Главная страница
Навигация по странице:

  • Науқас, бұлттың бейнесіне қарап отырып, онда жануарлар мен адамдардың бейнеленгендігін айтады. Сипатталған күй қалай аталады

  • Корсаков синдромының құрамына кіреді

  • Элементарлы көру галлюцинацияларына жатады

  • Әлеуметтік қауіптілік тудыратын науқастар

  • Науқас, кілемнің оюларына қарап отырып, бөлменің керегесінде ілулі тұрған әртүрлі құбыжықтарды көргендігін айтады. Сипатталған күй қалай аталады

  • Галлюциноз синдромына тән

  • Сананың қарауытқан бұзылысы мына жағдайда көрінуі мүмкін

  • Шынайы заттарды бұрмалап қабылдау, көрінісінің аталуы

  • Кандинского*Клерамбо синдромының құрамына кіреді

  • Сананың қарауытқан бұзылысы белгілеріне жатады

  • Қандай жағдайда жеке тұлғаның бағыт бағдары сақталмайды

  • Психиатрия тест. психиатрия. аралык бакылау тест без ответа. Психиатрия Аралы баылау тест


    Скачать 41.82 Kb.
    НазваниеПсихиатрия Аралы баылау тест
    АнкорПсихиатрия тест
    Дата27.02.2022
    Размер41.82 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапсихиатрия. аралык бакылау тест без ответа.docx
    ТипДокументы
    #375736

    Психиатрия

    Аралық бақылау тест

    1. СОТ-ПСИХИАТРИЯЛЫҚ САРАПТАМА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫНЫ

    A. емдік мекеме әкімшілігінің қолдаухаты бойынша

    B. дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша

    C. сот-тергеу органдарының қаулысы бойынша

    D. сарапталушы туысқандарының қолдаухаты бойынша

    E. медициналық-әлеуметтік комиссиясының қортындысы бойынша

    2. АЗАМАТТЫ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРҒА ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМДІ ҚАБЫЛДАУШЫ

    A.прокурор

    B. дәрігер-психиатр

    C.сот-тергеу органдары

    D. емдеу мекемесінің директоры

    E. жедел жәрдемнің дәрігер-терапеві

    3. ҚР «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» КОДЕКСТІҢ ҚАБЫЛДАНУЫ

    A. 2009ж.18 қыркүйегі

    B. 2010ж.18 қыркүйегі

    C. 2010ж. 20 желтоқсаны.

    D. 2010ж.18 қарашасы

    E. 2009ж. 29 мамыры

    4. Зерттеудің клиникалық-психопатологиялық әдісінің басты мәнінің қортындысы

    A. сауалдама және бақылау арқылы психикалық бұзылуды анықтауда

    B. науқаста патологиялық мінез бітістерін анықтауда

    C. параклиникалық зерттеулер нәтижелерін бағалауда

    D. науқастың жалған нанымдарын қайта түсіндіру, ұғындыруда

    E. науқастың мінез-құлқын бақылауда

    5. Психикалық науқастарды еріксіз тәртіпте ауруханаға жатқызылудың жүргізілуі

    A. көршілердің шағымы бойынша

    B. жұмыс берушінің шағымы бойынша

    C. ежептәуір когинивтік бұзылуының бар болуы

    D. науқастың өзі мен өзін қоршаған жандарға қауіпті мінез-құлығы болған жағдайда

    E. егер науқас психикалық аурулары бойынша мүгедек болып табылғанда

    6. ӨЗ ЕРКІМЕН ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРҒА ЖАТУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТІМДЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНДАР

    A. тұрмыстағы маскүнемдік

    B. тұрмыстағы озбырлық мінез-құлқы

    C. пәлеқорлық-жалақорлық бағыттары

    D. психикалық бұзылуының болуы

    E. дәстүрсіз діни нанымдары

    7. Сот-психиатриялық сараптаманың негізгі мәселелері

    A. еңбекке қабілеті туралы мәселені шешу

    B. әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселені шешу

    C. кәсіптік жарамдылығы туралы мәселені шешу

    D. ауруханаға еріксіз жатқызу туралы мәселені шешу

    E. ақыл-есі дұрыс немесе ақыл-есі бұрыстығы туралы мәселені шешу

    8. МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОМИССИЯ МЫНА МӘСЕЛЕ ТУРАЛЫ ШЕШЕДІ

    A. ақыл-есі дұрыстығын

    B. іс-әрекетке қабілеттілігін

    C. еңбекке қабілеттілігін

    D. стационарға жатқызылуын

    E. диспансерлік есепке алынуын

    9. Иллюзиялар:

    A. Шын мәнінде тіршілік ететін құбылыстарды бұрмаланған түрде қабылдау

    B. Ағымдағы оқиғаны еске түсіру, көңіл қойып қабылдау

    C. Объектісіз алдамшы қабылдау

    D. Сандырақтық ойлармен жүру

    E. Сөзсіз психикалық аурудың белгілері

    10. Галлюцинациялар:

    A. Негативті (шизофрениялы) симптомдарға жатады

    B. Естің бұзылысы болып табылады

    C. Шынайы бар затты бұрмалап қабылдау

    D. Объектісіз алдамшы қабылдау

    E. Ойлаудың бұзылыстарына жатады

    11. Науқас, бұлттың бейнесіне қарап отырып, онда жануарлар мен адамдардың бейнеленгендігін айтады. Сипатталған күй қалай аталады:

    A. Гиперестезия

    B. Дереализация

    C. Деперсонализация

    D. Парейдолиялық иллюзиялар

    E. Псевдогаллюцинациялар

    12. Дисфория бұл:

    A. Түйсіктің бұзылысы

    B. Өзін*өзі тану бұзылысы

    C. Танымдық іс*әрекеттің бұзылысы

    D. Эмоцияның бұзылысы

    E. Сезім бұзылысы

    13. Корсаков синдромының құрамына кіреді:

    A. Фиксационды амнезия

    B. Галлюционациялар

    C. Иллюзиялар

    D. Сандырақ ойлар

    E. Сенестопатиялар

    14. Элементарлы көру галлюцинацияларына жатады:

    A. Акоазмдар

    B. Вербальді галлюцинациялар

    C. Экстракампиндік галлюцинациялар

    D. Парейдолиялар

    E. Фотопсиялар

    15. Әлеуметтік қауіптілік тудыратын науқастар:

    A. Императивті есту галлюцинациясымен

    B. Акоазмамен, фотопсиямен

    C. Гипногагикалық галлюцинациямен

    D. Гипнопомпикалық галлюцинациямен

    E. Дисморфоманиямен

    16. Науқас, кілемнің оюларына қарап отырып, бөлменің керегесінде ілулі тұрған әртүрлі құбыжықтарды көргендігін айтады. Сипатталған күй қалай аталады:

    A. Көру галлюцинациялары

    B. Вербальді галлюцинациялар

    C. Парейдолиялық иллюзиялар

    D. Жалған галлюцинациялар

    E. Эйдетизм

    17. Галлюциноз синдромына тән :

    A. Есту, көру галлюцинацияларының көптігі

    B. Псевдореминесценциялар

    C. Сандырақ ойлар

    D. Аффективті бұзылыстар

    E. Сандырақ күйзелістер

    18. Сананың қарауытқан бұзылысы мына жағдайда көрінуі мүмкін:

    A. Жай гебефрендік мас болуда

    B. Жай алкогольмен мас болуда

    C. Жай депрессивті мас болуда

    D. Жай истериялды мас болуда

    E. Патологиялық мас болуда

    19. Шынайы заттарды бұрмалап қабылдау, көрінісінің аталуы:

    A. Галлюцинациялар

    B. Иллюзиялар

    C. Деперсонализациялар

    D. Конфабуляциялар

    E. Акоазмалар

    20. Кандинского*Клерамбо синдромының құрамына кіреді:

    A.Уақыттан және ортадан адасу

    B.Бекітілген амнезия

    C.Жеке тұлғасынан адасу

    D.Конфабуляторлы бұзылыстар

    E. Псевдогаллюцинациялар, автоматизм мен жасандылықты сезіну

    20. Сананың қарауытқан бұзылысы белгілеріне жатады:

    A.Тұрақсыз жүріс

    B.Уақыттан және ортадан адасу

    C.Истериялық ступор

    D.Идеаторлы автоматизм

    E. Катотоникалық ступор

    21. АЛКОГОЛИЗММЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАР ӨЗІН ӨЗІ СИПАЛАП, КИІМІНЕН БІРНӘРСЕ ІЗДЕЙДІ, ОЛ НЕ

    A.ауыз жұтқыншақ галлюцинациясы

    B.висцеральді галлюцинациясы

    C.тактильді галлюцинациясы

    D.вербальді галлюцинациясы

    E.дәм сезу галлюцинациясы

    22. Қандай жағдайда жеке тұлғаның бағыт бағдары сақталмайды:

    A.Делирийде

    B.Аменцияда

    C.Астенияда

    D. Онейроидта

    E.Кататонияда

    23. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ БАЙҚАЛАТЫНДАР

    A.пікірлері мен ойша пайымдау үстірттілігі

    B. ойлаудың үстірттілігі,өнімсіздігі

    C.ойлау процесі қарқынының артуы

    D.ойлау процесінің аяқталмауы

    E. бір ойдан басқа ойға ауысудағы қиналысы

    24. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

    A.азаматтың өзі

    B.емдеуші дәрігер

    C.дәрігер-психиатрлар комиссиясы

    D.тәуелсіз сараптау комиссиясы

    E. адвокат немесе заңды өкілі

    25. ИДЕАТОРЛЫҚ АВТОМАТТЫҚ КЕЗІНДЕГІ ОЙЛАУ ЕРЕКШЕЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН

    A.науқастың ойын әлдекім «басқарады» деген күдік

    B.сананың күңгірттенуі есебінен ойының жоғалуы


    C. сананың торығу аясында ойының ұшып кетуі

    D.насильственность двигательных актов

    E.қимыл актілерінің күштелуі

    26. Дәрігермен әңгімелесу барысында 18 жастағы науқас өз ата-анасына қатысты махаббат, үйірсектік сезімін, сонымен бір мезгілде дәлелденбеген ыза мен өшпенділікті байқайтынын айтты.

    Аталған бұзылулардың қайсысы ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?

    A.эмоционалдық өзгермелік

    B.амбиваленттілік

    C.амбитенденттілік

    D.ынжықтық

    E.дисфория

    27. КӨҢІЛ-КҮЙ ДЕГЕНІМІЗ- БҰЛ

    A. қысқа мерзімдік көрсетілген эмоционалдық реакция

    B.сайланбалы эмоционалдық қарым-қатынас

    C.эмоционалдық әлсіздік күйі

    D. тұрақты эмоционалдық ая

    E.сезім саласындағы өзгермелігі

    28. СӨЙЛЕУ ФУНКЦИЯСЫН ЖОҒАЛТУЫНЫҢ АТАЛУЫ

    A.афазия

    B.агнозия

    C.алексия

    D. амнезия (ұмытшақтық)

    E.апраксия(дәрменсіздік)

    29. 19 жастағы науқаста мәнерлігі, астарлы қимылдары және сөзі мен сөйлемдері, есерлігі бар қозу байқалды. Ол бет-аузын қисайтты, тоңқалаң асып домалады, биледі, әдеттен тыс сөздер мен сөйлемдер айтты. Алайда оның жайдарлылығы, қылымсулары мен әзіл-қалжыңы адамдарды көңілдендірмейді.

    Аталған синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?

    A.желікпелі синдром

    B.кататоникалық

    C.психопатикалық

    D.гебефреникалық

    E.психопат тәріздес

    30. 30 жастағы ер адамда түңгі уақытта кенеттен мезгіл-мезгіл ұстамалары пайда болады, сол кезде ол қатты айқайлап жбереді, сонан соң тоникалық және клоникалық тырыспалары байқалады. Сол шақтарда ол ешнәрсеге де көңіл аудармайды. Тек 2-3 минөттен кейін өзіне өзі келеді. Бірақ та болған оқиға есінде қалмайды.

    Аталған синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?

    A.абсанс

    B.кіші ұстама

    C.моторлы автоматизм

    D.фокальды ұстама

    E.үлкен тырыспалы ұстама

    31. Иіс тиіп уланғаннан кейін 35 жастағы ер адамда жадының бұзылуы байқалды.Науқас өз жадындағы бос жерлерін ойдан шығарылғандарды «есіне түсіріп» бұрын болмаған оқиғалармен толықтырады.

    Аталған бұзылулардың қайсысы ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?

    A. ретрогадты амнезия (ұмытшақтық)

    B.жалған реминисценция

    C.конградты амнезия (ұмытшақтық)

    D.конфабуляция

    E.криптомнезия

    32. Науқас 36 жаста. Екі жыл ұлтабарындағы ойық жарадан зардап шегуде, осы ауру бойынша 2 топ мүгедегі.Мінезі тынышсыз, қапалы, тұйық. Қазіргі шақта соматикалық тұрғыдан өршіген. Ауруы тұрғысында уайымдап жүреді. Өз ауруын емге жатпайтын, жазылмайтын деп есептейді. Көңіл күйі басыңқы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды.Өзіне өзі қол салғысы келетін ойын да айтады.Сыны жоқ.

    Аталған синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?

    A. торығу-ипохондриялық

    B.галлюцианторлы-сандырақ

    C.сенесто-қорқыныш

    D.обсессивті-қорқыныш

    E. қайта белсенді параноидты

    33. Бас миы тамырларының атеросклерояздық зақымдануы үшін жадының бұзылу түрінің қайсысына КӨБІРЕК тән болады?

    A.үдемелі амнезия (ұмытшақтық)

    B.антероградты амнезия

    C.ретроградты амнезия

    D.криптомнезия

    E.конфабуляция

    34. ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛУДЫ ЕМДЕУДІҢ МЕДИКАМЕНТОЗДЫҚ ЕМЕС БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСІНЕ ЖАТАТЫНДАР

    A.инсулин шогымен емдеу

    B.тиімді психотерапия

    C.иландыру терапиясы

    D.ұйқының депривациясы

    E.еңбек терапиясы

    35. 15 жасар Л.атты жеткіншекерекше бір табыссыз топтық психотерапиядан өтті. Жұмыс барысында отбасында ерлі-зайыптылар арасында кикілжің барлығы анықталды.

    Қандай қосымша психотерапевтік шаралар ЕҢ тиімді болады?

    A.жеке-дара психотерапия

    B.тиімді психотерапия

    C.психологиялық түзету

    D.отбасылық психотерапия

    E. гипнотерапия

    36. Босағаннан соң әйел баласын емізуден бас тартты, оған ешқандай көңіл бөлмей, күні бойы кереует үстінде қимылсыз отырып, көзін бір нүктеден алмайды, жан-жағында болып жатқанды ілтипатына да алмайды.

    Алдын ала аталған диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

    A.психопатия

    B.шизофрения

    C.реактивті психоз

    D.босанғаннан соңғы психоз

    E.шизобелсенді бұзылу

    37. КАНДИНСКИЙ-КЛЕРАМБО СИНДРОМЫНА ТӘН БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН САНДЫРАҚ

    A.қызғаншақтық

    B.әрекет ету

    C.өзін өзі кінәлау

    D.материалдық залал

    E.ерекше тегі

    38. ШИЗОФРЕНИЯ КЕЗІНДЕ ЖАН КҮЙЗЕЛІСІ БҰЗЫЛУЫНА ЖАТАТЫНДАР

    A.мания

    B. әлсіздік

    C.дисфория

    D.дипсомания

    E.ипохондрия

    39. Науқас мылжың, ассоциациялары үстірт, жылдам басқа мәселеге ауысып кетеді, осыған байланысты сұраққа жауап алу мүмкіндігі жоқ, тақырыпты жиі өзгертіп отырады, бір ойын аяқтамай жатып екінші тақырыпқа өтіп кетеді, сол кездерде жиі қолын сермеп, жұлқынады.

    Осы науқаста ойлауының бұзылуының қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.ойлауының жылдамдауы

    B.үзіктілігі

    C.байланыссыздығы

    D.өсиешілдігі

    E.ментизм

    40. 30 жастағы емделушіде иіс тиіп уланғаннан кейін бекіткіш (шегендеулі) амнезия (ұмытшақтық), амнестикалық бағдардан жаңылу және конфабуляция байқалды.

    Төменде аталған синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.елірмелі синдром

    B.параноидты синдром

    C.паранойялды синдром

    D.Корсаков синдромы

    E.Кадинский-Клерамбо синдромы

    41. Емделуші қандай да болмасын бір ауруларды жұқтырып алудан қорқады, солай бола тұрса да, ол өз күйзелістерінің негізсіздігін түсіне отырса да, бірақ та осы ойдан құтыла алмайды.

    Төменде аталған симптомдардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.сенестопатия

    B.сандырақ идеялар

    C.галлюцинациялар

    D.жабысқақ идеялар

    E.тым бағалы идеялар

    42. Органикалық галлюцинозды науқас өзіне дәрілерді қабылдауға тыйым салған «дауысты» естиді

    Осы науқаста аталған галлюцинаторлық бұзылу түрінің қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.гипнагогикалық галлюцинация

    B.бұйрықты галлюцинация

    C.рефлекторлы галлюцинация

    D.сахналық галлюцинация

    E.иландырған галлюцинация

    43. П. атты науқас, 22 жаста, ЖОО студенті. Психиатриялық клиникада үш рет емделді. Ұстамасы кезінде ол өзі қудалауда екенін айтып, оның абыройын түсірмекші идеясын айтты, көңіл-күй аясы төмен, өзін әртүрлі ауыр айыптармен кінәлаған дауыстарды естиді. Емделгеннен кейін институттағы оқуын жалғастырды, алайда бірге оқитындар онда біршама оғаштықтарды байқағандарын айтады, араласқа жоқ, тым өкпешіл.Қайсыбір пәндерді науқас табысты тапсырады, басқалаларына үлгерімі нашар. Ол өзін құлақтары көріксіз кемістігі бар деп нандырып, сондықтан үнемі дәрігер қалпағын киіп жүреді, тіпті де ұйықтағанда оны тастамайды.

    A.сылбыр ағымды шизофрения

    B.паранойялды психопатия

    C.параноидты шизофрения

    D.жабысқақ күйдегі невроз

    E.биполярлы жан күйзелісті бұзылу

    44. Науқас, қасындағы көршісі оны өлтіргісі келетінін айтады.Көршісі гипнозды игерген, оның көмегімен науқастың асқазанында ауыру туғызып, ішектерін күйдіріп,ішін өткізіп, миын семдіреді. Осылар науқаста жаман иіс тудырып, тамақтарда жағымсыз дәм қалдырады.

    Аталған бұзылулардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.қорқыныш синдромы

    B.обсесивті синдром

    C.әсер ету сандырағы

    D.қызғаныш сандырағы

    E.залал сандырағы

    45. Н. атты науқас әйел, 29 жаста, басынан өткерген шизофрения ұстамасынан кейін ауруханадан өнімді психотикалық симптоматикасы болмауына байланысты шығарылды. Алайда, ол жұмысына қайта оралмады, себебі ол өзін белсенді әрекетке көндіре алмады.Ол бұрын өзін таңдандыратын жұмысына ғана емес, адамдармен араласқа да селсоқ қарады. Баласына, отбасына көңілін жөнді аудармады. Уақыт өте өз күтіміне де мән бермеді, тек оған ескерткенде ғана жуынып, таранды. Уақытының көбін кереует үстінде өткізді.

    Аталған синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.кататоникалық

    B.психорганикалық

    C.апатия-абуликалық

    D.астения-торығушылық

    E.торығу-параноидты

    46. ШИЗОФРЕНИЯ КЕЗІНДЕ БАЙҚАЛАТЫНДАР

    A.амбулаторлық автоматизм

    B.психикалық автоматизм

    C.елірме синдромы

    D.аралық деменциясы

    E.есеңгіреу синдромы

    47. ШИЗОФРЕНИЯ НАУҚАСТАРЫНДАҒЫ ПСИХОМОТОРЛЫҚ ҚОЗУДЫ БАСУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН

    A.сиднокарб

    B.финлепсин

    C.аминазин

    D.мелипрамин

    E.церебролизин

    48. Клиникаға 21 жастағы студент көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышына деген шағыммен келді. Қорқыныш стимулын алдын ала болжап білудің клиникалық суреті және онымен қақтығысу тұлғаға гипергидроз, тахикардия,тері жабындысының қызаруы, жүрек қағуын әкеліп соқтырады..Осындай жай-күй бар адамға бар күшін жұмылдыруға, сөздерін анық айтуға кесірін тигізеді, мұның өзі баяндаманың олқылығына әкеледі.

    Аталған невроз түрлерінің қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.истерия

    B.агорафобия

    C.неврастения

    D.әлеуметтік фобия

    E.ипохондриялық (дел-салдық) фобия

    49. Ер адам, 20 жаста, жұмыс істемейді. Кенеттен және тез арада күтпеген жерден пайда болып, бірнеше минут бойы вегетативтік бұзылу кешенінің үдемелі өсуіне ұласты: жүрек қағуы, жүрегінің қысылуы, тынысы тарылып тұншығуы сезінуі, ауа жетіспеуі, терлегіштігі, басының айналуына шағымдалды. Жоғарыда аталған шағымдары төніп келе жатқан өлімді түйсінуімен, санасын жоғалту қорқынышымен, болмаса өзіне өзі бақылау жүргізуін жоғалтуына, естен адасу қорқынышына сай келеді. Ұстамалары 2 жылдан бойы ешқандай анық себепсіз басталады да,20-30 минутқа созылып ,апта сайын қайталанады, кей кездері бір күнде екі реттен де болады.

    Аталған мазалау-қорқыныш бұзылуы түрлерінің қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

    A.агрофобия

    B.әлеуметтік фобиялар

    C.паникалық шабуыл

    D.ипохондриялық фобиялар

    E.ерекше (оқшауланған) фобия

    50. 18 жастағы бойжеткен,УІР -клиент келушілері бар астананың мәртебелі түңгі клубында даяшы болып істейді. Жұмысқа орналасқанынан бастап (5ай бойы) түңгі клуб жағдайында, клиенттерге қызмет көрсету кезінде беті мен тамағының қызарып кетуіне қарқынды қорқынышы пайда болды, мұның өзі айқын мазасыздану және жүрек қағуымен қабаттаса жүрді.

    Аталған мазалау-қорқыныш бұзылуы психопатологиялық көріністерінің қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады.

    A.агорфобия

    B.эритрофобия

    C.әлеуметтік фобия

    D.үрейлі (панические) шабуыл

    E.ипохондриялық фобия

    51. 34 жастағы науқас әйел өз күйеуі мен баласын балтамен шауып тастағысы келген ауыр, тағы да науқастың еркінен тыс идеялар, бейнелер пайда болатынына шағымдалады. Осы ой таптаурынды түрде қайта-қайта оралып келіп отырады,әйел барынша оған қарсы тұруға тырысады.

    Аталған ойлау бұзылуының қайсысы осы науқаста анықталуы ЕҢ ықтимал?

    A.ойлаудың амбиваленттілігі

    B.ойлаудың қисынсыздығы

    C.тым бағалы идеялар

    D.жабысқақ идеялар

    E.сандырақ идеялар

    52. 26 жастағы науқас әйел, тұрмыста, екі ұлы (10 және 14 жастағы) бар.Мейірбике болып істейді, медициналық колледжде сабақ береді, тігін тігіп, түні бойы адамдар тапсырмасын орындап табыс табады. Күйеуі алыс рейстердің жүргізушісі. Күндізгі уақытқа тәрбиеші жалдаса да, негізінен үйдегі барлық жұмысты өзі атқарады.Аса қатты қажушылығына, сылбырлыққа, бас ауруына, тітіркенгіштігіне, қатты шуылды көтере алмайтынына, зейін шоғырлануы мен тәбетінің төмендігіне, жылауықтығына, ұйқысының үстірттілігіне шағымдалады.

    Аталған синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.обсессивті

    B.торығушылық

    C.амнестикалық

    D.кататоникалық

    E.неврастеникалық

    53. НЕВРОЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДА БАЙҚАЛАТЫН ЭМОЦИЯ БҰЗЫЛУЫ

    A.дисфория

    B.ынжықтық

    C.эмоциялық топастық

    D.эмоциялық құбылмалық

    E.эмоциялық тұрақсыздық

    54. ФОБИЯЛЫҚ (ҚОРҚЫНЫШ) БҰЗЫЛУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІСІНЕ ЖАТАТЫН

    A.тек белгіленген фобиялық жағдаятта пайда болады

    B.соматикалық жаман халі кезінде күрделінеді

    C.кикілжің жағдаяттармен арандатылады

    D.айқын ауарайы жағдайына тәуелділігі байқалады

    E.нақты қоқан-лоқы жағдайында пайда болады

    55. Науқасқа 50 жас, некеде тұр, төрт баласы бар. Ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді, күзетші жұмысын істеп қосымша табыс табады.Бұдан үш жыл бұрын ипотекалық несие алды,содан бері демалысқа шықпай жұмыс істейді. Әйелі екі жыл бұрын екінші баласын туды, сонан бері декреттік демалыста. Ер адам соңғы жылдары зейінінің шоғырлануының бұзылуына, алаңсыз ойлау мүмкінсіздігіне, тітіркенгіштігіне, қатты шуылға төзе алмаушылығына, басының ауыратынына, либидосы мен тәбетінің төмендігіне, ұйқысының нашарлығына,қажығыштығы мен нашар көңіл-күйіне шағымдалады.

    Аталған синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.фобиялық (қорқыныш) синдромы

    B.обсессивтік синдром

    C.субдепрессия

    D.неврастения

    E.истерия

    56. 4 жасар бала кенеттен «сорайып» кетті, аяқ-қолының жоғары бұлшық еттері тырсылдап кетті, сонан соң «қамшыдай салбырап қалды» аузынан көбік шығып, сонан кейін ұйықтап кетті.. Суреттелінген жай-күй кезінде қызуы 39 градусқа дейінгі вирустық жұқпа клиникасы болды.

    Төмендегі аталған алдын ала диагноздардвң қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.фебрилді тырыспа

    B.қояншықтық ұстама

    C.невроз тәрізді синдром

    D.вегето-тамырлы дистония

    E.нейролептикалық синдром

    57.  9 жастағы балада тым ырықсыз мын түрдегі қимылдар байқалады: қолдарын соза тарту, иықтарын көтеру сияқты. Сыртартқысында – менингоэнцефалит.

    Төменде аталған алдын ала диагноздардвң қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.гиперкинез

    B.нейролепсия

    C.кататония

    D.тырыспалар

    E. гипотрофия

    58. Бастапқы тексеру кезінде дәрігер сәбиде ақыл-ой кемістігін болжайды.

    Аталған зерттеулердің қайсысы алдын ала диагноз қоюда ЕҢ көрсетімді?

    A.ЯМРТ

    B.краниография

    C.кариотипке зерттеулер

    D.самотонерологиялық зерттеулер

    E.эксперименталды-психологиялық зерттеулер

    59. ДЫБЫСТАРДЫ ШЫҒАРУ БҰЗЫЛУЫНДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАЛАЛАРДАҒЫ СӨЙЛЕУ БҰЗЫЛУЫНЫҢ АТАЛУЫ

    A.дизграфия

    B.дислексия

    C.дислалия

    D.афония

    E.алалия

    60. Ақыл-ой кемістігі бар баланың мектеп мінездемесінде оның оқуға қабілеттілігі, шартты еңбекке қабілеттілігі және тәрбиелік іс-шараларға ілтипатпен қарау мүмкіндігі бар деген мағлұматтар кездеседі.

    Аталған алдын ала диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

    A.нақұрыстық (идиотия)

    B.ақыл-ой кемтарлығы (дебильность)

    C.имбецильность (туа біткен кемақыл)

    D.жалған олигофреникалық кемістік

    E.психикалық даму бөгелісі

    61. АУЫР АҚЫЛ-ОЙ КЕМІСТІГІНІҢ СИПАТТАЛУЫ

    A.сөйлеу дамуының бөгелісі

    B.моторика бұзылуының болмауы

    C.өзіне-өзі қызмет жасау дағдысының болмауы

    D.дене еңбегі түрі деңгейінде еңбекке бейімділігі

    E.физиологиялық қызмет атқаруын бақылау қабілетсіздігі

    62. АУТИЗМ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ МЫНА ЖАСТА ПАЙДА БОЛАДЫ?

    A.туған кезінен бастап

    B.10 жастан кейін

    C.3 жасқа дейін

    D.5-6 жаста

    E.7-10 жаста

    63. ТҰЛҒА - БҰЛ

    A.ойлау мен жадтың жиынтығы

    B.барлық психикалық қызметтердің жиынтығы

    C.зият және орта факторларының жиынтығы
    D.тәрбие және орта факторының жиынтығы

    E.қоршаған жандарға және өзіне қарым-қатынас жүйесі

    64. ЖАН-ЖАҒЫНДАҒЫЛАРҒА ҚАУІП ТӨНДІРУІ МҮМКІН НАУҚАСТАР

    A.галлюцинациясы бар

    B.тамақтан бас тартуы бар
    C.қызуы бар

    D.селқостығы бар

    E.алаңдауы бар

    65. БҰЙРЫҚТЫ ЖАЛҒАН ГАЛЛЮЦИНАЦИЯЛАРМЕН ШАРТТЫ КҮШ КӨРСЕТУ ІС-ӘРЕКЕТІ МЫНА ДИАГНОЗЫ БАР НАУҚАСТАРҒА ТӘН:

    A.шизофрения

    B.олигофрения

    C.психопатия

    D.эпилепсия

    E.невроз

    66. АЛКОГОЛЬДІ АБСТИНЕНТТІ СИНДРОМҒА НЕ ТӘН?


    A.дисфория, сомато-вегетативті бұзылыстар

    B. дипсомания

    C. эйфория қамсыздықпен

    D. интеллект төмендеуі

    E. толеранттылықтың жоғарылауы

    67. АЛКОГОЛИЗМНІҢ МІНДЕТТІ КӨРІНІСТЕРІ

    A. дипсомания

    B. клептомания

    C. маниакальды жағдай

    D. дромомания

    E.психикалық және физикалық тәуелділік

    68. АЛКОГОЛИЗММЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫҢ «ПЛАТО» СИМПТОМЫНА ТӘН КӨРСЕТКІШ

    A. тұрақты қойылған алкоголь дозасын қабылдау , белгілі уақыт аралығында алкогольдің максимальды дозасын көтере білу

    B.толеранттылықтың төмендеуі
    C. толеранттылықтың жоғарылауы

    D. алкогольдің қарапайым дозаларын қабылдау

    E. құрамында алколі төмен ішімдіктерді қолдануға көшу

    69. АЛКОГОЛИЗМНІҢ 2-САТЫСЫНА ТӘН КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРДІ КӨРСЕТІҢІЗ

    A.психикалық тәуелділік

    B.«плато» симптомы

    C.тұлғалық деградация

    D.тотальды амнезия

    E. абстинентті синдром

    70. ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРҒА НЕ ЖАТАДЫ

    A. Шөптік тұнба

    B.алкоголь, наркотиктер

    C. тырысуға қарсы препараттар

    D.бас ми қаннын жақсартатын препараттар

    E. қан қысымын тұрақтандыратын препараттар

    71. Жедел алкогольды интоксикацияның ауыр дәрежесіне тән

    A. атаксия , құсу, жүрек қантамыр жүйесінің тонусы төмендеуімен

    B. санның онейродты бұзылысы

    C.эйфориямен бірге жүретін уайымшылдық

    D. дисфориямен бірге жүретін агрессиялық

    E. психикалық комфортты сезіну

    72. СОТТЫҚ ПСИХИАТРИЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ӨТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖАҒДАЙЛАР

    A.қарапайым алкогольді мастану

    B. дипсомания

    C.патологиялық мастану

    D. невротикалық жағдай

    E. сопорлы жағдай

    73. НАУҚАСТЫҢ КӨРУ ГАЛЛЮЦИНАЦИЯСЫНЫҢ БАСТАЛУЫН ҚАНДАЙ ӘДІСПЕН ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ

    A. шүйде бұлшық етін басу арқылы

    B.неврологиялық тексеру арқылы

    C.көз алмасын басу арқылы

    D. науқасты бақылау

    E. науқастан сұрастыру арқылы

    74. ТОКСИКОМАНИЯ – бұл

    A.наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін заттарды шектен тыс қолдану

    B.әртүрлі улы заттарды қолдану
    C.алкогольге тәуелділік

    D.опиоидтарға тәуелділік

    E.зиянды әдет

    75. Жедел гашишті масаюдың емі

    A.глюкозаны аскорбин қышқылымен тамыр ішіне енгізумен жүретін дезинтоксикация
    B.электросудорожная терапия

    C.карбамазепин

    D.феназепам

    E.ноотроптар

    76. НАРКОМАНИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІНЕ ЖАТПАЙДЫ

    A.абстинентті синдром

    B.сананың өшу синдромы

    C.наркотикке шыдамдылықтың өзгеруі

    D.психикалық және физикалық тәуелділік

    E.интоксикацияның клиникалық көрінісінің өзгерісі

    77. ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНҒАНДА МОРАЛЬДІ-ЭТИКАЛЫҚ ДЕГРАДАЦИЯНЫҢ КӨРІНІСТЕРІНЕ ЖАТАДЫ

    A. өзімшілдік,қатыгездік,эмоцияны әлсіз бақылау,паразиттік тенденциялар+

    B.эмоциональді лабильдік

    C.психикалық ступор сезімі,аутизм

    D.резонерлік,гипертимия

    E.экспозивті,жарылғыш

    78. ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ ОПИЙЛЫҚ НАРКОМАНИЯНЫҢ АСҚЫНУЫ ҚАЛАЙ КӨРІНЕДІ

    A.АИВ инфекция ЖҚТБ,гепатит,жиі С+

    B.гломерулонефрит

    C.энцефалит

    D.гингивит

    E.инсульт

    79. ПСИХИАТР-НАРКОЛОГ ЖАЛПЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЛИКЛИНИКАДА НЕ АТҚАРАДЫ

    A.консультативті және емдеу-диагностикалық жұмысты

    B.соттық-наркологиялық сараптама өткізуді


    C.соттық психиатриялық сараптама өткізуді

    D.алкогольді салынып ішуді тоқтатуды

    E.общемедициналық қабылдау

    80. ПАРКТЕРДЕ, СКВЕРДЕ, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ СПИРТТІК ІШІМДІК ІШУ НЕГЕ ӘКЕЛІП СОҒАДЫ

    A.қоғамдық ұялту, жұмысына хабар беру

    B.диспансерлік қадағалау

    C.административті жауапқа тарту

    D.медвытрезвительге орналастыру

    E.қылмыстық жауапқа тарту

    81. ҚР «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ» КОДЕКСІСІНЕ« СӘЙКЕС АЛКОГОЛИЗММЕН, НАРКОМАНИЯМЕН ЖӘНЕ ТОКСИКОМАНИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҒЫ БАР
    A.достарымен кездесуге

    B.периодты түрде ПАЗ қабылдауға

    C. ПАЗды өз бетімен иемденуге

    D.өз бетімен наркотик заттарды дайындауға

    E.білікті медициналық көмек алуға

    82. ПАРЕЙДОЛИЯЛЫҚ ИЛЛЮЗИЯ - БҰЛ

    A.парестезии

    B.гиперестезия

    C.дереализация

    D.деперсонализация

    E.науқас түсқағаздан фантастикалық бейнелерді көреді

    83. Науқаста жеке тұлғалық бағдар дұрыс,ал уақыт пен кеңістік бойынша бағдары бұзылған:

    A.қарауытқан жағдай

    B. делирий
    C.онейроид

    D.аменция

    E.grandmal

    84. Заттардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету арқылы обективті шындық затардың толық бейнеленуі аталады:

    A.сезім


    B. синестезия

    C.қабылдау

    D.дереализация

    E. елестету

    85. ДАУЫСТАР НАУҚАСҚА ІШПЕ, ЖЕМЕ, ДӘРІ ҚАБЫЛДАМА ДЕП БҰЙЫРАДЫ, БҰЛ ГАЛЛЮЦИНАЦИЯНЫҢ ҚАЙ ТҮРІНЕ ЖАТАДЫ?

    A. комментирлеуші

    B.рефлекторлы

    C. императивті

    D. вербальды

    E. антагонистік

    86. Науқас денесінде жәндіктер жүргендей сезінеді. Ол белгісі

    A. сенестопатияның

    B.Корсаков синдромының

    C.паранойяльді синдромның

    D.көру галлюцинозының

    E. тактильды галлюциноздың

    87. Жабысқақ ойлар сипатталады

    A.науқастың оған критикасыз қарым-қатынасымен

    B.Науқас ол ойлардан арылуға тырысумен

    C.өмірге ұластырумен

    D.әсер ету сандырағымен

    E.галлюцинациямен

    88. ЖЕЛІМ ИСІМЕН УЛАНУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ПСИХОЗДАР БОЛАДЫ:

    A.апатия

    B.эйфория

    C.дисфория

    D.ұйқысыздық

    E.ергежейлік галлюцинациялары («мультиктар»)

    89. НАРКОМАНИЯ – БҰЛ:

    A.психикалық және физикалық тәуелділіктің пайда болуымен жүретін созылмалы психикалық бұзылыс.

    B.тек физикалық тәуелділіктің пайда болуымен жүретін созылмалы психикалық бұзылыс.

    C.тек психикалық тәуелділіктің пайда болуымен жүретін созылмалы психикалық бұзылыс.

    D.психикалық және физикалық тәуелділіктің пайда болуымен жүрмейтін созылмалы психикалық бұзылыс.

    E. психоактивті заттарды эпизодты түрде пайдаланумен жүретін жедел психикалық бұзылыс.

    90. НАРКОМАНИЯНЫҢ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨРІНІСІНДЕ БОЛАДЫ:

    A.дромомания

    B.дипсомания

    C.клептомания

    D.маниакальді жағдай

    E.психикалық және физикалық тәуелділік

    91. КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАРКОМАНИЯНЫҢ МЕДИКО- ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕРІН ШЕШЕТІН БІРІНШІ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ ҚАЙ ҚАЛАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ:

    A.Павлодар
    B.Шымкент
    C.Алматы
    D.Астана
    E.Тараз

    92. ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУҒА ҚАНДАЙ МОТИВАЦИЯ БОЛАДЫ
    A.қызығушылық

    B.территориальді топ

    C. әке -шешесініңмаскүнемдігі

    D. топтасу реакциясы

    E.оппозиционды көзқарас

    93. ЭПИЛЕПТИКАЛЫҚ СТАТУСТЫҢ ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕБІ МЫНАУ БОЛУЫ МҮМКІН

    A.бас миы тамырының атеросклероз

    B.бас миының ісігі

    C.артериялық гипертензия

    D. гипотиреоз

    E.гипогликемия

    94. Сана бұзылуы синдромы:

    A. Алалия, мутизм, кома, сананың көмескіленуі.

    B. Сананың көмескіленуі , аффект, анемия.

    C. Гнозия, ремиссия, делирий, ступор.

    D. Кома, ступор, онейронд,сананың қарауытуы, сананың көмескіленуі.

    E. Алалия, мутизм, кома,делирий.

    95. Хромосома патологиясынан пайда болатын ауру түрін тап:

    A. Шизофрения.
    B. Галлюцинация.
    C. Склероз.
    D. Сандырақтау.
    E. Даун ауруы.

    96. «Олигофрения»терминін енгізген кім:

    A. В.Вундт.
    B. Ч.Дарвин.
    C. Крепелин.
    D. Э.Геккель.
    E. Э.Фромм.

    97. Эмоция бұзылғанда болатын жағдайлар,бұл:

    A. Делирий,онейройд,транс.
    B. Мастурбация,садизм.
    C. Булимия,сомнамбулизм.
    D. Дистимия,гипотимия,эйфория.
    E. Сандырақ,елестетушілік.

    98. Иллюзия мен галлюцинация қай процеске байланысты:

    A. Түйсік.
    B. Қабылдау.
    C. Ойлау.
    D. Сөйлеу.
    E. Қиял.

    99. Ер адамның еркекке,әйелдің әйелге құштарлығы:

    A. Садизм.
    B. Мазохизм.
    C. Гомосексуализм.
    D. Анорексия.
    E. Булимия.

    100. Дебильдік,имбецильдік,идиотия бұл қай ауру түрлері:

    A. Транс.
    B. Булимия.
    C. Олигофрения.
    D. Шизофрения.
    E. Психоз.


    написать администратору сайта