм жарнамасынан да мықты болғанын

    E)Фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын

    11. Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды?

    A)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі

    B)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу

    C)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні

    D)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені

    E)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын

    12. Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді?

    1.     Баян Есентаеваның бұл картинасының сәтті шыққаны – сөзсіз.

    2.     Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерінің образын аша алды.

    3.     «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді.

    A)Бірінші мен үшінші

    B)Барлығы теріс

    C)Тек үшінші

    D)Тек бірінші

    E)Барлығы дұрыс

    Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.

    Геннадий Головкиннің сұхбатынан

    (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.

    Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

    ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.

    Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.

    Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.

    Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.

    Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.

    Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон.

    Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.

    Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.

    13. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?

    A)Сенімділігін

    B)Болжағыштығын

    C)Ренішін

    D)Алаңдаушылығын

    E)Қорқынышын

    14. Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?

    A)Төртінші

    B)Бірінші.

    C)Он екінші

    D)Оныншы

    E)Үшінші

    15. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?

    A)Владимир Кличко

    B)Шугар Рэй Леонард

    C)Андре Берто

    D)Джим Лэмпли

    E)Адриан Гонсалез

    16. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?

    A)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли

    B)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли

    C)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез

    D)Андре Берто, Фредди Роуч

    E)Владимир Кличко, Фредди Роуч

    17. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?

    A)Тек біріншісін

    B)Екеуі де жатпайды

    C)Бұл дидарластық сөз

    D)Тек екіншісін

    E)Екеуі де жатады

    18. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді?

    1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.

    2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.

    3. Геннадийдің  өз қабілеті мен күшіне сенімі мол

    A)3-ші дұрыс

    B)1-ші дұрыс

    C)2-ші дұрыс

    D)1-ші мен 3-ші дұрыс

    E)барлығы дұрыс

    19. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?

    1. Шынықсаң, шымыр боласың

    2. Денсаулық – байлықтан да қымбат

    3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.

    A)Тек біріншісі

    B)Тек үшіншісі

    C)Тек екіншісі

    D)Бірінші мен екіншісі

    E)Екеуі де бұрыс

    20. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?

     A)Еңбекқор

    B)Тәуекелшіл.

    C)Тым қарапайым

    D)Қырағы

    E)Аса ұғымтал

    4-НҰСҚА

    Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.

    Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал  ескенде  ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай  ғана болған, бұ  дүниенің  күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол  ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз  жіберетін де,  бұлақтағы  тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.

    Сайраған құстар әні  оны  көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға  итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.
    1.Бағбанды ең  ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз

    A)Қоңыр салқын самал желдің соғуы

    B)Құстардың сайраған үніне таңдануы

    C)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі

    D)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы

    E)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі

    2.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.

    1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.

    2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін

    A)Тек екіншісі

    B)Дұрыс жауап жоқ

    C)Екеуі де бұрыс

    D)Екеуі де дұрыс

    E)Тек біріншісі

    Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.

    Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.

    Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.

    Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды.
    3.Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?

    A)Меринос қойымен будандастыратындықтан

    B)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан

    C)Мүйізі үлкен болғандықтан

    D)Егіз төл беретіндіктен

    E)Суыққа төзімді болғандықтан

    4.Арқардың негізгі жауы нелер?

    A)Сүт қоректілер.

    B)Қос  аяқтылар.

    C)Үй жануарлары.

    D)Ет қоректілер.

    E)Шөп қоректілер.

    5.Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?

    A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады

    B)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады

    C)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті

    D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді

    E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды

    6.Арқар қандай жерлерді мекендейді?

    A)Құмдауыт ойпаттарды

    B)Егіс алқаптарын

    C)Шөлейт жерлерді

    D)Тау бөктерлерін

    E)Жазық даланы

    Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы  көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...

    Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!

    Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!

    Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.

    Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!
    7.Автордың «...Тек  бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?

    A)Халқына сенім арту

    B)Халқына жанашыр болу

    C)Халқына қамқор болу

    D)Халқының жолын ашу

    E)Халқының қамын ойлау

    8.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?

    A)Бағыт сілтеуші болғандықтан

    B)Түн жылы болатындықтан

    C)Жақсылыққа жорығандықтан

    D)Түн жарық болатындықтан

    E)Дәстүрді құрметтеген

    9.Мәтіннің тақырыбы қандай?

    A)Үміт шырағы

    B)Жұлдыз сыры

    C)Дала аспаны

    D)Ырымшыл халық

    E)Жақсылық нышаны

    10.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

    A)Шынайылыққа

    B)Турашылдыққа

    C)Сабырлыққа

    D)Болжампаздыққа

    E)Сенімділікке

    11. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?

    A)Жігерлілігін

    B)Ұстамдылығын

    C)Сабырлылығын

    D)Тәуекелшілдігін

    E)Мақсатшылдығын

    12.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?

    A)Әңгімелеу

    B)Пайымдау

    C)Суреттеу

    D)Баяндау

    E)Сипаттау

    Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.

    Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.

    Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал ендімынабалаларға не айтуғаболады?! Адам ата-ананытаңдапалмайды. Солбіржауапсызжандардыңкесіріненбақыттышақтарынкөшеденазықіздеуменалмастырыпжүргендеріөтеөкінішті-ақ... Оқушыбіткенжазғыдемалыстыңаяқталмауынтілеуде. Ал, мынабалалардыңекеуімектептерінаңсапжүр. Арнаулымектепкебаратындардыңолжердекиеркиіміұқыпты, тамақтарытоқ, жатарорны таза. Мектеп жасынатолмағанқалғанекеуіше? Олар не күнкөреді? Жазда, жарайды,әрбірқарағашоларға  сая, кез-келгеншүбереккиім. Қысташе? Қақағанаяздаүсіпөлсе, бұлардыіздейтінжан бар ма? Жоқәлде, көмусізаң-құстыңазығынаайналармаекен? Бұлтұстақылыштыкімгесілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анағама, жоқәлде тек екеудіқамқорлығынаалғанүкіметкеме? Ата-анаданендіқайыржоқ, олбелгіліжайт! Үкімет  ендімынаекеуді де далағақаңғытпайқарамағынаалсаекен. Мендегіжалызтілек осы!

     

    13.Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?

    A)Балалардың әке-шешелеріне

    B)Мектеп мұғалімдеріне

    C)Әлеуметтік орталық өкілдеріне

    D)Үкімет басындағы азаматтарға

    E)Қоғамдық ұйым басшыларына

    14.Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

    A)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.

    B)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?

    C)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.

    D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.

    E)Кішкентайқызтоғынарықтағысуменбасты.

    15.Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?

    A)Балалардың кім екендігін анықтау үшін

    B)Балаларға қол ұшын беру үшін

    C)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен

    D)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан

    E)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан

    16.Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады?

    A)Жергілікті тұрғындар айтады

    B)Өздері қатарлас балалар айтады

    C)Демалушылардан естиді

    D)Саябақтың күзетшісі айтады

    E)Қаңғыбас адамдар айтады

    17.Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз

    A)Шынайы тілек

    B)Тұрақты мекен

    C)Күнкөріс

    D)Саябақ

    E)Жолы болмаған балалар

    18.Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?

    A)Мейірімсіз ана

    B)Саябақтағы оқиға

    C)Қараусыз қалған балалар

    D)Жас балалар

    E)Азық іздеген төртеу

    19. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?

    A)Балалардың өміріне алаңдау

    B)Балаларға жақсы тілек айту

    C)Үкіметке үміт арту

    D)Балалардың тағдырын шешу

    E)Балаларға қол ұшын беру

    20. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.

    A)Шарасыздығы

    B)Жек көрушілігі

    C)Жиіркеніші

    D)Сенімділігі

    E)Өкініші
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59


    написать администратору сайта