Силлабус ОКИ 2021 ж. каз 31.08. лтты медицина университеті акционерлік Оамы акционерное общество национальный медицинский университет
Скачать 274.69 Kb.
|
СИЛЛАБУС
Алматы, 2021 Нормативтік сілтемелер: Силлабус мыналарға сәйкес құрастырылған: 1. ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 31 шілдедегі №647 бұйрығымен бекітілген МЖМБС және ТОБ жаңа редакцияда-ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.02.21 (ҚР ДСМ-12/2020) бұйрығымен; 2. 24 сәуір 2020 жылғы «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ сенат отырысында №6 хаттамамен бекітілген «Жалпы медицина» мамандығына арналған білім беру бағдарламасымен;
Байланыс ақпараттары: 1.1 Оқытущылар туралы мәліметтер
1.2.Пән саясаты: 2021-22 оқу жылына арналған Академиялық саясатқа сәйкес оқу үрдісін бірізді және мақсатты, студентке бағытталған оқытуды жүзеге асыру. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы медициналық ЖОО-нындағы, студент пен оқытушы Кодексінің жалпы ұста-нымдарына сәйкес негізделген. Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші болмайды. Силлабусқа өз еркімен өзгерістер енгізуге тыйым салынады, силлабусты басып шығару ғана емес, оны ауыстыру (жаңа файлмен, файлды редакторлау және т.б.) шектелген. Студент міндетті: «ҚазҰМУ КЕАҚ білім алушыларының ішкі тәртіп ережелерін» және «ҚазҰМУ студентінің Арнамыс кодексін» мүлтіксіз сақтауға; «Білім алушының академиялық адалдық кодексіне» сәйкес білім беру процесінің барлық кезеңдерінде Академиялық адалдық ережелерін сақтау; сабақ кестесіне сәйкес, кешікпей, дәрістерге, практикалық/зертханалық сабақтарға қатысу белгіленген үзіліс уақытын сақтау. практикалық/зертханалық сабақтарға/семинарларға жүйелі түрде дайындалу; жұмыс дәптерін, түрлі түсті қалап және карандаш т.б. болуы тиіс пән бойынша силлабуспен бақыланатын СӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар мен аралық бақылауды белгіленген мерзімде тапсыру; химиялық зертханада қауіпсіздік техникасы, асептика, антисептика, эпидемияға қарсы режим ережелерін сақтауға («Бактериялогиялық зертханада жұмыс жасау ережесімен» танысу); кафедраның оқу және оқу-әдістемелік әдебиетіне, университеттің кітапхана қорына, кафедраның / клиникалық / өндірістік базаның мүлкіне: Оқытудың техникалық құралдарына, жиһаздарға, жабдықтарға, аспаптарға, құралдарға, жөндеуге, шығыс материалдарына және т. б. ұқыпты қарауға; білім беру процесінің барлық қатысушыларына (ПОҚ, кафедралардың оқу-көмекші қызметкері, клиникалық базалардың кіші және орта медициналық қызметкер, пациенттер мен білім алушылар) қатысты медициналық этика мен деонтологияның субординациясы мен негізгі ұстанымдарын сақтауға топтағы жанжалды жағдайларды оқу ісі меңгерушісі немесе кафедра меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау. кестеге сәйкес емтиханға келу. Университет аумағына, кафедраға кіргенде “Ashyq” қосымшасын қолдану. Университет аймағы мен кафедраға студенттер жасыл немесе көк статуспен кіруге рұқсат етіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау: медициналық бетперде кию, қолды сабынмен жиі жуу және спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу, қолды бірмерзімдік сүткішпен сүрту; Жөтелу ережесін сақтау: вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бірмерзімдік сүрткішпен жабу. Бұдан соң қолды сабынмен жуу немесе және спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу; Арақашықтықты 1-1,5 метрден артықта сақтау және адамдармен (курстасыңмен, адамдармен амандасқанда сүю, құшақтасу ж.б.) жанасуды шектеу; Дене қызымын күніне кемінде 2 рет өлшеу, өздігінен емделумен айналыспау; Дене қызымы көтерілсе немесе ауыру сезімі байқалса бекітілген аймақтағы емханаға тез арада бару, жедел жәрдем шақыру және деканат қызметкерлеріне немесе оқытушыға, кураторға хабарлау Студенттің құқығы бар: Өзінің ұсынысын, шағымын оқу ісі меңгерушісі немесе кафедра меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау. Себепті жағдайда және бұйрық пен өкім болған кезде деканаттың рұқсатымен сабаққа қатынаспау. Бұл жағдайда жіберілген сабақты өтеу «2020-21 оқу жылына арналған Ака-демиялық саясатқа» және «Жіберілген сабақты өтеу» оқу бағдарламасының стандартына сәйкес жүргізіледі Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда бағаны қайта қарастыруға апелляцияға береді. «Апелляция жүргізу ережесіне» сай жүргізіледі АИС «Сириус» порталына бекітілген силлабус, оқу-әдістемелік, емтихан материалдарын тегін қолдануға Электронды журналдағы үлгерім нәтижесі туралы ақпаратты уақтылы алу Дресс-кодқа қойылатын талаптар Студент міндетті: іскерлік киім стилін ұстану; ұқыпты шаш үлгісі, қысқа қырқылған тырнақ болуы (қыздарға ашық бояну және тырнақты ашық түске бояуға болмайды); таза, үтіктелген медициналық халат, медициналық шапка болуы тиіс бактериологиялық оқу зертханасында және клиникалық кафедраларға –қалпақ/бас киім, бетперде, қолғап, ауыстыратын аяқ киім болуы тиіс. Тәжірибелік/зертханалық сабақтар кезінде студенттерге тыйым салынады: ұялы құрылғыларды/гаджеттерді пайдалану; оқытушының рұқсатынсыз оқу бөлмесінен/аудиториядан шығу Айыппұл санкциялары: пән саясатын бір рет бұзған жағдайда білім алушы оқытушыдан ауызша түрде ескерту алады. пән саясатын қайта бұзған жағдайда білім алушы кафедра меңгерушісінің атына түсініктеме береді. пән саясаты жүйелі түрде бұзылған жағдайда кафедра меңгерушісі деканатқа тиісті қызметтік хат береді. студент 15 минуттан артық сабаққа кешіксе «бж» қойылады тәжірибелік және зертханалық сабақта бақылау (тестілік бақылау, ауызша және жазбаша сұрау) кезінде әртүрлі шпаргалкалар, электронды гаджеттер қолданса студенттің Академиялық адалдық Кодексіне сәйкес акт толтырылады аралық бақылау кезінде әртүрлі шпаргалкалар, электронды гаджеттер қолданса олар алынады, акт толтырылады және студенттің Академиялық адалдық Кодексіне сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады орындалмаған тапсырма үшін студент «0» балл алады сабақта болмағаны үшін студент «бж» алады студенттің барлық жұмыстары (СӨЖ, ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау жұмыстары) жүйе арқылы плагиатқа тексеріледі. Плагиат анықталған жағдайда студенттің Академиялық адалдық Кодексіне сәйкес шаралар қолданылады сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған жағдайда (студент пара, сыйлық және басқа бағалы сыйлық бергенде, оқытушы жағынан (ата анасы, туыстары, қызметтестер) қысым көрсеткенде комплайнс-офицерге қызметтік хат жазылады. |