ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру. Балаларды емдеу-алдын. растыран Педиатрия пніні оытушысы Ж. Б. Мырзагулова педиатрия дамуыны ЫСаша тарихы педиатрия
Скачать 43.54 Kb.
|
Құрастырған: «Педиатрия» пәнінің оқытушысы Ж.Б. Мырзагулова ПЕДИАТРИЯ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ Педиатрия (грек сөзі раіs - бала, iatria - емдеу) – бұл дені сау және науқас бала туралы ғылым. Біздің ғасырларға дейінгі, 460-377 жылдарда тұрған Гиппократ деген грек емдеуші-ғалымның жазбаларында баланы өсіру және емдеу әдістері келтірілген. Ал, балаларды зерттеп, емдейтін арнайы әдістерді қолдану, алғашқы рет Францияда басталып, 1802 жылы Парижде Наполеон І қолдауымен балалар ауруханасы салынды. Ресейде 1834 жылы Санкт-Петербург, 1844 жылы Мәскеу қалаларында алғашқы балалар ауруханалары ашылды. Дәрігерлерді оқытатын факультетінде 1835 жылдан бастап балалар аурулары туралы лекция басталды. Сол лекцияларды ең алғашқы орыс - педиатр Степан Фомич Хотовицкий (1796-1885) оқып, 1847 жылы «Педиятрика» деген алғашқы оқулықты жазып шығарды. Санкт-Петербург қаласындағы «Медико-хирургическая академияда» алғашқы «Балалар ауралырының кафедрасы» 1865 жылы ашылды. Сол кафедраның алғашқы меңгерушісі орыс ғалым-педиатр В.М. Флоренский (1834-1899) болған. Европада тек 1879 жылы Париждегі Медико-Хирургиялық Академиясында алғашқы «Балалар аурулары» деген кафедра ашылды. Айтылған кафедралардың қызметкерлері балалардың анатомиясын, физиологиясын, даму кезеңдерін, ауруларын және сол аурулардың алдын-алуы мен емдеудің қағидаларын, әдістерін зерттеп, ұсынып, педиатрия ілімін алдыға жылжытқан. Ресейде педиатрия ғылымның дамуы Нил Федорович Филатов (1847-1902) деген педиатр-ғалыммен тығыз байланысты. Ол Мәскеу университетінде алғашқы «Балалар аурулары кафедрасын» ашып, сол кафедраны көп жылдар меңгерген. Өзінің ғылыми ізденістерін бірнеше оқулық ретінде педиатрларға арнап шығарған. Мәскеу және Петербург қаласындағы балалар ауруханалары Н.Ф. Филатов атында. Мәскеу қаласында 1922 жылы Ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды. Санкт-Петербургте 1925 жылы ең алғашқы бөлек, тек педиатрларды дайындайтын институт ашылды - «Ленинградский педиатрический ииститут». Таллин қаласында 1911 жылы педиатрлардың Халықаралық Бірінші Конгрессі өтіп, халықаралық байланыстар тығыз болатын болды. Совет Үкіметі заманында Ресейде орыс педиатр-ғалымдар М.С.Маслов, Ю.Ф. Домбровский, В.Тур және тағы басқалар педиатрияның негізін қалаған. ҚР ПЕДИАТРИЯ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ Қазақстан жерінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету мәселелері 1868 жылдан бастап ұйымдастырыла бастады. 1913 жылы 60 000–80 000 адамға бір дәрігер келетін, ал аймақтық қамтитын жері 800 шақырымға дейін жететін. Қазіргі уақытта жергілікті педиатрға бекітілетін балалар саны - 800. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсету жүйесі – аралау арқылы, ал медициналық жәрдем - амбулаторияда жүргізілетін. Стационарлық медициналық көмек болмаған, шағын ауруханалардың саны 200-ден аспайтын. Бұл ауруханалар қалада болатын және оған негізінен халықтың ауқатты бөлігі ғана бара алатын. Қазақ халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүргендіктен ауруханалық жәрдем алуға мүмкіндіктері болмаған, сондықтан ауырса, балгер-бақсыларға, тәуіпке қаралған. Медициналық қызметтің деңгейінің төмендігінен, әлеуметтік-тұрмыс жағдайының нашарлығынан, Қазақстан жерінде жұқпалы аурулар кең таралатын: қара шешек (қорасан), тырысқақ, іш сүзек, оба, малярия. Тырысқақ эпидемиясы кезінде Семей уезінде 20 000 ауырғандардың 10 000 астамы шетінеген. Күл (скарлатина), қызамық аурулары көбіне эпидемияға айналып, мыңдаған қазаға соқтыратын. Әйелдер мен балаларға қызмет көрсету тым нашар еді. Ана өлімі 0,9-1,4 % болатын. Бір жасқа дейінгі бала өлімі өте жоғары болды, 1000 туған сәбилердің ішінен 1/3 -1/2 шетінейтін. Педиатрлық қызмет жоқ болатын, көмекті жалпы дайындығы бар дәрігер мен фельдшер көрсететін. Қазан революциясынан кейін ана мен бала денсаулығын жаңа құрылған үкімет қамқорлығына алды. 1919 жылы Әскери Революция комитетінің Қырғыз (Қазақ) аймағын басқару жөніндегі қаулысымен денсаулық сақтау бөлімі құрылды. Оны алғашқысында дәрігер О.М. Шишкина, сосын А.Н. Демченко басқарды. 1920 жылы Автономиялық Қазақ Социалистік Республикасы құрылған соң, денсаулық сақтау органының құрылымы бекітілді. Денсаулық сақтау халық комиссары болып большевик-дәрігер М.С. Шамов тағайындалды. 1920 жылы 814 орынды 23 аурухана, 86 амбулатория ашылды. Осы кезеңде тәжірибелік денсаулық сақтау кадрлары 35 дәрігерден, 72 фельдшерден, 72 акушерден тұрды. 1922 жылы алғашқы ана мен баланы қорғау мекемелері ашылды, әйелдер босанатын үйлер, әйелдер және балалар кеңесінің жүйесі дами бастады. 1925 жылы республикада тек қана 11 педиатр болды. Қазақ халқының көпшілігі көшпелі өмір сүргендіктен, оларға медициналық қызмет көрсету үшін жылжымалы дәрігер бригадалары ұйымдастырылды, оның құрамында әр түрлі медицина мамандары кірді. Бұл отрядтар емдеумен қатар, аурудың алдын алу және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Қара шешекке қарсы егу, медицина пункттерін, балалар яслилерін құру, сонымен бірге тазалықты насихаттады. 1931 жылы 3 ясли құрылды, 16 фельдшер пункті, 9 дәрігерлік амбулатория және 3 аурухана ашылды. Қазақ денсаулық сақтау органдарына орталық Наркомздрав көмек көрсетіп отырды. Ол республикаға 250 000 қызметкерлерімен, құрал-жабдықтарымен 4 600 орынды 2 госпиталь берді, 6 эпидемиялық отряд жіберді (оның 3 – Оралға, 2 – Орынборға, 1 – Қостанайға), солардан Орынборда обаға қарсы лаборатория және қорасанға қарсы институт құрылды. Қазақстанға жұқпалы аурулармен күреске отрядтар және экспедициялар мезгіл-мезгілімен жіберіліп тұрды, тұрақты жұмысқа Ресейден орталық аудандарынан дәрігерлер мен орта буындағы медицина қызметкерлері жіберілді. Соғыс кезенің қиындығына, жаппай эвакуациядан жұмыстың көбеюіне қарамастан, госпитальдар ашу мен медициналық мекемелер базасы дами берді, соның ішінде ана мен баланы қорғауға да көп көңіл бөлінді. 1940 жылы аурухана саны 626-дан, 1945 жылы 716-ға жетті. Орын саны айтылған жылдарда 23 975-тен 28 515-ке көбейді. Амбулатория саны 1003-тен 1209-ға жетті. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде эпидемияға қарсы шаралар үнемі жүргізілгендіктен эпидемияларға жол берілмеді. Соғыстан кейінгі жылдары материалдық-техникалық базаны нығайтудағы жетістіктерімен, ана мен баланы емдеу және аурудың алдын алу көмегімен көрсететін медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етумен сипатталады. Акушер, гинеколог, педиатрлардың саны көбейді. 30-жылдарға дейін медициналық кадрлар республикадан шет жерлерде дайындалып келді. Революцияға дейін Омбының фельдшерлер мектебінде білім алған 40 қазақ фельдшер болды. Дәрігер қазақ – 10, олардың ішінде Мұхамеджан Қарабаевты, Әлі Көтібаровты, Санжар Аспандияровты, Мәжіт Шомбаловты, Аққаз Досжанова мен Гүлсім Аспандиярованы айтуға болады. 1929 жылы Россияның медициналық жоғары оқу орындарында 129 адам оқыды, оның 22-сі қазақ. Бұл сан, әрине біздің байтақ республикамызға аз болды, сонымен қатар қазақ тілін, жергілікті халықтың салтын, өмір ерекшелігін білетін мамандар қажет болды. Сондықтан 1931 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институты ашылды. Бірінші ректоры С.Ж. Аспандияров (1889-1937 жылдары) болды. 1938 жылы балалар дәрігерлері қажеттілігінен педиатрия факультеті құрылды, кейін республиканың жекелеген аймақтарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін Қарағандыда (1950 ж.), Семейде (1953 ж.), Ақтөбеде (1957 ж.), Целиноградта (Нұр-Сұлтан) - (1964 ж.) медицина институттары ашылды. Дәрігерлер біліктілігін жетілдіру институтының педиатрия, неонатология, инфекциялық аурулар кафедраларында, ғылыми-зерттеу институтында оқыды. 1932 жылы құрылған Педиатрия институты (қазіргі уақытта Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы) ғылыми кадрларды дайындайтын басты орталық болып табылды. Педиатр-хирург, медициналық ғылымының докторы, профессор (1972), ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академик (1995) Камал Саруарович Ормантаев (1936 жылы туылған) ҚР Педиатрия және балалар хирургиясы Ғылыми орталығын ұзақ уақыт басқарды (директор). Балалардың денсаулығын сақтауға, педиатрия ғылымының дамуына, қазақ медицина кадрларын тәрбиелеуге ғалымдар, профессорлар А.И.Авенирова, Н.А. Барлыбаева, А.Б.Бисенова, Л.Я.Давидовский, В.А.Лебедева, Т.Н.Никонова, К.С.Ормантаев, Н.П. Ярочкина, Н.А. Каюпова үлкен үлес қосқан. «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығы. Педиатриялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы. Он сегіз жасқа толмаған балаларға (бұдан әрі – балаларға) педиатриялық көмек мынадай нысандарда көрсетіледі: 1) МСАК және консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек; 2) стационарлық көмек; 3) стационарды алмастыратын көмек; 4) жедел медициналық көмек; 5) санитариялық авиация. Педиатриялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі бағыттары мыналар: 1) балаларға, оның ішінде нәрестелерге дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық, медициналық қызмет көрсету; 2) медициналық көмекке қолжетімділікті және медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу; 3) сапалы консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету, БЖАЫҚ сақтау; 4) балаларды диспансерлеу және медициналық оңалту; 5) профилактикалық көмек көрсету: 6) жүкті әйелдер патронажы; 7) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтануға ұсыным; бала күтімі, аурудың қауіпті белгілері және қауіп төндеретін жағдайлар бойынша ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу; 8) емшек сүтімен қоректендіруді қолдау және лактация мәселесі бойынша, 6 айға дейінгі балаларды тек емшек сүтімен ғана қоректендіру практикасы және 2 жасқа дейін емізуді жалғастыру бойынша консультация беру; 9) ерте жастағы балалардың туа біткен патологияларын және психофизикалық дамуын, көру және есту функцияларының бұзылуын анықтау үшін скринингтік қарап-тексеру жүргізу; 10) баланың ерте дамуы мәселелері бойынша консультация беру; 11) медициналық профилактикалық қарап-тексеру консультациясы; 12) вакциналау жүргізу; 13) балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді диспансерлеу мен динамикалы бақылау, үйдегі патронаж; 14) әлеуметтік-психологиялық консультация беру; 15) сырқаттанушылықтың алдын алу және төмендету, әлеуметтік мәні бар, оның ішінде онкологиялық немесе гематологиялық аурулардың ерте нысандарын, В және С гепатиттерін, АИТВ инфекциясы мен туберкулездің бастапқы түрін анықтау бойынша, сондай-ақ аурулардың қауіп факторларын, балалар мүгедектігін, өлімін анықтау бойынша іс-шаралар өткізу; МҰ медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып пациенттердің профилактикасына, ерте диагностикалауға, емдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Зорлық-зомбылық фактілері мен дене жарақаттары анықталған жағдайда емдік-профилактикалық көмек көрсету, медициналық оңалту жүргізу, ішкі істер органдарын хабардар ету жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысы Ағымдағы жағдайды талдау. Балалар денсаулығы. ДДҰ деректері бойынша баланы күтіп-бағудың жеткіліксіздігі және ата-аналардың балалардағы қауіпті белгілер мен факторларды білмеуі Қазақстандағы 5 жасқа дейінгі балалардың денсаулығы үшін негізгі қауіп болып табылады. Жарақаттар, суға бату және кездейсоқ тұншығу 5 жасқа толмаған балалар өліміндегі ең елеулі сыртқы себептер болып табылады. 2018 жылы денсаулық жағдайына (туа біткен ауытқулар, жарақаттар және басқа аурулар) байланысты ерекше білім алу қажеттілігі бар 6 жасқа толмаған балалар саны 46 мың адамнан асты. 2015 жылдан бері осы санаттағы балалардың жыл сайынғы өсімі 6 мың баланы құрады. Балалар мүгедектігінің өсу үрдісі бар, мүгедектіктің негізгі себептері: туа біткен ауытқулар (32,5 %), жүйке жүйесінің аурулары (22,9 %), психикалық бұзылулар (12,5 %). Аз қозғалатын өмір салты мен теңгерімсіз тамақтанудың салдарынан болатын артық дене салмағынан зардап шегетін 6-9 жас аралығындағы балалардың саны өсуде. Мектеп жасындағы балалар арасында асқазан-ішек жолдарының аурулары басым (24 %). 14 жасқа толмаған мектеп жасындағы балаларды профилактикалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша көптеген балалар көру қабілетінің бұзылуынан зардап шегеді, бұл балалардың гаджеттерді бақылаусыз пайдалануына байланысты. Қазақстанда туберкулезбен күрес жөніндегі қызметті, оның ішінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың туберкулезін анықтау және емдеу үшін қаржыландырудың 95 %-ы мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын 12 мыңға жуық жаңа жағдай мен рецидивтер анықталады. Жаңа жағдайлар мен рецидивтер арасында емдеудің табыстылық көрсеткіші 88 %-ды құрайды. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Мақсаты: Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады:
Медициналық көмектің сапасын арттыру. Бұл міндетке қол жеткізу мынадай тікелей нәтижелердің көрсеткіштерімен өлшенетін болады:
Емдеу-алдын алу көмектің ұйымдастырғанда ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) ролі Балалар мен жүкті әйелдер арасында уақытындағы және сапалы емдеу жұмысы, уақытындағы және толық жиынтықтағы алдын алу іс-шаралары фельдшерлік-акушерлік пункттердің (ФАП) жағдайында балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар жүйесіндегі басты міндет болып табылады. 2. Міндеттерге сәйкес ФАП-та (ФП) белсенді түрде тікелей үйге бару арқылы ерте жастағы балаларды бақылауды жүзеге асырушы емдеу медбикесінің лауазымын енгізу міндетті болып табылады. 3. ФАП (ФП) алдын алу жұмысы мынадай жолдармен жүзеге асырылады: 1) босанғанға дейінгі емдеу мен белгіленген мерзім бойынша ерте жастағы балаларды, сондай-ақ қажеттілігіне қарай емдеу; 2) белгіленген мерзімдерге сәйкес егулерді негізделген жоспарлау және жүргізу (қосымша фельдшерлік-акушерлік пункттерден шалғай елді мекендерде ұйымдастырылған егу пункттерінде егулер жүргізуге жол беріледі); 3) санитарлық активті емдеуді ұйымдастыру және кеңінен тарту; 4) білім берудің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының жұмысын, санитарлық жағдайын және оларда тәрбиеленушілер мен оқушылардың дене тәрбиесін жүйелі түрде бақылау; 5) ұйымдастырылған топтардағы балаларға алдын алу тексеруін жүргізу, балаларға гигиеналық дағдыларды үйрету, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру; 6) ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуындағы кемшіліктерді ерте анықтау және белгіленген тәртіпте тиісті ұйымдарда оларды уақытында түзету көмегін көрсету мақсатында оларды скринингтік тексеру; 7) диспансерлік есепте тұратын балаларды белсенді түрде қарау және созылмалы аурулардан зардап шегуші балалардың, сондай-ақ әсіресе стационардан шығарғаннан кейінгі бірінші жылдары сауыққандардың дәрігерлік тағайындауларды орындауларын бақылау; 8) учаскелік дәрігер және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мамандарының басшылығымен эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу (алдын алу егулері, жұқпалы және басқа да аурулармен ауырған науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау және бақылау, шұғыл хабарларды уақытында хабарлау және басқалар); 9) санитарлық-ағарту жұмыстары, балаларды гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. |