Главная страница
Навигация по странице:

  • Түйсік

  • Түйсіктің негізг і қасиеттері

  • Қабылдаудың төрт түрі белгілі

  • У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады

  • Ырықсыз зейін

  • Сыртқа бағытталған зейін

  • Зейін шоғыры

  • Зейін көлемі

  • Иллюзияның

  • Қабылдау бұзылыстарының белгілері

  • всв. Психология аралық бақылау. Психология (грек psicheжан, logosылым) айналысады. Психология


    Скачать 232.25 Kb.
    НазваниеПсихология (грек psicheжан, logosылым) айналысады. Психология
    Дата12.11.2021
    Размер232.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПсихология аралық бақылау.docx
    ТипДокументы
    #269986
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    Дағдының жалпы сипаттамасы. Адам жеке әрекеттерді орындау дағдысын меңгерсе, іс-әрекет мінсіз атқарылатын болады. Дағды-әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі.
    Көпшілік дағдының негізінде кең тарапты, ақылға салынған әрекет жатады. Іс-әрекетті игерудің бастапқы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болады. Мысалы: оқуға үйрету кезіндегі сөзді буынға бөлу, буындарды қосу арқылы оны мағыналы сөзге айландыру оқыдың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстінде оқушы жүгіріп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай сөзді буынға бөлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. ¬Өйткені оның әрекеті енді жеңіл, жүйіртіп оқитын дағдыға айналады. Қандай да болсын дағдының негізінде шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Әрекетті тұрақты қайталау нәтижесінде нерв жолын соған икемдеу белгілі бір нерв жүйесінде қозу процесін дәлме-дәл тұрақтандыруға жеткізеді. Жіктегі тежеу-қозу проуесін шегіне жеткізу шоғырландыады. Сөйтіп, реакция мерзімін қысқартып, бір жүйеден екінші жүйеге айна қатесіз көшіп отыратын шартты рефлекторлық байланыстар жүйесі пайда болады. Балаға жазу үйреткенде мұғалім әріптің жеке бөлшектерін жазу дағдысын үйретеді. 

    12. Сана (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары)

    Сана - болмыстың категориялық – құндылықты бейнесі және жалпы адамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекет- қылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей. Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы бел- сенділігі мен әрекетшеңдігі нәтижесінде қалыптасқан өзара сыбайлас байланысты психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орындалып барады. Осыдан сана біршама үдерістік (процессуальные) және мазмұндық ерекшеліктерге ие. Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен байланыстар түзудегі белсенді қозғалғыштығымен (динамика), заттық бағдарлылығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы өзіндік бағалау (саморефлексия) қабілетімен сипатталады. Жеке тұлғаның төңірегіндегілермен ықпалдасты ара қатынастарының берік тұрақтанған әдіс-тәсілдері түбегейлі бекіп, оның астар санасы мен жоғары санасын қалыптастырады. Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік – тарихи ықпалға тәуелді. Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың барша құрылымдары әлеуметтік –мәдени сипат алады. Жеке адам санасы және оның құрылымдары кіші балалық шақтан сыртқы әлеуметтік жанамаланған іс-әрекеттер құрамын өз бойына сіңіре меншіктеумен (интериоризация) қалыптасып барады. · адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды байланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.

    · сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу. Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу қабілеті.

    13. Түйсік (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары)

    Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.

    Түйсік – болмыстың қарапайым қасиеттерін (физикалық, химиялық және т.б.), сонымен бірге қоршаған ортаның ықпалдарына болған адам сезімталдығын тікелей, сезім деңгейінде бейнелеуші психикалық үдеріс.

    Түйсіктің негізг і қасиеттері : модальдығы, мекендігі , созылыңқылығы.

    Тітіркенушілігі (модальность) - өте қарапайым психикалық сиг- налдар ретінде (жүйке сигналдарымен салыстырғанда) түйсіктің ерекшелігін танытатын сапалық сипаттама. Түйсіктің қандай да түрі өзіне тән тітіркенушілік сипатына ие. Көру түйсігі үшін бұл – түр-түс, жарық, сәуле толыққандылығы; есту түйсігі үшін – үн деңгейі, ырғақ, дауыс күші; сипай сезу үшін – қаттылық, кедір-бұдырлығы.

    Мекендігі (локальность)- түйсіктік кеңістікке байланысты сипаты.

    Созылыңқылығы –түйсіктің уақыт, мерзімге орайласқан сипаты.

    Жеделдігі (интенсивность) – түйсіктің сандық сипаты.

    Түйсік түрлерінің баршасы жалпы психо-физиологиялық заңдылықтарға негізделеді. Олар – сезімталдық табалдырықтары, бейімделу, сезімталдық (сенсибилизация), шұғыл айырма (контраст), түйсік қосарлылығы (синестезия).

    14. Дистантты түйсік (терминнің анықтамасы)

    15. Түйсіну табалдырығы (терминнің анықтамасы)

    16. Қабылдау (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары)

    Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

    Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

    Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу түрлерімен ажыралады. Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау симультанды (бір әрекетті) және сукцессивті (кезеңді, бірізді) формалдығына ие. Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.

    17. Апперцепция (терминнің анықтамасы)

    Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.

    18. Ес . Ерікті және еріксіз ес (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары)

    Ес – адамның болмыспен өткендегі өзара ықпалдасты қарым- қатынасының психикалық бейнесі, оның тіршілігіне қажет ақпараттық қор.

    Ақпаратты сақтау қабілеті және оны іріктеп, таңдаумен қажетті іс- әрекетке қосып баруы, әрекет-қылықты реттеу үшін пайдалануы – тек өкілің қоршаған ортамен байланысын қамсыздандырушы мидың негізгі қасиеті. Ес арқылы өмір тәжірибесі бірігеді, адамзат мұдениеті мен жеке бас тіршілігі үздіксіз дамиды. Ес негізінде адам бүгінгісін бағдарлап, келешегін болжастырады.

    Іс-әрекет мақсатына орай келесідей ес түрлерін айыра белгілеуге болады:

    1) ырықсыз ес – ақпараттың өздігінен, қандай да арнайы жаттауды қажет етпестен іс-әрекет барысында есте қалу түрі. Мұндай ес балалық шақта аса күшті дамиды да жас ұлғайған сайын бәсеңдейді;

    2) ырықты ес – ақпараттың жадта қалуы мақсатқа байланысты, арнайы тәсілдерді қолданумен орындалады. Ырықты естің тиімділігі есте қалдыру мақсатына (қаншалықты берік, ұзақ уақыт жадта сақтау қажетіне орай); жаттау тәсілдеріне тәуелді.

    19. Қиял (терминнің анықтамасы)

    Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туындауы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді.

    20. Зейін (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары)

    Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды – зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін

    көтеру қызметін атқарады. Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.

    У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: ) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді)– ерік қосумен болатын.

    21. Зейін қасиеті: бөлінушілігі (терминнің анықтамасы)

    Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және ол үшін ерік күшін қажет етпейді.

    Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт аралығында орындалып жатады.

    Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс- әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін. В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау деген зейіннің және бір түрін атап көрсетеді.

    Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б. болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет. Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады. Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысандарды бөліп алу қызметін атқарады. Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін арттырады. Зейін жеке-даралықты және ұжымдық болып та ажыралады. Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін. Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен ауысуы. Зейін тұрақтылығы оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін, бірақ іс өніміне әсер етпейтін қысқа мерзімді зейін тербелістерінің болуы да заңды.

    Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипатталады.

    Зейіннің бөлінуі бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.

    Зейін көлемі – бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара байланыспаған заттар саны.

    Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі мүмкін.

    22. Иллюзия (терминнің анықтамасы)

    Қайсыбір патологиялық күйлерде , әсіресе , психикалық және жүйкелік аурулар кезінде , қабылдау актісінің бұзылуы мүмкін . Иллюзияның пайда болуы нақты объектінің қате , бұрмаланған қабылдануы . Иллюзия дені сау адамдарда күту алаңдатушылық , қорқыныш күйінде байқалуы мүмкін . Иллюзия сезім органдарына ( көру , есіту , иіс сезу , сипай сезу және т.б ) бөлінеді . Күрделі иллюзияға дені сау адамдарда шаршағанда , невротикалық бұзылулары бар науқас жандарда пайда болатын парэйдолия жатады . Мұндайда кілемдегі суреттерден , тұсқағаздағы оюлардан адам қорқынышты әлдекімнің басын , күшті елесті , әдеттегіден тыс әшекейді көреді . Әртүрлі қабылдау бұзылуы бар науқастар күтімінің медицина Қызметкерлері үшін ерекшелігі , олардың шағымын зер салып тыңдау . Науқастарды ешқашанда ойлаған ойынан бас тарттыруға олармен таласуға болмайды . Егер мейірбике осындай бұзылуларды алғаш рет анықтағанда , бұл туралы емдейтін дәрігерге баяндауы керек ; егер бұндай жағдай бұрын да байқалған болса , онда дәрігердің нұсқамасына сәйкес әрекет істеу қажет .

    23. Галлюцинация (терминнің анықтамасы)

    Галлюцинацияның пайда болуы бұл , ережеге сай , психикалық аурудың дамуымен байланысты , сондықтан олардың бар екендігін дәрігерге шұғыл хабарлап және науқасты көзінен таса қылмай отыруы керек . Галлюцинациялар ( елестер ) объектісі жоқ қабылдаулар . Олар иллюзия бойынша да , сезім органдарына да ажыратылады . Алайда галлюцинациялар тек аурушаңдық күйден емес , негізінен , психикалық аурулар салдарынан пайда болуы мүмкін . Сонымен бірге , бір мезгілде науқастарда сезім аясында және мінез - құлқында өзгерістер байқалады .

    24. Агнозия (терминнің анықтамасы)

    Күрделі таным процестерінің бұзылуы – агнозия деп аталады. Көру , есіту және жанасу агнозия түрлері ажыратылады . Олар тамырлық ауруларының , жарақат , ісік аурулары процестерінде және басқа патологиялық күйлер нәтижесінде бас миы қыртысының жергілікті зақымдану кезінде пайда болады . Мысалы , заттық агнозиямен ( затты тануының бұзылуы ) ауырған науқастар қағазға құмыра суретін сала алмайды , оны олар үшбұрыш немесе басқа бір зат дейді . Агнозиямен ауыратын науқастарға кейбір бөліктері жетіспейтін затты тану үлкен қиыншылық тудырады . Заттық агнозия кезінде ең алдағы мәселе заттың жалпылама қабылдауының бұзылуы тұрады .

    25. Қабылдау (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары)

    Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

    Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

    Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу түрлерімен ажыралады. Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау симультанды (бір әрекетті) және сукцессивті (кезеңді, бірізді) формалдығына ие. Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.

    26. Қабылдау бұзылыстары (терминнің анықтамасы, түрлері)



    Қабылдау бұзылулары – патопсихологиялық симптомдардың тобы, соның ішінде объектілерді тұтас көрсетудің әртүрлі бұзылуы, нақты кеңістікте жобаланған. Танылмаған элементтер мен дыбыстарды ашыңыз (agnosia), дериализация, деперсонализация, айналасындағы объектілердің қасиеттерін бұрмалау және өз денесі, бар және жоқ құбылыстарды қате қабылдау, заттар (галлюцинация, иллюзия). Клиникалық әңгіме диагноз қою үшін қолданылады, нақты эксперименталды психологиялық әдістер жиынтығы. Емдеу негізгі ауруларды жоюға бағытталған, қабылдауды бұзу.

    Қабылдау бұзылыстарының белгілері

    Агносия — неврологиялық аурулардың көрінісі. Көрнекі бұзылыста пациент тақырыпты аттай алмайды, оның мақсатын түсіндір; есту – дыбыс көзін анықтаңыз, ауызша сөйлемнің немесе сөздің мағынасы; тактильмен – әсердің сипатын бағалаңыз, оны сипаттаңыз. Психиатриялық тәжірибеде аносогнозия құбылысы орын алады – танылмау, өз ауруынан бас тарту.

    Иллюзия психиканың қалыпты жұмыс істеуінің нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, субъектінің бұрмалануының физикалық елесін, жартысы суда, немесе ыстық судың физиологиялық иллюзиясы (шынымен жылы) ұзаққа созылған суықтан кейін. Қабылдау бұзылулары аффективтік және парадолалық иллюзияны қамтиды. Алдымен алаңдаушылықпен жүрді, қорқынышпен, проблеманы күту. Науқастар бейтарапты ынталандыруды қауіпті деп қабылдайды, егер олар бұрынғы травматикалық тәжірибелермен байланысты болса. Парадолиялық иллюзиялармен көрнекі сурет қате көрсетіледі. Әйтпесе киім киген, перделердің бүктері, тұсқағаздар суретке түсіреді, жануарлар мен адамдардың қозғалысын бейнелейді, жанжалдар мен шайқастардың сахналары.

    27. Ойлау (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) .Ойлау операциялары

    Ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.

    Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие болғандары:

    1) ойлау іс-әрекеттері – белгілі міндетті шешуге бағытталған ой әрекеттері мен амалдарының жүйесі.

    2) ойлау амалдары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру, жүйелестіру және нақтылау;

    3) ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;

    4) ойлау түрлері: тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және теориялық –бейнақты;

    Мазмұны бойынша тәжірибелік, ғылыми, көркем өнер ойлау іс- әрекеттері ажыралады. Құрылымы жағынан ойлау іс-әрекеттері а) алдын ала белгілі ережелер бойынша орындалатын алгоритмдік және б) қалыптан тыс мәселелерді шығармашылдықпен шешуге бағышталған эвристикалық болып бөлінеді.

    Бейнақтылық деңгейіне орай эмпирикалық және теориялық ойлау түрлері ажыралады.

    Ой әрекеттерінің бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқан екі тарапы ретінде көрінетін талдау (анализ) және біріктіру (синтез) өзара ықпалдастығы негізінде орындалады.

    Жеке-даралықты ойлау қызметін сипаттауда келесідей ақыл сапалары ескеріледі: жүйелілік, бірізділік, дәлел-дәйектілік, икемділік, шапшаңдық және т.б., сондай-ақ тек өкілінің ойлау типі мен интеллектуал ерек- шеліктері.

    28. Сөздік - логикалық ойлау (терминнің анықтамасы)
    1   2   3   4


    написать администратору сайта