Главная страница
Навигация по странице:

  • Этиологиясы.

  • Жақ-бет және мойын аймақтарының флегмоналары мен абсцестерінің физиологиялық-анатомиялық жіктелуі

  • Жақ-бет аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары Емдеу жолы жан-жақты комплексті шаралардан тұруы қажет. Негізгі шаралар:1) Хирургиялық емі

  • Бет пен жа_ _оз_алысы. Реферат таырыбы Бет пен жа сйекті анатомияфизиологиялы ерекшеліктері Тексерген Бисекенова. Р. И


    Скачать 20.68 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Бет пен жа сйекті анатомияфизиологиялы ерекшеліктері Тексерген Бисекенова. Р. И
    Дата11.09.2021
    Размер20.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБет пен жа_ _оз_алысы.docx
    ТипРеферат
    #231538

    Атырау жоғары медициналық колледжі

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы:Бет пен жақ сүйектің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері

    Тексерген:Бисекенова.Р.И

    Орындаған:Қалымғалиев.Ә

    Тобы:Ортопедиялық стоматология 3 топ

    Жоспары:

    1.Кіріспе

    2.Этиолгиясы

    3.Жіктелуі

    4.Хирургтялық емі
    Кіріспе

    Бұл медицина саласының қосылуына бір жағынан жақ-бет аймағында орналасқан мүшелер мен тіндердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің біртұтас болуы үлкен себебін тигізсе, екінші жағынан бұл маңда кездесетін дерттердің клиника-диагностикалық әдістерінің бірлестігімен қатар емдеу тәсілдерінің ерекшеліктері дәнекер болды.

    Сонымен, қазіргі кезде хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы – жалпы хирургия мен стоматологиядан тұратын медицина ғылымының дербес саласы болып есептелініп, жақ-бет аймағында орналасқан хирургиялық дерттермен қатар, бейбіт және соғыс уақыттарындағы жарақаттарын, ақаулар мен деформацияларын зерттеп, олардың алдын-алу, асқынуларын, диагностикалық әдістерін, хирургиялық емдеу жолдарын одан әрі жақсарту мәселелерін қарастырады.

    Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы басқа стоматология салаларымен тығыз байланысты. Мысалы, көптеген стоматологиялық дерттерді терапевтік, ортопедиялық, ортодонтиялық және хирургия әдістерін қолдану арқылы диагноз қойып кешенді емдеу жүргізіледі.

    Сонымен қатар хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы жалпы медицинаның емдеу, хирургия, оториноларинголония, офтальмология, неврология, рентгенология және радиология салаларымен тығыз байланысты. Бұл жағдайда қазіргі кездегі биология, физика, химия ғылымдарының және қалыпты, фонографиялық патологиялық анатомиялар, микробиология, фармакология т.б. медицинаның негізггі салаларының, жетістіктерінөзінің дамуына тірек етеді.

    Бұл аймақта кезедесетін дерттер этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы, клиникасы және емдеу жолдарының ерекшеліктеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі.

    1. Тіс, жақ сүйектері, бет-мойын тіндері және ауыз қуысы мүшелерінің қабыну дерттері. Оларға одонтогенді қабыну процестері (жедел және созылмалы периодонтиттер, жақтың жедел периоститі, жақтардың жедел және созылмалы остеомиелиттері, абсцесстер, флегмоналар, лимфадениттер), тіс жару дерттері, одонтогенді гайморит, инфекциялық дерттер – арнайы (актинамикоз, туберкулез, мерез), арнайы емес (сыздауық, шиқан, тілме, сібір жарасы, жегі) слекей бездерінің қабынулары.

    Бұл аталған дерттер жақ-бет аймағында өте жиі кездеседі.

    2. Бейбітшілікте кездесетін ауыз қуысы мүшелерінің, беттің, бет қаңқасы сүйектерінің жарақаттары, сәулемен зақымдану, қызу және химиялық заттармен күюлер.

    3. Бет-жақ аймағының оқпен жарақаттануы және оларға хирургиялық көмек ұйымдастыру.

    4. Жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер мен ісік тәріздес дерттер. Олардың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық жіктелуіне сай анықтау мен емдеу тәсілдері.

    5. Жақ-бет аймағында іштен туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулар мен деформациялар.

    6. Пластикалық және эстетикалық хирургияның негіздері.

    Хирургиялық стоматологияның даму жолы барлық медицина саласының өсу жолдарымен байланыса отырып әрбір кезеңнің әлеуметтік құрылысы, экономикалық деңгейі, ғылым мен мәдениеттің өркендеуімен сәйкес жүреді.

    Этиологиясы. Жақ сүйектері остеомиелитінің қоздырғышы — ауыз қуысының тұрақты микрофлорасы: стафилококк, стрептококк, энтерококк, диплококк, Гр-таяқшалар т. б. Бірнеше тістер тұсында альвеолды өсіндінің шырышты қабығы қызарған, екі жағынан да ісінген. Бүл жерді сипап қарағанда қызыл иек ауырады, сүйек тінінің кейбір контурлары тегістелгені байқалады.

    3—4 тәулікте ауру тіс түсындағы қызыл иек альвеолды өсіндіден сылынады Бет-жақ аймағы мен мойында орналасқан аденоабсцесс, аде-нофлегмоналардың басталуының өзіне тән ерекшеліктері бар, Олардың алдында одонтогенді, одонтогенді емес лимфа түйіндерінің қабынуы болады.

    Жақ сүйектерінің іріңдеген кисталарында сүйектер деформацияланады. Рентген суретінің көмегімен сүйектегі өзгерістер анықталады.

    Т. Г. Робустова (1983) зерттеулері бойынша бет-жақ аймағының актиномикозына диагноз қою үшін іріңді зерттеу және иммунодиагностика әдістері қолданылады. Актиномикоз баяу дамиды, ауыру сезімі әлсіз, өте қатты инфильтрат, шырышты қабығы ақшылдау түсті құрғақ, майлы болып келеді.

    Жақ-бет аймағының жұмсақ тіндерінің іріңді процестері, жақ-сүйек остеомиелитімен бірге үйлесіп не болмаса өз бетімен пайда болуы ықтимал.

    Инфекцияның таралуы — лимфа, вена тамырларымен немесе іріңді заттың жақ сүйектен жұмсақ тіндерге жарып шығуынан пайда болады. Май қабатының іріңді қабынуы (шіруі) абсцесс не флегмона түрінде өтеді. Бет-жақ аймағы тері, теріасты, ет аралығы май қабатына өте бай. Ал, дербес май қабаты лимфа бездерімен және қан, лимфа тамырларына толып, солар арқылы бір-біріне ұласып жатады.

    Абсцесс — бұл тері немесе теріасты май қабатының шектелген іріңді қабынуы.

    Абсцестің жергілікті белгілері: анық шектелген, ауыратын тығыз инфильтрат (ісік), оның бетіндегі тері қабаты не шырышты қабық керілген, қан кернеп қызарған, аздап жылтырайды. Инфильтраттың ортасы босап және флюктуация (сүйық заттың толқынды қозғалысы) байқалады. Қабынудың жалпы белгілері, абсцестің орналасқан жері мен мөлшеріне байланысты болады. Сонымен қатар дене қызуы, бас ауруы, қалтырауы, лейкоцитоздың болуы және ЭТЖ өсуі мүмкін.

    Жақ-бет және мойын аймақтарының флегмоналары мен абсцестерінің физиологиялық-анатомиялық жіктелуі:

    I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.

    1, Көзасты аймағының ("айбат" шұңқыры).

    2. Шықшыт аймағы.

    3. Көз ұясы аймағы.

    4. Самай аймағы.

    5. Самайасты қанатша-таңдай шұңқыры.

    6. Қатты және жұмсақ таңдай.

    II. Төменгі жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.

    1. Иекасты аймағы.

    2. Ұрт аймағы.

    3. Жақасты үшбұрыштығы.

    4. Жақ-қанатша кеңістігі.

    5. Жұтқыншақ маңы кеңістігі.

    6. Меншікті шайнау еті астының кеңістігі.

    7. Меншікті шайнау еті-құлақмаңы аймағы және жақарты шұңқыры.

    III. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.

    1. Ауыз куысы түбінің жоғарғы бөлімінің абсцестері мен флегмоналары (аша сүйек-жақ-тіласты бұлшықетінен жоғары)

    2. Жақ сүйек-тіл абсцесі.

    3. Ауыз қуысының төменгі бөлімінің абсцестері мен флегмоналары (аша сүйек-жақ-тіласты бұлшықетінен төмен).

    IV. Тілдің абсцестері мен флегмоналары:

    1. Меншікті тіл абсцесі.

    2. Тіл түбірі флегмонасы.
    Жақ-бет аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары

    Емдеу жолы жан-жақты комплексті шаралардан тұруы қажет. Негізгі шаралар:

    1) Хирургиялық емі Мақсаты: жұмсақ тіндердегі ошақты іріңді ашып, дренаж жасау; 2)микробқа қарсы; 3)интоксикацияға қарсы; 4)сенсибилизацияға қарсы; 5)организмнің нашарлаған функциясын қалпына келтіруге бағытталған; 6)жалпы әлдендіргіш және иммуды биологиялық қасиеттерді көтеру үшін бағытталған стимуляциялық емдер.

    Жақ-бет аймағының флегмонасында оперативтік ем, яғни бұзылған (қабынуға себепші болған) тісті жұлу және жұмсақ тіндерді ашып, іріңді шығару кейінге қалдыруға болмайтын, кей жағдайда шұғыл операция түріне жатады.

    Тісті жұлудың негізгі мақсаты — сүйек ішіндегі іріңді дренаж шығарып токсиндердің қанға сіңуін және экссудаттың сүйек өзектері арқылы жайылуын азайту болып табылады.

    Сонымен бірге, тісті жұлғанда, инфекция „көзі" де жойылады.


    написать администратору сайта