Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы

  • Дамытушылық

  • Сабақтың түрі

  • Пайдаланатын әдебиеттер тізімі

  • Пән аралық байланыс

  • II. Өткен тақырыпты қайталау

  • III.Жаңа сабақты баяндау

  • 2-кезең.

  • V. Қорытындылау, бағалау

  • Интерактивті тәсіл арқылы жаңа сабақты баяндау

  • 2. Құжаттардың бір ізге түсірілген жүйелері.

  • Құжаттардың деректемелерінің құрамы.

  • 4. Құжаттардың деректемелерін ресімдеу.

  • 2. Құжатты бекіту белгісі(13 деректеме)

  • 3. Бұрыштама (14 деректеме)

  • Үлгі: «Сенім» АҚБҰЙРЫҚ

  • Үлгі: Тараз политехникалықжоғары колледжіХАТТАМА

  • ТЫҢДАЛДЫ: 1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша колледж директорының орынбасары Ж. Әбдірахманұлы баяндама жасады.СӨЙЛЕГЕНДЕР

  • 6.Құжаттардың бланкілерін ресімдеу

  • Нақты құжат түрі бланкісі

  • 4-кезең. «Сәйкестендіру»

  • V.Қорытындылау,бағалау

  • баяндама. Баяндама Серикхан. Семинар сабатарында жасалан баяндамалар дріс материалдарын толытыра тсуге жне студенттерді оу жне ылыми материалдармен жмыс істеу абілеттерін баалауа ммкіндік береді


    Скачать 56.38 Kb.
    НазваниеСеминар сабатарында жасалан баяндамалар дріс материалдарын толытыра тсуге жне студенттерді оу жне ылыми материалдармен жмыс істеу абілеттерін баалауа ммкіндік береді
    Анкорбаяндама
    Дата18.01.2023
    Размер56.38 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБаяндама Серикхан.docx
    ТипСеминар
    #892262

    Баяндама белгілі бір тақырып бойынша көпшілік алдында, яғни тыңдаушылар алдында жасалынған толық жазылған ауызша хабарлама болып табылады.

    Семинар сабақтарында жасалған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыра түсуге және студенттердің оқу және ғылыми материалдармен жұмыс істеу қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.

    Баяндама дайындаудың кезеңдері:

    1. Берілген тақырыпқа қатысты маңызды ғылыми еңбектерді оқу, оның тізімін оқытушы береді.

    2. Оқыған материалға талдау жасау, тақырыпты барынша айқындайтын зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын, фактілерді және ғылыми жағдайларды бөліп көрсету.

    3. Баяндама материалдарын логикалық жағынан дұрыс құру және талдап қорыту, мысалы, кеңінен ашып көрсетілген жоспар ретінде.

    4.Баяндама мәтінін ғылыми еңбекке қойылатын талаптарды сақтай отырып жазу.

    Баяндаманың құрылымы басқа ғылыми еңбектердегі сияқты үш бөлімнен тұрады:

    - кіріспе;

    - негізгі бөлім;

    - қорытынды.

    Кіріспеде - баяндаманың тақырыбы көрсетіледі, оның басқа мәселелермен байланысы, орны және тақырыпты ашып көрсетуде қолданылатын дерек көздеріне қысқаша шолу жасалады.

    Қорытындыда - әдетте қарастырылған мәселе бойынша жалпы қорытынды және негізгі тұжырымдамалар жасалады.

    Негізгі бөлім - логикалық жүйемен құрылған болуы тиіс. Бұл бөлімде тақырып бойынша келтірілетін материалдар дәйекті де дәлеледі болу керек. Осылайша, баяндамамен жұмыс студентте тек қана жаңа білімді қалыптастырмайды, сондай-ақ, маңызды ғылыми-зерттеу шеберлігін, ғылыми таным әдістерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын игеруге мүмкіндік береді.

    Баяндама түйіні – баяндама бойынша негізгі жағдайлар қысқаша түрде берілетін көлемі шағын мәтін. Алайда, түйін мәтіні көлемі шағын болғанымен, оны жазу баяндаманы жазудан қиынырақ келеді. Өйткені түйінде баяндаманың негізгі мазмұны сақтала отырып, соған сәйкес тұжырымдар жасалуы керек.

    Баяндама тезисі- баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы.

    Баяндама – негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның кғөлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.

    Баяндама дайындауға қойылатын талаптар.

    Баяндама толық 4 бетке дейін (суретті қоса есептегенде) Word 6.0, 7.0 for Windows97-2000 редакторында, А4(210х297) форматты парақта дайындалып берілуі тиіс, қолданылатын шрифт – Times New Roman, Kz Times New Roman. Интервал – 1. парақтың барлық жағынан 25 мм алаң қалдырылуы тиіс. Материал төмендегі ретте орналасады: бірінші қатарда ЖОК көрсетіледі, 1 қатар тастап – баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен), 1 келесі қатарда мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме (тақырыпсыз курсивпен) қазақ (орыс тіліндегі баячндамалар үшін) немесе орыс (қазақ тіліндегі баяндамалар үшін) және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі тексті басылады.Студенттен өзіндік интеллектуалдық еңбекті талап ететін баяндамаларды әзірлеу төмендегідей қадамдардан (этап) тұрады:

    - таңдалған тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген әдебиеттермен танысып, оқып шығу;

    - сол тақырып төңірегінде айтылған әр түрлі ғылыми пікірлерді жинап, салыстыру, зерттеу;

    - тақырып төңірегіндегі ойын жинақтап, толық жоспар формасында логикалық құрылымын құрастыру;

    - баяндама мәтінін жазуда ғылыми стиль талаптарын ескеру.

    Кез келген ғылыми жұмыстардың құрылымы сияқты баяндама құрылымы да дәстүрлі үш бөлікиен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.

    Кіріспе бөлімде баяндама тақырыбы, басқа мәселелермен байланысы, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер беріледі.

    Негізгі бөлімі логикалық жағынан нақты құрылуы керек. Мәліметтер өзара байланысты, дәлелді әрі нақты болу керек. Негізгі мәтінде айтылған ой қайталана бермеуі тиіс.

    Қорытынды бөлімде тақырып төңірегінде тұжырымдар жасалып, негізгі мәселелер нақтыланады.

     1-тапсырма.Жоғарыдағы мәтінді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

    Сұрақтар:

    1. Баяндама дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

    2. Баяндаманың құрылымдық жүйесі қандай?

    3. Баяндама қандай мақсатта дайындалады?

    4. Баяндама жазуда қандай стиль қолданылады, ол стильдің ерекшелігі не?

    5. Баяндаманың басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарынан өзіндік ерекшелігі неде?

    Баяндама немесе есеп беру - бұл ашық түрдегі, ресми хабарлама немесе мазмұны белгілі бір мәселені зерттеп, мәнін ашуға бағытталған құжат. Баяндама әрдайым құжаттық мәлiметтердiң негізінде дайындалады. Бұл іс қағазы басқармаға немесе лауазымы жоғары тұлғаға қандай да бір қызметтік ақпаратты жеткізу үшін қолданылады.

    Баяндама – белгілі бір қатырып төңірегіндегі барынша кең ашылған, көпшілік алдында баяндалаты, ресми түрдегі көп жағдайда ауызша баяндалатын хабарлама

    Техникалық құжат – арнайы әзірлеуші, немесе өндіруші немесе тапсырыс берушінің қалауымен жасалған техникалық шарттар жиынтығы. Техникалық құжаттамалар тұрмыста. Барлық пайдаланылатын нұсқаулар, пайдаланушы тұрмыстық техника – бұл да техникалық құжаттама.

    Мен белгілі бір жұмыстарды орындау, сондай-ақ мүлікті немесе құрылғының жұмыс істеу ғана емес, қауіпсіздігі туралы айтып отырмын. Тоңазытқыштың ойластырылмаған жобасы өрт тудыруы мүмкін, оның иелерінің денсаулығына елеулі проблемалар әкелуі мүмкін. 

    ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІ

    Шығарылатын өнім қауіпсіздігі қызметі :

    • жұмыс орнында қауіпсіздік сақталуын бақылау,

    • санитарлық-гигиеналық шаралар туралы ұйымдастыру жұмысы,

    • жұмыс орнында өндірістік жарақаттанудың алдын алу,

    • кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша қызмет көрсету жұмыстары,

    • Жоспарланған жұмыстың (қажет болған жағдайда) кезінде қорғау пайдалануды бақылау,

    • жетілдіру жұмыста қауіпсіздік және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде.

    Жоғарыда айтылғандай, барлық техникалық құжаттама еңбекті қорғау бөлімінің мамандары тарапынан тексерілуге тиіс. 

    Сабақтың тақырыбы: Құжаттама жүйесінің қалыптасуы

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: білімгерлерге құжаттама жүйесінің қалыптасуы туралы түсінік

    бере отырып,білімдерін нығайту, жетілдіру.

    Дамытушылық: білімгерлердің логикалық ойын, тілін дамыта отырып, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Тәрбиелік: мемлекеттік тілді құрметтеуге, Отанына деген патриоттық сезімін оята отырып адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру.

    Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулықтар, құжат үлгілері, тест тапсырмалары.

    Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

    1. В.И.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу

    Алматы: «LEM» баспасы. 2008ж

    2.Т.Ө.Нұрғалиева. Іс қағаздарын жүргізу және техникалық құжаттама

    Астана «Фолиант» баспасы. 2009ж

    3. ҚР СТ 1042-2001 Ұйымдастырушылық -өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар. Астана.

    4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың типтік ережелері. Астана: Елорда, 2009ж

    5. В.Салагаев, Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы. «Раритет» 2008ж

    6. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы. 2008ж

    7. А.Алдашева. Ресми іс қағаздары. Алматы. «Сөздік-Словарь» 2008ж

    8. Б.Б.Жахина, А.Қ.Құрманова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсынан практикалық тапсырмалар. «Келешек -2030» ЖШС, 2008ж

    Пән аралық байланыс: қазақ тілі, информатика.

    Сабақтың барысы

    I. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

    1) Білімгерлермен сәлемдесу.

    2) Аудиторияның сабаққа әзірлігін тексеру.

    3) Білімгерлер назарларын жаңа сабаққа аудару.

    II. Өткен тақырыпты қайталау 15 мин

    Тақырыбы: Құжат, оның қызметі және құжаттау тәсілдері.

    1-кезең. «Бой қыздыру» (Сұрақ-жауап әдісі арқылы)

    1. Құжат дегеніміз не?

    2. Құжат пен ақпараттың байланыстылығы.

    3. Құжаттың атқаратын жалпы қызметі

    4. Құжаттың атқаратын арнайы қызметі

    5. Құжат мәтініне қойылатын талаптар

    Тест тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын қорыту

    III.Жаңа сабақты баяндау 54 мин

    I-кезең. (Түсіндіру әдісі арқылы)

    1. Құжаттама жүйесі, оның қалыптасуы, мақсаты.

    2. Құжаттардың бір ізге түсірілген жүйелері

    3. ҚР СТ 1042-2001. Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар.

    4. Құжаттардың деректемелерін ресімдеу.

    5. Ұйымдық-өкімдік құжаттарды бір ізге түсіру мен стандарттаудағы негізгі принцип.

    6. Құжаттардың бланкілерін ресімдеу.

    2-кезең. Берілген тапсырма бойынша хат алушы (12), құжатты бекіту белгісі (13), бұрыштама (14) деректемелерін ресімдеу

    3-кезең. «Жылдам жауап» (Сұрақ-жауап әдісі арқылы)

    Интерактивті тақтада 6 сұрақ

    4-кезең. «Сәйкестендіру»

    Әр сұрақтың дұрыс жауабын орналастыру

    IV.Жаңа сабақты бекіту 15 мин

    1. «Ойлы болсаң, озып көр» (Сұрақ-жауап әдісі арқылы)

    Интерактивті тақтада 10 сұрақ

    2. Тест тапсырмалары

    3. Топтастыру әдісі

    V. Қорытындылау, бағалау 2 мин

    VI.Үй тапсырмасы 2 мин

    1- тапсырма: Құжаттың келісілу белгісін, бекіту белгісін ресімдеу

    2- тапсырма: Нақты құжат түрі бланкісін ресімдеу
    Интерактивті тәсіл арқылы жаңа сабақты баяндау

    Іс қағаздарын жүргізу мына кезеңдерден тұрады: құжаттау және құжат айналымы. Құжаттау ұйымның жұмыс істеуі үшін қажетті құжаттар кешенін жасау процесі. Құжат айналымы мекеменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс жүргізу. Құжатты мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның іс-әрекетінің бейнелеу негізі деп қарасақ, онда олар бір-бірімен өзара байланысты құжаттама жүйесінен тұрады. Мекеме құжаттарын құру және оларды өңдеу процесінің жиынтығын құжаттама жүйесі деп атайды.Шығу тегі, мақсаты, түрі, қызмет саласы бойынша өзара байланысты, ресімделуіне біріңғай талаптар қойылатын құжаттар жиынтығын құрайды.

    Құжаттау жүйесі құжаттарды әзірлеу, жасау, келісу, ресімдеу, құжаттаманың барлық түрлерін өңдеу процестерінен тұрады.

    Құжаттама жүйесінің мақсаты: құжаттау мен құжаттамаларды басқару процесін жетілдіру, басқару еңбегінің сапасын арттыру, мекеме, ұйым, кәсіпорында құжаттармен жұмыс істеудің талаптарын қалыптастыру. Құжаттама жүйесі белгілі бір талаптардан, құжат жасау нормаларынан тұрады. Бұл нормалар заңды актілермен белгіленген. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс қағаздарын жүргізу кезінде мынадый нормативтік құқықтық актілердің талаптарын басшылыққа алулары керек.

    Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашада қабылданған № 107-II «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы, 2003 жылы 7-қаңтарда қабылданған № 370-II «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты 1042-2001 «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар». Мәдениет және ақпарат министрлігі 2009 жылғы 25 қыркүйекте № 128 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың типтік ережелері» талаптары басшылыққа алынуы тиіс.

    Заңды тұлға қызметінің құжаттауды қамтамасыз ету және құжаттармен жұмысты ұйымдастыру саласы басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету деп аталады.

    Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету-мекеменің дайын құжаттармен және сырттан алынған құжаттармен жұмыс жүргізуге байланысты қызметі (қабылдау, тіркеу, орындау, орындалғанын бақылау, анықтау, сақтау, мұрағатқа тапсыру)


    Анықтама
    15.09.2011 № 18 Тараз қаласы

    Осы анықтама азамат Бейсенов Болатқа берілді. Бейсенов Болат шын мәнінде Жамбыл политехникалық колледжінде оқытушы болып жұмыс істейді. Анықтама М.Әуезов ауданының салық инспекциясы үшін берілді.

    Анықтама 4 ай ішінде өз күшінде
    Кадр бөлімшенің

    басшысы __________ ____________________

    қолы аты-жөні

    2. Құжаттардың бір ізге түсірілген жүйелері.

    Құжаттандырудың негізгі екі бағыты бар. Құжаттардың бір ізге түсірілген жүйесі және стандарттау. Құжаттардың бір ізге түсірілген жүйесі-бұл басқару құжаттарының біріңғай құрамы мен формасын белгілеу болып табылады. Құжаттың бір ізге түсірілген формасы-қызмет саласында шешілуге тиісті міндеттерге сәйекс қолданылатын деректемелер жиынтығы және олардың ақпарат негізіне белгілі бір тәртіппен орналасуы.

    Бір ізге түсірілген жүйелерге мынадай мемлекеттік стандарттар бар: Мемлекеттік стандарт 6.10-1-88 «Бір ізге түсірілген құжаттама жүйесі. Негізгі ережелер» деп аталады. Осы стандарт белгілі бір қызметтік іс әрекеттер саласында қолданылатын, өзара байланысты құжаттар жиынтығының құжатталу жүйесін анықтайды.

    Мемлекеттік стандарт 6.10.5-87 «Үлгі формуляр жасауға қойылатын талаптар» деп аталады.

    Үлгі формулярында құжаттардың форматтары, жиектерді белгілеулер, деректемелерді жасауға қойылатын талаптар, орналастыру жағдайлары анықталады.

    Бір ізге түсіру формасы- біріңғай графикалық үлгі құрылысына формуляр үлгіге негізделіп, сол арқылы іске асырылады.

    Бір ізге түсірудің негізгі тапсырмалары:

    - құжаттарды өңдеуге, бекітуге, тіркеуге, келісуге жалпы талаптарды орнату;

    - ақпараттық ағымды реттеу,жинақтау, сақтау, түрлендіру;

    - басқару қызметіне қажет емес құжаттарды жою, қысқарту т.б.

    Құжаттарды стандарттау - бір ізге түсіруді заңдық тұрғыдан бекіту формасы болып табылады. Стандарттау іс-әрекеттің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жалпыға ортақ ең жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді. Мәселен, іс қағаздарын жүргізу саласындағы терминдер мен анықтамаларды стандарттау мамандар мен аудармашылар жұмысын тіл, лексика және стиль жағынан бір ізге түсіріп, олардың кәсіби салада бірін-бірі түсіну мүмніндігін арттырады.

    Қазақстан Республикасында бірқатар стандарттар жасалып, қолданысқа ендірілген. Олардың ішінде іс қағаздарын жүргізуге байланысты мыналар:

    1.СТ 1042-2001. «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»

    2.СТ 1037-2001. «Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар».

    3.СТ 1237-2004. «Қағаз жеткізгіштегі құжаттар. Мұрағаттық сақтау ісіне қойылатын жалпы техникалық талаптар».
    3. ҚР СТ 1042-2001 «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»

    Ұйымдық-өкімдік құжаттар неғұрлым кеңінен қолданылатын құжаттар тобы. Ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бір ізге түсірілген құжаттар жүйесі нысандары Қазақстан Республикасының 1042-2001 стандарты негізінде жасалады.

    Стандарт:

    құжаттардың деректемелерінің құрамын;

    құжаттардың деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптарды;

    бланкілерге және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды;

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкілерді дайындау, есепке алу, пайдалану, сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді.

    Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме (реквизит) деп аталады.Латын тілінен аударғанда «тиісті», «қажет» деген мағынаны білдіреді. Деректеменің екі түрі болады: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты деректеме баспаханалық жолмен дайындалған біріңғай формаға немесе фирмалық бланкі деп аталатын қағазға түсіріледі. Ауыспалы деректеме құжатты жасау кезінде түсіріледі.

    Құжаттардың деректемелерінің құрамы.

    Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады:

    01-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;

    02-ұйым нышаны немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі):

    03-жоғары тұрған органның ресми атауы;

    04-ұйымның ресми атауы;

    05-ұйым туралы анықтамалық деректер;

    06-құжаттың түрінің атауы;

    07-құжаттың күні;

    08-құжаттың тіркеу нөмірі;

    09-кіріс құжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме;

    10-құжаттың құрылған немесе басылып шығарылған жері;

    11-құжатқа қол жеткізуді шектеу белгісі;

    12-хат алушы;

    13-құжатты бекіту белгісі;

    14-бұрыштама;

    15-мәтіннің тақырыбы;

    16-бақылау туралы белгі;

    17-құжаттың мәтіні;

    18-қосымшасы бары туралы белгі;

    19-қойылған қол;

    20-құжаттың келісілу белгісі;

    21-құжаттың келісілу рұқсатнамасы;

    22-мөр;

    23-көшірменің куаландырылғаны туралы белгі;

    24-орындаушы туралы белгі;

    25-құжаттың орындалуы және іске бағытталуы туралы белгі;

    26-құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі;

    27-құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш.
    4. Құжаттардың деректемелерін ресімдеу.

    1.Хат алушы (12 деректеме).

    Хат алушы ретінде ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімдері, лауазымдық және жеке тұлғалар бола алады.Ұйымның, құрылымдық бөлімнің атауы атау септікте көрсетіледі. Құжатты бағыттауда «хат алушы» деректемесінің құрамында почта мекен-жайы көрсетіледі. Құжатты заңды тұлғаға бағыттауда мекен-жайы хат алушыдан кейін көрсетіледі.

    Мысал:

    Көкшетау электромеханика зауыты

    Жабдықтау және өткізу бөлімі

    «Ақсұңқар» зауытының директоры

    А.Мырзахметұлына
    Жеке тұлғаға жіберілген құжатқа мекен-жай міндетті түрде қойылады.

    Мысал: 480060, Көкшетау қаласы

    Сәкен даңғылы, 55, 54-пәтер

    Қ. Дүйсенбекқызына

    Егер құжат бірнеше бірдей ұйымдар мен бөлімшелерге жіберілсе, оларды жалпылап көрсетеді.

    Мысал:

    «Арай» фирмасы қызметтерінің

    бастықтарына

    2. Құжатты бекіту белгісі(13 деректеме)

    Құжат лауазымды тұлғамен(лауазымды тұлғалармен) немесе арнаулы шығарылған құжатпен бекітіледі. Құжаттың бекітілу белгісі құжаттың оң жақ жоғарғы бұрышында орналасады. Құжатты лауазымды тұлға бекітуде бекіту белгісі БЕКІТЕМІН сөзінен (тырнақшасыз)құжатты бекітетін тұлғаның лауазымынан, оның қолынан, аты-жөнінен және бекіту күнінен тұруы қажет.

    Мысал:

    БЕКІТЕМІН

    «Химия» АҚ бас инженері

    ____________О.Болатұлы

    (жеке қолы)

    21.09.2019
    Құжатты лауазымдары тең екі тұлғамен бекітуде олардың қолдары бір деңгейде құжаттың сол және оң жақ жоғарғы бұрыштарында орналасады.

    Мысал:

    БЕКІТЕМІН БЕКІТЕМІН

    «Батыр» банкі басқарма «Орал» банкі басқарма

    сының төрағасы сының төрағасы

    __________А.Жеңісұлы ________С.Лесұлы

    (жеке қолы) (жеке қолы)

    20.09.2019 20.09.2019
    Құжатты қаулымен, шешіммен, бұйрықпен, хаттамамен бекітуде бекіту белгісі БЕКІТІЛДІ сөзінен, бекітетін құжаттың атау септіктегі атауынан, оның күні мен нөмірінен тұрады.

    Мысалдар:

    1. БЕКІТІЛДІ

    Директорлар Кеңесінің

    10.09.19 № 3 хаттамасы

    2. БЕКІТІЛДІ

    Академия ректорының

    18.09.19 №85 бұйрығымен
    3. Бұрыштама (14 деректеме)

    Бұрыштама- мекемеге келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазылатын басшының қысқаша нұсқауы.

    Бұрыштаманың түрлері:қаралсын,талқылансын, бекітілсін,тапсырылсын,баяндалсын т.б.

    «Семей-су»фирмасының

    Қарсы емеспін бас директоры

    12.09.19 А.Т. Қали мырзаға

    Тараз қаласы, Абай көшесіндегі

    8-үйде тұратын азаматша

    Баян Асанқызы Бақтиновадан
    Өтініш
    Мені фирманың маркетинг бөлімінің референт-хатшысы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.

    12.09.19 қолы

    II-кезең. Берілген тапсырма бойынша құжаттың деректемелерін ресімдеу.

    1-тапсырма. Хат алушы (12 деректемесін) ресімдеңіз:

    2-тапсырма. Құжаттың бекіту белгісін (13 деректемесін) ресімдеңіз;

    3-тапсырма. Бұрыштама (14 деректемесін) ресімдеңіз.

    5.Ұйымдық өкімдік құжаттарды бір ізге түсіру мен стандарттаудағы негізгі принцип.

    Ұйым қызметінде есеп жүргізудің, қаржылық, есеп-статистикалық, ұйымдық-өкімдік құжаттардың көптеген формалары қалыптасады.

    Соның ішінде ұйымның өкімдік және атқарушылық қызметін ресімдеуге арналған ұйымдық өкімдік құжаттама айрықша рөл атқарады.

    Ұ.Ө.Қ-ды бір ізге түсіру мен стандарттаудағы негізгі принцип құжат бланкілеріндегі көрсеткіштерді(элементтерді) біріңғай үлгіде орналастыру және құжат форматын ықшамдау.

    Құжаттар формасын бір ізге түсіруде оларды құрастырудың ортақ моделі принципі негізге алынады. Осылайша құжаттар үлгілерін құрастыру схемасы әзірленеді.

    іҚұжаттың біріңғай пішімге түскен модельдік схемасы формуляр-үлгі деп аталады. Онда деректемелер жиынтығы орналасады. Деректемелер жиынтығы құжатта орналасса, оны құжат формуляры деп атайды.(Құжат үлгілері) Мұнда деректемелер белгілі бір ретпен орналасады, өйткені әр құжаттың өз мақсат, міндетін айқындайтын өз деректемелері болады.

    Құжат заңды күшке ие болу үшін мына деректемелер міндетті түрде болуы керек-яғни оның түп нұсқалығын куаландыратын деректемелер қажет. Олар: қолтаңба, мөр, мерзімі, тіркеу нөмірі. Құжат мәтіні ҚР СТ 1042-2001 мемлекеттік стандартына сәйкес компьютерде жоларалық 1 интервалмен басылады. Ал тақырып пен мәтіннің арасы жоларалық 2 интервалды, қолтаңба мен мәтін арасы 2-3 интервалды құрайды.

    Үлгі:_«Сенім»_АҚБҰЙРЫҚ'>Үлгі:

    «Сенім» АҚ
    БҰЙРЫҚ

    15.02.19ж № 65 Алматы қаласы
    Жұмыстан босату туралы

    Кәсіпорынның жойылуына байланысты Әсет Әділұлы Байменов 2011 жылғы 15 ақпаннан бастап атқаратын қызметінен босатылсын.

    Директоры қолы Ж.Н. Әлменов
    Бұйрықпен

    таныстым: қолы Ә.Ә. Баймено

    Үлгі:
    Тараз политехникалық

    жоғары колледжі
    ХАТТАМА

    00.00.00. № 00

    Тараз қаласы
    Педагогикалық кеңес отырысы
    Төраға: А.Ақылбайұлы

    Хатшы: Б.Сарыбайқызы
    Қатынасқандар: 15 адам
    КҮН ТӘРТІБІ:

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» талқылау.

    2. Әр түрлі мәселелер.

    ТЫҢДАЛДЫ:

    1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша колледж директорының орынбасары Ж. Әбдірахманұлы баяндама жасады.

    СӨЙЛЕГЕНДЕР:

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ұжым мүшелері: Б.Досболұлы, Ж.Дәулетбайұлы, Ғ.Айбергенұлы Т.Темірбекқызы және колледж директоры А.Ақылбайұлы сөз сөйледі.

    ҚАУЛЫ:

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы міндеттелсін.

    2. Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді ат салысуы жөніндегі шаралар белгіленсін.

    Төраға: қолы аты-жөні

    Хатшы: қолы аты-жөні

    6.Құжаттардың бланкілерін ресімдеу

    Бланк-бетінде деректемесі көрсетілген, тұрақты ақпараты бар бір парақ қағаз.

    ҚР СТ 1042-2001 мемлекеттік стандарты бойынша бір ізге түсірілген құжаттардың форматтары, ашық жиек өлшемдері, құжат бөліктерінің орналасу реттері белгіленген.Бланктер негізінен екі форматта жасалады. Олардың өлшемдері: А4(210х297) және А5(210х148мм) А6(105х148мм) форматты бланкілерін пайдалануға да рұқсат етіледі.

    Құжат бланкілерінде ашық жиектер мына өлшемдерден кем болмауы тиіс:

    сол жақ жиегі-20 мм;

    оң жақ жиегі-10 мм;

    жоғарғы жиек-10 мм;

    төменгі жиек-10 мм.

    Ұйымдық-өкімдік құжаттар, әдетте ұйым бланкілеріне жазылады.

    Бланктің екі түрі бар: хат бланкісі және хаттан өзге нақты құжат бланкісі.
    Ұйымның хат бланкісі

    Қазақстан Республикасының

    Жоғары тұрған органның Мемлекеттік Жоғары тұрған органның

    ресми атауы елтаңбасы ресми атауы

    Ұйымның ресми атауы Ұйымның ресми атауы

    (мемлекеттік тілде) (орыс тілінде)
    Ұйым туралы анықтамалық Ұйым туралы анықтамалық

    деректер деректер

    (мемлекеттік тілде) (орыс тілінде)
    __________№_________

    __________№_________ ге

    Нақты құжат түрі бланкісі

    Қазақстан Республикасының

    Жоғары тұрған органның Мемлекеттік Жоғары тұрған органның

    ресми атауы елтаңбасы ресми атауы

    Ұйымның ресми атауы Ұйымның ресми атауы

    (мемлекеттік тілде) (орыс тілінде)

    Құжат түрінің атауы Құжат түрінің атауы

    (мемлекеттік тілде) (орыс тілінде)

    + ,,іәцу,іәцу

    Қазақстан Республикасында қай ведомствоға қарасты болмасын, мемлекеттік те, мемлекеттік емес те ұйымдардың бланкілеріндегі мына деректемелер мемлекеттік тілде және орыс тілінде қатар берілуі тиіс.

    03-жоғары тұрған органның ресми атауы;

    04-ұйымның ресми атауы;

    05-ұйым туралы анықтамалық деректер;

    10-құжаттың жасалған немесе баспадан шығарылған орны.
    Бланкілерге деректемелерді орналастырудың екі түрлі нұсқасы белгіленген. Бұрыштай және бойлата қою.

    3-кезең. «Жылдам жауап» (сұрақтар) интерактивті тақтадағы 6 сұрақ

    1. Құжаттама жүйесі дегеніміз не?

    2. Құжаттандырудың қандай негізгі бағыттары бар?

    3. Бір ізге келтіру формасы қандай үлгіге негізделіп, сол арқылы іске асырылады?

    4. Деректеме дегеніміз не? Ол қай тілден аударылған?

    5. Құжаттар деректемелерінің құрамы қанша?

    6. Құжаттар бланкілерінің неше түрі бар,ол қандай бланкілер?

    4-кезең. «Сәйкестендіру» Әр сұраққа дұрыс жауапты орналастыру

    IV. Жаңа сабақты бекіту

    1. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

    1. Бір ізге түсірілген жүйелерге қатысты қандай мемлекеттік стандарттар бар?

    2. Құжаттарды стандарттау дегеніміз не?

    3. Құжаттарды бекітудің қандай тәсілдері бар?

    4. Құжатқа заңдық күш беретін деректемелер

    5. Құжат формуляры дегеніміз не?

    6. Бланк жиектері қандай өлшемдерден кем болмауы тиіс?

    7. Қандай деректемелер мемлекеттік және орыс тілінде қатар берілуі тиіс?

    8. Неғұрлым кеңінен қолданылатын құжаттар тобы?

    9. Құжаттама жүйесінің мақсаты не?

    10. Қолтаңба мен мәтіннің арасы неше интервалды құрайды?

    2. Тест тапсырмалары

    1 Құжаттың жеке құрамды бөлігі

    А) бланк

    Ә) деректеме

    Б) формуляр

    В) мәтін

    Г) стандарт
    2. Ұйымдық-өкімдік құжаттаманың стандарты

    А) СТ 1042-2001

    Ә) СТ 1037-2001

    Б) СТ 1237-2004

    В) СТ 9327-60

    Г) СТ 989-96
    3. Бір ізге түсіруді заңдық тұрғыдан бекіту формасы

    А) құжаттарды жою

    Ә) құжаттарды стандарттау

    Б) құжаттарды сақтау

    В) құжаттарды жөнелту

    Г) құжаттарды қабылдау
    4. Құжаттың біріңғай пішімге түскен моделі

    А) формуляр-үлгі

    Ә) ереже

    Б) нұсқау

    В) жарғы

    Г) қағида
    5. Құжатқа заңдық күш беретін деректемелер

    А) тақырыбы

    Ә) мәтін

    Б) мөр

    В) келісу

    Г) ұйымның атауы
    6. Бланк жиектерінің өлшемі

    А) сол жақ жиегі-20 мм

    Ә) оң жақ жиегі-40 мм

    Б) жоғарғы жиек-45

    В) төменгі жиек-50 мм

    Г) орта тұсы-25 мм
    7. КР СТ 1042-2001 анықтайтын құжат

    А) оқу-әдістемелік

    Ә) нормативтік

    Б) ұйымдық-өкімдік

    В) ғылыми –техникалық

    Г) есеп айыру
    8. Формуляр –үлгінің анықтамасы

    А) құжаттың алғашқы данасы

    Ә) құжаттың біріңғай пішімге түскен моделі

    Б) құжаттың екінші данасы

    В) құжаттың қысқаша мазмұны

    Г) құжаттың жасалуы
    9. Бір ізге түсірудің негізгі тапсырмасы

    А) құжаттарды мекемеге жіберу

    Ә) құжатпен қамтамасыз ету

    Б) құжаттарды жасау

    В) құжатпен жұмысты ұйымдастыру

    Г) құжатты өңдеуге, бекітуге талаптарды орнату
    10. Бетінде деректемесі көрсетілген, тұрақты ақпараты бар қағаз

    А) үлгі

    Ә) бланк

    Б) құжат

    В) деректеме

    Г) мәтін
    11. Бұрыштаманың түрлері

    А) бекітілсін

    Ә) орындаймын

    Б) міндеттеймін

    В) бұйырамын

    Г) жөнелтемін
    12. Деректеменің түрлері

    А) қызметтік,ресми

    Ә) тұрақты, өзгермелі

    Б) жәй, күрделі

    В) дара, дербес

    Г) нақты

    V.Қорытындылау,бағалау 2 мин

    VI.Үй тапсырмасы 2 мин

    1 - тапсырма: Құжаттың келісілу белгісін, бекіту белгісін ресімдеу

    2 - тапсырма: Нақты құжат түрі бланкісін ресімдеу


    написать администратору сайта