Главная страница
Навигация по странице:

  • Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы

  • Биліктің объектісі мен обьектісі

  • Саяси билiктiң ерекшелiктерi мына төмендегiдей

  • Саяси билiкке тән сипаттық белгілер

  • ¨ қызметiне қарай билiк

  • Билiктi жүргiзу әдiстерi

  • Билiк ресурстары мен түрлері.

  • Басқарудағы билік формалары

  • Конституциялық монархияда

  • Президенттік республиканың негізгі белгілері: · Президент

  • Федерацияның негізгі белгілері

  • Билiктiң тармақтарға бөлiнуi

  • Саясаттану. Сабаты таырыбы Билік саяси феномен ретінде Сабаты масаты


    Скачать 27.07 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Билік саяси феномен ретінде Сабаты масаты
    Дата01.03.2021
    Размер27.07 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСаясаттану.docx
    ТипДокументы
    #180556


    Сабақтың тақырыбы:Билік саяси феномен ретінде

    Сабақтың мақсаты:

    Билік саяси феномен ретінде жалпы түсінік қалыптастыру.

    Биліктің, шығу көзі, мәні, пайда болуы. Саяси зерттеулердегi салыстыру объектiсi әрқашанда әртүрлi қоғамдағы билiктiң бөлiнуi болып табылады. Шын мәнiнде, билiк саясаттағы негiзгi мәселе. Сонда билiк дегенiмiз не? Билiктi қоғамдық ғалымдар әртүрлi түсiндiредi. Мәселен, билiк – басқа адамдардың мiнез-құлқын өзгерту мүмкiндiгi (Г. Саймон); белгiлi бiр мақсатқа жету мүмкiндiгi (Т. Парсонс); белгiлi бiр тәсiлдердi қолдану мүмкiндiгi, көбiнесе күштеуге негiзделген (Г. Лассуэл, А. Каплан); басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М. Дюверже); шиеленiстiк ахуал тұсында табысты бөлудi реттеу және шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi (Г. Лассуэл)деген анықтамалар берілген. Билiк теориялары iшiнде билiк бiр субъектiнiң екiншiнiң қарсыласуын тоқтату нәтижесiнде пайда болады деп санайтын «қарсыласу» теориясы (Б. Рейвен, К. Леви)да бар. Ал, «Ресурстарды ауыстыру теориясының» (П. Блау, Д. Хиксон) авторлары, билiк бiр субъектiлердiң екiншi адамның ресурстарын өзiне керек iс-әрекетiне ауыстыруы деп санайды. «Ықпал ету зонасын бөлу» теориясы билiктi әлеуметтiк топтардың өзара ықпал шекарасын бөлуi деп санаған. Сонымен бiрге, билiк туралы тағы басқа да концепциялар бар, мәселен белгiлi философ М. Фуко билiк – барлық қоғамдық құрылымдарға енедi, ең алдымен тiлде болады деп санады.

    Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы:

    · бихевиористiк анықтама бойынша билiк- адамдардың мiнез-құлқына әсер ету мүмкiндiгiне негiзделген айрықша мiнез-құлық түрі;

    · телеологиялық анықтамада билiк – алға қойған мақсатқа сәйкес белгiлi бiр нәтижеге жету мүмкіндігі;

    · инструменталистiк билiк анықтамада билiк – белгiлi шаралар қолдану құралы ретiнде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.;

    · құрылымдық анықтамада, яғни билік – басшылық пен басқарылушы арасындағы қатынастың ерекше түрi;

    жанжалдық билiк анықтамасы бойынша билік – игiлiктердi, даулы жағдайларда бөлiсудi үйлестiру құралы;

    · П. Моррис, А. Гидденс пiкiрi бойынша билiк – бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн жәй ғана ықпал, әсер емес, олады өзгертуге бағытталған iс-әрекет;

    · американ саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билiк және қоғам» деген кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мүмкiндiгi деп сипаттайды.

    Билiк дегенiмiз - тап, әлеуметтiк топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан өзiндiк ерiк-жiгердi iске асырудағы қабiлеттiлiк пен мүмкiндiктердi пайдалана отырып адамдардың қызметi мен мiнез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету. Қысқаша айтқанда, билiк деп бiреудiң екiншiлерге әмiрiн жүргiзiп, олардың iс-әрекетi, қызметiне ықпал етуiн айтамыз.

    Билiктiң бiрнеше түрлерi бар, олардың iшiндегi ең маңыздысы саяси билiк болып табылады. Саяси билiк дегенiмiз белгiлi бiр топтар мен таптардың мемлекеттiк органдар жүйесi арқылы қоғамдағы саяси үстемдiлiгi.

    Биліктің объектісі мен обьектісі, ерекшеліктері, ресурстары, кызметі, билікті жүзеге асыру әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Саяси билік мына қызметтерді атқарады:

    · қоғамды басқару стратегиясын жасау;

    · дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдерді дайындау және қабылдау;

    · қоғамдық процестерді жылдам басқару және реттеу;

    · қоғам дамуындағы тұрақтылықтың маңызды параметрлері мен бағыттарын бақылау.

    Саяси билiктiң ерекшелiктерi мына төмендегiдей:

    · билік адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың экономикада рөлi басым болады, әрi қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады;

    · қоғамдағы басшылық көбiнесе сол топ өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси жетекшiлер арқылы жүргізіледі;

    · арнайы басқару iсiмен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;

    · жариялылығы және жаппай болуы.

    Саяси билiкке тән сипаттық белгілер:

    · билiк еркінің басымдылығы, оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешушi күш ретiндегi ықпалы;

    · билiктiң иерархиялық сипат алуы;

    · басқарудың ерекше аппаратының болуы;

    · билiктiң үстемдiктi шоғырландыруға, монополиялауға ұмтылуы;

    · қоғам мен жеке адам қатынасында мәжбүр ету мүмкіндігі.

    Мемлекеттiк билiк пен саяси билiктi салыстыратын болсақ, саяси билiк мемлекеттiк билiкке қар ағанда кең ұғым. Саяси билiк тек мемлекеттiк көлемде ғана емес, сонымен бiрге халықаралық ұйымдар көлемiнде де жүргiзiледi. Кез келген мемлекеттiк билiк ол саяси билiк, ал кез келген саяси билiк мемлекеттiк бола алмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста саяси билiк болған (ақсақалдар кеңесi), ал билiк аппараты, мемлекет болмады. Демек, мемлекеттiк билiк – саяси билiктiң бiр түрі. Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:

    · ол белгiлi бiр аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі;

    · мемлекеттiк билiк өзiнiң арнайы күштеу аппаратына сүйенедi;

    · мемлекеттiк билiк монополиялық сипат алады.

    Билiкті қызметiне, билiк жүргізу ауқымына, билiк субьектiсiне, басқару әдiсiне қарай жiктелу:

    ¨ қызметiне қарай билiк: саяси, идеологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, банк, дiни т.б.;

    ¨ билiк жүргізу ауқымына қарай: мемлекеттiк, халықаралық, отбасылық т.б.;

    ¨ билiк субьектiсiне қарай: таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билiгi;

    ¨ басқару әдiсiне қарай: тоталитарлы, депоттық, бюрократиялық, т.б.

    Билiктiң мәнiн жете түсiну үшін оның негiзгi қағидаларын нақтылау қажет (3-кесте). Билiктiң мәнiн ашуда екi мәселеге ерекше назар аударған жөн. Бiрiншiден, билiкке жету жолы, екiншiден, билiктi сақтау мен қолдану әдiстерi. Демек, билiктiң қағидаларын ажыратып көрсету маңызды. Билiктiң легитимділік, ақиқаттылық, шынайылық, көрегенділік, коллегиялық, төзімділік, өзіндік сыншылдығы, қаттылығы, жасырын сияқты қағидалары бар.

    Билiктi жүргiзу әдiстерi рухани және материалдық болып бөлiнедi. Рухани әдiстер: саяси идеялар мен теориялар, саяси сана, құқық, норма, ереже, бiлiм, саяси сөз, саяси әдiстер, саяси тәжiрибе, саяси өнер; материалдық әдiстер: саяси жобалау, есеп, бақылаудың техникалық әдiстерi, күштеу тәсiлдерi, билiк жүргізуші кадрлар, саяси институттар, органдар, аппараттар, билiк ұйымдары.

    Билiктiң қайнар көзiне – бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, бiлiм, хабарлама мәлiметтер жатады (№3 кесте).

    Билiктi жүзеге асырғанда құқық, бедел, сенім, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру сияқты әдiс-амалдар пайдаланылады.

    Билiктi айқындау және тарату формасы үстемдiк жүргізу, басшылық ету, үйлестiру, ұйымдастыру, бақылау болып табылады.

    Билiк ресурстары мен түрлері. Билік ресурстары мына төмендегідей бөлінеді:

    Экономикалық ресурс – материалдық құндылықтар, ақша, техника, құнарлы жер, пайдалы қазбалар.

    Әлеуметтiк ресурс – әлеуметтiк статусты көтеру немесе түсiру қабiлетi, әлеуметтiк стратификация.

    Мәдени-ақпараттық ресурстар – бiлiм, ақпарат, оны тарату құралдарына бiлiм, ғылым институттары, БАҚ-ы жатады.

    Билiктiң түрлерi, ол әртүрлi мемлекеттердiң (субьект, обьект, ресурстары, процесi) ерекшелiктерi арқылы жiктеледi. Билiктiң ең маңызды классификациясының бiрi – билiк ресурстарына негiзделiп құрылған.

    1 Экономикалық билiк, бұл экономикалық ресурстарды бақылау, әртүрлi материалдық құндылықтарға меншiк. Қоғамның дамуы бiршама тұрақты кезеңiнде экономикалық билiк басқа билiктерден жоғары тұрады, «экономикалық бақылау – адам өмiрiнiң бiр ғана саласын бақылау емес, ол басқа мақсаттардың барлығына жету құралдарын бақылау» – деп жазады Ф. Хайек «Құлдыққа барар жол» еңбегiнде.

    2 Әлеуметтiк билiк, егер экономикалық билiк материалдық игiлiктердi бөлу тәсiлiн ұсынса, ал әлеуметтiк – әлеуметтiк сатыдағы орындарды – статус, қызмет, артықшылық, жеңiлдiктердi бөледi. Қазiргi мемлекеттер үлкен әлеуметтiк билiкке ие, әлеуметтiк саясат көмегiмен тұрғындардың көпшiлiгiнiң қоғамдық жағдайына, олардың қолдауларына ықпал ете алады.

    3 Мәдени-ақпараттық билiк, бұл ең алдымен адамдарға ғылыми бiлiмдер, ақпарат және оны тарату тәсiлдерi көмегiмен билiк жүргізу. Мұнда БАҚ шешушi рөл атқарады. Манипуляциялау қолданылады.

    Басқарудағы билік формалары: монархия мен республика, олардың нұсқалары; мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация. Басқару формасы – мемлекеттiк билiк ұйымдарының құқықтық жағдайы мен құрылымына негiзделген мемлекет мазмұнының сыртқы бейнеленуi. Басқару формасы – бұл мемлекеттік билікті ұйымдастыру тәсілдері. Мемлекеттiк билiктiң жоғарғы ұйымының жағдайы мен сипаты басқару формасын екiге бөледi: монархия және республика.

    Монархия деп - мемлекеттiң жоғарғы өкiмет билiгi жеке-дара, бiр билеушiнiң қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретiнде қалатын түрiн айтады. Монархия абсолютi және конституциялық болып екiге бөлiнедi.

    Конституциялық монархияда монархтың билiгi белгiлi бiр дәрежеде заң шығаратын билiк, парламентпен шектеледi. Басқарудың бұл түрi Англияда пайда болды және қазiргi кезде ойдағыдай қызмет етуде. Конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Швеция, Жапония т.б. елдерде сақталған.

    Республика деп - мемлекеттiк билiктiң барлық жоғары органдары белгiлi бiр уақытқа сайланатын немесе өкiлдiк мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттiк басқарудың түрiн айтамыз. Республика президенттiк және парламенттiк болып екiге бөлiнедi.

    Президенттік республиканың негізгі белгілері:

    · Президент қолына мемлекет және үкімет басшысы өкілеттіліктерінің шоғырлануы;

    · Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы;

    · Парламенттен тыс президентті сайлау және үкіметті қалыптастыру;

    · Президент қолына ауқымды биліктің шоғырлануы;

    · Парламентте үкіметке сенімсіздік білдіру құқығының болмауы.

    Парламенттік республиканың негізгі белгілері:

    1 Парламент үстемдігі;

    2 Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі;

    3 Үкіметті парламенттік негізде саяси партия жетекшілерінен қалыптастыру;

    4 Мемлекет басшысын парламентте сайлау;

    5 Үкімет басшысын (премъер-министрді) президент тағайындайды.

    Мемлекеттiң аумақтық-саяси құрылымы. Мемлекет басқару түрiмен қатар құрылысына қарай да жiктелiнедi. Мемлекеттік құрылыстың формасы – бұл орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді.

    Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi: унитарлы, федерация, конфедерация.

    Бiртұтас мемлекет /унитарлы мемлекет/ түсiнiгi латынның «unuz» сөзiнен шыққан. Ол бiртұтас, бiрiккен деген ұғымды бiлдiредi. Бiртұтас дегенiмiз бiр мемлекет, ол ұсақ мемлекеттiк құрылымдарға бөлiнбейдi, онда әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер ғана болады. Бiртұтас мемлекеттiң екi: қарапайым түрi, тек әкiмшiлiк-аумақтың бөлiнiстерден (Қазақстан, Польша, Тайланд, Алжир, Колумбия) тұрады, ал күрделiсiнде өз құрамында автономияның бiр немесе өзге де түрлерi (Италия, Филиппин, Никарагуа т.б) болады. Унитарлы мемлекеттің белгілері:

    - бүкіл мемлекет үшін бірыңғай жоғарғы атқарушы, заңшығарушы, сот билігі ұйымдарының болуы;

    - бір конституция, бірыңғай заңшығару жүйесі, бір азаматтық, бірыңғай қарулы күштің болуы;

    - әкімшілік-территориялық бірліктер егемендікке ие емес т.б.

    2 Федерация сөзi латынның «foedus» деген сөзiнен шыққан, ол одақ, бiрлестiк деген мағынаны білдіреді. Федерация – белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.

    Федерацияның негізгі белгілері: 1. федерация территориясы оған кіретін мемлекеттер территориясынан құралады; 2. федерация мен оның субъектілері арасындағы өкілеттілік бірыңғай жалпыодақтық конституциямен шектеледі. Федерацияға енген әрбір мемлекет өзінің конституциясын қабылдауға құқылы; 3. заңшығарушы, атқарушы, сот биліктерінің екі жүйесі болады, федеральді және әрбір федерация субъектісі үшін; 4. федерацияның әрбір азаматы бірыңғай азаматтықа ие болады; 5. федерация бірыңғай қарулы күшке, қаржы, салық, ақша жүйелеріне ие; 6. халықаралық аренаға тек тұтас федерация ғана шыға алады.

    Конфедерация белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы т.б.) жүзеге асыру үшін біріккен егеменді елдер одағы. Конфедерацияның негізгі белгілері:

    1 бірыңғай жоғарғы атқарушы, заңшығарушы, сот билігі ұйымдарының болмауы;

    2 бірыңғай қарулы күшке, қаржы, салық жүйелеріне ие емес;

    3 конфедеративті мемлекеттік ұйымдар бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай кеден тәртібі, мемлекетаралық бірыңғай салық саясаты туралы келісімге келуі мүмкін;

    4 ұзақ өмір сүрмейді.

    Билiктiң тармақтарға бөлiнуi. Демократиялық қоғамдарда билiктi тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негiзiн салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк (1632-1704ж.ж.) және француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689-1753ж.ж.) болды. Билiк – заңшығарушы, атқарушы және сот билiгi болып үш тармаққа бөлiнедi.

    Заңшығарушы билiк (парламент) заңшығарумен, оны бекiту, өзгерту және жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкiметтi тағайындайды, бюджеттi бекiтедi, соғыс ашып, әскердi қамтамасыз етедi, сауданы реттейдi, сотты ұйымдастырады, халықаралық келiсiм шарттарды қабылдайды, маңызды iшкi және сыртқы саясатты анықтайды. Оның жұмысын конституция атынан ерекше органдар (конституциялық бақылау) бақылау жасайды.

    Атқарушы билiкке Үкiмет пен әкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы өкiлдiк органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заңшығарушы билiктiң бақылауында болып, олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде әрекет етуi тиiс. Үкiмет саяси шешiмдер қабылдайды (конституция шеңберiнде), ал әкiмшiлiк ол шешiмдердi жүзеге асырады.

    Соттың билiгi адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушы-лықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестiгiн анықтайды. Оны халық не өкiлеттi мекемелер қалыптастырады. Ол заңшығарушы не атқарушы билiкке тәуелсiз. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк органның немесе қызметтегі адамның шешiмiн конституцияға қарсы десе, ол шешiм толығымен күшін жояды.

    Саяси субьектілері

    1. Саясат субьектілері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі, белгілері және әлеуеті. Саясат субьектілері ретіндегі әлеуметтік қауымдастықтар. Қазіргі замандағы әлеуметтік стратификация. Саясат субъектілері ретіндегі этникалык топтар.

    2. Саяси субъектілік түсінігі және саясат субьектісі ретінде тұлғаның қалыптасу шарттары. Саяси қызмет, әлеуметтік белсенділік, саяси мәдениет пен сана деңгейі.

    3. Адамның саясат субьектісі ретінде калыптасуының көрсеткіштері ретінде азаматтык қасиеттері. Тұлғаның саяси мүдделерін жүзеге асырудың материалдық, әлеуметтік-мәдени және саяси-құқықтық алғышарттары.

    4. Тұлға мен қоғамның саяси мүдделерінің арақатынасы. Адам құкықтары мен еркіндігі. Оларды камтамасыз етудің кепілдігі мен механизмдері. Азаматтың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың шарттары. Адамның саяси шеттелу мәселесін шешу. Адам құкықтары саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық.

    5. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы. Қазақстанда саясаттың жаңа субъектілерінің қалыптасу көздері мен әлеуметтік базалары.

    Саясат субъектiлері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі, белгілері және әлеуеті. Саясат мемлекеттiк билiк үшiн бәсекелiк күрес саласында әр түрлi субъектiлердiң әрекеттерi мен өзара әрекеттерi жиынтығын бейнелейдi. Көбiнесе, саясат субъектiсiн бөлiп алу өлшемi, оның осы саладағы нақты әрекетi, немесе саяси шешiм қабылдауға ықпалының деңгейi, мемлекттiк саясатты iске асыруы, немесе оны ұйымдастыруы алынады. Нақты айтсақ, саясат субъектiсi деп шешiм қабылауға ықпал ету деңгейiне және мемлекеттiк саясатты тарату сипатына тәуелсiз, мемлекет пен билiктiк өзара қарым-қатынасқа түсушiнi түсiнемiз.

    Саясат субъектiлерi үш түрге: жеке (микроактор), топтық (макроактор) және институттық (ұйымдасқан актор) болып бөлiнедi. Бұл үш түрдегi субъектiлердің iштей құрылымдары мен мазмұндары өзіндік ерекшелiктерге ие. Мәселен, топтарға әр түрлi қауымдастықтар мен ұжымдар (бейресмиден ресмиге дейiн, уақытшадан тұрақтыға дейiн, оқшаудан трансұлттық бiрлестiкке дейiн) жатады. Институттарға саяси жүйеде өкiлдiлiк пен атқарушылық қызметтердi атқарушы (партиялар, қозғалыстар, лобби, халықаралық ұйымдар) ұйымдар жатады. Жеке субъектiлер (Д. Розенау) үш түрге бөлінеді: қатардағы азаматтар, саясатқа қатысуы топтық мүддемен сипатталынатын; кәсiби қызметкер, мемлекетте басқару мен бақылау қызметiн атқарушы; жеке индивид, топтық мақсатқа тәуелсiз әрекет етушi және ешбiр кәсiби мiндеттердi орындамаушы. Саясаттың барлық субъектiлерi бiр-бiрiмен иерархиялық қатынаста болады.

    Легистердiң өзi (ІV-ІІ ғ.ғ. б.з.д.) адам өмiрiнiң барлық саласын бақылайтын және қатал заңға арқа сүйенетiн, басқарушы мен оның қол астындағылардың арасындағы тұрақты қақтығыстардың болуына жол бермейтiн, күштi деспоттық мемлекет қажет деп санаған. Конфуций да мемлекет басымдылығын дәрiптеген, мемлекет – үлкен патриархалды отбасы, оған аристократтар мен шенеунiктер және қарапайым халық сөзсiз бағынуы тиiс деп тұжырымдаған. Мұнда индивидтің ешбiр құқығы жоқ болып саналады. Мәнi жағынан осындай принциптi Платон да қолдады, мемлекеттiң жалпыәлеуметтiк қызметiн уағыздап, оның индивидке үстемдiгiн ақтады. Аристотель пiкiрiнше мемлекет әлеуметтiк қатынастың жоғары формасы, сөйтiп оның басымдылығын дәлелдеуге тырысты.

    Аристотель мен Платонның мемлекетке қарым қатынасы мемлекеттiң тұрақтылығы мен тыныштығын бұзатын қажетсiздерден, варварлардан, мемлекет өмiрiне лайықсыздардан тазарту сияқты идеялармен толықтырып отырды. Бұл мемлекет туралы идеялар адамның саяси құқығы мен бостандығын, индивидтi азамат және мемлекеттiң толық әрiптесi ретiнде тану мүмкiндiгiн жойды. Мемлекет, адам құқығы мен статусын толық және оның саяси белсендiлiк каналдарын анықтап отыруы тиiс.

    Адам саясат субъектiсi ретiнде. Субъект дегенiмiз (субъект латын тiлiнде жату деген сөзден шыққан) белсендi iс-әрекет жасаушы, сана мен жiгерi бар жеке адам немесе әлеуметтiк топ.

    Объект дегенiмiз (объект – латынның қарсы қою деген сөзiнен шыққан) субъектiнiң танымдық және басқа да iс-әрекетi неге бағытталса соны айтады. Басқаша айтқанда, объект зерттелетiн нәрсе.

    Адамның саяси өмiрдегi орны мен рөлiне саясаттану ғылымы ерекше назар аудару қажет. Себебi, бiрiншiден, адамзат тарихының бүгiнгi кезеңiнде саясат қоғам дамуында шешушi рөлдердiң бiрiне ие болып отыр. Екiншiден, саясаттың тиiмдi және нәтижелi жүруi адам арқылы өлшенедi. Демек, бүгiнгi күнгi саясатқа баға, адам саясат үшiн емес, саясат адам үшiн қызмет етуi тұрғысынан қарастырылуы тиiс. Үшiншiден, бүгiнгi әлеуметтiк-саяси философияда адам мәселесi өзектi, әрi басты мәселелердiң бiрiне айналуда. Мұнда адамның қоғамдық қатынастардың өзгеруi механизмiндегi рөлiн түсiну қажеттiлiгi туып отыр. Басқаша айтқанда, барлық мәселелердiң тоғысар нүктесi адам. Бiрiншiден, қоғамға ерiктi, адал, ақылды, iскер адамдар қажет. Екiншiден, адам жалпы қоғамдық прогрестiң негiзгi қозғаушы күшi ретiнде өз мүмкiндiгiнiң, жiгерiн-қайратының, әлеуметтiк-саяси еңбегiнiң қоғамға қажеттiлiгiн сезiнуi қажет.

    Саяси ғылымда саясат субъектiлерiн жiктеудiң бiрнеше түрлерi тараған. Соның iшiндегi ең көп тарағаны мына:

    · саясатқа қатысушыларды әлеуметтiк құрылымдарға бiрiгуi деңгейiндегi субъектiлерге (демографиялық, кәсiби, этникалық топтар) бөлу – кәсiби топтар, таптар, ұлттар, көсемдер, элита мен бюрократия, жеке адам т.б.;

    · белгiлi бiр институттық құрылымға бiрiгу деңгейiндегi субъектiлерге: мемлекет, партиялар, кәсiподақтар, қоғамдық ұйымдар, саяси қозғалыстар жатады;

    · «қызметтiк» деңгейдегi саяси субъектiл, оларға: дiни мекемелер, университеттер, кооперациялар, әр түрлi мәдени-спорттық ассоциациялар жатады.

    Барлық адамдардың конституциялық құқықтары мен мүмкiндiктерi бiрдей болғанымен, iс жүзiнде олар тең емес, олар физикалық-биологиялық, интелектi, еркi мен басқа да психологиялық қасиеттерi жағынан қабiлетi. Әлеуметтiк жағдайы жағынан әртүрлi. Осының бәрi олардың саясаттағы орны мен рөлiнiң әртүрлiлiгiне, оған ықпал ету дәрежесi мен деңгейiнiң әрқилылығына негiз болады.

    Адамның саясатқа қатынасы ертедегi ойшылдардың iлiмдерiнде қарастырылған. Мәселен, Конфуций мемлекеттiң патерналистiк концепциясын жасады. Бұл концепция адамдардың саяси статусы жағынан тең еместiгiне негiзделдi. Жеке адам саясат субъектi бола алу құқына ие бола алмайды. Бұл концепция әлi де болса дамушы елдерде өз көрiнiсiн берiп отыр. Сондай-ақ, тоталитарлы, авторитарлы режімдер осы концепцияға жақын бағыт ұстанады.

    Платон өзiнiң идеалды, өркениеттi мемлекет концепциясында адам үстiнен мемлекеттiң үстемлiгiн күшейттi, адамды мемлекеттi басқарып отырған ақылды, дарынды аристократтарға тәуелдi нысана ретiнде түсiндiрдi. Яғни, мемлекет өз заңы арқылы адамның бүкiл өмiрiн өз реттеп отыратын болған. Платон өзiнiң «Заңдар» атты еңбегiнде «мемлекет өзiне қолайсыз адамдарды өлiм жазасымен, мемлекеттен қуу арқылы тазартып отырғаны дұрыс» – деп жазады. Демек, Платон адамды саясат субъектiсi ретiнде санамады, әрi тоталитарлы үрдістің қалыптасуына негiз жасады.

    Аристотель өзiнiң мемлекет туралы iлiмiн саясаттың антропологиялық табиғатына негiздеп жасады. Оның ойынша, адамға жаратылысынан қауымдастық, ұжымдық қасиет тән, сондықтан да басынан-ақ адам саяси сипатқа ие болған. Аристотельдiң пiкiрiнше адам тек басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана өмiр сүредi. Бұл қатынастың алғашқы түрi отбасы немесе адамдардың шоғырланған жерi. Осының негiзiнде дамудың белгiлi бiр деңгейiнде мемлекет пайда болады. Демек, ол мемлекет ерiктi және тең құқықты азаматтарға негiзделедi деп санаған. Мемлекет шеңберiнде адамның бүкiл табиғаты көрiнедi және жеке адам саяси өмiрдiң органикалық бөлiгi болып есептелiнедi деп айтқан. Аристотельдiң Платоннан айырмашылығы белгiлi бiр мөлшерде автономиялық қажет деп есептеуiнде болып отыр. Дегенмен, Аристотель де адамды мемлекеттен толық ажыратып көрсете алмады.

    Адамның саяси құқығына либералистер көп көңiл бөлдi. Либерализм әлеуметтiк-саяси ойлар тарихында алғаш рет жеке адам мен қоғамның, мемлекеттiң ара жiгiн ажыратып, адамға тән құқықты берiп, оны саяси жүйенiң элементi ретiнде бекiттi. Либерализм концепциясы бойынша адам саяси билiктiң көзi. Ал, мемлекет ерiктi адамдардың келiсiмiнiң нәтижесi болып табылады. Мемлекеттің негiзгi қызметi – халықтың қауiпсiздiгi мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртiптi сақтау. Либерализм адамды билiктен жоғары қойғанымен, олар адамның саяси белсендiлiгiнiң ауқымын шектеп отырған. Классикалық либерализм теориясында адам саяси өмiрдiң тiкелей қатысушысы болудан гөрi, бақылаушысы ретiнде көрсетiлгiн.

    Қазiргi кезде Батыс Еуропада адам мен саясат қарым-қатынасы туралы либералистiк iлiмдер саяси ой-пiкiрлермен одан әрi толықтырылуда. Бұнда мемлекеттiк қамқорлықты күшейту идеясы басымдылық танытып отыр.

    Маркстiк теорияда жеке адамның саясатқа қатыстылығы таптық тұрғыда қарастырылған. Яғни, адам белгiлi бiр әлеуметтiк тап, топ мүшесi, өкiлi ретiнде алынады. Сондықтан да жеке адамның саясаттағы орны мен рөлi, оның қай тап, топ, ұлт өкiлi болуына тәуелдi құбылыс ретiнде танылады. Демек, жеке адамның саясат субъектiсi болуына шек қойылған.

    Жеке адам мен билік қарым-қатынастарының моделдері. Индивид пен билiк қарым-қатынасының төрт тәсiлi мүмкiн: тоталитарлы, партиархалды, жеке, партицитарлы.

    Бiрiншi, тоталитарлы модель бойынша мемлекетке толық бағыну жүзеге асырылады, яғни мемлекет басымдылығы сөзсiз. Мұнда адам құқығы проблемасы күн тәртiбiнен алынып тасталынады, индивид тұтастың бiр бөлiгi, органикалық ретiнде қарастырылады, әрi күрделi мемлекеттiк механизмдегi орталықтан басқарылатын құрал ретiнде саналады.

    Екiншi, индивид пен билiк қарым-қатынасының патриархалды моделi адамдардың құқығының күрделi иерархиясын ұсынады. Ол қоғамды әр түрлi сословие мен топтарға бөледi, оның ең төменi саяси құқықсыз, ал жоғарысы жоғарғы билiк өкiлеттiгiне ие, билiктiң негiзгi көзi мен бөлушiсi, авторитарлы монарх болады.

    Үшiншi, жеке адам мен билiк қарым-қатынасының жеке тәсiлi, ол индивидтiң мемлекетке .



    написать администратору сайта