РП-ЛПУ-МПД-каз. рдсм Отстік азастан мемлекеттік фармацевтика академиясы шж рмк
Скачать 319.5 Kb.
|
1 2
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Гигиена-2 кафедрасы «БЕКІТЕМІН» ОӘТЖ жөніндегі проректор, м. ғ.д Анартаева М.Ұ. __________________ «______» _________ 2013ж. ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Пән : «Емдеу - профилактикалық мекемелер гигиенасы және аурухана ішілік инфекцияның алдын алу»Мамандық: - 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс» Оқу сағатының көлемі (кредит) - 90 сағат/ 2 кредит Оқытылатын курс пен семестр : ІV- курс, 7- семестр 2013 ж. «Емдеу - профилактикалық мекемелер гигиенасы және аурухана ішілік инфекцияның алдын алу» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы гигиена-2 кафедрасында 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін ҚР ДСМ 30.09. 2009 жылы №483 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС негізінде құрастырылды. Жұмыс бағдарламасы гигиена - 2 кафедрасы мәжілісінде қаралды. Хаттама № _____ ____ ________ 2013 ж. Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. ________________ Ескерова С.У. ОҚМФА қоғамдық денсаулық сақтау және медико-профилактикалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссия мәжілісінде талқыланды. Хаттама № _____ ____ ________ 2013ж. Комиссия төрайымы м.ғ.к. _______________ Бейсембаева З.И. ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде мақұлданды. Хаттама № _____ ____ ________ 2013ж. 2. Бағдарлама: 2.1 Кіріспе Емдеу - профилактикалық мекемелер гигиенасы - медициналық қызметкерлердің қолайлы еңбек жағдайын және емдеу үдерісін тиімді жүргізу үшін, науқастардың ауруханада болуына оңтайлы жағдай жасау мақсатында, емдеу - профилактикалық мекемелерінің орналасуына, жоспарлануына және санитариялық-техникалық қамтамасыз етілуіне нормативтер мен талаптар жасайды. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету көбіне емдеу - профилактикалық мекемелерінің санитариялық тұрғыда жабдықталуына байланысты болып келеді. Ерекше қатаң санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, аурухананың ішкі ортасының қолайсыз әсеріне ағзасы аса сезімтал болып келетін, науқастар ұзақ уақыт болатын аурухана ғимараттарына қойылуы қажет. 2.2 Пәннің мақсаты: емдеу - профилактикалық мекемелері гигиенасы және аурухана ішілік инфекциялардың алдын алу аясындағы ескертпелі және ағымдық қадағалаудың теориялық және қолданбалы аспектілерін, заңды құжаттар базасын меңгеру үшін қажетті білім мен дағдыларды беру. 2.3 Оқытудың міндеттері: - емдеу - профилактикалық мекемелерінің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру; - медициналық қызметкерлердің қолайлы еңбек жағдайын және емдеу үдерісін тиімді жүргізу үшін, науқастардың ауруханада болуына оңтайлы жағдай жасау мақсатында, емдеу-профилактикалық мекемелерінің орналасуына, жоспарлануына және санитариялық-техникалық қамтамасыз етілуіне нормативтер мен талаптар кешенін құрастыруды үйрету. Оқытудың соңғы нәтижесі: Студент білуі тиіс: емдеу - профилактикалық мекемелер гигиенасы пәнін, мақсатын, негізгі міндеттерін және қолданылатын зерттеу әдістерін, басқа ғылымдармен өзара байланысын; емдеу - профилактикалық мекемелерінің негізгі түрлерін; • емдеу - профилактикалық мекемелерінің шығу тарихын және негізгі даму кезеңдерін, оның дамуында басты гигиенисттердің рөлін; • негізгі нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын және емдеу - профилактикалық мекемелер гигиенасы бойынша талаптарын; ЕПМ нысандарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру әдістемесін; медициналық қалдықтардың маңызын, олардың жіктелуін, жою әдістерін; ЕПМ дезинфекциялық бақылаудың гигиеналық маңызын; • аурухана ішілік инфекцияның негігі түрлерін, АІИ алдын алуын; әртүрлі медициналық мамандықтардың еңбек жағдайының ерекшелігін; медициналық қызметкерлердің жеке бас гигиенасының негізін. істей алуы тиіс: емдеу- профилактикалық мекемелерінің бөлмелерінің көрсеткіштерін анықтауды және гигиеналық баға беруді және ЕПМ науқастардың болу жағдайын оңтайландыру бойынша ұсыныстар беруді; • АІИ алдын алу мақсатында емдеу- профилактикалық мекемелерінде науқастарды ұтымды орналастыруды ұсынуды; • емдеу- профилактикалық мекемелеріндегі санитариялық-техникалық жабдықтарды бағалауды; • емдеу- профилактикалық мекемелерінде зертханалық және аспаптық зерттеуді жүргізу тәртібін және зерттеу қорытындысын талдауды жүргізуді; • дәрігерлік тәжірибеде емдеу - профилактикалық мекемелер гигиенасы және АІИ тарауы бойынша құқықтық, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды пайдалана білуді. машықтануы тиіс: • емдеу- профилактикалық мекемелеріне тереңдетілген, рейдтік және жоспарлы тексеру жүргізу әдістемесін; • аурухана ішілік инфекцияның алдын алу әдістемесін жүргізуді. 2.5 Реквизитке дейінгі: жалпы гигиена, жұқпалы аурулар, микробиология, қоршаған орта және денсаулық, қоғамдық денсаулық. 2.6 Реквизиттен кейінгі: қоғамдық денсаулық сақтау, еңбек гигиенасы, дезинфекциялық іс негіздерімен эпидемиология, коммуналдық гигиена. 2.7.Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, өзіндік жұмыс) 2.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары
2.7.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
1 2 |