Главная страница
Навигация по странице:

  • Кәсіби бейімделу

  • Коммуникативтік төзімділік (толеранттік)

  • всв. Психология аралық бақылау. Психология (грек psicheжан, logosылым) айналысады. Психология


    Скачать 232.25 Kb.
    НазваниеПсихология (грек psicheжан, logosылым) айналысады. Психология
    Дата12.11.2021
    Размер232.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПсихология аралық бақылау.docx
    ТипДокументы
    #269986
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері-медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.

    Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір-қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді. Науқас медициналық қызметкерге түрлі сезімдер тудыруы мүмкін : ұнау немесе ұнамау, сүйкімді немесе сүйкімсіз. Алайда, медициналық қызметкердің психологиялық дайындығы негізінде, ол ситуацияны түзетіп, түсініспеушіліктің алдын-алады немесе қолайсыз қатынасты тоқтатып, ауру адаммен достық, психологиялық жанасу түрінде қарым-қатынас құрады.

    46. Кәсіби бейімделу, кәсіби имидж және коммуникативті толеранттылық (терминнің анықтамасын, ұғымның компоненттерін білу)

    «Кәсіби бейімделу» — бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына
    біртіндеп төселіп, бейімделуі. Имидж - тұлғаның өзін – өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде
    қызметтеледі.Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері-медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.

    Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір-қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді. Науқас медициналық қызметкерге түрлі сезімдер тудыруы мүмкін : ұнау немесе ұнамау, сүйкімді немесе сүйкімсіз. Алайда, медициналық қызметкердің психологиялық дайындығы негізінде, ол ситуацияны түзетіп, түсініспеушіліктің алдын-алады немесе қолайсыз қатынасты тоқтатып, ауру адаммен достық, психологиялық жанасу түрінде қарым-қатынас құрады.

    Қорытындылай келе медициналық қызметкерінің тиімді ара қатынасы дегеніміз - ол ауру адамды дұрыс түсінуі және науқастың ойы мен көңіл-күйіне, сөзіне сәйкес әрекеттесуі. Медициналық қызметкердің ең негізгі қасиеттерінің бірі болып науқастарға нақтылы әсер ете алуы саналады.

    47. Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер: мазасыздық, депрессия, интроверсия, эмоционалды күйреу (терминнің анықтамасын білу)

    Коммуникативті үрдістің қатысушыларының тиімді қатынасуына әртүрлі факторлар кедергі келтіреді. Бұл факторлар қатынасу басталмас бұрын немесе кенеттен дамуы мүмкін.Бұның бәрін біз қатынасу бөгеттері деп атаймыз.Қатынасу кезінде бөгеттерді анықтап,салыстыра біліп және оларды коммуникативті дағдылардың көмегімен жеңуге тырысуымыз қажет. Медицина кәсібінде мед.қызметкерлері позитивті қатынасуды орната білуі міндетті. «Дәрігер-науқас» және «мейірбике-науқас» қатынасу жүйесі жатады.

    Дәрігердің кәсіптік қызметі терапиялық әсер тактикаларын,асқынуларды болжауды және емнің нәтижелерін көре білу стратегияларын жасаумен байланысты. Осыған байланысты дәрігерде үрейлік сипатта болуы керек.

    Үрейлік - бұл эмоция, ол болжау арқылы және болатын сәтсіздіктерді тосумен болашаққа бағытталған.Үрейлік эмоциясы түсініксіз жағдайларда,ақпараттың жетіспеушілігіне сәйкес және қиын болжам нәтижелерінде дамиды.

    Үрейліктің жеңіл дәрежесі (мазасыздану) – болатын қатерді білдіретін белгісіздікке қарапайым реакциясы. Үрей эмоциясының әсерінен адаптивті, компенсаторлы және қорғаныш механизмдері болатын қатерге тиімді төтеп беруге мүмкіндік береді.

    Дәрігер тұлғасының сапасы ретінде үрейлік науқас жағдайындағы өзгерістерге шұғыл әсер етіп, уақытылы қажетті шараларды қолдануға әсерін тигізеді. Науқас мұндай әрекетті дәрігер жағынан түсінушілік және эмоциональді көмек ретінде қабылдайды,бұл «дәрігер-науқас» коммуникациясының тиімділігін жоғарлатады. Бірақ, үрей эмоциясының интенсивті дәрежесі (байбалам, қорқыныш, сұмдық) психикалық үрдістің өнімді жұмысын тоқтатып, бұзады. Интенсивті үрейлік жағдайды адекватты бағалауға, яғни мүмкін нұсқауларды анықтауға және дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды.

    Дәрігердің қорқынышы мен байбаламы,науқаспен коммуникациясын үзеді де,олардың арасындағы психологиялық контакт бұзылады. Дәрігер үрейлігі науқасқа беріліп,оны қосымша үрейлендіреді.Үрей әсерінен организмнің әр-түрлі функциялары бұзылады, мысалы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі немесе керсінше жоғарлауы (кейбір науқастарда үрей әсерінен булимия дамиды).

    Жоғарғы үрейлену түрлі аурулармен зардап шегетін көптеген науқастарда байқалады,осы жағдайдың дәрігер қорқынышы әсерінен күшейюін болдырмау керек. Мұндай оқиғада науқас өзінің жағдайынан үмітін үзіп,сауығу сенімінен айырылады.Жоғарғы үрейлі тұлғалы дәрігерлер,науқастарды аз толғандыратын кез келген өзгерістерге жоғарғы үреймен қарайды.

    Депрессивтілік Дәрігердің науқаспен коммуникациясын бұзатын тағы да бір сипаты болып, депрессивтілік табылады. Егерде үрей эмоциясы болашаққа бағытталған болса,онда депрессия бұрынғы өткен шиеленістермен және психотравмалық оқиғалармен байланысты. Бұрынғы сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғалар тізбек ретінде көрініп,шарасыздық пен үмітсіздікті құрайды.Болашағы тұманданып,қайғыға ұшырайды. Депрессияға бейім дәрігерлер өз компетенттілігін төмендетіп, науқастың сенімін тудырмайды. Жеке уайымына батқан дәрігер науқастың жағдайының жақсарғанын байқамауы,оның жазылу симптомдарын көрсетіп,қолдамауы,керсінше оны өзінің қайғылы сенімсіздігімен уландырады да,жүргізілген терапияның позитивтілігін бұзады.

    Интроверсия «Дәрігер-науқас» сенімді қатынасының құралуын қиындататын тағы да бір психологиялық қасиеті болып, дәрігердің терең интровертирлігі табылады. Интроверсия - психологияға Юнгтың енгізуімен енген термин: ол субьектінің өзіне ғана,яғни сезімдеріне,уайымдарына бағытталуы болып анықталады.Интроверт- өзінің құндылықтарына, идеалына, моральді және этикалық нормаларына және ой-пікіріне бағытталады. Интровертирленген тұлғалы дәрігер науқаспен қатынасуда салмақты мәселе болуы мүмкін.Мінездің мұндай сипаты карьералық өсу жолына оң әсер етуі мүмкін. Шын мәнінде интроверттер жоғарғы білімді, эрудирленген, жетілдірілген маман иелері болғанымен, қатынасуда олар үлкен қиындықтарға тап болады.

    Интроверт-дәрігерлер «түмемен жабылғандай» жабық болады. Олар өз күмәндәрін,уайымдарын әріптестерімен немесе достарымен және де науқаспен талқылауды әдепсіздікке жатқызады.Олар өзінің ішкі дүниесіне ешкімді қабылдамайды және басқа адамның әлемі оған қызықсыз көрінеді. Мұндай дәрігерде эмпатия және симпатия өте сирек кездеседі. Әріптестеріне және науқастарға сенбеушілік маманның өзіндік жекеленуіне әкеледі.Ол баяу өзінің коммуникативті компетенттілігін жоғалтады. Интровертирленген тұлға өзінің психологиялық әлеміне батып,сезімдерімен,идеяларымен әлектеніп,басқа адамдар аз қызықтырады. Интроверсия интуицияның жетіспеушілігімен, тұлға аралық қатынастағы тактикалығының төмендеуімен, эмпатия деңгейінің төмендеуімен және басқаның ауырсынуына,үрейіне, мазасыздығына ортақтаспауымен сипатталады.Мұндай қасиет дәрігердің коммуникативті компетенттілігін төмендетіп, тиімді қатынасқа кедергі келтіретін «коммуникативті бөгеттерді» тудырады.

    Рухани жеткіліксіздік Дәрігер кез келген рухани элитаның өкілдерімен бірдей деңгейде әңгімелесе алуы тиісті,анықтап айтқанда, мысалы, математикпен математика тілінде,сазгермен өзінің музыкаға деген қызығушылығын танытып,жазушымен әдеби білім деңгейін көрсете сөйлесе білуі қажет.Қызығушылықтың тарлығы науқастарға эмпатияны көрсетуді шектейді.

    Сонымен қорытынылай келе, медициналық қызметкердің коммуникативтік маңызды қасиеттеріне келесілер жатады: адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю, қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл-күй жағдайында жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне науқастар өте жоғары баға береді.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта