|
желідегі тілдесу. Саба жоспары
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
| Мектеп:
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Сынып:
| Қатысушылар саны:
Қатыспағандар:
|
| Сабақ тақырыбы
| Желідегі тілдесу
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 8.4.2.1- желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия)
| Сабақ мақсаты
| Желідегі алаяқтық пен агрессиядан қорғаудың әртүрлі әдістерін ұсыну Желіні пайдаланудағы артықшылық пен кемшіліктерді келтіру
| Бағалау критерийлері
| Желідегі алаяқтық пен агрессиядан өмірлік нақты мысал келтіреді Желідегі алаяқтық пен агрессиядан қорғанудың тәсілдерін атайды
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Желідегі қауіпсіздікті сипаттау барысында сәйкес терминологияны пайдалана алады
Пәндік лексика мен терминология:
эргономика, электромагниттік сәулелену, сәулелену көздері, шу, уыттылық
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Ғаламторды пайдалануда .... әкелетін агрессия түрлерінің бірі .... болып табылады.
Ғаламторда алаяқтықтан қашу үшін ...... қажет.
| Құндылықтарды дарыту
| Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика мен математика (денсаулық және қауіпсіздік) және дене тәрбиесі (денсаулық сақтау технологиясы); тіл (диалог үшін дәлел ретінде келтірілген пайдалы сөз тіркестері; жазба және сөйлеу мәдениеті; тіл стилистикасы).
| Бастапқы білім
| Желілер және қауіпсіздік (7 сынып)
| Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақта жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақ басы
0-3 мин
| Ортақ орта құру, тақырып пен мақсатты белгілеу: Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлайды, тақырыпқа байланысты түйінді терминдерді атауға ұсыныс жасайды. Қорытындысында сабақ мақсаты анықталады.
| Сабақ презентациясы
(слайд № 1-4)
| 4-25 мин
26-34 мин
| Дөңгелек үстел. Мұғалім «Сарапшыларды» тартумен «Дөңгелек үстелді» өткізуді ұйымдастырады. Әр сарапшы өзіне тақырып таңдап алып, соның төңірегінде ақпарат жинайды.
Бар уақытын ғаламтор желісінде өткізетін оқушы Жоғарыдағы аты аталған оқушының анасы «ВКонтакте» компаниясының шақыртылған сарапшысы Хакер (желіні бұзушы) Дәрігер ІТ маманы
Сыныптағы қалған оқушылар «Хабар», «КТК» және тағы басқа телеарналар тілшілерінің рөлінде «Дөңгелек үстел» төңірегіндегі сарапшыларға сұрақтар қояды.
Сыныппен диалог: Оқушылар ғаламтордағы алаяқтық пен агрессиядан өмірлік нақты мысалдар келтіреді одан қорғанудың тәсілдерін атайды.
| Сабақ презентациясы
(слайд № 5) Таратпа материал № 1
http://www.izden.kz/referattar/informatika/41
https://baribar.kz/22594/aleumettik-zhelidegi-qauipsizdik-turaly-ne-bilesiz/
http://online.kz/kaz/?page_id=683
| Сабақ соңы
35-40 мин
| Сабақ рефлексиясы: сабақты қорытындылау: 2 жұлдыз 1 тілек
|
| Саралау – қандай түрде Сіз көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті деген оқушыларға Қандай Тапсырмаларды жоспарлайсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
| Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау
| «Дөңгелек үстел» барысында оқушылар «сарапшыларға» қиындық туғызған сұрақтарына жауап ала алады
Барлық оқушы желімен жұмыс жасау барысында кездесетін жағымсыз әрекеттерді біледі және одан қорғану жолдарын атай алады
Кейбір оқушылар желіде болатын алаяқтық пен агрессияға байланысты мысалдар келтіріп, одан сақтану жолдарын келтіреді
| Ойын барысында бірін-бірі толықтыру, өзара бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындағандағы нәтижелерін/жетістіктерін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану.
Жеке жұмыс нәтижелеріне қалыптастырушы бағалауды пайдалану.
| Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде кейбір қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіру, мысалы, қозғалыс қаупін туғызатын сымдардан сақтанып абай болу. Эргономика мен еңбекті қорғау талаптарын қадағалау. Минуттік сергіту жүргізу.
| |
|
|