107 жоба Шолпан апай (1). Протокол 2 29. 09. 2022ж. Аралы баылау 1
Скачать 39.71 Kb.
|
Абылай хан атындағы казақ халықаралық және әлем тiлдеpі унивеpситетi Шығыстaнy фaкyльтетi Шығыс филология кадефрасы «6В02304» «Бекітілді» Кафедра отырсында Протокол №2 29.09.2022ж. Аралық бақылау №1 Пән: Лингвистика теориясының салыстырмалы-тарихи эволюциялық дамуы және қазіргі танымдық концептологиялық негізді қалыптастырудағы оның рөлі. Курс: ШФ (шығыс тілдері) 1 курс каз.б. Оқытушы: ф.ғ.к. асс.проф. Кожабекова Шолпан Тапсырма АБ1: Жобалық жұмыс Қытай тілі мен қазақ тілін салғастыру Орындаған:107-топ Айдоскызы Ажар Раймбекова Жанерке Мырзабай Дамиля Хазихан Аружан Нұртай Мейірбан Алматы, 2022 МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ................................................................................. I. ҚЫТАЙ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН САЛҒАСТЫРУ ............................... 1.1 Қазақ тілінің грамматикасына шолу........................................................ 1.2. Қытай тілінің грамматикасына шолу....................................................... 1.3 Қытай тілі мен қазақ тілінің грамматикалық айырмашылықтары........ 1.4 Қытай және қазақ тілдеріндегі фонетикалық бірліктерін салғастыру..... ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. КІРІСПЕ Жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда қытай және қазақ тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін сипаттайтын еңбектер аз болғандықтан, осы зерттеу жұмысының маңызы зор. Жобаның мақсаты: Қытай тілі мен қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін айқындауға байланысты салғастыру. Жобаның міндеті: Қытай және қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сипаттама беру; Қытай және қазақ тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне тоқталу. Қазақ тілінің грамматикасы Қазақ тілі – осы уаққа шейін жүйелі түpде тексеpіліп, ғылым тезіне түспеген тіл. Қазақ тілін алғаш зеpттегендеp патша үкіметінің отаpшыл саясатын іске асыpу мақсатымен отаp елдеpдің əдетғұpпын, тіл-əдебиетін тексеpген миссионеpлеp, болды. Беpіде қазақтың өз ішінен шығып, қазақ тілін зеpттегендеp қазақтың ескі оқығандаpы болды. Олаp – Байтұpсынұлы Ахмет, Кемеңгеpұлы Қошке, Омаpұлы Елдес, Шонанұлы Телжан, Досмұхамбетұлы Халел болды. Грамматика (гр. γραμματική; грамматике – әріп, жазу) — тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы. Үлкен үш саласы бар: 1 Сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары; 2 Морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты; 3 Синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
[ Құдайберген Жұбанұлы «Қазақ тіл білімінің мәселелері» Алматы, 2013] 1.2. Қытай тілінің грамматикасы Әр тілдің грамматикалық ерекшелігі болады. Бір ғана сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі рет тәртібін алып айтатын болсақ, соның өзі әр тілде әр басқа болып келеді. Мәселен, қытай тіліндегі сөйлем мүшелерінің рет тәртібі — бастауыш – баяндауыш - толықтауыш деген рет тәртіппен келеді. Ал қытай тілі грамматикасын біз бұл арада дәстүрлі грамматика бойынша қарастырамыз. Жоғарыда атап өткеніміздей, дәстүрлі грамматика өз ішінен –морфология, синтаксис деген екі үлкен салаға бөлінеді. Мұнда морфология сөздің құрылымдық заңдарын, сөздің таптарын және ерекшеліктерін қарастырады. Ал синтаксис сөз тіркестерінің құрылымдарын, сөйлем мүшелерін және сөйлем түрлерін т.б. сөйлемдік құбылыстарды зерттейді. Морфология мен синтаксис — грамматиканың бөлек - бөлек екі саласы болғанымен, олар бір - бірімен өзара тығыз байланыста болады. Мысалы: 不但A而且B деген сөйлем үлгісі сатылы құрмалас сөйлем ретінде синтаксиске тән болса; 不但мен而且 жалғаулық ретінде морфология категориясына жатады. Сондықтан грамматиканы үйренгенде морфология мен синтаксистік біріне олай , біріне бұлай қарамау керек. Ал қытай тілін өзге тілдермен салыстыра келгенде, оның мынадай ерекшеліктері: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық бар деуге болады. Қазіргі қытай тілі фонетикасының өзге тілдер фонетикасымен салыстырғанда көзге ұрып тұратын көрнекті бір ерекшелігі – мейлі бір буынның басында немесе соңында болсын екі не үш дауыссыз дыбыстар қатар келетін жағдай кездеспейді. Бұл жағдайда түркі немесе славян тілдерімен салыстырғанда, әсіресе анық байқалады. Мысалға қазақ тіліндегі өрт, құрт деген бір буынды сөздегі іркес тіркес келіп тұрған дауыссыздарды алайық немесе орыс тіліндегі екі - үш дауыссыздың қатар келетін жағдайларын ( парк , здраствуй ) алайық, бұл сeкілді құбылыстар қытай тілінің фонетикасына мүлде жат. Бұдан шығатын қорытынды мынау: қытай тіліндегі буындардың құрылымдық формасы ретті, буындардың шет - шекарасы өте айқын. Есесіне сөздердегі дауысты дыбыстардың орны ерекше, яғни буындардағы дауысты дыбыстардың сандық самағы дауыссыздардан әлде қайда көп екендігін байқауға болады. Сондай-ақ ашық буынның көптігі де, әр буынды тиесілі ырғақ ( тон ) болатындығы да қытай тілі фонетикасының басты ерекшелігі есептеледі. Қытай тілінде төрт тон бар, яғни әрбір буын сөздің өзіне тән дыбысталуы, әуені бар десек те болады. Олар: 1 тон дыбыс бірқалыпты айтылады, 2 тон дыбыс жоғары көтеріледі, З тон дыбыс төмен түсіп, қайта өз орнына келеді, 4 тон дыбыс төмен түседі. Тіл ерекшелігіндегі тондар тек мағынасын ажырату функциясын ғана беріп қоймай, сонымен қатар сөйлеуде рифма мен әуендік дыбысталу беріп отырады. Әртүрлі тонмен айтылатын бір буын әртүрлі мағына береді. Қазіргі қытай тілі лексикасының басты ерекшеліктерінің бірі – сөздердің дәстүрлі бір буындылықтан жаппай қос буындылыққа көшіп бара жатқандығы. Бұл жағдай, әсіресе, мына бірнеше себептерден анық байқалуда. Біріншіден, көне қытай тіліндегі бір буынды сөздердің түгелге дерлік екі буынды сөздер басуда. Мысалы, көне қытай тілінде көз- —目деген жалғыз сөз болса , бүгінде оның орның 眼睛деген қос буынды сөздің басқаны белгілі. Сол секілді军 -нің орнын 军人 -ның басқанын т.с.с. атауға болады. Екіншіден, көне қытай тіліндегі бір буынды сөздердің біразы қазіргі қытай тілінде аллофондық рөл атқарып, білдіретін 习 деген сөз бүгінде үйрену 学习Пысықтау 练习 практика 实习 немесе 习题( пысықтау сұраулары ) деген секілді қос буынды сөз жасайтын аллофон болып жүр. Бұған да мысал көп. Үшіншіден, қытай тіліндегі бұрын сонды қалыптасқан сөздер немесе сөз тіркестері уақыт озған сайын өзінен - өзі ықшамдалып, қос буынды сөздерге өзгеріп барады. Мысалы, 科学研究-科研医疗效果-医疗 өзгеру секілді үрдісі бел алуда. Төртіншіден, өзге тілдерден дыбыстық аударма арқылы кірген көп буынды сөздердің де орнын таза қытайша екі буынды сөздер иеленуде. Бұлардан тыс қытай тілі лексикасының тағы бір көрнекті ерекшелігі ретінде – түбір сөздерді біріктіру арқылы жаңа сөз жасағыштық қасиетін айтуға болады. Демек, қытай тілінің сөз жасау ерекшелігі сөзді туындату арқылы емес, түбір сөздерді біріктіру арқылы жүзеге асатындығын аңғаруға болады. Қытай тілінде 80000 сөз бірлігі бар. Қытай тілінде емін-еркін сөйлесіп, газет-журналдарын оқи алатын дәрежеге жету үшін 4-5 мың иероглифын білсе жетерлік. Грамматикалық ерекшелігі. Қазіргі тіл білімінің жеке және жалпылық тіл білімі деп үлкен жақтан екіге бөлінетіндігін біз білеміз. Жеке тіл білімі жеке-жеке тілдерді өзінің зерттеу объектісі болады. Туыстық жақындығына қарай зерттелетін тілдер де жеке тіл білімі көлеміне жатады.Мысалы: қытай тілі, тибет тілі, жуаңзу тілі тәрізді қытай-тибет тілі жүйесіне жататын тілдерді зерттейтін тілі ғылымы – қытай-тибет тіл білімі деп аталады.Грамматика (语法) тіл құрайтын маңызды факторлардың бірі. Біз қазіргі заман қытай тілін үйренгенде міндетті түрде тіл дыбыстарын, қытай иероглифтерін (қытай тілінің жазу таңбалары), сөздік қорды игеруден тыс, оның грамматикалық ерекшеліктерін жеттік меңгергенде ғана қытай тілінде сөз-сөйлемдер құраудың негіздік қағидаттарын білген боламыз . Қытай грамматикалық бірліктерінің ең кішкене бөлігі – фонема (音位). Бірақ, грамматикалық құрылымдарды талдаған кезде, фонема сынды осындай кішкене бірлік қазіргі таңда қолданыстан қалып қойды. Өйткені, ол мағынасы жоқ тілдік форма, бар болғаны таңбаларды құрайды. Оның есесіне грамматикалық талдау морфемадан (语素) басталады. Қытай иероглифтерінің басым көп сандысы бір буынды (单音节), айталық: 民、桌、子、学т.б.с.с жеке әріптер болып, өз алдына бір морфеманы құрайды. Ал аз сандылары көп буынды ( 多音节) болады, мысалы: 玻璃、葡萄、巧克力т.б. Мұндағы қос немесе үш буынды әріптерді жеке-жеке бөлгенмен, олардың мағынасы болмайды. Сөз тілдегі белгілі бір мағынасы бар, еркін қолданылатын ең кішкентай бірлік болып, ойды білдіретін негізгі материал ретінде қаралады. Қытай тілінің сөздері бір буынды, қос буынды және көп буынды болып келеді. Қытай тілінде бір иероглиф бір буынға өкілдік етеді де, бір буынды сөз бір иероглифтің міндетін атқарады. Ал қос буынды немесе көп буынды сөздер екі не екіден көп иероглифтер арқылы бейнеленеді. Бір буынды сөздерге 少、写、人、书сөздерін; Қос буынды сөздерге老师、悲剧、沙发、哈语 сөздерін; Көп буынды сөздерге阅览室、公共汽车、翻译人员сөздерін мысал ретінде келтіруге болады. [Тіл білімі туралы / Құраст, Назари. О., Қанапин О. – Үрімжі: Шынжаң халық, 1989] 1.3 Қытай тілі мен қазақ тілінің грамматикалық айырмашылықтары Қытай тілі мен қазақ тілі екі түрлі тіл семьясына, қытай тілі қытай-тибет тіл семьясына, ал қазақ тілі алтай тіл семьясына жатады, сондықтан олардың грамматикасы бір-бірінен мүлде бөлек. Қазақ ономатопеясының қытайлық ономатопеядан ең айқын айырмашылығы – қазақ ономатопеясына сын есімнің ономатопеясы, етістіктің ономатопеясы және зат есімнің ономатопеясы еніп, морфологиялық өзгерістері айқын көрінеді. Қытай ономатопеясының грамматикалық қызметтері бірдей болғанымен, морфологиялық өзгерістер байқалмады. Біріншіден, сын есімнің ономатопеясы Қазақ тілінде сын есімнің ономатопеясы көбінесе үстеу мен атрибутивтік қызметте, кейде предикат ретінде де қолданылады. Мысалы, Осы кезде алыстан «донг дун» аяқ дыбысы естілді. Екіншіден, етістік табиғатының ономатопеясы, қазақ тіліндегі ономатопея синтаксистік құрылымда предикат қызметін атқарып, келесі объектіні білдіретін ономатопеяны білдіреді.Бұл ономатопеяның қолданысы етістіктерге өте ұқсас. Мысалы, айналаңызға қарауды доғарыңыз және тамақты жеңіз. Үшіншіден, зат есімнің ономатопеясы Қазақ тілінде ономатопея зат есімі сөйлемде есімді сөз тіркестері мен жақты сөз тіркестерінің номинативті түрінде кездеседі және көбінесе субъект ретінде қолданылады. Мысалы, Бұталардан бір отар қозы шықты. Сыныпта тамшылаған судың дыбысы естіледі. Төртіншіден, қазақ тілі жабысқақ тіл.Ол пиньинь тілінде жазылады.Сөйлем компоненттерін құрамас бұрын кейбір компоненттер көбінесе түбірден кейін белгілі бір мағынаны білдіру үшін қосылады. Мысалы, мысалдағы «Дуңк-дуңк» және «ет» деген екі сөз күрделі етістіктерге бірігіп сөйлемде атрибутивтер жасайды. Мысалы:сөйлемдегі "елең-елең" және "ет" - күрделі етістіктермен тіркесетін сөйлемдегі үстеулер. Бұл қытай ономатопеясында кездеспейтін қазақ ономатопеясының ерекше көрінісі. [陆丙甫.,李胜梅. 语言研究论集. – 北京:中国社会科学院出版社,2001] 1.4 Қытай және қазақ тілдеріндегі фонетикалық бірліктерін салғастыру Қытай тіліндегі негізгі фонетикалық бірліктер: дыбыс (音素), буын (音节) және фонема (音位).Дыбыс, яғни тілдік дыбыс – ең кіші тілдік бірлік. Қытай тілінде қалыптасқан дәстүр бойынша дыбысқа берілген анықтама: «音素是从音色角度划分出来的语音中最小的单位».Яғни тілдік дыбыс дегеніміз – дыбыс сапасы жағынан бір-бірінен ажыратылатын ең кіші фонетикалық бірлік. Мысалы, 人rén (адам) деген сөз r, e, n деген үш дыбыстан құралған. Қытай тілінде дауысты дыбыстар жеке-дара тұрып та буын құрай алады. Мысалы, 鹅 é (қаз) сөзі «е» дыбысынан ғана құралған. Путунхуада (普通话, қытай халқының ортақ тілі) 32 дыбыс бар. Тіл-тілде дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екі топқа топтастырылатынын ескерсек, путунхуадағы дауысты дыбыстардың саны – 10 ( a, o, e, ê, i, u, ü, – i (тіл алды), (тіл арты), er), дауыссыз дыбыстардың саны – 22 ( b, p, m, f, d, t, n, l, g, k, h, j, q, x, z, c, s, zh, ch, sh, r, ng).Қытай фонологиясында ертеден бері келе жатқан дәстүр бойынша бір иероглифтің дыбысын (字音) шынму, юньму және тон сынды үш бөлшекке бөліп қарастырады. Мысалы, 花huā (гүл) иероглифінің шынмуы – h, юньмуы – uā; 庄 zhuāng (егістік) иероглифінің шынмуы – zh, юньмуы – uāng. Тон – сөйлеу кезінде буынның жоғары немесе төмен, көтеріңкі немесе бәсең болып өзгеруі, ол негізгі дауысты дыбыстың үстіне қойылады. Мысалы, 快 (kuài) тез, жылдам. Қытай тіліндегі шынму мен юньму тіл-тілде айтылып жүрген дауысты және дауыссыз дыбыстармен байланысты, бірақ олардан айырмашылығы бар. Дауысты және дауыссыз дыбыстар – жалпы фонетикаға қатысты терминдер болса, шынму мен юньму – қытай фонологиясына тән терминдер. Олар – иероглифтің дыбыстық құрамына (жасалуына) қарай бөлінген түрі. Бұлай бөлу иероглиф дыбыстардың алдыңғы және соңғы болып орналасуына, яғни дыбыстардың орналасу рет-тәртібіне байланысты: шынму – буынның басында тұратын дыбыс, юньму – буынның соңында тұратын дыбыс. Шынму (инициал) – буынның басында тұратын дауыссыз дыбыстар. Қытай тілінің путунхуасындағы 22 дауыссыздың 21-і (ng-нан басқалары) шынму бола алады. Бұлардың ішінде n мен r шынму болумен қатар юньвэй да бола алады. Ескере кететін жайт, қытай тіліндегі шынмуды дауыссыз дыбыстармен шатастырмау керек, шынмулар дауыссыз дыбыстардан жасалады, бірақ дауыссыздардың барлығы шынму бола бермейді, мәселен, 中 zhōng сөзінің құрамындағы ng (қазақ тіліндегі «ң» дыбысымен пара-пар) шынму бола алмайды, ол тек дауыстылармен бірігіп келіп юньмуды жасауға қатысады. Кейде буынның басында дауыссыз дыбыс болмауы мүмкін. Олар «нөлдік шынму» деп аталады. Мысалы, 阿 (ā), 爱 (ài), 雨 (yǔ), 音(yīn), 五 (wǔ), 奥 (ào), 晚 (wuǎn).Юньму (финаль) – буынның құрамында шынмудың соңынан тұратын дыбыстар. Қытай тілінің путунхуасында 39 юньму бар. Юньму, көбінесе, дауысты дыбыстан жасалады, кейде дауысты мен дауыссыздың тіркесінен де жасалады. Мысалы, 声母(shēngmǔ) сөзінің құрамындағы екі иероглифтің юньмуы – еng мен u. Юньмудың өзі іштей жалаң юньму (单韵母), күрделі юньму (复韵母) және мұрын жолды юньму (鼻韵母) болып үш топқа бөлінеді.Жалаң юньму бір ғана дауыстыдан жасалса, күрделі юньму екі немесе үш дауысты дыбыстың тіркесінен жасалады, ал мұрын жолды юньму екі немесе үш дауысты дыбыстың n немесе ng мұрын жолды дыбыстармен тіркесуі арқылы жасалады. Күрделі юньму құрылымы жағынан юньту (韵头), юньфу (韵腹) және юньвэй (韵尾) болып үшке бөлінеді.Юньфу – юньмудың құрамындағы ең анық айтылатын дауысты дыбыс, ол «негізгі дауысты дыбыс» деп те аталады. Мысалы, 远 (yuǎn) сөзінің құрамындағы – а. Юньту – (介音деп те аталады) юньфудың алдынан тұратын дауыстылар: i, u, ü. Ал юньвэй – юньфудың соңынан келетін дыбыстар: i, u (о) және мұрын жолды дауыссыздар n, ng. Буын – дыбыстан кейінгі ең кіші тілдік бірлік. Қытай тілінде буын шынму, юньму және тоннан құралады. Буын жасау үшін оның құрамында міндетті түрде дауысты дыбыс болу керек. Қытай тілінде бір иероглиф бір буыннан құралады. Қытай тілінде сөздердің құрамындағы буындардың саны төрттен аспайды, мысалы, 教 jiào (үйрету, оқыту) сөзі j, і, a, o сынды төрт дыбыстан құралған.Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан құралған фонетикалық бөлшек. Қазақ тілінде буынды үш түргі бөледі: ашық буын, тұйық буын және бітеу буын. Егер дауысты дыбыстарды шартты түрде – А, дауыссыз дыбыстарды шартты түрде – Б әрпімен таңбалайтын болсақ, буын түрлерін былайша өрнектеуге болады:Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталатын буын. Тұйық буын – дауыстыдан басталып, соңы дауыссызға аяқталатын буын.Бітеу буын – басында да, соңында да дауыссыз дыбыс тұратын буын. Ал қытай тіліндегі буын түрлерін былайша өрнектеуге болады:А, АБ, БА, БАА, БААА, АА, БАБ, БААБ, ААА, ААБ. Екі тілді салғастырып қарайтын болсақ, қытай және қазақ тілдерінде буынның А, АБ, БА және БАБ түрлері ғана ұқсас келеді.Фонема – мағына ажырататын ең кіші дыбыстық бірлік. Мысалы, 爸 (bà) әке және 妈(mā) шеше, ана сөздерінің құрамындағы дауысты дыбыстар (а) ұқсас, оларды b және m фонемалары арқылы бір-бірінен ажыратамыз. Қытай және қазақ тілдеріндегі фонетикалық бірліктерді салғастыру барысында төмендегідей қорытынды жасауға болады:Қытай тілінде бір иероглиф бір буыннан құралады. Буын шынму мен юньму және тұтас буынға түсетін тоннан тұрады. Тон сөз мағынасын ажырату қызметін атқарады.Қытай тілінде буын жасау үшін оның құрамында міндетті түрде юньму болу керек. Қазақ тілінде буын жасау үшін оның құрамында міндетті түрде дауысты дыбыс болу қажет.Қытай тілінде буынның құрамында дауыстылардың саны дауыссыздарға қарағанда көп болады. Қазақ тілінде буынның құрамындағы дауысты дыбыстың саны біреуден аспайды.Қытай тілінде буында мағына болады, ал қазақ тілінде буында мағына болмайды.Қытай тілінде дауыссыздар (n мен ng дауыссыздарынан басқалары) ешқашан буынның соңынан келмейді. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыссыздардан аяқталатын буындар кездеседі.Қытай тілінде екі немесе үш дауыссыз дыбыстың тіркесінен басталатын сөздер мүлде кездеспейді, буынның құрамында екі немесе үш дауыссыздар қатар келмейді. Қазақ тілінде екі немесе үш дауыссыздың тіркесінен басталатын төл сөздер кездеспейді.Буын үндестігі, тасымал тек қазақ тіліне ғана тән құбылыс, қытай тілінде буын үндестігі, тасымал жоқ. [ Мәсімхан Д., Мамытан Қ. Қытай тілі фонетикасының негіздері. – Алматы 2001] [朱德熙. 语法讲义. – 北京:商务印书馆,2006.] ҚОРЫТЫНДЫ Қатынас құралы болу – тілдің ең негізгі қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы оның осы негізгі қызметіне тәуелді. Тіл дегеніміз – қатынас құралы, экспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи түрде қалыптасқан жүйесі қалықтың тарихы, оның күллі өмірінің ізі. Тілден сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы сезіліп тұрады. Тіл - талап заманның жемісі. Ол бірнеше қоғамға қызмет ете береді.Тілдерді салыстыра және салғастыра зерттеу бүгінгі таңда көптеген тіл мамандары мен ғалымдар тарапынан үлкен қолдау табуда. Салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің негізі ХІХ ғ. тілдерді тарихи салыстыра зерттеудің әдісі болып табылады. Тілді жүйелі түрде салғастыра зерттеудің шет тілін оқыту барысында, аударма теориясы мен практикасы үшін алатын орны ерекше. Отандық салғастырмалы тіл білімі саласында алғашқы зерттеулер орыс және қазақ тілдеріне қатысты жүргізілгені белгілі. Бүгінгі таңда, Қазақстанның халықаралық аренаға шығып, өркениетті елдер қатарына қосылуға талпыныс жасап, халықаралық қатынастар өркен жайып отырған тұста, қазақ тілін шет тілдермен салғастыра зерттеудің қажеттілігі туындап отыр. Бұлардың қатарына қытай тілі мен қазақ тілінің синтаксистік ерекшеліктерін, нақтылай түссек сөз тіркесі синтаксисін қарастыру да жатады. Қортып айтқанда, шет тілін үйренгенде әр уақытта ана тіліңмен салыстыра отырып үйрену сол тілдің қыр-сырларын ашуда көмегі зор. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН САЙТТАР Құдайберген Жұбанұлы «Қазақ тіл білімінің мәселелері» Алматы, 2013 Тіл білімі туралы / Құраст, Назари. О., Қанапин О. – Үрімжі: Шынжаң халық, 1989 李德津.,程美珍. 外国人实用汉语语法. – 北京:北京语言大学出版社,2009. 朱德熙. 语法讲义. – 北京:商务印书馆,2006. 卢福波. 对外汉语教学实用语法. – 北京:北京语言大学出版社,2004. 陆丙甫.,李胜梅. 语言研究论集. – 北京:中国社会科学院出版社,2001. |