дәріс кешені. Педагогикадаы діснамалы білімні рылымы жне функциясы. Дріс масаты
Скачать 423 Kb.
|
Ғылыми жұмыс мақсатыІргелі ҚолданбалыТабиғат пен қоршаған Іргелі ғылымиәлемнің дүние жүзілік жетістіктеріне сүйене мәселелерін қарастырады. отырып, өмір - тіршіліктегі Әлем мен жаратылыс міндеттерді қарастырады. құрылымының жалпы және ортақ заңдылықтары сипатталады. Зерттеу бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады: Алғашқы кезең – зерттеу мәселесімен танысу, өзектілігін, зерттеу деңгейін анықтау. Мақсат, міндет, объекті, пәні анықталады. Екінші кезең - әдіснама, таңдау кезеңі. Алдыңғы тұжырымдамалар, теориялық ілімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі. Қолданылатын әдістер: жүйелілік, кешендік, тұтастық, жекелік, іс-әрекеттілік. Үшінші кезең - болжам жасау. Зерттеудің болжамы болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет етіп, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық. Төртінші кезең – зерттеу әдістерін таңдаумен сипатталады. Бесінші кезең – тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу. Алтыншы кезең – зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безендірумен ерекшеленеді. Жетінші кезең – практикалық ұсыныстар жасау. Мысалы диссертациялық ғылыми зерттеуді қарастыратын болсақ, диссертациялық зерттеудің қамтитын мәселелері мыналар: Зерттудің көкейкестілігі Зерттеудің мақсаты Зерттеу нысаны Зерттеу пәні Зерттеудің ғылыми болжамы Зерттеудің міндеттері Зерттеу көздері Зерттеу әдістері Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы Зертеудің практикалық мәні Қорғауға ұсынылатын қағидалар Алынған нәтижелердің шынайылығы Диссертациялық жұмыстың құрылымы Қорытынды 1. Зерттеудің көкейкестілігі. Жұмыстың көкейкестілігін анықтауда қорғалып отырған тақырыптың қазіргі таңдағы зерттелу деңгейіне баға беріліп, аталмыш тақырыптың зерттелу қажеттілігі негізделеді. Жұмыстың көкейкестілігі әлемдік және отандық ғылымның дамуындағы қажеттілікті ескере отырып, қазіргі заманғы жетістіктер тұрғысынан бағаланады. 2. Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Зерттеу мақсаты жұмыстың кезеңдік және қорытынды нәтижелеріне бағытталады. Зерттеудің тақырыбы мен мақсатын негіздеу жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижесі болып табылады. Жұмыстың тақырыбы мен мақсатын анықтау құрамдас екі элементтен тұрады: зерттеу нысаны мен күтілетін нәтижелері. Мақсаттың үшінші элементі – ол нәтижеге жету жолы. Шын мәнінде зерттеу мақсатынан жалпы зерттеуде көзделетін ой – тұжырымдар анықталады. Сондықтан, жұмыстың мақсаты қысқа да нұсқа, мәнді әрі нақты болу шарт. Дұрыс қойылған мақсат зерттеу тақырыбының түбегейлі анықталуына ықпал етеді. Зерттеу мақсатының төмендегідей бірнеше қызметі бар: 2.1. Танымдық қызметі – зерттеу мәселелері бойынша теориялық шолу жасау және тұжырымдау; ғылыми зерттеудің тиімді жолдарын іздестіру; зерттеу пәнін негіздеу; зерттеу мақсатын анықтау; зерттеліп отырған тақырыпқа сәйкес зерттеудің теориялық және тәжірибелік бөлімдерінің бағыты мен көлемін анықтау; зерттеу тақырыбына байланысты зерттеу құбылыстарын топтасыру, теориялық пайымдаулар мен болжамдар жасау; зерттеу нысаны мен зерттеу пәнінің нұсқаларын жасау; жалпы тұжырымдар мен қорытындылар және күтілетін нәтижелерді анықтау. 2.2. Бағалаушылық қызметі – зерттеу мәселелері бойынша толық және дұрыс шолу жасау, зерттеу міндеттерінің қажеттілігі мен жеткіліктілігін анықтау; теориялық зерттеулердің қажеттілі мен жеткіліктілігін анықтау; зерттеу бағдарламасының қисынды әрі кең көлемді болуын қамтамасыз ету; зерттеу әдістемесінің дұрыстығын дәлелдеу; теориялық және тәжірибелеік негіздемелердің күтілетін қорытынды нәтижелерге сай болуын анқтау; жасалған модельдердің дұрыс әрі қарапайым болуын қамтамасыз ету; зерттеу нысанының мазмұнын анықтау және топтастыру; зерттеу жұмысының нәтижелерін пайдалануға болатын салаларды анықтаудың алғышарттарын жасау. 2.3. Зерттеу мақсатын дұрыс қоя білу үшін төмендегі мәселелерді анықтау керек: зерттелетін мәселе мәні және оның қандай негізгі қарама-қайшылықтары бар; болашақта жүргізілетін тәжірибелік және теориялық сипаттағы ғылыми зерттеу арқылы шешуге болатын мәселелер; зерттелетін нысанның құрылымы мен қызмет көрсету заңдылықтарын түсіндіру үшін қолдануға болатын теориялық білім; зерттеуді теориялық және тәжірибелік негіздеудің басты жолдары мен көлемі; зерттеу нысанының теориялық және тәжірибелік негіздемесін жасауға қажетті педагогикада кездесетін әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдыр. 3. Зерттеу нысаны – зерттеу аясын анықтауға мүмкіндік беретін тұжырымдар мен байланыстар жиынтығы. Нысанды анықтағанда педагогикалық концепцияларды талдап, оның заман талабына сай, даму жолдарын есте сақтау қажет. Ізденуші міндетті түрде мыналарды еске сақтауы керек: зерттеудің нақтылы нысаны – маңызды, әрі мазмұнды ғылыми акция. Ол зерттеушіге біртұтас, кең мағынада зерттеу пәнінің орны мен беретін білімін анықтауға жол ашады; нысан шексіз кең аталмауы керек, ол объективті шындықтың шеберінен шықпауы керек; нысан зерттеудің басқа құрамды бөліктерімен тікелей байланысты сипаттайтын маңызды элемент болуы керек; нысан белгілі білімдер жүйесі арқылы берілген педагогикалық шындықты сипаттауы қажет. 4.Зерттеу пәні – зерттеу жұмысының бағыты болып табылатын белгілі бір маңызды құбылыстар, оқиғалар, фактілер және әрекеттердің жиынтығы. Зерттеу жқмысының нысаны мен пәні ғылыми процесс категориялары ретінде бір-бірімен жалпылай және жекеше байланысты болады. Зерттеу пәніне белгілі бір ғылыми қырынан қарастырылатын зерттеу аясына жататын мағлұматтар кіреді: а) терең арнайы зерттеуді қажет ететін құрылымдар мен қарым-қатынастың нәтижесі, ізденістің шекарасы мен бағыттары, оларды сәйкес әдістер мен тәсілдер арқылы шешудің мүмкіндіктері мен маңызды міндеттері; б) қойылған мәселелерде көрсетілген маңызды болжамдар, оларды бір жүйеден уақытша алу және қосу мүмкіндіктері; в) ерекшеленген жеке мәселені көруге мүмкіндік беретін айқындау нүктесі, мәселенің ішкі мәндік байланысы, яғни, нысанды зерттеулің белгілі бір қыры. Ізденуші міндетті түрде мыналарды сақтауы керек: зерттеу пәні нысан немесе нысанның тек бір бөлігі ғана емес, нысанды анықтауға болатын немесе оған кіретін “есік” іспеттес болуы керек. Нысан мен пәннің айқындалған тәуелділігі мен байланысы неғұрлым жоғары болған сайын, зерттеудің теориялық деңгейі, әдіснамалық нақтылығы мен тұтастығы айқындала түседі; зерттеу пәнін таңдалған ғылыми концепцияға орай нақтылы талдаулар жасауға және көздеген мақсат-міндеттерді жүйелі жеткізе беруге мүмкіндік беретіндей етіп, ғылыми шындыққа негіздей отырып зерттеушінің өзі құрайды. пәннің құрамына нысанның даму тарихы және ол туралы білімдер, оның маңызды қасиеттері, сапасы мен даму заңдылықтары, пәнді тұжырымдау үшін қажетті логикалық аппарат пен әдістер кіреді; зерттеу пәні нысанға қарағанда тар ұғым. Ол нысанның бір элементі, бөлігі, қыры болып табылады. “Нысан” және “пән” түсініктері салыстырмалы түсініктер. “Зерттеу пәні” ұғымы “зерттеу нысанына” қарағанда нақтырақ; зерттеу пәнін анықтай отырып, зерттеуші соңғы нәтижеге жету мүмкіндіктерін алдын-ала болжай алады; нысан мен пәннің ара қатынасын қысқаша былай сиапттауға болады: нысан – объективті, ал пән – субъективті; пән – зерттеу нысанының моделі; зерттеу нысаны мен пәнін анықтау зерттеушінің алынған тақырыптың маңызын түсіну дәредесін және зерттеу барысындағы бағытын көрсетеді. 5. Зерттеудің ғылыми болжамы – зерттеу мәселелерінің маңыздылығы мен қажеттілігін, жаңалығын, практикалық маңызын, зерттеу жүргізудің көкейкестілігін, алынған нәтижелердің шынайылығын анықтайды. Ғылыми болжам педагогикалық зертеу барысында белгілі бір алынған тәжірибеге сүйене отырып, алдын ала пайымдаулар жасау үшін қажет. Педагогикалық зерттеулердің болжамын дұрыс құра алу үшін төмендегідей мәселелерді білу керек: педагогикалық зерттеулер боолжамының мәні, түрлері және құрылымы; педагогикалық зерттеулер болжамына қойылатын әдіснамалық талаптар; зерттеу болжамдарын анықтау кезеңдері; зерттеу болжамын анықтау бойынша тәжірибелік нұсқаулар мен болжам құруда кететін қателіктер; педагогика саласындағы зерттеу болжамын айқындаудың үлгілері; болжам мәселелрі бойынша ғалымдардың көзқарастары. Педагогикалық зертеулердің 3 түрі бар: а) сипаттамалы болжам (себептер мен олардың салдары сипатталады); ә) түсіндірмелі болжам (себептер мен олардың салдары түсіндіріледі); б) прогностикалық болжам ( ойлау экспериментінің негізінде әлеуметтік шындықты бейнелейтін алыс болашақты болжайды). 6. Зерттеудің міндеттері Зерттеуді жүйелі отырып зерттеуші мақсатқа жетудің жолын көрсететін бірқатар жекелеген міндеттерді анықтайды. Әдіснамалық талаптарға сәйкес мұндай міндеттер саны 5-6 дан аспауы керек. Олар зерттеу мақсатына жету үшін қажет шешімдердің өзара байланысқан жиынтығы болуы керек. Зерттеу міндеттерін іздену жолының бағытын нақтылауға мүмкіндік беретіндей етіп түзу керек. Жалпы зерттеудің мақсатын жекелеген міндеттерді рет-ретімен шешуді көздей отырып құрастыру керек. Дидактикада әр түрлі сипаттағы зерттеу жұмыстарының жіктемелік белгілерінің құрамы келесі терминдер арқылы айқындалады: талдау ендіру; айқындау; болжам; қосымша; зерттеу; қолдану; нақтылау; қорытындылау; негіздеу; талқылау; сипаттау; анықтама; теріске шығару; бағалау; дайындау; дәлелдеу; мәселені қою; құрастыру; жүйеге келтіру; жетілдіру; нақтылау. 7.Зерттеу көздері. Зерттеу көздеріне зерттеу нысанын таңдау үшін қажет құжаттар, айғақтар, заттар, пайдаланылған әдебиеттер, т.б. кіреді. 8. Зерттеу әдістері Зерттеу әдістері объективті шындықтың жалпы және жекелеген заңдылықтарына сүйене отырып мақсатқа жету жолдарын, зерттеудің теориялық және практикалық амал-тәсілдерін анықтайды. Әдіс жалпы ғылыми танымдық ұстанымдардан келіп шығады және жұмыс тәсілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Тәсіл – берілген мәселемен шұғылданатын зерттеушінің нақты іс-әрекеті, танымның тәжірибелік кезеңдерінде қандай да бір мақсатқа жету түрі. 9. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. Зерттелмеген материалдарды, анықталмаған құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеу, бұрыннан бар ғылыми нәтижелерді қорытындылап, оларға жаңаша ғылыми тұрғыдан қарап, жаңа қырынан тану – зерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалыы болып автордың алғаш алған және ғылыми негіздеген теориялық немесе практикалық нәтижелері есептелінеді. Зерттеудің теориялық құндылығы ғылыми зерттеу нәтижелерінің болашақта педагогика ғылымын дамытуға қолданылу мүмкіндіктерімен анықталады. 10. Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеудің практикалық мәнділігі автордың қол жеткізген зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде пайдаланылуында. Ол автордың алған зерттеу нәтижелерін практика мен оқу үрдісіне ендірумен анықталады. Қазақстанда ғылымдаы ұйымдастыру алғашқыда әртүрлі ғылыми – зерттеу мекемелереінде шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 жылы Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. ҒА құрылғаннан бергі жарты ғасырдан астам уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді; ұйымдастыру құрылымы қалыптасты. Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың 1993 ж. 21 қаңтардағы жарлығымен республика ҒА Қазақстан Ұлттық ҒА болып қайта құрылды. Ғылымның соңғы он жылда даму ерекшелігі қалыптасқан экономикалық құрылыммен байланысты болды. Тәуелсіз мемлекеттік сараптаудан конкурстық негізде өткен қолданбалы және іргелі зерттеулер бағдарламалары мақсатты түрде қарыландылып келеді. ҚР –дағы ғылымды басқару мен ұйымдастырудағы бұл жаңа бастамалар ғылымдарды басқару мен ұйымдастыруға қойылатын халықаралық стандарт талаптарына үндеседі. Ғалымдардың бірлесе жұмыс істеуі қарқын алды. Бейресми ғылыми бірлестіктер, ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар дами бастады. Өзін-өі бақылауға арналған сұрақтар. 1. Ғылым дамуының негізгі бағыттарын ата? 2. Ғылыми – педагогикалық зерттеулердің құрылымы не? 3. Зерттеу мақсатының неше қызметі ба, оларды ата? Пайдаланылған әдебиеттер: Герасимов И.Г. Научное исследование, М, 1972 Кочетов А.И. Педагогическое исследование. Рязань, 1975 Кояетов А.И. Культура педагогического исследования, Минск 1996 Алиев У.Ж. Общая дисциплинария теория науки. А., 1996 Кусаинов А.К., Таубаева Ш.Т. Методика подготовки магистерской диссертации. А., 2006 Больщая Советская энциклопедия. М., Сов. Энциклопедия. 1977, том-1 Қоянбаева Ж.Б. Педагогика. А., 2002 Абиев Ж., Бабаев С. Педагогика. А., 2004 Педагогикалық зерттеудің тақырыпты таңдаудың алгоритмі. Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің таңдаудың алгоритмін қарастыру. Жоспар: Тақырыпты таңдау. Зерттеушінің зерттеп жатқан тақырыбына байланысты жұмыстары. Тұтас алғанда, ғылым сияқты ғылыми танымның бұл саласы екі қырынан көрінеді: білім жүйесі ретінде және ғылыми‑зерттеу әрекеті жүйесі ретінде. Әрекеттің екі түрі бар – әдіснамалық зерттеулер және зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету алынып отыр. Алғашқыларының міндеті – педагогика ғылымының практикамен байланысы түрінде даму заңдылықтары мен тенденциялары, педагогикалық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру, олардың ұғымдық құрамы мен әдістерін талдау. Зертеуді әдіснамалық қамтмасыз ету‑ әдіснамалық білімдерді зерттеу бағдарламасын неіздеу мен оның сапасы бағлауға қолдану. Мұғалім мен ғалым әдіснамалық білімдерді әр түрлі қолданады. Егер мұғалім шын мәніндегі зерттеу жұмысымен айналысқысы келсе, жоғарыда әңгімеленген әдіснамалық мәдениет жеткіліксіз. Ғылыми жұмыспен оқыту және тәрбие практикасы – осы кітаптың екі тарауында айтылғандай, әрекеттің әр түрлеріне жатады. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: Тақырыпты таңдаудың агоритмі дегенімі не? Тақырыпты қалай таңдаймыз? Зеттеуші қандай жұмыстар жүргізу қажет. Қолданылған әдебиеттер. Тотанова А.С. Методика научно-педагогического исследования. Учебно-методическое пособие для специалльности 050102-педагогика и методика начального обучения, 050103 – педагогика и психология. Алматы, 2006. Зогвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования. Учебное пособие дя студентов высшего пед. учеб. заведений. М.: Изд. Центр. «Академия», 2001. Полонский В.М. Типология и уровни исслледовательской и пробематики // Педагогика – 1997. Валиев Г.Х. Объект, предмет и тема научного исследования // Педагогика.-2002. Таубаева Ш. Исследоватеьская культура учителя: от теории к практике. Монография. Аматы: Науч.изд.центр. «Ғылым», 2001. Педагогикалық зерттеудің пәні және нысаны. Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің пәні және нысанын қарастыру. Жоспар: Педагогикалық зертеудің нысаны. Педагогикалық зерттеудің пәні Педагогиканың пәні мен нысаны.
|