Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу.
| № 42 ЖББМ
|
Күні: 06.09.2019ж
| Мұғалімнің аты-жөні: Амирханова Б.А.
|
Сынып: 6 А, Ә, Б, В.
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны
|
Сабақ тақырыбы
| Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. (кайталау)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 5.1.2.34
берілген санның пайызын табу;
5.1.2.36
берілген пайызы бойынша санды табу;
|
Сабақ мақсаттары
| Берілген санның пайызын таба білу;
Берілген пайызы бойынша санды таба білу;
Берілген пайызы бойынша санды табуға мәтінді есептерді шығара білу.
|
Сабақ түрі
| Жаңа тақырыпты оқыту
|
Бағалау критерийлері
| Берілген санның пайызын таба алады;
Берілген пайызы бойынша санды таба алады;
Берілген пайызы бойынша санды табуға мәтінді есептерді шығара алады.
|
Тілдік мақсаттар
| Берілген пайызы бойынша санды табуда келесі сөз тіркестерін қолданады:
Пайызды санмен(ондық бөлшекпен) өрнектеу үшін . . .
Санды пайызбен өрнектеу үшін . . .
Берілген пайызы бойынша санды табу үшін . . .
Микрокалькулятордың көмегімен берілген пайызы бойынша санды табу үшін . . .
|
Құндылықтарды дарыту
| белсенділік
жұптық, топтық жұмыстар арқылы құрметтеуді дарыту
топ ішіндегі бір бірін бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы жауапкершілікті дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
| Пайызға арналған есептер өмірде кең қолданыс табады. Мысалы: Егер дүкенде барлық тауарға 20% арзандатылған акция болса, онда 32 000 тенге тұратын теледидардың бағасы қанша?
|
АКТ қолдану дағдылары
| Интерактивті тақтаны қолдану, калькулятор
|
Бастапқы білім
| Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: пайыз, пайызды санға өрнектеу, санды пайызбен өрнектеу, санның пайызын табу.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
Сабақ басы
3 минут
5 минут
| 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын беру.
Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою.
Миға шабуыл:
Пайыз дегеніміз не? Пайызды санға, санды пайызға қалай өрнектеуге болады? Берілген санның пайызын қалай табамыз? Ауызша жаттығу (слайд 4)
Жұптық жұмыс. (үлестірме 1)
Оқушылар жұпта сәйкестікті орнату тапсырмасын орындайды. Берілген сандардың пайызын тауып, сәйкестендіреді.
Тапсырманы орындайды және жауапты калькулятордың көмегімен тексереді. Тапсырма қорытындысы бойынша рефлексия: оқушыларға өз жұмысындағы қателік не себепті болғандығын түсіндіруді ұсыну.
| Презентация слайд1-2
Слайд 4
(үлестірме 1)
Калькулятор
www.mathworksheetsland.com
|
Сабақ барысы
10 минут
| 2. Жаңа материалды оқу
Пайызға арналған есептер өмірде кең қолданыс табады.
Мысал 1. Мектептің бастауыш сыныптарында 240 оқушы оқиды, және бұл барлық мектеп оқушыларының 60% құрайды. Мектепте барлығы қанша оқушы оқиды?
Шешуі:
240 оқушы барлық мектеп оқушыларының 60% құрайтын болса, онда 1% -ы 240:60=4 оқушыны құрайды. Мектептің барлық оқушылары 100%. Демек, барлық оқушылардың саны 4 ∙ 100=400 (оқушы).
Шешімі келесі өрнек түрінде жазылады
;
Мысал 2. Көлік бірінші күні 750 км жол жүрді, бұл оның барлық жолының 30% құрайды. Көлік қандай жолды жүруі тиіс болды?
Шешуі:
1. Жолдың 1%-ы қанша километрді құрайтынын табайық:
2. Жолдың 100%-ы қанша километрді құрайтының табайық, яғни жолдың барлық ұзындығы:
Пайызы бойынша санды табу үшін:
Пайызды жай немесе ондық бөлшек түрінде өрнектектейміз; Берілген санды осы бөлшекке бөлеміз.
Әріптердің көмегімен келесі түрде жазылады: .
Мұнда – берілген пайызы бойынша табылатын сан (100%-ға сәйкес келетін сан).
– пайызы берілген сан.
– берілген пайыз.
Мысал 3. Қант қызылшасының 18% -ын қант құрайды. 162 кг қант алу үшін неше килограмм қант қызылшасы керек?
162 кг қант - қант қызылшасының 18% құрайды.
18%= 162:
|
Слайд 6-12
Алдамуратова математика 5 сынып
|
5 минут
| немесе
18%=18:100=0,18 162:0,18=900
Мысал 4. 24% -ы 96 болатын санды табайық.
1) 24% = 24:100=0,24
2) 96:0,24 = 9600:24 = 400 3. Білімді бастапқы бекіту
Мысал 5. Берілген пайызы бойынша санды тап (ауызша)
А) 1% -ы 7; 9; 16; 20; 3,5; 2,8-ге тең;
В) 50% -ы 4,5; 3,7; 9; 24; 46; 91-ге тең;
С) 10% -ы 3; 5; 8; 13; 24-ге тең.
Мысал 6. А санын тап, егер
оның 15% -ы 21-ге тең болса а) А=500 оның 25% -ы 45-ке тең болса б) А=600 оның 20% -ы 2-ге тең болса с) А=140 оның 5% -ы 7-ге тең болса д) А=3900 оның 1% -ы 6-ға тең болса г) А=180 оның 8% -ы 48-ге тең болса ж) А=210 оның 7% -ы 35-ке тең болса е) А=10 оның 3% -ы 117-ге тең болса к) А=700
Оқушылар тапсырманы жеке орындап, артынан өз шешімін сыныпқа ұсынады. сілтемесі ойынша жауапты тексеруге болады.
|
|
15 минут
5 минут
| 4. Есептер шығару
Топтық жұмыс (үлестірме 2)
1 нұсқа
1. Қандай-да бір ақша соммасының 3 % -ы 1800 тг екендігі белгілі. Ақшаның барлық соммасын тап?
2. Сөйлемдерді жалғастырыңыз:
А) Егер шарбақ ұзындығының 15% -ы 60 м-ге тең болса, онда шарбақ ұзындығының 30 %-ы . . . тең ;
Б) Егер шарбақ ұзындығының 15% -ы 60 м-ге тең болса, онда шарбақ ұзындығының 5 %-ы . . . тең;
3. Сатушы сатуға арналған барлық алманың 20% сатып жиберді, бұл 40 кг-ды құрайды. Сатушыда барлығы қанша килограмм алма болды?
4. Сыныпта 30 оқушы бар. Жүгіруден жарысқа сынып оқушыларының 30% қатысты, бұл мектеп оқушыларының 2% құрайды. Мектепте барлығы қанша оқушы бар?
5. 5 пайыздық 100 грамм тұз ерітіндісінде қанша тұз бен су бар? Ал 200 грамм тұз ерітіндісінде қанша тұз бен су бар?
6. Қорапта әртүрлі қарындаштар бар. Олардың ішінде 20% - түрлі түсті және түрлі түсті қарындаштардың 25% - қызыл. Асем қызыл қарындаштарды санады – олар 6 болды. Қорапта барлығы қанша қарындаш болды?
Микрокалькулятордың көмегімен берілген пайызы
бойынша санды табу алгоритмі
25% -ы 175-ке тең болатын санды табу үшін:
1) калькуляторда 175 санын теру керек;
2) / немесе бастырмасын басу;
3) калькуляторға 25 санын енгізу;
4) % бастырмасын басу.
Индикаторда жауап көрінеді:700.
25% -ы 175-ке тең болатын санды табу бағдарламасы: 175/25 %. Микрокалькулятордың көмегімен табыңыз.
1) Оның 12% -ы 10,8; 4) Оның 60% -ы 45;
2) Оның 15% -ы 8,4; 5) Оның 110% -ы 93,5;
3) Оның 40% -ы 22,4; 6) Оның 180% -ы 64,8.
| үлестірме 2
Минаева С.С.
Вычисляем без ошибок
Работы с самопроверкой для учащихся 5-6 классов
үлестірме 3 Алдамұратова Математика 5 сынып
|
Сабақ соңы
2 минут
| 5. үй тапсырмасы (үлестірме 2)
6. Рефлексия.
- Сабақта өзімізге қандай мақсат анықтадық?
- Бүгін сабақта қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?
- Жағдаяттан қалай шықтыңыз?
- Сабақтағы өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз?
- Сабақты қандай көңіл-күймен аяқтайсыз?
- Сіз үшін сабақта ең қиын болған не?
- Сабақта сіз үшін ең қызық болған не?
|
үлестірме 2
|
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
| Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
| Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ні қолдану
Құндылықтармен байланыс
(тәрбие элементі)
|
Талқылау мен өз бетімен оқу арқылы топ, жұп ішінде жұмыс жасау
| Бір бірінің жұмыстарын тексеру
Өз-өзін тексеру
|
|
Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
| Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Оқушылар ҚКФ-ын өз беттерімен қорытып шығарды
Сабақты жақсарт
уға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Тақырып негізіне бағыттайтын есептер
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Оқушылармен жекелей жұмыс, оқушылардың деңгейін анықтау
|