Конспект анатомия. рк-4. 1.олты артериясы жне оны тарматары
Скачать 247.69 Kb.
|
1.Қолтық артериясы және оның тармақтары; Қолтық артериясы, a. axillaris, қолтық шұңқырында орналасады. Ол тікелей a. subclavia жалгасы, бұгананың төменгі жиегінен үлкен кеуде бұлшықетінің томенгі жиегіне дейін орналасады, осы тұстан қолтық артериясының жалгасы иық артериясы, a. brachialis. Қолтықартериясынколтық ш ұңқырының алдыңгы қабыргасындағы үш үш бүрышқа сәйкес шартты түрде үш бөлікке бөледі: 1. Бүғана - кеуде үш бұрышына сэйкес белік (бүғанадан т. pectoralis minor жоғаргы жиегіне дейін); екінші-кіші кеуде бұлшықеті деңгейіне сәйкес, үшіншікеудеасгы үш бүрышы деңгейіне сэйкес (кіші кеуде бұлш ықетінің төменгі жиегінен үлкен кеуде бүлш ықеттің төменгі жиегіне дейін). Қолтық артериясының бірінші бөлігі алдынан fascia clavipectoralis-бeu жабылып, m. serratus anterior-дың жогаргы тістерінде жатады. Артерияныц ішінен жэне алдынан бүганаасты венасы, v. subclavia, алдынан жэне сыртынан - иық орімінің сабаулары, plexus brachialis, орналасады. Қолтық артериясының бүл бөлігінен келесі тармақтар таралады: 1 .Ең жогаргы кеуде артериясы,а. thoracica suprema, бұғананың төменгі жиегінде басталып, медиалді жэне томен багытталады жэне екі жогаргы кабыргааралык бұлшықеттерге, алдыңгы тісті бұлшықетке, сонымен бірге үлкен жэне кеуде бүлшықеттері мен сүт безіне тармақтар береді. 2. Кеуде - акромион артериясы, a. thoracoacromialis, кіші кеуде бүлшықетінің жогаргы-медиалді жиегінде басталын, fascia clavipectoralis-кс гереңінен беткейге кіріп, келесі тармақтарга бөлінеді. а) Акромион тармағы, ramus acromialis, жогары жэне сыртқа багытталып, үлкен кеуде жэне дельтатәрізді бұлшыкеттердің астына отіп, аталган бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етеді. R. Acromialis иық өсіндісіне жеткен соң, иық буынына тармақтар береді жэне a. Suprascapularis тармақтарымен бірігіп, акромионның торын, rete acromiale, түзеді. б) Бұғаналық тармақ, r. clavicularis, бүгана аймагына багытталып, бүганаасты бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді. в) Дельтагәрізді тармақ, r deltoideus, томен жэне сыртқа жүріп, т. pectoralis major мен т. deltoideus арасындагы жүлгеде жатады, аталган бүлшықетгерді қанмен қамтамасыз етеді. г) Кеуделік тармақтар, rr. pectorales, үлкен жэне кіші кеуде бүлшықеттері мен алдыңгы тісті бүлшықетке барады. Қолтық артериясының екінпіі бөлігі кеуде бүлшыкетінің артында орналасып, иық өрімімен артынан, медиалді жэне латералді қоршалады. Қолтық артериясының бүл бөлігінен тек бір гана тармақ-латералді кеуде артериясы таралады. 1. Латералді кеуде артериясы, a. Thoracica lateralis,қолтық артериясының төменгі перифериясынан басталып, томен багытталады, алгашында кіші кеуде бұлшықетінің артында, кейін алдыцгы тісті бүлшықеттің сырткы бетінде жатады. Артерия қолтық ш үцқырындагы лимфа түйіндері мен шелмайды, сонымен катар алдыцгы гісті, кіші кеуде бүлшықеттерін, сүт безін (rr. mammari laterales) қанмен қамтамасыз етіп, aa. intercostales жэне rr. pectorales a. thoracoacromialis-беп анастомоз түзеді. Қолтық артериясының үшінші бөлігі үлкен кеуде бүлшықетінің артында, жауырынасты бүлшықеті мен арқаның жалпақ бүлшықеті сіңірінде және үлкен жұмыр бүлшықетте жатады; артерияныц сыртынан құстұмсық-иық бұлшықеті орналасады. Иық өрімінің тармақтары артерияныц бүл бөлігінен бүйір жэне алдынан орналасады. Қолтық артериясының үшінші бөлігінен келесі артериялар тармақталады: 1 .Жауырынасты артерия, a. subscapularis, жауырынасты бүлш ықеттің төменгі жиегі деңгейінде басталып, томен багытталады, екі тармаққа бөлінеді: а) жауырынның айналма артериясы, a. circumflexa scapulae, артқа жүріп, үш жақты тесіктен өтеді жэне жауырынның бүйір жиегіне оралып, жогары қылқанасты шүңқырына багытталады. Mm. subscapular is, teres major et minor, latissimus dorsi, deltoideus, infraspinatus қанмен қамтамасыз етіп, a. transversa colli жэне a. Suprascapularis тармақтарымен анастомоз түзеді. б) Кеуде-арқа артериясы, a. thoracodorsalis, жауырынасты артериясы сабауының багытын жалгастырады. Ол қолтық шүңқырының артқы қабыргасы бойымен томен жүріп, жауырынныц бүйір жиегімен, т. subscapularis пен тт. latissimus dorsi et teres major арасындагы саңылау аркылы жауырынның төменгі бұрышына жетеді жэне т. latissumus dorsi қалыңдыгында r. profundus a. Transversae colli-мен анастомоз түзеді. 2. Тоқпан жіліктің алдыңғы айналма артериясы, a. circumflexa humeri anterior,қолтық артериясыныц сыртқы жагынан басталып, құстүмсық-иық бүлшықетінің астымен латералді, кейін иықтыц екі басты бұлшықетініц кысқа басыныц астымен, тоқпан жіліктіц алдыцгы бетімен жүріп, төмпешікаралық жүлге аймагына жетеді де, екі тармаққа бөлінеді: біреуі жогарылаган багытта жүріп, иықтыц екі басты бүлшықетініц үзын басы сіцірімен ере жүреді жэне иық буынына еніп, тоқпан жілік басына багытталады; екіншісітоқпан жіліктіц сыртқы жиегін айналып, a. circumflexu humeri, posterior анастомоз түзеді. 3 .Тоқпан жіліктің артқы айналма артериясы, a. circumflexa humeri posterior, қолтық артериясыныц артқы бетінен, a. Circumflexa humeri anterior-Meu бірге басталып, артқа багытталады жэне тортжақты тесікі арқылы өтіп, тоқпан жіліктіц хирургиялыкі мойнының артқы жэне сыртқы беттерін айналып, қолтық нервпен, п. axillaris бірге дельтатәрізді бүлшықеттіц терец бетінде жатады. A. circumflexa humeri posterior, a. circumflexa humeri anterior, a. Circumflexa scapulae a. thoracodorsalis жэне a. suprascapularis анастомоз түзеді. Ол иық буыныныц буын қабын, дельтатәрізді бұлшықетті жэне сол аймақтыц терісін қанмен камтамасыз етеді. 2. Иық артериясы және оның тармақтары; Иық артериясы, a. brachialis - қолтық артериясыныц тікелей жалгасы. Ол үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі жиегі децгейінде басталып, қүстұмсық-иық бүлшықеттіц алдында, кейін иық бұлшықеті бетіндегі sulcus bicipitalis medialis-те жатады. Жүлге бойымен томен жүріп шынтақ шүцқырына жетеді. Бүл жерде дөцгелек пронатор мен иықкэріжілік бүлшықеттері арасындагы кішкене науада, т. Bicipitalis brachii аноневрозыныц астында екі тармаққа бөлінеді: кэріжілік артериясына, a. radialis,жэне шынтақ артериясына, a. ulnaris. Иық артериясымен екі иық веналары, w. brachiales жәие орталық нерв, п. medianus, қосарланып жүреді. Соцғысы иықтыц жогаргы үшінде артериядан, ортацгы бөлігінде - алдынан, төменгі болігінде артерияныц медиалді беті бойында орналасады. Иық артериясы иық веналарымен жэне оргалық нервпен бірігіп, иықтыц қантамыр нерв будасын түзеді. Иық артериясынан келесі тармақтар таралады: 1. Иықтың терең артериясы, a. Profunda brachii, иық артериясыныц артқыішкі бетінен, иықтың жоғарғы үш бөлігінде басталады. Кэріжілік нервпен, п. radialis, бірге артқа багытталып, тоқпан жіліктің артқы бетін спиральтәрізді айналады. Иықтың терең артериясы көрсетілген өзектен шыққан соң, кэріжіліктің жанама артериясына, a. collateralis radialis, жалгасады. Ол алгашында septum intermusculare brachii laterale артында, кейін шынтақтың буын торының, retearticulare cubiti, түзілуіне тармақтар беріп, sulcus cubitalis anterior lateral is-те жатады жэне a. recurrens radialis-пен анастомоз түзеді. Иықтың терең артериясы келесі тармақтар береді: а) Дельтатәрізді тармақ, r. deltoideus,иықтың терең артериясының алгашқы бөлімінен таралып, құстұмсық-иық жэне иықтың екі басты бүлшықеттерініц астында жатып, оларга тармақтар беріп, тоқпан жіліктің алдыңгы бетімен дельтатэрізді бұлшықетке жетеді. б) Тоқпан жілікті қоректендіретін артериялар, аа. nutriciae humeri, тоқпан жіліктің қоректендіретін тесіктеріне багытталады. в) Ортаңғы жанама артерия, a. Collateralis media, иықтың үшбасты бұлшықетінің латералді жэне медиалді бастарының арасымен томен жүреді. Кейін латералді басы қалыңдыгына еніп, шынтақ буынына жеткен соң, sulcus cubitalis posterior lateralis- ve жатады жэне осы тұста шынтақтық буын торы, rete articulare cubiti, түзілуіне қатысады. г) Бұлшықеттік тармақтар, rr. musculares,иықтың үшбасты жэне қүстүмсықиық бұлшықеттеріне барады. 2. Шынтақтың жогаргы жанама артериясы. a. collateralis ulnaris superior, иық артериясының медиалді бетінен, иықтың терең артериясының тармақталатын жерінен сәл төмен басталады. Төмен бағьпталып, шынтақ нервке, п. ulnaris, жақындайды, онымен медиалді айдаршыққа жетеді де, шынтақтың буын торы, rete articulare cubiti, түзілуіне қатысады. Артерия иық бүлшықетін, иықтың үш басты бүлшықетінің медиалді басын жэне осы аймақтың терісін қанмен қамгамасыз етіп, медиалді айдаршықта, r. posterior a. recurrentis ulnaris, анастомоз түзеді. 3. Шынтақтың төменгі жанама артериясы, a. collateralis ulnaris inferior, иық артериясының медиалді бетінен, иықтың төменгі үшінде басталады. Иық бүлшықетінің алдыңғы бетімен гөмен багытталып, шынтақтың қайырылма артериясының алдыңгы тармағымен, r. anterior a. recurrentis ulnaris, анастомоз түзеді. Өзінің тармактарымен медиалді айдаршық аймагына жетіп, septum intermusculare mediale-ге кіреді жэне шынтақтың буын торы, rete articulare cubiti, түзілуіне қатысады. 3)Кәрі жілік және шынтақ жілік артериялары,тармақтары Кәріжілік артериясы, a. radialis, иық артериясынан шынтақ шүңқыры аймағында таралады. Кәріжілік артериясы төмен бағытталып, кішкене сыртқа бүгіліп, дөңгелек пронатор бүлшықеттің алдыңғы бетімен жүреді. Иықкәріжілік бүлшықеттің медиалді жиегіне жетіп, осы бүлшықет пен дөңгелек пронатордың арасында, кейін иықкәріжілік бүлшықет пен білезіктің кәріжіліктік бүккіші арасына, sulcus radialisте, жатады. Артерияның жан-жағында екі кәріжілік веналары, vv. radiales, орналасады. Кәріжілік артериясы, a. radialis, білектің төменгі үшінде фасция жэне терімен жабылып, беткей орналасады. Бүл жерде жақсы анықталып, кэріжілікке қысуга мүмкін. Кейін кэріжілік артериясы, өзінің томендеген бағытын жоймай, кәріжіліктің бізтэрізді өсіндісі түсында артқа бүрылады. Бас бармақты әкететін үзын бүлшықет пен бас бармақтың қысқа жазгышы сіңірлерінің астымен анатомиялық табакеркага жетеді. Бұл жерде кэріжілік артериясы өз бағытын өзгертіп, бірінші саусақаралық кеңістіктің бүлшықетіне еніп, қол үшының алақан бетіне шыгады; кейін шынтақ жиегі жағына догаланып бүрылып, терең алақандық тармақпен, r. palmaris profundus a. ulnaris, қосылып, терең алақандық доғаны, arcus palm aris profundus, түзеді. Кәріжілік артериясының тармақтары: 1. Кәріжіліктің қайырылма артериясы, a. recurrens radialis, кәріжілік артериясының сыртқы бетінен шынтақ шүңқыры аймагында басталып, иық жэне иықкәріжілік бүлшықеттерінің арасынан сыртқа багытталады. Кэріжіліктің қайырылма артериясыныд тармақтары коршілес жатқан бүлшықеттерге багытталады. Сонымен қатар латералді айдаршықта a. profunda brachii тармагы a. collateralis radialis-neu анастомоз түзіп, шынтақтыц буын горы, rete articulare cubiti, түзілуіне қагысады. 2. Бұлшықеттік тармақгар, rr. musculares, кәріжілік артериясының барлық деңгейінде тармақгалып, білектің бұлшықеттеріне барады. 3. Білезіктің алақандық тармағы, г. сагpeus palmaris, кәріжілік артериясынан шаршы пронатор бүлшықеттің томенгі жиегі деңгейінде басталып, білектің ш ынтақтық жиегіне багытталады жэне ш ынтақ артериясының тармагы ramus carpeus palm aris-бен анастомоз түзіп, білезіктің алақан торын, rere carpi palmare, түзуге қатысады. 4. Беткей алақандық гармақ, r. palmaris superficialis, кэріжілік артериясынан кәріжіліктіц бізтэрізді осіндісі деңгейінде басталады, яғни оның анатомиялық табакеркаға өтуіне дейін; ол томен багытталып, тенар бұлшықеттерінің үстімен жүріп, олардың қалыцдығына отеді жэне шынтақ артериясымен анастомоз түзіп, беткей алақандық доға, arcus palm aris superficialis, түзеді. Беткей алақандық тармақ, сонымен қатар, тенар аймагының бұлшықеттері мен терісін канмен қам гамасыз етеді. 5. Білезіктің сыртқы тармағы, r. carpeus dorsalis ,кэріжілік артериясыныц анатомиял ықтабаркеркадан шыққан жерінен басталады. Қолүшы негізінің сыртқы бетімен шынтақ жиегіне бағытталып, шынгақ артериясының тармағы r. carpeus a. ulnaris-бен анастомоз түзін, білезіктің сыртқы торын, rete carpi dorsale, түзуге қатысады. 6. Алақан сүйектің сыртқы басбармақ артериясы, a. metacarpea dorsalis prima, кэріжілік артериясынан қолүшының сыртқы бетінде, артерияның бірінші сүйекаралық сыртқы бүлшықеті қалыңдығына енген жерінен басталады. Алақан сүйектің сыртқы басбармақ артериясыныц тармақтары I жэне II саусақтардың бір-біріне караған сыртқы бетіне багытталады. 7. Басбармақ артериясы, a. princeps pollicis, кәріжілік артериясынан немесе сүйекаралық бүлшықет қалыңдығында немесе оның алақан бетіне шыққан жерінен басталып, саусақтардың үпі алақандық меншікті артерияларына, aa. digitales palmares propriae, болінеді. Соңғылары алақан бетімен I саусақтың бүйір жиектеріне жэне II саусақтың кэріжілік жағына барады. Шынтақ артериясы, a. ulnaris калибрі бойынша иық артериясының жалгасы болып саналады жэне иық артериясынан шынтақ шұңқырында, шынтақ сүйектің тәждік өсіндісі деңгейінде басталады. Білектің медиалді жиегіне төмен бағытталып, саусақтардың беткей жэне терең бұлшықеттерінің арасында орналасады. Шынтақ артериясы білектің ортасында саусақтардың беткей бүккіші мен білезіктің шынтақтық бүккіші арасындағы шынгақ жүлгесінде орналасып, жүлге бойымен білектің дисталді боліміне барып, қолұшына отеді. Кәріжілік - білезік буыны аймағында шынтақ артериясы бұршақтәрізді сүйектен латералді орналасып, retinaculum fiexorumда жатады, тек қана білезіктің алақандық жалғамасымен жабылған. Ш ынтақ артериясы қолүшының алақан бетінде кэріжілік жиегіне бүрылып, кәріжілік артериясыныц тармағы, r. palmaris superficialis a. radialis, косылып, алақан апоневрозы асгында орналасқан беткей алақандық доғаны, arcus palmaris superficialis, түзеді. Шынтақ артериясы оз жолында екі шынтақ венасымен қосарланып жүреді. Шынтақ артериясынан келесі тармақтар басталады. 1. Шынтақтың қайырылма артериясы, a. recurrens ulnaris, шынтак артериясыныц алғашқы болімінің медиалді бетінен басталып, алдыңғы жэне аргқы гармақтарға бөлінеді. а) Алдыңғы тармақ, a. anterior, жоғары жэне медиалді бағытталып, иықбүлшықетінде, доңгелек пронатордың астында жатады жэне sulcus cubitalis medialis-6eu жоғары көтеріліп, иық артериясыныц тармағы a. collateralis ulnaris inferior-uen анастомоз түзеді жэне медиалді айдаршықган басгалатын бүккіш бұлшықеттер басына тармақтар береді. б) Артқы гармақ, r. posterior, жоғары және артқа бағытталып, саусақтардың беткей бүккіші астында жатып, шынтак нервіне жақындайды. Шынтақ нерві жолымен жүріп, sulcus cubitalis posterior medialis-re a. collateralis ulnaris superiorөзінің тармақтарымен анастомоз түзіп, шынтақтың буын торын, rete articulare cubiti, түзуге қатысады. 2. Жалпы сүйекаралық артерия, a. interossea communis,кәріжілік бүдыры деңгейінде басталады. . Жалпы сүйекаралық артерия білектің дисталді жиегіне бағытталып, өзінің бастапқы жолында екі тармаққа - алдыңғы жэне артқы бөліңеді. а) Алдыңгы сүйекаралык артерия, a. interossea anterior, membrana interossea алдыңғы бетімен томен багытталып, саусақтардың терең бүккіші мен басбармақтың үзын бүккіші аралыгында орналасады. Дөңгелек пронатордың жогаргы жиегінде немесе кішкене дисталдіреу артерия membrana interossea-та өтеді жэне сырткы бетіне шыққан соң, білезіктің сыртқы торын, rete carpi dorsale, түзуге қатысады. Алдыңгы сүйекаралық артериядан:алақан беті бүлшықеттеріне бүлшықеттік тармақтар; кэріжілік пен шынтақ сүйектеріне қоректендіретін артериялар, aa. nutriciae\ орталық нервпен қосарланып жүретін орталық артерия, a. mediana, гармақталады. б) Арткы сүйекаралық артерия, a. interossea posterior, жалпы сүйекаралық артериядан басталган соң, membrana interosseaта өтіп, сыртқы бетіне шыгады. Бүл жерде артерия саусақтардың беткей жэне терең бұлшықеттері арасында артқы сүйекаралық нервпен, п. interosseus, бірге орналасып, білектің дисталді үшына барады жэне білезіктің сыртқы торын, rete carpi dorsale, түзуге қатысады. Артқы сүйекаралық артериядан: білектің сыртқы бетіндегі бүлшықеттергебұлшықеттік тармақтар; қайырылма сүйекаралық артерия, a. interossea recurrens, тармақталады. A. interossea recurrens, артқы сүйекаралық артерияныц білектің сыртына шыккан жерінен басталып, sulcus cubitalis posterior lateralis бойымен жогары багытталады, m. anconeus астында a. collateralis m edia-uen анастомоз түзіп, ш ынтақтың буын торыныц, rete articulare cubiti, түзілуіне қатысады. 3. Бұлшықеттік тармақтар, шынтақ артериясыныц барлық жолында тармақталып, білектің бүлшықеттеріне барады. 4. Білезіктің алақандық тармагы r. carpeus palmaris, шынтақ сүйегінің басы түсында немесе кішкене жогары басталып, томен жэне радиалді багытталады жэне кәріжілік артериясыныц аттас тармагымен анастомоз түзеді. 5. Білезіктің сыртқы тармагы, г. carpeus dorsalis, алдындагы артериямен бір деңгейде басталып, білезіктің ш ынтақтық бүккіші сіңірінің астымен өтіп, қолүшының сыртқы бетіне багытталады жэне білезіктің сыртқы торын, rete carpi dorsale, түзуге қатысады. 6. Терең алақандық тармақ, r. palaris profundus, шынтак артериясынан бүршақтэрізді сүйек түсында немесе кішкене дисталді басталып, шынашақтың қысқа бүккіші мен шынашақты әкететін бүлшықеттердің арасында, саусақтардың бүккіші сіңірінің астына багытталады. Бұл жерде кэріжілік артериясыныц соңгы тармагымен қосылып, терең алақандық доганы, arcus palmaris profundus, түзеді. Беткей алақан догасы, arcus superficialis , көбінесе ш ынтақ артериясынан түзілген, ол қолұшының алақан бетіне өтіп, саусақтардың бүккіші сіңірінде алақан апоневрозы астында орналасады. Қолбасының кэріжілік жиегіне багытталып, дисталді багытқа шыгыңқысы қараган дога түзеді. Тенар аймагына жеткен соң, шынтақ артериясы жүқарып, r. palm aris a. radialis-пен қосылады. Беткей алақандық догадан саусақтардың алақандық жалпы артериялары, aa. digitales palm ares communes, үшеу есебінде тармақталып, саусақаралық кеңістікке дисталді багытталады. Көрсетілген аргерияның эрбіреуі алақан сүйектері басы тұсында терең алақандық доғадан алақан сүйектерінің алақандық аргерияларын, aa. metacarpeae palmares, қабылдайды жэне екі саусақтардың алақандық меншікті артерияларына, aa. digitales palmares propriae, бөлінеді. Көршілес саусақтардың алақандық меншікті артериялары саусақаралық кеңістіктегі II, III жэне IV саусақтардың бір-біріне қараган бетіне барады. Шынгақ артериясынан қолүшында, оның қолүшыныц кэріжілік жиегіне бүрылған жерінде, шынашақка алақандық шынтақ артериясы тармақталады. Саусақтардың алақандық меншікті артериялары, aa. digitales palmares propriae, саусақтар аймагында, олардың алақан бетіне жэне де ортаңгы жэне дисталді бунақтардың сыртқы бетіне тармақтар береді. Әрбір саусақгың саусақтардыц алақандық меншікгі артериялары өзара анастомоз гүзеді, әсіресе дисталді бунақтар аймағында. |