Главная страница
Навигация по странице:

  • ОРЫНДАҒАН: аРЫНГАЗИН а, длро - 101С ТОБЫ

  • Бас сауғалап шетелге қоныс аударған қазақтар Көтерілістің жеңілуі және оның салдарлары Жеңілу себептері

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары, қозғаушы күштері

  • Әліби Жангелдин Сейітқали Меңдешев

  • Көтерілістің Жетісудағы орталығы.

  • Көтерілістің Торғай ошағы.

  • Жазалаушы жасақтар қимылы. Патша үкiметi жазалаушы әскерiнiң бейбiт халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары.

  • Тұрар Рысқұлов Бас сауғалап шетелге қоныс аударған қазақтар.

  • Көтерілістің жеңілуі және оның салдарлары.

  • Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдарлары

  • Глоссарий: «Өртке оранған жер» стратегиясы

  • Бекболат Әшекеев

  • Әліби Жангелдин

  • Пайдаланылған әдебиеттер: 1.

  • тАРИХ. ТАРИХ1. Реферат жетісудаы 1916 жылы лтазатты озалыс орталыы Албан озалысы


    Скачать 72.51 Kb.
    НазваниеРеферат жетісудаы 1916 жылы лтазатты озалыс орталыы Албан озалысы
    АнкортАРИХ
    Дата24.03.2022
    Размер72.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТАРИХ1.docx
    ТипРеферат
    #413559

    Семей ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

    РЕФЕРАТ

    Жетісудағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс орталығы – Албан қозғалысы


    ОРЫНДАҒАН: аРЫНГАЗИН а, длро - 101С ТОБЫ


    МАЗМҰНЫ
    1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары, қозғаушы күштері

    Көтерілістің Жетісудағы орталығы

    Көтерілістің Торғай ошағы

    Жазалаушы жасақтар қимылы. Патша үкiметi жазалаушы әскерiнiң бейбiт халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары

    Бас сауғалап шетелге қоныс аударған қазақтар

    Көтерілістің жеңілуі және оның салдарлары

    Жеңілу себептері

    Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдарлары

    Глоссарий

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары, қозғаушы күштері. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың тууына әсер еткен жағдайлар төмендегідей:

    а) Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтың егіншілікке жарамды жерін тартып алудың кең етек алуы;

    ә) Бірінші дүниежүзілік соғыстың халық үшін ауыр зардаптары;

    б) дәстүрлі қазақ шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы;

    в) өлкені тонаудың күшейе түсуі, алым-салықтардың еселеп өсуі;

    г) орыстандыру саясатының асқына түсуі, ұлттық саяси теңсіздік.

    Түркістан өлкесіне соғыстың тигізген зардаптарына көңіл аударар болсақ, осы бай өлкені отаршыл Ресей билеп-төстеушілері сүліктей сорғаны белгілі.

    Өмір сүрудің негізгі көзі мал шаруашылығы болған қазақтар үшін Ресей империясының соғысқа белсене қатысуы шаруашылық зардаптарын тереңдете түсті. Күнделікті пайдаланылатын тауарлар бағасының еселеп көтерілуі шаруашылық ахуалды күйзелтіп, әлеуметтік және саяси қарсылықты жеделдетті. Мысалы, Семей мен Ақмола облыстарында 1916 жылы күнделікті пайдаланылатын заттарға баға төрт есе көтерілген, соның ішінде киім бағасы 2-3 есе өскен.

    Көтерілістің басты себебі қазақ жерін отарлау, қазақ жеріне қоныс аударған орыс шаруаларына қазақ шаруаларының шұрайлы жерлерін күшпен тартып әперу саясатының салдары еді. Көшпелі тұрмыс жағдайында қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жердің заңмен Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы, артық жердің тек қазынаның пайдасына кетуі жағдайды шиеленістіре түсті. Мал шаруашылығы кұлдырап, жақсы жерді алып қойған соң егіншілікпен айналысу азая түсті.

    Бір сөзбен айтканда, аграрлық мәселенің шиеленісуі және ұлттық езгінің күшеюі елді дағдарысқа тіреді. Бұл дағдарыстың айқын көрінісі Қазақстан және Орталық Азия халықтарының 1916 жылғы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт-азаттық қозғалысы болды. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған қозғалыс барысында жалпы-ұлттық ұрандар көтерілді. Күн тәртібіне жалпыұлттық мәні бар ұрандар қойылуы және жергілікті халық мүдделерінің ортақтығы қозғалыстың дербес дамығандығын көрсетеді.       Өздеріңе белгілі, 1916 жылы 25 мусымда патша өкіметі «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдады. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түліктің екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды.

    1916 жылы Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы А.Н.Куропаткиннің патшаға жазған рапортында «бұратана» жұмысшылар майдан шебінің соғыс оты мейлінше қайнаған шептеріне жеткізіліп қырылады, олардың иеліктері (жерлері) казактарға үлестіріліп беріледі деген үрейлі хабарлар жергілікті халықтың көтерілуін жылдамдатты» делінген.

    М.Әуезовтің «Қилы заман», Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романдарында осы кезеңдегі халықтың жан дүниесіндегі аласапыран заман шынайы суреттеледі.

                «Қария қабағын шытынып, шын назаланып, айласы бітіп күрсінді. Қатын-бала

    ұлардай шулады. Жігіт-желең сол күні-ақ «бармаспын» деген ниетті ойлап Алатаудың сенімді қиян тасына, қара үңгірдей қалың жыныс қарағайына қарады. Барлық ел, еңкейген кәріден еңбектеген жасқа шейін, ертелі-кеш ылғи осы жайды ғана сөйледі. Ел апатты сезді» делінген.

     



    Жамбыл Жабаев

     

    Патша Жарлығын «Зілді бұйрық» деп атаған халық жыршысы Жамбыл:

    Халықтың еркі кетті баласынан,

    Сөзімнің ғибрат ал сарасынан.

    Ақ патша бұйрық қылды солдат бер деп:

    Он тоғыз — отыз бірдің арасынан.

    Осыған тірі отырып көнеміз бе,

    Іріктеп бар боздақты береміз бе?!

    Болмаса елдік қылып, тізе қосып,

    Батырға қол бастаған ереміз бе?! –

    деп халыққа үн тастап, кеңінен кеңесіп ақылдасуға шақырды.

    Алғашқы кезде көтеріліс стихиялы сипатта жүрді. Отарлық езгі мен озбырлық саясат әбден титықтатқан халықтың ақ патшаға қарсы толқулары Қазақстанның қиыр-шиырын қамтыған үлкен көтеріліске ұласты.

    Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдар 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балалары 50 жастағы болып жазылды.    Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым – салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу – ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей түсті.              

    Қазақстандағы бұл қозғалыстың көптеген аудандары ұлт – азаттық сипатта болды, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніші болып отырған бай-феодалдарға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтов, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды. Оның негізгі қозғаушы күші – қазақ ауылының еңбекші шаруалары, оған ішінара жұмысшы табы өкілдері, байлар да, билер де, молдалар да, болыс басшылары да, зиялы қауымның әр түрлі топтары да белсене араласты. Көтеріліс ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді. Ал оның әлеуметтік мәні – өз билеушілеріне қарсы күрес екінші кезекке ысырылды.



    Амангелді Иманов

     



    Әліби Жангелдин

     

     

    Сейітқали Меңдешев

     



    Әбдірахман Әйтиев

     

     



    Тоқаш Бокин

     



    Ахмет Байтұрсынұлы

     

    Осылайша бүкіл Торғай өлкесі патша жарлығына қарсы шығып, қолдарына қару алып, дабырлап жатқанда, оқыған, көзі ашық Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты зиялыларымыз “Қазақ” газеті арқылы көтерілісшілерге “тынышталыңдар, патшаға қарсы шықпаңдар” деп жатты. Арнайы жазылған үндеулерінде мынадай үгіт сөздері бар: “Патшаның бұйрығы – ақиқат” оны орындамауға болмайды, жан тәтті, бірақ бұйрық қатал” дегендей... халық босқа қырылады...деді.

    Торғай, Ақмола, Орал, Семей және Жетісу облыстары өкілдерінің арнайы мәжілісінің шешімін дайындауға Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, О.Алмасұлы қатысты. Осы мәжіліс хаттамасының алғашқы үш бөлімінде патша үкіметі шешімінің асығыстығы, халық мүддесіне қайшылығы ашып көрсетілген.

    Көтерілістің Жетісудағы орталығы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал – губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от – жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденің 12 – сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдүрасұловты, ал шілденің 16 – сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында Самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау отрядын қоршап алды. Сол күні Самсы стансасы көтерісшілердің қолында болды, тамыздың 8 – інде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін қатты мазасыздандырды.

    Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді. Өз кезеңінде Жетісу облысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін казак станицаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткиннің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды. Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жапсарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады.

    1916 жылғы көтерілістің Жетісудағы ірі ошағы – Қарқара аймағындағы Ереуілтөбеде болды. Ол тарихта Қарқара көтерілісі деп аталады (патша үкіметінің құжаттарында оны «Албан көтерілісі» деп те атайды). Қарқара көтерілісінің алғышарттары мен ерекшеліктері:

    1) бұл өңірдің Қытай жеріне жақындығы (Қытайға қашып бас сауғалау мүмкіндігі);

    2) таулы жерде патшаның қарулы күші – пулемет, зеңбірек сияқты қаруларды пайдаланудың қиындығы;

    3) бұл өңірдің патшалық құрамына басқа қазақ жерлерінен әлдеқайда кеш қосылуы себепті бостандық, тәуелсіздік сезімі әлі де басыла қоймағандығы әсер етті.

    Жетісуда сол кездегі Верный, Жаркент, Лепсі, Қапал уездеріне қарасты кейбір болыстарда ірі көтерілістер орын алды. Жетісуда бүліктің басталғандығы туралы ресми мәлімет Ташкентке тамыз айының 6-сында жеткен. Осы күні Верный уезінің оңтүстік-шығыс өңірінде, Асы өзенінің бойында екі болыстың тізімін дайындау үшін келгендерге қарулы қарсылық көрсетілген. Сол күні Самсы өзені бойында Верныйдан 100 шақырым жерде қазақтар бағаналарды құлатып, байланысты үзіп тастайды. Осы айдың 9-ында көтерілісшілер қолы Қордай асуынан Верный қаласына дейінгі барлық пошталарды талқандайды.

    1916 жылы тамыздың 9-на қарай көтеріліс біртіндеп Шу өңіріне ауысты. Әулиеата уезінің Жетісу облысымен шекаралас ауылдарында көтеріліс кезінде Әулиеата – Пішпек уездерінің аралығындағы келімсек шаруалар қоныстарының астан-кестеңі шықты. Орыс шаруаларының ірі қоныстарының бірі Новотроицк селосындағы көтерілісшілермен кақ-тығыста 40 шақты адам шығыны болды. Бұл аймақ көтеріліс ұшқынының Орталық Азияға жайылуына өзіндік көпір іспеттес рөл атқарды.

    Көтерілістің Торғай ошағы. Торғай өлкесіндегі көтеріліс туралы айтатын болсақ, патшаның “маусым жарлығы” елге жетісімен-ақ, ауыл-ауылдардың бәрінде халық дүрлігіп көтеріле бастады. Көтерілісті барша халық жақтады: көп жерде бай-болыстар да көтерісшілер жа­ғында болды. Әбдіғапар, Карбоз, Садуақас, Қосжан, Өмен сияқты би-болыстар сар­баздарға бас-көз болды, көтерілісті өздері ұйымдастырып, басшылықты қолдарына алды. Кешегі бұзақы, сотқар-тентек аталған Амангелді Үдербайұлы, Уәлі Жалма­ғамбетұлы, Бекболат Отызбайұлы, Омар Тынымұлы сияқты азаматтар ел басына “күн туғанда” көтеріліс туы астына кірді, батыр атанды. Қазан айының аяқ кезінде болыстарда ірі сарбаздар тобы құрылды. Әр топтың басшысы да айқындалды. Бәрі жиылып орталарынан хан сайлады. Мысалы, Торғай уезінің шығысы мен батысы Әбдіғапар Жанбосынұлы мен Оспан Шолақұлын хан сайлады. Әбдіғапар ел арасында аты әйгілі Нияз хан ұрпағынан болатын. Осындай ауыр заманда хан болу оңай емес еді. Академик Манаш Қозыбаев бұл туралы мынадай тұжырым айтқан болатын: …осындай ауыр заманда ту көтерген ерлердің бірі әмір Әбдіғапар даңқ үшін әмір болмады, ел есімін атады, ол көнді, Отан үшін жанын пида етіп, шүберекке байлады. Патша жендеттерінен аман қалған әмір Әбдіғапар большевиктік экстремизмнің құрбаны болды. Көрші Ырғыз өлкесінде сайланған хандардың ішінде іс-қимылымен аты шыққан Айжарқын Қанайұлы болды. Шілде айының аяғында қазақтардан 19 бен 43 жастың арасындағы еркектері “қара жұмыс армиясына алынсын” деген патша жарлығы елге таратылды. Бұрыннан орыс патшалығы қазақтарды армияға алмайтын. Енді патша “уәдесін бұзып, соғыс жұмысына орыстан басқа ұлттардың еркектерін алу керек” деген шешімге келіп, оны тездетіп орындауға кірісті. Бұл кезде орыс әскерлері немістермен соғысып, жеңіліп, масқара болып жатқан кез еді. 1916 жылғы патшаның “маусым жарлығынан” кейін жер-жерде басталған толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды, ең ірі қозғалыс Торғай – Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты. Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ халқының басына түскен ірі зобалаң осы болды.

    Қазан айының аяғында болыстарда жинақталған сарбаздар Торғай қаласының маңында, Сужарғанда бас қосты. Көртоғай, Қараторғай болыстарының сарбаздарын Әбдіғапар бастап келді, бұлардың қолында Жанғожа аталарының көк-жасыл шұбар туы. Аққұм болысының жігіттері Көбек батырдың туымен жиналып келді. Сарыторғай қазақтарын атақты Жәуке батырдың немересі Орманбек пен Мұсабай қажының ұлы Өмен ақ ту көтеріп бастап келді, Қайдауыл болысының сарбаздарын Кенесары заманындағы Иман батырдың немересі Амангелді бастаған бірнеше топты ертіп келді. Әбдіғапардың айналасына небәрі 6000-дай сарбаз жиналды. Бұларға Аққұм болысынан Карбоз бастаған 1500 сарбаз келіп қосылуы керек. Оспан ханның 3000 сарбазын қоссақ, жалпы сарбаздар саны 10 мыңдай еді. Бес-алты күн Әбдіғапар Оспан хан сарбаздарын тәртіпке келтіріп, шабуылдың жоспарын жасады, бәрінің мақсаты бір – Торғай гарнизонын басып алу, қару-жараққа қол жеткізу. Әбдіғапар мен Амангелді қыс бойы сарбаздарын соғысқа дайындады: қатал әскер тәртібі енгізілді, соғыс тәсілдері үйретілді. Осындай жағдайда Әбдіғапар барлық істі ақылдасып, елмен (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) бірге шешуді дұрыс көрді. Әбдіғапардың қарамағындағы сарбаздардың саны күннен-күнге өсті. Сарбаздарды топтастыруда, мылтықтары бар 200 сарбаздан 5 ерекше мергендер тобы құрылды (әрқайсысында 40 мергеннен болды), соның екі тобы винтовкамен қаруланған еді. Мыңбасылары жорыққа шыққанда жанында 40 мерген ертіп жүретін. Мергендерді жаттықтыруға Кейкі, Жағыпар тағайындалды. Кейкі бүкіл Торғай еліне аты шыққан мерген, халық оны “қол мерген” деп атайтын, себебі, мылтығын бір қолымен ұстап сермеп қалып, атып дәл тигізетін. Өзі де қарулы болған, мінезі шатақтау, аяушылықты білмеген.      ...Торғай маңында үлкен екі қарақшылар тобы бар: біріншісі… (бұл кезде тарап кеткен), екіншісі қаланың солтүстігінен 150 шақырымда Қараторғай болысында, Әбдіғапар Жанбосынов хандікі... Жанбосын ханның көтерілісшілерінің бір тобы Шолақсай керуен жолын торуда, мақсаттары керуендерді басып алу. Әбдіғапар мен Амангелді сарбаздарын соғыс тәсілдеріне үйрете отырып, дүркін-дүркін мыңбасыларын жорықтарға шығарып отырды. Ақпанның ортасында Уәлі сарбаздары Қарақоғада күшті әскер тобын қарсы алып, күні бойы соғысты, бір-екі күннен кейін осы әскермен Қосжан, Карбоз сарбаздары Құмкешуде шайқасқа түскен. Сарбаздардың батыл қимылдарын проф.К.Харлампович (1926 жылы жазған кітабында) былай түсіндіреді: …Сарбаздар кешегі ауылдың балалары, соғыспақ түгіл мылтықтың не екенін білмейтін жастар… Кенесары сарбаздарына ылғи кедейлерге: “сендерді байытамын” деп армиясын құрды. Ал бүгінгі сарбаздар саналы түрде елін-жерін, қазағын қорғаймын деп келді. Сондықтан да олар қолында тек шоқпары болса да, жан-тәнін аямай, азулы жауға қарсы тайсалмай тиісетін. Торғай қазақтарының 1916-1917 жылдардағы патшаға қарсы жүргізген соғыс әрекеттері ерліктің ұлы өнегесі еді.

    Жазалаушы жасақтар қимылы. Патша үкiметi жазалаушы әскерiнiң бейбiт халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары.

    1916 жылғы тамыз айының 21-інде Ташкентте жергілікті қауымның мәжілісіндегі сөзінде Түркістан генерал-губернаторы А. Н. Куропаткин патшаның маусым жарлығын қандай кедергі болса да іске асырудан бас тартпайтындығын мәлімдеді. Күш көрсетуден тайынбайтындығын білдіреді. Сөзінде тұрған Түркістан генерал-губернаторы «бұратана» халықтардың көтерілісін қанға бояумен ерекше көзге түсті.

    Қазақстан мен Орта Азияның басқа аймақтарындағы көтерілістің кеңінен етек жаюы патша әкімшілігінің ерекше үрейін туғызды. Көтеріліс Түркістан өлкесінің құрамына кіретін барлық дерлік қазақ ауылдарын шарпыған болатын. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды. Олар бірден-ақ халық қозғалысын қатаң жазалау шаралары арқылы басып тастау керек деп шешті. Бұған дейін де талай уақыт бойы отарлық езгінің шектен тыс тауқыметін кешіп келе жатқан қазақ халқының басына тағы да ауыр күндер туды.

    Қозғалысты басуға, негізінен, Түркістан, Омбы, Қазан, Пермь әскери округтерінде жасақталған әскери құрамалар, казак әскерлері қатысты. Жазалаушы топтар үш бағытта: Әндіжан қаласы мен Нарын бекінісі жағына Черняевті (Шымкентті) басып өтетін жол арқылы Пішпек және Тоқмақ қалалары бағытына; темір жолмен Семейге, осы қоныстан Сергиополь–Лепсі–Верныйға аттандырылған.

    Түркістан өлкесіндегі жазалау жасақтарының қиянатын арнайы тексерген Мемлекеттік Думаның комиссиясы патша әскерлерінің айрықша қаталдықпен қимыл жасағанын, ер-азаматты ғана емес, әйелдер мен балаларды да аяусыз қырғынға ұшыратқанын атап көрсетеді.

    Патша генералдары әскерлерге қозғалысқа қатысушыларды аяусыз жазалауға тапсырма берді. Жетісу губернаторы Фолъбаум уезд бастықтарына берген бұйрығында: «Бүлікті тез басу үшін әскерлер қозғалысқа қатысқан бір болыс елдің әлденеше жүз адамын бірден қырып салып, үлгі көрсеткені дұрыс болады», – деп атап көрсетті. Қанды шеңгел генералдың бұл бұйрығы қалай орындалғанын оның 1916 жылдың 14 тамызындағы хабарламасынан да көруге болады. «Верный уезінде алғашқылардың бірі болып Ботбай болысы көтерілді. Хорунжий Александров өз жүздігімен 10 тамыз күні Тарғаптың теріскей бетіндегі далада елді қуып жетіп, 3 ауылды түгел қырып салды. Қоныстарын өртеп, малын айдап әкетті».

    Мұндай жазалау операцияларының озбырлығы Торғай уезінде де байқалды. Торғай уезінің қазақтары жазалау жасағының әрекеттері туралы жазған шағымында: «Уезд бастығының көмекшісі қырға шыққан кезінде бізге адам айтқысыз зәбір көрсетті, 100-ден астам адамды өлтірді. Олардың көбі әйелдер мен балалар еді. Оған қоса келіншектер мен қыздарды жәбірледі. Бірнеше қыстауларды өртеді» – деп атап көрсетті.

     Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасын жиі қолданған. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал – губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық, ауылдық ) қызметкерлері, жергілікті (бұратана) халықтың полицияның төменгі орындарында істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың өкілдері, дворян және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобы болды. Далалық ауданда көтерілісшілерді қолға түсірудің қиындығын білген патша жендеттері бейбіт ауылдарға бас салып, олардың малдарын айдап әкетіп отырды. Бұл өз кезегінде халықтың жоқшылыққа, аштыққа, өлім-жітімге көп ұшырауына себепкер болды.

    Қозғалысқа қатысушыларға қарсы құқықтық, әкімшілік жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Түрмелер қозғалысқа қатысы бар адамдарға лық толды. 1916 жылдың өзінде Торғай облысындағы түрмеге 3 мыңнан астам адам қамауға алынды. Патша соттары қозғалысқа қатысушыларға соғыс уақыты заңымен үкім шығарды.

    Көтерілісшілерді жазалау олардың жерін тартып алумен қатар жүрді. Шу өзені мен Ыстықкөлдің маңайында коныстанған 200 мың қазақтар мен қырғыздар таулы, тасты Нарын ауданына көшіріліп, олардың орнына орыс шаруалары орналастырылды.

    Осылайша көтеріліске қатысы бар дегендердің барлығы дерлік туып-өскен мекендерінен айырылып, жері қолайсыз аудандарға қуылды. Патша мақұлдаған генерал-губернатордың жоспары бойынша 1916 жылы оқиғалардың қайнаған ошағы болған жергілікті үш қоныс жермен-жексен етілді. Олардың 2 954 десятина жеріне 200 орыс отбасы орналастырылды. Кейіннен осы жаңа қоныс «Русское село» деген атауға ие болды.

    Ұлт-азаттық қозғалысты басып-жаныштау барысында патша үкіметі «өртке оранған жер» стратегиясын қолданды. Патша өктемдігіне қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің кезінде 150 мың адам шығыны болды. Көтерілістің екінші бір ошағы – Торғай облысындағы қозғалысты басу үшін генерал Лаврентьев бастаған арнайы жазалау экспедициясы жасақталды. Оның құрамында Қостанай, Ақтөбе, Торғай, Ырғыз жасақтары мен казак жасақтары болды. Кейіннен 1916 жылы 13 қарашада әскери кимыл ауданына Қазан, Пермь, Орынбордан қосымша полктар тартылды.Көтерілісшілер біркатар жерде жазалау жасақтарына күшті қарсылықтар ұйымдастырды. Әсіресе Торғай ошағында көтерілісшілер саны 1916 жылы қарашада 50 мың сарбазға дейін жеткен. Бас штаб бұл жасақтардың жүйелі түрде ұйымдасқан негізде әрекет етуіне, техникалық құралдармен жабдықталуына ерекше мән берді.

    Ақмола, Семей облыстарындағы көтерілісшілерге қарсы генерал Ягодкин бастаған 12 атты әскер жүздіктері, 11 жаяу әскер роталары жіберілді. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық шығармасы 1916 жылғы жаздағы жалпыхалықтық қозғалыстың барысын көз алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. Бірақ Ақмола, Семей, Орал облыстарындағы жалпыхалықтық бас көтерулер үлкен қарулы қақтығыстарға соқты. Бұл жерлердегі Сібір, Орал, Қазан әскерлері өз бақылауын жіті жүргізіп отырды.

    Күшті қарсылықтар Торғай облысында ерекше байқалды. Амангелді Иманов бастаған көтерілісшілер жазалаушылармен әлденеше рет шайқастар өткізді. Мысалы, Татыр көлінің маңында болған шайқаста патша әскерлерінің бір жүздігіне тек қылыш және мылтықпен қаруланған 4 мыңдай көтерілісші қарсы тұрды.

     



    Әлихан Бөкейханов

     



    Міржақып Дулатұлы

     

     

    Тұрар Рысқұлов

     

    Бас сауғалап шетелге қоныс аударған қазақтар. Патшалық сот, әскери жазалау күштерінің қысымынан көтеріліске қатысқан адамдардың бір бөлігі бас сауғалап, Шыңжаңға көшіп кетуге мәжбүр болды. 1916 жылғы оқиғалардың алғашқы зерттеушілерінің бірі Т.Рысқұловтың мәліметтері бойынша, жарты миллионнан астам қазақтардың Қытайға қоныс аударғаны белгілі. Осының салдарынан Жаркент, Пржевальск, Лепсі, Верный, Пішпек уездері халқының саны кеміп кеткен.

    Түркістан өлкесінде сол жылдары 7 млн «жергілікті ұлт өкілдері» мен 540 мың орыстар болды. Жетісудағы қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап Қытайға босып кеткен кезде олардың 2,5 млн десятина шұрайлы жері казак әскерлеріне берілді.

    Сонымен, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс басып-жанышталды. Патша Жарлығы бойынша Орталық Азия мен Қазақ өлкесінен 400мың адам, оның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам алу көзделген еді.

    1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Империализм мен бірінші дүние жүзілік соғыс жағдайларында Амангелді Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары мен Наурызбай Қасымұлдарының бастаған тәуелсіздік жолындағы күреске көтерді. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916 ж. көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің басты міндеттерімен салыстырғанда бұл көтерілістің таптық жағы (ауылдың феодалдық басшы топтарына қарсы күрес) екінші кезектегі мәселе болып қалды.

    Көтерілістің жеңілуі және оның салдарлары. 1916 жылғы көтерілісте ауыр зардап шеккен – қазақтар. Жазалаушы әскери бөлімдердің көтеріліске қатысы бар деген ауылдарды қырып-жою әрекеттері көшпенділердің басты өмір көзі – мал санын күрт төмендеткен.

    Далалық ауданда көтерілісшілерді қолға түсірудің қиындығын білген патша жендеттері бейбіт ауылдарға бас салып, олардың малдарын айдап әкетіп отырды. Бұл өз кезегінде халықтың жоқшылыққа, аштыққа, өлім-жітімге көп ұшырауына себепкер болды.

    1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс -Шығыс халықтарының отарлық жүйеге қарсы күресінің жалғасы болды. Өзінің ұлттық құрамы жөнінен, негізінен, қазақтардан тұрды. Тек қана өлкенің оңтүстігінде, Жетісу мен Сырдария облыстарында оған жалпы қазақтармен бірге ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және кейбір басқа халық-тардың өкілдері, сондай-ақ қазақ жұмысшылары да қатысты.

    Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді. Хандық билік жүйесі қайта жаңғырды. Қазақ даласында 50-ге жуық хандар сайланды.

    Жеңілу себептері. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері – оның бытыраңқылығы, көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың жеткілікті болмауы, патша үкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы еді.

    Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық-либералдық бағыттағы Алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша үкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады. 1916 жылғы көтерілістен кейін іле-шала жүргізілген жазалау шаралары, мыңдаған адамдардың қаза табуы бұл қауіптің орынды болғандығын растайды.

    Дегенмен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы зор, халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуіне, өз еркіндігі үшін күрес жолында кемелдене түсуіне ықпал жасады. Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол – 1916 жылы қазақ зиялыларының көсемдері, яғни ұлт – азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады ? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай, тағыда қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.

     Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас – аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі кейбір зерттеушілер тарапынан болашақ «Алаш» партиясының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары пікірлерге дейін барды. Алашордалықтардың көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді. Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б.) серіктерімен бірге майданға (реквизициаланғандармен) атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге оралуы екі талай еді.

     

    Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдарлары

     



     

                Глоссарий:

                «Өртке оранған жер» стратегиясы – 1916 жылы патша өкіметінің жазалушы отрядтарының қолданған жаза түрі.

                1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс орталықтары –Торғай мен Жетісу

                Амангелді Иманов – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымұлының үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі.

                Бекболат Әшекеев – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Жетісудағы орталығының жетекшісі, халық батыры.

                Әбдіғапар Жанбосынов – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, 1916 жылы қазанда оны көтеріліс жасаған халық ақ киізге көтеріп, Торғай қыпшақтарының ханы етіп жариялады.

                Әліби Жангелдин – қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы, азамат соғысының ардагері.

                Тоқаш Бокин – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Қазақстанда (Жетісуда) Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы.

     

                Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.Қазақстан тарихы 11 сынып. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Алматы «Мектеп», 2007 ж., 2011 ж.

    2.      Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» баспасы,1994 ж.

    3.      Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995 ж.

    4.      Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991 ж.

    5.      Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. «Атамұра», 1999 ж.


    написать администратору сайта