Главная страница

_Файлдар мен бумалар_Сабақ жоспары. Программалар Мектеп Таылым жекеменшік орта мектебі Кні Малімні атыжні


Скачать 68.72 Kb.
НазваниеПрограммалар Мектеп Таылым жекеменшік орта мектебі Кні Малімні атыжні
Дата07.05.2023
Размер68.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла_Файлдар мен бумалар_Сабақ жоспары.docx
ТипПрограмма
#1113751

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жопарда қарастырылған бөлім:

3.1А Компьютер және

программалар

Мектеп: «Тағылым» жекеменшік орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Апуова А.К:

СЫНЫП: 2ә

Қатысқан оқушылар саны:







Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Файлдар мен бумалар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

  • файл және бума түсінігін түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

  • компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін қайталау

  • Windows операциалық жүйесінің негізгі нысандары –файл және бумамен таныстыру

Бағалау критерийлері

  • файл не екенін түсіндіреді;

  • бума не екенін түсіндіреді

  • компьютермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

-файл мен буманы түсіндіріп бере алады;

Пәндік лексика және терминалогия:

Файл, бума, қауіпсіздік ережесі Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Файл дегеніміз ….

  • Бума … қажет.

  • Файлдарды ... сақтауға болады.

  • Бумалар ... тұрады

Құндылықтар

Адами құндылықтар: өзара сыйластық, топтарда қабылданған жұмыс ережелерін ұстану, біреудің пікірін құрметтеу, бастаманы қолдау, «сыни дос» пікірін тындау, өзіне және досына жауапкершілікпен қарау, шыдамдылық, әділеттілік, қауіпсіздік ережесін сақтау.

Қоғам үшін қажеттілік: компьютер программаларында файылды ашу және сақтау командаларын қолдана білу.

Жеке құндылық: шығармашылық арқылы өзін көрсету мүмкіндігі.
Әлемге әйгілі адам- Генрих Гейне

«Денсаулық, – ол мен білетін, жалғыз сұлулық»

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар компьютермен жұмыс жасау дағдыланған

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
1-7 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ басталмастан бұрын БЕЙНЕ бумасын құрып, «Компьютермен қалай дұрыс жұмыс жасау керек» бейнежазбасын жүктеп, сақтап қойыңыз.

Сабаққа дейін тоңазытқыш, шкаф суретін сонымен қатар жеміс-жидектердің, сүт өнімдерінің, ойыншықтардың, кітаптардің, киімдердің суретін интербелсенді тақтаға флипчарт дайындаңыз.

  1. Мақсатты тұжырымдау


Топтық жұмыс

Проектор қолдана отырып оқушыларға компьютердің Жұмыс столын көрсетіп, оларға бір қызық бейне көрсеткіңіз келетінін, дегенмен оны қайдан іздеу керек екенін білмейтініңізді айтыныз.

Бейнены қайдан және қалай табу керек екенін сұраныз.
Ойланып көріңіз. Сенің компьютеріңді ретке келтіру керек пе?

Оқұшылармен не себепті Жұмыс столын реттеп ұстау қажет, қолданушының қанша файлдар мен бумалары болу керек, бума ішінде бума бола алады ма, бумалар бірдей аталынады ма, талқылаңыз.Сабақтың тақырыбын,алдарына қоятын мақсатын, бағалау критерийлерін және сабақтың тірек сөздерін хабарлаңыз.


Компьютермен қалай дұрыс жұмыс жасау керек

https://www.youtube.com/watch?v=NKIAwVIQSy0


Сабақтың ортасы
8-38 мин


3. Тақырып бойынша когнитивті қызығушылықты қолдау және дамыту

Сілтемемен өтіп бейнеролик көрсетініз.

Оқушылармен цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау ережесін талқыланыз.

Топтық жұмыс.

«Болады /Болмайды» ойыны

Оқушыларға «Болады/Болмайды» ойнын ұсыныңыз. Сөйлемдер жазылған кеспе қағазын оқушыларға ұсынып, нені болады, нені болмайтынын анықтауын сұраңыз. Тапсырманы түсіндіріп беруге болады. Бір постерде «Болады», ал екіншісінде «Болмайды» сөздері жазылған 2 постер және де сөйлем жазылған кеспе қағаздарды топтар арасында таратуына болады. Топтар кеспе қағаздарды постерге жабыстырып қою қажет.

Тапсырманы орындап болған соң бір-бірін бағалау ұйымдастыру қажет.

Сабаққа дейін тоңазытқыш, шкаф суретін сонымен қатар жеміс-жидектердің, сүт өнімдерінің, ойыншықтардың, кітаптардың, киімдердің суретін дайындаңыз (бұл активитиді интербелсенді тақта арқылы орындауға болады).
Оқушылармен тапсырманы талқылап, нысандарды үлестіруін ұсыныңыз.
Оқушыларға сұрақтарды таратып беріңіз. Сұрақтарды оқып алуын сұраныз.

Оқушыларға бейнежазба көрсетіп, сұрақтарға жауап беруін ұсыныңыз. Сілтемемен өтіп Почемучканың «Файлы» мультфильмінің үзіндісін қараңыз.

Топтық жұмыс

Сұрақтарды талқыланыз. Неліктен файлдар мен бумалардың аттарын мазмұнына байланысты етіп қою керек деген сияқты сұрақ қойыныз.

Оқушылар файл мен буманың анықтамасын жазып алу қажет (слайд қолданып немесе айту бойынша немесе қабілетті біреуге анықтаманы айтқызып, қалғандарына жазғызу қажет).

Оқушылар жұптасып бір-біріне файл мен бума не екенін түсіндірсін.

Саралау.

Оқушылар кітапхана құрылымын түсіндіреді, соның ішінде не бума болуы, ал не файл болуы мүмкін. Компьютердің Жұмыс столы бума болуы мүмкін бе?


Презентация

1 қосымша

3 қосымша

Мультфильм

https://www.youtube.com/watch?v=whcMkb8Cxvk



Сабақтың соңы

39-40 мин


Рефлексия.

Осы сабақта қандай оқу мақсаттары қарастырылғаның оқушылардан сұраныз. Оқушылардан сабақтан шықпастан бұрын мұғалімнің столынан сәйкес файл немесе буманы тауып алып, сәйкес бумағасмайлик- файлды салуын ұсыныңыз.

файл мен бума не екенің түсіндім



Файл мен бума не екенің түсіндіріп беру қиындық тудырып тұр



Файл мен бума не екенің түсінбедім.






4 Қосымша


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Топтық жүмыс атқарған кезде әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасайды.

Қалыптстырушы бағалау тапсырманың екі жағдайын қарастырады(кесте түрінде және сурет түрінде). Бірінші түрі күрделі болып келеді сондықтан қабілеті жоғары балдарға ұсынуға болады. Егерде екі түрін де қолданса мінсіз болар еді, себебі өзара бағалау кезінде бірнеше нұсқа қарастыруға болады. Білімді жетілдіруге көмектеседі.

Тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау, сұрақ-жауап, қалыптастырушы бағалау арқылы қарастырылды. Онда оқушылар еңгізу және шығару құрылғыларын жазып береді.

Оқушылармен көзге және қолға арналған жаттығулар өткізіңіз

1 қосымша

«Болады /Болмайды» ойыны

Болады

Болмайды



Дымқыл қолмен жұмыс жасау

Кабинетке ақырын, тыныш кіру

Кабинетте жүгіру

Арнайы орынға орналасу

Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер қосу

Компьютерді мұғалімнің рұқсатынан кейін қосу

Тоқ сымдарын қолмен ұстау

Компьютердің ақау жерлерін көргеннен кейін мұғалімге хабарлап айту

Компьютер алдында су ішіп, тамақтану

Таза, құрғақ қолмен жұмыс жасау

Монитор бетіне саусақтарды тигізу

Жанған иіс немесе белгісіз дыбыстар болса мұғалімге хабар беру

Сабақ кезінде өз орнынан тұру

Компьютерді дұрыс ажырату.

Бұл ережелер оқушыларға тоқ көздеріне қосылған құрылғыларды пайдаланған кезде кабинетте ҚЕ-ын ұстану негізінде ұсынылады. Мұғалім эргономикалық талаптарға негізделген ережелерді жасай алады, мысалы, мониторды төменнен жоғары қарап, 15 минуттан артық үзіліссіз компьютерде жұмыс істеу, сұйықтықты әр 30 минут сайын ішу және т.б.

2 Қосымша

Бейнежазбаға арналған сұрақтар

  • Файл не үшін қажет?

  • Бума не үшін қажет?

  • Бума неден тұрады?

  • Файлдар қандай болу керек?

3 Қосымша

Рефлексия

Сәйкесін тап

Файл

Белгілі бір атымен компьютерде сақталған деректер.

Бума

Файлдар сақталған немесе басқа файлдары бар бумалар ақпарат иесінің орны.

Басқа да анықтамалар ұсынуға болады

3 бума дайындап атын жазып қойыныз:

Файл мен Бума не екенін түсіндіріп бере аламын

Файл не екенін, бума не екенін түсіндіруге қиналып тұрмын

Файл мен Бума не екенін түсінбедім.


написать администратору сайта