Конспект анатомия. рк-4. 1.олты артериясы жне оны тарматары
Скачать 247.69 Kb.
|
Сан нерві Сан нерві - п. femoralis, бел өрімінің ең ірі нерві; өзінің бастапқы бөлімінде т. psoas major артында жатып, кейін оның латералді жиегінің астында шығады. Кейін т. psoas major жэне т. iliacus арасындағы жүлгеде, мыкын шандырының астында орналасып, lacuna musculorum-re беттейді. Санға саңылау аркылы шығып, fascia іііopectinea астымен сан үшбұрышын сан тамырларынан, vasa femoralia, латералді кіреді. Нерв бүлшықеттік саңылауда немесе шап жалғамасынан дисталдіреу өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді, тармақтарының ішінде үш топты: алдыңғы, медиалді жэне латералді ажыратады. Сан нервтің тармактары: 1) Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, негізгі сабаудан үлкен жамбас астауы аймағында m. psoas major-ға тармакталады: сабаудың латералді бетінен-кыскалау тармактар, ал медиалді бетінен-ұзындау тармактар. 2) Сан артериясының меншікті нерві, сан нервтің негізгі сабауынан жамбас астауында, шап жалғамасынан сэл жоғары тармакталады, нервпен бірге lacuna musculorum аркылы өтіп, шап жалғамасының астында сан артериясына ауысады, артерия мен саннын терен дэнекер гінінде тармакталады. Соңғы тармақтардың бір-екеуі ортан жілікке жэне қоректік тесіктер аркылы оның калыңдығына барады. 3) Бұлшыкеттік тармақтар, rami musculares, сан аймағы тұсында қалыңдығы мен ұзындығы эртүрлі, келесі бұлшықеттерге: m.sartorius (алдыңғы жэне латералді топ тармақтарынан), m.pectineus, т. vastus medialis (медиалді топ тармактарынан), т.rectus femoris, т. vastus intermedius, m. vastus lateralis (латералді топ тармақтарынан), т. articularis genus барады. M. rectus femoris-KQ бағытталатын бұлшыкеттік тармақтар, ұршык буынының буын қабына - rami articulares coxae, бұлшыкеттік тармақтар — mm. vasti, medialis et lateralis, тізе буынының буындык кабына, ортан жіліктің сүйекқабына сабаушалар береді. 4) Алдыңғы терілік тармактар, rami cutanei anteriores, үш-бес мөлшерінде, санның жалпақ шандырын эр деңгейде тесіп өтіп, санның алдыңғы жэне алдыңғы-медиалді беті терісінде, тізе буыны аймағына дейін тармакталады. Тармактардың кейбіреулері т. sartorius қалыңдығын тесіп, аталмыш бұлшыкеттің алдыңғы-медиалді бетінде орналасып, жапкыш нервтің алдыңғы тармактарының терілік тармақтарымен косылыстар түзеді. М. sartorius-ті жэне де тесетін, бірақ та т. sartorius-тщ алдыңғы-латералді бетінде жататын тармақтардың басқа тобы санның латералді терілік тармағымен жэне r femoralis п. genitofemoralis-nen қосылыстар түзеді. 5. Теріасты нерві - п. saphenus, сан медиалді топ тармактарынан шығатын сан нервтің ең үзын тармағы. Ол өзінің бастамасында сан артериясынан латералді жүреді. Кейін ол сан артериясы мен венасымен бірге canalis vastoadductorius-ке кіреді, өзекте артериядан латералді жэне алдында жатады. Кейін нерв өзектің алдыңғы тесігі арқылы ең жоғарғы тізе артериясымен, a.qenus suprema, бірге шығып, т. vastus medialis жэне т. adductor lonqus арасындағы науада, т. sartorius сіңірінің артқы бетімен жабылып жатады. Бүл жерде ол санның шандыр кабығын тесіп өтіп, V. saphena magna-меи бірге сирақтың алдыңғы-медиалді бетімен аяқұшына түседі. N. saphenus өз жолында келесі тармактар ды береді: а) Дэнекер тармақтар, rami communicantes, тізенің медиалді беті аймағында жапқыш нервтің терілік тармактарымен. б) Тізе тобықасты тармак, ramus infrapatellaris, (кейде бірнеше тармак), п. saphenus негізгі сабауынан ортан жіліктің медиалді айдаршыкүсті денгейінде тармақталып, тігіншілік бұлшыкет сіңірін тесіп немесе айнала өтіп, шандыр аркылы тері астына барады жэне тізе тобығы аймағында, тізенің медиалді бетінде жэне сирактың жоғарғы бөлімдерінде (tulerositas tibiae үстінде) тармакталады. в) Сирақтың медиалді терілік тармактары (немесе нервтері) rami (s.nn) cutanei cruris mediales n. saphenus-т'щ барлык жолында тармақталатын, сирақтың медиалді бетіне баратын бірнеше қатар жіңішке тармактар; олардың бір бөлігі сирақтың алдыңғы жэне артқы беті аймактары терісіне өтеді; Нерв аяқүшында оның медиалді жнегімен жүреді; оның соңғы тармактары үлкен бақайдың терісіне жетпейді. N. saphenus аяқүшында кішіжіліншіктің бегкей нерві тармақтарымен, п. peroneus superficialis, косылыстар түзеді. 17. Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтары. Шонданай нерві Сегізкөз өрімі, plexus sacralis (L4-S3) үшбұрыш пішінді ірі табакша түрінде, оның ұшы foramen infrapiriforme бағытталады. Ол өзінің аз бөлігімен сегізкөздің алдыңғы бетінде жэне көп бөлігімен т. piriformis алдыңғы бетінде жатады. Өрім қоймалжың дэнекер тінмен қоршалған жэне жамбас астауы шандырының қабырғалық табақшасының астында жатады; оның медиалді беті жағында ішкі мыкын тамырларының, vasa iliaca interna, тармактар катары орналаскан. Сегізкөз өрімінен кысқа жэне ұзын тармактар түзіледі. СЕГІЗКӨЗ ӨРІМІНІҢ ТАРМАҚТАРЫ 1. Бұлшықеттік тармактар, rami musculares, келесі бүлшыкеттерге тарайды: m. piriformis, m. obturatorius internus п. ischiadicus-тің бүлшықеттік тармактарымен нервтенуі мүмкін (mm. gemelli жиі п. ischiadicus-тің бұлшыкеттік тармактарымен нервтендіріледі). 2. Жоғарғы бөксе нерві, n. gluteus superior (L4,L5,S,) кіші жамбас астауынан аттас тамырлармен бірге foramen suprapiriforme аркылы шығып, үлкен шонданай тілігін орап, бөксенің ортаңғы жэне кіші бүлшыкеттері арасында жатады, доғатэрізді алға бағытталады. Көрсетілген бұлшыкеттерге сабаушалар беріп, өзінің соңғы тармактарымен m. tensor fasciae latae калыңдығында тарайды. Жоғарғы боксе нерві, mm. glutei, minimus et medius, жэне m. tensor fasciae latae, нервтендіреді. 3. Төменгі бөксе нерві, п.gluteus inferior (L5, S,, S2), кіші жамбас астауынан foramen infrapiriforme аркылы n. pudendus (одан латералді), n. ischiadicus жэне n.cutaneus femoris posterior (олардан медиалді), бірге, m. gluteus maximus астымен боксе аймағына шығады, жэне аттас тамырлармен бөксенің үлкен бүлшыкеті калыңдығында тармакталады. Томенгі боксе нерві, m. gluteus maximus, ұршық буынының буындық қабын нервтендіреді. Ол кейде басқа нервтермен тең т. obturatorius internus, mm.gemelli жэне m.quadratus femoris, нервтендіруге катысады. 4. Саннын арткы терілік нерві, n. cutaneus femoris posterior (Sp S2, S3), озінің бастапкы бөлімдерінде томенгі боксе нервісіне оте жақын жатады немесе бірге жалпы сабау түрінде жүреді; жамбас астауынан foramen infrapiriforme аркылы, шонданай нервтен медиалді шығып, бөксенің үлкен бүлшыкеті астында жатады; шонданай төмпесі ортасы мен ортан жіліктің үлкен үршығы арасында орналасып, санның арткы бетіне түседі. Бүл жерде ол m. semitendinosus жэне m.biceps femoris арасындағы жүлгеде, жалпак шандыр астында орналасады; томен бағытталып, санның артқы беті бойындағы шандырды тесіп өтетін тармактар береді, олар санның артқы, әсіресе медиалді беті терісінде тармақталып, тақым шүнкыры аймағы терісіне жетеді. Санның артқы терілік нерв тармактары: 1) Бөксенің томенгі нервтері, nn. clunium inferiores, негізгі сабаудан екі-үш тармак түрінде тармакталып, бөксенің үлкен бүлшыкетінің төменгі жиегін орап немесе тесіп отіп, жоғары бағытталады жэне боксе аймағы терісінде тармакталады. 2) Шатаралық нервтері, rami реrіnеales, бір-екеу мөлшерінде негізгі сабаудан шығатын жіңішке сабаушалар, шонданай төмпесін орап, томен бағытталады, алға жүріп, ұманың (үлкен жыныс ернеулері) медиалді беті мен шатаралык терісінде тармакталады. Олар n. pudendus-тің аттас тармактарымен косылады. 3) Саннын терілік тармактары негізгі сабаудын екі жағынан шығып, санның медиалді жэне арткы беті терісінде тармакталады. Соңғы тармактары такым шұңкыры аймағы терісіне жетіп, сирақка түсуі мүмкін, ол түста n.cutaneus surae medialis (п. tibialis тармағы) тармактарымен косылады Шонданай нерві - n. ischiadicus (L4, L5, S,, S2, S3) бел сегізкөз өрімінің ғана емес, денедегі барлык нервтердің ішіндегі ең ірі нерв, ол сегізкөз өрімінің алдыңғы тармақтарының жалғасы. Шонданай нерв foramen infrapiriforme арқылы |шығатын барлық нервтер мен тамырлардан латералді орналасады жэне бір жағынан m. gluteus maximus, екінші жағынан mm. gemelli, m. obturatorius internus et m. quadratic femoris арасында, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасымен өткізілген сызыктың ортасында жатады. Шонданай нерв бөксенің үлкен бүлшыкетінің томенгі жиегінен шыккасын, бөксе катпары аймағында санның жалпак шандырына жакын жатады; кейін ол санның екібасты бүлшықетінің үзын басымен жабылып, аталған бүлшыкет пен әкелетін ұзын бүлшықеттің арасында орналасады. Оны санның ортасында үзын басы қиып өтеді; ол томен медиалді m. semimembranosus жэне латералді m. biceps femoris арасында орналасып, тақым шұңкырына жетеді, шүңкырдың жоғарғы бүрышында екі тармакка: ірілеу, медиалді, асықты жілік нервке, n. tibialis, жэне үсақтау, латералді, жалпы кішіжіліншік нервке, n. peroneus communis, бөлінеді. Шонданай нервтің көрсетілген екі тармакка бөлінуі такым шүңкырынан жоғары немесе тікелей сегізкөз орімі түсында болуы мүмкін; бүл жағдайда асыктыжілік нерві кіші жамбас астауынан m. piriformis астымен, ал жалпы кішіжіліншік нерві осы бұлшыкетті тесіп өтуі мүмкін. Шонданай нервтің барлык жолында аталган тармактар жалпы дәнекертінді қынапта жатады, кынапты ашып, оларды сегізкөз оріміне дейін жеңіл ажыратуға болады. Шондай нервпен катар жүретін артерия, a. comitans n.ischiadici, екі тармақтың ажыратылуын анықтайды. ШОНДАНАЙ НЕРВ ТАРМАҚТАРЫ: 1. Бұлшыкеттік тармактар, ramimusculares, келесі бұлшыкеттерде тармакталады: m. obturatorius internus, mm. gemelli, superior et inferior (бұл бұлшыкеттер сегізкөз өрімінен нерв сабаушаларын кабылдауы мүмкін), т. quadratus femoris. Бүл тармактар шонданай нервтің алмұртасты тесік аркылы өтпес бүрын немесе оның деңгейінде тармакталады. 2. Буындык тармақ - ramus articularis, үршық буынның буындык кабында тармактасатып жіңішке сабауша. 3. Бүлшықеттік тармақ, rami musculares, сан аймағында шонданай нервтің асыктыжілік бөлігінен m. biceps femoris (caput longum), m. semitendinosus, m .semimembranosus, m. adductor magnus, барады. Шонданай нервтің кішіжіліншік бөлігінен бұлшыкеттік тармактар m. biceps femoris (caput breve) бағытталадьг. 4. Буындык тармактар, rami articulares, шонданай нервтің асықтыжілік жэне кішіжіліншік бөліктерінен тармакталып, тізе буынының буындык кабына барады. 5. Жалпы кішіжіліншік нерві, n. peroneus communis (L4, Ц , Sp S2), шонданай нервтін негізгі сабауынан такым шұңкырының проксималді үшында бөлініп, оның латералді жағына бағытталады жэне санның екібасты бүлшықетінің медиалді жиегі астында жэне балтыр бүлшықетінің латералді басы арасында орналасып, кішіжіліншік басын спиральтэрізді орайды, тек шандыр жэне терімен жабылған. 6. Асықтыжілік нервтері, n. tibialis (L4, L5, Sj, S2, S3) бағыты бойынша шонданай нервтін тікелей жалғасы, жалпы кішіжілікшік нервтен едэуір ірі. Ол тақым шүнқырынын проксималді үшында басталып, оның дисталді бүрышына жүріп, шандыр астында, шандыр мен тақым тармактарының vasa poplitea, арасында орналасады. Шүнкырда нервтен алға жэне кішкене медиалді такым венасы, v. poplitea, тереңдеу тақым артериясы, a. poplitea, жатады. 18.Асықты жілік нерві Асықтыжілік нервтері, п. tibialis бағыты бойынша шонданай нервтін тікелей жалғасы, кішіжілікшік нервтен едәуір ірі. Ол тақым шүнқырынын проксималді үшында басталып, оның дисталді бүрышына жүріп, шандыр астында, шандыр мен тақым тармактарының vasa poplitea, арасында орналасады. Шүнкырда нервтен алға жэне кішкене медиалді бағытта орналасқан такым венасы, v. Poplitea және тереңдеу орналасқан тақым артериясы, a. poplitea, жатады. Кейін бұл нерв балтыр бұлшықетінің бастарының арасымен жүреді де, такым бұлшыкетінің артқы бетінде жатады, арткы асыктыжілік тармактарымен, vasa tibiala posteriora, бірге acrus tendineus m. solei астымен canalis crupopliteus-ке кіріп, аталған бүлшықетпен жабылады. Одан кейін нерв сирак шандырының терең табакшасы астымен томен жүреді , т. flexor digitorum longus латералді жиегі мен т. flexor hallucis longus медиалді жиегі арасымен өтіп, медиалді толарсактың артқы бетіне жетеді, бүл тұста нерв толарсақ пен өкше сіңірі арасындағы аракашыктык ортасында жатады. Нерв retinaculum тт.flexorum астында өзінің екі соңғы тармагына: табанның медиалді нерві, п. plantaris medialis, жэне табанның латералді нерві, п. plantaris lateralis, бөлінеді. Асыктыжілік нерв тармактары: 1. Балтырдың медиалді терілік нерві, п. cutaneus surae medialis (204-сурет), асықтыжілік нервтің арткы бетінен такым шүңқыры аймағында тармақталып, v. saphena parva бірге шандыр астымен, балтыр бұлшыкеті бастарының арасында жүреді. Ол сирақтың ортасына жетіп, өкше t сінірінің басталар деңгейінде, кейде жоғары, шандырды тесіп өтіп, кішіжіліктік дэнекер тармак, ramus communicans peroneus (п. cutaneus surae lateralis тармагы), көмегімен бір сабауға - балтыр нервке, п. suralis, бірігеді. Балтыр нерві, п. suralis, өкше сіңірінің латералді жиегімен медиалді орналаскан V. saphena parva бірге латералді толарсақтың арткы жиегіне жетіп, осы аймақтың терісіне өкшелік латералді тармақтар, rami calcanei laterales, сонымен қатар сирак-асык буынының буын қабына сабаушалар береді. Кейін балтыр нерві толарсақты орап, аяқшаның латералді бетіне терілік сырткы латералді нерв, п. cutaneus dorsalis lateralis, түрінде өтеді. Соңғы нерв аякшаның сыртқы беті мен латералді жиегі терісінде жэне бесінші бакайдың сыртқы бетіне V бақайдың сырткы нерві, п. dorsalisdigiti quinti, түрінде тармақталып, п. Cutaneus dorsalis intermedius-Ke дэнекер тармақ, ramus anastomoticus, береді. 2. Бүлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесі бұлшықеттерге бағытталады: a) m.gastrocnemius бастарына; медиалді басының тармағы латералдіден ірілеу; медиалді тармак а. poplitea-ға сабауша береді; б) мускулус. soleus - бұл бүлшықеттің екі нерв тармағы; алдыңғы жэне артқы бар; кейде алдыңғы тармак балтыр бүлшықетінің латералді басына, арткы тармак - тақым бүлшыкетіне сабауша беруі мүмкін; в) м. plantaris; г) м.popliteus; бүл бүлшықеттің тармақтары тізе буынының буын капсуласына сабаушалар жэне асықтыжіліктің сүйекқабы - сирактың сүйекаралық нервін, п. Interosseus cruris, береді, одан сүйекаралык жарғак қалыңдығына кірмес бүрын асықтыжілік тармақтарының қабырғасына, ал шыққан соң сирак сүйектерінің сүйекқабына, сирақ сүйектерінің дисталді қосылысына жэне сирак-асык буынының буындык қабына тармактар бағытталады; д) м. tibialis posterior; е) м. flexor hallucis longus; ж) м. flexordigitorum longus. 3. Өкшелік медиалді тармактар, rami calcanei mediales, sulcus malleolaris аймағында шандыр арқылы өтеді, кейде біржалпы сабау түрінде жэне табанның медиалді жиегі мен өкше терісінде тармақталады. 4. Табанның медиалді нерві, п. plantaris medialis асықтыжіліктің екі соңғы тармақтарының бірі; өзінің бастапқы бөлімдерінде өзекте артқы асыкты жілік артериясынан медиалді, retinaculum mm. flexorum беткей жэне терең табакшаларының арасында орналасады.Нерв өзектен шықкан соң медиалді табан артериясымен бірге т. abductorhallucis астына бағытталады. Кейін т. flexor digitorum brevis жэне т. abductor hallucisарасымен алға жүріп, екі бөлікке - медиалді жэне латералді бөлінеді. Табанның медиалді нерв тармактары: а) Терілік тармақтар, rami cutanei, табанның медиалді беті терісінен тармақталатын жіңішке сабаушалар. б) Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, келесі бұлшықеттерге бағытталады: т. abductor hallucis, т. flexor digitorum brevis, m. flexor hallucis brevis (жиі n. Plantaris medialis-тщ медиалді бөлігінен шығады). в) Бақайдың табандық меншікті нерві, п. digitalis plantaris proprius (немесе үлкен бакайдың табандык медиалді нерві, п. plantaris hallucis medialis), п. plantaris medialis тщ медиалді бөлігі болып саналады, табан апоневрозын тесіп өтіп, үлкен бақайдың медиалді беті терісінде тармақталады. г) I, II, III бақайлардың табандык жалпы нервтері, nn. digitales plantares communes I, II, III (197, 199, 201-суреттер), nn. plantaresmediales-тіц латералді бөлігінің тармактары. Олар aa. metatarseae plantares бірге жүріп, бірінші жэне екінші (кейде үшінші) mm lumbricales-Ke бүлшықеттік тармактар береді жэне сүйекаралық кеңістіктердің дисталді шеті денгейінде табан апоневрозын тесіп өтіп, табан терісіне жіңішке тармактар береді, олар бірінші жэне екінші, екінші жэне үшінші, үшінші жэне төртінші бакайлардың табан бетінде бір-біріне караған терісінде тармақталатын бақайлардың табандық меншікті нервтеріне, nn. digitales plantares proprii, бөлінеді, олар тырнақтык бакайшақтың сырткы бетіне өтеді. д) Дэнекер тармақ, ramus communicans,табанның сырткы нервісінен III бакайдың жалпы нервіне бағытталады. 5. Табанның латералді нерві, нерв plantaris lateralis асықтыжілік нервтің соңғы тармағы, табан ның медиалді нервісінен едэуір жіңішке, табанның a. plantaris lateralis-uen бірге m. quadratus plantae жэне m. flexor digitorum brevis арасында жүреді, кейін ол т. flexordigitorum brevis латералді жиегі мен т. abductor digiti minimi арасында жатып, бірнеше катар бұлшыкеттік тармактар беріп, өзінің соңғы тармактарына: беткей тармак, ramus superficialis, жэне терен тармак, ramus profundus, бөлінеді. Табанның латералді нервісінің тармактары: а) Бүлшықеттік тармактар, rami musculares негізгі сабаудан оның соңғы тармақтарға бөлінуіне дейін тармақталып, т. quadratic plantae жэне т. abductor digiti minimi бағытталады. б) Беткей тармақ, ramus superficialis, табан терісіне бірнеше ұсақ сабаушалар беріп, бөлінеді: 1) IV бақайдың табандық жалпы нервін, п. digitalis plantaris IV, түзетін медиалді бөлігі, табан сүйектерінің артериясымен бірге төртінші сүйекаралык кеңістікке өтеді. Ол табан сүйектер бақайшақтар буынына жеткесін, табанның медналді нервіне дэнекер тармақ, ramus communicans, береді, ол бақайлардың табандық екі меншікті нервтеріне, nn. digitales plantares proprii, бөлінеді Соңғылары төртінші жэне бесінші саусақтардың бір-біріне қараған жағындағы табан беті терісінде тармақталып, тырнақтық бақайшактың сырткы бетіне өтеді. 2) Кіші бақайдың табандык меншікті нервін, п. plantaris proprius digiti minimi, түзетін латералді бөлігі кіші бакайдың табан беті терісінде тармақталады.Бұл нерв төртінші табан сүйектері арасындағы кеңістіктегі mm. interossei, т. flexor digiti minimi жэне т. opponens digiti minimi бұлшыкеттік тармактар, rami musculares,береді. в) Терен тармақ, ramus profundus, табан доғасымен, arcus plantaris, бірге бір жағынан, mm. interossei, жэне екінші жағынан т. Flexor digitorum longus, caput obliquum m. adductoris hallucis арасында орналасып, mm. interossei, екінші, үшінші жэне төртінші mm. Lumbricales, m. adductor hallucis жэне m. Flexor hallucis brevis-терге (оның латералді басына) бұлшыкеттік тармақтар, rami muscularesбереді. Табанның латералді нервінің беткей жэне терең тармақтары жоғарыда көрсетілген нервтерден баска табан сүйектері буындарының буындык каптарына жэне табан сүйектері мен бақайшақтардың сүйек кабына сабаушалар береді. 19) Жалпы кіші жіліншік нерві, беткей және терең кіші жіліншілік нервтері? Жалпы кішіжіліншік нерві, п. peroneus communis (L4, Ц , Sp S2) шонданай нервтін негізгі сабауынан такым шұңкырының проксималді ұшында бөлініп, оның латералді жағына бағытталады және санның екібасты бүлшықетінің медиалді жиегі астында және балтыр бұлшықетінің латералді басы арасында орналасып, кішіжіліншік басын спиральтәрізді орайды, тек шандыр және терімен жабылған. Бүл учаскеден дисталдіреу кіші жіліншіктің ұзын бұлшықетінің бастапкы бөлігі калыңдығына кіріп, өзінің соңғы тармақтарына: кіші жіліншіктің беткей нервіне, n.peroneus superficialis, жэне кішіжіліншіктің терең нервіне, n.peroneus profundus, бөлінеді. Жалпы кішіжіліншік нерві тармактары: 1) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m.biceps femoris (caput breve) қалыңдығына бағытталады. 2) Буындык тармақтар, rami articulares, тізе буынының буындык кабының латералді бөлімдеріне және сирақ сүйектерінің проксималді косылысына барады. 3) Балтырдың латералді терілік нерві, п. cutaneus surae lateralis, тақым шұңқырында тармақталып, т. gastrocnemius латералді басынан бағытталады, осы тұста сирақтың шандырын тесіп өтіп, снрактың латералді беті терісінде тармакталып, латералді толарсак аймағына жетеді. 4) Кішіжіліншіктік дәнекер тармак, ramus communicans peroneus, негізгі сабаудан немесе балтырдың латералді терілік нервтен басталуы мүмкін, m. gastrocnemius латералді басымен жүріп, бүлшықетпен сирақ шандыры арасында орналасады, шандырды тесіп өтіп, теріде тармакталады, балтырдың медиалді терілік нервімен (n.tibialis тармағы) қосылады. Кішіжіліншіктің беткей нерві, п. peroneus superficalis (195-сурет), кіші жіліншіктің үзын бұлшыкеттері бастарының арасында (canalis musculoperoneus superior) өтеді, томен жүріп, екі кішіжіліншік бұлшыкеттері арасында орналасады. Ол кіші жіліншіктің қыска бұлшықетінің медиалді бетіне отіп, сирақтың төменгі ұшы аймағында сирак шандырын тесіп өтіп, өзінің соңғы тармактарына: арткы-медиалді және аралық терілік нервтерге, nn.cutanei dorsales, medialis et intermedius, бөлінеді. Кішіжіліншіктің беткей нерві тармактары: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, кішіжіліншіктің ұзын бұлшыкетін (сабаудың проксималді болімдерінің екі төрт тармағы) және кіші жіліншіктің қыска бұлшыкетін (сабаудың бір-екі тармағы, сирактың ортаңғы ұшы аймағында) нервтендіреді. б) Медиалді сыртқы терілік нерв (аяқ ұшының) n.cutaneus dorsalis medialis (pedis) жалпы кішіжіліншік нервтің соңғы тармақтарының бірі, сирақ шандыры бетімен жүріп, аяқүшының сырткы бетінің алдыңғы - медиалді жиегіне бағытталып медиалді толарсақ аймағы терісіне тармақтар береді, n. saphenus сабаушаларымен екі тармакка бөлінеді. Медналді тармағы аяқұшының медналді жиегі және үлкен бакайдың тырнактык бунағы терісіне дейін тармақталып, бірінші сүйек аралық кеңістік аймағында кішіжіліншіктің терең нервімен қосылады. Латералді тармақ п. peroneus profundus соңғы тармағымен бірігіп,екінші сүйек аралық кеңістік аймағына бағытталады, осы тұста екінші және үшінші бақайлардың бір-біріне қараған беті терісінде тармакталып, бақайлардың сырткы нервтерін, nn.digitales dorsales pedis, береді. в) Аралык сыртқы терілік нерв, n.cutaneus dorsalis intermidius, жоғарғы нерв сияқты сирак шандырының бетімен аяқ ұшы сыртымен алдыңғы - латералді бетімен жүреді. Латералді толарсақ аймағы терісіне сабаушалар беріп, n. suralis тармактарымен косылады. Ол екі тармакка бөлінеді, олардың біреуі медиалді жүріп, үшінші және төртінші бакайлардың бір-біріне қараған беті терісінде тармакталады; басқасы латералді жатып, n.suralis пен қосылысы бар, төртінші және бесінші бакайлардың бір-біріне караған беті терісінде және бесінші бақайдың латералді беті терісінде тармақталып, n.suralis соңғы тармағымен қосылыс түзеді. Осы тармактардың барлығы бақайлардың сыртқы нервтері, nn. digitales dorsales pedis,атауын алады. 6. Кішіжіліншіктің терең нерві, п. peroneus profundus (195-198-суреттер), кіші жіліншіктің үзын бұлшыкетінің бастапқы бөлімдерінің қалыңдығын, septum intermusculare anterius жэне m. extensor digitorum longus тесіп өтіп, сүйекаралық жарғақтың алдыңғы бетінде, алдыңғы асықтыжілік тамырларының латералді жагында орналасады. Кейін нерв томен түсіп, тамыр будасының алдыңғы, сосын медиалді бетіне өтеді. Нерв сирақтың жоғарғы болімдерінде m.extensor digitorum longus және m.tibialis anterior арасында, төменгі бөлімдерінде m. tibialis anterior жэне m. extensor hallucis longus арасында орналасады. Нерв аяқұшының сырткы бетіне өтерде, алғашында retinaculum mm. extensorum superius, астында кейін retinaculum mm. extensorum inferius және m.extensor hallucis longus сіңірінің астында жүріп, біреуі медиалді, екіншісі латералді жүретін екі тармақка бөлінеді. Латералді тармак қыскалау, өзінің тармақтарының көп бөлігімен бақайлардың қысқа жазғышына бағытталады. Екінші, медиалді тармак ұзындау, аяқұшының сыртқы артериясымен, a. dorsalis pedis, бірге бірінші сүйекаралық кеңістік аймағына жетеді, a. metatarsea prima-мен бірге m. extensor hallucis brevis сіңірінің астында жүріп, бірінші және екінші бақайлардың бір-біріне караған жағындағы сыртқы беті терісінде тармакталатын өзінің екі соңғы тармақтарына бөлінеді. Кіші жіліншіктің терең нерві тармактары: Сирақтың аймағында: а) Бұлшықеттік тармактар, rami musculares, келесі бұлшықеттерге бағытталады: үш тармак - m.tibialis anterior, бұлшыкеттің жоғарғы, ортаңғы жэне төменгі, бөліктеріне кіретін, екі тармақтан — m. extensor digitorum longus жэне m. extensor hallucis longus, бұшықеттердің жоғарғы ортаңғы жэне төменгі бөліктеріне кіретін; екі тармактан – m.extensor digitorum longus жэне m.extensor halicus longus, бұлшыкеттердің жоғарғы және төменгі бөліктеріне кіретін. б) Буындық тармақ, ramus articularis, сирак-асык буынының буындык қабына бағытталады. Аякұшының сыртқы беті аймағында: а) Бұлшыкеттік термақтар, rami musculares, т. extensor digitorum brevis жэне m. extensor hallucis brevis-ке. б) Дәнекер тармак, ramus communicans, кішіжіліншіктің беткей нервіне бағытталады. в) Буындық тармактар, rami articulares, табан сүйектер - бакайшақтар жэне бірінші, екінші бақайлардың бакайшақ араралық буындарының буындык каптарына барады. г) Бакайлардың арткы меншікті нервтері nn. digitales dorsales proprii, кіші жіліншіктің терең нервінің соңғы тармактары екі сабаушаға бөлінеді: 1) Үлкен бакайдың латералді сыртқы нерві, n.digitalis dorsalis hallucis lateralis, үлкен бақайдың сыртқы бетінің латералді жиегі терісінде тармакталады. 2) Екінші бакайдың медиалді нерві, n.digiti secundi medialis, екінші бакайдың сырткы бетінің медиалді жиегі терісінде тармакталады. |