фтизиатрия. Ширинова Мафтуна фтиз. Семей медицина университеті Павлодар алаы филиалы. Фтизиатрия кафедрасы
Скачать 281.28 Kb.
|
Семей медицина университеті Павлодар қалаы филиалы. Фтизиатрия кафедрасы Тақырыбы: Туберкулездің алдын алу: өзіндік, химиопрофилактикалық, санитарлық. БЦЖ вакцинамен егу және қайтарма егу. Жоспары
Туберкулинді диагностика дегеніміз – туберкулинді қолднана отырып микобактериялық туберкулёpге ағзаның арнайы сенсибилизациялығын диагностикалық тестер арқылы анықтау. Туберкулин толық емес антиген, яғни гаптен болып табылады. Ол ауруды тудырмайды, бірақ арнайы жауаптық реакцияны шақырады.Туберкулиннің химиялық құрамы – туберкулопротеиндер, полисахаридтер, майлар, нуклеин қышқылдары, стабилизаторлар, антисептиктер. Туберкулинді Р. Кох ашқан, оны кейінен Кохтың ескі туберкулині деп те атаған. Қазіргі кезде ескі туберкулин синтетикалық жасанды ортада дайындалады. Ескі туберкулин 100% ертінді күйінде, ампулада шығарылады. 1975 жылдан бастап қоректік ортаның белокты заттарынан тазартылған туберкулин (тазартылған белокты дериват – Purified Protein Derivative, орыс танкскрипциясында - ППД) қолданылады. Оны 1939 жылы Ленинградтың Вакцина және сарысу ғылыми зерттеу институтында М. А. Линникова дайындаған, сондықтан туберкулинді ППД-Л деп атайды. Ол туберкулиндік бірлігімен (ТБ) өлшенеді. ППД-Л-дің 1 ТБ мөлшері 0,00006 мг құрғақ туберкулинге тең. Туберкулин 2 түрде шығарылады 1.Тазартылған стандартты ерітінді түріндегі туберкулин –қолдануға дайын, 0,85 % NaCl-нің сұйығына ерітілген туберкулин, оған твин-80 (стабилизатор) және фенол (консервант) қосылған. Бұл ертінді- түссіз, мөлдір сұйықтық. Препарат ампулада 0,1 мл 2 ТБ бар 3 мл ерітінді түрінде шығарылады. Сонымен қатар 0,1 мл 5 ТБ, 10 ТБ бар стандартты ерітінділер дайындалады 2.Тазартылған құрғақ туберкулин–ұнтақ түрінде 50000 ТБ ампулада шығарылады. Туберкулинді карбол-данған қышқылды физиологиялық ерітіндіде езеді, ол препаратқа қосылып беріледі. Туберкулин-нің әр түрлі ТБ бар ертінділер қолданады. Патогенетикалық бағалау ТМБ жұққан немесе БЦЖ вакцинасы егілген адамдарда жіберілген туберкулинге аллергиялық баяу дамитын жоғарғы сезімталдық реакциясы пайда болады. Денеге енген жерде туберкулин ТМБ-ға қарсы антиденемен толтырылған лимфоциттермен, моноциттермен, макрофагтармен өзара әрекеттеседі. Антиген-атидене реакциясында мононуклеарлар бұзылып, одан биологиялық белсенді заттар, ферменттер тінге түседі. Туберкулин енгізілген жерде айқындығы әртүрлі дәрежедегі қабыну реакциясы пайда болады (жергілікті реакция). Олар қызару, инфильтрат, пустула (латынша pustula-іріңді ) түрінде көрінеді. Кейде туберкулез жұққан адамдарда, баяу дамитын жоғарғы сезімталдықтың жүйелі реакциясы пайда болады: дене қызуының көтерілуі, буындардың ауруы, моноциттердің азаюы және гемограмманың басқа көрсеткіштерінің ауытқуы, белок мөлшерінің өзгеруі, ең бастысы-қанның сарысуында глобулиндердің өзгеріске ұшырауы сияқты (жалпы реакция) белгілерді көрсетеді. Спецификалық қабыну ошағының айналасында экссудативті-пролиферативті реакция пайда болуы мүмкін (ошақты реакция). Организмнің туберкулинге жауабы Организмнің туберкулинге жауабы (реакциясы) туберкулез инфекциясы мөлшеріне, ағзаның оған сезімталдығына және қарсыласу күшіне, туберкулиннің мөлшеріне байланысты болады. Организмнің туберкулинге жауабы бөлінеді:
Анергия Оң –ТМБ жұқпаған адамдарда байқалады Теріс – науқастарда туберкулездің өршуінде, инфекция жұққан немесе туберкулезбен ауыратын науқастарда қатерлі ісік, лимфосаткома, жедел жұқпалы және т.б аурулар қошсылғанда байқалады. Туберкулин сынамасы
Кох сынамасы өте сақтықпен жүргізуді талап етеді, өйткені белгілі шектегі дозадан артық жіберілген туберкулин туберкулез процсін өршіту мүмкін. Пирке сынамасы
Дүние жүзі елдерінде туберкулездің алдын алу БЦЖ – мен вакцинация және ревакцинация жасау болып табылады. БЦЖ- ның (BCG) вакцинді штаммын 1919 жылы француз ғалымдары A. L.Ch. Calmette және C. Guerin тапқан және солардың аттарымен аталған (BCG - Bacilles Calmette - Guerin) 1921 жылы Кальметт және Герен бактерия бөлушінің отбасында өмірге келген нәрестеге БЦЖ вакцинасын еккен. 1923 жылы Ұлттық Лиганың Гигиеналық комитеті дүние жүзінің барлық елдерінде “туберкулезге қарсы егуді кеңінен қолдану” туралы қаулы қабылдаған. Вакцинация Туберкулезге қарсы вакцинация БЦЖ вакцинасы дегеніміз – МБТ-мен инфицирленбеген адамдарды, туберкулезден спецификалық алдын алу әдісі. Вакцинация Вакцинация жасау үшін БЦЖ штаммын қолданады, ол залалсыз, спецификалық аллергия және иммунитет тудыру қасиеттері бар, қалдықты вируленттілігі сақталған, вакцина жасалған организмнің лимфа түйіндерінде біраз өсіп –өнеді. Туберкулездің алдын алуға БЦЖ - ның құрғақ вакцинасы қолданады, өйткені құрғақ вакцина біршама тұрақты, онда ұзақ уақыт бойы ТМБ-ның керекті көлемін сақтауға болады. БЦЖ вакцинасын қолдану тәсілі және оның дозасы БЦЖ вакцинасы – ақ ұнтақ түріндегі масса, ол вакуумды ампулаға салынған.1 ампула 1мг БЦЖ вакцинасын құрайды (0,05мг 20 доза).Вакцина температурасы +8ºС аспайтын тоңазытқышта сақталады. Қолданар алдында БЦЖ вакцинасын 2 мл изотониялық натрий хлориді ерітіндісімен ерітеді. Ампуладағы ерітінді вакцинаға қосылып беріледі. Ерітілген вакцинаны дереу қолданады, ал кейбір жағдайда, ерітіндінің стерилдігін сақтап, күн сәулесінен қорғап, оны 2-3 сағаттан асырмай қолдануға болады, содан кейін вакцинаны жояды. БЦЖ вакцинасының 0,05 мг дозасын 0,1 ерітінді түрінде тері ішіне жіберіледі. БЦЖ вакцинасын орындау тәсілі Алдын ала шприц көмегімен ерітілген БЦЖ вакцинасын араластырады, 1 грамдық шприцке 0,2 мл вакцина сорып алады, ине арқылы ауаны шығарып, шприцте 0,1 мл вакцина қалдырады. Алдын ала теріні 70% этил спиртімен сүртіп тазалайды да, БЦЖ вакцинасын сол жақ иықтың сыртқы тұсына, жоғарғы және орта бөліктің шекарасына енгізеді. Вакцина жібергенде, ине ұшының қима беті жоғары қарау керек. Ине ұшының қима беті тері ішіне батып кіргеннен соң, вакцина ерітіндісін тек тері ішіне жіберу керек. Ертіндіні жіберу техникасы бұзылмаса, вакцина жіберген жерде диаметрі 5-6 мм ақшыл түсті папула (латынша papula – дөңестік) пайда болады. Вакцина жіберген соң пайда болған папула 15-20 минуттан кейін жоғалып кетеді. Вакцина жіберген жерді дезинфекциялық (заласыздандыру) заттармен сүртуге, дәкемен орап қоюға болмайды . БЦЖ вакцинасының соңы БЦЖ вакцинасын тері ішіне жіберген жерде диаметрі 5-10 мм инфильтрат түрінде спецификалық реакция дамиды, содан соң ортасында азғантай түйіншегі бар пустула (латынша pustula – іріңді томпақ) және тыртық пайда болады. Нәрестеде қалыпты егу реакциясы вакцина жібергеннен кейін 4-6 аптада байқалады, егу орнындағы қабыну реакциясының кері дамуы 2-4 айға, кейде оданда көп мерзімге созылуы мүмкін. Вакцинаны дұрыс жүргізгенде диаметрі 2-10 тері үстіндегі тыртық, егілген балалар арасындағы 90-95 % дейін пайда болады. Кейіннен вакцинацияның нәтижелі жасалғандығын тыртықтың пайда болуы арқылы бағалайды. БЦЖ вакцинасы жасалған балаларға бақылауды жалпы емдеу жүйесінің дәрігерлері, мейірбикелері жүргізеді, олар вакцинация жасалғаннан кейін 1-3 және 12 айдан соң жергілікті егу реакциясын тексерулері керек. Оның көлемін құжаттарға тіркелуі қажет. БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер
Вакцинацияны таңертеңгі уақытта, нәрестені балалар дәрігері тексеріп болғаннан соң жасайды.Нәрестенің даму тарихнамасына егу жүргізілген күнін, БЦЖ вакцинациясының сериясын, жарамдық мерзім уақытын, шығарылған күнін көрсетеді. БЦЖ вакцинациясына кері көрсеткіштер
1984 ж. Денсаулық сақтау және Халықаралық туберкулезге қарсы күрес ұйымының ұсыныстары бойынша БЦЖ вакцинациясының асқынуларын 4 топқа бөлді:
Вакцинация жасалынған балаларда иммунитет 5-7 жыл бойы сақталады. Осы мерзім өткеннен соң қайта егу қажет. БЦЖ ревакцинациясы немесе туберкулезге қарсы қайта егу, белгілі мерзімде, 2ТБ мен ППД-Л Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткенде жүргізіледі.
Туберкулез балалар арасында мүлдем жойылған аймақтарда және олардың арасында туберкулездің локалді түрі анықталмаса, ревакцинация 7 жаста (1-сыныпта) және жасалады. Ревакцинация жүргізу техникасы вакцинация жасау техникасымен бірдей. Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинация арасындағы уақыт 3 күннен аз емес немесе 2 аптадан көп емес болуы керек. Ревакцинацияға кері көрсеткіштер
Москва 2004 |