всв. Психология аралық бақылау. Психология (грек psicheжан, logosылым) айналысады. Психология
Скачать 232.25 Kb.
|
- сөздік – логикалы немесе сөздік – рәмізді ойлау – абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі. 29. Зейін (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары, қасиеттері) Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды – зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады. Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады. У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: ) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді)– ерік қосумен болатын. 30. Ерік (терминнің, функцияның анықтамасы) Ерік – әрекет-қылықтық саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет-қылық белсенділігін жұмылдыру. Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз. Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шарттары, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоциялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді. Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды. 31. Күрделі ерікті процестің кезеңдерінің реттілігі. Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді. Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады. Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет: - мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс; - мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу; - мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы; - сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау; - мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау; - қабылданған шешімді іске асыру; - қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп бару. Іс-әрекетті саналы реттеп бару үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді. Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық: - Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы. - Батылдық – бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты. - Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып. - Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді. - Сенімділік - бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс- әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы. - Табандылық психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті. -Ұстамдылық – біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады. 32. Темперамент (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Темперамент – психикалық іс-әрекеттердің жүйке-динамикалық ерекшеліктері тұрғысынан тек өкіліне берілетін сипаттама. Темперамент – тек өкілінің психикалық белсенділігінен көрінетін психодинамикалық қасиеттерінің бірлігі, яғни психикалық жауап әрекеттерінің жеделдігі, шапшаңдығы, қарқыны. Темпераментте біріге көрінетін жүйкелік қасиеттер тобы тек өкілінің бірнеше психикалық ерекшеліктерін береді: 1. Психикалық үдерістер шапшаңдығы мен жеделдігі, психикалық белсенділік, бұлшық ет – моторлы қимыл, қозғалыстар түрі. 2. Сыртқы ауыспалы жағдайларға бейімділік, икемшілдік не бір - беткейлік. 3 Әрекет-қылықтың бір тарапты сырттай әсерлерге басыбайлылығы (экстраверсия) не адамның өз ішкі дүниелік сезімдері мен ұғымдарына тәуелділігі (интроверсия). 4. Сезімталдық, көңілшектік, қабылдағыштық, көңіл қызбалығы мен шарпулылығы және олардың тұрақтылығы. 33. И.П. Павлов бойынша темперамент теориясы - Темперамент ерекшеліктері Академик И.П.Павлов темпераменттің физиологиялық негіздерін талдай отырып, бұл психикалық қасиеттің жүйке жүйесі типіне тәуелділігін, бас миы қызметінің жеке жүйке үдерісі – қозу мен тежелуге байланыстылығын дәлелдеді. Жүйкенің қозу мен тежелу күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығы тумадан, әр адамда әрқилы.Осы қасиеттердің ара қатынасына орай И.П.Павлов жоғары жүйке қызметінің типін ажыратты: «ұстамсыз» ( жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы басым – холерик темпераментіне сәйкес) ; «тіршең» (жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы мен тежелуі тең – сангвиник темпераментіне сәйкес); «байсалды» (жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, селқос – флегматик темпераментіне сәйкес); «әлсіз» (жүйке жүйесі нашар, тежелуі басым, қозғалысы кем – меланхолик темпераментінің негізі). 34. Ақпарат жинау әдістері. 35. Аурудың ішкі сипаты 36. Симуляция (терминнің анықтамасы) Симуляция дегеніміз - науқастың өзін және жағдайын нақты суреттеп беруге мүмкіндік беретін әдіс, яғни ауруды және ауру белгілерін жасанды жолмен ұйымдастыру, ал симулятор - осы симуляцияның құралы болып табылады. Ал медициналық симуляция дегеніміз-білім алушыларды қате жіберуге болатын қауіпсіз ортада сирек және қауіпті жағдайлармен таныстыру әдісі болып табылады. Оқытудың және тәжірибелік дағдыларды бағалаудың, реалистік үлгілеу негізіндегі іскерліктің, клиникалық жағдайларға ұқсатудың заманауи технологиясы. Симуляцияның үш құрылымды бөлігі бар: 1. Үлгі жасауға арналған құрал-жабдықтар; 2. Симуляцияны жасау ортасы; 3. Психологиялық көрсете білу. Техникалық көрсете білу – білім беру мақсатына сәйкес физикалық ерекшеліктерді көрсететін жабдықтарды және оқу құралдарын пайдалану. Тренажердың көмегімен белгілі - бір ортаны көрсеткен жағдайда жекелеген сөздерді, іс- қимылдарды және басқа да сенсорлы ақпараттарды пайдалануға болады. Симуляцияның маңызды бөлімінің бірі - білім алушының симуляциялық ортаға толықтай психологиялық сенуі болып табылады. Осы жағдайларда білім алушы үлгісі жасалған жағдайларға сәйкес нақты дағдыларын көрсете алады және тиімді кері байланыс жүзеге асырылады. Клиникалық жағдайлардың үлгісін жасау білім алушыға белгілі-бір медициналық құралды немесе әдісті науқасқа қолданбай тұрып, клиникалық құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді. Симуляторларда дағдылардың игерілуін бағалау - білім алушылардың клиникалық құзыреттілігін анықтауда негізгі роль атқарады. Соған байланысты, симуляторларды пайдалана отыра, білім алушылардың кәсіптік құзыреттілігінің қалыптасуын бағалау кең таралған және стандартты әдіс болып табылады. Мұндай белгілі-бір клиникалық жағдайдың үлгісін жасау кезінде кәсіптік білімді, дағдыларды, шеберліктерді игеру және өзектілігін түсіну, кәсіби ұстанымдары мен мақсаттарының қалыптасуы, кәсіптік маңызды қасиеттері, клиникалық ой-танымы дамиды. Симуляторлардың түрлері: Механкалық тренажер – әр түрлі материалдардан (силикон, пластик) жасалған тренажер. Оның көмегімен жекеленген тәжірибелік дағдылар (иньекция, пункция, катетеризация) игеріледі. Муляж – мүшенің немесе дене бөлігінің табиғи мөлшердегі үлгісі. Ол тактильді және функциональді сипатқа ие емес. Фантом - мүшенің немесе дене бөлігінің табиғи мөлшердегі үлгісі. Ол тактильді және функциональді сипатқа ие. Манекен – шынайылықтың төменгі деңгейіндегі механикалық толық ұзындықтағы үлгі. Ол арқылы негізгі тәжірибелік дағдылар мен ептіліктер (күтім, медбикелік және дәрігерлік манипуляциялар, тасымалдау, шұғыл көмек) өтеледі. Виртуальді тренажер (симулятор) – бағдарламамен қамтамасыз етілген, компьютерден және электронды-механикалық перифериядан тұратын құрылғы. Науқастың манекен-имитаторы –электронды қондырғылармен қамтылған аса күрделі механикалық толық ұзындықтағы адам үлгісі. Ол манипуляциялардың (дыбыс, жарық) дұрыс жүргізілуін бағалауға мүмкіндік береді. Науқастың робот-симуляторы - күрделі электронды-механикалық конструкциялы шынайылықтың жоғары класс құрылғысы. Бағдарламамен қамтылудың негізінде жүргізілген емге (манипуляциялар, медикаменттерді енгізу) жауап ретінде науқастың физиологиялық реакциясын ұқсатады. 37. Диссимуляция (терминнің анықтамасы) Кейде сот - медициналық тәжірибеде аурудың модельдеуіне қарама-қарсы құбылыс бар-диссимуляция, яғни.өзінде бар ауруды жасыру. Диссимуляция - көбінесе пайдакүнемдік мақсатта жасалған қасақана әрекет. Диссимулянттардың арасында денсаулық жағдайына жоғары талаптармен жұмысқа орналасуға ұмтылатын оқу орындарына түсетін адамдар кездеседі. Диссимулянттар кейде жалған тұлғаларды қолданады. Мысалы, рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпедегі өзгерістерді жасыру үшін науқастың орнына сау адам рентгеноскопияға ұшырайды. 38. Аггравация (терминнің анықтамасы) Аггравация-бұл аурудың немесе жарақаттың көріністерін асыра бағалау, ауырлату. Бұл әдетте жарақаттың немесе аурудың субъективті белгілеріне қатысты (жарақаттан кейінгі ауырсыну, сілкіністен кейінгі есте сақтау қабілетінің бұзылуы және т.б.). Аггравант әрқашан ауру адам, сондықтан нашарлау мүмкін емес. Қолданыстағы аурудың белгілерін ауырлататын субъектілер, әдетте, белгілі бір пайдакүнемдік мақсаттарға ұмтылады, мысалы, стационарлық немесе амбулаториялық емдеуде ұзағырақ болу. Аурудың нашарлауы емдеу шараларын саналы түрде орындамаудан туындаған аурудың сақталуы немесе нашарлауы деп саналады. Белгіленген шиеленісу жағдайында дәрігерлердің негізгі міндеті науқасты тез және толық емдеу болып табылады. 39. Анозогнозия (терминнің анықтамасы) Анозогнозия-бұл пациенттің өз ауруын жоққа шығарудан, елемеуден немесе бағаламауынан тұратын клиникалық құбылыс. Бұл бұзылумен науқастар денсаулығына байланысты проблемалардың болуын мойындамайды, емдеуден бас тартады және осы мінез-құлықтың салдарын түсінбейді. Анозогнозия психологиялық әдістермен диагноз қойылады: сауалнамалар, әңгімелер, клиникалық сұхбаттар. Патологияның себептері церебральды КТ, МРТ, МР-ангиография кезінде анықталады. Емдеуге этиопатогенетикалық фармакотерапия, психотерапия, нейропсихологиялық түзету, қажет болған жағдайда алкоголизмнен кодтау, оңалту кіреді. 40. Личко бойынша ауруға көзқарастың түрлері (Личко бойынша барлық 13 түрдің анықтамасы мен сипаттамасы) 41. «Коммуникативті дағдылар» түсінігінің анықтамасы. 42. Дәрігердің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар: аффиляция, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия, бас тартуға сезімталдық, рефлексия (терминнің анықтамасын білу) Аффилиация.Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация-сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан –көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу. Медициналық қызметкер жұмыс бабы бойынша үнемі және тығыз түрлі әлеуметтік жанасуда болады. Осы себептен аффилиация қасиеті медициналық қызметкерге науқастармен мамандық тұрғысынан қатынас құруға, оларға жәрдем беріп, бірге әрекеттесуге көмектеседі, мамандық бұзылыстарынан (деформациялардан) сақтандырып, қорғайды. Эмоционалды тұрақтылық. Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық сипаттама - бұл көңіл-күйдің тұрақтылығы (эмоционалды тұрақтылық) - медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау. Эмоционалды тұрақтылық, медициналық қызметкер аурулармен қарым-қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен сақтайды. Күшті эмоциялық реакциялар науқастың сенімін жоққа шығаруымен қатар, оны қорқытып, сескендіреді, шаршатады. Керісінше, медициналық қызметкердің көңіл–күйінің тұрақты болуы, оның қайырымдылығы, эмоциялық ұстамдылығы пациенттің үмітін асырып, сенімділік бағытта қарым-қатынас құруға ықпал етеді. Науқастанған адамның қобалжуына байланысты, эмоциялық тұрақсыздығының өсуі салдарынан тітіркеніш, жыламсырағыш, шыдамсыз және агрессивті болады. Сондықтан ауру адамдар медициналық қызметкердің сенімділігін туғызатын психологиялық тұрақтылығын қажет етеді. Қатынасу үрдісінде, медициналық қызметкері өзін науқас адаммен салыстырып, ол арқылы өзін-өзі сезініп, оның көзқарасы, пікірі бойынша, өзін-өзі сипаттайды. Адам өзін-өзі басқалар арқылы түсініп, сезінуінің келесі түрлері анықталған. Идентификация- ұғыну үшін өзін басқа адамның орнына қою арқылы өзін-өзі сезініп, түсіну, өз мінездемесіне басқа адамды сәйкестендіру арқылы, оның ой-пиғылын түсініп тануы, яғни басқа адамды өзімен салыстыру. Сонымен, идентификация дегеніміз - қатынасушы адамды, яғни науқасты медициналық қызметкер өзімен салыстыра келе, оны түсініп, тану. Рефлексия-қатынасушы медициналық қызметкерде«науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір-біріне көрсеткен мінез-құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды. Эмпатия-науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл-тиісті дәрежеде медициналық қызметкер-науқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді. Эмпатия-идентификация механизмдеріне негізделеді,ол-науқаспен психологиялық жанасу құруға ықпал жасайды. Медициналық қызметкердің эмпатиялық қатынасы, оның науқасқа инициативаны беріп қоюы-ауру адам туралы толық және дәл мәлімет алуға, науқастың медициналық қызметкерінің білгерлігіне сенімін арттыруға, диагностикалық-емдеу шараларының тиімділігіне, сауығу сенімін тудыруға жәрдемдеседі. Коммуникативтік білгерліктің келесі психологиялық сипаттамасы-сенситивтілік. Сенситивтілік (сезімталдық)-қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы, емдеу кезінде пациенттердің теріс қатынасын бақылап, медициналық қызметкер өз тәртібін тиісті өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен қатынасты дұрыстайды. Сонымен қатар, сенситивтілікті жоғары сатыларына жеткізуге де болмайды, себебі ол медициналық қызметкердің өз-өзіне көзқарасы мен өзін бағалауын төмендетеді, оның аффилиативтік қабілетіне кедергі жасайды. Бұл – медициналық қызметкер жұмысының сапасына да әсер етуі мүмкін. Ол медициналық қызметкерге де психикалық әсер етеді, эмоциялық бұзылысқа әкеп соғуы мүмкін. 43. Эмпатия (терминнің анықтамасы) Эмпатия - бұл адамның адаммен кездесетін оқиғаларды түсіну қабілеті, қажет болған жағдайда олармен қарым-қатынаста болу. Мұндай іс-әрекеттер саналы түрде жүзеге асады. Берілген терминді пайдаланған кезде кейбір нюанстар бар. Сонымен, психологиядағы эмпатия эмпатиядағы эмоциялардың табиғи көрінісі болып табылады. Әрбір адам үшін адамның мәселесіндегі толық эмоциялардың орташаланған эмоцияларын жоюдан бастап, мұндай қабылдаудың өз деңгейі бар. Психологиядағы эмпатия көбінесе серіктестің сезімдері мен сезімдерінің көрінісі ретінде көрінеді және, әдетте, эмоциялардың көріністері - қаңылтыр, сөйлесу, іс-әрекеттердің сыртқы белгілерін қабылдаудан туындайды. 44. Аффилиация (терминнің анықтамасы) Аффилиация латын тілінен «affilette» – «қосылу» деген мағынаны білдіретін, адамның қоршаған орта тарапынан қолдау табуға ұмтылысын сипаттайтын ұғым. Аффилиация кезінде адам -айналасындағылармен достық қарым-қатынаста болып, әрдайым олармен бірге бақытты күндерді көргісі келеді. Сонымен қатар қолдау көрсетіп, өзі де басқа біреудің тарапынан көмек алуға ұмтылады. Әсіресе бұл құбылыс адамның депрессия, стресс пен үрейге ұшырап, өз-өзіне деген сенімділігін жоғалтқан жағдайда байқалады. Бұндай адамдар басқаларға әрдайым қол ұшын созуға дайын тұрады. 1938 жылы американдық псиxолог Генри Мюррей аффилиацияның мотивін: «Достық пен сүйіспеншілікке ұмтылу. Басқа адамдар үшін қуанып, олардың жанынан табылу»- деп түсіндірді. Кейбіреулер бұл қарым-қатынас кез келген адамның табиғи қажеттілігі, оның мінезінің негізгі компоненті деп санайды. Аффилиация масасыздық сезімінен туындайды. Жаны тыныш таппай, жетіспеушілікті сезіну, әрекеттеріне көңіл толмау, эмоцияға берілу процестері байқалады. Бұл дерттің фобиясы – жалғыздық. 45. Коммуникативтік толеранттылық ((терминнің анықтамасы) |