Главная страница
Навигация по странице:

  • М ойын жарақаттары

  • Клиникалық белгілері.

  • Қ исық мойын (кривошея)

  • М ойыннан болған сыздауық

  • Емі

  • Мойындағы туберкулезден болған лимфаденит

  • Мойын лимфангиомасы

  • Лимфограгулематоз

  • Л имфосаркома.

  • Көмейдің тарылуы

  • Ө ңештен болған күйік,оның тарылуы.

  • Өңеш бөгде денемен бітелуі.

  • Әдебиеттер

  • Дузасуова Талшын топанат.сро 5. Реферат таырыбы "Мойындаы іріді рдістерді таралуын топографиялы анатомия трысынан длелдеу"


    Скачать 0.97 Mb.
    НазваниеРеферат таырыбы "Мойындаы іріді рдістерді таралуын топографиялы анатомия трысынан длелдеу"
    Дата05.10.2021
    Размер0.97 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДузасуова Талшын топанат.сро 5.docx
    ТипРеферат
    #241702




    РЕФЕРАТ


    Тақырыбы:  "Мойындағы іріңді үрдістердің таралуын топографиялық анатомия тұрғысынан дәлелдеу"

    Орындаған: Дузасуова Талшын

    Группа: 305 Б ЖМФ

    Алматы-2021ж.

    "Мойындағы іріңді үрдістердің таралуын топографиялық анатомиясы

    Жоспар:




    • Мойын жарақаттары


    • Қисық мойын


    • Мойыннан болған сыздауық


    • Іріңді лимфаденит


    • Мойында болатын ісіктер


    • Мойын, кеңірдек, өңеш жарақаттары және аурулары


    • Көмейдің тарылуы


    • Өңештен болған күйік,оның тарылуы.


    • Өңеш бөгде денемен бітелуі.


    М  ойын жарақаттары бейбітшілік уақытта жиі кездеспейді, тек суицидтік әрекет нәтижесінде мойынның кесілген, жаншылған жаралары кездесуі мүмкін. Мойын аймағында бұлшық еттер көп, сондықтан жараның өзегі жабылып қалуы мүмкін. Өте қауіпті жарақат болып саналады.

    Клиникалық белгілері. Егер тері және кеңірдек жарақаттанса, онда ауру сол жерден дем алады, қанды ішіне жұтып, оны дем алғанда сыртқа шығарып дем алысы ысқырған тәріздес болады. Ұйқы аптериясы жарақаттанса, ондай адам ауруханаға жетпей өліп кетуі мүмкін. Мойын, кеңірдек жараланғанда адамның бетіне, мойынға – бұлшық етпен тері астына ауа жиналады.

    Мойындағы лимфатикалық өзек (лимфатический проток) жараланса, онда 1 литрге жуық лимфа ағады, науқас өте жүдеп, ақырында қаза табады.

    Емі- мойын жарақаттанғанда бірінші медициналық көмек саусақпен жараланған тамырды басу, бұрау салу, қан ағып тұрған тамырға уақытша қан тоқтататын қысқышты салу. Жараланған науқасқа сіреспеге қарсы сары суын немесе оның анатоксинің егу, кеңірдек, өңеш жаралары тігіледі, ұйқы артериясы ұштары біріне- бірі қосылып тігіледі.

    Қ  исық мойын (кривошея). Себебі- басты қимылдататын бұлшық еттердің ( грудиноключишно-сосцеевидная мышсца) 1 жағының қызметінің нашарлығынан баланың басы бір жағына бұрылып қалады. Қисық мойынның жеңіл түрінде гипстен таңғыш салып емделеді. Ауыр түрінде операциялық жолмен- тартып тұрған бұлшық етті кесу. Операция жасайтын қолайлы уақыт бір жастан үш жастын арасы. Операциядан кейін гипстен дәке салып баланың басын дұрыс ұстатады.

    М  ойыннан болған сыздауық, көршиқан(карбункул)алғашқы медициналық жәрдем. Көбінесе адамның желкесінде жиі кездеседі. Сыздауықта бір шаштың түбірі ғана қабынады, ал көршиқанда бірнеше түрі қабынады. Қабынудың көлемі үлкен болып барлық терінің тереңдігіне тарап оны өлектендіреді. Науқастың ыстығы 39-40°С көтеріледі, басы ауырады, жүрек соғысы жылдамдайды.

    Емі- іріңдікті ашу, антибиотик беру.

    Іріңді лимфаденит - мойыннын тамақ асты бездерінің аяқ астынан қабынып ауыруы. Себебі: баспа (ангина) , қызыл иек ( переодонтит) , жақтың остемиелиті, шиқан, іріңдік жара себепкер болады.

    К линикалық белгілері- мойынның бездерінің көлемі үлкейеді, саусақпен басып қарағанда ауырады, ортасында ірің барлығы анықталады, былқылдап тұрады. Ыстығы 39°С көтеріледі, денесі қалтырайды (озноб) , аққан түйіршіктері көбейеді. ЭТЖ жоғарылайды, жағын қозғай алмайды. Диагноз қою қыйын емес.

    Емі- негізгі себептерді жою керек. Мысалы, қабынған тісті алу (жұлу) , Іріңді ісіктерді операция жасап ірінін сыртқа шығару, антибиотиктер, сульфаниламидтер беру, УВЧ, спиртпен компресс жасау, ірің болса операция жасап, жараны суттегі тотығы ерітіндісімен фурациллинмен жуып тазалап, майлы, тұз ерітіндісіне малынған тампондарды салып қою керек.

    Мойыннын ірінді дүңкуі ( флегмона ) медициналық көмек. Себебі: жарақаттанғанда жақтың остеомиелитіне, іріп-шіріген баспадан ( некроческая ангина). Іріңді "дүңкудін" жан жағындағы ұлпаларға ( ткань) жылдам тарауынан ірін мойындағы қан жүретін жолдарға, қалталарға тарауы тәжірибеде жиі кездеседі.

    Клиникалық белгілері: аурудың жалпы жағдайы нашар, денесі қалтырайды, тамыр - жүрек соғысы жиі, ыстығы жоғары, терісі ісінген , саусақпен басқанда ауырады.Іріңді дүңку бас, бет көк тамырларын ( лицевые,ярымные вены) тромбоз жасайды, сепсиске, кеуденің аралық қуысы қабынумен ( медиастенит) асқынады.

    Емі- ірйн бар жерді кесіп Іріңді сыртқа шығару, жараны жақсылап жуады, антибиотик , көк тамырғы 5% глюкоза ерінтіндісін, гемадез, қан құю жасалады.

    Мойындағы туберкулезден болған лимфаденит

    Лимфа бездерінің көлемі үлкейеді, бірімен - бірі жабысып және жағындағы тіндермен , терімен жабысып қалады.Келе - келе тері жұқарып тесіледі, жазылмайтын жараға айналады.

    Емі- медикаментоздық және денені шынықтандыратын дәрілер тағайындалады, теңіз жиегінде , таудасеруендеу , витамині көп тамақ, темірдегі көп беріледі.Бұлшық етке күніне 1.000.000 ЕД стрептомицин немесе 2.000.000 ЕД канамицин .фтивазид. ПАСК беріледі.

    МОЙЫНДА БОЛАТЫН ІСІКТЕР

    Мойын лимфангиомасы

    Л  имфангиомалар көбінесе ерін, мұрын, ауыздың кілегей қабығы, мойында кездеседі. Ісік әдетте кішкене болады, кейде бір-бірімен дәнекер тін арқылы бөлініп тұратын бірнеше ісіктердің жиыны кездеседі. Лимфангиоманың 3 түрі болады, жабайы,іші қуысты (пещеристая) үшіншісі сыртынды қабы бар қуыс (кистозная) лимфангиома. Соңғы екі түрінің көлемі үлкен болады. Саусақпен басып қарағанда суйық зат барлығы білінеді, ауырмайды, мойынның екі жағына орналасады.

    Емі- тек қана операция.

    Лимфограгулематоз- қатерлі ісік тобына жатады. Лимфоидтық ұлпаларда қатерлі ісік клеткалары пайда болып, қосымша Березовский-Штернберге-Рид клетклары орын алады.

    К линикалық белгілері: мойындағы, қолтық асты, шаптағы т.б. жерлері жерлердегі бездердің ісігі, бастапқыда бір лимфа безі үлкейеді, содан соң жанындағы бездер үлкейіп, біртұтас ісікке айналады. Денесіне қышыма пайда болады, денесі тітіркенеді, ыстығы көтеріледі, кейін төмен түседі, ауру асқынған жағдайда көк бауыр үлкейеді. Іш қуысы сарысуға толады. Науқас бір жылдан он жылға дейін созылады.Емі: дәрі-дәрмекпен және рентген сәулесімен емделеді.

    Л  имфосаркома. Лимфоидтық ұлпаларды өсетін қатерлі ісік.

    Көмейдің тарылуы

    Көмейдің тарылуы себептері өте көп. Көмейге түтік (интубациялық түтік) жалпы жансыздадыру бергеннен кейін жүйке жүйелерінің қызметінің өзгеруінен, көмейден болған ісікте, жанындағы денелердің қысымынан тағы басқа себептерден болады.

    Клиникалық белгілері: Көмейдің тарылуы 4 дәрежеге бөлінеді. 1-дәрежесінде ауа көмейден өтеді, науқас оған үйреніп алады. Бұл дәреже сондықтан теңелу дәрежесі деп аталады. Екінші дәрежесінде дем алғанда толық теңелу болмайды, кеудесінің мойнының бұлшық еттері жиырылып көмектеседі. Үшінші дәрежесінде мүшелердің қалыптағыдай қызметін атқара алмауы, дем алуы жылдам, терең емес, тамыр соғысы жылдам, ерні, тырнақтары көкшіл. Төртінші дәрежесінде- көмейден мүлде ауа өтпей қалады, көзінің қарашығы кеңейген, бұлшық еттердің құрысуы пайда болады. Керек болса көмей ларингоскоп аспабымен қаралады, рентгенография жасалады.

    Емі- бірінші дәрежесінде консервативтік жолдармен емдеу. Науқасқа қыша, аяғына жылы былау, шай ішкізу, гидрокортизонмен тамағына бүрку, көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісін, ацетилсалицил, сульфаниламидтік дәрілер беріледі. Әлсін-әлсін оттегімен дем алдырады. Консервативтік ем көмек бермеген жағдайда кеңірдекке түтік қою немесе кеңірдегіне тесік жасау (трахестома) операция жасалады.

    Ө  ңештен болған күйік,оның тарылуы.

    Өңеш көбінесе сілті,қышқылды байқамай немесе әдейі өлуге ішкенде күйеді.Бұл заттар өңештен өткенде оның мойын,кеуде,құрсақ бөлшектерінің физиологиялық тар жерлерін күйдіреді,сондықтан да күю көбінесе өңештің жоғарғы жағы,орта шеңінде жиі кездеседі.

    Бірінші 4 күнде өңештің былжыр қабатынан бастап өліеттену және бұлшық етке,өңештің жабысқақ бөлігіне тарайды.Күйгеннен кейін 3 аптадан бастап өңештің күйген жеріне тыртық пайда болады.

    Клиникалық белгілері:өңеші күйген адам өңеші қатты ауырғанына,жұтына алмайтындығына шағым етеді.Науқаста ішкен сілтінің немесе қышқылдың ауызының кілегейлі қабығын, ернін күйдіріп оған жұғып қалғанын көруге болады.Суды,тамақты ішуге мүмкіншілігі жоқ,жас балалардың өңеші күйгенде өміріне қауіп төнеді,ондай науқас күйіктенболған естен тану дененің,қызметінің қатты күйреуінен өліп кетеді.Өлмей қалған науқас улану кезінен шықаннан кейін аурудан көтеріле бастайды,өз бетімен тамақ қабылдамайды тек қана өз бетімен өңештің жазылуы күйіктің жеңіл түрінде болады,ал ауыр түрінде өңештің іші жара болып,кейін тыртыққа айналып тарылып тамақ дұрыс жүрмейтін жағдайға айналады.Ауруын аңғару қиын емес Дұрыс ем жүргізу үшін немен күйгенін білуі керек.

    Емі:бірінші медициналық көмек қабылдаған улы зат қышқыл болса сілтімен,ал сілті ерітіндісі болса қышқыл ерітіндісі арқылы бейтараптау емі қолданылады.Сондықтан да науқас сілтімен күйсе сірке суының әлсіз ерітіндісімен,қышқылдармен күйсе көмір қышқылы натрий ерітіндісімен жуу керек.Асқазанды жуғанда қышқыл немесе сілті түгелдей шыққанша тазалап жуады.Оттегімен дем алдырады,3-5 литрге дейін көк тамырға,тері астына немесе тік ішекке тамшылатып глюкоза,амин қышқылдары,белокты дәрілер,витаминдер беріледі,қан құйылады.

    Антибиотиктер,гидрокартизон дәрілері беріледі.Күйгеннен кейін 4 күннен бастап өңешті жұмсақ имек аспаппен кеңейту керек.Осылай емдеу 1 жылға созылады,бұндай емнің мақсаты өңештің күйген жері тарылып,бітеліп қалмау үшін жасалады.Бірте-бірте буждың жуанын пайдаланады.Буж өңешті тесіп кетпеу үшін оның басына жіңішке темір шек байланады.Өңештің тесігі бітіп қалған жағдайда науқасқа асқазанынан тесік салынады,ол тесік арқылы ауруды тамақтандыруға және бужды өңештен әрлі-берлі жүргізу үшін керек.Бұл тәсілді орысша" бесконечное бужирование "дейді. Ол үшін науқасқа басына батыра байланған жіпті жұтқызады,оны асқазанның тесігінен ұстайды.Жіпке бужды байлап оны өңештің күйгент жеріннен өткізіп 1-2 күннен кейін ол буждың орнына жуандау буж пайдаланылады.Буж көмке бермеген жағдайда кәрі науқастарға асқазанына тесік жасап осы жерден тамақтандыратын болады,ал жас науқастарға күйген өңешті ащы ішекпен өзгертіп жаңадан өңеш жасалады.

    Өңеш бөгде денемен бітелуі.

    Б  алалар тиын,түйме,ойыншық т.б заттарды жұтып қояды.Қарт адамдардың өңешіне жасанды тістер тұрып қалуы мүмкін.Есі ауысқан адамдар қасық,шанышқы,т.б заттарды жұтады.Кейбір адамдар асығып ине,түйреуіш,балықтың сүйектерін жұтып қояды.Бұндай заттар көбінесе өңештің физиологиялық тар жерлерінде тоқтап қалады.

    Клиникалық белгілері: өңешінде бөгде заттар тоқтап қалған адам жұтынғанда өңешінің ауырғандығын,өңешінде бөгде зат тұрғанын сезетінін айтады.Бөгде зат үшкір,өткір болса ол өңештің кілегей қабығын жаралап кеуденің аралық қуысын қабындырады.Бөгде зат үлкен болса тамақ жүруге бөгет жасайды,ондай науқас ішкен тпмағын құсқысы келіп лоқсиды,ол кері құйылады.Аруды анықтау ұшін науқастың мәліметіне байланысты болады.Өңештің аспаппен көркге,рентген сәулесімен қарауға болады.Темір заттар рентгенде жақсы көрінеді.

    Емі:өңештегі бөгде заттар эзофагоскоп арқылы қысқышпен қысып алынады.

    Әдебиеттер:




    • Оқылған дәрістер жиынтығы


    • Хирургические болезни под ред. Акад М.И.Кузина .М


    • Хирургиялық нускау редакциясын басқарған академик М.Әлиев ,Алматы “Білім”,1997,120 б


    • Барыкина Н.В ,В.Г Зарянская .Сестринское дело в хирургии .


    • Әбдірахманов Е Жеке хирургия.Алматы ,2001,21-30б .


    написать администратору сайта