Бауыр. № 2_Тақырыбы Бауыр аурулары. Өт қапшығының және өт өзектерінің а. Протокол 3 28. 10. 22ж. Каф мег,м.. к. Балапанова А. Х
Скачать 1.15 Mb.
|
Кафедра: Патологиялық анатомия кафедрасы сот медицина курсымен Мамандық: Жалпы медицина, Педиатрия Модуль – Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизм (патология) І Бөлім Алматы,2023 Кафедра отырысында қаралып,бекітілген Протокол №3 28.10.22ж. Каф.меңг,м.ғ.к. Балапанова А.Х. № 2. Тақырыбы: Бауыр аурулары. Өт қапшығының және өт өзектерінің аурулары. Ұйқы безі аурулары. Сабақ соңында студент: ас қорыту жүйесінің өңеш, асқазан және ішек аурулары туралы білімін қалыптастырады, олардын морфогенезін түсіне және қолдана білуді, макро және микроскопиялық сипаттамардың қызметтік маңызын түсінеді; сабақ барысында макро және микропрепараттармен жұмыс жасауды, талқылай білу қабілетін көрсете алады; жаңа терминдерді және олар туралы түсінігін енгізу арқылы дағдысын дамытады; практикалық дағдыларды клинико-морфологиялық талдамаларды қалыптастыруда мотивацияны қалыптастыра біледі; топта жұмыс жасай алу қабілеттілігін көрсетуді, үш тілде мамандандырылған терминолдогиялық сөздерді қолдана білуді, өз іс-әрекеттерін бақылай білуді, сабақ тақырыптары бойынша тиімді жазу дағдысын қалыптастыра біледі. Әдебиеттер: Негізгі: 1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Москва, Литтера -2016г,792б. Қосымша: Струков А.М. Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник М. Медицина, 2013г.-441- 442с.169с.,141с.,559с,626с. Пальцев М.А. и др. Атлас по патологической анатомии 2010г. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fauso. Pathologic basis of disease, 9th edition, 2014 – 1525р. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fauso. Basik Pathology, 9th edition, 2014 – 946 р. Harsh Mohan-Textbook of pathology – 2014-600p. Электронды ресурстар: А. И. Струков, В. В. Серов. Гэотар-Медиа, 2019 г. 880 страниц. Патологическая анатомия. Частная патология. Учебное пособие для аудиторной самостоятельной работы студентов лечебного и педиатрического факультетов. Под общей редакцией доцента Г. С. Ивановой 2019г-38-42с. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Москва, Литтера -2012г,792б. Струков А.М. Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник М.Медицина, 2013г. Harsh Mohan-Textbook of pathology – 2014-600p. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Жедел гепатиттің анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі. Созылмалы гепатитердің, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттары, асқынулары, нәтижелері. Бауырдың улы дистрофиясының анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сатыларының сипаттары, асқынулары, нәтижелері. Майлы гепатоз анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сатыларының сипаттары, асқынулары және нәтижелері. Вирусты гепатит-В, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаты, асқынулары және нәтижелері. Алкогольді гепатит этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы, асқынулары және нәтижелері. Бауыр циррозының анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі. Бауыр циррозы кезіндегі морфологиялық сипат. Некроздан кейінгі цирроздың анықтамасы, этиологиясы, патологиялық анатомиясы, асқынулары, нәтижелері. Порталды цирроздың анықтамасы, этиологиясы, патологиялық анатомиясы, асқынулары, нәтижелері. Билиарлі цирроздың анықтамасы, этиологиясы, жіктелуі, морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, нәтижелері. Бауырдың қатерлі ісігі гистогенетикалық түрлері, морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, нәтижелері. Жедел, созылмалы холециститер, этиологиясы, морфологиялық сипаттамалары, асқынулары және нәтижелері. Өт тас ауруы, этиологиясы, морфологиялық сипаттамасы, асқынулары және нәтижелері. Өт қабының және өт өзектерінің қатерлі ісіктері этиологиялары, морфологиялық сипаттамалары, асқынулары және нәтижелері. Өт өзектерінің атрезия және стеноздары, клинико-морфологиялық өзгерістері. Панкреатитің анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі. Жедел панкреатит, этиологиясы, морфологиялық сипаттамаласы, асқынулары және нәтижелері. Созылмалы панкреатит, этиологиясы, морфологиялық сипаттамаласы, асқынулары және нәтижелері. Ұйқы безінің қатерлі ісігі этиологиясы, морфологиялық сипаттамаласы, асқынулары және нәтижелері. Сабақты өткізу форматы –жазбаша, ауызша сұрау арқылы теориялық білімді бағалау, тақырыптың негізгі мәселелері бойынша пікірталас, сабақ тақырыбы бойынша оқу презентациясымен көрсету, Онлайн және офлайн режимінде оқу консультациялары, альбомдарда, тақырып бойынша жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, шағын топтарда жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау, case-study. Оқу-әдістемелік материалдар, тапсырмалар және бағалау парақтарыMoodle dis kaznmu,Google Classroom платформасында орналастырылған. Тапсырмалар: Теориялық білімін жазбаша түрде бағалау. Микропрепаратты салу (гистологиялық номер): - Бауыр циррозы. №81. Микропрепаратты салу (гистологиялық номер): - Вирусты гепатит №158. Микропрепаратты салу (гистологиялық номер): - Созылмалы холецистит. №82. Микропрепаратты салу (гистологиялық номер): - Созылмалы панкреатит. №27. Макропрепаратты сипаттау «Бауыр циррозы». Макропрепаратты сипаттау «Калькулезды холецистит». Макропрепаратты сипаттау «Панкреонекроз». Сабақты бақылау: тақырыпты білу мен түсінуді жиынтық бағалау. СОӨЖ арналған тапсырмалар: тақырып бойынша 3 тілде медициналық терминологиялық сөздікті құрастыру (шағын топтардағы жұмыс) СОӨЖ бақылау: консультациялар кезеңіндегі кері байланыс, СОӨЖ бойынша сұрақтар аралық және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген, формативті баға. Бақылау : Баллды есептеу тест центрде. СӨЖ – ға арналған тапсырма: «Аутоиммунды гепатит, Муковисцидоз» тақырыбына презентация дайындау: оқыту тілінде – 50%, екінші тілде – 20 %, ағылшын тілінде-30 % (Moodle dis.kaznmu-да.) СӨЖ ге бақылау: Бағалау – формативті баға. ҚО кезінде: Moodledis kaznmu, MicrosoftTeams,ZOOM платформаларында Біріктірілген Аралық бақылау 2: MCQ тестілеу. Аралық бақылауды жүргізу формасы: Біріктірілген аралық бақылау MCQ тестілеу түрінде. ҚО кезінде: ауызша сұрау zoom.us (Webex), Teams платформаларында. Бақылау: Аралық бақылау тест центрде өтеді. ЕСЕПТЕР: 1 Студенттерге диспансеризация өткізгенде 20 жасар науқаста қан анализінде Hb s Ag, Hb e Ag, Hbc AG анықталған. Бірнеше жылдар аралығында есірткіні тамыр ішілік қолданған. Жыныстық қатынасында тұрақты партнері болмаған. Отырыстан кейін озін жаман сезінген, құсу басталған, алғашында құсық түсі кофе түсті болған кейіннен қан ұйындысы қосылған. Жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне жеткізілді, жүрек кызметінің тоқтағаны байқалып, реанимациялық шаралар жасалды, бірақ нәтиже болмады. Майітті ашу барысында геморрагиялық синдром, асцит, бауыр циррозы анықталды. Сұрақтар: Осы жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады? Қандай факторлар әсер еткен? Бауырдың макроскопиялық белгілерін сипаттаңыз? Бауырдың микроскопиялық белгілерін сипаттаңыз? 2 42 жастағы науқас көптеген жылдар бойы семіздікпен ауырады, мезгіл-мезгіл қалыпты мөлшерде алкоголь ішеді. Күннің екінші жартысында ентігу, аяқтың ісінуі туралы шағымданады. Пальпация кезінде қабырға доғасының астынан 3 см шығатын беті тегіс ауыру сезімінсіз бауыр анықталды. Сұрақтар: 1. Бауырда қандай патологиялық үрдіс дамуы мүмкін? 2. Мұндай бауырдың макроскопиялық белгілерін сипаттаңыз, бауырдың балама атын атаңыз? 3. Мұндай бауырдың гистологиялық көрінісін сипаттаңыз және микропрепаратты бояу әдісін атаңыз? 4. Патологиялық үрдістің нәтижелері? 3 Науқас әйел 65 жаста, кондитерлік цехта ұзақ уақыт жұмыс істеген, артық салмақ анықталды. 5 жыл ішінде оң жақ қабырға астының оқтын -оқтын тұйық ауру сезіміне, әсіресе майлы тағамдар жегеннен кейін, дене температурасының мезгіл-мезгіл көтерілуі, тері мен склераның түсінің өзгеруі және жүрек айнуы мен асқазан қыжылына шағымданады, Ультрадыбыстық зерттеу арқылы бауыр көлемінің ұлғайғандығы, өт қабының қабырғасының қалыңдауы анықталды. Сонымен бірге өт қабының қуысы мен бауырдан тыс өт өзектерінің жолдарында ұсақ тастар табылды. Сұрақтар: 1. Науқаста қандай патологиялық үрдіс дамыды? Ауруды қандай белгілермен болжауға болады? 2. Өт қабының макроскопиялық сипаттамасы? 3. Теріде мезгіл-мезгіл қандай пигмент жиналады? Патологиялық үрдістің механизмі қандай? Сарғаюдың қандай түрлерін атауға болады, даму механизмдері? 4. Негізгі аурудың ұзақ ағымымен бауыр қалай өзгеруі мүмкін? Бұл жағдайда ағзаларда қандай өзгерістер болуы мүмкін? 4 Алкоголизммен ауыратын 45 жастағы науқас майлы тамақ ішкеннен кейін кенеттен іштің айналдыра ауру сезіміне шағымданған. Бұрын ауруханаға бармаған. Тексеру кезінде: эпигастрий аймағын пальпациялаудағы ауырсыну сезімі байқалады. Сонымен бірге қандағы глюкозаның жоғарылауы анықталды. Тексеру барысында іштің жүрмеуі мен асқазан жарасының тесілуі белгілері анықталамады. Сондықтан науқасқа жедел панкреатит диагнозы қойылады. Сұрақтар: 1. Жедел панкреатиттің себептері? 2. Жедел панкреатитке тән ұйқы безінің макроскопиялық сипаттамасы? 3. Гипергликемияның даму механизмі қандай ? 4. Микроскопиялық зерттеу кезінде ұйқы безі тінінің кальцификация (петрификация) белгілерін көруге бола ма? Микропрепараттар: Микропрепарат «Бауыр циррозы» Микропрепарат «Вирусты гепатит» Микропрепарат «Созылмалы холецистит» Микропрепарат «Созылмалы панкреатит» Макропрепараттар: Макропрепарат «Бауыр циррозы» Макропрепарат «Калькулезды холецистит» Макропрепарат «Панкреонекроз» ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫҢ ЧЕК ПАРАҒЫ: Анонимді мaкропрепаратты бағалау парағы
Қорытынды баға -100 балл. Анонимді микропрепаратты бағалау парағы
Қорытынды баға -100 балл. |