Главная страница
Навигация по странице:

  • Геннадий Головкиннің сұхбатынан

  • Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница7 из 59
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59

    ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес.  Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан.

    ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…

    IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
    7. Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?

    A)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.

    B)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт

    C)Елімізде театр санын арттыру керек

    D)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.

    E)Театр билетінің құнын өсіру керек

     

    8. Үшінші азатжолда автордың қандай  көңіл күйі берілген

    A)Немқұрайлық

    B)Күмәнданады

    C)Алаңдаушылық

    D)Таңқалушылық

    E)Дегбірсізденеді

    9. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

    A)Суреттейді

    B)Дәлелдейді

    C)Зерттейді

    D)Нақтылайды

    E)Сипаттайды

    10. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп?

    Ата-аналардың...

    A)Қаражатының жоқтығынан

    B)Немқұрайлық танытуынан

    C)Мәдени орынды сыйламауынан

    D)Бағасы бір деп ойлауынан

    E)Өресінің таяздығынан

    11. Автордың мақаласына түрткі болған жағдай

     

    A)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы

    B)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу

    C)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету

    D)Өнер ордасына балалардың сирек баруы

    E)Театр қызметкерін таныту

     

    12.  «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай?

    A)Кез келген арманға қол жеткізуге болады.

    B)Кішкентай балаға театр қызық емес.

    C)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек.

    D)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.

    E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек.

    Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.

    Геннадий Головкиннің сұхбатынан

    (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.

    Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

    ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.

    Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.

    Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.

    Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.

    Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.

    Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон.

    Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.

    Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.

    Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі.

    Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді.

     

    13. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?

    A)Тәуекелшіл.

    B)Тым қарапайым

    C)Қырағы

    D)Аса ұғымтал

    E)Еңбекқор

    14. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?

    1. Шынықсаң, шымыр боласың

    2. Денсаулық – байлықтан да қымбат

    3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.

    A)Екеуі де бұрыс

    B)Тек екіншісі

    C)Тек үшіншісі

    D)Тек біріншісі

    E)Бірінші мен екіншісі

    15. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?

    A)Сенімділігін

    B)Ренішін

    C)Болжағыштығын

    D)Қорқынышын

    E)Алаңдаушылығын

    16. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?

    A)Екеуі де жатады

    B)Екеуі де жатпайды

    C)Бұл дидарластық сөз

    D)Тек екіншісін

    E)Тек біріншісін

    17. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?

    A)Владимир Кличко, Фредди Роуч

    B)Андре Берто, Фредди Роуч

    C)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез

    D)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли

    E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли

    18. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?

    A)Шугар Рэй Леонард

    B)Владимир Кличко

    C)Адриан Гонсалез

    D)Андре Берто

    E)Джим Лэмпли

    19. Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?

    A)Он екінші

    B)Оныншы

    C)Бірінші.

    D)Үшінші

    E)Төртінші

    20. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді?

    1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.

    2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.

    3. Геннадийдің  өз қабілеті мен күшіне сенімі мол

    A)барлығы дұрыс

    B)2-ші дұрыс

    C)1-ші мен 3-ші дұрыс

    D)1-ші дұрыс

    E)3-ші дұрыс
    12-НҰСҚА

    Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.

    Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.

    Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.

    1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

    A)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.

    B)Көлдің әдемілігіне байланысты

    C)Көл толқындарының бұйралығына байланысты

    D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты

    E)Көк толқындардың жылдамдығына  байланысты

    2. Екінші абзацта не туралы айтылған?

    A)Көл атауы туралы

    B)Көлдің көлемі туралы

    C)Қамысты құрақтағы құстар туралы

    D)Көлдегі балықтар туралы

    E)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
    1. Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.

    2. Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.

    Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.

    Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім.

    3. Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бекқуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.

    Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем.

    3.Халиулланың ісі туралы қандай бөлімде айтылған?

    A)Бірінші

    B)Екінші және үшінші

    C)Үшінші

    D)Барлығында

    E)Екінші

    4. Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды?

    A)Себебі хат Қамариден моллаға арналған.

    B)Себебі Қамариден молла хат тасиды.

    C)Себебі Қамариден молладан ат мінеді.

    D)Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі.

    E)Себебі Халиулла молламен бірге тұрады.

    5. Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады?

    A)Талапшыл адам

    B)Бауырмал адам

    C)Танымал адам

    D)Ардақты адам

    6. Берілген мәтін қай стильде жазылған?

    A)Ресми ісқағаз стилі

    B)Көркем әдебиет стилі

    C)Ауызекі сөйлеу стиль

    D)Публицистикалық стиль

    E)Ғылыми стиль

    E)Құрметті адам
    Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқантта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқантта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған.

    Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқанттағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша –Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.

    Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады.

    7. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?

    «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»    

    A)Ақылды

    B)Саясаткер

    C)Көріпкел

    D)Батыр

    E)Білімді

    8. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?

    A)Белх билеушісі болғандықтан

    B)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен

    C)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан

    D)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен

    E)Түрік қағанатын басқарғандықтан

    9. Мәтіннің стилі қандай?

     A)Публицистикалық стиль

    B)Ауызекі сөйлеу стилі

    C)Ғылыми  стиль

    D)Көркем әдебиет стилі

    E)Ресми іс-қағаздар стилі

    10. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?

    A)Таққа отырған жерінде

    B)Басып алған жерінде

    C)Қайтыс болған жерінде

    D)Жорықта жүрген жерінде

    E)Туған жерінде

    11. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?

    A)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан

    B)Аяғы кем болып туылғандықтан

    C)Егде шағында соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан

    D)Дұшпандары жек көргендіктен

    E)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен

    12.Мәтінге сәйкес орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды?

    A)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан

    B)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан

    C)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан

    D)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен

    E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан
    1. Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады.

    2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.

    3. Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:

    – Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп елші арқылы сәлем айтады.

    4. Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.

    5. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирге елші жіберіп:

    – Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сәлемін жеткізеді.

    Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.

    13. Неліктен Томирис  Кирдің ұсынысынан бас тартты?

    A)Соғысқа дайын болғандықтан

    B)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен

    C)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан

    D)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен

    E)Кирді ұнатпағандықтан

    14. Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді?

    A)Үшінші

    B)Төртінші

    C)Бірінші

    D)Бесінші

    E)Екінші

    15. Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды?

    A)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан

    B)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан

    C)Батырлар жеңісін тойлағандықтан

    D)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан

    E)Соғыс күші жетіспегендіктен

    16. Кир неліктен Томириске құда түсті?

    A)Сақ елін иеленгісі келді

    B)Қамқор болғысы келді

    C)Спаргаписті қолға түсіру үшін

    D)Байлығына қызықты                                     

    E)Сұлулығына көзі түсті

    17. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

    A)Ойды тұжырымдайды

    B)Ойды дамытады

    C)Ойды пайымдайды

    D)Ойды қорытындылайды

    E)Ойды салыстырады

    18. Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті?

    1. Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін

    2. Сертін орындау үшін

    3. Ұлының кегін алу үшін

    A)Үшіншісі дұрыс

    B)Барлығы дұрыс

    C)Біріншісі дұрыс

    D)Барлығы бұрыс

    E)Екіншісі дұрыс

    19. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?

    A)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу

    B)Кирдің жеңісін мақтан ету

    C)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту

    D)Парсы патшасының батылдығын насихаттау

    E)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту

    20.Кир қандай патша?

    A)Батыл

    B)Ақымақ

    C)Ашкөз

    D)Ақылды

    E)Ержүрек
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59


    написать администратору сайта