Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ құрылымы Басталуы

  • Оқулықпен жұмыс ерекшеліктері 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық»

  • Сабақ барысындағы тапсырма түрлерінің берілуі: Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Топтық жұмыс

  • Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар

  • Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері

  • Мұғалімдердің назарына !!! Оқулықта топтық, жұптық, жеке

  • https://scratchet.top/scratch-2-0/

  • 3 сынып ҚМЖ жаңа.. Р. А.адырлов, Н.. Беристемова


    Скачать 423.05 Kb.
    НазваниеР. А.адырлов, Н.. Беристемова
    Дата25.05.2023
    Размер423.05 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 сынып ҚМЖ жаңа..docx
    ТипДокументы
    #1158197
    страница3 из 32
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

    Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері




    • Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

    • жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

    • проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;

    • оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;

    • оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;

    • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

    • оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;

    • түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогқа қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер;

    • тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

    • мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;

    • оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, жеке және топтық жұмыс;  бірін-бірі оқыту;

    • оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).


    Оқушылардың жетістіктерін бағалау


    «Цифрлық сауаттылық» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

    Критериалды бағалау оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

    Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Әдістемелікте берілген жеке, жұпта, топта орындауға арналған тапсырмаларды орындау нәтижесінен оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де, оқушы үшін де жеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді. Ал жиынтық бағалауды жүргізу үшін, әрбір оқу тоқсанының оқу мақсаттары, бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгісі мен дескрипторлары жұмыс дәптерінде ұсынылды. Жиынтық бағалау тапсырмаларын оқу мақсатына сәйкес бірнеше нұсқада түрлендіріп қолдануға болады.


    Сабақ құрылымын тиімді жоспарлау


    Сабақ – оқытудың белсенді әдістері арқылы білім, білік, дағдыны дамыту мен қалыптастыруда интенсивті оқу үдерісі. Сабақ құрылымы



    Басталуы

    • Сергіту жаттығуы

    • Жаңа топ құрамын анықтау

    • Жұмыс ережесі бойынша келісу

    • Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда)

    • Оқу мақсатын таныстыру

    • Күтілетін нәтижені анықтау (Оқушылар жаңа тақырып жөнінде не біледі? Не білгісі келеді?).



    Негізгі бөлім

    ∙ Ширату тапсырмасы

    • ∙Белсенді оқу тапсырмалары (саралау тәсілдері)

    • Оқулықпен жұмыс істеу (жеке, жұпта, ұжымда)

    • Жұмыс дәптерінде жазылым тапсырмаларын орындау (жеке, жұпта, топта) Аяқталуы

    • Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

    • Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау

    • Рефлексия (жеке, топтық, ұжымдық)

    • Үйге тапсырма



    Мұғалім қысқамерзімді сабақты жоспарлауда ұсынылған құрылымды үлгі ретінде қолдана алады.

    Оқулықпен жұмыс ерекшеліктері

    3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығы жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқушылардың жаңа білім мен тәжірибені белсенді оқу іс-әрекеті арқылы игеруін, алған білімін күнделікті өмірде, тәжірибеде, басқа пәндерде тиімді қолдану дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқулық құрылымындағы танымдық әрекет түрлері:

    • Әрбір тақырып бойынша оқу мақсаттары оқушыларға түсінікті тілде беріледі;

    • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін «миға шабуыл» сұрақтары қойылған;

    • «Ойлан» айдарымен берілгентақырыпқа қатысты сұрақтар жаңа білім мен тәжірибені бекітуге, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналады;

    • «Есіңе сақта» айдары – түйінді ұғымдардың түсіндірмесі;

    • «Жаңа білім» – теориялық ақпарат;

    • «Сен білесің бе?» айдары қосымша пайдалы ақпарат;

    • «Қолдан» тәжірибелік тапсырмалар, яғни компьютермен жұмыс істеу;  «Орында» жеке, жұптық, топтық тапсырма түрлері.

    • Бөлім аяқталғанда білім мен дағдыны пысықтауға, тексеруге арналған шығармашылық-практикалық тапсырмалар беріледі.

    Әдістемелік нұсқауда берілген әрбір тақырып барлық оқушының оқу мақсатына жетуге ықпал ететін қарапайым сұрақ, тапсырмалар жүйелі түрде күрделеніп отырады. Тапсырмалар реті бірізділікпен орындалса, оқу мақсатына жету табысты жүзеге асады.

    Оқушының белсенді оқу әрекетіне арналған тапсырмалар (жеке, топта, жұпта орындалатын) сыныптағы барлық оқушылардың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескеріп құрастырылды. Сонымен қатар зерттеу және шығармашылыққа арналған күрделі тапсырмаларды саралау мақсатында қолданып, кейбір оқушылардың сұранысын, ерекшелігін ескере алады.

    Ескерту: Интернетке қосылу қиын болған жағдайда электрондық оқулық пайдалануы тиіс немесе мұғалім алдын ала қажетті суреттерді жұмыс компьютерлеріне жүктеп алуы қажет.

    Сабақ барысындағы тапсырма түрлерінің берілуі:

      1. Жеке жұмыс

      2. Жұптық жұмыс

      3. Топтық жұмыс

      4. Ұжымдық жұмыс

    Оқытудың маңызды факторы – оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы. Біз сабақ беріп жүрген сыныптарда топтық және жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамыз. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

    Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде «мұғалім – оқушы» сұхбатына қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып есептелетін «оқушы — оқушы» қатынасында негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

    Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әртүрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.

    Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:

    • Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен ойын бөліседі, пікір алмасады;

    • Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

    • Өз мүмкіндігін біледі;

    • Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

    • Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

    • Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы, оның салдары туралы айта алады;

    • Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

    • Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

    • Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

    • Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді.



    Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

    1. Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

    2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

    3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

    4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

    5. Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

    6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

    7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда өзіне деген сенімін қалыптастырады.

    Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиетінің дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.

    Үй тапсырмасы. Оқушыларға үй тапсырмасын беру мұғалім құзыреттілігінде. Сабақ беру процесінде кейбір тақырыптар бойынша оқушы өздігінен оқып-ізденуін қажет етеді. Үй тапсырмасы берілгенде оқушы өз білімін пысықтайды.

    Мұғалімдердің назарына!!!

    Оқулықта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері берілген. Бұл – авторлардың тарапынан мұғалімдерге оқушылардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасын нығайту үшін берілген әдістемелік көмек.

    Егер мұғалім сабақты басқаша ұйымдастыратын болса, онда топтық, жұптық тапсырмаларды оқушыларға жеке орындатуға да болады. Сонымен бірге оқулықта топтық, жұптық тапсырмалардың болуы, оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды саралап беруіне мүмкіндік ашады.

    Әдістемеліктің қысқамерзімді жоспарында берілген 1, 2, 3 тапсырмалар оқулықтың «Практикалық жұмыс», «Орында» және «Ойлан» айдарларынан алып нөмірлеп қойылған.

    Скретч 2.0 программалау ортасын көшіріп алу үшін төмендегі сілтемені пайдалану керек: https://scratchet.top/scratch-2-0/

    Роботқа арналған Mindstorms EV3 программасы

    Mindstorms EV3 программасын тегін көшіріп алу үшін төмендегі сілтемені пайдалану керек:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


    написать администратору сайта