анат қал артериясы реф. Реферат ол артериялары Орындаан Оспанбай ф курс 2курс Топ 208 a ом
Скачать 192.04 Kb.
|
A. axillaris жүретін жолы бойында үш бөлімді ажыратады: 1) бүғанадап m. pectoralis minor-дың жоғарғы жиегіне дейін (trigonum clavi-pectorale); 2) осы бұлшықет артындағы бөлім - m. pectoralis major-дың (trigonum subpectorale) төменгі жиегіне дейін. Trigonum clavipectorale-дегі тармақтары: 1. A. thoracica superior — жоғарғы кеуде артериясы, m. subclavius-те, екі кеуде бұлшықеттерінде, m. serratus anterior-да, ең жақын қабырғааралық бұлшықеттерде тармақталады. 2. A. thoracica thoracoacromialis кеуде-акромион артериясы, иық буынын, т. deltoideus-ті және екі кеуде бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етуге қатысады. 3. A. thoracica lateralis - латералды кеуде артериясы, кеуде торының бүйір қабырғасымен төмен түсіп, сүт безі мен өзінің айналасындағы бұлшықеттерге тармақтар шығарады. Trigonum subpectorale-де: 4. A. subscapularis - жауырынасты артериясы, колтық артериясының ірі тармағы, т. subscapularis-тің төменгі жиегіне жақын жерден басталып, осы бұлшықет бойымен төмен түсе отырып, оған тармақтар береді; көп ұзамай екі сабауға бөлінеді: a) a. circumllexia scapulae, ол foramen trilaterum арқылы жауырынның дорсалды бетіне келіп, сол жерде а. suprascapularis-пен жалғасады; ә) a. thoracodorsalis жауырынның латералды жиегі бойымен жүретін жауырынасты артериясының жалғасы болып табылады. 5. A. circumflexia humeri posterior тоқпан жіліктің артқы айналма артериясы, кейін foramen quadrilateram арқылы өтіп, артқы жағынан тоқпан жіліктің хирургиялық мойнын айналып өтеді, өзі тармақтар беретін дельта тәрізді бұлшықетпен бүркелген. 6. A. circumflexia humeri anterior тоқпан жіліктің алдыңғы айналма артериясы, алдыңғы айтылгап артериямен бір деңгейде басталып, латералды бағытта жүріп, иықтың хирургиялық мойнын алдынан орап өтіп, иықты қоршайтын артқы артериямен жалғасып, бұлшықеттер мен иық буынына тармақшалар береді. Қолтық артериясының барлық тармақтары бұғанаасты артериясының тармақтарымен кеңінен жалғасады, сондықтан қолтық артериясына лигатураны a. subscapularis шығатын жерден жоғарылау салған қолайлы. Бұғанаасты артериясын оның бастапқы бөлімінде таңу көбіне гангренаға әкеледі, ал truncus thyrocervicalis шығатын жерден дисталдылшау таңу мұндай зардап бермейді. Иық артериясы - a. brachialis қолтық артериясының тікелей жалғасы болып табылады. Ол in. teres major-дың төменгі жиегінен басталып, sulcus bicipitalis-те шынтақ бөгілісіне дейін созылып, сол жерде кәрі жілік мойны деңгейінде соңғы тармақтарына кәрі жілік және шынтақ артерияларына бөлінеді. Sulcus bicipital is medialis-ке өтетін жолында оған екі иық венасы мен нервтер (n. medianus, n. ulnaris, п. cutaneus brachii medialis et n. cutaneus antebrachii mcdialis) қосарланады. Сүйек пен бұлшықеттерге баратын кішкене тармақтардан басқа иық артериясы мынадай тармақтар береді: 1. A. profunda brachii - иықтың терең артериясы, a. brachialis-тен, оның басталған жерінен кейін іле-шала шығады, ірі тармақ - п. radialis-пен бірге canalis humeromuscularis-ке өтеді, жолында тоқпан жілікті қоректендіретін артерия (a. diaghyseos humeri) шығарып, m. triceps қабатына өтетін және a. interossea reccurens-пен (a. in-terossea posterior-дан) анастомоз құрайтын a. collateralis media-ға және a. collateralis radialis-ке ыдырайды; соңғы артерия иық бұлшықет өзегінің төменгі тесігі арқылы сыртқа шығып, epicondylus lateralis-тең алға қарай жүріп, a. reccurens radialis-пен (a. radi-alis-тің тармағы) қосылып, анастомоз құрайды. Терең иық артериясы көбінесе (50% жағдайда) иық немесе қолтық артерияларының басқа тармақтарымен бірге шығады немесе болмайды (30% жағдайда). 2. A. collateralis ulnaris superior шынтақтың жоғарғы жанама артериясы, иықтың орта тұсында иық артериясынан шығып, epicondylus medialis-тің артындағы жүлгеге түсіп, сол жерде a. reccurens ulnaris posterior-мен (a. ulnaris-тің тармағы) жалғасады. 3. A. collateralis ulnaris inferior -шынтақтың төменгі жанама артериясы, иық артериясынан шамамен оның аяқталар жерінен 5 см жоғарылау жерден шығып, epicondylus medialis-тен алға карай a. reccurens ulnaris anterior-мен (a. ulnaris тармағы) жалғасады. Кәріжілік артериясы - a. radialis ағыты жағынан иық артериясының жалғасы болып табылады. Ол алғашқы кезде оны жауып тұратын т. brachioradialis-тен медиалды өтіп, одан әрі sulcus radialis-ке барады; білек бұлшықеттерінің сіңірге ауысатын төменгі үштен бірінде кәрі жілік артериясы бет жағынан тек шандыр және терімен ғана жабылған, сондықтан оңай білінетіндіктен тамырдың соғуын анықтау үшін пайдаланады. Кәрі жіліктің біртәрізді өсіндісінің ұшына жетіп, a. radialis білезіктің латералды жиегін орап және "шақша" деп аталатын құрылым арқылы өтіп, сыртқы жағына ауысады. Одан кейін I және II алақан сүйектердің негіздері арасындағы бірінші сүйекаралық кеңістікте алақанға шығады. Кәрі жілік артериясы алақанда - а. ulnaris-тің терең тармағымен бірге arcus palmaris profundus - терең алақан доғасын түзеді. Кәріжілік артериясының тармақтары A. reccurens radialis - кәрі жіліктің қайырылма артериясы, шынтақ шұңқырында басталып, латералды айдаршықтың алдыңғы бетіне проксималды бағытта жүріп, сол жерде жоғарыда көрсетілгендей a. collater-alis radialis-пен (a. profunda brachii-ден) жалғасады. 2. Rami musculares айнала қоршаған бұлшықеттерге барады. 3. Rami carpeus palmaris білезіктің алақандық тармағы, білектің төменгі бөлігінде басталып, a, ulnaris тен шығатын сондай тармаққа қарсы шынтақ сүйек жаққа қарай жүреді. Ramus carpeus palmaris a. ulnaris-пен жалғасудан білезіктің алақан бетінде rete palmare түзіледі. 4. Ramus palmaris superflclаlis беткей алақандық тармақ, thenar үстінен өтеді немесе оныц беткей қабаттарын тесетін, шынтақ артериясы ұшымен қосылып, arcus palmaris superficialis-ке енеді. 5. Ramus carpeus dorsalis білезіктін сыртқы тармағы, шақша аймағьша шығып, а. ulnaris-тің аттас тармағымен бірге білезік сыртында сүйекаралық артериялардап да (аа. interossea anterior et posterior) тармақшалар қабылдайтын тор rete carpi dorsale - түзеді. Шынтақ артериясы, a. ulnaris, иық артериясының екі соңғы тармақтарының (ірілеу) бірі болып табылады. Ол шынтақ шұңқырында (кәрі жілік мойнына қарсы) басталған жерінен m. pronator teres астына келіп, білектің ортаңғы үштен біріне дейін шынтақ жағына қисая қиғаш жүреді. Төменгі үштен екі бөлікте ол алдымен m. flexor digitorum superficialis және т.б. flexor carpi ulnaris аралығында шынтақ жілікке параллель жүріп, ал төменгі үштен бір бөлігінде бұлшықеттердің сіңірлерге ауысуына байланысты білектің сыртқы бетіне жакындай түседі (sulcus ulnaris). Бұршақтәрізді сүйектің кәрі жіліктік жағында шынтақ артериясы canalis carpi ulnaris-ке (spatium interaponeuroticum) өтіп, алақанға ауысып, arcus palmaris superficialis құрамына енеді. |