Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні, айы Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің

  • 4 Қысқаша аналитикалық есеп

  • Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары

  • Орындалған жұмыс туралы мәліметтер

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Студент-практикант: ____________ Зарлыканова.А.М Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме

  • Студент-практикант: ____________ Зарлыканова.А.М Қорытынды

  • Солтанова.А.Ж Іс-тәжірибе жетекшісі (оқу орнынан) Толеуханова А.Д.

  • аяужан. С. аманжолов атындаы шыыс азастан университеті it жне жаратылыстану ылымдары жоары мектебі


    Скачать 0.79 Mb.
    НазваниеС. аманжолов атындаы шыыс азастан университеті it жне жаратылыстану ылымдары жоары мектебі
    Дата24.05.2023
    Размер0.79 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааяужан.docx
    ТипДокументы
    #1156622

    С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

    IT ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

    БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
    Психологиялық-педагогикалық іс – тәжірибесі бойынша

    Күнделік-есеп

     

     2 курс студенті

     

    Зарлыканова Аяужан

    күндізгі

    оқу түрі

     

    6В01512«Биология-жаратылыстану»

    білім беру бағдарламасы (шифры, атауы)

     

    ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

    “Заки Ахметов атындағы №16 мектебі” КММ

    білім беру мекемесінің атауы (іс-тәжірибеден өту орны)

     

    2023 ж «08» мамырданбастап 2023 ж. «19» мамырға дейін

    іс-тәжірибе мерзімі 
    Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің)іс-тәжірибе жетекшісі:
    Солтанова Айнұр Жұмабекқызы _________

    (Т.А.Ә.., лауазымы) (Қолы)

    Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУіс-тәжірибе жетекшісі:_
    Толеуханова Айгуль Далелхановна ______________

    (Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, лауазымы, атағы) (Қолы)


    Қорытынды баға: _____________

    Өскемен 2023ж.
    1 Жеке жоспар-кестесі


    Күні

    Тапсырмалар және олардың мазмұны

    (іс-әрекеттері)

    Орындалумерзімібойынша ұсыныстар

    1 апта

    10.05.2023

    Ұйыммен және педагогикалық ұжыммен танысу. Білім беру мекемесі туралы ақпарат алу, танысу

    Мектептегі біртұтас педагогикалық процесті басқару жүйесімен танысу

    Мәлімет дайындау

    11.05.2023

    Мектеп тарапынан бөлініп берілген сынып жетекшісімен (сынып жайлы, оқушылар құрамы жайлы ақпарат алу, тәрбие жұмысының жоспарымен танысу және т.б.), Пән мұғалімімен (пән бойынша сабақ жоспарымен танысу, бөлінген сыныбының сабағына қатысу және т.б) танысып, байланыс орнату.

    Мәлімет дайындау

    10.05.2023-

    19.05.2023

    Сынып жетекшісі ретінде бекітілген сыныптың сабақтарына сабақ кестесі бойынша қатысу

    Мұғалімнің, оқушылардың жұмысын бақылау, оның сабақ және үзіліс кезіндегі қызметін зерттеу

    Зерттеп,зерделеу

    10.05.2023-

    19.05.2023

    Өз мамандығы бойынша пәндердің кесте бойынша сабақтарына (кемі 4 сабақ) қатысу; 1 сабаққа талдау жасау,

    Мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін зерттеу, атқаратын жұмыстарына бақылау жүргізу.

    Талдау жасау

    10.05.2023

    19.05.2023

    Бөлінген сыныппен өткізілген тәрбие сағаттарына қатысу, 1 тәрбие сағатына талдау жасау

    Талдау жасау

    2 апта

    10.05.2023

    19.05.2023

    Мектеп пен сыныптың тәрбиелік іс-шараларына қатысу: конкурстарға, концерттерге, театрландырылған көріністерге, мерекелерге және т.б.

    Тәрбиелік іс-шара ұйымдастыру

    Мәлімет дайындау

    15.05.2023

    Мектеп психологі мен әлеуметтік педагог жұмысымен танысу.

    Мәлімет дайындау

    10.05.2023

    19.05.2023

    Білім алушылардың танымдық процестерінің даму деңгейінің диагностикасын жүргізу. Сыныпта социометрия әдісін жүргізу

    Нәтижелерді талдау

    18.05.2023

    Жүргізілген бақылау, зерттеу, әңгімелесу жұмыстары негізінде бір оқушыға және бір сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме дайындау.

    Мінездеме дайындау

    19.05.2023

    Есептік құжаттарды дайындау

    Есепке дайындау


    2 Іс-тәжірибегежолдаманың түбіртегі
    3 Күнделік-есеп


    Күні, айы

    Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы

    Жетекшінің белгісі


    10.05.2023

    Ең алдымен студенттерді,бізді мектептерге бөлді.Маған Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-нен іс тәжірибеден өтужүктелді.Мекеме жайлы ақпарат алып,нормативті-құқықтық құжаттарымен таныстық.Маған жетекші ретінде Айнұр Жұмабекқызы бекітілді.Жетекшіміз бізге мектептегі жағдайды көрсетіп,сыныптармен таныстырды.




    11.05.2023

    Мектептегі алғашқы күні сынып пен және сынып жетекшімен таныстым. Маған берілген сынып5«б» сыныбы.Бірінші күні мен сыныппен танысу жұмысын үйымдастырдым. Сыныптағы оқушылармен бірден ортақ тіл табыса алдық.Және де бұл күні мектептің ішкі тәртібімен,асхана,спорт зал,жаттығу залдарын аралап таныстық.




    12.05.2023

    Таңғы сағат 8.00 –де қоңырау соғылды. Оқушылар сабаққа кешікпей келді. Алғашқы сабақ «Көркем еңбек» сабағы болды. Оқушылар арасында белсенді балалар өте көп болды,әрқайсысы өзің жоғары деңгейде көрсете алды.13.05-те соңғы сабақ аяқталып,оқушылар өз уйлеріне қайтты.




    15.05.2023

    Дүйсенбі күні алғашқы сабақ «Тәрбие сағаты» болды.Балалармен «Заң» тақырыбында ашық сабақ жүргізілді.Қоғамдық ортада өзің қалай ұстау және тәртіп жайлы мағлұматтар берілді.

    Екінші сабақ дене шынықтыру сабағы болды,балалар мектеп формаларын ауыстып ,спорт залында жаттықты.




    16.05.2023




    Қазақ тілі сабағы-тақырыбы «Сан есім» болды .

    Тақырып бойынша сұрақтар ,миға шабуыл сияқты әдістер қолданылды.Балалар ережелермен жұмыс жасай білді.

    Келесі сабақ –математика пәні болды. Ең алдымен ,үй тапсырмасын тексерілді.Қайталау есептері жүргізіліп,карточкамен жұмыс жүргізілді.




    17.05.2023

    Қазақ әдебиеті пәні. Оқушылардан алдымен үй жұмысы тексерілді.Кейін әдебиетіміздегі нақыл сөздер,мақал-мәтелдер және де ақындардың өленің мәңерлеп оқыды.

    Орыс тілі сабағы. Мұғалім балалардың тілдік дағдыларын дамыту әдістері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізді.




    18.05.2023




    Іс-тәжірибенің келесі күні –Қазақстан тарихы сабағы болды.Тақырып «Ежелгі замаңғы адамдардың антропологиялық тұрпаты».Сабақ барысында тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізілінді.

    Келесі сабақ –дүниежүзі тарихы болды. Балалар кестемен жұмыс жасай отырып,тақырыпта кездескен термин сөздерді өздеріне түртіп жазып ала отырды.




    19.05.2023

    Іс-тәжірибенің келесі күні алғашқы сабақ-ағылшын тілі пәні болды.Оқушылар мәтіндерді оқып ,аударма жасай білді.Кездескен жаңа сөздерді сөздіктеріне жазып алды .Оқушылар деңгейі «В+» ,сабаққа барлығы топтаса кірісті.

    Келесі сабақ, жаратылыстану пәні. Параграф қайталау жұмыстары жүргізіліп, топтық тапсырмалар бойынша сабақ өткізілінді.

    Сабақ аяқталған соң,оқушылармен қоштасып,соңғы практика күнің аяқтадық.






    (бұл кесте студенттің жеке-жұмыс жоспары негізінде әркімдікі жеке жазылады)

    4 Қысқаша аналитикалық есеп

    Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер :Өскемен қаласының әкімдігінің Зәки Ахметов атындағы «№16 орта мектебі» КММ білім саласындағы функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға мәртебесіне йе,коммерциялық емес ұйым болып табылады.КММ толық атауы Өскемен қаласы әкімдігің Зәки Ахметов атындағы Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі. Орналасқан жері 070000 ҚР ШҚО Өскемен қаласы Шакарима 89.Жалпы мектепте 1338 оқушыны құрайды.Мекеменің жұмыс кестесі- . Оқушылар,педагогтар және басқа қызметкерлер үшін бес күндік .Жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 19:30 дейін болып табылады. Мекеме екі аусымнан тұрады . Бірінші ауысым 8:00 -ден14:05-дейін.Екінші ауысым 13:20-ден 19:15-дейін болады.

    Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары

    Оқушылар ойларына психологиялық ахуал қалыптастыра білу үшін көптеген әдістерді қолдандық. Мысалға, «Йә» немесе «Жоқ» әдісі, «Миға шабуыл әдісі», «Мадақтау» әдісі, «Еркін марафон» әдісі, «Социометрия» әдісі, «Балық-аулау»әдісі қолданылды.
    Орындалған жұмыс туралы мәліметтер
    МенЗарлыканова Аяужан Мураткановна 08 мамыр мен 19 мамыр аралығында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы әкімдігің “Зәки Ахметоватындағы №16

    орта мектебі” КММ іс-тәжірибеден өттім. Практиканың алғашқы күнінен бастап өзімді мұғалім этикасы мен мұғалім иммиджіне сай ұстауға тырыстым. Бөлініп берген сыныппен биология пәні бойынша сабақтарға қатыстым. Жетекшім биология пәнінің мұғалімі Айнұр Жұмабекқызымен бірге жұмыс жасай отырып,жетекшімнен көп пайдалы кеңестер алдым және осы іс-тәжірибе барысында түсінгенім шынында да балаларға деген сүйіспеншілік және олармен жұмыс істеуге ынта-ықылас болмайынша нағыз мұғалім болу мүмкін емес және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алмайды. Ең әуелі, оқытушының міндеті әр баланы оқу барысында қарастырып, оны тыңдай білу,көмекшісіне айналдыру, оқушының көзімен оны мазалайтын мәселеге үңілу керектігін түсіндім.Тек сонда ғана білімді де тәрбиелі ұрпақтарымыз болады.Мектепте10-мамыр күні келіп мектеп ұжымымен танысып,жетекшілікпен сыныптарға бөліндік.Іс-тәжірибенің алғашқы күні оқушыларды бақылап,сабаққа қатыстым. Орындалған жұмыстар өз кезегінде таным білімді арттыруға заманауи білім сапасын жақсартуға арналған. Біз іс-тәжірибеден өту барысында мыңдай жұмыстар атқардық: іс-тәжірибе жетекшіміздің сабақтарына қатыстық.Оқушыларға психологиялық-педагогикалық сараптама жасадық. Мектеп бөлімімен мұғалімдермен таныстық. Сынып жетекшінің негізгі құжаттарымен білім беруде,жаратылыстану және биология сабағындағы негізгі құжаттармен таныстық.Атап айтқанда «5б»сыныбының тест нәтижелерін тексеріп,базаға еңгіздім.Жүргізілген бақылау ,зерттеу,әңгімелесу жұмыстары негізінде бір оқушыға және бір сыныпқа психологиялық-педагогикалық міңездеме дайындадым.

    Берілген сыныбыма «Социемерия әдісі» бойынша әлеметтік-психологиялық сауалнама жүргізе отыра,теориялық және практикалық түрде қорытындылай білдік.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    .Биология: 9-сынып Н.Г. Асанов,А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибраимова.-Алматы: Атамұра, 2019.- 272 с.

    2.Биология:10-сынып Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрмағалиева,М.А.Нуртаева.- Алматы: ”Мектеп”, 2019 жыл
    Білім алушының қолы _____________________

    20___ж. «____»____________


    5 Білімалушы - практиканттымадақтау және жазалау
    _«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ Жоғары мектебі IT және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының 2-курс студенті Зарлыканова Аяужан 08.05.2023жж.-19.05.23 жж. аралығында, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зәки Ахметов атындағы №16 мектебі» КММ-ден психологиялық-педагогикалық іс тәжірибеден өтті.

    Бөлінген сыныбымен жақсы қарым-қатынаста бола отырып, мамандық бойынша пәндердің сабақтарынақатысып, мұғалімдердің сабақ өту барысында олардың іс-әрекеттерін зерделеп, оларға талдау жасап, сыныптың атмосферасын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу сынды жұмыс жоспарын орындау бекітілді. Сондай-ақ, Аяужан жаңа технология тәсілдерін жүйелі қолданатына білді. Және де оған қоса өзіндік ой-тұжырымы бар, көзқарасы мен пікірін еркін, ашық айталатын, қиын ситуацияларда өз бетінше дұрыс шешім таба алады және де қоғамдық ортаға икемді бола білуін үнемі бақылауда ұстап отырады. Іс-тәжірибеден өту барысында ол өзін тек жақсы қырларынан көрсете білді. Мінезі ашық,сабырмен жағдайларды ой елегінен өткізе шешеді. Өзіне берілгентапсырмаларды уақытында жасауға тырысып, сапалы орындай білді.

    Аяужанда болашақ педагогтың бойында болуы қажет талаптар бойында болды. Яғни,ұқыптылық,лидерлік,оқушылармен ортақ тіл табыса білуі,коммуникабильділік және тиянақтылық.Ары қарай да осы бетінен таймайды деген ойдамын.
    6 Іс-тәжірибе қорытындылары бойынша бағалау парағы


    Күні

    Сынып

    Сабақтың тақырыбы (сыныптантыс / тәрбиелік іс-шара

    Балл

    Мұғалімнің / сынып жетекшісінің қолы

    15.05.2023



    «Мен заңды қаншалықты білемін»







    17..05.2023



    «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы»







    Қорытынды баға








    7 Іс-тәжірибе жетекшісінің сипаттамасы
    Өскемен қаласы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ 6B01512 «биология-жаратылыстану» мамандығының 2 курс студенті Зарлыканова Аяужан Мураткановна - 08.05.2023ж -19.05.2023ж. аралығында, «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінде» педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибеден өтті. Тәжірибе өту барысында 5 “б” сыныбы бекітілді.Алғашқы күннен бастап ақ,өзінің кішіпейілдігімен,мәдениеттілігімен,зеректілігімен өзіне оқушыларды баурай білді.Өзіне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларға ұқыптылықпен,жауаптылығымен,тиянақтылығымен көзге түсе білді.Практика барысында берілген тапсырмалар уақытылы ,әрі сапалы орындалынды. Осы уақыт ішінде мектеп қабырғасында аса дайындықпен,көптеген ізденіспен келіп отырды.«Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» тақырыбында тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізе білді.Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алды.

    Әрбір сабақта өзің ұстай білуі,оқушыларды өзіне тарта алды десем де болады.Болашақта білімді де,үлгілі ,еліне адал қызмет ететін ұстаз боларына сенемін.
    Педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибе

    (іс-тәжірибе түрі)
    Іс-тәжірибе жетекшісінің қолы ___________________ Солтанова.А.Ж

    Білім беру ұйымы басшысының қолы ___________________Сауырбаева Г.К.

    20___ж. «____»____________М.О.

    8 Есепке қосымшалар (кафедра жетекшісінің талабы бойынша)
    Мен, Зарлыканова Аяужан Мураткановна, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің IT және жаратылыстану жоғарғы мектебі факультетінің 6B01512 «Биология-жаратвлыстану» мамандығының 2 курс студенті, 2023 жылдың «08»-мамыр күнінен бастап «19»-мамыр күніне дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «ЗәкиАхметов атындағы №16 орта мектебінде»КММ психологиялық-педагогикалық үздіксіз іс - тәжірбиесінен өттім. 1978 жылы салынған және пайдалануға берілген.2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаладағы жетінші қазақ мектебі болып №16 орта мектебі өз жұмысын бастаған.

    Мектептің өзекті тақырыбы «Оқушылардың жеке тұлға ретіндегі эстетикалық мәдениетінің педагогикалық-психологиялық жағдайын қалыптастыру» болды.

    ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зәки Ахметов атындағы №16мектебі» КММ-нің қоңыраулар кестесі I ауысым


    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8:00-8:45

    8:50-9:35

    9:50-10:35

    10:50-11:35

    11:40-12:25

    12:30-13:15

    13:20-14:05


    II ауысым


    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    13:20-14:05

    14:10-14:55

    15:05-15:50

    16:00-16:45

    16:50-17-35

    17:40-18:25

    18:30-19:15


    5”Б” сынып тізімі




    Оқушының аты-жөні

    1

    Ануар Адильхан

    2

    Аманбай Ерамир

    3

    Бауыржанқызы Дина

    4

    Берік Сұлтан

    5

    Болатова Амина

    6

    Дарханқызы Дария

    7

    Дәуренов Дастан

    8

    Еңілікова Кәусар

    9

    Кисметов Ислам

    10

    Кумарбекова Асыл

    11

    Қасымова Әнел

    12

    Мәдениет Айша

    13

    Медетұлы Мағжан

    14

    Мирғалымов Ерназ

    15

    Оралбаев Бекжан

    16

    Оралбеков Мадияр

    17

    Сайранбеков Рахат

    18

    Серикканов Самир

    19

    Талғатов Жансерік

    20

    Токанова Тахмина

    21

    Тоқашева Аяулым

    22

    Турсунов Али

    23

    Тусупбекова Камилла

    24

    Шәкенова Жанбота

    25

    Дәуренов Әлижан

    26

    Абаш Ханзада


    Сабақ кестесі 5 ”Б” сыныбы


    Дүйсенбі

    Сейсенбі

    Сәрсенбі

    Бейсенбі

    Жұма

    Тәрбие сағаты

    Қазақ тілі

    Қазақ әдебиеті

    Қазақ тілі

    Ағылшын тілі

    Дене шынықтыру

    Математика

    Математика

    Математика

    Математика

    Орыс тілі

    Қазақстан тарихы

    Орыс тілі

    Орыс тілі

    Жаратылыстану

    Ағылшын тілі

    Дене шынықтыру

    Көркем еңбек

    Қазақ әдебиеті

    Көркем еңбек

    Математика

    Жаратылыстану

    Ағылшын тілі

    Қазақстан тарихы

    Музыка

    Қазақ тілі

    Жаһандық құзіреттілік

    Ағылшын тілі

    Дүние жүзі тарихы

    Информатика


    8.1Сабақ үстінде бақылау (байқау) жүргізу
    Сыныбы: 7 «А»
    Пәні: Биология
    Сабақтың тақырыбы:Бактерия формаларының әртүрлілігі.Бактериялардың пішіндері,құрылысы
    Мақсаты:Микробиология ғылымының зерттеу саласын мәлімдеу. Микробиология ғылымы пайда болғаннан кейін, бактериялардың пішіні, құрылысы, тіршілік әрекеті толығырақ зерттелгені туралы білім беру. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге баулу.
    Қолданылған әдістер: «Блум таксаномиясы» әдісі, сұрақ-жауап, пікір алмасу
    Сабақ барысы: Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында бактерия дегеніміз не ?-деген сұрақтар талқыланды. Оқушылар сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесіп анықтады. Таныстырылымның санының өзгеруін сипаттады. Оқушылар жұптарда бірнеше факторларды талқылады. Оқушылар санының өзгеру себептерін «Блум таксаномиясы» арқылы толтырып жазу тапсырмасын орындады.

    Оқушыларға тірі қалу стратегиялары туралы ақпаратпен танысу ұсынылады.

    Мұғалім оқушыларды жұптарға немесе топтарға бөліп шығармашылық тапсырма орындауды тапсырады.

    Ол үшін:

    - Кез келген бір бактерияны таңдап алды;

    - Таңдап алған бактерияны сипаттады;

    - Санының өзгеруіне әкелетін факторларды тізіп жазды

    - жұмыс нәтижесімен сыныптастарын таныстыды;

    Оқушылар бұл жұмысты орындау үшін таныстырылым, видеоматериалдар, ақпараттарды пайдаланды.

    Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт беріп, сұрақтар қойып тиісті кері байланысты ұсынылды.
    Байқау негізінде қорытынды: Сабақ жоғары деңгейде өтті.Оқушылар ойларын еркін, ашық түрде жеткізе алды.Сабаққа белсене қатысты.Сабақта қолданылған әдістер: Блум таксаномиясы, пікірталас, сергіту сәті , сұрақ-жауап.

    Оқушылар берілген тапсырмаларды тиянақты түрде орындады.Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып,бір-бірімен пікір алмасты.Оқушылар сабақтан ақпараттар алып қана қоймай білімдерін жетілдіре түсті.Сыныбы: 10 «Г»
    Пәні: Биология 8«б»
    Сабақтың тақырыбы: «Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі»
    Мақсаты: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін ажырату
    Негізгі  сөздер мен  тіркестер:Мегаспорофит-мегаспорофит-megasorophyte, мегагаметофит- мегагаметофит- megametophyte, мегаспорогенез- мегаспорогенез- megasporogenesis

    Сыныптағы диалог/жазылым  үшін  пайдалы  тілдік  бірліктер:

    Тұқымды өсімдіктер неше топтарға бөлінеді?

    Ашықтұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметалары және микро-,мегаспоралары қалай түзіледі?

    Сабақ барысы: Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды топқа болу . Топ мүшелерін сайлап алады. Топқа бөлінген оқушылар өз топтарын қорғайды. Бір – біріне сұрақтар беріп, сұрақтарға жауап береді. Бірін – бірін бағалайды. Жеке оқушылар және топтарды бағалау.  

    Топтар бірін- бірін «Жемістер» әдісімен бағалайды. «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар қояды

    Сабақты бекіту. « Айналмалы бекет» әдісі.Топтар сұрақтарға жауап береді.
    Байқау негізінде қорытынды: Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ойларын еркін, ашық түрде жеткізе алды.Сабаққа белсене қатысты. Сабақта қолданылған әдістер: пікірталас, сұрақ-жауап, сергіту сәті, «Жемістер» әдісі , «Ой қозғау» әдісі, «Айналмалы бекет» әдісітері қолданылды.

    Оқушылар берілген тапсырмаларды тиянақты түрде орындады.Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып,бір-бірімен пікір алмасты.Оқушылар сабақтан ақпараттар алып қана қоймай ойын еркін түрде айтып, білімдерін жетілдіре түсті. Берілген тапсырмаларды тиянақты түрде орындап,өз белсенділіктерін көрсетті.
    8.2 Мамандығы бойынша сабаққа талдау

    15.05.2023ж

    Пәні:Биология

    Сыныбы:8”Г”

    Оқушылар саны:26

    Сабақтың тақырыбы: «Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау»

    Сабақтың мақсаты: Оқушылардың басым көпшілігі: Тірі ағзалардың өзара оң және теріс қарым-қатынастарын түсінеді

    Сабақ барысы:Сабаққа кіріспе ретінде «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау.

    «Адасқан әріптер» арқылы жаңа тақырыпты ашып, «Кассадағы билеттер» әдісі арқылы топтарға бөлінді. Сабақ барысында қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, гендік инженерияның пайдасы мен зиянын,гендік инженерия қазір қай салада қолданылатынын толықтырып постер қорғады. Қорғау барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп,пікір алмасты. Оқушылар берілген тапсырмаларды тиянақты түрде орындады. Балалар өз ойын ашық жеткізе отырып, «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы берілген сөйлемдерді аяқтады.Топ басшылары сабаққа қатысқан оқушыларды белсенділігіне қарай жұлдызшалар арқылы «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалады.

    Қорытынды:Оқушылар бүгінгі сабақта көп ақпараттар алып қана қоймай,өз білімдерін жетілдіре түсті.Оқушылар генетикалық инженерияның адам өміріне пайдасы мен зияны туралы және оның зерттеу тәсілдерін түсінді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
    8.3 Сынып сағаты/тәрбиелік шараға талдау

    1. Тақырыбы: «Мен заңды қаншалықты білемін»

    2. Сынып сағатының білімділік-тәрбиелік мәні оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру, адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру болды.

    3. Сынып өткізуге мұғалім және оқышылардың дайындығы өте белсенді,қосымша ақпарат көдерін пайдаланып,жоғары дәрежеде өткізді.

    а) Шараларды өткізуге мұғалім және оқушылардың дер кезінде дайындығы өте жақсы.

    б) Оны дайындауда оқушылардың белсенділік деңгейіөте жоғары түрде өз білімдерін көрсетті.

    4. Сынып сағатының барысында оқушылар «Колосе фортуны» әдісі арқылы түскен сұрақтарға байланысты өз жауаптарын барынша ашық түрде жеткізе алды.Бір-бірімен заң туралы пікірталас алмасты.

    а) сынып сағатының мақсаты оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.

    Көрнекіліктері: Қ. Р-ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р-ның Конституциясы, т. б. заң жинақтары, бүктемелер, заң туралы қанатты сөздер,презентация.

    б)  Сынып ұжымының даму деңгейіне мазмұны сәйкес шараларды өткізу технологиялары: “Колесе фортуны әдісі”,”Сұрақ-жауап”әдісі, пікірталас жүргізу.

    в) Сынып сағатын өткізуде сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігі өте жоғары, педагог әдебін ұстанған, оқушылармен қарым-қатынасы жақсы, тәрбиешінің сыртқы келбеті; сынып сағатын өткізудің алғашқы кезеңінде психологиялық сәйкестікті құра білді,оқу уақытын тиімді пайдаланып,тақырыптан ауытқымай,жоғары түрде өткізді.

    5. Сынып сағатының қорытындысы: Мұғалім өзінің алдына қойған мақсатына жетті. Білімді бекіту сабағының тиімділігі тақырыпқа байланысты жаттығулар, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы оқып-білген нәрселерін естеріне жақсы қалдырып, сақтайды. Бұл тиімділікті анықтау үшін оқушыларға тапсырмалар берсек, еш қиналмай орындайды. Оқытудың түсіндірмелі-иллюстрациялы, тәжірибе жасау барысында проблемалық түрі пайдаланылған. Тиімділігі оқушылардың ой, ес, қабылдау, зейіндерін арттыруға үлесін қосады. Олардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта түсті деген ойдамын.

    8.4 Өткізілген сынып сағат/тәрбиелік іс-шараның жоспары

    Тәрбие сағаты

    Тақырыбы: Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім!
    Тәрбие сағатының мақсаты:

    1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту;

    2. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту;

    3. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

    Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақстан туралы бейнеролик, Қазақстан Республикасының рәміздері, буклеттер, мақал-мәтелдер.

    2.  Шаралардың өзектілігі:

    а) Оқушылар сабақта белсенді түрде қатысады.Сабаққа деген қызығушылықтары өте жоғары.Ойларын ашық,еркін түрде бір-біріне сұрақ-жауап арқылы білім алмасты.

    б)оқушылардың бір-біріне деген қарым қатынасы жақсы.Әрқашан көмектесуге дайын.

    в) мектеп, сынып алдына қойылған міндеттерді шешуге іс-шараның маңызы өте зор.Себебі оқушылар бүгінгі сабақтан ана тілдің қасиетті екенін ұғынды.

    3.Іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор.Оқушылар сабақтан алаған әсерін іс жүзінде пайдалынады. Қорыта келе оқушылар көптеген мәлімет алып,жақсы ой қалыптастырды деген ойдамын.

    8.5 Практика барысынан фоталар








    ШҚО білім басқармасы

    Өскемен қаласы бойынша

    Білім бөлімінің

    «Зәки Ахметов атындағы

    №16 мектебі» КММ

    5«Б» сыныбына
    МІНЕЗДЕМЕ
    ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Зәки Ахметов атындағы №16 мектебінің 5«Б» сыныбында барлығы 26 оқушы бар. Оның ішінде 14-ұл бала,12-қыз бала. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушыларының білім деңгейлері өте жақсы, үлгерімдері жоғары. Кез келген істе жауапкершіліктері жоғары.

    Сынып оқушылары бір-бірімен өте жақсы, достық қатынаста. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп, ұйымшылдық танытады. Сыныптағы оқушылардың барлығы өте қабылетті, алғыр, өз ойларын ашық жеткізе алады.Сабаққа балалар бірдей атсалысып отырады .Сабаққа деген қызығушылықтары өте жоғары. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы әрі сыйластықтары көз қуантады.

    Бір біріне, ұстаздарға құрметпен қарайды. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сынып оқушылары өздерінің қабілеттері мен дарындылықтарын әртүрлі сайыстар мен олимпиадаларға,турнирлар мен сырттай интернет байқауларына қатысып, жүлделі орын алуларымен дәлелдеп отырды. Бос уақыттарында пайдалы үйірмелерге барады. Тәжірибе барсында сынып тек жақсы жақтарынан көрінді.

    Қорыта келе,болашаққа деген көзқарастары, армандары мен мақсаттары айқын. Көпшілігі өскенде жақсы мамандық иесі болып, танымал болуды армандайды.Оқушылар болашақта жақсы азамат болып шығуына ешқандай күмәнім жоқ . Осындай білімді де озат боларына сенемін.

    Студент-практикант: ____________ Зарлыканова.А.М

    Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме
    ШҚО білім басқармасы

    Өскемен қаласы бойынша

    Білім бөлімінің

    Зәки Ахметов атындағы

    №16 мектебі” КММ

    5«Б» сынып оқушысы

    Болатова Аминаға
    Мінездеме
    Болатова Амина -2011 жылы маусым айының 30-жұлдызында Өскемен қаласында дүниеге келген. Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-нің 5-сынып оқушысы .Отбасы құрамы-толық.Отбасында 2 бала.Ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы. Аминаның міңезі ашық,балалармен тез тіл табысады,көңілді жүреді, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Сабақ үлгерімі өте жақсы. Қызыға оқитын пәндері- тарих және биология. Ешкімді ренжіткісі келмейтін, жаңалыққа жаны құмар жасөспірім ретінде сыныптың белсенді тобының қатарында. Амина өз ойын еркін жеткізіп, өзін қызықтыратын тақырыптар аясында әңгіме–сұхбат жүргізуді ұнатады. Сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары. Әр сабақты зейін қойып тыңдап ,сабаққа белсенді қатысады. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сабақ барысында өз ойын еркін түрде,ашық жеткізе алады. Сыныптастары мен құрбыларымен қарым-қатынасы жақсы,қолынан келгенше көмектеседі. Одан бөлек мектеп шараларына да өте белсенді түрде атсалысады.Спорт жағынан айтар болсақ,волейбол үйірмесіне қатысады. Сыныпқа жетекшілік еткеннен бері өзін жақсы қырынан көрсетті.Амина болашақта үлкен белестерден көрінеді ,осы бетінен таймайтынына сенемін!
    Студент-практикант: ____________ Зарлыканова.А.М

    Қорытынды

    Мен, Зарлыканова Аяужан Мураткановна, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің IT және жаратылыстану жоғарғы мектебі факультетінің 6B01512 «Биология-жаратвлыстану» мамандығының 2 курс студенті, 2023 жылдың «08»-мамыр күнінен бастап «19»-мамыр күніне дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінде» КММ психологиялық-педагогикалық үздіксіз іс - тәжірбиесінен өттім.

    Бұл педагогикалық іс-тәжірибе маған көп нәрсе үйретті.Онда мен өзімді оқушылар алдында еркін ұстауды,критериалды бағалау жүйесін,социометрия әдісін жүргізу,құжаттармен жұмыс істеуді үйрендім. Іс тәжірибе барысында туындаған қиындықтарда жетекшім өз көмегін беріп отырды және жіберген қателіктерімді жоя білуге үйретті.Оқушылардың деңгейіне қарай қалай жұмыс істеу керектігі туралы,олардың сабаққа деген қызығушылығын қалай ояту керек туралы ақпараттар алдым.Өз мамандығыма деген қызығушылық осы педагогикалық іс-тәжірибемнің арқасында арта түсті. Мен осы тәжірибеден түсінгенім мұғалім болу үшін ең алдымен білімділік, шыдамдылық және еңбекқорлық қасиеттері болу қажет. Мен бұл тәжірибеден өту барысында “Ұстаз жолы ұлы жол” екендігін оқушылармен жұмыс жасау барысын түсіндім.

    Іс-тәжірибе барысында оқушылармен қарым-қатынас орнатып, сабаққа қатысу белсенділіктерін бақыладым. Жетекшім Солтанова Айнұр өзінің сабақ жоспарын көрсетіп қандай тақырыптар өтетінін түсіндірді. Сыныптағы оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, ұйымдастырушылық қабілеттері өте жоғары. Жетекшім берген тапсырманы түпкілікті орындап, жетекшіме өткіздім. Мен жетекшімнің көмегімен мектепте жұмыс істеудің қыр-сырларымен таныстым. Өзімді болашақ ұстаз ретінде сезіне бастадым. Оқушылармен жақын қарым – қатынаста болуды, қалай тіл табысу керек екенін үйрендім.

    Іс-тәжірибе кезінде жетінші сыныптың биология сабақтарына, тәрбие сынып сағаттарына қатыстым. Оқушылардың сабақтарына қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім.Сыныптағы балалардың сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары. Балалар бір-бірімен жақсы тіл табысады. Бірін-біріне сыпайы, сыйластықпен қарайды. Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Балалар ұйымшыл,бір-бірімен сонымен қатар басқа сынып балалармен де өте жақсы араласады. Сабаққа келетін болсам, сабаққа балалар барлығы бірдей атсалысып отырады. Оқуға деген қызығушылықтары өте жоғары. Мұғалімді барлығы бірдей тындайды. Сыныпта барлығы 26 оқушы бар, олардың 14 ұл бала, 12 қыз бала.

    Сабақ жоспарына қарай тақырыптарды күн тәртібімен өттім. Психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді тереңдете оқып, орта мектеп жасындағы оқушылардың ойын, оқу, еңбек әрекетерінің ерекшеліктерімен таныстым. Әр сабақ сайын балалар үлкен ізденіс жасап келеді. Балалар белсенді, жауапкершілігі мол. Әрі ұйымшыл, оқуға деген талпыныстары жоғары. Берілген тапсырмаларды тиянақты, жауапкершілікпен орындайды. Оқытудың түсіндіру, баяндау тәсілдерін жақсы пайдаланды. Балалардың сабаққа деген ынтасы жоғары, өз қабілеттерін айтып отырады. Олар мұғалім жаппай сұрақ қойғанда бір бірін тыңдап, ойланып жауап береді, білмеген жерлерін сұрап, дәптерге жазып алып отырады.

    Іс-тәжірибе барысында алған жағымды әсерім: мектеп ұстазымен, сынып оқушылыларымен жақсы қарым-қатынас орнатып, бауыр басып қалдым. Мен осы іс-тәжірибе науқанында көптеген қиындықтарды жеңіп, жұмыс жасаудың жаңа қырларынан сабақ алдым деген ойдамын. Сонымен қатар, мен осы іс-тәжірибені өте отырып ұстаз болу, балалармен жұмыс жасау қиын іс екеніне көзім жетті.

    Мекемедегі іс-тәжірибе жетекшісі Солтанова.А.Ж

    Іс-тәжірибе жетекшісі (оқу орнынан) Толеуханова А.Д.


    ШҚУ Е Ф 009-22-10


    написать администратору сайта