Ашурматов А. 201Б стом микро. Реферат таырыбы Бактерияларды сіп, кбейуі. Анаэробтарды таза даылын бліп алу. Бактерияларды идентификациялау дістері
Скачать 4.14 Mb.
|
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ РЕФЕРАТ Тақырыбы: Бактериялардың өсіп, көбейуі. Анаэробтардың таза дақылын бөліп алу. Бактерияларды идентификациялау әдістері. Орындаған: Ашурматов Абдулла Факультет: Стоматология Тобы: 201-Б, 2-курс Қабылдаған: Ермекбаева Фариза. Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім А) Бактериялардың өсіп, көбейуі Ә) Анаэробтардың таза дақылын бөліп алу Б) Бактерияларды идентификациялау әдістері III. Қорытынды. IV.Пайдаланылған әдебиеттер. Бактериялардың өсіп, көбейуі Бактериялар – ядросыз, микроскопиялық бiр клеткалы организмдер (құрылымның прокариоттық типi).Бактериялардың тұқым қуалау материялы (нуклеоид) цитоплазмада орналасқан сақина тәрiздi нуклеин қышқылымен (ДНК) берiлген. Бактериялардың нуклеин қышқылындағы гендердiң саны адам клеткасындағыдан 500 есе аз. Бактерия клеткасы жарғақшамен қоршалған. Оның iшiнде сiлемейлi капсуланы, клеткалық қабықшаны, және цитоплазмалық жарғақшаны керуге болады. Клеткалық қабықша муреиннен тұрады. Клеткалық қабықшалардың бояғыштармен бояу қабiлетiне қарай грамм – оң және грамм терiс деп ажыратады (бұл әдiс зат ғалымы Грамм ұсынған). Грамм оң бактериялардың муреин қабақшасына басқа заттардың – полисахароид және ақуыздардың молекулалары ендiрiлген, ал грамм терiс бактерияларда клеткаларының қабықшаларына ерекше қасиет беретiн муреин үстiнде липидтер қабаты (майтәрiздес заттар) орналасқан. Бактериялардың көбеюі. Бактериялар бөліну арқылы көбейеді. Бөлшу кезінде клетканың ортасынан біртіндеп қалқанша пайда болып, клетка ішіндегі заттарды екіге бөледі Миксобактериялардың кейбір түрлерінде бұл байқалмайды. Егер таяқша тәрізді клеткалар бөлінгенде өз ара тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты бөліну деп, керісінше, клетка бірдей тен, екіге бөлІнбей бөліктері әр түрлі болса—гетероморфты бөліну деп атайды. Бәлінудің соңғы түрі, ересек бактерияларда байқалады. Бактериялардың кебею жылдамдығы орта жағдайларына байланысты бо-лады. Егер бактерияларға қолайлы жағдай туса, олардың көбеюі де тездейді. Бактериялар үшін ортада қажетті қоректік заттар болып, жылу, ортаның реакциясы, аэробты бактериялар үшін оттегі жеткілікті болса, әрбір клетканың көбеюі 20—30 минут сайын қайталанып отырады.Сондықтан көбею жылдамдығы мен сыртқы орта жағдайының арйсында тығыз байланыс, кейде тіпті тәуелділік бар деп те айтуға болады. Сөйтіп, азғана уакыт ішінде келемі 1—2 микрондай болатын бактериядан орасан көп клеткалар түзіледі. Бактериялардың көбею жылдамдығын мына мысалдан айқын кә-руге болады.ІЕгер 20 минут сайын клетка бөлінетінін ескерсек, ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталап 272=472-1019 клетка пайда бола-ды. Егер бір миллиард бактерия клеткасының салмағы 1 милли-грамдай болса, онда 472-1019 клетка 4720 тоннаға тең келеді. Бактериялар бір жұма бойына бөлініп отырса, клеткалар саны да орасан көп болып, бүкіл жер шарын қаптап кеткен болар еді. Бірақ біз табиғаттағы мұндай құбылысты байқамаймыз. Өйткені пайда болған бактериялар клеткасының біразы сыртқы ортаның факторларының колайсыз әсерінен қырылып кетеді. Аман қалған бірер организм қолайлы ортаға түссе тез бө-лініп, жаңа ұрпақтар бере бастайды. Жіп тәрізді бактериялардың бөлінуі ерекше. Бүлар жіпшелерінен жеке вегетатив-тік — конидий немесе гонидий деп аталатын арнаулы клеткалар түзу арқылы көбейеді. Клеткалардьщ кейбір түрлері козғала алады. Оны зооспора-лар деп атайдьгі Ғылымда бактериялар көбеюінің бірнеше фазалары бел-гілі. Бүл микроорганизмдер тіршілігін баеқаруға мүмкіншілік береді. 1. Көбеюдің тежелу фазасы. Мүны лагфаза деп те атайды. Бүл фазада бактериялардын, көбеюі байқалмайды олар мұнда жаңа қоректік ортаға бейімделіп жатады. Бұл фаза 1—2 сағатқа созылады. Фазанын, аяқ шенінде клеткалар көбейе бастайды. Қоректік ортаға олардың әсері күшейе түседі. Көбеюдің актив фазасы. Бұл кезеңде бактериялар қарқындап бөлінеді. Клеткалардың көбеюімен байланысты өсу жылдамдығы дарта түседі. Бұл екі сағаттай мерзімге созылады. Стационарлық фаза. Қоректік ортадағы клеткалар саны ең көп мөлшерге жетіп, осы күйінде біраз уақыт тұрады. Көбеюдің осы фазасында тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған заттар микроорганизмдердің көбеюін тежей бастайды. Клеткалардың көбею қарқыны баяулап, олардың біразы қырылып қалады. Сөйтіп жаңа пайда болған клетка саңы, елген клеткалар санына теңеледі. Бұл фаза бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылады. 4. Қырылу фазасы. Тіршілік әрекеті барысында пайда болған заттардың көптігі және күштілігі соншалық, ол бактерияларға зиянтигізе бастайды. Бүл кезде ортадағы бактерияның коректік заттары таусылады. Бұл фазаның үзақтығы түрлі микроорганизмдер үшін түрліше болып келеді. Мәселен, сүт қышқылы бактериялары + 30° температурада 5—7 күн өткен соң қырылатын болса, шіріту бактериялары одан ұзағырақ тіршілік етеді. 5. Микроорганизмдер систематикасының өзіндік ерекщеліктері бар. Бактериялардың өте ұсақтығы және өте тез өзгергіштік қасиеті систематикалық орнын анықтауға көп қиыншылықтар келтіреді. Қазір микробиологияда бактерияларды классификациялауда олардың толып жатқан қасиеттерін еске алады. Сондай-ақ, морфологиялық ерекшеліктері — клетка пішіні, мөлшері, қозғалуға және спора түзуге қабілеттілігі, Грам әдісімен боялуы, ерекше қоректік ортада өсу қасиеттері — ет-пептонды сорпада, етпептонды агарда және желатина бар қоректік ортада өсу ерекшеліктері, физио-логиялық қасиеттерінен; қоректену, тыныс алу ерекшеліктері, ортаға бөлетін заттарының түрі мен түрлі химиялық реакцияларға қатысы ескеріледі. Қазір Отанымызда және шетелдерде ұсынылып отырған бактерияларды классификациялаудың бірнеше әдістері бар. Бірақ бүларды аяқталған схема деп айту қиын. Өйткені олардың әрқайсысының өзіне тән кемшіліктері мен жетістіктері бар. Леман мен Нейман (1896 ж.) барлық микроорганизмдерді екі үлкен топқа немесе қатарға бөлді. Оның бірі — шизомицеттер, екіншісі — актиномицеттер (сәулелі саңырауқүлақтар) соңғы жылдардағы зерттеулермен байланысты бұған миксобактериялар қатары қосылды. Бұлардың әрқайсысының өзінде бірнеше тұқымдас және туыстар бар. Отанымыздың көрнекті ғалымы Н. А. Красильников бактерияларды негізінен төрт класқа бәледі: 1) актиномицеттер, 2) бактериялар, 3) миксобактериялар және 4) спирохеталар. Қазіргі кезде микроорганизмдерді және оған туыстық жағынан жақын жатқан организмдерді систематикалау үшін А. Берджидің ұсынған «Бактериялар анықтамасы» (Америка микробиологтарының қоғамы) кеңінен қолданылып отыр. Соңғы жылдардағы микробиология саласындағы жаңалықтар ескерілгендіктен біз А. Берджидің еңбегін қолдана отырып, бактериялар систематикасын келтіреміз. Шизофита типі шизомицетес класынан тұрады. Оған бактериялар мен соған туыстас организмдер кіреді. Микротатабиотес класына риккетсиялар мен вирустар жатады. Шизомицетес класына микроорганизмдердің 10 қатары, 47 түқымдасы және 190 туысы жатады. Бактериялардың көбеюi клетканың екiге бөлiнуi арқылы жүредi.Бөлiну жылдамдығыжоғары әр 20 мин. бiр бөлiнедi. Мұндай жылдамдықпен 6 сағат iшiнде бiр клеткадан 250 мың клетка түзiледi. Кейбiр кезде бактерияларда жынысты көбеюге ұқсас процесс (генетикалық ақпарат алмасу) байқалады. Қолайсыз жағдайда бактериялар спора түзедi. Спора күйiнде бактериялар жоғарғы және төменгi температураға төзiмдi және ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкiн. Осылай сiбiр жарасының таяқшасы спора түрiнде 30 жыл бойы өз тiршiлiк ету мүмкiндiгiн сақтайды. Бактерияның вегетативтi формасы 60 градус температурада 30-60 мин. iшiнде, 80-100 градуста 1-2 минуттан кейiн өледi. Споралар төзiмдi болады. Сiбiр жарасының бацилласының спорасы қайнатуға 10-20 мин., ал ботулизм клостридийдiң спорасы 6 сағатқа шыдайды. Бактериялардың өсуі деп – жасуның барлық компоненттерінің бір уақытта келісімді ұлғаюы. Жасуша өсуі шексіз емес, өсу барысында жасуша бөлінеді. Грам оң – болатын бактерияның бөлінуі көлденең қолқаның шетінен ортасына қарай синтезделуі. Грам теріс – боялатын бактерия жасушаларының көбеюі ортасынан екіге бөлінуі арқылы жүреді. Анаэробтардың таза дақылын бөліп алу Цейсслер әдісі Вейнберг әдісі 1.Цейсслер әдісі – зерттелетін затты Китт – Тароцци ортасына сеуіп қанды агары бар табақшаға сеуіп Китт – Тароции ортасына себеді 2.Вейнберг әдісінде – зерттеу материалын Китт – Тароцци ортасына себеді, кейін Вейон – Виньян түтікшесіне сеуіп, Китт – Тароцци орасына қайта себеди. Анаэробтар, анаэробты микроорганизмдер — қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде өмір сүруге және көбеюге қабілетті микроорганизмдер; атмосфералық оттегі болмайтын жерде тіршілік етуге бейім микроағзалар. Анаэробтарға көптеген бактериялар, инфузориялар кейбір таспа құрттар, аскарид және аздаған ұлулар жатады. Анаэробты организмдер , анаэробтар (гр. an – сыз, сіз, емес қосымшасы, гр. aеer – ауа және гр. bіos – тіршілік) – оттексіз ортада өсіп-өніп, тіршілік ететін организмдер 1861 жылы Л.Пастер май қышқылын ашытатын бактерияны тапқаннан кейін анаэробты организмдер терминін ғылымға енгізген. Анаэробты организмдер негізінен прокариотты организмдер арасында кең тараған. Ал эукариотты организмдер арасында ашытқы саңырауқұлақтарында, буынаяқтылардың ішегінде өмір сүретін қарапайымдарда, ал көп клеткалы организмдер ішінде ішек паразиттерінде (атап айтқанда таспа құрттар мен аскаридаларда) кездеседі. Анаэробты организмдер тіршілік ететін ортасында оттектің болу не болмауына байланысты олигатты анаэробты организмдер және факультативті анаэробты организмдер болып бөлінеді. Олигатты анаэробты организмдер – тіршілігі мүлдем оттексіз жүретін организмдер. Оларға май қышқылы бактериясы және сіреспе бактериялары жатады. Көп клеткалы жануарлар арасында олигатты анаэробты организмдер кездеспейді. Факультативті анаэробты организмдер – табиғатта оттектің бар-жоғына қарамай тіршілік ететін организмдер (мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары, іш сүзегі, топалаң қоздырғыштары, т.б.). Анаэробты организмдер негізінде құрамында оттек бар органикалық қосылыстарды (спиртті, сүт қышқылын, май қышқылын, т.б.), ал кейбір түрлері минералды қосылыстарды (сульфаттарды немесе нитраттарды) ыдыратып, осы процесс кезінде бөлініп шыққан оттекті өзінің тіршілік әрекетінде пайдаланады. Анаэробты организмдер аэробты организмдер сияқты табиғаттағы зат айналу процесіне, органикалық және минералды заттардың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Олар спирт және сүт қышқылын ашыту процесінде кеңінен қолданылады. Кейбір анаэробты организмдер асқа, тағамға түссе, тез өсіп-өніп, адам мен жануарларды уландыруы, ал ауру тудырғыш (патогенді) анаэробты организмдер түрлі жұқпалы ауруларды (сіреспе, ботулизм газды гангрена, т.б.) таратуы мүмкін. Аэробтық организмдер , аэробтар (гр. αηρ — ауа және βιοζ — тіршілік) – молекулалық бос оттек (О2) бар ортада тіршілік етіп, дами алатын организмдер. Аэробтық организмдерге барлық өсімдіктер, көптеген қарапайымдылар мен көп клеткалы жануарларсаңырауқұлақтар, микроорганизмдер жатады. Оттектің (О2) қатысуымен жүретін биологиялық процесті аэробиоз деп атайды. Аэробтық организмдер өз организміне енген О2-нің тотығуынан пайда болған энергияны пайдаланады. Олар облигатты аэробтық организмдер және факультативті аэробтық организмдер болып 2 топқа бөлінеді. Облигатты аэробтық организмдер тотығу реакциясы кезіндегі энергияны пайдаланады, мысалы, сірке қышқыл бактериялары этил спиртін сірке қышқылына дейін, ал кейбір зең саңырауқұлақтары қанттарды лимон, қымыздық, глюкон қышқылдарын түзгенге дейін тотықтырады. Факультативті аэробтық организмдер тобына оттектің бар-жоғын талғамай тіршілік ететін организмдер жатады, мысалы, күкірт, темір бактериялары оттекті нитраттардан, сульфаттардан, т.б. қосылыстардан алады. Аэробтық организмдердің арасында ең маңыздысы фотосинтез процесіне қатысатын организмдер – цианобактериялар, балдырлар және түтікті өсімдіктер. Аэробтық организмдер табиғатта кеңінен таралған және ондағы зат айналымына үлкен әсерін тигізеді, мысалы, қарапайым аэробтық организмдер топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды өсімдіктердің жақсы сіңіруіне көмектесіп, топырақтағы түрлі ауру қоздыратын бактерияларды жояды. Аэробтық организмдерді өндірісте сірке суын алуға, ауыл шаруашылығында, т.б. қолданылады. Аэробтық организмдердің тіршілігіне ауаның құрамындағы оттектің белгілі мөлшері мен қысымы қажет, егер осы жағдай шамадан тыс өзгерсе, олар өліп қалады. Бактерияларды идентификациялау әдістері Грам дақ - микробиологияда бактерияларды идентификациялау үшін қолданылатын маңызды дифференциалды бояу әдісі. Бұл әдісті дат бактериологы Ханс Кристиан Грам 1884 жылы енгізген. Грам бояуы бактерияларды бактериялардың жіктелуі мен идентификациясында өте маңызды болып табылатын грам-оң және грам теріс деп аталатын екі негізгі топқа жіктейді. Микробиологтар оқу барысында бактериалды сипаттаудың бастапқы кезеңі ретінде граммен бояуды жүргізеді. Бактериялар жасуша қабырғасындағы айырмашылықтарға байланысты топтастырылады. Грам позитивті бактериялар жасуша қабырғасында қалың пептидогликан қабатынан тұрады, ал грам теріс бактериялар жасуша қабырғасында жұқа пептидогликаннан тұрады. Граммен бояудың нәтижесі жасуша қабырғасының пептидогликан қабатының қалыңдығының айырмашылығына негізделеді. Грамдарды бояу төрт түрлі реагенттердің көмегімен жүзеге асырылады; бастапқы дақ, мордандырғыш, декоризатор және қарсы дақ. Кристалды күлгін және сафранин дақтар ретінде бастапқы және қарсы дақ ретінде қолданылады, ал грамм йод және 95% алкоголь сәйкесінше мордандырғыш және декользатор ретінде қолданылады. Грам дақтың негізгі кезеңдері келесідей; 1. Бактериалды жағу таза шыны слайдта дайындалып, қыздырылып, салқындатылады. 1 - 2 минут ішінде күлгін кристалды күлгін құйылады. Артық дақтарды кетіру үшін ақуыз ағынды сумен жуылады. Граммен йод жағындыға 1 минут ішінде жағылады. Таза ағып жатқан ағынды сумен шаю Тампоны 95% спиртпен 2 - 5 секунд ішінде жуылады да, баяу ағынды сумен шайылады. 1 минут ішінде сафранинмен ластанған дақ кетіріледі, ақырындап ағынды сумен жуылады, құрғатылады және микроскоппен бақыланады. Грам дақтың соңында қызыл жағымсыз бактериялар, ал қызыл түсті бактериялар күлгін түсте болады. Грам дақтарының нәтижесі олардың жасуша қабырғасындағы пептидогликан қабатының қалыңдығымен шешіледі. Декоризациялау кезеңінде бастапқы дақтар мен морданттар грамм теріс бактериялардан оңай алынып, түссіз болады, өйткені олардың жұқа пептидогликан қабаты бар. Бастапқы дақ грам позитивті бактерияларда қалады, өйткені оларда қалың пептидогликан қабаты бар. Қарама-қарсы дақ бастапқы дақтардың сақталуына байланысты грам оң бактериялар үшін тиімді болмайды. Осылайша, грамм оң бактериялар дақтың бастапқы түсінде, яғни күлгін түсте көрінеді. Қарама-қарсы дақ грам бактерияларды кетіреді, және олар сафранин түсі болып табылатын түс түрінде көрінеді. Демек, грамм дақтары бойынша бактерияларды екі топқа бөлу оңай және ол бактериалды саралау мен сәйкестендіруде маңызды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер: Шигаева М .Х., Канаев А. Микробиология мен вирусология негіздері. 2012. Шлегель. Общая микробиология. 2005. М.Х.Шигаева. Экология микроорганизмов. Алматы, Қазақуни-ті, 2002. Алматы 2022 |