дәріс кешені. Педагогикадаы діснамалы білімні рылымы жне функциясы. Дріс масаты
Скачать 423 Kb.
|
Зерттеудегі әңгімелесуге сұхбат әдісі жақын зерттеушіні мұнда сұрастыру арқылы көзқарасты айқындауға және сыналатынды бағалауға арналған тақырыпты қояды. Сұхбатты ұйымдастыру ережелері сынлатындарды шынайылыққа ынталандыратын, шарттарды жасаудан тұрады. Сауалнама алу жазбаша сұрақ сияқты мәлімет алу мүмкіншіліктерімен және өңдеумен өнімді, деректі және икемді. Сауалнама алудың бірнеше түрі бар. Педагогикалық консилиум әдісі оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және біріңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның сол немесе басқа жақтарын бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулардың себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды. Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық‑тәжірибелік сипатта болуы мүмкін. Олардың нәтижелілігі бірнеше талаптарға тәуелді болады: а) оқушылардың даярлығының барлық негізгі элементтері туралы ақпарат беру: фактілік білімдері, арнайы іскерліктері, оқу еңбегіндегі және танымдық іс‑әрекетті дағдылары туралы; б) объективті тұжырымдарды жасау үшін, оқушылар даярлығының осы немесе басқа жағынан жеткілікті толық ақпаратты ұсыну; в) бақылаудың әрбір тәсілмен берілетін ақпараттың нақтылығын қамтамасыз етуді қамту керек. Қолданылатын әдістер, үйлесімді жиілікпен және сол бір оқу үрдісін реттеуге болатын кезеңдерде қажет ақпарат беруге тиісті. Бақылау жұмыстары мазмұнына енетін тапсырмалар келесі талаптарға сай болуы керек: а) олар меңгеруге күрделі және ең қиын, сонымен қатар оқудың келесі кезеңдеріне өзекті болып келетін, сұрақтардан тұру тиісті; б) тапсырмалардың жиынтығының орындалуы оқушының зерделі іс‑әрекетінің ерекшелітері туралы тұтас түсінік құруға арналған материалдарды беруге тиісті; в) олардың орындалуы әмбебапты және кіріктірілген осы оқыту кезеңдерінде көкейкесті және күрделі екенін көрсетеді. Тексеріс жұмыстары былай жіктелінеді: мақсаттары бойынша – оқу мүмкіндіктерінің жолын тексеретін, кешенді, сонымен қатар бөлек параметрлерді тексеретін, жеке; оқу үрдісіндегі алатын орны бойынша – тақырыптық, тоқсандық және жылдық; ұйымдастыру формасы бойынша – жазбаша бақылау, ағымдық бақылау, эксперименттік жұмыс, жаттығулар, бақылау жұмысы; көлемі мен құрылымы бойынша бір тақырыптағы жазбаша бақылау жұмысы бірнеше тақырыптағы жазбаша бақылау жұмысы бірнеше тақырыптағы бағдарламаланған және бағдарламадан тыс жазбаша бақылау жұмысы; жауаптарды көркемдеуіне қарай – ой жүгіртулерді сипаттау жұмысы ойластыруды, сипаттамайтын шешімдері бар жұмыстар; тапсырмалардың орналасуы бойынша – тапсырманың күрделілігінің кемуін көрсететін жұмыстар, күрделілік жағынан бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалар. Педагогикалық эксперимент әдісі. Бұл әдісті педагогика ғылымының ең негізгі әдістеріне жатқызады. Ол болжамды тәжірибеде тексеру арқылы анықталады. Масштабы юойынша ғаламдық эксперименттер, яғни оған қатысушылардың көп сандылығына байланысты, аз болса микроэксперименттер деп бөлінеді. Педагогикалық эксперименттерді ұйымдастырудың белгілі бір ережелері қалыптасты. Ол ережелерде қатысушылардың денсаулығына және даму тәуекеліне жол бермеу, нақ осы шақ пен болашақта өмір сүруге қауіп төндірудің болмауына кепілдік береді. Эксперименттің ұйымдасуында әдіснамалық түсіндірулер кездеседі. Олардың арасында репрезентативті таңдау арқылы эксперименттік база іздеу бар. Эксперимент алдында көрсеткіштерді, өлшемдерді тәрбие, оқыту жұмыстарын бағалау үшін жасайды. Олар сондай-ақ тәжірибелік тексеруден өтеді. Педагогикалық эксперимент, әңгімелесу, сұхбат, сауалнамалық сұрақтарды, арнайы жағдаяттар туғызуды пайдаланатын кешенді сипаттағы әдіс болып табылады. Бұл әдіс зерттеудің мына міндеттерін шешеді: - оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің дамытудың нәтижелерінің белгілі бір педагогикалық әсерлерге тәуелділігін анықтау; - белгілі жүйелер мен педагогикалық нәтижелердің өзара тәуелділігі; - педагогикалық шаралардың жүйелері мен оқытушылардың және оқушылардың белгілі бір нәтижелерге жетуі үшін уақытын және күшін жұмсауы арасындағы тәуелділікті анықтау; - екі немесе бірнеше педагогикалық әсерлердің тиімділігін салыстыру, және оларға бір оңтайлы нұсқа табу. Немесе оларға белгілі бір өлшемнің арқасында оңтайлы нұсқа таңдау; - белгілі бір жүйенің тиімділігін бірнеше өлшемдер арқылы дәлелдеу; -себептік байланыстар табу. Эксперименттің мәні зерттелетін құбылыстарды белгілі бір жағдайға қойып, ұйымдасқан жағдаяттарды жасайды, жоспарлы фактілерді анықтау арқасында эксперименттік әсерлер мен объективті нәтиже арасында кездейсоқ емес тәуелділік пайда болатынын анықтайды. Педагогикалық құбылысты табиғи жағдайда зерттеуден басқа, тікелей бақылау арқылы эксперименттің зерттелетін құбылысты басқалардан бөліп көрсету, оқушыларға педагогикалық әсердің шарттарын өзгерту, кейбір педагогикалық құбылыстарды сол бұрынғы жағдайларда қайталау мүмкіндігі бар. Эксперименттің тиімдігінің маңызды шарттары: құбылысты алдын ала нақты теориялық талдау, оған тарихи шолу жасау; болжамның нақтылығы, жаңалықты эксперименталды дәлелдеуді талап ету керек. Бұл мәнінде болжам тек бұл құрал нәтижені жақсартады деп қана қоймайды сондай-ақ болжам осы құрал басқа бар құралдардың ішінде белгілі бір жағдайлар үшін дұрысы деп ұсынады. Өзіне баға беру мен рейтинг әдістері. Рейтинг – сарапшылардың әрекетке бір немесе бірнеше қырынан баға беру. Сарапшылардың таңдауға мынадай талаптар қойылады: біліктілік; креативтік – шығармашылық міндеттерді шешу қабілеті; сараптауға жағымды көзқарас; конфоризмге берілмеу, яғни ғылымдағы шектен тыс беделді ұстамау, ғылыми объективтілік; ойлау кеңділігі мен талдау қабілеті; ойлаудың құрастырушылығы; ұжымдық ерекшелік; өзін-өзі сынау. Педагогикалық консилиум әдісі. Бұл әдіс рейтинг әдісінің бір түрі болып есептеледі. Ол – бағдарламаға сай оқушылардың тәрбиелілігінің нәтижелерін ұжымдық талқылауды қарастырады. Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері. Теориялық сипаттағы әдістер нақты педагогикалық процестердің талдауынан шығады да, олардың даму көзерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді анықтайды. Оларға, ең алдымен, үлгілеу, идеалды объектілерді құру жатады. Мұның алдындағы бөлімде теориялық және нормативті модельдер педагогикалық зерттеудің логикасына байланысты айтылып кетекен. Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты, айқын емес – түрде ол кез келген зерттеуде қолданылады, біз оған толық тоқталамыз. Үлгілеу – арнайы зерделеу үшін жасалған басқа объектіде белгілі бір объектінің сипаттамасын елестету, объектілердің екіншісі біріншісінің моделі деп аталынады. Жалпы түрде алғанда үлгі зерттеу объектісінің кейбір жақтарын, байланыстарын, қызметін көрсететін элементтер жүйесі болып табылады. КОНТЕНТ-АНАЛИЗ ӘДІСІ Контент анализ арқылы сандық – сапалық талдау жүргізуге болады. Бұл әдіс алғашқы рет АШҚ-та 20-30 жылдары жуналистика мен әдибеттану саласында кино, радио, телидардың өсуіне байланысты көп қолданыла бастады. Мысалы: газет бетіндегі мәтіндер бойынша тақырыпқа қызыққан адамдар саны саналып, саяси мәселенің дамуын талдау, жинақтау жасалды. Кеңес дәуірі кезінде яғни, 60-70 жылдары контек анализ әдісі өте көп қолданылды. Алексевтің пікірінше бұл әдістің ерекшелігі: 1) Өлшенетін нәрсені өлше. 2) Сізді тексеретіндей өлше. В.Н.Семенов контент-анализді ғылыми әдіс ретінде психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолданудың әлеуметтік комуникатциялық моделін жасап оның мүмкіншілігін анықтап береді. 1-ден, бұл әдіс өз бетімен ақпараттық мазмұнын анықтау үшін қолданылады. 2-ден, басқа әдістермен бірге нәтиже алу үшін қолданылады. 3-ден, көмекші ретінде қолданылатын әдіс. Контент анализді педагогикалық зерттеулерде пайдалану үшін бастапқы бағыттары. 1 – Ең басты зерттеуші пәні мен обектісі мақсаты көрсетіп отыру керек.2- сұқбаттасу анықтамасы және эмперикалық әлуметтік зеттеулерде.3 – теориялық жағдайға байланысты. 4-зерттейтін проблеманың класификасиясына (ерекшелігіне) байланысты қолдануды. Контент анализді қолданған кезде мына жағдайларды анықтау керек 1 зеттеуші нақты мақсатты арқылы нені білгісі келеді.2.болжам таңдап алынған материал мазмұнын талдау арқылы болжау.3 бастапқы ақпараты арқылыамалын білу.4 талдаудың бірліктерін байқау.5 мақсатқа сәйкес деңгейлерін анықтау,жіктеу.7.жинақталған ақпараттарды сандық жағынан талдау жасау.8 жинақталған мәлиметтердің мазмұнын реттеу. Мысалы: Л.М.Ахмедиязвой зерттеулері бойынша табиғатпен педагогикалық атағын контет анализ бойынша 30 биография атақты педагогтардың Зерттеу барысында Я.А.Коменский,И.Пестолотсий, А.Дистерверг.К.Д.Ушинский Л.Толстой.Н.К Крупская А.С Макарко және басқалары қаралды.Талдау әр тұрлі болды (монаграфия,күнделік,араласу қағазы,еске алу дәптері)Зерттеу қортындысы бойынша 18/ балалық шақтан бастап мұғалім болғысы келген 82/ әр түрлі жағдайлармен педагог атағына ие болған. Өзін-өзі бақылауа арналған сұрақтар: Педагогикалық зерттеудің әдістері дегеніміз не?. Педагогикалық консилиум әдісі дегеніміз не? Педагогикалық эксперимент әдісін қалай түсінесің? Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістеріне не жатады? Контент анализге сипаттама беріңіз? Пайдаланылған әдебиеттер: Бабанский Ю.К. Проблемы повышени эфективности педагогических исследовании. М.,1982 Скаткин М.Н Методология и методика педагогических исследований. М., 1986 Журавлев Я.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики.М.,1988 Введение в научное исследование по педагогике./ под. Ред. В.И.Журавлева.М.,1988 Методы системного педагогического исследования. Учебное пособие.- Под редакцией Н.В.Кузьминой. Л., 1980, стр-173. Методы педагогического исследования. – М., 1979 Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену және тарату Тарих- дегенде өткен дәуір, небір заман ойға оралып, қиялымыз шарықтап оқыған, естіген, білген тіпті көргеніміз көзалдына келеді. Тарихи кезеңдерді зерттеп ондағы кейбір оқиға, құбылыстар қоғамдық өзгерістер мен сол замандағы адамның санасы мен бүкіл бір халықтың немесе ұлттың ахуалын нақтылау, деректер, дәлелдер, айғақтар іздеп тауып, оның анық-қанығына көз жеткізу т.б.- ғылыми-зерттеудің құзырында. Өйткені, «қоғам тарихы - халықтың зердесі» дейді тарихшы ғалымдар. Кезкелген зат не құбылыстың келіп шығу тегі, дамуы, өзгерістерге ұшырауы, білгілі бір уақыт аралығындағы ахуалы оның тарихын құрайды. Қазақ ұлттық энциклопедиясында тарих «1) табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы; 2) адамзат қоғамының өткенін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы» -делінген. Қоғамның тарихи даму барысындағы мынадай үш нәрсенің адам үшін аса маңызды екенін даналар атап өткен: адамзат қауымын азықтандыру; адамзат қауымын емдеу; адамзат қауымын үйрету; Осы үшеуінің қай-қасысы да келіп ғылымға тіреледі. Солардың ішінде адамзат қауымын үйрету- қоғамның дамуына, адамзат санасының дамуына байланысты оқытуға, сол арқылы үйретуге дейін даму тапқан. Үйрету де, оқыту да ежелгі дауірден бастап осы күнге дейін тәрбиелеумен тығыз байланысты. Бұл өз кезегінде мынадай үштік - оқыту, үйрету, тәрбиелеу- бір үрдістің үш тарабы ретінде, жалпы тарихтың ішіндегі құрамды бөлігі, біртұтас құбылыс ауқымында қарастырылады. Осыған орай ілім «Педагогика» деп аталып оның даму тенденцияларын, тарихи дәуірдің әр кезеңіндегі жай-күйін зерттейтін ғылым саласын «Педагогиканың тарихы» - деп атау қабылданған. Қоғамдағы барлық ғылым саласы секілді педагогиканың тарихы ең алдымен диалектиканың себеп пен салдар және олардың өзара әрекеттестігі; қайшылықтардың тұтастығы мен оның шешілуі; мәңгілік қозғалыс немесе даму үрдісі, оның прогрессе(үдеріс), регресстік(шегініс) сипаты; даму кезіндегі мазмұн мен пішімнің өзгеруі; санның сапаға өтуі; терістеуді терістеудің даму кезіндегі алатын орны; маңыз(суть, сущность) бен құбылыс арасындағы көпқырлы байланыс; мазмұн мен форманың сәйкестігі және оның мәні(значение); кездейсоқтық пен қажеттіліктің қоғам дамуындағы, адамның іс-әрекетіндегі т.б. маңызы; шындық пен мүмкіндіктердің қоғам және адам дамуындағы мәні олардың арасындағы байланыстар сияқты т.б. көптеген заңдылықтарына тәуелді. Сондықтан ғылыми зерттеулерде жұмыс барысындағы әдіснама мен әдістеріне мән беріледі. Өйткені бұл заңдылықтар табиғат, қоғам, адам санасының барлық тұстарында орын алады. Педагогика тарихы- ежелгі дәуірден бастап осы күнге дейінгі әр түрлі тарихи дәуірде тәрбие, мектеп және педагогикның теориясының дамуын танып - біледі. Педагогикалық энциклопедия да «педагогиканың тарихы - әр түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбиелің, оқыту мен білім берудің теориясы мен практикасының дамуын танып-білетін ғылым. Педагогиканың тарихы сонымен бірге педагогика және тарихи ғылым» делінген. Тарихи-педагогикалық таным мен ізденістер философияның «абсолютті шындыққа дереу қол жеткізу мүмкін емес, ол алдымен шындыққа жақын нәрселерден жинақталады» -деген тұжырымынан да тысқары емес. Педагогиканың тарихы оқу пәні ретінде болашақ педагог мамандарды, кәсіби педагогтарды даярлау жүйесінде маңызды орын алады. Өйткені оқыту мен тәрбиелеудің териясы мен практикасының әр түрлі қоғамдық саяси- экономиклық шарттардағы тарихи даму жолын танып-білу, біріншіден, педагогикалық мұраларға дұрыс көзқарас қалыптастыруға септігін тигізсе, екіншіден, педагогиканың теориялық негіздерінің дамуын пайымдауға және меңгеруге; үшіншіден, күнделікті педагогикалық практикалық іс-әрекетінде тарихи тәжірибеден өткен тәлім-тәрбие жолдарын ескеруге; төртіншіден тарихи-педагогикалық зерттеулер жүргізуде көптеген проблемалар мен құбылыстардың келіп шығу тегін пайымдап қазіргі күн талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді. Диссертациялық зерттеулерге қойылатын басты талап таңдап алған тақырыптың өзектілігі(көкейкестілігі-актаульность). Бұл алынған тақырыптың ғылымда қаншалықты дәрежеде зерттелгеніне және оның педагогикның теориясы мен практикасына тигізетін пайдасына байланысты. Осыған орай ғалымдар, көкейкесті мәслелерді шешуге арнлаған және бұрын-соңды болмаған жаңалығы бар, оны зерттеуден келіп шыққан нәтиже педагогиканың кейбір мәселелеріне не болмаса осы ғылым саласына толығымен жаңа кзқарас қалыптастырып, қолданбалы мәселені шешуде жаңа бір ғылыми - зерттеу бағытын ашатын тболса онда ғкөкейкестілігі немесе өзекітілігі ең жоғары дәрежедегі тақырып деуге болатынын көрсеткен. Бұдан басқа белгілі бір ғылым саласында кейбір тұстары шешімін таппай келе жатқан мәселені меңзесе, не болмаса ғылымда табылған шешімі әлсіз, оған арналған басылымдар да жеткілксіз болса ондай тақырыпты да көкейкесті деп санауға болады. Бұндай тақырыптарды зерттеу ғылымның осы саласына қатысты теориялық мәселелерді толықтырып, қолданбалы зерттеулерге жол ашады. Кейбір тақырыптардың өзектілігі немесе көкейкестілігі төмен, мәселе теориялық жақтан зерттелген, бірақ кейбір тұстары шешемін таппаған, басылымдарда жариялануы жеткілікті көрініс тапқан болуы мүмкін. Бұндай жағдайда тақырыпты зерттеу теорияның кейбір тұстарын нақтылап, жекелеген адамдардың талабын қанағаттандырады. Кез келген диссертацияның тақырыбында, оның басты шешімін табуға тиісті мәселесінің көрініп тұруы - оның көкейкестілігін байқатады. Тақырыпқа байланысты түпкі мақсат көрсетілген соң соған сәйкес оның нысаны мен пәні айқындалып осыған орай шешімін табуға тиісті мәселелер зерттеу жұмысының міндеттері ретінде анықталады, болжамы, жаңалығы және басқа да ғылыми аппараты белгіленеді. Диссертациялық зерттеулерге қойылатын басты талаптардың бірі белгілі бір дәрежеде жаңалықтың болуы мен оның сол ғылым саласында алатын орны практикалық және теориялық мәнділігі ретінде көрсетіледі. Жаңалық дегенде белгілі бір нысанаға қатысты қойылған мәселенің, жалпы бұрын соңды ешкім айтпаған, жазбаған, елең еткізерлік шешімін тауып ұсыну деп түсінген жөн. Олар ғылыми жаңалықтардың сипаты нысанаға, қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты әр түрлі дәрежеде болатынын біз келтірдік. Бұл туралы ғылыми-теориялық және практикалық мәндегі шығармашылық үрдістерді зерттеген ғалымдар Я.А.Панамарев, В.И. Андреев, Г.С.Альтшуллер, Д.Б.Богоявленская, А.В.Бушлинский, А.М.Коршунов, А.Б.Мигдал, П.К.Энгельмейер т.б. өз еңбектерінде көрсеткен. Ғалымдар, қай тұрғыдағы зерттеулерді жаңалық деп санауға болатынын көрсетуге ұмтылған. Олар мынадай болуы тиіс: Бұрын зерттелген нысананың, толық ашылмай қалған тұсын көрсетіп, оны мәселе ретінде қойып, шешудің жаңа әдістері, тәсілдері, жолдары, құралдары т.б. бірқатар нұсқаларын тауып ұсыну және табылған шешімді ғылыми тұрғыда дәлелдеп көрсету; Қойылған мақсатқа сай белгілі бір дәрежеде тиімді нәтже алу үшін нысананың кейбір тұстарын ғана өзгерту. Бұндай жағдайда оның(өзгертудің) көптеген нұсқаларын (варианттарын) қарастыра келіп ең тиімді деген бір немесе бірнеше жолдарын анықтап ұсынуға болады. Осы нысананы өзгертудің өзін жаңалық деп көрсетуге де оны ғылыми-теораляқ дәлледеу аса маңызды. Алйда оны шешу барысында қолданған әдістер, тәсілдер, құралдар т.б. бұрыннан белгілі болуы да мүмкін; Қойылған мәселенің шешімін, көптеген жаңсақ шешімдердің арасынан іздеп тауып, айқындау арқылы нысананы айта қаларлықтай жіті (серьезно) өзгертуді ұсыну. Бұндай жағдайда оны шешу әдістері мен тәсілдерін т.б. басқа ғылым салаларынан іздестіріп тауып, осы нысанаға сәйкестендіруге болады. Бұнда алынған нысананың жаңа сипатын және оны жаңғыртуға қолданған құралдар, әдістер, тәсілдер, технологиясын т.б. жаңалық ретінде ұсынуға болады; Қойылған мәселені шешу барысында нысана толық өзгертіліп жаңа түрде, нұсқада, сипатта ұсынылады. Мұнда оны жаңартудың немесе жаңа нұсқасын ұсынудың шешімдері техника, жеңіл өнеркәсіп, химия, математика, физика, басқа да ізгілікті(гуманитарлы) ғылымдар т.б. іздестіріледі. Нысананы құрайтын бүкіл жүйені түгелдей, толығымен өзгертуге байланысты мәселе қойылған жағдайда, оның шешімдерін іздестіру барысында көптеген қателіктер, кемшіліктер, жаңсақтықтардың болуы заңды құбылыс деп қабылдаған жөн. Бұндай күрделі мәселені шешудің құралдары мен тәсілдері, әдістері дәл сол сәтте, уақытта, дәуірде табыла қолюы да екіталай болған жағдайда, оның жекелеген тұстарына қатысты нағыз жаңалық ашу қажеттігі туындайды. Сондықтан күрделі мәселелерді бөлшектеп жеңілдету, кейбір тараптарын ғана қарастыру секілді т.б. жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулерге классикалық тұрғыда жуықтайтын(подход) болсақ кейбір жаңалықтар дәл сол уақытта ғалымдар тарапынан, кейде тіпті көпшілік тарапынан дереу танылмай, қателік ретінде қарастырылыуы да қоғамда орын алады. Бұл да сол диалектиканың заңдылықтарының бірі екенін ескерсек, зерттеулерде, егер белігілі бір дәрежеде ашылған жаңалық ғылыми тұрғыда дәлелденсе оны дұрыс таный білген жөн. Қалай болған күнде де тақырыпты анықтаған кезде онда зерттелетін басты мәселе(проблема) көрініп тұруы керек. Бұл зерттеу жұмысының нысаны мен пәнін т.б. дұрыс анықтауға шарт түзеді. Тарихи-педагогиклық зерттеулерге тоқталамыз. Барлық басқа салалардағы зерттеулер сияқты бұл да көрсетілген диалдектиканың заңдылықтарына тәуелді. Бұл ретте тарихи-педагогиклық зерттеулердің жаңалықтары қандай болуы мүмкін- деген сауал туындайды. Осыған орай қарастыратын болсақ жаңалық зерттеу нысанына байланысты, ал ол тарихи-педагогикалық зерттеулерде саналуан. Солардың кейбірлеріне тоқталайық. Диссертацияның тақырыбы Қазақстанда білім берудің даму тарихына байланысты болса мұны жалпы тарихты зерттеушілер, философ, әлеуметтанушы, саясаттанушылар да зерттеген. Сонымен бірге тарихи-педагогиклық тұрғыда Қ.Бержанов, Ә.Сембаев, И.Б.Мадин, К.Қ.Құнантаева, Г.А.Уманов т.б. зертеген. Педагогиканың басқа салаларына байланысты, мысалы, мектепке дейінгі мекемелер мен педагогиканың дамуы: бастауыш білім және педагогикасының дамуы; Қазақстанда жалпы орта білім беретін мектептердің дамуы; Қазақстанда орта кәсіптік мектептердің дамуы; Қазақстанда коллдждер мен лицейлердің дамуы деп қарастырған еңбектер де баршылық. Қазақстанда жоғары мектептің дамуы; оның өзі педагог кадрлар даярлаудың даму тарихы, инженер, экономика, техникалық және басқа да кадрлар даярлаудың дамуы секілді т.б. бөлінеді. Бұдан басқа педагогика ғылымының дамуы; педагогика теориясының дамуы, оқушыларға адамгершілік тәрбие беру теориясының дамуы - деген секілді тәрбие мен оқытудың жекелеген құрамдас бөліктерінің дамуы мен қалыптасуына қатысты еңбектерді кездестіреміз. Белгілі уақыт аралығындағы қоғамның даму кезеңіне байланысты не бүкіл бір дәуірге қатысты тарихи - педагогикалық ғылыми зерттеулер бар. Мысалы, Х-ХІҮғғ. Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің дамуы, ХІХ ғ. екінші жартысында ағартушылардың мұрасындағы рухани-адамгершілік идеялардың дамуы, Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы, ақын-жыраулар мұрасындағы жас ерекшеліктеріне қатысты педагогикалық ойлар; қазақ ойшылдарының мұрасындағы ұстаз тәрбиесіне қатысты ойлар, Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұралары, инновациялық бастауыш мектептің дамуы, Шығыс Қазақстан аймағындағы білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы т.б. бағыттағы еңбектерді айтуға болады. Бұлардан басқа жекелеген белгілі тұлғалардың өмірі, педагогикалық қызметімен тәлім-тәрбиелік көзқарастарына қатысты еңбектерді де тарихи - педагогикалық зерттеулер аясынан көреміз. Атап айтсақ, Ыбрай Алтынсаринның өмірі, қызметі және педагогиклық көзқарасы; М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі мен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері; Абай Құнанбаев мұраларын оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің тарихы; М.Әуезов еңбектеріндегі педагогикалық ойлар т.б. арналған диссертациялық жұмыстар бар. Бұндай диссертациялық жұмыстар да тарихи-педагогиклық зерттеулерге жатады. Бірақ олардың өзіне тән ерекшелігі алынған тақырыптың алдына қойыған мәслесі, көкейкестілігіне сай өзгешеленеді. Біз бұл жерде жалпы мәселені ғана қозғап отырмыз. Осы тағы басқа да тарихи – педагогикалық мәндегі зерттеулердің басты мақсаты өткен дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді зерттеп, соның ішіндегі қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қажетті тұстарын іріктеп алып іс жүзінде қолдану, сол арқылы педагогика ғылымының теориясы мен практикасын байыту, толықтыру, керек десеңіз жаңғырту деуге де болады. Жалпы алғанда зерттеу үшін таңдап алған нысананың өткені, бүгіні мен болашағын тарихи - педагогикалық тұрғыда көрсету осындай зарттудің міндеті саналады. Қалай болған күнде де аталмыш сипаттағы ғылыми- зерттеулер тарихи –педагогикалық тақырыпта болуы себепті өткен дәуірдің белгілі бір кезеңіне соқпай өтпейтіні анық. Өйткені қоғамның дамуы біртұтас сипатта болғаны себепті ондағы болып жатқан өзгерістер, саси-әлеуметтік, экономикалық т.б. ахуалдар жеке адамға да, ондағы сол қоғамға қызмет етіп жатқан мекмелереге де ықпалын тигізбей қоймайды. Осы және басқа да жоғарыда келтірген пікірлерді ескере келе жалпы педагогиканың тарихына қатысы бар еңбектерге қойылатын талаптарды былайшы көрсетуге болады: Қарастырып отырған нысананың (объектінің) - ол белгілі бір тарихи кезең бе, жоқ әлде жекелеген оқу-тәрбие институтына байланысты ма, жекелеген тұлғаның өмірі мен қызметі педагогикалық көзқарасына қатысты ма, қазіргі кездегі жай-күйі мен оның өткен тарихи кезеңмен байланысы және болашағын, мысалы оқыту мен тәрбиелеуге тигізетін пайдасын, пайымдап көрсету зерттеу жұмысының мәнділігін дәріптейді; Объектінің даму тенденцияларын айқындау; бұл алдыңғы көрсетілген пунктпен байланысты. Өйткені соған сүйене отырып болашақта қай сипатта дамуы мүмкін және оқу-тәрбие үрдісіне қай тұрғыда ықпал етіп, оның дамуы мен қлапытсуына қалайша септігін тигізбек; кейде тіпті жекелеген адамға әсері қандай болмақ деген секілді мәселелерді де қамту жұмыстың құндылығын ашып көрсетуге әсер етеді; Кезкелген тарихи-педагогикалық зерттеу жұмысы белгілі бір кезеңді қамтиды. Сондықтан объектінің даму тенденцияларын көрсетуде хронологиялық реттілікті сақтау маңызды. Ол жай ғана жылдарды ретімен көрсетіп қою емес, соның ішінде объектінің жал-ма жыл қай тұрғыда өзгеріп дамығанын не кері кеткенін, оның себептір және салдарымен қоса педагогикалық сипаттап көрсету зерттеу жұмысының жаңалықтарының дәлелділігін арттырады. Тарихи – педагогикалық зерттеуде объектінің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын талдап көрсетуде оны дәуірдің сол кезеңіндегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ахуалмен тығыз байныста қарастыра келіп олардың өзара ықпалдастығын ашып көрсету оның ғылыми негізін нығайта түседі. Мұнда әрине басқа ғылым салаларына қайрылуға тура келеді. Мысалы, тарих, философия, экономика, әлеуметтану, саясаттану, мәдениет, әдебиет, өнер, психология т.б. Зерттеуге алынып отырған нысана (объект) ең әуелі, бастапқы кезде қандай күйде еді, қазір қандай күйде оның қалай өзгертуге болады – деген саулға жауаптар іздеп табу, алынған нысананың ахуалын нақты, анық көрсетуге және жалпы ғылыми- зерттеу жұмысының теориялық мәнділігін дәлелдеуде маңызды. Бұл нысананың нағыз даму үрдісін сипаттауға, талдауға байланысты болуы себепті, жұмыстың тараулары мен пәрелері (параграфтары), бөлімдері арасындағы логикалы байланысты көрсетуге септігін тигізеді. Әр бір ашылған жаңалық, немесе жаңа педагогикалық пікірлер мен ой тұжырымдар айғақтар, дәлелдер, деректер, құжаттар, жазбалар тағы басқа нақты материалдармен дәл, анық көрсетіліп, педагогикалық тұрғыда сипатталып, қажеттілігі дерек көздерімен дәріптелуі тиіс. Бұл жұмыстың тарихилығының көрсеткіші болмақ. Кезкелген зерттеу жұмысының мәні- сол салада, бұл жерде педагогика саласына қатысты жаңалық ашу арқылы оны байыту, ондағы туындап отырған мәселелерді шешуге ықпал ету, осы ғылымның өз ішіндегі белгілі бір саласына қатысты теориялық және практикалық мәслелерді шешу жолдарын көрсету. Отанадық педагогика ғылымының мазмұнын байыту, оның теориясы мен практикасына үлес қосуды көздейді. Бұл ретте бірқатар жұмыстар жүеге асып та жатқаны белгілі. Алайда педагогика секілді аса күрделі де, терең, әрі жан-жақты ғылым саласы әлі де болса көптеген іргелі зерттеулерді қажетсінеді. Алдымызда 12 жылдық мектеп мәселесі бой көтеруде. Осының өзі-ақ педагогика тарихына қайрылып, ондағы озық тәжірибелерді қайта жаңғыртып қазіргі заман талаптарына сай азаматтарды оқытып тәрбиелеуде ұтымды қолдану міндетін қойып отыр. Әдебиеттер: Таубаева Ш.Т. Введение в методологию и методику педагогического исследования. – “Тұран”, Түркістан: 2007. – 190с. Глазунов А.Т. Педагогические исследования: содержание, организация, обработка результатов: М., 2003. – 41с. Журавлева В.И. Введение в научное исследование по педагогике: М.: Просвещение, 1988. – 239с. Коджаспирова Г.М. Словарь по педагогике. |