Главная страница

Работа. Сайын Мұратбеков - Жусан исі. Сайын Мратбеков Жусан иісі


Скачать 53.14 Kb.
НазваниеСайын Мратбеков Жусан иісі
АнкорРабота
Дата14.06.2022
Размер53.14 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСайын Мұратбеков - Жусан исі.docx
ТипДокументы
#589689
страница4 из 6
1   2   3   4   5   6

  • Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба, деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен. Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: «ағаңды анау Жусантөбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада тапқанмын» дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан қалған... Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді...

  • Мен де ылғи көкемнің пальтосын жамылып жатамын. Менің көкемнің пальтосынан да жусанның иісі шығып тұрады – деді бір бала.

Сөйткенше болған жоқ, тұс-тұстан жамырай дуылдап соғыста жүрген әкелеріміздің, ағаларымыздың үйде қалған киімдерін еске алып, олардан шығатын иісті сөз етіп кеттік. Және бір қызығы көпшілігіміз ол иісті жусанның – дәл өзіміздің ауылдың іргесіндегі жусанның иісіндей дестік. Онан бір кезде Аян:

  • Менен де жусанның иісі шығып тұрады, ағама тартқанмын. Міне,иіскеп көріңдерші, – деп өз омырауына тұмсығын тықты. Біз дереу кезектесіп оның омырауын иіскеуге кірістік. Өзі айтқаннан ба, әлде шынымен солай ма, әйтеуір, Аянның омырауынан бұрқырап жусанның иісі шығып тұрғандай көрінді бізге.

  • Рас-ей, жусанның иісі шығады.

  • Қандай сүйкімді-ей, жусанның иісі... – дестік бір ауыздан. Онан соң әрқайсымыз өз омырауымызға тұмсығымызды тығып, өзіміздің иісімізді өзіміз иіскеп, жаңалық ашқандай:

  • Әй, менен де жусанның иісі шығады-ей.

  • Менен де... Міне, иіскеп көрші... тура жаздыгүні Жусандытөбенің иісіндей... – десіп жан-жақтан шулап кеттік.

Сәлден кейін басқа сөздің бәрі тыйылып, Аян ертегі бастауға кірісер сәтте Есікбай тұрып:

  • Бүгін түнде Аянға шанасын кезек бойынша Қосым беруі керек,

деді.


  • Иә, саған, менің шанам сынып тұр, деді Қосым.

  • Әй, осы әлгінде ғана сынған ештеңесі жоқ еді ғой.

  • Сынып тұр... Түнде тебуге жарамайды. Керек болса өзің бер

шанаңды.

    • Мен беріп жүрмін, ылғи беремін, ал сен неге бермейсің?

    • Бермеймін со... деп күңкілдеді Қосым. Сынып тұр.

    • Жарайды, қойыңдаршы, – деп сөзге Аян араласқан. Бірақ осы кезде Есікбай Қосымның бас киімін жұлып ап, лақтырып жіберді.

    • Кет, тырнауық мысық, әйтпесе көресің, деп кінжіді.

    • Жарайды, қойшы-ей, Есікбай, деген Аян тағы да басу айтып.

    • Не қоятыны бар. Кетсін. Қане кет, – деп Есікбай мелшиіп отырған Қосымды теуіп қалды.

Қосым жер-көкті басына көтере азан-қазан қып бақырып үйіне кетті.

Есікбайды сыбап боқтап:

    • Қазір Тұржан ағама айтам, бәлем... – деп бара жатты.

Бұл күні Аян жалғыз көзді дәу туралы ертегісін бастады. Бұл оның бұрынғы ертегілерінен де әлдеқайда қызықты еді. Түнерген аспан, ат қораның іргесінен әрі қарай үңірейіп жатқан қорқынышты терең құз, бәр- бәрі күннің ерекше бір нұры құйылып жарқырағандай боп, басқа бір дүниеге – ертедегі күлкіге толы қызық дүниеге айналды.

«...– Біраз жер жүргеннен кейін жетім баланың қотыр тайына тіл бітіпті, – дейді Аян. – Қотыр тай тұрып оған: «Мынау алда тұрған асқар таудан күндіз құс ұшып өте алмайды, қанаты күнге күйіп қалады. Тек түнде ғана ұшып өтеді. Сондықтан да біз түнді күтуіміз керек. Түнде маған да қанат бітеді. Сен тек жығылып қалмай, көзіңді тарс жұмып, менің

жалымнан мықтап ұстап отыр. Мен: «көзіңді аш!» дегенде бір-ақ аш. Сонда, мына асқар таудың арғы жағында, мұнан гөрі аласа, шошайған қоңыр тау тұрады. Ол жалғыз көзді дәудің мекені», – дейді. Жетім бала қотыр тайдың айтқанын түгел орындайды. Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар таудан ұшып өтеді... Бір кезде қотыр тай: «Енді көзіңді аш!» – дегенде, жетім бала көзін ашса, дәл алдында ақырын теңселе қозғалып шошайған қоңыр тау тұр екен...»

Осы тұста Аян көзі шарасынан шығып, бізді жаңа ғана көргендей бәрімізге бір-бір қарап өтті. Жалғыз көзді дәу естіп қоймасын дегендей даусын бәсеңдетіп сыбырлай сөйлейді. Біз болсақ шөп қуысына тығыла түсіп, төңірекке жалтақтай береміз. Түн қараңғылығында шошақ бөрікке ұсап қарауытып тұрған Ешкіөлмес шоқысы енді бірде жалғыз көзді әулие мекен еткен үңгір тауға ұқсап кетті. Дәл қазіргі сәтте сол үңгіртаудың ішінде жалғыз көзді дәу қорқырап ұйқыда жатқан секілді. Оның қорқырай алған демінен шошақ тау түндігін жел шайқаған киіз үйдей көтеріліп- басылып желпілдеп, бірде ары-бері теңселіп, қозғалып тұрған сияқты көрінді. Демімізді ішімізге тартып, қараңғыда теңселгендей боп тұрған Ешкіөлмес шоқысына көз тігіп қарай беруге дәтіміз шыдамай Аянға қараймыз. Қараңғыда бозарып көрінген жүдеу өңі сол өзі айтып отырған қиялдағы дүниені көріп отырғандай дірілдей шытынып, көзі жалт-жұлт етеді...

Ызғырық жел онан сайын суытып, қар ұшқындай бастады. Тұтасқан қап-қара аспан тұншықтыра салардай боп ауыл үстін тұмшалап тұр. Ит үрді. Тура жалғыз көзді дәудің иті құсап ұлып үрді. «Апыр-ай, жалғыз көзді дәу оянып кетер ме екен», – деп зәре-құтымыз қалмайды...

Өстіп ертегі қызығына беріліп отырғанымызда, шеттегі бір бала:

    • Ойбай, өрт! деді.

Шөптің арт жағын ала, ызғырық желдің өтінде лауылдап от жанып жатыр. Бұл ат қораның төбесі күзде ғана сабанмен жабылған.

Жанып жатқан сол сабан екен. Шетте отырған балалардың бірі шылымын сөндірмей лақтырып тастап, сабан содан тұтанса керек. Жел өтінде лезде лапылдап көтеріліп кетті. Не істерімізді білмей сасқалақтап, қорадан секіріп-секіріп түсіп, тым-тырақай қаша жөнелдік. Балалардың ең соңын ала секіріп түскен Аян:

    • Ойбай, ая-ғым!.. – деп жан даусы шыға айқайлап жіберді де шоңқаң етіп жата кетті. Бірақ біздің оған қарайлайтындай шамамыз жоқ.

Ауыл жақтан: «Аттан! Аттан!» деп жер-көкті басына көтере айқайлап, шолақ қол бригадир Тұржан да жетті. Армия қатарынан жақында ғана қайтқан, сол қолын білегінен оқ жұлып кеткен, бірақ өзі аса қатыгез, мейірімсіз адам еді. Келген күні-ақ: «Қан көріп, қаным бұзылып келді...» – деп, үйіне жиналған қатын-қалаш, кемпір-шалдың зәресін алған. Бригадир боп тағайындалғаннан кейін, жұмсағанда тілін қайырған талай әйелдер мен жасөспірім балаларды, әлімжеттік етіп сабаған. Қазір сол Тұржан жүгіріп жеткен бойда, қораның артында төрт бүктеліп шырқырап жатқан Аянды дәу табан кирзі етігімен теуіп кеп жіберді. Аян қалпақша қалқып барып анадай жерге түскен. Тұржан енді оны қолындағы қамшымен тулақты сабағандай көміп-көміп алды да, тағы да тепті-ай кеп. Бас демей, көз демей ьылшылдатып тебе берді. Әуелде құлындағы даусы шығып шырқырап:

«Ағатайлап» шыңғырған Аянның біраздан кейін үні өшті. Кирзі етіктің астында жансыз заттай илектеніп жата берді.

Ауылдағы жұрт дүркірей жиналып кеп, өртті сөндірді. Әлдекім келіп, былқ-сылқ етіп жатқан Аянды көтеріп алды. Қарт адамның даусы:

    • Иттің баласы, пәшиске берген қолыңның құнын осы қаршадай жетім баладан алайын деп пе ең. Ой есіркі!.. – деп ақырды Тұржанған.

Біз, басқа балалар, осының бәрін алыстан бұта-бұтаның арасынан сығалап қарап тұрдық. Дір-дір етіп шетімізден жылап жіберуге шақ едік. Ел кеткен соң жасырынып, бұғып-бұғып үйді-үйімізге тарадық.

Үйге келсем, төсектер салулы, бірақ ешкім жатпапты. Атам екі көзі қанталап, терісіне сыймай тырсылдап ашулы отыр, апам көзін сығымдап жылап отыр. Не болды екен деп шошып, босағада тұрып қалдым.

    • Өй, аузыңды ұрайын, жаман неме! – деді атам жекіріп. – Тұржанның тепкісін Аянмен бірге көрсең етті... Жаны тәтті шірік, көрінбе көзіме!..

Мен үн-түнсіз жер шұқылап босағада тұрдым-тұрдым да, мұнан өзге ештеңе айтылмаған соң, аяғымды, сырт киімімді шешіп, төрге өттім. Тамақ сұрап ішуге бата алмай, сыбдырсыз шешініп, төсегіме жаттым.

    • Сорлы жетімнің көрген күні сол да... деді бір кез анам ауыр күрсініп. – Қорғары жоқ болған соң басынғаны ғой.

    • Е-е, бұл Өржанның баласы кісі өлтірер. Иттің сұры жаман, сұрынан шошимын... – деп қойды атам.

Таңертең ояна кетсем апам жаңа сауып әкелген сүтін құрсаулы бәнкеге құйып отыр екен. Менің оянғанымды көріп:

    • Тұра ғой. Мына жарты күрешкедей сүтті пешке қояйын, піскен соң іш. Ал мына сүтті әлгі Аянға апарып берейін. Байғұс бала, көкпеңбек тұлыптай боп қозғала алмай жатқан көрінеді, – деді.

Киініп, жарты күрешке ыстық сүтті апыл-ғұпыл іше сап, Бапай шалдың үйіне мен де жеттім. Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде, кір-кір жұқа құрақ көрпе жамылып жатыр екен. Бір жамбастаған күйде қозғала алар емес. Қамшы мен тепкі тиген денесі көкпеңбек боп күлкілдеп ісіп кетіпті. Бет-аузы да ісіңкі. Көзі кішірейе жылтырап, жаутаңдап жатыр. Домбыға кезерген ернін жалап қояды. Мен оның жанына кеп отырдым. Ол да үнсіз, мен де үнсізбін, бір-бірімізге жалтақтап қарай береміз. Енді бірде апам мен жүн түтіп отырған Бапайдың кемпірінің сөзіне құлақ тостым.

    • Байғұс баланың аяғын салдырдыңдар ма? деп сұрайды апам.

    • Жоға. Әлгі шал ертеден бері зыр жүгіріп сынық салатын адам таба алмады.

    • Асылбек сынықшы бар емес пе?

    • Жолаушы кетіпті ғой. – Сәл үнсіз отырған соң Бапайдың кемпірі Аянды кінәлай сөйледі. Жүгермек-ай десеңші, өзіне де обал жоқ. Түн жарымынсыз бір қайтпайды ғой, елден ерекше осыны алып бара жатқан ненің ойыны екенін білмеймін, ойының осылғырдың... Ибай-ау... деп мұнан арғы сөзін сыбырға айналдырып жібереді. Осы үйдің көрпесін шірітіп... Есі кіріп қалса да...

Бапайдың кемпірі қанша сыбырлай айтса да соңғы сөздері бізге анық естілді. Қып-қызыл боп кеткен Аян тістене шытынып, басын бұрып әкетті. Іргеге қарап жатты.

    • Үйбай, белім-ай, көп отырып қаппын ғой, үйге кетейін, – деп менің апам орнынан тұрды. – Аян тәуір болғанша күнделікті бір күрешке сүтті бізден алып тұрыңдар.

Бапайдың кемпірі апаммен ілесе сыртқа шықты.
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта