Главная страница
Навигация по странице:

  • Саңырауқұлақтармен улану Улану

  • Жедел жәрдем

  • Дәрілік препарттармен улану

  • Көмір қышқыл газымен улану

  • Жедел ішімдік және оның сурогаттарымен улану

  • Клиникалық белгілері және диагносттикасы.

  • Алкогольдық команың асқынуы

  • Миокард инфарктісі Миокард инфарктісінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Стенокардия Стенокардияда фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Тамақпен ұлану. Тамқпен ұлануда фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Бронх демікпесі. Бронх демікпесінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Несеп тас ауруы. Несеп тас ауруында фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Сол жақ қарынша шамасыздығы. Өкпе шемені. Өкпе шеменінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Гипертензивті криз. Гипертензивті кризде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Асқазаннан қан кету. Асқазаннан қан кетуде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Өкпеден қан кет у Өкпеден қан кеткенде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Коллапс Коллапста фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Гипергликемиялық кома Гипергликемиялық комада фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Бауыр шаншуы Бауыр шаншуында фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  • Шұғыл жағдайларда жедел көмек. Пульмонологиядаы жедел жрдем жадайлары Жедел тыныс алу жетіспеушілігі Себептері


    Скачать 62.37 Kb.
    НазваниеПульмонологиядаы жедел жрдем жадайлары Жедел тыныс алу жетіспеушілігі Себептері
    АнкорШұғыл жағдайларда жедел көмек.docx
    Дата04.02.2018
    Размер62.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаШұғыл жағдайларда жедел көмек.docx
    ТипДокументы
    #15179
    страница3 из 3
    1   2   3

    Фосфор органикалық туындылармен улану

    Улануды тиофос, хлорофос, дихлофос тудырады. Бұл заттар психотроптық нейротоксикалық әсер көрсетеді. Ағзада олардың токсикалық метоболиттары жасалады, бұлар калинестерозды бекітеді.

    Колинестероз – бұл нервтік импульстерді әр түрлі нерв жүйесінің бөлігіне тамысалдауды қатамассыз ететін фермент.

    Клиникалық белгілері:

    Улану кезінде перифериялық және орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері байқалады: миоз, көрудің бұзылуы, саливацияның жоғарлауы, бронхорея, юронхоспазм, диарея, брадикардия, психомоторлық қозу, тырысулар, кома, тыныс алу орталығының параличі, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек ырғағының бұзылуы, өкпе ісігінің белгісі, ми ісігі, экзотоксиклық шок.

    Жедел жәрдем:

    Форфор органикалық туындылармен уланғанда дереу науқасты ауруханаға жеткізу керек, оған дейін:

    1. Асқазанды жуу, активті көмір беру, тұзды іш босататындар (250 мл вазелин майын, 30г магний сульфат).

    2. Сифонды клизма қою.

    3. Антидотты терапия жүргізу – көк тамырға холинолитиктер енгізу (0,1% атропин сульфат ерітіндісін) мөлшері керекті атропинизация симптомына дейін, тері құрғақтығы, тахикардия және көз қарашығы кеңейген (10-20 мл-ге дейін).

    Саңырауқұлақтармен улану

    Улану – жеуге керексіз, жейтін, бірақта, дұрыс кулинарлық өңдеуден өтпеген, қауіпті экологиялық жерде жиналған саңырауқұлақтарды қолданғанда болады.

    Клиникалық белгілері:

    Саңырауқұлақтың түріне байланысты ауру жедел гастроэнтеритпен басталады, кейін психикалық бұзылыстар қосылады – делирий, сандырақ, мүшелердің және жүйелердің зақымдану белгілері байқалады.

    Жедел жәрдем: Саңырауқұлақтармен жедел уланған науқастарды дереу аурухананың токсикологиялық немесе реанимациялық бөлімшесіне жеткізу керек.

    Ауруханада:

    1. Асқазанды жуу, саңырауқұлақты қолдану уақытында тәуелсіз іш босататын тұздарды қолдану, активті көмір.

    2. Шок кезінде инфуздя терапия жүргізу 5% глюкоза ерітіндісін, реополиглюкин, полиглюкин.

    3. Естен тануда инфузия ретінде 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісін қолдану.

    4. Мухомормен улануда көк тамырға антидот енгізу: 1-2 мл – 0,1% атропин сульфат ерітіндісін.

    5. Бұлшық етке 10 мл -5% унитиол ерітіндісін, 2 мл – 0,5% липой қышқыл ерітіндісін, 90 -180 мг преднизолон ерітіндісін енгізу, тері астына 1 мл- 30% витамин «Е» ерітіндісін енгізу.

    Дәрілік препарттармен улану

    Ең қауіпті улануларды кардиотоксикалық (антиаритмиялық препараттар, жүрек гликозиттері) және психотроптық улар (ұйықтататын заттар, нейролептиктер, транквилизаторлар, наркотиктер) шақырады.

    Клиникалық белгілері:

    Кадиотоксикалық улар жүрек ырғағының әртүрлі бұзылытарын және жүрек жұмысын бұзады. Тез жедел жүрек жетіспеушілігіне алып келеді, аритмогендік шок немесе кенеттен жүректің тоқтауы ретінде түрлері болады. Психотроптық улар орталық нерв жүйесінің тежелуін тудырады. Ұйықтататын заттармен уланғанда клиникасында: ес-түсінің бұзылуы, тыныстық және қан айналымының бұзылуы және де трофикалық өзгерістер, бүйрек функциясы бұзылады.

    Наркотикалық заттармен уланғанда бас-ми қабығының қозғалысы тежелінеді, тыныс алу және жөтелдік орталықтары төмендейді. Құсу және қыдырма нерв орталықтарының қозуы байқалады. Бронхтардың тегіс бұлшық етті тонустары және қуықтың сфинктері жоғарлайды.

    Жедел жәрдем:

    1. Уланған уақытына қарамастан асқазанды жуу.

    2. Тұзды іш босататындар енгізу.

    3. Оксигенотерапия жүргізу, керек болса жасанды өкпе желдету.

    4. Жүрек ырғағының бұзылыстарын түзеу.

    5. Антидоттар қолдану.

    6. Симптоматикалық терапия жүргізу.


    Көмір қышқыл газымен улану

    Көмір қышқыл газымен улану көбінесе гаражда болады, пешлі дұрыс қолданбағанда, газдың кетуі, пәтерлерде авариялық немесе өртте газопроводтың зақымдануынан. Көмір қышқыл газдың иісі, түсі болмайды, шырышты қабаттарды тітіркендірмейді.

    Ағзада көмір қышқыл газы тұрақты қосынды жасайды, екі валентті темір гемоглобинмен – карбоксигемоглобин, ал бұл оттегін тасымалдай алмайды, кейін гемикалық гипоксияға алып келеді.

    Клиникалық белгілері:

    Жеңіл улануда науқаста бас айналу, жүрек айну, құсу, құлақта шу, бас ауру, төс артында ауырсыну болады. Елес болуы мүмкін, кейін есі кіреді-шығады, жоғалуы да мүмкін, тахикария, артериялық гипертензия, тырысулар байқалады. Көзге көрінетін шырышты қабаттардың ашық-қызғылт түске боялуы көрінеді.

    Ауыр түрде улануда науқас ес-түссіз, тырысулар болады, менингеальды симптомдар, орталық генездің қалтырауы, тахикардия, жүрек ритмінің бұзылысы, тихипноэ, Чейн-Сток тынысы.

    Дереу уланғанда (жиі өрт кезінде) науқас кенеттен ес түсін жоғалтып, құлап, тырысулар басталады. Клиникасы субарахноидалды қан құйылуға ұқсайды. Тынысы тез тоқтап, 35 минуттан кейін жүрегі тоқтайды, терісі қызғылт түсті болады, өрт кезінде жиі жоғары тыныс алу жолдарының күйігі байқалады, зардап шегушіде механикалық асфексия болуы мүмкін.

    Жедел жәрдем:

    Ауруханаға көрсеткіш гипербариялық оксигенация бөлімшесіне. Оған дейін:

    1. Зардап шегушіні қауіпті ошақтан шығару.

    2. Оттегі инголяциясын жүргізу.

    3. 5-10 мл -5% унитиол ерітіндісін 3060 мл – 30% тиосульфат ерітіндісін енгізу.

    4. 5 – 10% глюкоза ерітіндісін, В,Стобындағы витаминдер глюкокортикоидтар (90- 120 мг преднизолон), 10 мл – 2,4% эуфиллин ерітіндісін көк тамырға инфуздф терапия жүргізу.

    Жедел ішімдік және оның сурогаттарымен улану

    Ішімдік ретінде спиртті шырындарды түсіну керек, бұның негізі болып таза этил спирті (арақ, коньяк, вино, ром, ликер) жатады.

    Ішімдік сурогаттары – бұл техникалық және гидролизденген спирттер - әтірлер, лосьон, самогон, клей, метил спирті.

    Клиникалық белгілері және диагносттикасы.

    Токсикалық дозадағы ішімдік басында масаю, кейін ес-түсінің жоғалуын шақырады. Улануға тән – кенеттен газдың гиповентиляциясы және метаболиттік ацизозбен, гипогликемия, терең артериялық гипотензия арефлексия, кейін аяғы тыныс алудың тоқтауын, өлімдік тудырады. Стридор немесе Чейн-Сток тыныс алуы байқалады, аноэ ұстамасымен жиі науқас құсық қалдығымен аспирацияланады. Тәуелсіз зәр шығару және дефекация. Ауыр жағдайда ішімдікпен улануда коматоздық жағдай басталады.

    Алкогольдық команың асқынуы:

    Жедел тыныс алу жетіспеушілігі, аспирационды – обтурационды тип ретінде орталық генездің апноэсі. Жедел қан тамыр жетіспеушілігінің қорытындысы, тамырқоз,алу орталығының тежелуіне әкеледі. Ұзаққа позиционды мыжылу синдромы.

    Алкогольмен улануды бас –ми жарақаттарымен дифференциалау керек. Мидың қан айналымының бұзылуыменен, гипогликемиялық комамен, жиі метил спиртімен улану кездеседі. Ағзада ол формальдегидке және құмырсқа қышқылына дейін ыдырайды, бұл орталық нерв жүйесін зақымдайды, көз торын және көру нервісінің атрофиясын тудыраты. Бастапқыда науқасты жүрек айну, құсу мазалайды. Бір-екі тәуліктен кейін бұлшық етке бауырсыну, іште ауырсыну, көрудің бұзылуы, кома дамиды.

    Жедел жәрдем:

    Алкогольмен және оның суррогаттарымен уланған науқастарды стационарға жеткізу керек.

    Аспирационды – обтурациялық синдромдардың алдын-алу үшін науқастардың бір қырына жатқызып, басын төмен қаратып тасымалдау.

    Бұған дейін:

    1. Тыныс алуды және қан айналымды ретке келтіру.

    2. Асқазанды жуу (терең комадағы науқастарға, кеңірдектің интубациясынан кейін). Зонд арқылы тұзды іш босататындарды енгізу, активті көмір.

    3. Көк тамырға үздіксіз 10 мл – 5% унитиол ерітіндісін енгізу. 30- 100 мл – 30% натрий тиосульфат ерітіндісін, 40 мл – 40% глюкоза ерітіндісін, 4-6 мл –ен витамин В6 және В1 ерітінділерін енгізу, 3-5 мл АТФ ерітіндісін, 30 мг преднизолон ерітіндісін (бұлшық етке болады).

    4. Гипотензияда инфуздық терапия жүргізу, реополиглюкинмен немесе полиглюкинмен.

    Жылан шағу

    Бідің кеңдікте ең қауіпті жылан – гадюка (vipera berus) болып табылады. Бірақта оның шаққаны сирек өлімге әкеледі. Жылан бір рет шағып алғанда ағзаға 6-18 мг уын дейін жібереді. Удың құрамындағы шалуранидоз, фосполипоз және протсаз деген заттар ұлпалардың зақымдануын тудырып, некрозға әкеліп және қанның ұюын бұзады. Әр қашан қандай жылан шаққанын анықтап алу керек.

    Клиникалық белгілері:

    Гадюканың шаққаны аз ауырсынуды: шағып алған жерде улы тістің іздерін, түйіршіктің басындай бір-бірінен 1 см қашықтықта жатқанын көруге болады. Шаққын жері ісінеді, бұл просималды таралады және қызғылт көк түске боялады. Жанжағында петехиялар байқалады, геморрагиялық және гемолитикалық улану белгілері анықталады. Ошақты лимфа түйіндері ұлғаяды.

    Бір сағаттан кейін удың резорбтивті симптомдар әсерлері басталады: жүрек айну, құсу, іш өту, әлсіздік, қорқыныш – үрей сезімі, коллапс. Егерде шағып алған кезде тамыр зақымданса, онда симптомдар ерте басталады. Мойын аймағын шағып алса өте қауіпті.

    Жедел жәрдем:

    Қоршаған адамдардың, әсіресе мед. Персоналдың естерінің шығуы, зардап шегушінің қорқыныш үрейі, жағдайының нашарлауы мүмкін. Сол себептен тыныштық жағдай сақтау керек. Науқастың қан және лимфаның қайтарым айналысын азайту үшін, шағып алған жерден жоғары жгут салу керек. Суық нәтиже бермейді. Егерде сарысу енгізбесе анафилактикалық әсердің болу қауіпі төнеді. Сол себептен аса улы жылан шаққанда уға қарсы сарысу енгізу крек. Егерде 2-3 сағаттан кейін симптомдар байқалмаса сарысуды енгізу мақсат емес.

    Миокард инфарктісі

    Миокард инфарктісінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Науқасты тыныштандыру, жатқызу

    2. Қысып тұрған киімдерін босату

    3. Тіл астына нитроглицерин таблеткасын беру

    4. Аспирин таблеткасын шайнауға беру

    5. Артериальды қан қысымын өлшеу

    6. Ылғалдырылған оттегін беру

    7. Жедел дәрігерді шақыру

    8. Нитроглицеринді қайталап беру

    9. ЭКГ түсіру

    10.Дәрігердің тағайындауы бойынша:

    - жансыздандыратын литикалық қоспаны еңгізу: 50% - 2мл анальгин, 2% -2мл папаверин,2,5%- 2мл пипольфен немесе 5 мл баралгин б/е.

    11. Егерде ЭКГ-да миокард инфарктісі белгілері болса – 1%-2мл морфин, 2%-2мл промедолб/е.

    12. Науқасты реанимация бөліміне зембілмен тасымалдау.
    Стенокардия

    Стенокардияда фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Науқасты тыныштандыру,физикалық, психикалық тыныштық

    2. Тар киымын босату

    3. Таза ауа желдету

    4. Жедел дәрігерді шақыру

    5. Пациентті жартылай отырғызу

    6. Тіл астына нитроглицерин таблеткасын немесе изокет-спрей

    7. 30 тамшы Морозов тамшыларын беру

    8. Аспирин таблеткасын шайнауға беру

    9. ЭКГ түсіру

    10.Пациенттің жағдайын бақылау: пульсін, қан қысымын өлшеу

    Тамақпен ұлану.

    Тамқпен ұлануда фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Асқазанды зонд арқылы су тазарғанша жуу

    2. Жуынды суларды зерттеуге алу

    3. 20-30 гр активтелген көмір беру

    4. Регидратациялық терапия – регидрон беру

    5. Шай – су паузасы ( 1-2 тәулік тамақтан бас тарту

    Бронх демікпесі.

    Бронх демікпесінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Науқасты қолына сүйендіріп отырғызу

    2. Тар киімін босату

    3. Терезені немесе форточканы ашу

    4. Қалта ингаляторынан бронхолитикті дем алуға беру

    5. Ылғалдырылған оттегіні беру

    6. Дәрігер келгенше дайындап қою: 2,4%- 10мл эуфиллин,60 мг преднизолон ерітіндісі, физ. ерітінді, 1% -1мл димедрол.

    Несеп тас ауруы.

    Несеп тас ауруында фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Дәрігер тағайындауы бойынша беліне жылытқыш қою

    2. Ұзақтығы 15-20 минут ыстық ванна жүргізу

    3. Жансыздандыратын және спазмолитиктерді еңгізу: кетонал, но-шпа, баралгин.

    4. Жалпы анализге несепті жинау



    Сол жақ қарынша шамасыздығы. Өкпе шемені.

    Өкпе шеменінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Жедел дәрігерді шақыру

    2. Науқасты жартылай отырғызу

    3. Аяқтарын төмен түсіру

    4. Спирт арқылы ылғалдырылған оттегіні беру

    5. Дәрігер тағайындауы бойынша: 1% -1мл морфин,

    6. 1%- 2мл нитроглицеринді 200 мл фир. Ерітіндісімен к/т тамшылап

    7. К/т 0-80 мг лазикс

    Гипертензивті криз.

    Гипертензивті кризде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Науқасты тыныштандыру

    2. Қан қысымын өлшеу

    3. Төсекте бас жағын көтеру

    4. 20-30 тамшы Морозов тамшыларын беру

    5. Маңдайына суық компресс басу

    6. Дәрігерді шақыру

    7. Дәрігер тағайындауы бойынша 5-10 мг нифедипин тіл астына беру, 50мг гипотиазид немесе 2мл лазикс еңгізу

    8. Дәрігер тағайындауы бойынша – к/т гипотензивті дәрілерді еңгізу (25%-5-10 мл магния сульфат,0,5 %- 1% 6-10мл дибазол ж2не басқалары )

    9. Шайнауға 0,325 гр аспирин беру

    10.Қан қысымын қайталап өлшеу

    Асқазаннан қан кету.

    Асқазаннан қан кетуде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Пациентті жатқызып эпигастрий аймағына суық басу

    2. Ауыз арқылы жеуге, ішуге,дәріні қабылдауға тиым салу

    3. Құсып қалса леген, клеенка және сүлгі дайындау

    4. Қанды тоқтату үшін аминокапрон қышқылын,дицинон,викасол,хлорлы кальций, реополиглюкин ерітінділерін еңгізу

    5.пациенттің жалпы жағдайын бақылау: пульс, қан қысымы, терінің түсі

    6. Құсқан кезде аспирацияның алдын алу үшін басын шетке бұру

    7.Корсетілген комектің эффектілігін тексеру

    8.Эффектілігінің критерийлері: есі анық, қан кету тоқтады
    Өкпеден қан кету
    Өкпеден қан кеткенде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Пациентті жатқызып кеудесіне суық басу

    2. Ауыз арқылы жеуге, ішуге,дәріні қабылдауға тиым салу

    3. Құсып қалса леген, клеенка және сүлгі дайындау

    4. Қанды тоқтату үшін аминокапрон қышқылын,дицинон,викасол,хлорлы кальций, реополиглюкин ерітінділерін еңгізу

    5.Пациенттің жалпы жағдайын бақылау: пульс, қан қысымы, терінің түсі

    6. Құсқан кезде аспирацияның алдын алу үшін басын шетке бұру

    Коллапс

    Коллапста фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Науқасқа жастықсыз горизонтальды жағдай ыңғайлау, тосектің аяқ жағын котеру

    2. Науқасты жылыту үшін корпемен орау, аяқтарына жылытқыш қою

    3. Дәрігер тағайындауы бойынша: аминокапрон қышқылын,дицинон,викасол,хлорлы кальций, реополиглюкин ерітінділерін к/т еңгізу

    4. Тері астына кордиамин, кофеин, мезатон

    5. Пульсін, қан қысымын бақылау

    Гипергликемиялық кома

    Гипергликемиялық комада фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Қанда глюкометрмен қант мөлшерін анықтау немесе жедел лаборантты шақыру

    2. Несепті қантпен ацетонды анықтау үшін жинау

    3. 40 ЕД жай инсулинді еңгізу, ацидозбен қантты азайту үшін к/т 0,9% физ. Ерітіндісін еңгізу

    4. 2,5% 200мл гидрокарбонат натрий ерітіндісі

    5. Пациенттің жағдайын бақылау: пульсті, ҚҚ, денеТ өлшеу

    6. Терімен шырышты қабаттарын күту

    7. Пациентті реанимация бөліміне жеткізу

    Бауыр шаншуы

    Бауыр шаншуында фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

    1. Пациентті арқасына немесе бүйіріне жатқызу

    2. Пациентті тыныштандыру

    3. Науқастың жағдайын бақылау: пульсін, қан қысымын өлшеу

    4. Бауыр аймағын жылытқыш басу

    5. 5мл баралгин немесе но-шпа ерітіндісін еңгізу

    6. Хирургиялық бөліміне тасымалдау
    1   2   3


    написать администратору сайта