Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәсіліне қарап параны алу екі түрге бөлінеді: ашық және көмескі түрлер.

  • Тапсырылу уақытына карай пара алудың екі түрі болады

  • Парақорлыққа делдал болу (368-бап)

  • Презентация. АнтиКор. Реферат таырыбы Пара алу, пара беру, параорлыа делдал болу болуды ылмысты жауапкершілігі Орындаан Омаров Арлан


    Скачать 22.67 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Пара алу, пара беру, параорлыа делдал болу болуды ылмысты жауапкершілігі Орындаан Омаров Арлан
    АнкорПрезентация
    Дата08.12.2022
    Размер22.67 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАнтиКор.docx
    ТипРеферат
    #835421




    Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

    Астана Халықаралық Университеті

    Факультет: Маркетинг 6B0111

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы: Пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу болудың қылмыстық жауапкершілігі




    Орындаған : Омаров Арлан

    Тексерген:Сеилханов Жанат Дуйсенбаевич


    Пара алу, пара беру - бұл лауазымды кылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлык ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында. Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайды жэне олардың беделін төмендетуге, өкімет жэне атқару органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады, тіпті ұлттық қауіпсіздікке төндіретін катері ерекше. Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық кағидаларының бүрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді. Парақорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (366 бап); пара беру (367 бап); парақорлыққа делдал болу (368 бап);

    Пара алу (366 бап) Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болтан адамның пайдасына жасаған іс-эрекеті (әерекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қатаздар, өзге де мүлік, мүлікке құкығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның кызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сондай-ақ жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе - ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады. Пара алудың объектісі мемлекеттік аппараттың дұрыс қызметі, беделі болып табылады. Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады. Пара заты болып табылатындар: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялык заттар жэне де мүлікке қүкық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөңдеу жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу жэне т.б.). Қазіргі кезеңде нарықтық экономика жағдайында парақорлықтың жаңа түрлері туындаған: паралар біріншіден, ғимарат, офис, жер алу үшін, қолда жоқ ақша қаражатын пакты ақшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден, параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталтан не басқа да қызметтері үшін банктен есеп шоттары ашылып, оларды меншікке ие жасап, оларды әртүрлі сылтаулармен шетелге белгілі бір маман, консультант ретінде шығуын: жол жүруін төлеп, және де бірталай көп ақша қаражатын валютамен берілуін ұйымдастырады. Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық-түліктер, бағалы заттар және де басқадай материалдық мәндегі игіліктер беріледі. Тәсіліне қарап параны алу екі түрге бөлінеді: ашық және көмескі түрлер. 

    А) Ашық пара беруде пара заты лауазым адамның өзіне тапсырылады немесе оның келісімі бойынша жақындарына тапсырылады, пара үшін істелетін іс-әрекеттер жөнінде келісіледі. 

    Б) Көмескі түрде пара беруде пара затын беру сырттай қараганда заңды сияқты болып көрініп, бүркемелеу жолымен кінәліге тапсырылады. Олар лауазымды тұлғаға ақшаны қайтарылмайтын негізде «қарызға» беру, оларға айлық, бір рет төленетін әр түрлі ақы, картадан өтірік ұтылу, пара алушының отбасы мүшелерін немесе туыстарын жалған жұмысқа алу, лауазымды тұлғаға еңбек шарты, контракт немесе кооператив мүшелігі бойынша бір жұмыс істеді деп жалақы, бағалы заттар беру және де лауазымды тұлғаға нақты істеген жұмысына немесе көрсетілген кызметіне ақысынан асыра отырып төленуі. 

    Тапсырылу уақытына карай пара алудың екі түрі болады: оның біріншісі параға сатып алу, яғни лауазым адамының параны мүдделі жақтың өзіне тиімді іс-әрекеттерді істегенге дейінгі мерзімде тапсыруы. Екіншісі пара - сыйлау, мұндай пара лауазым адамына келісілген іс-әрекеттерді істегеннен кейін «алғыс» ретінде тапсырылады. Қызмет бабын пайдаланудың үшінші бір нысаны қамқорлық жасау немесе қызметі бойынша жол беру болып табылады. Қамқорлық жасауға - тамыр-таныстық бойынша қызметке орналастырып пара алу, негізсіз сыйлықтар беру, көтермелеулер көрсету немесе өте құнды заттарды босату арқылы пара алулар сияқты әрекеттер жатады. Қызмет бойынша жол беруге - қол астындағы бағынышты адамдардың заңсыз, қылмысты әрекеттеріне тыйым салмау, жұмысқа мас болып немесе келмей қойғанын елемеу, басқа да заңсыздықтарға жол бергенін көре тұра, жоғарыда көрсетілген адамдардан пара алу арқылы шара колданбау әрекеттері жатады.

    Құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
    Осы баптың бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар: 

    1) қорқытып алу жолымен; 
    2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
    3) iрi мөлшерде; 
    4) бірнеше рет жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
    Осы баптың бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса, – 
    мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

    Пара беру(367 – бап) немесе тапсыру әдістері қылмыстың құрамы үшін маңызды емес. Пара оны алушының тура өзіне немесе оның келісімімен жакын туыстарына берілуі мүмкін. Ол істелінбеген жұмысқа почта арқылы айлық түрінде берілуі мүмкін. Пара берудің жасырылған нысандары бар. Олар заңсыз сыйлық беру, алдын ала ойластырылып пара алушыға картадан елеулі ақша соммасын ұмтылу; пара алушыға бағалы, құнды заттарды өте арзан бағаға сату және тағы басқалар.Кейбір кезде пара — пара алушыға тегін қызмет түрінде көрсетіледі. Пара алушыға туристік, санаториялық жолдамалар берілуі, кемеге, поезға ұшаққа басқада көлік құралдарына жүруіне билет беруін сот практикасы пара беру деп қарастырады. 

    1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
    2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен қырық еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
    3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар: 
    1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
    2) ірі мөлшерде; 
    3) бірнеше рет жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
    4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
    Парақорлыққа делдал болу (368-бап).Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 368-бабында көрсетілген.Осы қылмыстың обьективті жағы парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың делдалы ретінде кінәлы боп табылу үшін пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады.
    Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі — жеке қылмыс құрамына белінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді. Делдалдықтың ерекшеліп бұл субъектінің екі қылмыс жасалуына, яғни пара беру мен алуға жәрдемдеседі. Делдал — екі негізгі субъектілердің байланыстырушы бөлігі және өзінің ниетімен емес, пара беруші мен алушының ниеттерімен келісімге жетуге және іске асыруға көмектеседі. Пара алу және пара беру — субъектілерінің екі жағымен де байланысы бар болса, субъектіні парақорлықтың делдалы ретінде қарастыру керек. Пара беруге не алуға басқадай көмектесулер парақорлыққа делдал болып қарастырылмайды.
    Парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамы формальды және пара нақты берілген көзден бастап аяқталған қылмыс болып табылады.

    1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге немесе оны iске асыруға ықпал ету – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
    2. Бірнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

    Қорытындылай отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.


    написать администратору сайта