Глоссарий. глоссарий срс 6. Саясаттану саясат туралы, саясатты адам жне оам арасындаы арыматынасы туралы ылым. Саясаттануды зерттеу объектісіне оам мірініибарлы салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, рама, жинаталан білім береді. Азаматты оам
Скачать 29.15 Kb.
|
1. Саясаттану - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірініңибарлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді. 2. Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады. 3. Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы. 4. Астыртын партиялар – заң бойынша тыйым саланып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді. 5. Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. 6. Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамсыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. 7. Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. 8. Бихевиоризм -жеке адамдар мен топтардың іс-әрекеттерін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. 9. Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. 10. Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар. 11. Билік – 1)адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі;2)адамдарға саяси билік жүргізу; 3)мемлекеттік органдардың жүйесі; 4)мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары. 12. Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. 13. Билік субьектісі-басқаларға ықпал етіп және алдына қойған мақсатқа жету қабілетіне иелерді айтады. 14. Билік обьектісі-өзінің мінезін билік мазмұныңа яғни билік субьектісінің оған қоятын талаптарына сәйкестендірушілерді айтады. 15. Бұқаралық партия- оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, белсенді және көп болады. Бірақ белсенді мүшелері болмайды. 16. Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандық. 17. Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. 18. Глобальдылық – бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. 19. Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен (феодалдық) феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. 20. Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме. 21. Демагогия – өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді. 22. Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. 23. Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді. 24. Дипломатия – үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-әрекеті. 25. Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау құқығынан айыру, азаматтықты бермеу, жұмысқа қабылдамау. 26. Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсізідігі. 27. Жалпы азаматтық құндылықтар – бүкіл адамзаттың тәжірибесінен туған адагершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді. 28. Жекешелендіру –мемлекеттік менщікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі. 29. Заң – қоғамдағы қатынастардың әртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді біріктіреді. 30. Заң жобасы – Парламент палаталарының кез келген заңдарды қабылдауға байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі түрлерінің бірі. 31. Заң шығарушы билік – заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немес жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызыды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. 32. Идеал – саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғары саяси арман – мұраты. 33. Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. 34. Имидж-1)басқаларға өзі туралы белгілі бір әсер етіп, пікір тудыру үшін жасаған субъектінің сыртқы бейнесі; 2)үгіт-насихат, жарнама және т.с.с. арқылы субъект туралы кеңейтілген мағлұматтар теріп, арнайы бейнесін жасау. 35. Инновация-жаңалық енгізу, жаңарту. 36. Интеграция-мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр. 37. Келісім- мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім. 38. Конституция- мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң. 39. Конфедерация-өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы. 40. Коммунистік партия - Карл Марксың ілімін басшылыққа алады. Жекеменшіксіз қоғам құруға тырысады. 41. Көппартиялық- мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі. 42. Күш қолданбау саясаты-саяси, әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге тырысушылық.Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпы халықтық принциптерді басшылыққа алады. 43. Қоғамдық- саяси ұйымдар- халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелілікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін , өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі. 44. Құқықтық мемлекет-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатынғ, жеке адамның құқықтары жан- жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. 45. Кадырлық партия- сайлаушылардың 10% кем болатын мүше саны аз партияларды айтады. 46. Қорғау қызметі - қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды анықтау 47. Легитимділік- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. 48. Әдет-ғұрыптық легитимдік-халықтың санасына сіңірген ,әбден бойлары үйреніп,дұрыс деп тапқан сат-дәстүрлерге сүйенеді. 49. Харизматикалық легитимдік –ерекше батырлығымен,адалдығымен немесе басқа үлгі –қабілет –қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап , соның соңынан ереді. 50. Мажоритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік дауыс беруі. 51. Макиавеллизм- алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі. Оның негізін салған Италиянның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469-1527)елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш сақтау үшін жұмсауға да кеңес береді. 52. Мәртебе-азаматтың, месмлекеттік органның халықаралық ұйымның және т.с.с. құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы. 53. Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. 54. Мәміле-Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі. 55. Мемлекеттік билік-барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі. 56. Монархия- мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. 57. Нәсіл-шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтынерекшеліктеріне байланысты бірлескен адамдар тобы. 58. Нигилизм- жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды. 59. Объект-Субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектіне саясат әлемі жатады. 60. Одақ- жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. 61. Олигархия- саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі. Немесе, сол үстем топтың өзі. 62. Оппозиция-1)саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы.Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санамайды. 63. Оппозициялық партиялар- өздерінің конституциялық құқықтарын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, белгілі бір қоғамдық пікір тудыру арқылы билеуші партияға ықпал жасауға тырысқан партиялар. 64. Өктемшілдік- жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік- саяси тәртіп. 65. Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. 66. Парламент-жоғарғы сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган. 67. Парламенттік Республика-конструкция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады. 68. Плебисцит-ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтық пікірін сұрау, анықтау. 69. Прагматизм-алға қойылған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. 70. Президент-1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы. 2) сайлап қойылатын басшы,қоғамдық, ғылыми мекемелердің, коорпорация, компания және т.б. төрағасы. 71. Президенттік басқару-конституцияда көрсетілген өзін өзі басқару институттары қызметтерін тоқтатып, әкімшілік бірлестіктердің басшылықты президент тағайындаған өкілдер арқылы жүргізуі. 72. Прогресс- алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт. 73. Регресс-кері шегінушілік, бірдененің дамуында туған құлдыраушылық, өзгерістің нашар жаққа бет алуы. 74. Революция-қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріс. 75. Революциялық партиялар-қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысқан партиялар. 76. Резиденция-мемлекет немесе үкімет басшысының, ірі әкімшілік қызметті атқарушы адамның тұрақты орны. 77. Республика-деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары оргадары белгілі бір уақытқа сайланатын мемлекеттік басқару түрі. 78. Реформистік партия - Қоғамда маңызды өзгерістер жасауды қалайды. 79. Реакциялық партия - Қоғам дамуында өтіп кеткен формацияға не дәуірлерге қайтып оралуды көздейді. 80. Реттеушілік қызмет - Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуың, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. 81. Саясаттану обьектісі- Қоғамның саяси саласы,онда болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер 82. Саясаттану субектісі- Қоғамның үлкен әлеуметтік топтары,таптары,жеке адам. 83. Саяси билік-таптық,топтық жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркңн жүргізуге мүмкіндігін білдіреді. 84. Соттық билік-адамдардың құқығын қорғайды,заңды бұрмалаушылықтан сақтайды,парламент не президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды 85. Саяси элита-деп қазыңа байлықты,қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. 86. Саяси көшбасшы - партияның, саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. 87. Саяси жүйе-құндылықтарды бөлуге бағытталған саяси қатынастар субьектілерінің өзара әрекеті. 88. Саяси қатынастар-топтардың этикалық бірлестіктердің ,тұлғалар мен қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің арасындағы қатынастар 89. Саяси партия -мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатысуға бағытталған,ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. 90. Социал демократиялық партия- олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап өзгертіп ортырады. 91. Саяси институттар -құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси мекеме. 92.Субмәдениет- қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшелінетін саяси бағдар. 93.Субъективтік- табиғат пен қоғамның оюъективтік даму заңдылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас. 94.Теологиялық теория-Мемлекеттің пайда болуын Құдаймен түсіндіреді. 95.Тоталитарлық партия- Саяси жүйенің басты элементтерін бағындыруға тырысады. 96. Танымдық қызмет - Қоғам мен саясаттың , дамуын айқындайтын заңдалықтар мен принциптерді танып-білуге, саяси сатыда табысты жұмыс істеуге керекті біліммен қаруландырады. 97. Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі. 98.Фашистік партия - Олар жеке мүддеден мемлекетік мүдденің басым болғаның қарайды, адамның достандықтарын шектеуді қалайды. 99. Ұлт- тіл, тарих, қандастық, мәдениет, мінез секілді ортақтықтар негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы. 100.Элита - саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, іскерлігімен, асқан шеберлігімен көзге түскен, ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.
|